Бастауыш сынып оқушыларының сабаққа қызығұшылығын арттыру жолдары


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ГУМАНИТАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Бастауыш сынып оқушыларының сабаққа қызығұшылығын арттыру жолдары

Орындыған: Серикова Зере

Тексерген: Жайлибаева Ж. Е.

Өскемен 2024ж.

Жоспар:

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

1) Бастауыш сынып оқушыларының қызығушылықтарын арттыру жолдары

2) Оқушылардың қызығушылықтарын арттырудың әртүрлі әдіс-тәсілдері

III. Қорытынды

Кіріспе

Әрбір ұстаздың мақсаты - сабақ сапасын көтеру, түрлерін жетілдіру, сабаққа оқушының қызығушылығын арттыру. Сондай - ақ бүгінгі таңда елімізде оқыту мазмұны жаңартылып, сабақтарда озық технологияларды қолданудамыз. Сондай технологияның бір түрі - «Ойын арқылы оқыту» технологиясы. . «Егеменді еліміздің тірегі - білімді ұрпақ» десек, білімнің негізі бастауышта қаланатыны белгілі. Бастауыш сыныптағы әртүрлі пәндер оқушы білімін дамытып, танымдық қабілетін сомдауға үлкен үлес қосады. Балаларды оқытуда және тәрбиелеуде ойынның рөлі педагогикада бұрын да, қазір де қарастырылып келеді.

Алдыңғы қатарлы педагогтардың бәрі де ойынды нағыз керекті және маңызды іс - әрекет деп түсінеді.

Оқу процесінде ойын технологиясын қолдану оқушының оқудағы танымдық іс - әрекетін және қалыпсыз жағдайларда өз білімін қолдануға мүмкіндік береді. Ойын технологиясы арқылы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында мәлімдеген құзіреттіліктерді оқушы бойында қалыптастыру міндеттерін шешеді. Қазіргі білім беру мазмұнындағы осы өзгерістердің барлығы оқытудың негізгі мақсаты ретінде пәндік білім - білік дағдыларды қалыптастырудың жалпы оқу біліктерін қалыптастыруға ден қою. Өзіндік оқу әрекеттерін дамыту бағалау жүйесінде өзгерістердің енгізілуін көздейді. Бастауыш сынып оқушыларын оқыту кезінде ерекше орынды ойын алады. Ойын бұл жерде оқыту әдісі ретінде жүреді. Бұл жастағы балалардың ойынға қызығушылығы басым, мінез - құлқында еріктілік жеткіліксіз, алдында кездескен мысалдарды шешуге практикалық тұрғыдан қарайды. Сондықтан да біз өз сабақтарымызда ойын әдістерін көптеп қолданамыз. Әрине ақпараттық технология дәуірінде заманның озық жетістіктерін білім беру ісінде тиімді пайдалану әлгінде айтылғандай шәкірттің оқуға деген қызығушылығын оятуға сеп болары анық. Бұл орайда ұстаздың шығармашылық ізденісі маңызға ие. Қазіргі мектеп оқушыларына білім берудің ең оңтайлы әдісі теориямен тәжірибені қатар жүргізу екені белгілі бола бастады. Сондықтан олардың сабақтың барысында қозғалып отырған тақырыпқа қатысты дүниені көзбен көріп, қолмен ұстап көргісі келіп тұрады. Олардың осы бір құштарлығын зейінін ашып, бір сарынды оқудан жалықтырып алмас үшін қолдана білу үшін асқан педагогикалық шеберлік керек. Әрине бұл әдіспен жұмыс істеп, оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беру ең әуелі ұстаздың жан-жақты ізденісін қажет етеді.

Негізгі бөлім

Қоғам өмірінің өзге салалары секілді білім беру саласына да жаңа инновациялық технологияның енгізу үшін үлкен шығармашылық ізденіс, мазмұнды ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Сол ізденістің нәтижесінде мектеп оқушыларының қабылдауына оңай сабақ жүргізудің тәсілдері пайда болады. Әрі оқушылардың пәнді оқып-үйренуге, меңгеруге деген құштарлығы артады.

Бұған дейін педагог мамандардың өз пәнін терең меңгеру, шәкіртпен, оның ата-анасымен жұмыс істей білу сынды қабілеттері жоғары бағаланатын болса, енді бұл қатарға ұстаздардың заманауи технологияны тетігін тауып, оны оқыту процесінде қолдана отырып, оқушылардың қызығушылығын арттыруына басымдық беріледі.

Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру әдісін кеше ғана мектеп табалдырығын аттаған бастауыш сынып оқушыларына білім беруде қолдану жемісті болмақ. Бастауыш сыныптан жемісті жолға қойылған білім беру әдістемесі олардың кейінгі сыныптарда да жоғары сапалы білім алуына, ой-өрісін дамытуға жол ашады. Осылайша олардың келешекте заман ағымына сай маман болып қалыптасуына да мүмкіндік туады. Демек оқыту, тәрбие беру ісінде жаңа технологиялар мен озық әдістерді қолданудың берері мол болмақ. Еліміздегі білім берудің стандартына сай бастауыш сынып оқушыларына көбіне бір ұстаз бірнеше пәннен сабақ береді. Ал ол пәндердің әрқайсысы орта білім берудегі өзге пәндердің негізін құрайды. Оқушыларға сол пәндердің негізін оқытуда бірсарындылыққа жол бермей, оқуға ынтасын үшін де заманауи әдіс-тәсілдерді пайдалану құпталады.

Әлбетте бұл әдістерді қолдануда бастауыш сынып оқушыларының жаңа технологиялар мен озық әдістерді қабылдау мүмкіндігі де жан-жақты сараланғаны жөн.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектептің оқыту процесі
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын арттыру жолдары
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттыру жолдары
Бастауыш мектепте қазақ тілі сабағын оқыту барысында оқушылардың танымдық қызығушылықтары мен қабілеттерін дамыту жолдары
Бастауыш мектеп оқушыларының оқу-танымдық қызығушылығын зерттеу тәсілдері
Бастауыш сынып оқушыларының дүниетану пәні сабағында танымдық белсенділігін дамытуда психологиялық-педагогикалық ерекшіліктерін анықтау
Қазақ тілі пәнін оқыту барысында бастауыш сынып оқушыларының тұлғасын адамгершілікке тәрбиелеу
Бастауыш сыныпта қазақ тілі пәнін оқыту барысында оқушылардың оқу танымдық қызығушылығын дамытуға батытталған теориялық ережелерді зерттеу
Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастыру
Бастауыш сынып оқушыларын ойын әдісі арқылы тәрбиелеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz