Окыту сапасын бағалау объектілері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   

АЛҒЫ СӨЗ

Болашақ педагог мамандардьң, кәсіби деңгейін артты руда жаңартылған окьту техлологияларының мәні зор. ЖОО студенттеріне психологиялық-педагогикалык және әдістемелік білім беру, оларды жас маман ретінде жаңартылған білім беру бағьттарымен дайындау бүгінгі өмір талаптарымен тікелей байланысты. Кредиттік жүйемен оқыту бойынша барлык педагогикалык мамандыктарға 2 кредит көлемінде «Типтік оқу бағдарламаға» (Алматы 2016) сәйкес (5В010900 «Математика») «Бағалаудың өлшемдік технологиялары» пәні енді. Аталған пәнді оку барысында менгерген білімділік дағдыдары студентгерге окушылардың оку жегісгігін бағалауға, оку жс пс тігін бағалаудың заманауи үлгілерін менгеруге оқушыларды критериалды бағалау жүйесін үйымдастыру және жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Пәннің мақсаты мектеп және колледж оқушыларын оқыту және тәрбиелеудің психологиялық - педагогикалық практикасында алынған білімді жүзеге асыру біліктіліктері және критериалды бағалаудың технологиялық негіздері туралы білімді қалыптастырумен сипатталады.

Пәннің міндеттері:

- білім алушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесін практикалық түрғыдан жүзеге асыру тәсілдерін және ғылыми негіздерін ашу;

- оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауды үйымдастырудың дәстүрлі стратегиясынан критериалды бағалау жүйесіне өтудің қажеггідігін далелдеу:

- критериалды бағалау процедурасын үйымдастыруға қойылатын нақты талаптарды жүйелеу; - білім алушылардың оқу-танымдық іс-әрекетінің дара және жастық ерекшеліктерін есепке алу мен бағалау инструментін қолдану) біліктілігін калыптастыру;

- таңдап алған мамандык (кәсіп) контекстінде білім алушылардың тұлғалық кабілеттері мен қасиеттерін дамытуға мүмкіндік туғызу.

Осы пән бойынша қазақ тілінде оку күралдардың басылымы өте аз болғандықтан өз тәжірибеміздегі жинақтаған дәрістеріміз бен практикалық сабақтар барысында тиімді қолданған әдіс-тәсілдерімізді жинақтап, оқу құралын жасауды мақсат етіп қойдық. «Бағалаудын өлшемдік технологнялары» оқу құралы болашақ педагогтарды кәсіби даярлауда манызды орын алады.

Аталған оқу құралы оқушылардың оку жетістіктерін критериалды құу технологиясын меңгеруге, бағалаудың құралдарын қолдануға мақсат және мазмүнына сәйкес дамыту жұмысын ұйымдастыруға жол ашады.

І. ТАҚЫРЫП. БІЛІМ БЕРУ САПАСЫ ЖӘНЕ ТИІМДІЛІКТІ БАҒАЛАУ

Білімнің сапасын арттыру жолдарының бірі жеке пәндерді оқыту бағалау жүйесін құруы болып табылады.

Анықтама боиынша, сапа дегеніміз бүйымды немесе құбылысты өзгешелендіріп, оған анықтық беретін көрсеткіштердің, қасиеттердің, ерекшеліктердің жиынтығы: бір нәрсенің құндылығын анықтайтын белгілі қасиет, көрсеткіш (жұмыс сапасы) . Үғым ретінде сапаның екі аспектісі бар: біріншісі - стандарттар мен эталондарға сәйкестігі, екіншісі - тұтынушылардың сұраныстарына сәйкестігі.

Объективті өлшеулердің мүмкіндігі мен бағалау нәтнжелерінің (эталонмен және бағалаудың басқа объектілерімен) салыстыруға келетіндігі сапаны тұжырымдауда маңызды болып табылады. Мұндай тәсілдеме білім сапасына қатысты қолданылады.

Бағалау - оқыту нәтижесін анықтау үшін қолданылатын тәсіл, оқушының берілген тақырыпты меңгерудегі кемшіліктерін жоюда, оның үлгерімінің нәтижелі болуына ықпал ететін фактор. Бағалау, көбінесе, баға қоюдың синтездік түрі (5-балл) арқылы жүзеге асады. Сондай-ақ, мектеп тәжірибесіндегі бағалау баға қоюмен ғаңа шектелетін тәсіл емес, ол материалды меңгеру, меңгермеу фактісімен қатар оның себептерін анықтауға мүмкіндік беретін оқытудың маңызды қүрамды бөлігі болып габылады.

Жоғары оқу орындарында бағалау рейтингтік әдіс арқылы жүргізіледі.

Білім беру бағдарламаларына қатысты, сапа дегеніміз студент білімінің сапасы, яғни нақты және дәл өлшенетін, немесе салыстыру арқылы анықталатын, құзыреттілік деп аталатын оқыту нөтижелерінің кешені.

Сапаны анықтау кезінде қойылған мақсаттарға жету дәрежесі маңызды.

Сапаны білім беру үдерісіне қатысушылардың алдындағы әртүрлі мақсаттарға қатысты бағалау қажет болғандықтан, абсолютті критерийлердің

болуы мүмкін емес.

Сапа үғымын даму концепциясы тұрғысынан қарастыруға да болады Концепцияның негізінде жетілдіру, яғни сапаның бар жоғы фактісін көрсету емес, сапаны арттыруға бағытталу идеясы жатыр (Barnett) .

Оқыту сапасын бағалаудың бүл жүйесі сапа үғымының қазіргі тәсілдерін біріктіріп, «оқыту сапасы» үғымын анықтау үшін ең маңызды сипаттамаларын көрсетеді:

- барлық білім жүйесінің қызмет сапасымен байланысты;

- анықтаудың көп факторлығы;

- әртүрлі пікірлерге, қарастыру аспектілеріне тәуелділігі;

- даму мен жетілдіруге бағытталуы.

Осыдан, оқыту сапасы дегеніміз студенттер дайындығының жоғары нәтижелерімен сипатталатын, білім беру үдерісіне қатысушылардың сұраныстарын қанағаттандыратын оқытушының үнемі жақсарып отыратын білім беру қызметінің деңгейі.

Оқыту сапасын бағалау дегеніміз мазмұны мен формалары бойынша икемді, Академиялық саясатына сәйкес университет өзі анықтайтын қызмет аспектілері кіретін процедура.

Жеке пәндерді оқыту сапасын бағалау жүйесі университеттің миссиясы мен стратегиясына сәйкес ұстанымдарға негізделеді:

- сапа деңгейіне үнемі мониторинг жасау және осы денгейді арттыруға бағытталған шараларды жүзеге асыру;

- сапаны бағалау процедураларына студенттерді қатыстытру;

- сапаны бағалау субъектілерінің шеңберіне жұмыс берушілерді, кәсіби ассоциациялар мен ғылыми қауымдастықтардың өкілдерін, тәуелсіз сарапшыларды кіргізу;

- сапаны бағалау процедураларының ашықтығы мен толық және объективті ақпарат негізінде дәлелді шешімдердің қабылдануы;

- сапа кепілдігіне университет басшылығының, құрылымдық бөлімшелер басшыларының және әр қызметкердің жауапкершілігін мойындау;

- еңбекті мойындау.

Оқыту сапасын бағалаудың негізгі ұстанымдары және басқару - жүйелілік, тұрақтылық, жетілдіруге бағытталу. Оқыту сапасын тұрақты бағалау ішкі дамудың стимулы бола алады және негізгі міндетті атқару, яғни білім сапасын арттыру үшін басшылық пен құрылымдық бөліміпелердің бірігуін, бір-біріне деген сенімділік пен бағалау нәтижелерін көпшілік алдында талқылау жағдайында ашықтықтың күшеюін, барлығы түсініп қабылдайтын жаңа мақсаттар мен міндеттерді анықтауын қамтамасыз етеді.

§1 Бағалау сапаны баскару элементі ретінде

Багалау сапаны басқару жүйенің қызмет атқаруы өздігінен түзілу және -здігінен реттелу үдерістерге айналуы және өзгеше үйымдастыру негізінде бағалаудың белгілі формаларынан түруы мүмкін. Оқыту сапасын бағалау тиімділігі бағалау субъектілерінің құзіреттілігіне; бағалау процедурасымен жұмыстың үйымдастырылуының байланысына тәуелді.

Окыту сапасын бағалау объектілері:

1) Профессорлық-оқытушы қүрамынын біліктілігі (базалық білімі, ғылыми дәрежесі мен атағы, инновациялык әдістер мен техяологияларды меңгеруі, ғылыми және әдістемелік белсенділігі, біліктілікті арттыру жүйелілігі) ;

2) Окытудың ресурстары (оқу жоспарындғы пәннің орны, сабақ түрлері бойынша кредиттердің бөлінуі. ПОӘК-мен, бакылау материалдарымен, оқу- әдістемелік әдебиеттермен камтылу) ;

3) Окытушының оку жұмысын уйымдастыруы (оқу және әдістемелік материалдардың пән бағдарламасына, ғылымнын казіргі замандағы күйіне, білім беру бағдарламасының максаттарына сәйкестігі, сабақтарды, бақылау мен бағалауды жүргізу формалары мен технологаялары, білім алушылардың өзіндік жұмысының әдістемелік камтылуы, окытушының енбек тәртібі, білім алушылардың оку тәртібі, білім алушылардың ағымдык үлгерімі) ;

4) Ресурстардың тиімді пайдаланылуы (сабақтарда техникалық құралдарды, кітапханалық ресурстарды, оку-зертханалық жабдыктарды колдану) ;

5) Пән бойынша білім алушылардың дайындық денгейі (пән бойынша оку жегістіктері, оку нәтижелеріне білім алушылардын канағаттануы) .

Оқыту сапасы бірыңғай критерийге бағынбайтын синтетикалык үғым болгандыктан, сапаны бағалау жүйесі де көп критерийлі болу керек. Әр критерий окыту сапасын тек белгілі бір жағынан ғана көрсете алады. сондықтан сапа туралы қорытындыны оқытудың негізгі элементтерін жүйе ретінде сипаттайтын көрсеткіштер негізінде жасауға болады. Керсеткіштерді өлшеу және оларды критерийлік мәндермен садыстыру, бағалау объекгіснің кызмет көрсету тиімділігі белгіленген критернйге каншалыкты сәйкес екендігін көрсетеді. Окыту сапасына кызығушылык танытатын тараптар бағалау субъектілері болып табылады, олар бағалау кезенінде окыту үрдісінің әртүрлә аспектілері туралы өз ойларын біддіретін сарапшылар ретінде саланы камтамасыз егу жүйесіне кіреді. Әртүрлі тараптардын окыту сапасы туралы пікірі мен бағасы әргүрлі болуы мүмкін, сондыктан сапа ту ралы корытынды шығару кезінде барлык тараптардын - студенттер, окытушылар, жүмыс берушілер, әкімшілік, сырткы сарапшылардың пікірі ескерілсе, мұндай қорытынды әділ болады. Әртүрлі объектілерді бір немесе бірнеше субъектілер бағалауы мүмкін. Оқыту сапасын бағалау процедуралары статистикалык (студенттерге, жүмыс берушілерге, қызметкерлерге, оқытушылар мен сұхбаттасу және т. б) және педагогикалық (сабақтарға қатысу, педагогикалық құжаттарды, студенттердің жазбаша және шығармашылық жүмыстарын тексеру және т. б. ) әдістер арқылы қамтамасыз етіледі.

Бағалау бес балдық шкала бойынша жүзеге асады, баға %-ға келтіріліп, бағаларының орташасы есептеледі.

Сапа жүйесі келесі кезеңдер бойынша жүзеге асырылады:

1. Бағыт сілтеу (аудит туралы шешім қабылдау, мақсаттары мен мерзімдерін анықтау) .

2. Жоспарлау (комиссия құрамын, ақпаратты жинау әдістерін, ақпаратты беруге жауапты түлғаларды анықтау және т. б. ) .

3. Үйымдастыру (ақпаратты жинау, өндеу және жүйелеу, алынған мәліметтерді талдау, комиссия есебін дайындау, оқыту сапасын арттыру бойынша үсыныстар жасау) . Есепте мәселелелермен қатар жетістіктерді де корсету керектігін ескерген жөн. Әсіресе алдынғы мониторингпен салыстырғанда оң не теріс нәтижелерді атап өту керек.

4. Талқылау (бағалауға қатысушылармен, сондай-ақ, білім беру үдерісінің әр аспектісі бойынша жауаптылармен мәселелік пікірталас, сапаны жетілдіру үшін өзгерістер туралы үсыныстар жасау) .

5. Шешім қабылдау (алдыңғы кезенде жасалған сапаны жетілдіру үсыныстары ресми әкімшілік шешім түрінде рәсімделеді) .

6. Өзгерісгер жасау (білім беру үдерісіне қабылданған шешімдерді енгізу)

Білім беру сапасын бағалау жүйесін құру принциптері мынадай:

- пәннен тыс (танымдық, әлеуметтік, ақпараттық жәнс т. б. ) қүзыреттіліктер, білімге қанағаттанушылық, білім беру үдерісіне қатысу деңгейі (сабақта белсенді жүмыс істеу, сабақ және сабақтан тыс жүмыс, сабақтан қалу саны жөне т. б. ), ары карай білім алу және түлектің мансабы негізгі болып табылатын білім беру жетістіктерін кеңінеи түсіну;

- білім беру жағдайы мен сапасы туралы ақпараттын жариялылығы колжетімділігі, оны багалау рәсімдерінің ашықтыгы,

- білім беру жагдайын бағалау нәтижелерінің негізгі баскару шешімдерін кабылдау және жүзеге асыру;

- білім беруді баскару жүйесіндегі томенгі көрсеткіштер; көрсеткіштерді таңдау барысында моральдық-этикалык нормаларды сақтау.

§2 Білім беру сапасының көрсеткіштері

Білім сапасы белгілі бір мақсатқа қол жеткізу және өмір сүру сапасын жақсарту үшін оларды пайдаланудың накты жагдайларында сатып алынған білімге деген сүраныс болып табылады. Білім сапасы олардын түпнұсқалық сипаты, тереңдігі және бітіргеннен кейін жүмысында өзектілігін анықтайды.

Бұл қоғамның зияткерлік, модени және рухани күйін қалыптастыратын білім. Білім мазмұны мен оның фокус білім беру багдарламалары мен стандарттарын көрсетеді.

Білім беру сапасын тусіну тәсілдері келесі ретпен усынылуы мумкін:

Білімтасымалдаушысы.

Білім беру.

Білім алушы.

Білім беру әдістемелерін қабылдауы.

Фундментальды білім.

Алган мамандыгы мен білімге деген сұраныс

Жаңа білім алу.

Білім беру сапасы, біріпші кезекте, осы білімді алушыларға түрлі әдістер арқылы үйымдастырып сабақ беруші (мүғалімдер, оқытушылар) сапасымен анықталады.

Алынган білімніц фундаментальды (іргелі) сипатына байланысты студенттер:

- қабылдау үшін конкурстық емтихандарды тапсыру;

- жүмысқа қабылдау кезінде конкурстық іріктеуден өту;

- оқу үрдісінің алдыңғы кезеңдерінде оқыған базалық пәндерді білуге негізделген оқу пәндерін сәтті меңгерту.

Ғылыми-техникалық прогресс еңбек қүралдары, жаңа өндіріс және ақпараттық технологиялардың пайда болуына әкеледі. Сондықтан жаңа білім алу және кәсіби қызметте қолдану үшін үздіксіз білім қажет. Қазіргі жағдайда нақты қажеттілік - үздіксіз білім.

Білім беру сапасын басқару жуйесі келесі принциптерге негізделеді:

- ғылыми-техникалық прогрестің және халықаралық стандарттар жетістіктерін ескере отырып, білім беру талаптарын түсіну және орындау;

- еңбек нарыгындагы түтынушылардың багдарлауы, қатаң бәсекелестік басқару жүйесінің үтқырлығы мен динамикасын талап етеді;

- мониторинг нәтижелерін ескере отырып, оқу нроцесін үздіксіз жетілдіру.

Білім берудегі сапа менеджменті жүйесіне технологиялық түрғыда козқарас енгізген кезде білім бсру саласындағы мүдделері бар әр түрлі органдардың өзара әрекеттесу схемасын ескеру қажет. Сапа менеджменті мен практикасының жақсы жетістіктері бар білім беру қүрылымдарында сапа менеджменті жүйесін қүру кезінде қолдануға болады.

Білім беру сапасын көп өлшемді түжырымдама ретінде қарастыруға болады. Осы түжырымдаманың ашылуына, оның талаптарын орындау арқылы клиенттің қанағаттану деңгейін арттыру мақсатында, сапа менеджменті жүйесін күру кезінде қабылданған процестік козқарас түрғысынан келу үсынылады.

Білім сапасы нақты мақсатқа жету және өмір сүру сапасын жақсарту үшін белгілі бір жағдайларда және оларды пайдалану орындарында алған біліміне деген сүраныс.

Процесті басқару жүйесіндегі үздіксіздік, жүйеде жеке оқу үрдістерінің реттілігі мен өзара байланысын, сондай-ақ оларды біріктіру мен өзара әрекеттестігін білдіреді. Сапа менеджменті жүйесі интеграцияланған, басқару теориясы мен тәжірибесінің жетістіктерін қолдана отырып, заманауи ақпараттық технологияларға бағытталған. Оның жетістігін сапалы және сандық көрсеткіштермен бағалауға болады.

§3 Білім беру сапасын мониторинг жасау

Мониторинг - бүл қоршаған орта мен қоғамда кездесетін қүбылыстар мен үдерістерді үздіксіз бақылау жүйесі, олардың нәтижелері адамдардың және шаруашылық объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін басқару шешімдерін негіздеуге қызмет етеді. Бақылау жүйесі шеңберінде объектіні бағалау, бақылау және объектінің жай-күйін бақылау белгілі бір факторлардың әсеріне байланысты болады.

Білім берудегі мониторингі - оқу үдерісінде салыстырмалы түрде дербес кезең ретінде бақылау өзара байланысты білім беру, даму және білім беру функцияларын орындайды. Педагогикалық жүйені басқару және білім сапасында белгілі бір ақпараттық жүйені талап етеді.

Мектепішілік мониторинг бойынша ереже, сондай-ақ оған толықтырулар мен өзгерістерді педагогикалық кеңестің шешімі негізінде мектеп директоры мақүлдайды .

Мониторингтің мақсаты білім беру жүиесінің даму үрдістерін анықтау, сапалы білімге қол жеткізу үшін сапалы басқару шешімдерін қабылдау, білім берудің тиімділігін артгыру үшін резервтерді іздестіру үшін мектептің білім беру жүйесінің жай-күйі туралы ақпаратты жинау, жүиелі есепке алу, жинақтау, талдау және үсыну болып табылады.

Мектепішілік мониторингтің міндеттері:

• білім беру жүйесінің жай-күйі туралы акпараттарды жинау, өңдеу және сақтаудың бірыңғай жүйесін құру тетігін калыптастыру;

• барлық мониторинг қатысушыларының кызметін үйлесгіру;

• бақару үйымы білім беру жүйесінің даму динамикасыи және негізгі үрдістерін уақтылы анықтау;

• білім беру сапасына әсер ететін факторларды анықтау жэне кері эсер ететін салдарын жою; алынған мәліметтерді талдау негізінде білім беру жүйесін дамытудык негізгі стратегиялык бағыттарын калыптастыру.

Мониторинг мазмуны:

Мониторингтін негізгі бағыттары

• Білім беру қызметінің сапасы

• Тәрбие үрдісін үйымдастыру сапасы

• Басқару жүйесінін тиімділігі

Мониторинг объектісі - мүғалім, студент, сондаи-ак мекгептің жеке салалары.

• оқу және білім беру қызметінің нәтижелері;

• Оқу үрдісінін шарттары мен ресурстары - білім сапасының мониторингін зерттеу пәні болып табылады

Мониторинг технологиясы жъне үйымдастыру:

• Мониторинг рәсімін жүзеге асырудын үйымдатстырушылық негізі - мониторингтің бағдарламасы, нысаны, бағыттары, мерзімдері мен тәртібі, жауапты мүғалімдер анықталады. Оның негізінде мектеп директорының бүйрығымен бекітілген және мектеп кызметкерлері орындауға міздетті болатын жыл сайынғы мониторинг кестесі жасалады.

• Мониторинг бағдарламасына сәйкес мониторинг екі нысанда жүргізіледі: үздіксіз мониторинг (міндеттерді белгілеп, ақпараттарды жинау және өңдеудін тиісті технологиясымен сүраныс жүйесін құру және мерзімді мониторинг (мезгіл-мезгіл жүзеге асырылады) .

• Мониторинг - бұл топтық денгейдегі иерархиялық құрылым және әкімшілік деңгейін, пән мұғалімдерінің және сынып жетекшілердің, әдістемелік бірлестіктерінің денгейін және мектеп кеңесін камтиды.

Мониторинг әкімшіліктің және ұжымның құрыдымдық бөлімшелерінің әрекеттерін үйлестіруді талап етеді. Мектеп әкімішлігі муниципалды және аймақтық деңгейде жүргізілетін мониторинт ұйымдастыруға көмектеседі.

• Мониторинг үшін мектеп директорының бұйрығымен бекітілген жауапты мұғалімдер тағайындалады. Мониторинг құрамына оқу және тәрбие жұмыстары бойынша директорларының орынбасарлары, мектеп муниципалитеттерінің басшылары, педагог-психолог және мұғалімдер кіреді.

• Мониторинг акпаратты жинау, өңдеу, сақтау және пайдаланудың барлық кезендерінде қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды кеңінен колдануды көздейді.

Мониторингті жүзеге асыру келесі іс-орекеттердің жүйелілігін қамтиды:

• мониторинг объектісін анықтау және негіздеу;

• мониторингі үшін пайдаланылатын деректерді жинау;

• акпаратты сақтау мен пайдалануды қамтамасыз ететін дерепер қорын құрылымдау;

• мониторинг барысында алынған деректерді өңдеу;

• мониторинг барысында алынған мәліметтерді талдау және интерпретациялау;

• деректерді талдау негізінде құжаттарды дайындау;

• мониторинг нәтижелерін мониторингі пайдаланушыларға тарату.

Мониторинг әдістері:

• Мониторинг қүралдарының жалпы әдістемелік талаптары - әртүрлі деңгейдегі менеджменттің, стандарттау мен апробацияның жарамдылығы, сенімділігі, қол жетімділігі.

• Мониторинг шеңберінде пайдаланылатын өлшеу процедурасы объектінің сапалык және сандык сипаттамаларын аныктауға бағытталган.

• Жалпы немесе іс жүзінде өлшенбейтін силаттамаларға қатысты, сандық бағалау жүйесі сапалы бағалаумен толықтырылады.

• Білім беру жүйесін сапалы бағалауға мүмкіндік беретін негізгі құралдар уақыт аралығында сипаттамалардың өзгеруін талдау (динамикалық талдау) және белгілі бір сипаттамаларды білім беру жүйесіндегі ұқсастықтармен салыстыру (салыстырмалы талдау) .

• Мектептегі білім сапасын бағалауда индикаторлардың нақты мәндерін анықтаудың негізгі әдісі емтихан және өлшеуіш материалдары болып табылады. Сараптама - білім беру үдерістерінің жай-күйін, білім беру кызметінің шарттары мен нәтижелерін жан-жақты зерттеу. Өлшеуіш материалдары - стандартталған нысаны бар және мазмұны мекемеде жүзеге асырылатын білім беру бағдарламаларына сәйкес келетін бақылау өлшеу материалдарының (дөстүрлі емтихандар, тесттер, сауалнама және т. б. ) көмегімен оқу жетістіктерінің денгейін бағалау.

Мониторингтік зерттеу жургізу кезеңдері:

Мектепшілік мониторингтің күндері мектептің жүмыс жоспары бойынша белгіленеді, ол мектеп директорымен бекітілген Педагогикалық кеңестің шешімімен жасалады.

Мониторингтік зерттеулер үш кезецнен турады:

• Дайындық;

• мониторинг объектісін анықтау;

• мақсатын қою;

• мониторинг нәтижелерін бағалау өлшемдерін анықтау;

• мониторинг құралдарын әзірлеу;

• күндерді орнату.

Практикалық (ақпаратты жинау) :

• Құжаттарды талдау;

• Тестілеу, бақылау алу, шығармашылық жұмыстар;

• сауалнамалар, оқушылармен, ата-аналармен, оқытушылармен сұхбаттасу;

• өзін бағалау.

Аналитикалық:

• ақпаратты жүйелеу, талдау;

• үсыныстар өзірлеу;

• басқару шешімдерінің орындалуын бақылау.

Мониторинг қорытындысы:

• Мониторинг нәтижелері нақты, іске асырылатын ұсыныстарды қамтитын анықтамалық және аналитикалық материалдарда көрсетілген кестелерде, графиктерде, кестелерде, диаграммаларда құжатталған.

• Мониторингтік зерттеулерді педагогикалық кеңестің отырыстарында, директормен, оқытушылармен, мектеп кеңесінде, қамқорлық (попечительский) кеңесте талқылауға болады.

• Мониторингтік зерттеулердің нәтижелері бойынша ұсыныстар әзірленіп, басшылық шешімдер қабылданып, тапсырыстар беріліп, мектеп дамуын болжау және жоспарлау.

§4 Оқыту нәтижелерін бағалаудың дәстүрлі және жаңа қүралдары.

Бақылау - білім, іскерліктерді анықтау, өлшеу және бағалау. Тексеру - бақылаудың бір бөлігі, негізгі дидактикалық қызметі мүғалім мен оқушы арасындағы кері байланысты қамтамасыз ету, оқушылардың материалды қалай түсінгендігі туралы мүғалімнің ақпарат алуы, білімдегі кемшіліктерді дер кезінде табу. Бақылаудың жалпы қызметі; тексеру, оқыту, тәрбиелеу, дамыту, ынталандыру.

Тексерудің мақсаты - оқушылардың білім деңгейін, оның сапасын, оқу еңбегінің көлемін анықтау. Бақылау арқылы процеске, оның нәтижелеріне баға беріледі. Үлгерімнің табеліне, сынып журналына бағалар қойылады.

Әділ бағаның ықпалымен оқушылар дұрыс баға беруге үйренеді. Үлгерімді диагностикалау мен бақылаудың маңызды принципі әділдік, жүйелілік, көрнекілік.

Баға әділ қойылу үшін диагностикалық тестілердің (тапсырма, сұрақтардың) мазмұны ғылыми өдістермен жасалып, мұғалімдер мен оқушылардың арасында дүрыс қарым-қатынас болу керек. Жүйелілік принципінің талабына сәйкес диагностикалық бақылау білімді қабылдаудан оны тәжірибеде қолдануға дейін жүру керек.

Көрнекілік принципіне сәйкес барлық оқушыларды бір өлшеммен сынақтан өткізіп, бағаны талдап қойып, тестілердің нәтижелері талқыланады. Тексеру жүйесіндегі: 1-бөлім: білім, іскерліктерді алдын ала талдау. Тексеру нәтижелеріне сүйеніп, оқушылардың білім, іскерліктеріндегі кемшіліктерді жоюға бағытталған оқу жүмыстары жүреді.

2- бөлім: әр тақырыпты меңгеру процесін күн сайын тексеру.

3- бөлім: жаңа материалды оқумен қатар бұрынғы оқылған материалдарды қайталау, қайта тексеру, білімді бекіту.

4- бөлім: оқушылардың білім, іскерліктерін жүйелеу мақсатымен бөлім, тақырыптар бойынша мезгіл-мезгіл тексеру.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Су ресурстарын бірігіп басқару (СРББ) жайлы түсінік
Экологиялық сараптама және аудит пәні бойынша Оқу-әдістемелік кешен
Бастауыш сыныптарда цифрлық білім беру ресурстарды қолданудың маңыздылығы
Басқару заңдылықтары мен принциптерінің қажеттілігі
Педагогикалық технология
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ПАРАДИГМА НЕГІЗІНДЕ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН РЕФОРМАЛАУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Оқу үдерісін автоматтандырудың теориялық негізі
М.Х. Дулати атындағы ТарМУда өткен педагогикалық практика бойынша магистранттың есебі
Мектепішілік бақылау жүйесі
Бақылау функциялары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz