Ағаш бітімінің негізгі белгілері мен классификациясы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Дәріс.

Тақырыбы: Ағаш бітімі (сүрекдіңдер), оның басты белгілері

Дәрістің мақсаты мен міндеті: Ағаш бітімі (сүрекдіңдер), оның басты белгілері ең маңызды көрсеткіші принциптерін меңгеру, Қазақстанның орман өсетін аймақтарын оқып-үйрену

Дәрістің жоспары:

1. Ағаш бітімінің морфологиялық маңызды айырмашылық белгілері 2 . Ағаш бітімінің пайда болу тегі

1. 4 Ағаш бітімі (сүрекдіңдер), оның басты белгілері

Ағаш бітімінің морфологиялық маңызды айырмашылық белгілері бар және ол тұқымдар құрамымен, нысанымен, жасымен, шығу тегімен, бонитетімен, толықтылығымен, қабысуымен, қалыңдығымен, қорымен, өнімділігімен, даму жағдайымен топтастырылады.

Ағаш бітімінің құрамы - қалыптастыратын ағаш тұқымдарының тізбесі және әр тұқымның бітіміне қатынас дәрежесі. Егер ағаш бітімі бір ағаш тұқымынан немесе бірлі - жарым қоспадан құралса, онда ол таза, ал егер екі немесе одан көп тұқымнан құралса аралас деп аталады. Ағаш бітімінің құрамы 10 - балдық жүйемен белгіленеді. Егер ол 7\10 қарағайдан және 3\10 қайыңнан құралса, онда құрамы 7ҚЗАҚ деп бөлінеді, бас әріптер тұқымдарды көрсетеді, ал сандар қосындысы 10 болу керек.

Ағаш бітімінде бір ағаш тұқымы көп болса, ол басым түскен деп аталады. Ал егер бітімдегі тұқым шаруашылықта бағалы болса оны басты деп атайды.

Ағаш бітімінің нысаны, ең маңызды кейіпі, бір биіктіктегі ағаштар қалыптастыратын қатарлар санымен анықталады. Егер ағаштардың бөрікбасы жалпы қатар құрастырса, онда ол ағаш бітімі қарапайым, немесе бір қатарлы деп аталады, ал егер екі немесе бірнеше қатар құрастырса, онда ол күрделі немесе көп қатарлы. Егер қатар толықтығы 0, 3 кем болмаса, онда ағаш бітімін күрделіге жатқызады. Олар топырағы және климаттық жағдайлары қолайлы жерлерде қалыптасады. Жоғарғы қатарда тез өсетін, жарықты жақсы көретін тұқымдар өседі, ал екінші және үшіншіде жарықтың, аздығына көнетін ағаштар. Күрделі ағаш бітімінің мысалы ретінде мына ағаш бітімін келтіруге болады - қайың бірінші қатарда өседі, ал екінші қатарда - шырша.

Іс жүзінде өсімдіктердің нысанын бөледі, оған қатарлар саны, ағаштар, бұталар, мүктер, қыналармен қалыптасқан. Бұл жағдайда ең жоғарғы қатарда ағаштар, сосын бұталар, ең төменінде - шөптер, мүктер, қыналар, олар топырақты жауып тұрады.

Ағаш бітімінің жасы - ол қатарды қалыптастыратын ағаштардың жасы, оның биологиялық және шаруашылық маңызы зор. Егер ағаштардың жасы жас классының шамасында болса бір жастағы болады, ал егер ол шамадан шықса, онда әр түрлі жастағы деп аталады.

Ағаш бітімінің жасына байланысты бөледі - жас, орта жаста, пісіп қалған, піскен, тұрып қалған деп. Жас ағаш бітімі - ағаш бітімінің қабысуынан екінші класстағы жасының аяғына дейінгі кезең. Бұл орманның ұрпағына жатады - өзі себілгенненөскендер, жаңа өсулер, балақ шыбықтар, олар қабысқаннан кейін шатқал қалыптастырады, яғни өте жиі және толық орман участогі, күтілмейді, I класс жасындағы балаусаға жатады. Ағаштар жылдам жіктелу, биіктікке тез өсу, қарқынды бұтақтанып және жапырақтану кезеңінде жас ағаш бітімі II классқа өтіп сырықтанады.

Ағаштардың жіктелуі саябырлау кезеңі басталады, бірақта өсуі қарқындап сүрекдіңнің қоры көбейіп тұқым беру кезеңі басталады. Ондай ағаш бітімін орта жастағыға жатқызады, яғни III класс басынан пісу жасына дейінгі кезең. Пісіп қалған ағаш бітімі, класс жасымен пісу жасын алдын - алады. Бұл кезеңде ағаштардың шаруашылық және техникалық белгілері анықталып, жақсы өнім беріп, биікке өсуді саябырлатып, диаметрі үлкейуі мен сүрегі жуандауы азаяды. Яғни табиғи сиреу және жіктелу төмендейді.

Пісу жасына келген ағаш бітімінің сандық және сапалық көрсеткіштері белгіленіп шаруашылық мақсаттарына сәйкес болады. Ол кесуге дайын, негізгі ағаш сортименттерінің шығымы мен қоры өте жоғары. Ондай ағаш бітімдерінде дәндердің өнімі өте болуы байқалады. Тұрып қалған ағаш бітімдерінің жасы, пісу кезеңінің басталу уақытынан, екі немесе одан көп жас класстарымен жоғары. Ол уақытта өсу бәсеңдейді, жел сұлатпасы және зақымдану, ауыру әсерімен ағаштар өледі. Ағаш бітімі көп сирейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Топырақ классификациясы, номенклатурасы және диагностикалық белгілері: Қазақстанның тәжірибесі
Э. Кречмердің темперамент пен дене бітімінің конституциялық типологиясы
Омыртқа бағанасының иілімдерінің айқындылығы негізінде қаңқа бітімінің түрлерін анықтау
Ағаш қосылыстарының негізгі түрлері мен бөлу принциптері, желімдер және желімдеу технологиясы
Қазақ халқының ұлттық психологиясы мен мінез-бітімінің ерекшеліктері
Құрылыс материалдарының негізгі мәліметтері: ағаш пен табиғи тас материалдары
Ақпараттық жүйелер: негізгі шешілетін есептер мен классификациясы
Компьютерлік вирустар: пайда болуы, белгілері, классификациясы және қорғаныс шаралары
Терминнің негізгі белгілері мен тілдік қызметі
Әкімшілік жауапкершіліктің түсінігі мен негізгі белгілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz