Ландшафтардың шөлге айналуы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРҒЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан
университеті
СӨЖ
Пәні : «Жерге орналастырудың теориялық негіздері»
Тақырыбы: «Жер ресурстарын тиімді пайдалану»
Тобы: АП-23-6к2
Қабылдаған: Кенжехан Е.
Орындаған: Мухтар А. А
Шымкент 2024 ж
ЖОСПАР:
- Кіріспе. . . . 3
- Негізгі бөлім.
- 1. 1 Жер ресурстары . . . 4-5
- 1. 2 Жер ресурстарын тиімді пайдалану . . . 6-7
- Қорытынды . . . 8
- Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. 9
Кіріспе
Елбасы ағымдағы жылғы “Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері” атты Қазақстан халқына Жолдауында, алдағы онжылдықта ел дамуына бағытталған жаңа міндеттерді айқындап берді. Онда ел экономикасының дамуы мен оның бәсекелестікке қабілеттілігін арттырудағы негізгі табыс кілті - ұлттық экономиканы әртараптандыруға баса назар аударылды. Жолдауда әртараптандырудың басты бір сегменті ретінде агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың негізгі үш бағыты атап көрсетілді, яғни оның біріншісі - 2014 жылға аталған салада өнімділікті кем дегенде екі есе арттыру, екіншісі - елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, үшіншісі - экспорттық әлеуетті іске асыру.
Аталмыш міндеттерді іске асырудағы аграрлық-индустриялық әртараптандыру арқылы ауылшаруашылық шикізатын қайта өңдеуді шұғыл арттыру, жаңа құрал-жабдықтар мен жаңа технологияларды енгізу, ауыл шаруашылығында заман талабына сәйкес, сапалы өнім өндіруге жаңа көзқарасты қалыптастыру, сонымен қатар әлемдік тәжірибені кеңінен пайдалану - бүгінде еліміз өздігінен шеше алатын істер. Бұл ретте, әрине, ауыл шаруашылығында негізгі өндіріс құралы болып саналатын жер ресурстарын тиімді пайдалану, аталған міндеттерді іске асыруда аса маңызды рөл атқаратыны белгілі. Ашық нарықтық экономика жағдайында және әлемдік азық-түлік рыногында орын алып отырған үлкен бәсекелестікте ауыл шаруашылығы өндірісінде жетістіктерге жету үшін де жерді тиімді пайдалану басты шарт болып табылады. Қазіргі кезде республикамыздағы ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылатын жерлердің жалпы көлемі 91, 7 млн. га, оның ішінде егістік жерлер - 22, 5 млн. га. Бұл ретте, егістік жерлердің 70 пайызы Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында шоғырланған. Сонымен қатар, республика бойынша 2, 1 млн. га суармалы жер бар, оның ішінде 1, 4 млн. гектары егістік жер және ол негізінен (80%) Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан. Дегенмен, Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитетінің мәліметтеріне сәйкес, 2008 жылы суармалы жерлердің 37%-ы пайдаланылмаған. Оның басты себептері, көп жылдардан бері суару жүйелерінің техникалық төмен жабдықталуы, су тарту мен су бөлу жүйелерінің ескіруі және алаптардың қайта сорлануы топырақ сапасын нашарлатып, аталған жерлерді тиімді пайдалануға кері әсерін тигізуде.
3
Негізгі бөлім
1. 1 Жер ресурстары
Жер ресурстары - қоғамның материалдық, мәдени және басқа да қажеттерiн қанағаттандыру үшiн шаруашылық және өзге де қызмет процесiнде пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкiн жер.
Белгілі бір жағдайды сақтап үздіксіз пайдаланған жағдайда жер ресурстары қалпына келетін ресурс деп есептейді. Егістік мақсатпен пайдаланғанда жер ресурстары өңдеу құралы болып табылады.
ҚР Жер ресурстарын пайдалану жөніндегі агенттіктің (әрі қарай - ЖҚБА) стратегиялық жоспарына сәйкес республикалық қаражат есебінен 2012 жылдан бастап үш жыл бойы ауыл шаруашылығы айналымына енгізілген жерлерге түгендеу жүргізіледі. Оның мақсаты - ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жерлердің нақты аумағын анықтау және оны жұмыс жүргізіліп жатқан кездегі есептік мәліметтермен салыстыру, сол сияқты ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жерлердің түрі бойынша (егістік жер, соның ішінде суармалы жер, көпжылдық өсімдік егілген жер, тыңайған жер, шабындық және жайылымдық жер) жердің жағдайын және пайдаланылуын зерттеу.
Белгілі бір жағдайды сақтап үздіксіз пайдаланған жағдайда, жер ресурстары
қалпына келетін ресурс деп есептейді. Егістік мақсатпен пайдаланғанда жер
ресурстары өңдеу құралы болып табылады. Мұндай жағдайда табиғаттан жер ресурстары емес, оның көмегімен пайда болған өсімдік өнімдері алынады.
Жер ресурстарын пайдалануда барлық табиғи компоненттердің өзара байланысқан ықпалы айқын байқалады, жанама болып ландшафттың негізгі компоненттердің әрекеттестігін, интегралды сәулелендіретін топырақ арқылы және тікелей, себебі жер бедері климаттың, сулардың, өсімдіктердің және жануарлардың сипаты ауыл шаруашылық әрекеттің нәтижесіне тіке ықпалы бар. Сондықтан топырақты немесе әдебиетте жиі айтылатын « топырақ-климаттық ресурстары» ауыл шаруашылық деп қарастыру бірнеше авторлар дұрыс емес деп есептейді.
А. А. Минц бойынша ауыл шарауашылық ресурстар деп табиғи кешендерді түсінеміз, ( ландшафт, мекеннің типтері т. с. с. ) . Яғни, ауыл шаруашылық ресурстардың бас қасиеттері табиғи территориалдық кешеннің қалыптасу заңдылықтарымен анықталады.
4
Себебі адамның іс-әрекетінің барлық түрлері жер пайдаланумен байланысты, жер еңбектің предметі және еңбектің жалпы құралы, яғни кез-келген материалдық өндірістің қажетті шарты.
Пайдаланудың белгілі бір түрлері арасында, жер бөлістірудің әлеуметтік, экономикалық факторлармен анықталатын стихиялық немесе жоспарлы механизм қалыптасуының алғышарттары болып территорияның шектелуімен ауыспашылығы, оны пайдаланудың көптеген түрлерінің бір-бірін жоққа шығаратындық сипаты болып табылады. Әдетте пайдаланатын ауылшаруашылық дақылдардың түрлері ондай көп емес, себебі дақылдардың түрлері әрбір ауданда экономикалық және басқа да себептер бойынша ауыл шаруашылық бағытымен таңдалады, бірақ уақыт бойы қатты өзгеруі мүмкін. Таралу аймақ шегінде дақылдардың өнімділігіндегі үлкен географиялық айырмашылықтар, осындай таңдауға әсер ететіні негізгі факторлардың бірі. Дақылдардың әртүрлі экологиялық талаптарының себебінен әрбір дақылдың өнімділігінің айырмашылық сипаты ерекше болады.
Жердің әрбір түрінің өнімділігінің айырмашылығына, онда егілетін жеке бір дақыл егудің экологиялық тімділігі, сонымен бірге жалпы ауыл шаруашылық өндірістің тиімділігі тәуелді.
Егістікке жарамды жердің жалпы ауданы 2001 жылдың 1 қаңтарында 30, 2 млн. га болды. Жайылымдық және шабындық жерлер 190 млн. гп. Республикамыздағы жайылымдық жерлердің негізгі бөлігі шөл және шөлейт зоналарында жатыр. Ландшафтардың шөлге айналуы. Шөлді экожүйелердің жоғарғы температурада дамуы қазіргі уақыттың глобальды проблемасы. Шөлге айналу себептері: табиғи және антропогендік . Қазақстанда шөлдер мен шөлейттердің биологиялық өнімділігінің кему себептері антропогендік әрекет: жайылымдар дигродациясы, топырақтың тұздануы, техногенез болып табылады. Қазақстан территориясының 60% жуығы шөлге айналу процестерін өткерудеТопырақ жер ресурстарының дегредациясы. Топырақ жер ресурстарын қорғау проблемасы Жердің көптеген региондары үшін актуалды болып табылады.
5
1. 2 Жер ресурстарын тиімді пайдалану
Жер ресурстарын тиімді басқару мақсатында ең алдымен дұрыс мемлекеттік жер кадастрын қалыптастыру қажет. Жер ресурстарын ұтымды пайдалануға ықпал ететін факторлардың бірі - жер мониторингі. 2011 жылғы мәлімет бойынша, республика аумағында барлығы 975 бақылау пункті (стационарлық және жартылай тұрақты стационарлық) бар. Дегенмен, жердің жағдайын көрсететін стационарлық бақылау алаңдары аумақтық-аймақтық жүйесі әлі толық құрылып болған жоқ. Табиғи жайылымдық аймақтарда жер мониторингі (Алматы облысынан басқа) жүргізіліп жатқан жоқ. Осыған байланысты табиғи жайылымдық аумақтарда, оның ішінде Ақтөбе мен Батыс Қазақстан облыстарында мониторинг жүргізу үшін қосымша қаржы бөлу жұмыстары жүргізілуде.
Ауылшаруашылық жерлерін тиімді пайдалану көрсеткіші табиғи-климаттық жағдайлармен және шаруашылықтардың қолданатын технологияларының даму деңгейімен, әлемдегі жер ресурстарын пайдалану жетістіктерімен анықталады. Қазақстан жерінің тағы бір басты қасиеті минералды шикізат көзі ретіндегі қазба байлық түрінде ашылып отыр. Қазба байлық - ел тәуелсіздігінің 20 жылдығында қол жеткізген экономикалық жетістіктеріміздің негізгі көзі (мұнай, газ, металл, көмір, т. б) . Сондай-ақ, еліміз тәуелсіздік алғаннан бері республиканың табиғи көрікті өңірлеріне де назар аударылып, туристік инфрақұрылымдарды дамыту арқылы да табысқа жету жайы ойластырылуда. Қазіргідей әлем халықтарының аралас-құраластығы артып отырған тұста жердің транзиттік мүмкіндіктерінің болуының өзі үлкен байлық көзі деп есептеледі. Қазақстан Еуразия кеңістігінің кіндік тұсында қоныс тепкендіктен Еуропа мен қайнап өсіп келе жатқан Қытайды, Оңтүстік-Шығыс Азияны құрлық арқылы байланыстыратын көлік дәлізі ретінде де қызмет ете алады. Сонда бұл істен де үлкен экономикалық пайдаға кенелуге болады.
Осы айтылған жайттар кең-байтақ жеріміздің қасиеті уақыт өткен сайын әр қырынан ашыла түскендігін көрсетеді.
Міне, осы тұста біз жердің өзіне тән ерекшелігін, маңызы мен мәртебесін есте ұстауымыз қажет. Жер - өндіріс құралы. Адамдар жерді пайдаланып жұмыс істейді. Оның үстіне, ол - өндіргіш күш. Себебі, жерге бидай тұқымын ексең, ол күзде бірнеше есе көбейіп шығады. Енді осылардың сыртында жер - табиғи фактор. Бүкіл жаны бар тіршілік оның аясында дамиды. Одан қуат алады.
Осындай үлкен ерекшеліктеріне байланысты адамдардың жермен қарым-қатынасы бірнеше заңдылықтар бойынша реттеледі. Жерді сақтау, қорғау мәселелері көбінесе, Жер кодексі мен табиғат қорғау заңдарына бағындырылса, адамдардың үй салу үшін жер телімін алуы, оны пайдалануы Жер және Азаматтық кодекстермен, басқа да заң аясындағы актілердің қатысуымен реттеліп отырады.
6
Ал жерді өндірістік тұрғыдан, қазына байлығы ретінде игеру, оның күтіміне мән беру, басқа да ерекшеліктерін көбіне Жер кодексі мен экономикалық саланың заңдары реттейді.
Топырақтың құнарлылығының азаюы табиғи фактордан басқа, минералдық және органикалық тыңайтқыштарды пайдаланбау, агротехникалық талаптарды сақтамаудан да болып отыр. Жерге тыңайтқыштар енгізу жер иелері мен пайдаланушылардың қаражаты есебінен жүргізілуі керек. Әрине, бұл ретте тыңайтқыштарды қолдану жұмыстарына субсидия беру мемлекеттік бағдарламасы әрі қарай жалғасуы қажет. Жалпы еліміз бойынша 15-16 миллион гектар жер тыңайтылуы тиіс.
Жер ресурстарын басқарудағы және жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылаудың тағы бір өзекті мәселесі - ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану. Бұл мәселелерді шешу «Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану» Ережесімен реттелген.
- Жерлерді ұтымды пайдалану бойынша өңірлік бағдарламаларын жасаудың алдында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді пайдаланудың өңірлік тиімділігін анықтау қажет. Ол үшін жергілікті атқарушы органның жер қатынастары басқармалары техникалық-экономикалық негіздемелер әзірлеуі тиіс.
Агенттік шалғайдағы мал шаруашылығы мәселелерін реттеуді мақсат еткен ауыл шаруашылық жерлерін ұтымды пайдалану мәселелері бойынша заң жобасының тұжырымдамасын дайындады. Агенттіктің стратегиялық жоспарына сәйкес, 2012-2014 жылдары ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер түгенделеді. 3 жыл ішінде барлық ауыл шаруашылығы алқаптары зерттелетін болады. Осы жылы бұл мақсаттағы жұмыстар 30 миллион гектардан аса аумақта жүргізіліпті.
- Жер қатынастары туралы барлық мәселелер Жер кодексімен реттеледі. Жер заңнамасының нормаларын сақтау, орындау жер ресурстарын тиімді пайдалану.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz