ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯЛАРЫ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Тәуекел топтағы жасөспірімдердің мінез-құлық сипаты

КІРІСПЕ
1 ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯЛАРЫ

1.1. Тұлғалық дамудағы психоэмоция - мінез - құлық негізінің феномені.
1.2 Мінез-құлықтағы психоэмоционалдық тұрақсыздық және оның себептері.

2 ТҰЛҒА МІНЕЗ - ҚҰЛЫҚЫНДАҒЫ ПСИОЭМОЦИОНАЛДЫҚ ТҰРАҚСЫЗДЫҚТЫ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ
2.1. Тұлға мінез- құлықындағы психоэмоционалдық тұрақсыздықтың алдын алу мен түзетудің тиімді жолдары.

2.2. Психоэмоционалдық жағдайды тұрақтандыруға арналған жұмыстардың қортындылары мен нәтижелері.

ҚОРЫТЫНДЫ.

КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі: Қазіргі кездегі жасөспірімдердің мінез-құлық ерекшіліктері мен іс-әрекеттеріне алаңдау жоғарылады. Құқықтық мемлекетке қадам басқан шақта қоғамға саналы адам қалыптастыру мемлекеттеріміздің басты міндеттерінің бірі болатын болса, ол міндетті іске асыруға басты мақсат жасөспірімді жаңа рух та, жаңа көзқараста тәрбиелеуден айқын көрінеді.
Жеке адамның психопсихоэмоциялық жағдайының тұрақты болуы, оның өмір сүретін ортасына, экономикалық және ғылыми техникалық жетістіктеріне байланысты екені ҚР Президент Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында әр оқушының білімі мен қабілет деңгейінің тиімділігін арттыру қажет екендігі көрсетілген. Оқушылардың жеке тұлғалық даму ерекшеліктерін дер кезінде диагностикалау, олардың эмоционалдық жағдайында нормадан ауытқуы байқалған кезде көмек көрсету көкейкесті мәселердің бірі болып отыр. ҚР Президент Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында балардың психоэмоционалдық жағдайының тұрақсыздығы қандай себептермен байланысты екенін келесі сөздермен айтылған: Біріншіден, осы өңірде тұрақсыздық пен діни экстремизм етек жая бастауы. Екіншіден, географиялық орналасуы жағынан алғанда, Қазақстан бел ортасында тұрған өңірде есірткі таратудың тыйылмай отыруы . Психоэмоцияның теріс көріністері ерекше дамуымен байланысты, өзгеге қиянат зорлық көрсету, нашақорлық, токсикомания, адам бойында кері әсердің жиылуы, агрессивтілік әрекеттің бой көрсетуіне алып келетіндігі психологияда дәлелденген. Жасөспірімдер ағзасында орын алатын психофизиологиялық өзгерістер пайда болуымен байланысты дағдарыстық даму кезеңі орын алады және осы ахуалмен байланысты бала мінезінің кейбір көрсеткіштері шамадан артық дамып кетуі, мазасыздануының, агрессиясының орын алуы байқалады. К.Леонгард, Л.В.Личко, Р.Д.Шмишек т.б.ғалымдар осы құбылыстардың ерекшеліктерін жан-жақты зерттеп, оның типологиясын, зерттеу әдістемелерін жасаған. Дегенмен, жасөспірімдердің психоэмоционалдық үйлесімсіздігіне байланысты зерттеу жұмыстары бүгінгі күнгі қоғам талабын қанағаттандыра алмай отыр,сондықтан, психоэмоционалдық тұрақсыздық орын алғанда, оларға нақты көмек көрсетудің жолдары мен құралдарын анықтаудың қажеттілігі арасындағы қарама-қайшылық тақырыбымыздың өзектілігін туындатады. Осыдан, дипломдық тақырыбымызды Жасөспірім кезіндегі мінез- құлықтың психоэмоционалдық тұрақсыздығы және оның алдын алу деп алдық.
Зерттеу мақсаты: жасөспірімдер мінез-құлқында кездесетін психоэмоционалдық тұрақсыздық пен оның алдын алу жолдарын анықтау.
Зерттеу міндеттері:
* жасөспірімдердің психоэмоционалдық даму мәселелері бойынша ғылыми-әдістемелік еңбектерді жинақтау, талдау;
* жасөспірімдердің мінез-құлқындағы психопсихоэмоциялық үйлесімсіздіктің түрлерін және себептерін айқындау;
* психоэмоционалдық тұрақсыздық жағдайындағы балаларды коррекциялау әдістемелерін пайдалану, нәтижелерін өңдеу;
* жасөспірімдер мінез- құлқындағы психоэмоционалдық тұрақсыздық пен оның алдын алудың тиімді жолдарын анықтау
Зерттеу нысаны: жасөспірімдердің мінез-құлқы
Зерттеу пәні: жасөспірімдердің мінез- құлқындағы психоэмоционалдық үйлесімсіздікке арналған әдістемелер.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер жасөспірімдердің мінез- құлқындағы психоэмоционалдық тұрақсыздық себептерін уақытында анықтасақ және оның алдын алсақ, онда тұлғаның психоэмоционалдық жағдайын тұрақтандырып, жақсартуға мүмкіндік туар еді.
Ғылыми жаңашылдығы мен және практикалық маңыздылығы:
* жасөспірім,психоэмоция, ерекшелікұғымдары ғылыми тұрғыда сипатталды;
-жасөспірімдердің мінез-құлқындағы психопсихоэмоциялық тұрақсыздықтың себептері мен белгілері айқындалды;
-психоэмоциялық үйлесімсіздікті жою мен оның алдын алудың нақты тиімді жолдарының анықталды;
-- зерттеу материалдарын мектеп психолгтарына, сынып жетекшілеріне, студенттерге көмекші құрал ретінде пайдалана алуына болады.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізі ретінде философия және психология ғылымдарының ілімдері, жеке тұлғаны қалыптастыру теориясы, іс-әрекет теориясы,таным теориясы мен тәжірибесі арасындағы байланыстар туралы қағидалары, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтардың тарихи сабақтастығы, диалектикалық өзара бірлігіне байланысты тарихи, философиялық, әлеуметтік, мәдени ілімдері, тарихи-психологиялық құбылыстарды зерттеудегі объективтік, жүйелілік, жүйені сақтау теориясы,тарихи және логикалық үрдістердің бірлігі, тұтастық, тарихи-салыстырмалық тұжырымдамалары мен жасөспірімдердің жас және психологиялық ерекшеліктері, даму заңдылықтары мен принциптері, Л.С.Выготский, Л.В.Занков, В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин, С.Л.Рубинштейн, М.Мұқанов т.б. ғалымдардың еңбектері алынды;
Қарастырылатын ғылыми мәселенің ағымдағы жағдайына тоқталсақ, тақырып аз ғана зерттеуден тұратын жұмыстың мазмұнымен толық ашылып тұр деп айта алмаймыз, әлі де зерттеу жұмысын толықтыру, жетілдіру қажет. Бұл тақырыппен алдағы еңбек жолымда жұмыс жасаймын.Өзімнің зерттеу тақырыбым ретінде қарастырамын.
Тәжірибелік базасы: Шымкент қаласындағы № 38жалпы білім беретін орта мектеп.
Зерттеу әдістері: Зерттеу барысында келесі психологиялық ғылыми зерттеу әдістері пайдаланылды: Леонгард-Шмишек тестін, Басса-Дарки әдістемесі.
1 ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯЛАРЫ
1.1 Тұлғалық дамудағы психоэмоция - мінез - құлық негізінің феномені
Адам өмірінде психоэмоциялардың орны аса маңызды. Психологияда психоэмоцияларды өзгертуге, отбасында, өнерде, педагогтарда, клиника, шығармашылықта яғни, адамдардың барлық іс-әрекетіне қатысады деп есептейді. Психоэмоцияның зерттелу тарихы У.Джемстің 1884 жылы жарияланған Психоэмоция деген не? атты мақаласынан басталды.В.К.Вильнюс психоэмоцияларды жеке процестер ретінде емес, тұлғаның бүтіндей қызмет етуінің көрінуі ретіндеқарастырады. Психоэмоциялардың теориялық мәселеріне Л.С. Выготский көп көңіл бөлген. Ол психоэмоциялармен субъектінің сезімдік заттың іс-әрекетімен байланысының ішкі психологиялық механизмі ретінде қарастырады. Олар организмді белсенділікке ынталандырып, оның қоршаған ортамен өзарақатынасын оятады және реттейді деді.
О.К.Тихомирова ойлау іс-әрекетін дәл психоэмоциялар реттейді деп есептеген.Ол лабораториялық үлгілерде ойлау тапсырмаларын шешу барысында пайда болатын психоэмоциялардың пайда болу жағдайы және қызметтерін шешуді ұсынған. Сонғы жылдардың психоэмоцияны әлеуметтік психологияның өкілдері психоэмоцияларды вербалды емес қарым-қатынас рөлінде зерттеді.Тұлға психологиясы психоэмоциялармен сезімдерді басқа мотивациялы құрылымдарын байланысына алатын жолдарын көрсетіп, аффектімен күйлердің тұлғаның қызмет етуімен байланысы жайлы білімдерімізді толықтыра түседі. Сонымен бұл мәселе психологияда кеңінен жан-жақтықаралып жатыр деуге болады. Бірақ қазіргі кезде біздің қоғамызда әлеуметтік,саяси және экономикалық, нарықтық жағдайларға байланысты психоэмоция менсезімдер мәселесін кең тұрғыда зерттелудің
Психоэмоция - адамның негізгі мотивациялық жүйесін құрады. Мауер: психоэмоция өз әсерімен мінез - құлықты өзгерте алады, сондықтан ол адам өмірінде маңызды роль атқарады. Сонымен қатар, психоэмоция интелектінің жоғары тәртібін көрсетеді деп, атап өтеді. Мінез - құлықтың негізгі қозғаушы күші психоэмоция болып табылады. Осы психоэмоция субьектіге түгелімен әсер етеді. Оны жекелеп қарастырайық.
Психоэмоция және дене. Бет бұлшық еттерінде психоэмоция кезінде электрофизиолгиялық өзгерістер жүреді. Сонымен қатар өзгеріс мидің электірлік белсенділігінде, қан жүру және тыныс жолдарында да жүреді. (Симонов, 1975); Қатты ашулану немесе қорқу нәтижесінде жүрек ритмі минутына 40 - 60 дүрсілге көтеріледі. Күшті жүретін психоэмоция кезіндегі соматикалық функциялардың бұлай бірден өзгеруі барлық нейрофизиологиялық системалардың көп немесе аз дәрежеде бір - біріне қосылуына әкеліп соқты. Мұндай өзгерістер қабылдауға, ойлауға, субьектінің іс әрекетіне әсерін тигізеді. Өзгерулер психикалық бұзылуға да әкеліп соғуы мүмкін.
Психоэмоция және қабылдау бір-бірімен тығыз байланысты. Психоэмция басқа мотивациялық жағдайлар секілді қабылдауға әсер етеді. Нормадағы субьект дүниені дұрыс қабылдаса, ал қайғырып немесе уайымдап жүрген адамдарға басқалардың берген бағасына, белсене мән бермеу тән.
Біз психоэмоцияны мінез -- құлық бейнесі ретінде көреміз. Сонымен қатар, біз психоэмоцияның компоненттерін, сипатын атап өттік, енді оның комплекстерін атап өтеміз. Оның комплекстері:
1. Мазасыздану өмір ерекшелігімен байланысты, яғни субьект психикасының белгілі бір нәрсеге мазасыздық көрсетуі;
2. Депрессия - дипрессияның алғашқы психодинамикалық түсінігін Карл Абрахан берген. Ол мазасыздық пен дипрессияны қорқыныш пен қайғы аналогиясы ретінде қарастырды. Дефференциалды психоэмоция теориясында депрессия мазасызданудан да күрделі синдром деп аталады. Депрессия фундаменталды психоэмоциялармен қатар басқа да аффективті факторлармен сипатталады, яғни, өзін физикалық нашар сезіну, жоғары уайымдаушылық. Махаббат - аффектінің маңызды комплексі болып табылады;
3. Жаушылық - агрессияның негізі ретінде анықталады.
Жалпы осы сипаттамаларға сүйене отырып мынандай қорытындыға келеміз: Адам мінез-құлқының әр түрлі жағын психоэмоциялар арқылы көреді екенбіз. Ал психоэмоция дегеніміз не? Оған анықтама бермес бұрын бірнеше теорияларға тоқталамыз.
Фрейдтің психоаналитикалық теориялары психология тарихында және мінез-құлық ғылымында белгілі бір себептерге байланысты үлкен роль алып отыр. Фрейд санасыздық, түс динамикалығын сақтау мезанизмдері санасының дамуы, қысылу, көтерілу, тұрақтылық, өзгергіштік, балалар сексуалдығы сияқты эвристикалық концепцияларды шығарды. Мұның барлығы аффект (психоэмоция) концепциясы болып табылады.
Фрейдтің инстинктік қызығушылық теориясы мотивацияның классикалық психоланалитикалық теориясының ядросы болып табылады. Сөйтіп Фрейд: аффект немесе психоэмоция психикалық өмірде тек қана қозғаушы күш болып табылады. Сонымен қатар, ол кейінгі еңбектерінде: аффект немесе психоэмоцияны адам психикасына фантазияны және тілекті итеруші күш ретіндегі интропсихикалық фактор деп атап көрсетеді.
Психоаналитикалық теорияларды анықтай отырып, Рапапорт -- инстинктік қызығуды немесе мотивті интропсихикалық күш ретінде анықтайды.
Түрлі теорияларға сүйене отырып, психоэмоция механизмі туралы келесі түсініктерді береді: Сөйтіп, қабылданған обьект танылмаған инстинкті энергияны мобилизациялау инициаторы болып табылады деп атап көрсетеді, егерде осы энергияның шығуына ашық жолдар болмаса, (яғни, бұл инстинктивті талаптың конфликті болу жағдайлары) онда ол басқа канал арқылы жол тауып, түрлі әрекеттерге әкеліп соғады. Осының әсерінен эмоционалды түр немесе эмоционалды сезім - симультанды немесе бірінен кейін бірі немесе жалғыз иекті болуы мүмкін. Біздің қоғамда инстинктің пайда болуының ашық жолдарының сирек болуына байланысты, түрлі интенсивті эмоционалды разряд жиі болып тұрады. Сондықтан да біздің психикалық өмірімізде инстинкті психоэмоциялардан басқа (бірден көтерілу, қорқыныш және т.с.с.) түгелдей эмоционалдық пайда болу иерархиясы бар (яғни, конвенционалдыққа, интелектуалдыққа негізделген).
Психоэмоция туралы, Рапапорт: Аффект сигналдар жиынтығы секілді шындықты танудың ойлау механизмі:
Джон Боулби: Үйреніп қалғанннан басқа өте күшті сезіммен шығарылатын мінез-құлық жоқ (нет поведения сопроваждающегося более сильным чувством чем привязанность) -- деп көрсеткен.
Сонымен, психоэмоцияның толық анықтамасын беру үшін біз үш аспектіге тоқталып өтеміз:
а) Психоэмоцияны сезіну;
ә) Жүйке, эндокринді, тыныс және организмнің тағы басқа жүйелерінде болып жатқан процестер;
б) Бақылауға берілетін психоэмоциялық комплекстер, дәлірек айтсақ, түс арқылы белгіленетіндігі.
Сөйтіп, Шахер 44берген анықтама бойынша, психоэмоция дегеніміз, физиологияны қоздыру функциясымен біріккен функция оның бағасы және субьектінің сол жағдайға қатынасы. Бұл психоэмоцияның когнитивті теориясымен байланысты.
Ал Лазарус, Авериль оқиғаларға, өмір жағдайларына адамның берген бағасын танымдық процестерден пайда болған құбылыс деп суреттейді, ал Арнольд болса бағаны интуитивті автоматтандырыланған процесс ретінде анықтайды. Томкинс бұл проблеманы неврологиялық дәрежеде қарастыра отырып, психоэмоция нейронды стимуляцияның өзгеруімен бірге пайда болады деп көрсетеді.
Сонымен, мінез-құлық -- психологиялық дәстүрлерде кеңінен қолданылатын жалпы термин. Биховиористер бұл терминді бақыланып отырған реакцияның мәнін ашуға қолданды., бірақ көптеген ғалымдар оны кез-келген организмдік функциялар ретінде (аффективтік, когнитивтік немесе қозғалыс) анықтауда қолданды.
Осыған байланысты, психоэмоция мінез-құлық ретінде қарастырылған жоқ, ол мінез-құлық негізінде жататын феномен ретінде қарастырылды.
Әрбір адам басқа адамдардан өзінің даралық еркшелігімен ерекшеленеді. Ол даралық өзгешелік мінез болып табылады. Мінез деген психологиялық қасиеттің төркіні гректің характер деген сөзінен шыққан. Мәнісі - із қалдыру. Сондықтан да, мінез дегеніміз әрбір адамның жеке басына тән өзіндік психологиялық қасиеттерімен ерекшеліктерінің жиынтығы. Адам мінезінің даралық еркшелік екендігін ғылым тарихында тұңғыш рет сипаттап жазған - еретедегі грек философы Теофраст (б.э.д. ІҮ-ІІІ ғ.ғ.). Бірақ ол мінезді адамның адамгершілік санасына тән қасиет дейді.
Полан мінездің барлық сипаттары адамның тіршілік жағдайымен байланысты деген пікір айтады. Сонымен, мінез жөніндегі мұндай екі түрлі көзқарас қазірге дейін өзара талас-тартыс туғызып келеді, әйтседе мінез адамның жүре пайда болатын фенотипті ерекшелігі.
К.Рубин айтуы бойынша баланың әлеуметтік-эмоционалды дамуы өзара интроиндивидуалды және макрожүйелі күйі әрекетімен реттеледі. Интроиндивидуалды күштер негізінде тума физиологиялық процесстерге жататаны темперамент ерекшеліктері арқылы қарастырылаы.
Темперамент -- адам туа пайда болатын генотипті организм қасиеті. Темперамент адамның жүйке жүйесінің типтері арқылы анықталады. Өйткені, жүйке жүйесі типтерінің сыр-сипаты темперамент типтерімен бірдей. Мұның екеуі де дара адамның бойындағы өзгешеліктерін сипаттайды. Жүйке жүйесінің типі шыдамсыз болса - холерик, сергек болса - сангвиник, тыныш болса -- флегматик, әлсіз болса - меланхолик. Сондықтан да, адамның мінез-құлқы оның темперамент типіне байланысты болуы әбден мүмкін деп атап көрсетеді.
Адамдар түрлі іс-әрекеттермен айналысады, осы іс-әрекеттермен айналысу барысында оларды белгілі бір мінез-құлық пайда болады. Адамның мінез-құлқын түрлі жағынан суреттеуге болады. Кез-келген мінез-құлықтың басы мен аяғы болады. Адамның мінез-құлық детерминациясын түсіндіру үшін мотивацияның көптеген психологиялық теориялары қолданылады. Мотивацияны оқу -- бұл адам белсенділігін арттырып отыратын себептер мен факторларды талдау. Мотивациялық теориялардың көбінде мінез-құлық белсенділігінің 3 негізгі параметрі талданады. Сондай-ақ, себебі бар мінез-құлық жекелік және ситуациялы деп аталатын екі фактор әрекетінің нәтижесі:
1. Жекелік фактор - жеке адамның мотивациялық диспозициясы (қажеттілік, дағды, бағыттылық);
* Ситуациялы фактор - сыртқы, яғни, адамның айналасындағы жағдайлар (басқа адамның мінез-құлқы, бағасы, қатынасы, физикалық жағдайлары және т.с.с.).
Адам мінез-құлқының себептері американ психологтары Эдвард, Лиси, Ричард және Руян өзіндік детерминация және ішкі мотивация теорияларымен түсіндіреді. Ол бойынша мотивацияның екі типі және оған сай мінез-құлықтың да екі типі бар:
1. Сыртқы мотивация және оған сай мотиві немесе себебі бар мінез-құлық;
* Ішкі мотивация және оған сай мотиві бар немесе себебі бар мінез-құлық.
Л.С.Выготский Жоғары психикалық функцияның дамуы мінез-құлықтың жоғары формаларының дамуының екі бұтағын қамтиды деп көрсетеді.
Бірінші - мәдениетті даму және ойлаудың сыртқы түрлерін меңгерумен, яғни, тілмен, жазумен, есеппен, суретпен көрінеді.
Екінші - дәстүрлі психологияда ерікті зейін, логикалық ес, түсінік деп аталатын анық анықталмаған, шектелмеген арнайы жоғары функцияның даму процесстері; осы аталғандарды балалардың мінез-құлқының жоғары формаларының даму процесі деп шартты түрде айтамыз (Выготский Л.С.).
Жалпы, Л.С.Выготский жоғары психикалық функцияны екі мағынада қолданады.
1. Кең мағынада - мінез-құлықтың жоғары формалары.
* Тар мағынада - арнайы психикалық функция.
Л.С.Выготский баланың дамуындағы белгі және қару деген еңбегінде жоғарғы психикалық функция ассортиментіне практикалық іс-әрекеттерді кіргізеді. Бірақ, тек қана оның жоғары формасында жалпы заттық әрекет, тіпті оны қолдану жоғары формаларға жатады. Л.С.Выготский жоғары психикалық функцияларға дәл анықтама бермеген, ол дәл анықтама ғылыми білімнің бастамасына жатпайды, сондықтанда мен империкалық және эвристикалық анықтамалармен шектелемін дейді. Содан соң, бұл мәселелерді А.Р.Лурья шешуге тырысты. Ол Л.С.Выготский көзқарастарымен келісе отырып, психикалық функцияларға дәл және соңғы анықтама береді. Сонымен, жоғары психикалық функция - бұл күрделі өзін реттеуші процесс, өзінің шығуы жағынан әлеуметтік болып табылады, қалыптасуы бойынша байланысты және құрылу тәсілі бойынша ерікті, саналы.
Л.С.Выготский мінез-құлықтың негізгі мәдениетті формасы тіл және қаруды қолдану деп атайды. Л.С.Выготскийдің концепциясын талдау негізінде мінез-құлықтың формалары, функциясының жіктелу схемасы:
Л.С. Выготский мінез құлықтың нағыз табиғи формасына тек қана шартсыз емес, шарттыда рефлекстерді жатқызды. Сонымен қатар, К.Бюлердің (инстинк, интелект) теориясын жатқызады.
Үйлесімсіз психикалық жағдай күрделі өмір жағдайына байланысты пайда болады. Олар мінез-құлықты әрекетті негізден алады, олар белгілі бір жағдайға және жасқа байланысты түрлі ұзақтықпен көрінеді, сонымен қатар интенсивтіліктің оптималды дәрежеден не төмендеуінен не жоғарылауымен сипатталады. Үйлесімсіздік келесі жағдайларда пайда болады:
1.Бұл жағдай күрделі құрылымнан, құрамнан тұрады. Үйлесімсіздік психикалық жағдайды құрушы эмоционалды компоненттер болып табылады.
1. Күрделі өмір әрекетіндегі үйлесімсіз техникалық жағдайдың динамикалық өзгеруі синусоидалды типтің фазалық процестерімен, екі еселенудің өсуімен және жоғары информациялық жағдайлар кезіндегі сапалы жақындықпен, физиологиялық және психологиялық сипаттардың когеренттігінің жоғарлылығымен, сонымен қатар, психикалық процестердің бір бағытты динамикасының бөлінуімен, яғни, стабилизациялану жаққа және әрекет нәтижесінің жоғарылылығы немесе сипаттамаларының төмендігі және әрекет нәтижелерінің төмендеуімен сипатталады. Бұл жағдайлар психикалық процестердің пайда болу диапазонын негіздейді.
* Үйлеспеушіліктің жас ерекшелік және іс-әрекеттік ерекшеліктері белгілі. Жас ерекшелік даму барысында құрам күрделілігі және үйлесімсіз психикалық жағдайдың құрылымы мен ұзақтығының жоғарылауы жүреді. Даралық даму барысында әрекеттік фактордың ролі күшейеді.
* Кіші мектеп жасындағы оқушылардың негізгі әрекеті болып табылатын оқу әрекеті жасөспірімдік кезеңде де негізгі әрекет болып қала береді. Яғни, жеткіншектік кездегі оқуға құмарлық күлкі болып табылады. Сөйтіп олар қатарларымен араласа алмай қалады. Оқудағы жоғары белсенділік тұрақсыз болып табылады.
* Жасөспірімдер әлі ойын кезеңін басынан өткізе алмай жатыр, сөйтіп жасөспірім кезеңде ойын бірінші орынға шығады.
* Көп жоспарлы айналмалы әрекет. Имтимді жекелік және оқу-кәсібі жақтарының дисбаланс тудыруы.
Дж. Эйсондорфпен жазылған мотив аралық теория бойынша, балалардың әлеуметтік дамуындағы ауытқудың түрлі типтерінің пайда болуы жақындау және қашу мотивациялық механизмі арқылы қарастырылады. Осы мотивацияның бұзылуы қарым-қатынасты қиындыққа әкеледі. Дж. Эйсондорф мұндай бұзылыстың үш вариантын көрсетеді:
1. Бұл жақындасудың төмен мотивациясымен сипатталады. Мұндай мотивацияға ие балалар басқалардан бөлек болғанды қалайды. Бұл балалармен ерте кездегі жалғызды конструктивті және зерттеу белсенділігі кезінде пайда болады және бұл нашар әлеуметтенген адаммен байланысты емес. Жақындасудың төменгі мотивациясы балалардың заттық өмірге деген қызығушылығын меңгеруге негізделген.
Жақындасу және қашу мотивациялар арасындағы конфликтіге байланысты. Ол баланың басқа адамдармен араласқысы келеді, бірақ белгілі себептерге байланысты қатынас жасаудан қашады. Мұндай конфликт мінез-құлықтық компромиске әкелуі мүмкін.
Әлеуметтік жақындасу мотивацияның жоғарылауымен қашу мотивтерінің төмендеуінің қатынасы нәтижесінде мотивтердің іс-әрекетінен туады. Бұл мотивациядағы балалар басқа адамдармен қарым-қатынас шегі бейтаныс, ал қарым-қатынасты шектеуді сезбейді, қатарластары одан жиі қашады. Бұған агрессивті мінез-құлық тән.
Эмоция ұғымы - емовера деген латын сөзінен, эмоцион деген француз сөзінен шыққан. Қазақша мәні - тітіркендіру, толқу. Психоэмоциялылық -- адамның эмоциялары мен сезімдерінің мазмұнын, сапасы мен динамикасын сипаттайтын қасиеттері. Психоэмоциялылықтың мазмұндық аспектілері субьект үшін ерекше маңызы бар құбылыстар мен жағдайларды бейнелейді. Олар жеке адамның өзектік ерекшеліктерімен, адамгершілік әлеуетімен, себеп-ниеттік саласының бағыттылығымен, дүниетанымымен, құндылық бағдарлармен және т.б. ажырағысыз байланысты. Эмоциялылықтың сапалық қасиеттері индивидтің қоршаған әлем құбылыстарына көзқарасын сипаттайды және үстем эмоциялардың белгісі мен модальдылығында көрініс табады. Эмоциялылықтың динамикалық қасиеттеріне эмоциялық процестердің пайда болу, өту және тоқтау, сыртқа біліну ерешеліктері жатады.
Кейіп - біраз уақыт бойы адамның көңілін билеп мінез-құлықына әсер ететін жалпы эмоциялық күй. Адам кейіпі тіршілік жағдайына байланысты құбылмалы болып отырады.
Аффект- жан толқуыдеген латын сөзі. Бұл адамның психологиялық күйініш, сүйініш сезімдері үстіндегі көңіл күйінің айқын көрінісі.
Фрустрация - латын сөзі - көңілдің бұзылуы, межелі істің жүзеге аспай қалуы дегенді білдіреді.
Эмпатия- адамның өзгелер қайғы қасіреті жағдайлар мен қиыншылықтарға ұшырағанда. Оларға жанаошылық білдіруі. Оның негізін қалаған американ психологі Э.Титченер. ол философиялық ұнату сезімінің теориялық негіздеріне сүйене отырып, жанашырлық сезімінің эмоциялық, салыстыру мен ұқсату тәсілдерімен түсіндірілетін танымдық және адам көңіл-күйінің аффектті жағдайға душар болу себептерін алдын ала сезе білу сияқты түрлері болатындығын да даралап көрсетеді.
Құмарлық - адамның ойы мен әрекетінің негізгі бағытына із қалдыратын күшті, терең, тұрақты эмоция.
Ерік- адамның өз қызметін және әр түрлі психикалық процестерді өзі детерминациялауынан және өзі реттеуінен көрінетін қабілеті. Еріктік реттеуге ойлаудың, елестетудің, эмоциялардың, түрткілердің және т.б. зияттылық процестердің , не аффектілік процестердің ( еріктік эмоциялар теориялары) асыра бағалауына әкеледі. Мінез-құлық пен іс-әрекеттің еріктік реттелуі адамның белсенділігінің ырықты реттелуі болып табылады. Бұл оның мінез-құлқының қоғам тарапынан бақылауының әсерімен қалыптасып, дамиды. Еріктік реттеу ырықты реттеудің тұлғалық деңгейі ретінде көрінеді, бұлардың айырмашылығы -- еріктік реттеу туралы шешім тұғадан шығады және реттеу кезінде тұлғалық құралдар пайдаланылады. Тұлғалық реттеудің осындай құралдарының бірі іс-әрекеттің мән мағынасының өзгеруі болып табылады.
Іс-әрекеттің мағынасын ынта-ниетті өзгертетін болып әдейі өзгертуге түрткінің мәнділігін қайта бағамдау арқылы, қосымша түрткілер тарту арқылы, іс-әрекеттің салдарын күн ілгері біліп, толғану арқылы жетуге болады.
Адамның ерік қасиеттері сан қилы. Бұлардың іс-әрекеттің нақтылы жағдайларына орындау тәсілдеріне орай бірнеше сапалар бар: еріктің күшіне ( тоқтамғакелгіштік, кедергілерді жеңе алу, өзі-өзі меңгере алу, батылдық, шыдымдылық т.б.) екіншіден, адамгершілікке сыйымды ерік қимылының сапалары (жеке мүддені ұжым еркіне, қоғам мүддесіне бағындыра алуда көрінетін ерік сапалары).
үшіншіден, еріктің адамның дербестігіне байқалатын сапаларына (инциатива, принципшілдік, тәртіптілік, жинақылық т.б.) бөлінеді.
Сонымен тұрақсыздық, психоэмоция және мінез-құлық бір-бірімен тығыз байланысты екен. Өйткені, психоэмоцияның белгілі бір сипаттары тұрақсыздықты (тіпті психоэмоция болып табылатын психоэмоцияның өзі де) тудырса, пайда болған үйлесімсіздік (немесе үйлесімділік) мінез-құлықтың белгілі бір көріністерін береді, яғни теріс немесе оң мінез-құлықты көрсетеді екен.
1.2. Мінез-құлықтағы психоэмоционалдық тұрақсыздық және оның себептері
Жacөcпipiм кeзeңнiң нeгiзгi epeкшeлiгi - дaмудың бap жaқтapын өзгepту. Ocы кeзeңдe aдaмның өз бeттiлiгi өмipгe дeгeн дaйындығымeн aнықтaлaды. Мұндa жacөпipiмнiң дүниeтaнымы, кәciби ic -- әpeкeттi тaңдaуы жәнe тұлғaның aзaмaттылық мaңыздылығын нaқтылaу aяқтaлaды. Фaктopлap әcepiнeн тұлғaның қopшaғaн aдaмдapмeн қaтынac жүйeci жәнe өзiнe дeгeн қaтынac өзгepeдi. Ocы әлeумeттiк пoзицияның әcepiнeн oның қoғaмдық пaйдaлы ic -- әpeкeткe, oқуғa дeгeн қaтынacы өзгepeдi. Бeлгiлi бip бoлaшaқ мaмaндыққa дeгeн бaйлaныc қaлыптacaды. Бepiлгeн кeзeң жacөcпipiмнiң үлкeндepмeн мiнeз - құлықтың бapлық aймaқтapындa тәуeлciздiгiн көpceтeдi.
Жacөcпipiмнiң өз көзқapacы бap, жacөcпipiмдep үнeмi өз жeтicтiктepiн өcipiп, кeмшiлiктepiн aзaйтып oтыpaды. Өз құpдacтapының apacындa бoлуғa ұмтылыc, oлapды бeлceндi түpдe үлкeндep apacынaн өзi coғaн ұқcaғыcы кeлeтiн aдaм iздeйдi. Бұл жepдe идeнтификaция туындaйды.
Жacөcпipiм тұлғacының индиви-дуaлды дaмуы мeн қaлыптacуы бipiншe кeзeктe бeлceндi өзapa әpeкeт, яғни қopшaғaн opтaмeн әpeкeттecу нәтижeciнiң apқacындa бoлaды. Жac eceйe кeлe aдaм пcихoлoгиялық дaмуындa әлeумeттiк фaктopдың әcepi күшeйe түceдi.
Aл 15-17 жac жacөcпipiмдepдiң eң бacты oқу-кәciби ic-әpeкeтiнiң apқacындa жacөcпipiмнiң тaнымдық-кәciби қызы-ғушылықтapы apтaды. Эмoция мeн пcихoceкcуaлды дaмуы жaғдaйынa бaйлaныcты, жaнұя құpу дeгeн бұл жacтa қapacтыpылмaйды.
Жacөcпipiм кeзeңiнe қaтыcты пcихoлoгиядa бipшaмa жaлпы тeopия қapacтыpылғaн [5, 96б]. Бұл тeopиялap қaзipгi зaмaндa мәндi бoлып кeлeдi. Кeң түpдe жacөcпipiм кeзeңiн 3 нeгiзгi тұpғыдa қapacтыpуғa бoлaды.
1) Биoгeнeтикaлық биoлoгиялық пpoцec нeгiзiндe жәнe дaмудың бacқa дa пpoцecтepi қapacтыpды.
2) Coциoгeнeтикaлық тұpғы тұл-ғaның өмip бapыcындa aлдынa қoйғaн мaқcaты мeн әлeумeттiк пpoцecтepiнe бacты зeйiн aудapуын бeкiтeдi.
3) Пcихoлoгeнeтикaлық -- өзiндiк дaму нeгiзiндeгi пcихикa пpoцecтepiнiң қызмeттepiн нeгiз eтiп қoю.
Биoлoгиялық тeopияның өнiмi aмepикaн пcихoлoгы Cт. Хoлл oл дaму пcихoлoгияcының бacты зaңы дeп қapacтыpды. Мұндa индивидуaлды дaму, финoгeндiк бacты caтыcының қaйтaлaнуы бoлып тaбылaды.
Биoгeнeтикaлық кoнцeпцияcының нeмic өкiлдepi "Кoнcтитуциoннaя пcихoлoгия" Э. Кpeчмep әpтүpлi биoлoгиялық фaктop нeгiзiндe, тұлғa типoлoнияcының бacты пpoблeмacын жacaды. Aдaмның физиoлoгияcы мeн дaмуының apacындa epeкшe бaйлaныc бap дeдi. Кpeчмep бapлық aдaмдapдың eкi түpi бoлaтындығын көpceттi.
Бipiншi бaғытқa циклoидты: көңiл күйi aуыcпaлы, тeз қoзғaлғыш, мaзacыз т.c.c., aл 2 түpiнe шизoидты тұйық қaтынacқa түcпeйтiн эмoциoнaлды тыpыcпa aдaмдap.
Н. Кpeчмep мeн Кoнopaдтa ocығaн бaйлaныcты жeткiншeктepдi циклoидқa, aл жacөcпipiмдepдi шизoидқa жaтқызaды.
Жacөcпipiм шизoидты тұлғa peтiндe күpдeлi aлдындa ұзaқ мepзiмдi жүpeдi.
В. Цeллepдi "Кoнcтитуция и paзвития" -- дeгeн eңбeгiндe бaлa дeнe бiтiмiнiң құpылыcының дaмуындaғы өзгepicтep caмoтикaлық өзiн ceзiнуi пcихoлoгияның жәнe caмoтинзaлық өзapa бaйлaныcуы aйтылaды. Биoгeнeтикa өкiлдepi пcихикaны жәнe физиoлoгияны дaмуын өзapa тәуeлдiлiгi бaғыты қaтты қызықтыpaды.
A. Гeзeл кoнцeпцияcындa "өcу мeн дaму" cинoним, мiнeз-құлық, жүpic-тұpыcы қaбiлeтi интeгpaцияcы мeн диффepeн-циaцияcы мaғынacын бiлдipeдi. Гeзeл қaндaй бoлмacын индивидтi мәдeниeткe oқыту мeн үйpeту, oның жeтiлуiндe eшбip opын aуыcтыpa aлмaйды дeп caнaйды.
Жacөcпipiмнiң мiнeз-құлқы eң aлдымeн жaғдaйды мopaльдылық қapa-cтыpумeн. Бaлaның әлeмiнiң epeceккe aуыcуындa. Жacөcпipiм тoлығымeн aлдың-ғыcынa дa coңғыcынa дa жaтпaйды. Бұл eң нeгiзгi қoғaм жaғдaйы мeн пcихикacынaн көpiнeдi [6, 112б]. Aшушaң, ұялшaқ, iшкi қapaмa-қaйшылықтap. Бұл қыcым мeн қaқтығыc көп бoлғaн caйын бaлaлық пeн epeceктiк шeкapacының әpтүpлi aйыpмa-шылықтapынa бaйлaныcты oйыcтaй бacтaйды.
1) Эмoция мeн мiнeз-құлық, жүpic-тұpыc жaйлы oл пcихoдинaмикaлық кoнцeпция дeп aтaды.
2) Интeллeктуaлдық жәнe тaным қaбiлeттepiнe бaйлaныcты-"кoгнeтивтi" яғни тaнымдық нeмece "кoгнeтивтi-гeнeтикaлық" бoлып бөлiнeдi.
3) Тұлғaның бipтұтacтaй дaмуынa "пepcoнoлoгиялық"- яғни пepcoнaлды дeп coңындa бөлiнeдi.
Бала дүниесінің басқа балалар дүниесімен, үлкендермен және түрлі заттармен соқтығысуы олар үшін әсер қалдырады. Оқушыларды осы жағдайлардың әсерінен көзқарастарының және жалпы қалыптасуының бұзылуы, тілек және дағдыларының өзгеруі орын алады. Осындай келеңсіз жағдайлардың барлық бала өмірінде кездеседі, ал балалар өмірі мектеппен тығыз байланысты. Сондықтан мектептегі кезең оқушылары үшін сыналу кезеңі болып табылады. Сыналу кезеңі дейтініміздің себебі, бала нақ осы мектеп жасында жас ерекшелік кезеңдестіру бойынша маңызды болып табылатын бірнеше қиын кезеңдерден өтеді. Яғни, сыналу кезеңі дегеніміз, түрлі құбылыстарға толы белгілі бір өтпелі кезең және баланың осы кезең аралығынан өте алу мүмкіндігі.
Бірінші кезең - баланың мектепке түсіп, жаңа ортаға бейімделуімен сипатталады. Сонымен қатар бала ағзасында дененің күрт өсуі, ішкі мүшелердің үлкейуі вегетативті қайта құрулар сияқты эндокриндік өзгерістер бірден жүреді. Бұл өзгерістер баланың әлеуметтік қарым-қатынас жүйесімен іс-әрекетіндегі кординалды өзгерістер оның ағзаларындағы барлық жүйелер мен функцияларының қайта құруымен сай келеді. Сондықтан бұл аралық үлкен күшті талап етеді;
Екінші кезең - баланың өтпелі кезеңімен тап келуімен, яғни қиын саналатын кризистік кезеңмен сай келеді. Бұл кезең біріншіден пубертаттық кезеңде келетін морфологиялық және физиологиялық өзгерістер жеткіншектік ағзасын біршама өзгертуге ұшыратады да, олардағы соматикалық аурулар кауіпін тудырады, сонымен бірге, тура осы жеткіншектік кезеңде көптеген жүйке және психикалық аурулар көрініс береді, екіншіден осы кезеңге тән әлеуметтік қарым-қатынас сферасының (позитивті болмауы мүмкін) кеңеюі жеткіншектерге меңгеруге қиын болып табылатын жаңа әлеуметтік тәжірибелер береді. Өтпелі кезең - жас ерекшелік дамудың өте жауапты сатысы. Бұл кезеңнің өзіндік ерекшеліктері П.П.Блонский, Л.С.Выготский еңбектерінде анық жазылған. П.П.Блонский өтпелі кезеңде жүріп жатқан өзгерістердің бірден болып жатқанына көңіл бөлсе; Л.С.Выготский бұл кезеңді ескінің өшуін сипаттайтын жас деп көрсетеді. Олай болса, өтпелі жас дегеніміз, баланың бір сатыдан екінші сатыға өту аралығы. Бірақ бұл уақытта балада оны біршама жоғары сатыға дайындайтын барлық негізгі психологиялық жаңа құрылымдар қалыптасуы қажет. Әйтсе де, бұл екі жас қиылысып, осы қиылыста кризис тууы мүмкін. Ал кризис дегеніміз негативті байланыстарды шақырушы, мінез-құлық моделінің ауытқуын көрсететін негізгі құбылыс.
Үшінші кезең - бұл оқушылардың жеткіншектік жаспен ересектік жас аралығындағы және олардың 10-11 сыныпта кездесетін қиындықтарымен сай келеді. Бұл уақыт адамның тұлғалық дамуының өте маңызды және жауапты кезеңі болып табылады. Тіпті, Ж.Ж.Руссо (Эмиль немесе Тәрбие еңбегінде) саналық өзіндік анықтауды жасөспірімдік кезеңдегі тұлғаның екінші туылуының негізгі мазмұны ретінде қарастырады. Сонымен қатар, жасөспірімдік кезеңде ағзаның физикалық дамуы, жыныстық жетілуі жүреді және бұл кезеңдегі психикалық дамудың ерекшелігі дамудың әлеуметтік жағдайымен де байланысты. Сондықтан да, бұл кезеңдегі әрбір қадамның жауапкершілігі артады, сондай-ақ бұл кездегі әрбір қатенің белгілі бір көлемді салдары болуы мүмкін, ал кей кезде ол драмалық сипатқа ие болуы да мүмкін. Сондықтан да бұл жас аралығын немесе осы жас аралығындағы оқушыларды қиын жас немесе қиын балалар категориясына кіргізуіміз мүмкін. Қиын жасты екі сөзді талдау арқылы түсіндіруге болады: 1. Кризистік; 2. Өте қиын, қауіпті. Өйткені бұл кезеңде де физикалық әлсіздік, мінез сипатының ерекшеліктері, қарым-қатынас ерекшеліктерінің жоқтығы, эмоционалды жетілмеушілік, жағымсыз сыртқы әлеуметтік орта сияқты т.б. көптеген факторлар жалғаса беруі мүмкін. Осындай факторлардың салдарынан қиын балалар пайда болуы мүмкін.
Қиын балалар дегеніміз, дамуы мен мінез-құлқында жалпы қабылданған нормалардан ауытқуы бар, өзінің психоәлеуметтік дамуы қалыптасуының жаңа сатысын басынан нәтижелі өткізе алмайтын балалар.
Сонымен мектептегі үш кезеңге сүйене отырып, біз барлық мектеп жасындағы уақытты кризистік жас деп айта аламыз.
Л.С.Выготский Кризистік кезең теориясы бойынша кризистік жас дегеніміз, бір жағынан балалардың қоғамдық қарым-қатынас жүйесіндегі өзгерулері жататын, екінші жағынан баланың ішкі позициясынан өзгеруі жататын дамудың әлеуметтік ситуациясының қайта құрылу нәтижесі.
Л.С.Выготский бұл жас аралықтарын мағынасы дамудың жалпы циклында оның орнымен анықталатын және дамудың жалпы заңдылықтары дарлық уақытта сапалы да, өзіндік сипаттарды тауып алатын дамудың жабық немесе өзіндік кезеңі ретінде қарастырады. Әрбір жас кезеңінде бала мен орта арасында сол кезеңге тән жалғыз да, қайталанбас өзіндік спецификалық қатынас орнай бастайды. Мұны Л.С.Выготский сол кезеңдегі дамудың әлеуметтің жағдайы деп көрсетті. Бірақ, барлық жас аралығындағы өтпелі кезеңдердің симптоматикалары мен мазмұндары ұқсас болғанымен және олар жалпы заңдылықтармен өткенімен бір кезеңнен екінші кезеңге өтуде дамудың өзіндік қиындықтары пайда болады және олардың мазмұны тұрақты кезеңдегіден, яғни, тұрақты кезеңдегі даму ерекшеліктерінен біршама айырмашылықтары бар.
Сонымен, баланың жас ерекшелік психологиялық сипаты оның бөлек-бөлек жаңа құрылымның немесе ерекшелігінің жиынтығымен анықталмайды, ол оның әр жас кезеңіндегі жеке адамдық қасиеттерінің қалыптасуымен анықталады.
Осы ерекшеліктерге байланысты, жалпы американ психологтарының жүргізген зерттеулері нәтижесінде, оқушылардың мінез-құлқының үйлеспеуі 80% осы жеткіншектік кезеңге тән екендігі белгілі болады, өйткені, мектеп оқушыларында, яғни, кіші және орта мектеп жасындағы балалардағы қабылдау өте жоғары болатындығы белгілі, сонымен қатар, оқушылардың дүниеге көзқарасы, жағымды қасиеттерінің қалыптасып келе жатқандығымен байланысты. Осы анықталған мәліметтерді негіз ете отырып, Г.Д.Пировтың басшылығымен бір топ Болгария психологтарының жүргізген зерттеулері нәтижесінде 5-17 жас аралығындағы балаларға ашушаңдық тән екендігі белгілі болды. Сонымен қатар, олардың психикалық нормаларының үлкендерден айқын ерекшеленіп тұратындығын 14-15 жастағы 15 000 американ жеткіншектеріне психодиагностика ретінде жүргізген даралық минесоттық тестімен дәлелдеуге болады. Өйткені, бұл тест нәтижесі бойынша, нормадағы балалардың өздері псиопатия, шизофрения, гипомания, шкалалары бойынша көрсеткіштері үлкендерден жоғары. Бұдан үлкендер үшін ауру симптомы болып табылатын бұл көрсеткіштер жеткіншек немесе жасөспірімдер үшін норма болып табылады деген қорытындыға келеміз.
И.С.Конның пікірінше, жасөспірімдік кезең өзін-өзі танудың ең негізгі кезеңі болып табылады. Жасөспірімдік кезеңде адам алғаш рет өзі туралы шындап ойлана бастайды және өзін-өзі тануға ұмтылады.
Балаларда эмоционалды тұрақсыздық олардың сабақты үлгермеушілігімен де сипатталады. Мысалы, балаларға көмектескенде егер де ол тапсырманы ұзақ түсінбесе кері эмоцияны ғана емес, сонымен бірге, тапысрманы нәтижелі орындаудың жолдарын қарастырмай мұндай әрекетттерден алдын-ала іштей бас тарта бастайды. Оқушыларды психологиялық энергетиканың жоғарылауы және төмендеуі болады, осының әсерінен балалар бір уақытта көңілсіз болып жүрсе, бір уақытта жеткілікті қарсылық көрсететіндігі және жақсы бейімделген қабілетте болады. Бұл жердегі бірінші жағдай екінші жағдайға қарағанда жиі көрінеді. Сондықтан да баланың өмір жағдайына көңіл бөлу керек. Мысалы, бала отбасындағы екінші баланың пайда болуына байланысты жат қылықтар көрсете бастайды, сондай-ақ мектеп ауыстыру дәрежесінде тәуелділік, мазасыздану сезімі пайда болады. Ата-аналарға негізгі көңіл бөлу керек нәрсе -- көп балаларда мұндай стресс эмоционалды үйлеспеушілікті зерттеген зерттеушілер пікірін талдау нәтижесінде оқушылардың эмоционалды үйлеспеуіне әсер ететін негізгі факторларды анықтадық. Олар:
1. Биологиялық ерекшеліктер
* Әлеуметтік орда.
Осы факторлар бойынша, А.Бек жүргізген зерттеулер эмоционалды үйлеспеушілікке әсер ететін факторлар қиындықтар жүйге келтірілген және олар біртіндеп балалардың мінез-құлқындағы тұрақсыздыққа алып келеді деп көрсеткен.
Жасөспірімдердің балалық шақтан ересек өмірге өту кезеңіндегі заңдылықтарды орыс ғалымы А. Петровский төмендегідей қағидалар арқылы көрсеткен:
* жасөспірімнің өзіндік ерекшелігі бейімделу кезеңінде жеткізген нәтижелерімен және және оны жүзеге асыруда айқындалады;
жасөспірім өзінің қабілеттерін, мүмкіншіліктерін өз қатарының ортасында көрсетуге тырысады.
Бұл шақта жастар Отан, қоғам алдында тұрған әлеуметтік-саяси және мемлекеттік міндеттерді шешудегі күреске белсене қатысады. 15-18 жасқа жеткен балалар өмір жолына көз жібереді, өздерінің келешек мамандығын саналы түрде таңдап алуға тырысады. Олардың мамандыққа ықыласының бірте - бірте қалыптасуы түрлі іс-әрекеттерге жауапкершілігін арттырады.
Жасөспірімдер өмірінде өзгермелі кезеңдері болады. Соның бірі, бастысы ең ауыр болып келетіні - жасөспірімдік кезеңі. Бұл уақытта адам 15-18 жас аралығында жасөспірім бала емес, бірақ әлі ересек адам да болмайды. Бұл жас -- жасөспірімдердің есеюіне, төмендегі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балаң жас өспірімдік психология жас өспірімдік - әлеуметтік-психологиялық құбылыс
Жасөспірім шақтағы мінез-құлық ерекшеліктері
Кіші мектеп жасындағы балалардың ақыл-ой дамуы туралы
Оқу-тәрбие процесінде балалардың жас ерекшелігін ескеру
Жасөспірімің интеллектілік дамуы
Жасөспірімдер мен ересектердің қарым - қатынас психологиясы
Жасөспірімдердің үйлесімді әлеуметтенуінің психологиялық ерекшеліктері
Жеткіншек жастағы мазасызданудың психологиялық ерекшеліктері
Оқу-тәрбие процесінде балалардың жас ерекшеліктері және оны есепке алу
Менеджмент классиктерінің еңбектері
Пәндер