Қазақ халқының шаш туралы түсінігі, шаштың түрлі атауы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Л. Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ.

БӨЖ тақырыбы:

« Қазақ халқының шаш туралы түсінігі, шаштың түрлі атауы »

Жетекшісі : Өмірбекова Ж. К.

Дайындаған: Акишева Айым

Әр нәрсеге мән беріп қараған ойлы халқымыз қашан да сұлудың көркі - шаш, шаштың көркі - шаштеңге деп қараған. Ұлт мәдениетінде әр бойжеткенді шашы мен түр-тұлғасына қарап бағалаған.

Әйел шашы табиғатына қарай қолаң шаш, сүмбіл шаш деп, өріміне қарай «жалғыз бұрым», «қос бұрым» деп бөлінеді. Ұзын әрі алтын, күміс шолпы тағылған сұлу бұрым бойжеткен көркін одан әрі аша түседі.

Ақындар оларға «Қолаң қара шашы бар жібек талды» (Абай), «Сүмбіл шаш, пісте мұрын, лағыл иек, шынардай он саусағың құлжа күйек» (Ақан) деп сұқтанған, таңданған.

Шаш күтімі оны тарау, өсіру, өрудің өзі үлкен бір тәрбие мектебі десе де болады. «Ақ үйден бір қыз шықты көзі үлкен, шаштарын он күн тарап, бес күн өрген» делінген халық өлеңіндегі ғажап сурет осының бір дәлелі. Шашқа қосатын, жалғайтын, кигізетін, тарайтын, жағатын, тағылымы зор тағымдар мен зергерлік әсем бұйымдар тағы бар. Шашты тарау, тарқату үшін шаштарақпен бастырады. Тарақты шеберлер сиыр мүйізінен жасаған. Шашты жылтырату үшін шашмай жағады. Шашқа тағатын және оның сәнін келтіріп, мәнін арттыратын сәндік бұйымдардың ішіндегі асылы мен артық саналатыны - шолпы. Шолпы сәндік үшін ғана емес, шашты өсіретін әрі ұзартатын болғасын тағылады, желді күні көтеріліп кетпес үшін де пайдаланылады. Әсем сәнді шолпыларды қыздар мен келіншектер таққан, егде әйелдер тақпаған.

Қазақ халқының шаш туралы түсуінігі, шаштың түрлі атауы

ОРАЙ ШАШ- Адам басындағы шаштың үйіріле тік өсуінен болатын белгі қазақ тілінде осылай аталады. «Шүйдеңнің екі орайы бар екен, екі қатын аласың, - деуші еді шешем . . . » (Ауызекі тіл) .

«Орай» сезі түркі тілдерінің бірқатарында ұшырасады да, мағыналары да бірінен-бірі алыс кетпейді. Барабин татарларында орай - тік тұру; якут тілінде орой- 1) төбе, бастың төбесі ; алтайша: өрө - бастың төбесі.

Қазіргі моңғол тілінде «орой» тұлғасы бір нәрсенің «ұшы, басы, шыңы (таудың) » мағыналарында қолданылса, ертедегі моңғолдарда «орай»- адам басының төбесін ұғындырған. Осыған қарағанда, сездің шыққан төркіні- түркі, моңғол тобындағы тілдер де, ал алғашқы мағынасы - адам басының төбесін білдірген деуге тура келеді.

ТҰЛЫМДЫ ШАШ - Сәрсеке! Көңілге солай еткен дұрыс та ғой, ләкинде шариғатта балаға тұлым қою дұрыс емес» (М. Дулатов) . Баланың (ұл, қызды) кішкентай кезінде шашын өсірмей екі шекесіне екі шоқ шаш қояды. Мұны «тұлым» деп атайды. Тұлым көбінесе қыз балаға қойылады және ол сәбиге лайықты ғұрып.

ҚОЛАҢ ШАШ - қалың, жуан, ұзын (шаш) деген мағынаны білдіреді.

Етіндей жас баланың білегі бар,
Ажымсыз ақ саусағы іске ыңғайлы.
ҚОЛАҢ қара шашы бар жібек талды,
Торғындай толқын ұрып көз таңдайды (Абай, Тол. жин. ) .

2. зат. Байырғы қазақ қоғамындағы әртүрлі төмен әлеуметтік топтардың өкілдері.

Тазша болып Қозыкем кетті дейді,
Аякөзден сал байлап өтті дейді.
Әшейін-ақ ҚОЛАҢдар адым басып,
Қарабайдың қасына кетті дейді (Қозы Көрпеш. ) .

Ал көрші-қолаң мен қоңсы-қолаң сөздерінің "қолаң" сөзіне қандай байланысы бар? Ойланып көрелік.

ҚАРЫН ШАШ- Баланың қырқынан шыққан кездегі алынған шашын қазақ халқы "қарын шашы" дейді. Ол "қар", қары" деген байырғы түркі сөзімен тығыз байланысты. Тіпті, қазақта "қарын шашыммен қарғаймын" деген қарғыс болған. Оны әжелер қатты ызаланғанда айтқан. Сондықтан қарын шашты жерге тасмамай, оны адамның аяғы баспайтын жерге көмген немесе сақтап қойған

КЕКІЛ ШАШ- Қазақ халқы бұрынғы заманда ұлға да, қызға да кекіл қойған. Баланы "тіл-көзден сақтасын" деп кекілін өсірсе керек.

"Бізде қыз баланың тарихи суреттері бар. Онда қыз баланың бой жеткенше кекілмен жүргені бейнеленген. Фото ХІХ-ХХ ғасырдың бас кезінде түсіріліпті. Бірақ бұл - өте сирек кездесетін жағдай. Қазақ халқында "кекілді қыз", "кекілді бала" деген ұғым бар. Кекілді де балаға жоғары аталған себептермен қойған. Сонымен қатар, бала есейгенге дейін кекілмен жүрмеген. Жалпы айдар, тұлым, желке шаш, кекіл - жас баланың шаш қою үлгісі болып саналады, - дейді профессор Тәттігүл Қартаева.

ҰЗЫН ШАШ- Ұзын бұрым - көрік пен күш

Әйел үшін ұзын шаш тек көрікті болудың амалы ғана еме. Шаш әйелдің ішкі күш-қуатының деңгейін көрсететін өлшеуіш. Ведаларда шаш жағымды энергияны жинақтайтыны айтылған. Шашы ұзын әйел салмақты, сабырлы болады екен.

Ертедегі әйелдер шашты ұзын етіп өсірген. Бұрым қылып өріп қоятын болған. Әйел үшін бұрым аккумулятор сияқты рөл ойнаған. Шаш ұзын болған сайын, оның иесі ақылды, көреген, күш-қуаты көп болған. Оның адамгершілігі мол, мейірім мен нәзіктігі басым боп тұрған.

Қыздың шашын бұрымға бекер өрмеген. Үшке бөліп өрілген шаш Яви (осы әлем), Нави (бақи дүние), Прави (көктегі құдай) сынды үш әлемнің арасындағы тепе-теңдікті сақтауға мол мүмкіндік берген делінеді.

ЖАЙЫЛҒАН ШАШ -Осы күнге дейін қыз бала жігітті ұнатып қалса, өрілген шашын сол жігітті ойлап отырып шешуі керек дейді. Сосын жігітке жайылған шашын көрсетсе, ол жігіт қызға ғашық боп қалуы мүмкін.

Жігіттің көзіне түсу үшін қыз шашын саусағына орап отырса да жеткілікті. Сонда еркектің ойын өзіне байлап алған болып есептеледі. Жайылған шашпен тек мыстан кемпірлер мен жеңіл жүрісті әйелдер ғана жүретін. Мыстан кемпірлер шаштан энергетикалық ұйық жасап, стихиялардың энергиясына қосылады екен.

Егер көпшілік жерге барсаңыз, шашты өріп жүріңіз немесе басыңызға баскиім киіңіз. Аурухана, сауда орталықтары, базарларға, дүкендерге, музей, театрларға барғанда, байқау, карнавалдарға, қалалық мерекелерге қатысқанда, бейіт басына барғанда шашты жауып жүру керек

ЖЕЛКЕ ШАШ- Қазақ халқы кішкентай баланы тіл-көзден сақтау үшін оған айдар, тұлым, желке шаш қойған. Айдар, тұлымды қыз балаға да қойған. Ұл баланың айдары төбесінен қойылған немесе желке тұсынан бір ғана шаш қалдырған. Оны "желке шаш" дейді. Кейін бұл шашты өсіріп, өрген. Айдар, тұлымды, желке шашты бала сүндеттелгенге дейін немесе алғашқы мүшел жасқа (13 жас) дейін алмаған

СҮМБІЛ ШАШ- Сәкеннің «Тау ішіндегі»: «Сүмбіл шаш, тәтті сөзің, қара көзің, білгейсің келгенімді жалғыз өзім» дегендегі «сүмбіл шаш» шаштың түсіне, түріне қарап қолданылып тұрған жоқ, Абайдың «Айттым сәлем, қалам қасындағы» сияқты қыздың өзіне қаратылып айтылған. Абайға дейін қызда Қаламқас дейтін есім болмаған, еркелетіп айтылған осы түрі кейін атқа айналды. Сәкендегі сүмбіл шаш та солай.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ халқының дәстүрлі шаш қою мәдениеті
Қазақтың зергерлік өнерінің ерекшелігі
Шашты химиялық бұйралауға жалпы түсінік
Биология және денсаулық
Зергерлік өнердің тарихы
Зергерлік бұйымдардың түрлері
Сұлулық
Зергерлік өнердің зерттелу жайы
Қазақтың зергерлік өнері
Жүйке жүйеге және денсаулыққа зиян келтіретін факторлары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz