Рухани адамгершілік құндылықтар



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

РЕФЕРАТ
"Білім беру жалпы адамзаттық құндылық ретінде"

Орындаған: Ирисов Б.Б
Топ: 1703-32
Қабылдаған: Ортаева А.С

ШЫМКЕНТ 2024
"Білім беру жалпы адамзаттық құндылық ретінде"
Жоспар:
1. Білім беру жүйесіндегі құндылық: Тарихи даму және адамзаттықтың ізденістері
2.Тәрбие және білім берудегі құндылықтар
3. Білім беру адамзат қоғамының ілгері дамуы
4. Рухани адамгершілік құндылықтар
5. Қорытынды
6. Пайданылған әдебиеттер
Білім - әлеуметтік тәжірибенің бірінші элементі болса, оның екінші элементі - әлеуметтік тәжірибедегі іс-әрекет тәсілдерін оқушыға үйрету, білімді қолдануға дағдыландыру, дәлірек айтсақ адамзат жасаған іскерлік пен дағдыларды меңгерту. Сыртқы (практикалық) және ішкі (ақыл-ой) дағдылары мен іскерліктеріне барлық пәндер үйретіп, оқушы жоспар құруға, мәтінді бөлуге, салыстыруға, қорытынды жасауға машықтанады. Кейбір оқу пәндерінің өздерінің қалыптастыратын іскерліктері мен дағдылары бар. Мысалы, физикадан немесе математикадан есептер шығару, химиядан тәжірибе өткізу, т.б. Ақыл-ой іскерліктері мен оқу іскерліктеріне конспектілеу, аннотация жазу, оқулықпен, сөздікпен жұмыстар жатады. Сонымен білім мазмұнының тәжірибелік бөлігінде нақты іс-әрекет жасауға мүмкіндік беретін, жастардың мәдениетті сақтау қабілетін жетілдіретін көркем өнер, еңбек, қарымқатынас, іс-әрекеті түрлері бар. Танымдық (оқу және оқудан тыс) іс-әрекет оқушының ой-өрісін кеңейтіп, дүниені танудың маңызды құралдарының бірі білім алуға, өздігінен білім алуға ынталандырып, ақылойдың дамуына, ғылыми білімдерді жүйелі меңгеруге көмектеседі. Еңбек іс-әрекеті материалдық заттар жасауға, оларды сақтауға, көбейтуге бағытталған. Түрлері: өзіне-өзі қызмет көрсету, қоғамдық пайдалы және өнімді еңбек. Көркем өнер іс-әрекеті эстетикалық дүниетанымды дамытып, әдемілікке сұранысты туғызып, әдемі ойлауға үйретіп, нәзік сезімге бөлейді. Қоғамдық іс-әрекет оқушының әлеуметпен байланыс орнатуына көмектесіп, азаматтық бет-бейнесін қалыптастырады. Қарым-қатынастық іс-әрекетке бос уақытты ұйымдастыру арқылы үйретіледі. Ісәрекетке үйрену үшін оқушы үлгілерге қарап жұмыс істеп, жаттығулар орындайды. Білімнің үшінші элементі шығармашылық жұмыс тәжірибесі "дайын" білімдерді хабарлау, жаттығулар орындау, үлгіге қарап жұмыс істеумен шектелмейді. Шығармашылық жұмысқа оқушыны іздендіретін, оқулықтағы мәселелік әдіспен баяндалған шығармашылық есептер, тапсырмалар үйретеді Әрине оқулықтың барлық тақырыптары мәселелік әдіспен түсіндірілсін деп ешкім талап етпейді. Бірақ тақырыпқа сай қиын әдісті қолданған жақсы. Оқушыларға ғылымда, өндірісте қандай қиын болғанын, оларды шешу үшін қандай жұмыстар атқарылғанын, нәтижесінде ғылыми жаңалықтар ашылып, олар ғылымда, техникада үлкен өзгерістер әкелгенін баяндау қажет. Сол сияқты ақиқат үшін күрескен, баланың адамгершілігіне игі әсерін тигізетін ғалымдардың өмірі және қызметімен таныстырған дұрыс. Оқушыларды іздендіретін білім, іскерлік, дағдыларын жаңа жағдаяттарда қолдандыратын тапсырмаларды оқулықтардан, басқа деректерден, оқушылардың өз тәжірибелерінен алуға болады, Оқушылар ғылыми әдістер қолданып, шығармашылық жұмыстар арқылы бағдарламадағы білімдерді өз беттерімен, шағын зерттеу жұмыстары арқылы меңгереді. Осы теорияға сәйкес бастауыш сыныптың математика оқулығына шығармашылық есептер, қазақ тілі оқулығына шығармашылық тапсырмалар енгізілген. Білім беру мазмұнының төртінші элементі - тәжірибе, адам, іс-әрекет, құрал, өзара қатынас. Өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы сүйенетін, заңдылықтары қолданылатын математика, дүниетану, физика, химия, биология, сызу, тарих, еңбек сабақтары политехникалық білімді көбірек береді. Сондықтан кәсіпорындарға саяхат жасалып, оның қызметкерлерімен кездесулер ұйымдастырылады.
Қаншалықты кең тараса да, бір қарағанға тұрақты болып көрінгенімен, білім түсінігі көп мəнділігімен ерекшеленеді. Əдетте, бұл термин мазмұны жағынан келесідей түсініктемелерге ие болуы мүмкін: білім - жалпыадамзаттық құбылыс; білім - əлеуметтік мəдени мұра; білім - жүйе; білім - педагогикалық процесс; білім - нəтиже.
Категориялық тұрғыдан білім жалпыадамзаттық құндылық ретінде танылады. XX- ғасырдың 60-жылдарынан адам, мораль, гуманизмге, жалпы субъектив жағдаяттар (фактор) проблемасына қызығушылық артудан, бұл категория философиялық деңгейде қарастырыла бастады. Құндылықтар табиғатын, олардың құндылықты дүние болмысы мен оның құрамындағы орнын аксиология ғылымы зерттейді.
Құндылық термині қоғамдық мұраттар қамтыған, сонысымен де міндеттілік өлшемі (эталон) ретінде танылған нысандар мен құбылыстарды, олардың қасиеттерін, сонымен бірге бейнақты идеяларды белгілеу, əрі сипаттау үшін қолданылады. Құндылықтар заттасқан жəне субъектив болып ажыралады. Сан қилы адамзат қызметінің, қоғамдық қатынастардың өнімі жəне олардың аймағына қосылған табиғат құбылыстары заттасқан құндылықтар сапына кіреді. Ал субъектив құндылықтар - бұлар бағалау - баға негізіне алынған өлшем-шектері (критерий), өрнек үлгілер, əлеуметтік стандарттар. Бұлардың бəрі идеялар, принциптер, мұраттар, іс-əрекет мақсаттары ретінде қоғамдық санада бекіп, ол сананың бағыт-бағдарын айқындап отырады.
Құндылық ретінде əлеуметтік ілгерілеумен (прогресс) байланысты ұнамды мəн-мағыналы оқиғалар мен құбылыстар ғана танылады. Əрқандай тарихи нақты қоғамдық формация əлеуметтік реттілікті қамтамасыз етуші, өзіне ғана тəн құндылықтар жиынтығына ие. Сол құндылықтарды танып меңгеру негізінде тұлға қалыптасады, қоғамда қабылданған тəртіптер жүйесі қолдау табады.
Адамзат дамуының əрқилы кезеңдерінде де өзгеріске түспей, тұрақты қалпында сақталатын құндылықтар болады. Мұндай құндылықтар: өмір, бейбітшілік, еңбек, денсаулық, махаббат, əсемдік, шығармашылық жəне т.б. - адамзат қауымының гуманистік бастауы болған бұл категориялар мəңгілік, ешбір төңкеріс не идеология, саясат оларды жоюы мүмкін емес. Əр тарих кезеңде олар мəні қайта қарастырылып, жаңа көзқараспен басқаша бағалануы ықтимал.
Жалпы құндылықтар арасында педагогикалық құндылықтар өз алдына дербес топ құрайды. Олардың мəні тəрбиелеу жəне білім беру қызметінің ерекшелігі, оның əлеуметтік ролі жəне жасампаздық мүмкіншіліктерімен анықталады.
Педагогикалық құндылықтар білім саласында қалыптасқан қоғамдық дүниетаным, көзқарастар мен педагог қызметтері арасында жанама жəне тікелей байланыстырушы ретінде, əрі педагогикалық іс-əрекетті реттеуші талаптар ретінде қабылданған.
Барша құндылықтар сияқты педагогикалық құндылықтар да қоғамдағы əлеуметтік, саяси, экономикалық қатынастарға тəуелді. Олар тарих желісінде қалыптасып, ерекше танымдық бейне жəне ұғымдар түрінде қоғамдық сана формасына енеді. Өмірдің əлеуметтік шарттарының өзгеріске келуімен, тұлға, қоғам қажеттерінің дамуымен педагогикалық құндылықтар да ауысып барады.
Білім - қоғамдық құндылықтардың аса маңыздысы. Мұның дəлелі - көпшілік елдер Ата заңында келтірілген əрбір адамның білім алуға болған құқығы. Бұл құқық əртүрлі бастау тұжырым, бағыттардың дүниетаным шарттарына сəйкестендірілген нақты дəуір білім жүйесімен қамтамасыз етіледі.
Білім, өз кезегінде, мемлекеттік, қоғамдық жəне жеке тұлғалық құндылықтарға ие.
Білімнің мемлекеттік тұрғыдан құндылықты болуының себебі- мемлекеттің адами-инабаттық, ақыл-парасаттық, ғылыми-техникалық, рухани-мəдени жəне экономикалық мүмкіндіктерінің негізі - білімде. Осыдан, білімді ел- мықты, мызғымас ел.
Білімнің қоғамдық құндылығы да жоғарыда аталған алғы шарттармен анықталады. Алайда, мемлекет жəне қоғам тарапынан болатын білім дамуына орай түсіністік пен ұмтылыс əрқашан сəйкес бола бермейді. Мысалы, осы күнгі ҚР он екі жылдық оқуға өту - мемлекет талабы, бірақ ол қоғам тарапынан түсінбеушілікке ұшырауда.
Əрқандай адамзат қауымдастығының шарты - оның мүшелігін мойындаған əр тұлға сол қауымның нақты табиғи жəне əлеуметтік-тарихи жағдайларына байланысты қалыптасып, қабылдаған құндылықтарын мойындап, қылық-əрекет талаптарына бой ұсынады. Өзінің қоғамдық қызметтерді орындауға қажет қабілеттерінің дамуына себепші болған əлеуметтену процесінде адам тұлғалық кемелдену сатысына көтеріледі. Адамның əлеуметтенуі оның қоғамдағы ауыспалы жағдайлар мен шарттарға икемдесе білуі ғана емес, ол өз ішіне жеке тұлғаның дамуы, өзіндік танымы мен өз мүмкіндіктерін өз күшімен іске асыра алу сияқты процестерді де қамтиды. Дегенмен, аталған процестерге байланысты міндеттердің шешімі бірде мүдделі, жүйеленген болып, бүкіл қоғам, сол үшін арнайы ұйымдастырылған мекемелердің қолдауымен жəне жеке адамның ынта-ықыласына негізделсе, кейде кездейсоқ келеді. Ал осы əлеуметтенуге орай жүргізілетін, нақты мақсатқа бағыттала ұйымдастырылған басқару процесі білім (образование) деп аталады. Білім - өте күрделі, басқа дүние болмыстарында қайталанбас қыр мен сырға мол қоғамдық - тарихи құбылыс, оның мəн-жайын тануға құштарлық білдірмеген ғылым аз-ақ.
Педагогикада қолданылып келе жатқан білім түсінігі немістің "Bildung"-"бейне" сөзі негізінде пайда болған əрі оның бұл күндегі көпшілік таныған анықтамасы келесідей: кейбір идеалды бейнелерге саналы бағытталған, тарихи шарттарға тəуелді қоғамдық санада түбегейлі əлеуметтік өрнек - эталонға сай бекіп, жүзеге келетін тұлғалық жəне рухани қалыптасу мен əлеуметтену процесі.
Бұл тұрғыдан білім барша қоғамдар мен жеке индивидтер өмірінің ажырамас бір бөлігі ретінде қалыптасады. Осыдан да ол ең алдымен əлеуметтік құбылыс.
Білімнің əлеумет өміріндегі ерекше сала сипатына ие болу кезеңі білім мен əлеуметтік тəжірибені ұрпақтан-ұрпаққа өткізу процесі қоғамның тіршілік əрекеттерінен өз алдына бөлініп жəне тəрбие мен оқуды іске асыратын арнайы кəсіби адамдардың пайда болу дəуірінен басталады. Дегенмен, мəдениетке мұралық ету əлеуметтену мен тұлға дамуының қоғамдық құрал-тəсілі ретінде білім адамзат қауымының алғашқы қадамдарымен бірге өмірге еніп, еңбек əрекеттері, ойлау, тіл дамуымен бірлікте шексіз өркениет жолында өз өрісін тауып келеді.
Алғашқы қауым сатысында балалардың қоғам өміріне бастапқы араласу заңдылықтарын зерттеген ғалымдардың топшылауынша, ол дəуірдегі білім игеру процесі қоғамдық өндірістің нақты іс-əрекетіне тікелей араласу нəтижесінде атқарылатын болған. Оқу мен тəрбие, мəдени құндылықтарды əулеттен əулетке жеткізу қызметтерін орындау əрбір ересектің борышты міндеті есептелген де, ол міндет балалардың еңбек жəне əлеуметтік іс-əрекеттерге тікелей араласып отыруының арқасында шешімін тауып отырған.
Қоғамның əрбір ересек мүшесі күнделікті тіршілік процесінде педагог қызметін атқаратын болған, ал кейбір дамыған қауымдарда (Колумбия, ягу тайпасында) бұл жүктемені, яғни жас балаларды тəрбиелеу негізінен жасөспірімдерге тапсырылған. Қандай жағдайда да білім қоғам өмірінен ажыралмай, оның ажыралмас бірлігіне айналған. Балалар үлкендермен бірге қорек тауып, ошақ-отбасын қорып, еңбек құралдарын жасай отырып, білік,өнеге үйренген. Əйелдер қыздарын үй шаруашылығына үйретіп, бала бағуға баулыған, ал ер адамдар ұлдарын аңшылыққа, қару-жарақ ұстауға, пайдалануға тəрбиелеген. Жастар аға ұрпақ өкілдерімен бірге жүріп, жануарларды қолға үйреткен, көкөніс өсірген, сонымен бірге бұлттар мен аспан денелерінің қозғалысына ден қойып, табиғат сырларын таныған, табысты аңшылық, əскери жеңістерге қуана асыр сала билеп, əн шырқаған, тайпаластарының бақытсыздығы мен ашаршылығын, жеңілістері мен күйреулерін бірге басынан өткізіп, налыған да жабырқаған. Осыдан адам білімденуі комплексті іске асып, өмір бойы үздіксіз дамуда.
Қоғамдық қатынастар шеңберінің өрістеуі, тіл мен жалпы мəдениеттің дамуы жас ұрпаққа өткізілуі тиіс ақпарат пен тəжірибенің молыға түсуіне жол ашты. Бірақ оны игеру мүмкіндіктері шектеулі болды. Осы қарама-қарсылықтың үйлесімді шешімі білім топтау мен көпшілік арасында таратуға арналған арнайы əлеуметтік құрылымдар мен əлеуметтік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жастардың бойында рухани әлеуметтік құндылықтар қалыптастыру деңгейін диагностикалау
Құндылықтар туралы түсінік
Оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қазақтың ұлттық мұралары негізнде қалыптастыру.
«Өзін-өзі тану» курсын оқыту барысында оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негіздері
Адамгершілік құндылықтарды тәрбиелеудің психологиялық және педагогикалық негіздері
Қазіргі кезеңде оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру
Оқушылардың санасын меннен бізге дейін
Құндылық ұғымы
ҮЛГІЛІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ ӨЗІН - ӨЗІ ТАНУ
Білім беру үрдісінде оқушыларда адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудың қазіргі жолдары
Пәндер