Болмыс пен ойлау арақатынасы мәселесі
Инжиниринг және ақпаратты технологиялар факультеті
Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы
ФИЛОСОФИЯ ПӘНІНЕН ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ
Алматы, 2023
Дәріс 1.Ойлау мәдениетінің қалыптасуы: ойлаудың философиялық түрі - 2 сағ.
Жоспар
Ойлау мәдениетінің қалптасуы. Көркемдік рефлексия.
Философия - даналыққа құштарлық ретінде.
Өткенге сыни көзқарас - қазіргі Қазақстанның рухани жаңғыруы мен ұлттық санасындағы өзгерістер шарты.
1. Қоршаған дүниені танып білуде тек сезіну жеткіліксіз, сезімдік таным арқылы заттар мен құбылыстар тұралы үстірт, қарапайым білімдерге ғана қол жеткізе аламыз. Заттар мен құбылыстардың ішкі құрылымы, қатынастары мен байланыстары ойлау арқылы бір-бірімен байланыстыра отырып танылады. Ойлау адам санасы мен объективті шындық арасындағы диалектикалық бірлікті білдіреді. Ойлау адамның сыртқы дүниемен қарым-қатынас процесінде туындап отыратын, өте күрделі және маңызды, түпкілікті процесс. Ойлау объективті шындықты бейнелеің жоғарғы, адамға ғана тән формасы. Ойлау дүниені тану мен игеруді жоғарғы сатысы. Ойлау арқылы адамзаттың тарихи және әлеуметтік тәжрибесі, матриалды және рухани мәдениетінің нәтижелері қортылып, бекіген.
Ойлау - қарама-қарсы қайшылықтарға толы процесс. Бұл ойлаудың дамуы мен іске асуының қозғаушы күші. Ойлаудың пайда болуы - белгісіз нәрселерге зер салу мен танып-білуге деген қызығушылықтан туындайды. Әлем шексiз, соған орай дүниенi танып бiлу де шексiз. Адамның ойы сол шексiз әлемдегi нәрселердiң сырын, құпиясын бiлуге бағытталады. Әрбiр адам ойланып-толғанғанда өзiне беймәлiм нәрселердiң сырын ашып, жаңалықты бiледi.
Ойлау дегенiмiз- әлеуметтiк жағдаймен ұштасқан, тiлiмен тығыз байланысты психикалық үрдiс, сол арқылы болмыстың, дүниедегi нәрселердiң жалпы және жанама бейнеленуi. Бұл бейнелену адам ойының талдау және бiрiктiру әрекеттер арқылы танылады. Бiр сөзбен айтқанда, ойлау - сыртқы дүниедегi болмыстың жалпы жанама жолмен бiздiң санамыздағы ең биiк сатыдағы бейнесi. Ойлау адамның өмiр тәжiрибесi мен практикалық iс-әрекеттерi нәтижесiнде пайда болып, тiкелей сезiм үрдiсiнiң шеңберiнен әлдеқайда асып түседi.
2. Дүниені танып білуге деген қызғушылық философияның пайда болуына түрткі болды. Философия - даналыққа құштарлық (Пифагор). Философия - сенің ойлауыңның жемісі болып табылады және сенің өзіңде өмір сүреді (Т. Гоббс). Философиның пәні- ойлаудың жалпы заңары болып табылады. Философиялық ойлау түрі - сын және күмәндану. Сондай-ақ. философияға сұқбаттық сипат және эвристикалық мүмкіндіктер тән.
3. Өткенге сыни көзқарас - қазіргі Қазақстанның рухани жаңғыруы мен ұлттық санасындағы өзгерістердің шарты.
Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар:
1)Адам қабiлеттiнің ең жоғары деңгейi болып табылады:
Данышпандық*
эмоционалдық
қызығушылық
дербестiк
ниет
2)Ойлау бұл -
Адам соның арқасында заттар мен шындық құбылыстарын олардың елеулі белгілері бойынша бейнелендіретін және олардың ішінде әр түрлі байланыстарды ашатын психикалық процесс*
Затттар мен құбылыстардың мида тұтастай бейнеленуі
Адам санасынығ белгісіз затқа бағыттала тұрақталуын көрсететін құбылыс
Адам ойының түрлі формаларын есте қалдыра алу қабілеті
Адамның оқыс қимыл-қозғалыстан, лорынсыз сөйлеуден, юосқа кұйіп-пісуден бойын тежей алу қабілеті
3) Ой операциясы
Талдау*
Сезімталдық
Жүйке жүйесінің күші
Тітіркендіргіш
Саты
4) Философиялық ойлаудың мәселелері тікелей неге қатысты?
табиғи құбылыстарға
тұтастай обьективті әлемге*
әлеуметтік өмірге
саяси қозғалыстарға
құқықтық нормаларға
5) Философиялық ойлауды негізгі белгісін анықтаңыз:
эмоционалдық, символизм
ақылға (рационализм), күмәндануға, универсализмге сүйену*
догматизм
мәртебеге сүйену
практикалық әрекет
Дәріс 2.Философия ұғымы және әлеуметтік-мәдени рөлі - 2 сағ.
Жоспар
Философия және дүниетаным.
Дүниеге көзарас: мифология, дін және философия.
Философия - білім мен рухани қызметтің ерекше түрі және философиялық білім құрылым.
Философия мен философтың адам және қоғам өміріндегі рөлі. Қазіргі Қазақстанның үшінші модернизациясындағы философияның орны.
1. Философияның пайда болуы дүниеге көзқарастық сұрақтардан бастау алды. Дүниеге көзқарас - дүние мен ондағы адамның орны жайындағы жалпылама көзқарастардың, принциптердің, бағалардың жиынтығы немесе жүйесі.
2. Дүниеге көзқарастың тарихи типтері:
Мифология;
Дін;
Философия.
Мифология - қоғамдық дамудың алғашқы сатысына тән, дүниені түсінудің алғашқы тәсілі, қоғамдық сананың бастапқы формасы, қияли түсініктерге негізделген.
Дін - дүниеге көзқарастың екінші формасы, дүниенің жаратылысын жоғарғы күшке сенімге негіздеп жасады.
Философия - дүниегекөзқарастың жоғарғы деңгейі. Бұл теоретикалық түрде құрастырылған, рационалды дүниеге көзқарастың жүйесі.
Философия - адамзат білімінің, рухани мәдениетінің өте ертеде қалыптасқан, қызықты салаларының бірі. Алғаш ертедегі Үнді, Қытай Грецияда б.з.б. ҮІ-Ү ғасырларда қалыптасып, қоғамдық сананың мықтап бекіген формасына айналды. Философия қалыптасқаннан-ақ дүниетанымдық сұрақтарды алға тартып, оларға жауап іздеді. Табиғи және әлеуметтік шындықты жеткілікті түсіндіре алмаған діни-мифологиялық сананың дағдарысы кезінде ақиқатты жалпыдан, табиғиды жасандыдан ажырату, жаңа өмірлік бағдар мен берік те сенімді дүниетаным құру қажеттілігі туғанда философиялық дүниетаным қалыптасты. Философия - болмыстың заңдары мен жалпы принциптері, адам мен әлем арақатынасы және таным жайындағы ілім.
3. Философиялық ойлау еркінойшылдыққа сүенеді, белгілі бір авторитетке тәуелді емес. Философия білім жүйесінсіз мүмкін емес, ол тарихи білімді ұсынады, философия рационалды танымды негіздейді.
Философиялық білім жүйесін мына төменгі бөлімдерге бөлуге болады:
онтология - әлем, болмыс туралы жалпылама,қозғалыс туралы және оны қозғаушы ғаламдық күш туралы, оны ұйымдасуының жалпы заңдары туралы ілім;
гносеология - таным туралы, оның негізделуі, оның мүмкіндіктері мен шекарасы жөніндегі ілім;
әлеуметтік философия - қоғам туралы, оның негізгі сфералары, оның адам мен табиғатпен өзара байланысы туралы ілім;
антропология - адам туралы, оның табиғаты және іс-әрекетін ұйымдастыру туралы ілім.
аксиология - құндылықтар туралы ілім;
этика - адамгершілік, мораль туралы ілім;
логика - ойлау заңдылықтары туралы ілім;
эстетика - сұлулық заңдылықтары мен канондары туралы ілім.
4. Философия мен философтың адам және қоғам өміріндегі рөлін оның қоғамдық қызметтрінен көруге болады:
дүниетанымдық- дүние туралы түтас түсініктің, пікірдің қалыптасуына әсер етеді;
методологиялық - қоршаған дүниені танудың негізгі әдістерін белгілейді, нақтылайды;
теоретикалық - концептуалды ойлауға, теорияны негіздеуге, қоршаған дүниені барынша жалпылауға үйретеді;
гносеологиялық - қоршаған дүниені дұрыс және ақиқат тануды (таным механизмін анықтауды) көздейді;
аксиологиялық (гр. Axios - құнды) заттар мен құбылыстарды құндылықтық тұрғыдан (моральдық, этикалық, әлеуметтік, идеологиялық) бағалауға үйрету;
әлеуметтік - қоғамның пайда болуы мен эвалюциясын, қазіргі жағдайын, құрылымын, элементтерін, қозғаушы күшін, ішкі қайшылықтарын анықтап, жетілдіру жолдарын нұсқау;
тәрбиелік - гуманистік құндылықтарды, идеяларды зерттеп, қоғам мен адамға керектісін ендіру, адам өмірінің мәнін табуына көмектесу;
сындарлы - білімге сыни көзқараспен қарай отырып, таным көжиектерін кеңейту, оны модернизациялау, білімнің ақиқаттылығы деңгейін жоғарлату;
болжамдық (футурологиялық) - қолда бар философиялық білімдерге, таным жетістіктеріне сүйене отырып таным процесстерінің, адамның, табиғаттың, қоғамның даму тенденцияларын болжау
Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар:
1. Дүниеге көзқарастың сенім мен догмаларға негізделген тарихи түрі -
онтология
философия
дін*
Миф
өнер
2. Философия термині грек тілінен аударғанда:
пікір таластыру
әлем мен адам туралы ілім
даналыққа құштарлық*
жан бақыты
әлемге деген құштарлық
3. Дүниекөзқарастың анықтамасын көрсет:
қоғам туралы білімдер
адамгершілік туралы білімдер
әлемге деген діни көзқарас
әлемге, әлемдегі адамның орнына деген көзқарастар*
практикалық іс-әрекеттердің жиынтығы
4. Миф деген сөздің көне грек тілінен аудармасы қандай?
сөз құрылымы
оқиғалар желісі
Аңыз*
жалған мен ақиқаттың үйлесімділігі
Ақиқат
5. Ғылыми білімнің әдістемелік белгілі философиялық көзқарастарға, философиялық принциптер мен категорияларға негізделетінін көрсететін философияның қызметі:
аксиологиялық
реттеуші
гуманистік
методологиялық (әдістемелік)*
гносеологиялық
Дәріс 3.Әлемді философиялық талдаудың негіздері: сана, жан және тіл - 2 сағ.
Жоспар
Фәлсафа дәстүріндегі жан, ақыл, парасат, рух ұғымдары.
Философидағы сана мәселесі. Бейсаналықтың философиядағы негізгі концепциялары
Қазіргі Қазақстанның рухани жаңғыруы аясындағы ұлттық сана-сезім.
Ойлау және тіл.
1. Жан, ақыл, парасат, рух мәселесі философиялық танымның негізгі мәселелері. Антикалық философиясында рух пен парасаттың космологизмімен ерекшеленеді. Жан, ақыл, парасат, рух мәселесі Пифагор философияында адамның антропологилық құрылымымен байланыстырыла түіндіріліп, рух - жоғарғы ақыл, ақыл (төменгі), өмір - тныс алу және дене деп қарастырылса, Платон боынша рух- ноус, ақылды жан, ақылды емес жан және дене бөлген.
Ортағасыр дәстүріндегі рух пен жанның теологиялық түсінігі қалыптасқан. Рух - құдайлы бастама, жан - жеке сана, дене - табиғи бастама ретінде түсіндіріледі.
Танымдық тұрғыдан қарағанда, сана - дүниені бейнелеудің ең биіе, тек адамға тән идеалдық формасы. Сана белгісіз, ғайыптан пайда болған, дайын күйінде біздің миымызға енген құбылыс емес. Іштен де тумайды. Әрине, адам бойында атадан балаға көшетін кейбір нәсілдік бейімділік, қабілет те болады. Оның дамуы да түрлі жағдайларға байланысты. Бірақ сана ондай қабілет емес. Сана адам миына байланысты пайда болады. Ал ми - оның мекені. Сана адам миы қызметінің жемісі.
Адам өз түсіктері арқылы сыртқы дүниедегі құбылыстарды қабылдап, лынған ақпараттарды жүйке жүйелерарқылы арнаулы ми бөліміне жеткізеді, осы сәттен сараптау басталады. Ол өте күрделі биоэлектрлік кванттық өрістер негізінде жүреді.
2. Сананы онтологиялық мәселе ретінде түсіну сана фактілерін, сана феномендерін, сананың қалыптасуын қарастыруды қамтиды. Сана тек адамда болғандықтан,сана мәселесін қарастыруда антропосоциогенез адамның пайа болуы мен дамуының сатыларын талдау маңызды.
Антропогенездің негізгі концепциялары.
Теологиялық концепция (креационизм) адамды Құдай жаратты. Жаратылыс эволюция емес, Құдайдың бір мезеттік акті. (христиандық теология и т.б.)
Биологиялық концепция (дарвиннің эволюция теориясы) - адам табиғи жолмен адам тәріздес маймылдардан биологиялық эволюция заңдар негізінде пайда болды. (Ч. Дарвин, Ф. Энгельс, К.Маркс, В. Ленин, марксизм, позитивизм)
Адамның ғарыштық эволюция концепциясы - адам ғарыштық, биологиялық эволюция заңдары арқылы космостық және биологиялық организмдердің эволюциясының және Ғарыштық Ақыл нәтижесінде пайда болды. (Махатмы, Е. Блавтская, Ф.Л Дью, Е. Рерих және т.б.)
3. Қазақстандық тұлға санасының ашықтығы: әлемдік үдерістерді түсіну, өзгерістерге дайын болу, алдыңғы қатарлы елдердің тәжірибесінен үйренуге қабілеттіліктерінен көрінеді. Қазіргі Қазақстанның рухани жаңғыруы аясындағы ұлттық сана-сезімді жанжақты қарастыру және көтерудің маңызы - ұлттық сананың әртүрлі полюстерінің ымыраға келтіруді білдіред. Рух дегеніміз - өзіндік сезіну, ұғыну арқылы жететін сананың ең жоғарғы сатысы. Адамның сана-сезімі қашанда таптық, топтық, қоғамдық сана-сезімдерге тығыз байланысты. Қазақ халқының руханиятына - оның өзіне тән дүниесезімі, құндылықтыры жатады.
4. Ойлау және тіл. Адамның ойлану әрекетi тiкелей сезiмдiк таным үрдiстерiмен ғана емес, тiлмен де, сөйлеумен де тығыз байланысты. Осындай ерекшелiк адам психикасының жануарлар психикасынан сапалық өзгешелiгiн көрсетедi. Жануарлардың қарапайым ойы нақтылы әрекетке байланысты, ол жанама, абстракты ой бола алмайды.
Адам сөйлеу, дыбысты тiл нәтижесiнде нәрселер мен құбылыстардың мәндi, тұрақты белгiлерiн ой арқылы бейнелей алады. Бұл ретте, тiл адамның ойының заттық қабыршағы болып табылады. Адамның ойы әрбiр нәрсенiң сипаты мен қасиеттерiн сөз арқылы ажыратып көрсете алады. Сөйтiп, заттар мен құбылыстарды әртарапты танып бiлуге мүмкiндiк туады.
Адам тiлдiк материалдар негiзiнде ойланады. Өз ой-пiкiрлерiнiң жүйесiн, нәрселер жайындағы нақты түсiнiктерiн жасайды. Әрбiр ойдың ақиқаттығы ой талқысы арқылы қарастырылады. Адам ойының жүйелi болып, оның нәрселердiң мәнiн түсiнiп бiлуi сөйлеу арқылы жүзеге асып, өзгелерге жеткiзiледi. Адамның ойы тiлмен, анық сөйлеумен тығыз байланысты және ойлау осы тiлдiк материал арқылы өзiнiң шындығы мен ақиқаттығын бейнелей алады.
Ойлаудың қоғамдық мәнi. Ойлаудың тiлмен тығыз байланысты болуы және оның қоғамдық мәнi адам ойлауы дамуының қоғамдық-тарихи сипатта болатындығын көрсетедi. Адамның дүниетанымы, бiлiмi және өмiр тәжiрибесiнен жинақтаған мағлұматтары ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып ауысып отырады. Бұл - тарихи фактор. Адам ақыл-ойының дамып жетiлуi мен бiлiмнiң өсуi әрбiр ұрпақ жасаған бiлiм қорын меңгерiп, оларды әлеуметтiк өмiр қажеттiлiктерiн қанағаттандырып отыруға пайдаланады. Сөйтiп, тарихи даму адам баласының қоғам өмiрiндегi қарым-қатынасын нығайтады.
Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар:
Жан туралы ғылыми пікірді ұсынған шығыс ойшылы:
Ибн Сина*
Демокрит
Лукреций
Платон
Аристотель
2)Психиканың функциясы:
Белгілі бір адамға тән тұрақты құрылымдарды сәулелендіру
Механикалық енжар көшіру
Адамның өміріндегі барлық түсініксіз құбылыстарды бейнеле
Дүниетанымдық көзқарас қалыптастыру
Қоршаған дүниені бейнелеу*
3)Сана :
Белгілі-бір адамға тән іс-әрекеттің қандай да бір сапалық-сандық деңгейін қамтамасыз ететін тұрақты құрылымдар
Адамның ішкі мазмұны
Адамның барлық психикалық қызметінің жалпы қасиеті болып табылатын бейнелеудің ерекше формасы
Дүниетанымдық көзқарас
Объективті дүниенің субъективті таңдамалы бейнесі*
Дәріс 4. Онтология болмыс туралы ілім - 2 сағ.
Жоспар
Болмысжәне бейболмыс ұғымдары. Болмыс түрлері.
Материя категориясы. Материяның атрибуттары мен модустары.
Идея ұғымы. Болмыс пен ойлау арақатынасы мәселесі.
1.Онтология - болмыс туралы ілім. Философияның негізігі сұрағы дүниенің негізі не? деген сұраққа жауап іздеумен басталады. Әлемнің сыр-сипатын, дүниенің түп мағынасын, ішкі мәнін, айнала қоршаған ортадағы заттардың, құбылыстар мен процестердің өзара байланысын, олардың дамуы мен өзгеруін, адамзат қоғамының сан түрлі құпияларын танып білу қажеттігі - "болмыс" деп аталатын кең мағыналы, терең ауқымды философиялық ұғымның тарихи тұрғыдан қалыптасуының басты себебі әрі алғышарты болып табылады. Тарихи дамудың әр дәуірінде өмір сүрген ғұламалар мен ойшылдар бұл ұғымды философиялық ой-толғаныстардың түп қазығы, бастапқы негізі деп қараған.
Болмыстың философиялық проблема есебіндегі екінші қыры мынаған сияды: табиғат, қоғам, адам, ойлар, идеялар - бәрі тең өмір сүреді, бірақ өмір сүру түрлері әрқилы, сөйте тұра олар бар болуы арқылы шексіз де тұрақты дүниенің тұтас бірлігін құрайды. Олай болса, болмыс ұғымы - дүниеде өмір сүріп жатқанның бәрін қамтитын кең көлемді философиялық катигория.
Болмыс ұғымына қарсы ұғым - болмыссыздық (бейболмыс). Философияда болмыс ұғымын алғаш рет қолданған Прменид болды, оның түсінігінше Дүниеде бар нәрсе бар, жоқ нәрсе жоқ. бұл ой өмірлік тәжірбиеге сай клмейді. Бұл дүниеде қозғалмайтын өзермейтін еш нәрсе жоқ. яғни, Парменид бұл дүние нағыз болмыс емес, оған ой елегі арқылы жетуге болады, яғни ойлау мен болмыс бір-біріне тең. Теяр де шарденнің Дүние әлі де жаратылып біткен жоқ, ол жаратылу үстінде. Оны әрі қарай жарататын негізгі күш - адамзат - деген ойы Парменид оймен ұштасып жатыр.
Болмыстың түрлері туралы проблема философия үшін де өте маңызды. Себебі философияның негізгі мәселесін - ақыл-ойдың болмысқа қатынасы туралы мәселені - түбегейлі шешу үшін болмыстың негізгі түрлерін саралап білу керек.
Осы тұрғыдан алғанда болмыстың бір-бірінен айырмашылығы бар, бірақ өзара қабысқан, тығыз байланыста тұрған мынадай негізгі түрлерін ажыратуға болады:
1) заттар (денелер) және процестер болмысы, ол өз кезегінде табиғи заттар мен процестер және адамдар жасаған заттар мен процестер болмысына бөлінеді, өзімен-өзі объективті өмір сүреді;
2) адам болмысы: заттар дүниесіндегі адам болмысына және адамның өзіндік болмысына жіктеледі;
3) рухани (идеялық) болмыс - адам жан дүниесі мен санасы;
4) әлеуметтік болмыс, бұл да өз алдына қоғамдағы және тарихи процестерге жіктеледі.
2.Материя - бұл обьективті реалдылықты білдіретін, адам санасынан тәуелсіз тіршілік ететін универсалды категория. Материя түйсіктер арқылы сезілетін обьективтілік. Материяда болмыс категориясы нақтыланады. Барлық материя тірі деп қарастыратын философиялық ілім - гилозоизм деп аталады. Материя мәңгі, шексіз, жоғалмайды, күнделікті қозғалыста болады. Ол өзіне-өзі себеп деген қасиеттер материяның атрибуттарын білдіреді. Материяның атрибуты дегеніміз-барлық материялар мен материалдық обьектілерге тән қасиеттер. Материяның сондай-ақ модустары бар, ол материяның жеке түрлерінің қасиеттері. Ол құрылымдық дамудың деңгейін сипаттайды.
Материяның құрылымдық даму деңгейі
Табиғат Қоғам
Неорганикалық табиғат Органикалық табиғат
Элементарлы бөлшектер, ДНК, РНК, белок, Адам, жанұя,
атомдар, молекулалар, клетка, организм, әлеуметтік топ,
галактика поуляция этнос, халық
Материяның формалары немесе өмір сүру тәсілдері - қозғалыс, кеңістік, уақыт. Қозғалыс-бұл материяның тіршілік ету тәсілі, демек ол материя сияқты мәңгі, қайталанбайтын, жоғалмайтын, бір формадан басқа формаға өтуші, жалпы, абсолютті. Қозғалыстың формасына тән ерекшелік - өзгермелік және тұрақтылық.
Кеңістік - бұл материя тіршілігінің жалпы және обьективті формасы, ол бір мезетте тіршілік ететін обьектілердің орналасу тәртібін білдіреді. Материяның үш өлшемді объективті формасы.
Уақыт - бұл ұзақтықты, бір өлшемдікті, ассиметриялықты, қайта айналмауды және жалғастықты сипатпен анықталатын материя тіршілігінің обьективті формасы.
Дүниенің түпнегізін бір ғана субстнация - материя немесе рухты санайтын философиялық ілім - монизм деп аталады. Монистік әлем моделі әлемнің негізі не материалды не рухани бір субстанция болуы керегін түсіндіреді. Әлемнің түпнегізін екі бастамадан көретін философиялық концепция - дуализм деп аталады. Әлемнің басатауын екі немесе одан да көп субстанциядан іздейтін философиялық ілім - плюрализм.
3. Рухани (идеялық) болмыс - адам жан дүниесі мен санасы болып таблады. Адам болмысы рухани болмысмен нақтыланып, ол қиял, ой-өрiсімен шындықпен орайласып, тиiстi мақсат-мүдденi жүзеге асырумен, шындықпен ұштасып жатады. Шындыққа сай келетiн ойдың мазмұны терең, олар өмiр тәжiрибелерiне, бiлiмге негiзделген. Идеялар болмысы жаңаны iздеп табу, белгiсiз нәрсенi ашуға ұмтылу әрекетiнен байқалады.
Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар:
1. Болмыстың толық түсіндірмесін көрсетіңіз:
болмыс-барлық материалды әлем
болмыс-шексіз әлем
болмыс-психикалық іс-әрекеттің барлық түрлері
болмыс-тіршілік ететіннің барлығы*
болмыс-мәдениеттің рухани әлемі
2. Болмыс туралы философиялық ілім
гносеология
логика
антропология
диалектика
онтология*
3. Кім алғаш рет философияға болмыс терминін енгізді?
A) Пифагор;
B) Парменид;*
С) Зенон;
D) Фалес;
E) Сократ.
4. Субъективтік және объективтік шындықтың бірлігін қалай атайды:
A) материя;
B) қозғалыс;
С) уақыт;
D) болмыс;*
Е) кеңістік.
5. Болмыстың құрылымдық байланысын бейнелейтін категориялар:
A) жеке және жалпы;
B) кездейсоқтық және қажеттілік;
С) себеп және салдар;
D) бөлік және бүтін;*
E) құбылыс және мән.
Дәріс 5.Таным философиялық мәселе ретінде - 2 сағ.
1. Гносеология және эпистемология. Таным түсінігі
2. Таным түрлері
3. Ақиқат және оның өлшемдері
1. Таным теориясы немесе гносеология философияда оның ең алғашқы даму кезеңінде ақ пайда болған. Гносеология грек тілінен аударғанда, таным туралы білім деген мағына береді.
Гносеологияның философиялық проблематикасы: дүниені танып білуге бола ма, адамның танымдық табиғатын, нақты білімге қатынасын, оның мәдениет пен коммуникация жүйесіндегі өмір сүру шартын, ақиқат білімге жетудің заңдылықтары мен тәсілдерін оқытады. Гносеология адамның дүниені танып білу қабілетін, танымның негізгі заңдылықтарын, әдістерін, жолдарын.
Соңғы уақытта эпистемология термині пайда болды, ол да өте кең таралды. Бұл термин ғылыми таным теориясын білдіреді.
Дүниені танып білу мүмкіндігі мәселесінің шешімдері
Дүниені танып білуге бола ма?
Иә
Гносеологиялық оптимизм
Иә
Гносеологиялық оптимизм
Жоқ
Агностисизм
Жоқ
Агностисизм
Кейбір жағдайда жоқ
Жартылай агностисизм
Кейбір жағдайда жоқ
Жартылай агностисизм
Танымның құрылымы.
Таным субектісі дегеніміз-мақсатпен бағытталған заттық-практикалық, белсенді таным әрекетін ұстанушы, ол индивид те, ұжым да, әлеуметтік топ, қоғам да болуы мүмкін.
Таным обьектісі дегініміз-субьектінің таным әрекеті бағытталған нәрсе.
Танымның түрлері: сезімдік таным (түйсік, қабылдау, елестету); рационалды (логикалық) таным (түснік, пайымдау, ой-тұжырым)
Сезімдік таным бойынша біз әлем туралы алғашқы білімдерді түйсік, қабылдау, елестету түрінде аламыз. Алынған сезімдіктер рационалды сферада ой тұжырым, пайымдау, түсінік көмегімен өңделеді. Таным процесі адамның практикалық іс-әрекетімен тығыз байланысты. Қоғамдық практика таным процесніңі негізі және мақсаты. Сезімдік таным түрлері:
Түйсік-материалды заттың адам сезім органдарына тікелей өзара әрекет ететін қарапайым, элементарлы көрінісі. Олар белгі немесе сигналды қызметтер атқарады.
Қабылдау-сезімдік таным формасы, онда обьект тікелей сезім органына әсер етіп, санада тұтастай көрініс беруі. Қабылдау түйсік негізінде пайда болады. Ол да образдық-белгі бірлігімен сипатталады.
Елестету-заттың жанама-сезімдік бейнесі, ол қабылдау негізінде пайда болады.
Рационалды таным түрлері:
Түсінік-бұл ой формасы, онда жеке заттар мен олардың топтары жалпыланады, кластарға бөлінеді.
Пайымдау-бұл ой, онда әлдене бекітіледі немесе шындық заттармен терістелуі мүмкін.
Ой-тұжырым-бұл ойлау формасы, ой-тұжырым арқылы бір немесе бірнеше пайымдаудан жаңа пайымдау шығару. Ойлауды-жалпы түрде сезімдік немесе түсінікті бейнелермен интеллектуалды операцияларды өңдеп шығару тәсілі ретінде айтуға болады.
3. Ақиқат гносеологияның ең басты сұрақтарының бірі. Философияда ақиқат мәні туралы анықтамалар өте көп. Біреулер үшін ол сәйкестік пен корреспонденция болса, екіншілер үшін эмпирикалық концепция, үшіншілері үшін конвенционалды теория, төртіншілер үшін өзімен келіскен білім, бесіншілер үшін практикаға қолдануға өте ыңғайлы, т.б. Ақиқат-субьектінің шындықты танудағы практикалық білімді игерудегі адекватты көрінісі немесе обьектіге ойдың сәйкес келуі. Ақиқат өлшемдері:
Салыстырмалы ақиқат-бұл біріншіден, толық емес білім, ол қоғам дамуының білгілі-бір деңгейімен сәйкес келеді, екіншіден, белгілі-бір шартқа, орын мен уақытқа тәуелді білім.
Абсолютті ақиқат-бұл біріншіден, шексіз әлем туралы толық білім, екіншіден, болашақта терістелінбейтін білімдер.
Ақиқат - танымның негізгі мақсаты. Өйткені таным процесіндегі субъектінің белсенділігіне байланысты қалыптасқан жаңа білім зерттеліп отырған объектіге сәйкес келуі немесе сәйкес келмеуі керек. Осыған орай ғылым мен философияда ақиқат проблемасы алға тартылады. Ақиқат дегеніміз субъект пен объект арасындағы өзара байланыс негізінде жүріп жататын әлеуметтік-тарихи процесс. Ақиқат біреу, ол объективті. Объективті ақиқат деп қоғамдық адам түсінігіндегі, біліміндегі субъектіге, адамға, адамзатқа тәуелсіз мазмұнды айтады. Ақиқат өзінің мазмұны жағынан объективті, ал формасы жағынан субъективті. Сонымен ақиқат дегеніміз объективтік пен субъективтіктің диалектикалық бірлігі. Зерттеліп отырған объект жөніндегі толық емес білімді - салыстырмалы ақиқат, ал толық және дәл білімді - абсолютті ақиқат деп атайды. Салыстырмалы ақиқат пен абсолютті ақиқат - әлеуметтік, тарихи процесс ретіндегі объективті ақиқаттың көріністері. Объективті ақиқат салыстырмалы - абсолютті түрде ғана өмір сүреді.
Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар:
1. Агностицизмге анықтама беріңіз:
Адам танымды әрқашанда салыстырмалы;
Дүниені танып-білуге болады;
Дүниені танып-білу күмәнді;
Дүниені танып-білуге болмайды;*
Білім ақиқаттылығының айғағы (критерийі) практикалық пайдада жатыр дейтін ілім.
2. Танымның қайнар көзі ақыл-ойда. Осы пікір қай гносеологиялық концепцияға жатады ?
Рацилнализмге;*
Сенсуализмге;
Эмипиризмге;
Скептицизмге;
Агностицизмге.
3. Ақиқат дегеніміз не?
Білімнің реалдылықтың өзіне сайлылығы;*
Заттар мен құбылыстардың өздерінің объективтік жағдайы;
Пайдалы табысқа жеткізетін білім;
Ғалымдардың шартты келісімнің нәтижесі;
Авторитетті пікір.
4. Ақиқаттың ең фундаменталды өлшемі қандай?
Тәжірибе;*
Пайдалылық;
Жалпы мойындалғандылық;
Әдемілік;
Айқындылық пен анықтылық.
5. Сезімдік танымның негізгі формалары:
1) Түйсік, қабылдау, түсінік;*
2) Пайым, ақыл-ой, рух;
3) Ұғым, пікір, тұжырым;
4) Интуиция, қабылдау, түсінік;
5) Гипотеза, идея, теория.
Дәріс 6.Білім, ғылым, техника және технология философиясы - 2 сағ.
Жоспар
Ғылым философилық пән ретінде, ғылымның пайда болуы мәселесі мен тариых.
Ғылым және техника.
Қазіргі кезеңдегі ғылымның дамуы мен көрінісі.
1. Ғылым және білім философиясы біріншіден, ғылыми-танымдық қызметті сипатын зерттейтін философиялық бағыт, екіншіден, ол білім жүйесін дамушы жүйе ретінде, адам қызметінің елеулі арнасы ретінде зерттейтін философияның бір бөлімі.
Ғылым философиясына қатысты әр түрлі көзқарастар қалыптасқан:
-- ғылым әдісі мен нәтижесіне сүйенетін философия (Р. Карнап, М. Бунге, А. Уайтхед);
-- гуманитарлық білім мен ғылым арасындағы дәнекер (Ф. Франк, М. Вартовский);
-- ғылымды әдіснамалық тұрғыдан талдау (Г. Р. Харре, М. Б. Хессе, И. Лакатос, Л. Лаудан);
-- ғылымдағы идеологиялық спекуляция, қоғам мен ғыылмға зиянды нәрсе (П. Фейерабенд);
-- ғылыми қызмет пен ғылым ойлаудың алғышарттарын көрсету
-- ғылыми танымның басқа таымдардан айырмашылығын көрсетіп беретін метағылыми әдіснама;
-- ғылымтануға синоним, ғылымның әдіснамасын, таихын, социолоиясын біріктіретін пән.
Ғылым философиясы ХХ ғасырдың ортасында философияның бір тарауы ретінде пайда болса, ал философиялық бағыт ретінде ХІХ ғасырдың орта шенінде қалыптасқан еді: О. Конт, Г. Спенсер т.б.
Ғылым философиясының дамуы мынадай кезеңдерді бастан өткерді:
1) (XIX ғ екінші жартысы.) тәжірибелік танымның логикалық құрылымдарына назар аударды, зерттеудің психологиялық сипатына қарай көңіл бөлді.
2) (XX ғ басы.) ғылымның мазмұндық негіздері басты орынған шығарылды; детерминизм, тұрақты және өзгермелі заңдылықтардың арақатынасын, кеңістік пен уақытты зерттеу, ғылыми білімнің бірлігі және әлем бейнесінің бүтіндік құрылымы жолға қойылды. Демаркация, ғылым мен метафизиканың бөлінуі, математика мен жаратылыстанудың айырмашылығы, әлеуметтік-гуманитарлық пен табиғи жаратылыстану ілімдерінің ара байланысы талқыланды.
3) (XX ғасыр ортасы.), ғылым тілін зеттеу (Венский үйірмесі, Берлин тобы -- М. Шлик, Р. Карнап, Х. Рейхенбах). Неопозитивистік философия верификация, фальсификация мәселелерімен шұғылданды.
4) ХХ ғасырдың 60 жылдарында постпозитивистік кезең болды.Әдіснамалық тұжырымдардың көп түрлілігі, өзара сын, қатаң логикалық ж.йелерден бас тарту т.б. мәселелер жолға қойылды (Т. Кун, К. Поппер, С. Тулмин, И. Лакатос, Дж. Агасси, П. Фейерабенд).
Ғылымның пайда болуы туралы мәселе өзгеше күрделі. Бүгінгі таңда да ол туралы көзқарастар әртүрлі. Негізінен, пікірлер, біріншіден, ғылымның пайда болған уақыты мәселесіне, екіншіден, ғылымның шыққан орнына, үшіншіден, ғылымның пайда болуын негіздеуге болатын белгілерге қатысты өрбиді. Негізгі ұстаным - ғылымның алғашқы бұлақтары, - адамның еңбек құралын дайындауды бастағанын жан-жануарлар әлемінен бөліп көрсету шамасына қарай, - сол ең бір алыс замандардан (1,5-2 млн. жылдар бұрын) бастау алады деген тұжырым болып табылады. Көпшілік ғалымдар ғылым - ол қазіргі заманғы адамзат дамуының өркениетті кезеңінің жемісі деген ойға ден қояды.
Ғылым мен техниканың дамуын төмендегідей тәртіпте көрсетуге болады:
1. Қоғам дамуындағы ғылымға дейінгі кезең (көне заманнан XV ғасырға дейін).
2. Заманға сай ғылымның қалыптасуы (XVI ғасырдан XIX ғасырдың 70 жылдарына дейін).
3. Ғылым мен техника дамуындағы классикалық (айқын) кезең - XIX ғасырдың 70 жылдары - XX ғасырдың ортасы).
4. Ғылым дамуындағы классикалықтан кейінгі кезең (XX ғасырдың ортасынан осы уақытқа дейін).
Ғылым дамуындағы зерттеу аймағындағы қайта құру ғылымси төңкеріс деген ұғымды туғызды. Ғылымның негізделуінің негізгі компоненттері: идеал мен тәсілдер, әлемнің ғылыми бейнесі, филомсофиялық идеялар мен қағидаттар.
Ғылыми төңкеріске негізделген ғылымды қайта құру мынадай көрініністкермен ерекшеленеді: 1) пән ішіндегі дамудың нәтижесі - сол ғылым аясында шешілуі күрделі мәселелер туындайды, жаңа обьектілер пайда болып, жаңа таным құралдарын қажет етеді; 2) Пәнаралық өзара байланыстан туындайды - идеал мен нормалардың бір ғылыми пәннен екәішісігне ауысуы жүреді, әлемнің бейнесі қайта қарастырылу бойынша және әлемнің бейнесін қайта қараумен қатар идеалдар мен нормалар, тіпті оның философиялық негіздері өзгереді.
Төртінші ғылыми төңкеріс ХХ ғасырдың соңғы ширегінде жүзеге асты. Постклассикалық емес рационалдылық типі қалыптасты. Бұрын тарихилық идеалды реконструкциялайтын - тарих, археология, тіл білімі сияқты ғылымдар басымдылықта болса, ол геология, биология салстында да жүргізілсе, бұл кезеңде теориялық білімнің типі ретінде тарихилық космологияда, астрофизикада да жүзеге асты. Синергетикалық тұрғы үстемдік ете бастады.
Адамның өзі қатынасатын обьектілер зерттелді: ғаламдық экология, гендік инженерия т.б. Бұл ұсақ және ірі обьектілеғрді пайдалануды және компьютерсіз мүмкін емес жағдайды туғызды. Сонымен қатар, зерттеушіге тиым салынған, апатты жағдайларға (катастрофаларға) алып келетін обьектілер пайда болды.
Техника пайда болу уақытын анықтасақ, оның өте ерте заманда болғанын түсіну қиын емес. Тechne - қол өнерінен бастап, ұста (мастер) деген түсініктерді де қамтиды. Техникаға бір нәрсені жасау немесе не ойыңды іске асыру үшін қолданылатын қарапайым құралан бастап, күрделі аспаптар мен құралар жатаы.
Техника тәжірибе, біліммен тығыз байланысты. XVII ғ. алғаш еңбек машинасы жасалды. Техника жалпы тұрғыдан қарағанда адамды табиғатпен байланыстыратын, тек байланыстырып қана емес, табиғатқа әсер ететін және оның құпиясын ашып, пайдасын өзіне игеріп, қоғамды дамытуға қолданатын күш. Қазір адам қосымша энергия қуатын теңіз толқынынан, жел күшінен, күн сәулесінен ала бастады. Қазір мұның бәрі күрделі жолға қойылды. Ірі су электрстанциялары былай тұрсын, атом электр станциялары жұмыс істеуде. Қазіргі автоматтандырылған жұмыспроцестерін қолданып олардың дамуын үдету үшін адам программа жасайды, жұмысын бақылайды.
Ал техникалық білім қалыптасуы бірнеше белестерден тұрады.
XVIII ғасырдағы ғылыми-техникалық ұерістің пайда болуы мен өркендеуіні алғашқы кезеңі.
ғылымдардың дифференциялану жылдары, яғни ғылымдардың бөлшектенуі және жаңа ғылымдар пайда болуы. Бұл Дж. Уаттан Эдиссонға дейінгі кезең.
техника мен өнер арасы жақындаған кезең. Осы кезге сәйкес, жеті artes techanical (теханикалық искусство және жеті artes liberales (еркін искусство) пайда болды. Неміс философы Хаинрик Бек Техника мәні мақаласында техниканы (technikale) искусствадан ажыратып, бөліп қарауды ұсынды.
Қазірге уақытта технократия термині жиі қолданыуда. Бұл инженерлер билігі деген сөз. Т. Веблен Инженерлер және баға жүйесі (1921) деген кітабында болашақ процесс үшін капиталистер мен финансистерді ығыстырып, олардың орнын инженерлер басады деп жазды.
Технология, - деп жазды Жапон философы Имамичи, - табиғат сияқты бізді қоршаған адамға бағынбайтын, өзінің нақты даму бағыты бар жаңа ортаға айналды, техника өмір дамуын тездетуде, өмірді өзгертуде(Имамичи Т. Моральный кризис и метатехнические проблемы Вопросы философии, 1995. - №3, 79-80 бб.). ХХ ғ. 30-шы жылдарында өмірге өзгеріс ендірген техника тездеп дами бастады. 1941 ж. американдық социолог Д. Ш. Берихеим Менеджерлер революциясы деген кітабында мамандардың қоғамдағы билік туралы пікірін қолдай келіп, технократия менеджерлер түрінде (басқарушылар) саяси өмірді де басқаратын болады, олар қазірдің өзінде көптеген дамыған елдерде көрініс табуда деп жазды. Бұл пікірді Жаңа индустриялдық қоғам деген кітабында Д. Ж. Забрент қолдады. Одан соң З. Бжезинский, т. б. бұл пікірді ілгері дамытты: Бұл пікір қазіргі заман көрінісі деуге болады. Бұл техниканың қоғамға, адамға тигізіп жатқан әсері сондай-ақ, басқа да әсерін айтқандар бар. Ол негізсіз емес.
М. Хайдагтер былай деп жазды: Техника - жай қарапайым дәнекер емес, техника бойдағы көрінбей жатқан шындықты ашу саласы. Сонымен қатар, техниканың тигізер кері әсерін де көрсетті. Мәселен, Рейн өзеніне электрстанциясы орнатылды. Ағын су күші турбиналарды айналдырып, электр қуатын шығарып, арзан қуатты көптеген машиналарды жұмыс істеткізді. Сонымен қатар, бұрынғы табиғатты нұрландырып тұрған қасиетінен айырылды, табиғат өзгерді деп жазды. Сөйтіп, техниканың пайдалы әрі зиянды жақтарын ашып көрсетті. Бұл екеуі де бір мезгілдегі бірдей болып жатқан процесс деп жазды.
Испандық философ А. Тоффлер Үшінші толқын (1980) деген кітап жазды. Оның пікірінше, адамзат тарихы 3 дәуірді басынан өткізді. Бірі - аграрлық қоғам. Онда бәрі адам қолымен жасалады, табиғат, мал күшін де пайдаланады. Екінші толқын индустриалдық қоғам. Бұл техниканың дамып, машина пайда болған кезеңі. Бәрін техника жасайды. Үшінші толқын постиндустриялдық қоғам. Жаппай техникаланған, автоматтандырылған дәуірде адам да өзінің табиғи қасиеттерін жоғалтып, жанды, саналы күрделі техниканың бір түріне айналуда.
Техника - деп жазды Карл Ясперс, - адамдардың күнделікті өмірін, қоршаған ортаны, еңбек процесі мен қоғамды түбімен өзгертіп, күшпен басқа салаға, жаппай өндіріс саласына көшірді, бүкіл өмірді кейбір техникалық механизмге, бүкіл планетаны бүтін бір фабрикаға айналдырды (Ясперс К. Всемирная история философии. - М., 2000. - 113 б.).
Техника логикасы тоқтаусыз, тойымсыз дами бермек, ал адамның ойлау логикасы техниканы қолдан шығармай, оны басқаруды шыңдай беру. Бұл адамзаттың болашағы туралы әлемдік проблема. Міне, бұл, техника философиясының басты мәселесі.
3. Бүгінгі жаһандану заманында әлем күрделеніп, сан қырлы қатынастар мен қоғамдық өмірдің бағдарлары да өзгерістерге ұшырауда. Осыған байланысты ғылым да мынадай жалпы өзгерістерді бастан кешіп отыр: интеграция, дифференциация, математикаландыру, индустрияландыру, ақпараттандыру т.б.
Интеграция жағдайында ғылыми білімдердің бірігу үрдісі басталады, ол да жаһандана бастайды, әр түрлі пәндер арасындағы айырмашылықтар түсіріле бастайды. Бұл құбылыстың өзі де әр түрлі бағытта іске асады. А) ғылыми салалардың өзара әрекеттесуі - мысалы, математика мен тіл білімі, физика мен химия сияқты ғылымдар байланыса бастайды. Б) таным аппараттарының жалпылануы мен ортақтануы - жалпы ғылыми ұғымда: құрылым, жүйе, ықтималдық, алгоритм т.б. өрісі кеңейіп, барлық ғылымдарда қолданыла бастады. В) Белгілі бір салалар басқа ғылымдарды өзіне қарай шоғырландыруда басты роль атқарып отырады: кибернетика, семиотика, ақпарат теориясы т.б.
Диффереренциация ғылымдардың өз ішінен таралуы мен бөлінуі. ХХ ғасырдың екінші жартысында белең алған бұл бағыт күні бүгінге дейін жалғасып келеді. Мысалы: плазма физикасы, қатты денелер физикасы т.б. Ғылым ішінде арнайы мамандану жүргізіліп, өзіндік терминологиялары қалыптасады. Мысалы, бүгінгі күні геологияның 80 нен астам салалары қалыптасқан. Бұл зерттеудің нақты бір аймағына үңілуге, ғылыми ізденістің белсенді және әсерлі болуына жағдай туғызады.
Математикаландыру. Математикалық әдістер мен тұрғыларды басқа да ғылыми білімдерге қолдану: нақты тәсілдер, математикалық модельдеу, есептеу эксперименттері т.б. Мысалы, тарихта, әлеуметтануда, психологияда т.б. айқын көрінеді. Әлеуметтанулық зерттеулердің математикалық модельденуі, математикалық талдаулар жасау т.б.
Индустриаландыру кезінде ғылымның технологияға және технологияның ғылымға енуі жүре бастайды. Бүгінгі ғылым күшті индустриалдық базаны қажет етеді: қарапайым жасақталған кабинеттерден бастап, ұжымдық зерттеулер жүргізетін үлкен лабараториялар. Кей жағдайда бұл гуманитарлық ғылымдарға қайшы келіп жатады.
Ақпаратандыру қазіргі ақпараттық технологияларды ғылым мен бүкіл қоғамдық өмірге енгізу және үнемі жетілдіріп отыру дегенге келіп саяды. Осындай жағдайларға байланысты ғалымның көпқырлылығын қажет ететін оның келбеті де өзгерді: библиографиялау - мақалалар жариялау, сілтемелерді дұрыс көрсету, оларды сауатты пайдалану; мәтінмен жұмыс - өзінің мәтіндерін тудыру ғылыми білімнің өсуінің өлшеміне айналып кеткен. Ғалымның жаңалығы тек жарияланып, тексерілгеннен кейін ғана мақұлданады. Сондықтан қазіргі ғылым ғалымдардың мәтіндерінің тұтастанған жинағы гипермәтін ретінде ұғынылды. Ғалымның осындай машықтануы ғылыми сауаттылық ретінде бағаланды.
Патенттеусіз ғалымның еңбегі ескерілмей қалатын ыңғайлар байқалды. Бұл плагиат, сілтемені дұрыс алмау сияқты өзара қақақтығыстар туғызды. Ғалым ұйымдастырушы, менеджер, оқытушы сияқты қызметтерді қоса атқаруы тиіс болды. Ғалым көпшілік алдында сөйлеу, өзінің жобасын түсіндіріп беру сияқты мемлекеттік-саяси сипатты қызметтер де атқаруы тиіс болды. Сондықтан ғалым, жаңашыл, ақпараттанған, қазіргі жағдайға бейімділік сияқты қасиеттерді игеруі тиіс ахуал қалыптасты.
Бүгінгі ғылым өндіріспен тығыз байланысты, өндірістің дамуы, яғни экономика ғылымның дамуына байланысты болып қалды. Сондықтан, кәсіп пен маман иесі сол жаңа ғылыми жаңалықтарды білуі талап етілді. Осыған байланысты ғылым басқарушы жүйеге әсер ете бастады: болжамдар жасау, қызметтің бағдарламасы, өндіріске бақылау жасау т.б. Бұл салада қоғамдық ғылымдардың да ролі артты: инженерлік психология, инженерлік қызмет социологиясы, бизнес философиясы, техникалық эстетика т.б.
Ғылымның жетістіктері болмыстың негізгі мәселелеріне, әлемнің құрылымына, адамзат тіршілігінің сабақтасуына т.б. және басты кедергілерді шешуде түпкілікті жауаптер бере алады, қоғамдық өмірдің игілігіне ғана қызмет етеді деген сияқты идеологияланған сенімдер сциентизм бағыты деп аталады. Бұған керісінше, ғылымның зардаптары туралы пікірлерді антисциентизм бағыты жинақтайды. Ғылым табиғи ортаны билеудің құралы және адамдардың бір-бірін бағындырудың тәсіліне айналып, ғаламдық қауіпті жағдайларды туғызды.
Осыған байланысты қоғамда да ғылымды қабылдаудың екі түрлі бағыты қалыптасты: біріншісі, ғылым өркениеттің қозғаушы күші деп санайтындар (ғылым өзінің зардаптарына жауап беруі тиіс емес, ғылымилықтың жетіспеуі қоғамдағы қайшылықтарды туғызады) екіншісі ғылымың зардаптарына сүйену мен технофобияға еліккендер (ғылым қоғамдық өмірді бақылап отыруы тиіс).
Бүгінгі ғаламдық мәселелер ғылым аралық болғандықтан глобалистика ілімі аясына келіп тоғысады. Ғаламдық мәселелердің өлшемі мынада: 1. Тұтастай адамзаттың немесе жекелеген адамдардың тағдыры мен мүддесі туралы қозғалатын мәселелер; 2. Планетаның адамдарының көп бөлігі қатынасып шешуі тиіс өзекті мәселелер; 3. Әлемдік дамудың бойына сіңірілген обьективті факторлардан құралған мәселелер; 4. Шешімін таппаса адамзат пен қоршаған ортаға кең ауқымда зардаптар алып келетін мәселелер т.б. Олар барынша мобильді болып келеді, мысалы бір мәселенің өзектілігі жойылып немесе төмендейді. Сондай ақ өзара байланысты, яғни, біреуінің шешілуі басқасына жағымды немесе жағымсыз ықпал етеді.
Қазіргі заманның ғғаламдық мәселелеріне мыналарды жатқызуға болады: дүниежүзілік соғыс қаупінен сақтану; экологиялық дағдарыс пен зардаптарын жеңу; батыстың дамыған елдері мен дамушы елдері арасындағы айырмашылықтарды жою; планетадағы демографиялық жағдайдың тұрақтануы; денсаулық сақтау: СПИД, рак т.б ауруларды жеңу, наркомания; мәдени және рухани құндылықтарды жандандыру; халықаралық терроризммен күрес т.б. Бұлар бір-бірімен тығыз байланысты болып келеді және кейбіреуінің өзектілігі төмендесе, оның орнына басқа өзекті мәселелер туындауы мүмкін. Осыдан ғаламдық мәселелер философиясы туындап, ол экологиялық философия, техника философиясы т.б. саларды біріктіреді.
Соның бірі - Рим клубы ғылыми-техникалық революция жағдайындағы экологиялық мәселелер мен ғаламдық мәселелерді шешуді жолға қоятын 1968 жылы итальяндық экономист А. Печчей негізін қалаған халықаралық қоғамдық ұйым ретінде құрылған отыз шақты мемлекеттің қайраткерлерін, ойшылдарын, бизнесмендерін т.б. біріктірген философиялық және мәдени-әлеуметік қозғалыс. Олардың қазіргі ғаламдық мәселелер, адамзаттың даму барысындағы қайшылықтар, дүниедегі адам болмысы, гуманистік құндылықтар, адамзат болашағы туралы философиялық пайымдаулары - әлемнің компьютерлік үлгісін жасау, капитализмнің жағымсыз беталысын сынау, адамгершілік мәртебені көтеретін құралдар іздестіру, қару-жарақты айыптау, қоршаған ортаны сақтау т.б мәселелермен ұштасып жатыр.
Боткиннің Үйренудің шегі жоқ, Б.Гаврилишиннің Болашаққа апаратын маршруттар, Д. Медоуздың Өсудің шегі, Форрестердің Әлемдік динамика, М. Месаровичтің Адамзат бетбұрыс нүктесінде, Э. Ласлоның Адамзаттың мақсаты т.б. жетекшілігімен болған баяндамалар мен еңбектер Рим ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz