Астанасы Алмалық қаласы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
№4 Лекция тақырыбы: Ұлы Дала Алтын Орда кезеңінде (XIII-XV ғғ.)

Лекцияның оқыту нәтижелері:

1. Қазақстан тарихының негізгі даму кезеңдерін білу мен түсіну бойынша білімін көрсету;
2. Сыни талдау негізінде тарихи өткеннің құбылыстары мен оқиғаларын адамзат қоғамының дүниежүзілік тарихи дамуының ортақ ұстанымдарымен ұштастыра білу;
3.Қазақстан тарихынының үдерістері мен тарихи құбылыстардыжүйелеу және сыни баға беру

Лекция мазмұны.
1.Монғол империясының құрылуы.
2.Алтын Орданың Еуразия империясы ретінде құрылуы: территория, этникалық процестер, мәдени симбиоз.
3.Ортағасырлық мемлекеттерXIV-XV ғғ.

1. ХІІ ғасырдың аяғы мен ХІІІ ғасырдың басындағы Орта Азия мен Қазақстан далаларында билік үшін тайпалар арасындағы күрес асқынып кетті. Күрес барысында монғол билеушілері Темучиннің мейрейі үстем болып ол Орта Азия тайпаларының басын қосқан құдыретті билеушіге айналды.
Ол белгілі монғол билеушісі ноян Есугэй (Есікей) бахадур отбасында кейбір мәліметтер бойынша 1162, екінші дерек бойынша 1155 жылы дүниеге келіпті. Монғол аңызына сүйенсек, Темучиннің әкесі қият-борджигін руынан, анасы қоңырат қызы. Әкеден ерте айырылып Темучин жастайынан көп қиыншылықты басынан кешіреді. Ержеткен соң сенімді жігіттерден қол жинап, ержүрек жауынгер деген атқа ие болады. ХІІ ғ ақырында Орта Азия далаларының ықпалды көсемдері дәрежесіне көтерілді.
Темучиннің мәртебесін көтеруде оның керейттер ұлысының билеушісі Тоғұрыл Ван ханмен ынтымақтасуы маңызды рөл атқарды. Керейттердің наймандармен, монғол тілдес татарлармен,меркіттермен соғысында ол оның вассалы ретінде шайқасты.
1185 ж. Ван ханмен Темучин бірігіп Селенга өзенін сағалаған меркіт тайпасын талқандайды. Осы жеңістен кейін Темучинге барлас, жалайыр т.б. рулар келіп қосылады.
1198 ж.екеуі татарларды талқандайды. Темучин жол жөнекей татарларға қарсы соғысқа қатыспағаны үшін Керулен өзенінде отырған монғол тайпасы джуркінді талқандап оның басшысын өлтіреді.
1199 ж. Темучин мен Ван хан найман хандарының бірі Бұйрыққа шабуыл жасайды. Әскерін жинап үлгерменеген Бұйрық хан жеңіледі. Енді Темучинге Бұйрық ханның бауыры Даян хан әскерін жинайды. Бұл соғыста да Темучин жеңеді.
1200 ж. Темучин мен Ван хан меркіттерге екінші соққы береді. 1201ж. Джамуха наймандардан, меркіттерден,джатжираттардан т.б. тайпалардан қол жинап Темучин мен Ван ханға қарсы шығады. Алайда бірікке күш жеңіліс табады.
1202 жылы Темучин татар ұлысын түпкілікті талқандайды. Осы жылы Бұйрық хан басқарған наймандармен меркіттерден тұратын коолиция құрылады. Темучинмен соғысуға бас тартады. Осы кезде Темучин мен Ван ханның да арасы жақсы болмайды.Дегенмен үш күндік шайқаста Ван хан жеңіліс тауып наймандардан қашады. Даян ханның әскерлеріне ұсталып өлтіріледі. Ван ханның басы кесіліп күміспен күптеліп Даян ханға табыс етіледі. Аңыз бойынша қиын қыстау сәттерде Даян хан осы қу баспен ақылдасады делінген. Бұл жағдай ІХ ғасырда Киев князі Святославпен қыпшақтардың арасында соғыста қаза тапқан княздің басын кесіп күміспен күптеген.
1203-1204 жылы қыста Даян хан Темучинге қарсы қол жинайды. Бұны естіген Темучин 45 мың атты әскерімен шабуылды өзі бастайды. Нагу тауының етігінде соғыс басталады. 55 әскері болса да соғыс тәжірибесі жетпейді. Сөйтіп Даян мен Бұйрық өлтіріледі, Даянның баласчы Күшлік құтылып кетеді.
Осы соғыстардың нәтижесінде Темучин Орта Азияда жалғыз билеуші болып шыға келді. 1206 жылы Онон өзенінің бастауында Темучинді қолдаушы көшпелі билеушілер бас қосып, қасиетті ақ туды көтеріп, құрылтай шақырады да Темучинді ұлы хан Шыңғысхан деп жариялайды.
Әскери ұйымға негізделген Шыңғысхан мемлекеті оң қанат (барұнғар), сол қанат (жоңғар), орталық (гол) болып үш аймаққа бөлінді. Әрбір аймақ 10 мың адамнан құрылған түменге, мыңдық -он жүздікке, ал жүздік - он ондыққа, бүкіл монғол әскері 95 мыңдыққа бөлінді.
1207-1211 жылда Сібір мен Шығыс Түркістан халықтары - бурят, якут, ойрат, қырғыз, ұйғыр халықтарын бағындырды. Танғұттың Ся-Ся мемлекетіне қарсы жорық жүргізді.
1208-1209 жылдары наймандар монғолдардан жеңіліс тауып, Күшлік ханның бастауымен Жетісуға келіп паналайды, ал меркіттер Орталық Қазақстан даласына қашты. Күшлік хан қарақытайлықтарды басып алып, билікті қолына алды. Ендігі оның мақсаты қарлұқтарды, қаңлыларды және ұйғырларды бағындыру мақсатымен жорықтар ұйымдастыра бастайды.
Қарлұқтар ханы Арслан ұйғыр идикуты Барчук арттегин наймандардың жауы монғолдардан көмек сұрайды. 1211жылы ұйғырлар мен қарлұқтар өз еркімен Шыңғысханның құзырына көшкенін қытай, монғол, араб-парсы деректері хабарлайды.
1215 ж.ж. Цзинь мемлекетiнiң астанасы Чжундуд (Пекин) басып алды. 1216 жылы Солтүстік Қытайдағы әрекет сәтімен аяқталған соң моңғолдар Батысқа жылжуын жалғастырады. Шыңғысхан үлкен ұлы Жошыға меркіттерді, сүйікті қолбасшысы Жебе Ноянға Күшлік ханды бағындыруды табыстады.
1218 ж. Күшлік хан талқандалып, монғолдар Жетісуға келеді. Оларды жергілікті мұсылман халқы қуанышпен қарсы алады.
Шыңғысхан бұдан кейiн Европа мен алдыңғы Азияға жол ашатын Қазақстан мен Орта Азияны жаулап алуға ерекше мән берiп даярланды.
2. 1211 жылы Құбылай бастаған монғол әскерi Жетiсу жерiне, одан соң Оңтүстiк Қазақстанға, Орта Азияға баса көктеп кiрдi. 1219 жылы күзде Шыңғысхан 150 мың әскерiмен Отырарды қоршауға алды. Нәтижеде "Отырар апаты" деген қайғылы оқиға болды. Отырар әмiршiсi Қайырханның басшылығымен отырарлықтар бар күш-жiгерiн салып қорғанды. Кейбiр деректерде Қайырханның 20 мың әскерi болды десе, басқа бiр деректерде 50 мың әскерi болған деген пiкiрлер бар. Отырар 5-ай бойы қоршауда болды. Тек әскер басы болған Қараджы-Қаджибтiң монғолдарға Отырардың қақапасын ашып беруi (сатқындығы) монғолдардың қалаға баса көктеп кiруге мүмкiндiк берген. Алайда Отырар бұдан кейiн де бiр ай бойы монғол басқыншыларына қарсылық көрсетiп қорғана бiлген. Тек қаланы қорғаушылар түгел қырылғаннан кейiн барып, 1220 жылы февральда алынды. Отырар әмiршiсi Қайырхан қолға түсiп Шыңғысханның әмiрiмен көмейiне қорғасын құйылып өлтiрiлген. Отырар қаласы жермен жексен етiлдi. Сыр бойындағы басқа қалаларды да монғол әскерлерi басып алды. Сонымен Шыңғысхан әскерлерi 1221 жылы Хорезмдi жаулап алумен Орта Азиядағы соғысты аяқтады.
1219-1224 ж.ж. аралығында Монғол шапқыншылығы нәтижесiнде Қазақстан мен Орта Азия Шыңғысхан империясының құрамына кiрдi.
Орасан зор империя құрған Шыңғысхан басып алған жерлердi өзiнiң 4 баласына ұлыс етiп әрқайсына үлестiрiп бөлiп бердi. Қазақстанға жасаған монғол шапқыншылығының монғол жаулап алушылары көптеген халықтардың экономикалық және мәдени прогресiн, олардың саяси, әлеуметтiк және этникалық дамуын ұзақ уақытқа шегередi. Монғолдардың жаулап алу салдарынан өндiргiш күштер талқандалып, адамдар жаппай қырғынға ұшырады. Өркендеп тұрған қалалар жер бетiмен жексен болып күйредi. Материалдық және мәдени байлақытар жойылды, экономиканың дамуы ұзақ уақытқа артқа шегiнiп кеттi. Ондаған мың тамаша қолөнер шеберлерi құлдыққа айналды. Ел iшiнде iндет меңдедi, ашаршылық, жоқшылық кең орын алды. Бағындырылған халық хан үйiне тиесiлi деп саналып оларға ауыр салықтар мен мiндеткерлiктер жүктелiп отырды. Хан сарайы мен өзiнiң әмiршiлерiнiң пайдасы үшiн көшпелi мал шаруашылығымен шұғылданатын халық құшыр (ұшыр) салығын төлеуге тиiстi болды.
Шыңғысхан ат тұяғы жетер жердің бәрін өзіне қаратуды алға қойды. Орта Азия мен Қазақстан жерін өзіне қарату оған Шығыс Еуропаға және Таяу Шығысқа апаратын жолды ашты. Осы себепті бұл жорыққа Шыңғысхан мұқият даярланды. Мұсылмандарға қызмет еткен мұсылман көпестер мен қашқындар қарақытайлар мемлекеті, кейінде Хорезм шахы туралы мәліметтер тасумен болды.Шыңғысхан Орта Азияға сауда керуенін жіберді. Онда 450 адам, 500 түйе бар еді. 1218 жылдың жазында керуен Отырарға жетеді. Отырар билеушісі Қайыр хан көпестердің тыңшы екенін біліп барлығын өлтіруге бұйрық береді. Енді Шыңғысхан Хорезм шахына Қайыр ханды беруін талап етеді. Бірақ осы талапты айтуға келген елшілер де өлтіріледі. Осылайша Шыңғысхан Хорезмге жорық жасады.
Жорық 1219 жылдың қыркүйек айында басталды. Шамамен 150 мың әскер жинаған Шыңғысхан Ертістен Сырдарияға бет алды. Отырарды қоршауға Шыңғысханның екі ұлы - Жент пен Янгикентті, үшіншісі қосындарды алуға, ал Шыңғысханның өзі негізгі күшпен Бұхараға жылжиды.
Отырар билеушісі Қайырханның қол астында шамамен 20-25 мың әскер бар еді. Қаланы қоршау бес айға жуық созылды. Хорезмдік әскербасы Қараджахаджибтің сатқындығынан жау қалаға кіреді. 1220 жылдың ақпанында Отырар толығымен жау қолына көшті. Шыңғысханның үлкен ұлы Жошы Сыр бойындағы қыпшақтар астанасы Сығанақты 7күн және 7түн қоршады. Ақыры басып алған соң тұрғындарын қырып тастады.
Шыңғысхан қолы Сырдың бойымен төмен жүріп отырып, Өзгент және Баршыкент қалаларын қарсылықсыз ақ алды. Ашнасу қаласын қорғаған кедейлер қатты қарсылық көрсетті. Бірақ күш тең емес еді.
Бұдан кейін Жент пен Янгикент қалалары құлады. 1220 ж. Жошы хан Жент қаласында өткізді. 1221 жылы Үргеніш қаласын бағындырған соң Аралдың Солтүстік шығысындағы елді мекендерге бет алды. Қыпшақтар қарсылық көрсеткенімен ең соңында тізе бүкті. Жебе ноян мен Сүбедей батыр басқарған Қыпшақтар қарсылық көрсеткенімен ең соңында тізе бүкті. Жебе ноян мен Сүбедей батыр басқарған 30 мың әскер Солтүстік Иран арқылы 1220 жылы Кавказға кірді де аландарды, қыпшақтарды половецтерді және Калкадағы орыстарды талқандаған соң Қазақстан даласы арқылы Шыңғысхан ордасына 1224 жылы оралды. Осылайша 1219-1224 жылы монғол шапқыншылығы нәтижесінде қазіргі Қазақстан мен Орта Азия Шыңғысхан империясының құрамына енді.
Жошы ұлысына Ертіс өзенінен батыс Еуропа жеріне дейін. Шығыс Дешті Қыпшақ даласы, Арал, Сырдарияның төменгі ағысы, Жетісудың солтүстік Шығыс бөліктері.
Шағатай ұлысы Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Қазақстан (Жетісу) мен Орта Азия жерлерін алды. Астанасы Алмалық қаласы. Ұлысқа Шығыс Түркістан жері де енген.
Үгедей ұлысы Батыс Монғолия, Алтай, Тарбағатай, Ертістің жоғарғы ағысы.
Төле ұлысы Монғолия жерін билеген.
Немерелер ұлысы
Батый ұлысы Алтай тауынан Дунай өзеніне дейінгі жерлер. Орталығы Сарай Бату. Еділ өзені бойында, кейін Сарай Беркеге көшірілді (Алтын Орда).
Шайбан ұлысы Орал, Ырғыз, Тобыл, Сарысу және Сырдария өзенінің төменгі ағысы жерлері.
Ежен ұлысы Шығыс Дешті Қыпшақ жері, Сырдария өзенінің төменгі ағысы.
Шыңғысханның және оның iзбасарларының соғыстары жаулап алынған елдердiң ғана емес сондай-ақ бүкiл Монғолияның өздерiнiң де өндiргiш күштерiн күйзелiске ұшыратып құлдыратты.
3. Алтын Орда. 1243 жылы Еділдің төменгі бойында Алтын Орда мемлекеті құрылды. Алғашқы билеушісі Батый хан болды (лақап аты - Сайын). Территориясы Шығыс Дешті Қыпшақ, Хорезм, Батыс Сібір территориясының бір бөлігімен қоса Алтай тауынан Дунай өзеніне дейінгі жерлер. Алтын Орданың астанасы Сарай Бату (Астрахань маңы) деп аталды. Кейін Сарай Берке деп ауысты. Сарай Берке - Азиядан Еуропаға баратын ірі сауда орталығы болды. Орыс князьдықтары Алтын Орда мемлекетіне салық төл Орыс князьдықтары Алтын Орда мемлекетіне салық төлеп тұрды.
Алтын Орда ұлысы бір текті емес. Алтын Орданың көшпелі халқын негізінен түркі тілдес тайпалар қыпшақтар, наймандар, қаңлылар т.б. құрады. Отырықшы халқы Отырықшы халқы мордвалар, орыстар, хорезмдіктер құрады, ал монғолдардың өзі өте аз болды. ХІІІ- ХІҮ ғ Алтын Орда ғ Алтын Орда мемлекетіндегі халықтың барлығын татарлар деп атаған. Тілі қыпшақ тілі. ХІҮ ғ монғолдар толығымен түркіленді.
Бір жағдайда Алтын Орда деп Батый мен оның мирасқоры Беркенің жеке иелігіндегі жерлерді яғни Повольже мен Солтүстік Кавказды айтқан, ал енді бір жерде түгелдей Жошы ұлысы айтылған Батый 1227-1255ж Алтын Ордаға билігін жургізуде көп беделге ие болды (баласы өзінің мирасқоры Мөңкемен бірге) биледі. Алайда Батый да оның мирасқорлары да Алтын Орданың тағында бір тұтас мемлекетті басқарушылар болмады. Жошы ұлысы үлестерге оның көптеген ұлдарының ұлыстарына ыдырады. Алтын Ордада, өз кезегінде, ұлыс жүйесі қалыптасты. Алтын Орда астанасы Еділ сағасындағы Сарай қаласында болды; көп кешікпей ол Азиядан Еуропаға баратын керуен жолындағы аса ірі сауда орталығына айналды.
Алтын Орда XIII-XIV ғасырларда күшті мемлекет болып тұрды. Бұл тұста оның мемлекет ретіндегі беделі өсіп, көрші елдермен қарым-қатынасы нығайды, шаруашылығы, мәдениеті өркен жайды. Осы кезеңдерде Алтын Орданың қол астындағы жерлерде, әсіресе Батый сарайы, берке сарайы, Керчь, Үргеніш, Хорезм, Сығанақ сияқты кенттерде қолөнер, ғылым, әдет салалары өсті. Оған, біріншіден, түркі текті ру-тайпалар мен халықтардың мәдениеті, әл-Фараби, Әбу Әли ибн Сина, әл-Беруни, Ас-Сығанақи, Ибн Исқақ, Фирдауси, Низами, Ахмет Ясауи, т.б. ғалымдар мен ақындардың мұраларын пайдалану мен ілгері дамыту оң әсерін тигізсе, екіншіден, көрші елдер мәдениетінен үйренудің ізгі ықпалы болды.
Алтын Орда хандары Батый (1256 ж. өлді), Берке (1257-66 ж), Мөңке-Темір (1266-80 ж.), Туда-Мөңке (1280-87 ж.); Төле-Бұқа (1287-91 ж.), Тоқты (1291-1312 ж.), Өзбек (1312-42 ж.), Жәнібек (1342-57 ж.) хандар тұсында Алтын Орданың қуаты арта түсіп, билігі мейлінше күшейді. Егер Жошы мен Батый Монғолиядағы ұлы ханға белгілі бір дәрежеде бас иген болса, Беркеден бастап Алтын Орда хандары өздерін толықтай тәуелсізбіз деп есептеді. Батыс Еуропамен, Мысырмен, Кіші Азиямен, Үндістанмен, Қытаймен сауда-саттығы өркендеді, әр түрлі кәсіпшілік пен қолөнері дамыды. Берке тұсында Алтын Ордаға ислам діні ене бастап, Өзбек тұсында ол үстем дінге айналды. Саяси өмірдің ерекше маңызды кезеңдерінде билеуші әулеттің өкілдері бастаған әскери феодалдық алпауыт-бектердің құрылтай шақырылып тұрды. Мемлекеттік құрылыс әскери негізде болды, шет аймақтарды әскери әкімшілік биледі. Қарулы күштер оң қол, сол қолға бөлініп, оларды ханзада-оғландар: түменбасы, мыңбасы, жүзбасы, онбасы басқарды. Аса маңызды әлеуметтік қызметтерді атқаруға билеуші топтың өз адамдары - оғландар, әмірлер, даруға-бектер қойылды. Мемлекеттік мекемелердің басында атақты билер мен олардың көмекшілері - бақауыл, тұтқауыл, жасауыл, қази, муфти, диуан бітікшілері, талғамшылар отырды. Қалалар мен бағынышты аймақтарды басқару үшін губернаторлар - жаруғашылар, басқақтар тағайындалды. Олардың негізгі міндеті жергілікті халықты бұғауда ұстау, әскер күшімен алым-салық жинау еді. Алтын Орда халқының қоғамдық және мәдени даму дәрежесі әр келкі болды.
Алтын Орданың мемлекеттік басқару жүйесі біркездері Шыңғысхан құрған Ұлы Монғол империясының басқару дәстүріне өте ұқсас болды. Мемлекет Жошы ханның ұлысы болып есептелді. Қазақстан жерінде Шыңғысханның Жасақ заңдар жинағы және отырықшы аудандарда шариғат заңдары қолданылды. Қалыптасқан дәстүр бойынша Шыңғысхан ұрпағы ғана хан болып сайланды. Алтын Орда мемлекеті оң қанат және сол қанат болып бөлінді. Қазіргі Қазақстан жері сол қанатқа кірген.
Мемлекеттік маңызды істер жылына бір рет шақырылатын ақсүйектер құрылтайына шешімін тауып отырды. Ханнан кейінгі басқарудың жоғарғы тобы - сұлтандар (төрелер) болды.
Әскер және дипломатиялық мәселелерге беклербек басшылық жасады. Ал ішкі мәселемен айналысатын уәзірлер атқарушы орган диуанға да басшылық етті. Салық жинау ісімен даруғалар айналысты. Сонымен қатар әскери басқару жүйесі, алым-салық істері сияқты маңызды мәселелер басқақатардың қолында болды. Ханның туыстары, нояндар, бектер және әмірлердің қолына да бірқатар биліктер қарады және ең соңында қара сүйектен шыққан билеуші тап немесе қараша бектер тұрды.
Мемлекетте іс қағаздар жүргізу дәстүрі орнықты. Онда арнайы хатшылар қызмет жасады. Негізінен араб әліпбиіне негізделген түрік жазуы қолданылды.
Көшпелі халықтарда (қыпшақ, монғол, татар тайпалары) жартылай патриархтық, жартылай феодалдық қатынастар үстемдік етті. Шаруалардың жағдайы мейлінше ауыр болды - олар екі жақтан бірдей қаналды: ханға да, жергілікті ірі алпауыттарға да алым-салық төледі. Бастапқыда салықтың дені хан қазынасына түсті. Кейіннен Алтын Орда хандары жергілікті билеушілерге тархандық жарлық үлестіруді кеңінен қолданды. Мұның өзі феодалдардың бағынышты халықты шексіз билеуіне және салықты өз қалауынша жинауына ерік берді. Егінші шаруалар өңделгенжерден заттай алынатын салық төледі. Серіктес шаруалар феодалдарға еріксіз жұмыс істеп, салықтарын өтеді. Бұлардың үстіне жол, көпір, көлік, арық, жүзім т.б. салықтары болды. Жеке меншікті қорғау үшін мемлекеттік заң және мемлекеттік идеология қалыптасты.
ХІҮ ғасырдың екінші жартысында Алтын Орда ішкі алауыздықтың кесірінен әлсірей бастайды. Әз Жәнібектен кейін билікке келген Бердібек екі жылға жақын уақыт ішінде Жошыдан тараған өз туыстарын, тіпті өз ұлдарын да өлтірді. Қазақ шежіресі бұл оқиғаны Бердібекте нар мойыны кесілді дейді, яғни Жошы тұқымының билігі аяқталды. 1357-1380жылдар аралығында билікте жиырмадан астам хан болып, олар билік үшін тартыста бірін-бірі өлтірген. 1380 жылы Мамай мырза басқарған Алтын Орда әскері Куликово даласында Дмитрий Донской әскерлерінен жеңіледі. Осыдан кейін Алтын Орда әлсірей түседі. Ал Куликовадағы жеңілісті пайдаланған Тоқтамыс Алтын Орда билігін тартып алады. Билігін күшейте түсе мақсатында Тоқтамыс 1382 жылы Мәскеуге барып кіріп қаланы өртеп жібереді. Тоқтамыс сонымен қатар Мауараннахрға, Кавказ елдеріне де шабуыл жасайды. Мауараннахр билеушісі Әмір Темір кек алу мақсатында Алтын Ордаға бірнеше рет шабуыл жасап, халқын қырғынға ұшыратып, мемлекетті мүлдем әлсіретіп жібереді.
ХV ғасырдың соңына қарай Алтын Орда мемлекеті біржолата құлайды. Оның құрамынан Ақ Орда, Ноғай Ордасы, Сібір, Қазан, Қырым және Астрахан хандықтары бөлініп шығады.
Алтын Орда дәуірінің мәдениеті.
Алтын Орда мәдениетінің өзегін негізінен Еуразияның көшпелілері мен отырықшы халықтары құрады, бірақ отырықшы жер өңдеуші мәдениеттің ықпалы күшті болды. Алтын Орда мемлекетінде ондаған ірі қалалар саңырауқұлақтай бой көтерді. Көшпелі шаруашылық соншама көп өзгере қоймағандықтан, материалдық мәдениет дәстүрлі болып қала берді. Сонымен қатар отырықшылықтың бірқатар элементтері түркі-монғолдық тайпалар арасында орын алды. Бұл Сарыарқаның кейбір жерлерінде шағын қалалардың, керуен сарайлардың, бекіністердің пайда болуымен дәлелденеді. Батыс Қазақстандағы Сарайшық қаласында теңге соғылған. ХІV ғасырға қарай қала қамалдарын қайтадан қалыпқа келтіру ісі қолға алынды. Ислам дінінің орнығуымен қалаларда мешіттер мен кесенелердің өсуі байқалды.
Ортағасырлық бірден-бір көрнекті архитектуралық ескерткіш Түркістандағы Қожа Ахмет Йасауи кесенесі. Темірдің билігі кезінде салынған бұл кесене Қазақстанда ислам діні таралуының орталығына айналды. Қазақстанда исламды таратуда, қолдауда Йасауи сопылық ағымы белсенділік танытты. Бұл ағымның діни - мистикалық идеялары Диуани Хикмет кітабында айтылады.
Орта ғасырларда Сарыарқа даласында Жошы хан, Болған ана, Жұбан ана және т.б. архитектуралық ескерткіштер тұрғызылды. Олар архитектуралық өзіндік сәулетімен ерекшеленеді, төртбұрышты негізде, сфера тәріздес күмбезімен салынған. Бұл дала өңіріндегі архитектуралық дәстүрдің жаңа түрі еді. Алтын Орда дәуірі қазақ материалдық мәдениетіне жаңа мазмұн мен түр енгізді.
Монғолдардың үстемдігі түрік қыпшақ тілінің таралуына бөгет болған жоқ, керісінше түріктендіру процесі жеделдеді. Алтын Орда кезеңінде жазбаша деректер үш диалекті - қыпшақ, оғыз, қарлұқ тілдерінің негізінде жасалған түркі тілінде (шағатай) жазылды. ХІІІ-ХV ғасырларда көптеген діни - дидактикалық кітаптар мен сөздіктер пайда болды. Сафи Сарай Гулистан би-т-турки, Хорезми Махамаббатнама, Құтып Хусрау уа Шырын туындыларын жазды.
ХІV-ХV ғасырларда Асан қайғы, Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз жыраулардың шығармашылығы жатады. Бұл әдеби дәстүр өз бастауын Сыпыра жырау мен Кетбұғадан алады. Халықтың аңыздарына қарағанда Кетбұғаның көптеген өлеңдері Шыңғысханға арналған, мәселен, Жошы өлімін жоқтау. Сыпыра жырау Тоқтамыс ханның кезінде өмір сүріп, Алтын Ордада болған барлық қиындықтарды шешуге көп септігін тигізген. Асан қайғы жерұйығын іздеп ұлы даланы кезген данышпан ойшыл. Оның поэзиясы Алтын Орданың күшеюін көксеген ұлыс ақсүйектері өкілдерінің ойларын бір арнаға салған, империяны сақтауды көздеген үндеулерге толы. Асан қайғы өмірінің белсенді уақыты Әз Жәнібек хан (1342-1357) кезеңіне сай келеді.
ХІV-ХV ғасырлардың ұлы жыраулары қазақ батырлық эпосының негізін салды. Едіге, Қобыланды батыр, Ер Тарғын, Қамбар батыр эпостарында Алтын Орданың әскери және саяси тарихы шынайы бейнеленген.

3. Ортағасырлық мемлекеттерXIV-XV ғғ.
Қазақстан тарихында ХIV-XV ғғ. айрықша орын алады: бұл кезде єр алуан түріктілді және моңғол тілді этникалық топтардан қазақ халқының өзінің құрылу процесі аяқталып, оның мемлекеттігі жергілікті этникалық негізде қалпына келтіріледі. Моңғол ұлыстары құрамына зорлықпен енгізілген халықтар мен елдердің, облыстардың дербес даму жолындағы күресі, олардың ішкі өміріндегі өзгерістер Алтын Орда мен Шағатай ұрпақтары мемлекеттің азып-тозып ыдырау процесін тездетеді, моңғол өктемдігі орнағаннан кейін Қазақстан территориясы осынау екі мемлекет құрамына кірген еді. Моңғол жаулаушылары тым ауыр экономикалық зардабы бірте-бірте жойылып, жөнделе бастады. Қазақстанның Оңтүстігіндегі егіншілік кєсібі, қала өмірі, қолөнері, өндірісі, оңтүстік - шығыстағы жер өңдеп, егін салу, қайта туып, өркен жаяды, мал саны көбейеді. Орталық Қазақстан мен Жетісу далалық аудандарының Қазақстанның оңтүстігі мен Орта Азияның көгалды аймақтары мен жүргізетін сауда байланыстары қалпына келтірілді. Қоғамдық қарым - қатынастар дамуында да бірсыпыра алға басушылық байқалады.
Моңғолдан кейінгі (XIV-XV ғғ.) Шығыс Дешті - Қыпшақ, Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның (парсы және түріктілді бастаухаттарда Қазақстанның бұ бөлегі Түркістан деп аталады) орасан кең территориясындағы көшпелі және жартылай көшпелі, отырықшы - егінші халықтың бас қосып бірігуімен сипатталады.
Біріңғай халықпен оның мемлекеттілігін құру жолындағы тарихи қам - харекеттің дамуы аймақтың саяси бытыраңқылығын болдырмау ісінің аса қиын жағдайында өтеді. Қазақстан тарихының осынау аса күрделі кезеңінің бастапқы кезінде моңғол ұлыстары - Шыңғыс ұрпақтарының Дешті - Қыпшақ пен Орта Азиядағы (Мауараннахр) еншіліктері ыдырайды да, соңғы кезінде қазақтың өз мемлекеті - Қазақ хандығы құрылады. Моңғол дәуірінен соң осыаймақ халқының саяси өмірінің дамуы жергілікті этникалық негізде пайда болған бірнеше мемлекттік құрылымның оңашалануы арқылы өтеді: олар Ақ орда, Моғолстан, Әбілқайыр хандығы (Көшпелі өзбектер мемлекеті), Ноғай ордасы. XIV ғ. мен XV ғ. бас кезіндегі Қазақстан халқының мемлекеттік бытыраңқылығының сақталып қалуы - енді ғана құрылып жатқан қазақ халқы этникалық жолының, үш жүздің түзілуі сияқты, ерекшелігінің тууына себепші болғанын да атап өту қажет. Сол сияқты тарихи дамудың сол кезеңінде ілгеріде айтылған мемлекеттер шеңберіндегі этникалық-саяси эволюция процессі жаңа ұйымдасып жатқан көрші түркі халықтары-қазақ, өзбек,татар, ноғай, т. б.үшін де-белгілі дәрежеде ортақ болып шыққаны да мєнді құбылыс.
1. Шығыс Дешті Қыпшақ жерінде ХІІІ-ғ.орта кезі мен ХV-ғ. І-ші ширегінде Ақ Орда мемлекеті болады. Рашид ад-Диннің жазуына қарағанда (ХІV-ғ.) Жошы ұлысының шығыс бөлігін (сол қанат), єкесінің көзі тірісінде, үш інісімен бірге, Жошының үлкен ұлы Орда (Орда Ежен,Орда Ичен) алады.
Әбілғазының айтуынша (ХVІІ) осынау жерді оған інісі Бату хан ХІІІ ғ. орта кезінде бөліп береді. Орданың мирасқорлары іс жүзінде дербес билеушілері болады. Рашид єд-Динге жүгінсек, Батухан ұрпағының вассалымыз деп сөз жүзінде ғана мойындайтын ңөз ұлысының тєуелсіз алдиярларың болады.
Ақорданың кемеліне келіп, толысқан шағы XIV ғ. екінші жартысы 60-70 жылдары Орыс хан тұсында, бірақ оның территориясы Алтын Ордаға тєуелділігі єлсіреуіне орай, бірте-бірте кеңейіп қалыптасады. Орда Еженнің ұлысына єуелгі кезде Жетісудың солтүстік - шығыс бөлегі, Ертіс өңірі, Ұлытау мен Кентауға дейін дала кіреді. Жайық, Ырғыз, Торғай, Тобыл мен Сарысу өзендері алқаптарында, Арал өңірінің даласы мен Төменгі Сырдария бойында Жошының тағы бір ұлы - Шєйбанның ұлысы болды. Плано Карпинидің айтуынша, ХІІІ ғ. орта кезінде Орда қонысы Ертіс бойында, Алакөл маңында болған. XIV ғ. Орда Ежен ұрпағы билеушілерінің өкімі Шайбан ұлысына да қазіргі Қазақстанның күллі жеріне жүрген, оған тек Шағатай мемлекетінде, сосын Моғолстан құрамында болған Жетісу ғана енбеген. Енді Ақорданың саяси орталығы Қазақстанның оңтүстігіне көшеді де, Сығанақ қаласы астана болады. Єсілі, осы оқиғаға байланысты мемлекеттің аты өзгергенге ұқсайды: бірқатар зерттеушілер Қазақстан жеріндегі осы бір мемлекетті Көк Орда деп атайды. Тегі, Орда Ежен иелігінің аты бастапқы кезде Көк Орда, ал Шєйбанның ұлысы - Ақ орда деп аталса керек. (Бєлкім, Батуханның бүкіл иелігі - Шайбан ұлысын да қоса - Ақ Орда деп аталса керек. Шєйбан ұлысы Орда ұрпақтары иелігі құрамына кіргеннен кейін, бүкіл мемлекет Ақ Орда деп аталып кетеді. Тарихи деректерде бұл атау XV ғ. бастап белгілі (Му-ин єд-Натанзи т.б. авторлар ). XIV ғ .соңынан бастап Ақ орда жері , сол сияқты өзбек ұлысы деп те аталады.
Ақ орда дербес мемлекет ретінде, моңғолдан соңғы кезеңде, шаруашылық қайта түлеп жаңғыра бастаған жергілікті түрік және түріктенген ақсүйектер ролі күшейген жағдайда туып қалыптасты. Бұл жерде қыпшақтар мен наймандар, үйсіндер мен арғындар, қарлұқтар мен керейлер, қаңлылар мен қоңыраттар, маңғыттар т.б. көптеген тайпалар қоныс еткен еді.
ХІV ғасырдың 50-60-жылдарында батыс бөлігінде, Мауараннахрда ірі түрік-манғол тайпаларының көсемдері арасында кескілескен күрес өріс алды. Қырқыс Шағатай және Үгедей ұрпақтарының маңғолдардан, түріктерден, тәжіктерден тұратын полихэтникалық мемлекетті басқара алмайтынын иеліктерінің далалық аудандарына - Моғолстанда билік жүргізе алмады. Мауаранахрдың ірі шонжарлары мен жоғарғы саудагер топтары елге мықты Билік керек екендігін түсіді. Әмір Темір өз қолына осындай билікті Шоғырландырып, күшті мемлект құра білді.
Жошы ұлысында (Алтын Орда, Ақ Орда, Көк Орда) монғолдар өте аз болды Алтын Ордаға жаулап ала жолымен біртұтас жүйеге біріктірілген тайпалар мен халықтар жиналды. Бұл мемлекет, оған күшті және жігерлі хандар билік еткен кезде болмаса, онша ұзақ уақыт болған жоқ. Бірақ олардың біреуі ¤збек хан ( ол 1312 жылдан бастап билік етті ) кезінде-ақ мемлекеттің орнықтылығын шайқалтған оқиғалар болды: мұсылман дініне кірген ол Шыңғыстан тараған тектің жаңа кіруден бас тартып, бабаларының нанымын сақтап қалғысы келген ондаған өкілдері мен барлық нояндарды қырып тастады.
50-жылдардың орта шенінде Жәнібек ханды оның үлкен ұлы Бердібек өлтіргеннен кейін, орыс жылнамасының анықтауы бойынша, ңұлыалапатң (1359-1379 жж) деген атпен мєлім болған жиырма жылдық өзара қырқыс басталды.
Алтын Орданың батыс бөлігі бірнеше иеліктерге бөлінді. Еділ бойында, Астраханда, Қырымда, Сарайшықта жергілікті єміршілер, Қара теңіз өңірінде Түменбасы Мамай орнықты. Жошы ұрпағынантараған жекелеген хандар мен ірі Тайпалардың жетекшілері оларды уақытша біріктіргенімен де, Хү ғасырдың өзінде-ақ бұл иеліктер тєуелсіз Қазан, Астрахан, Қырым, Үлкен Орда хандықтарына айналды.Қазақстан мен Түркістанның далалық аумағында жергілікті билік нығайды. ХІІІ ғасырдың ортасынан бастап Шығыс Дешті Қыпшақ аумағында Ақ Орда мемлекеті өмір сүрді. Орданың мирасқорлары іс жүзінде дербес билеушілер, Рашид ад-Диннің айтуынша, өздерін Батый хан ұрпағының вассалдары деп сөз жүзінде ғана санаған ''өз ұлысының тєуелсіз патшалары ''болды.
ХІVғасырда Орда-Ежен тегінен шыққан єміршілердің билігі Шайбани ұлысына да таралды. Қазіргі зерттеушілердің бір қатары Қазақстан аумағында осы мемлекеттің құрылуына Көк Орда атауын теліп жүр. Олар Батый ханның Жайық өзенінің батыс жағындағы иеліктерін, соның ішінде Шайбани ұлысын да Ақ Орда деп атайды. Шайбани ұлысы Орда ұрпақтарының иеліктері құрамына енгеннен кейін ''Ақ Орда'' бүкіл біріктірілген мемлекетке көшкен болуы ықтимал. ХІV ғасырдың аяғынан бастап Ақ Орда хандарының иеліктері деректемелерде ¤збек ұлысы деп атала бастаған.
Ақ Орда ның саяси тарихы Шығыс Дешті Қыпшақ аумағындағы Алтын Ордаға тєуелсіз хандардың өз билігін нығайту жолындағы күресімен, кейініректе - Ақ Орданың ыдырап бара жатқан Алтын Ордадағы қырқысқа араласуымен,содан соң Орта Азия билеушісі Әмір Темірдің агрессиясына тойтарыс берумен сипатталады.
Ақ Орданың Алтын Ордадан оқшаулануы ХІХ ғасырдың екінші ширегіне, Ерзен мен Мүбәрәк кезінде болған делінеді. Ол ХІV ғасырдың 60-70 жылдарында билік еткен Ұрұс хан кезінде едәуір нығайған. Сол кезеңде Темірге қарсы Ақ Орданың тәуелсіздігі жолындағы күрестіңнегізгі ауыртпалығы соған түскен еді. Кейініректе Ақ Ордадағы билікті қолға алған Темірдің қолшоқпары, Жошы ұрпағы тоқтамыс жергілікті шонжарларға және єскери ресустарға сүйене отырып, Алтын Орданың батыс бөлігін басып алып, оның ыдырауын уақытша тоқтатты. Бірақ 90- шы жылдарда орданы Темір талақандады.
ХІV ғасырдың аяғы ХV- ғасырдың басында сыртқы саяси ауыр жағдайлар мен ішкі қырқыстар кезінде Ақ Орда едәуір әлсіреп кетті. 20-шы жылдарда Ұрұс ханның немересі Барақ хан (1423-1428ж.ж.)өз әулетінің билігін бірсыпыра уақытта орнына келтірді. 20-шы жылдардың аяғында Шығыс Дешті Қыпшақтың үлкен бөлігінде билік Шайбани ұрпағы Әбілхайырдың қолына көшті де, бір бөлігі Ноғай ордасы болды. ХV ғасырдың екінші ширегінде Ұрұс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ ҚАЗАҚСТАН ЖЕРІНДЕ. Ұлы Жібек жолының бағыттары мен тармақтары
Алматы - әсем қала
Алматы қаласы: тарихы және бүгінгі жайы
Ұлы жібек жолы туралы мағлұматтар
ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ ҚАЗАҚСТАН ЖЕРІНДЕ. ҚАЛА МЕН ДАЛА
Қала құрылысы
Ортағасырлардағы қалалардың дамуы: сәулет өнері және материалдық мәдениет
ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ БОЙЫНДАҒЫ ЖЕТІСУДЫҢ ОТЫРЫҚШЫ МӘДЕНИЕТ МЕН ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ҚАЛАЛАР МӘДЕНИЕТІ (VШ-XШ)ғғ
Девану луғатит-турк еңбегі
Таяу Азия халықтары
Пәндер