Қызба сатылары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Сәкен Сейфуллин атындағы агротехникалық зерттеу университеті
Ветеринария және мал шаруашылығы кафедрасы

Реферат

Тақырыбы:Қызба түрлері

Тексерген: Рахимжанова Д.Т
Орындаған: 22-02 топ студенті Құрбанәлі Б.

Астана 2024
Жоспар.
Қызба патогенезі және қызба сатылары.
Қызбаны жіктеу.
Организм үшін қызбаның маңызы.
Пайдаланылған әдебиеттер

Қызба (лихорадка - латынша febris) - инфекциялық факторларға және өз тканьдегі ыдыраған тканьдерге жануар организмінің қорғану-бейімделу реакциясы. Мұндайда дене температурасы бірден көтеріледі. Бұл әр түрлі ауруда, әсіресе инфекциялық ауруларға шалдыққанда өте жиі байқалатын белгі.
Қызба этиологиясы инфекциялық (экзогендік) және инфекциялық емес (эндогендік) деп бөлінеді.
Инфекциялық қызба мал организміне бактериялар мен вирустардың енуіне байланысты пайда болады. Қызбаның пайда болуының тікелей себебі - пирогендік (ыстық жеткізуші) заттардан. Олар бактерияларда болады немесе организмдегі клеткалар мен тканьдердегі биологиялық, механикалық, физикалық, химиялық және сыртқы ортаның басқа да факторлары әсер етіп, зақымдағанда бөлінеді. Эндогендік пирогендер құрылымы жағынан полисахаридтер немесе липополисахаридтер болып саналады, әрі бактериалдық клеткалардың эндотоксиндеріне (ішкі уларына) жатады.
Инфекциялық емес қызба мал өздігінен жарақаттанғанда, іш құрылысына қан құйылғанда, жүрек бұлшық еті (миокард), өкпе, басқа да органдар инфарктқа шалдыққанда, некротикалық процестер, ісіну пайда болғанда, операция жасағаннан кейін тканьдердің асептикалық (микроб жұқпай) зақымдануынан болады.
Бактериалдық клеткаларға қарағанда организм клеткалары мен тканьдерінде дайын пирогенді факторлар болады. Эндогенді пирогендер тиісті патологиялық жағдай тиғанда ғана пайда болады.
Инфекциялық емес қызбаға белоктік, тұздық, фармакологиялық заттар әсері, нейрогендік және гормоналдық қызбалар жатады.

ІІ Негізгі бөлім
Қызба патогенезі және қызба сатылары
Қызба патогенезінде ең алдымен жылу балансын - жылу шығаруды және жылу бөлуді реттейтін орталық нерв жүйесінің функциясы бұзылады. Қызба гипоталамусты, жылуды реттейтін аймақ орналасқан артқы үшінші сұр төмпешікті тікелей тітіркендіруден пайда болады. Қызба патогенезіне ми қыртысының да елеулі ықпалы бар. Қызба патогенезіне ішкі секреция бездері де қатысады. Қызба сатылары. Қызба даму барысында үш сатыдан өтеді: 1) Температураның көтерілу сатысы 2)Температураның жоғары деңгейде сақталу сатысы 3) Температураның төмендеу сатысы
Осы үш сатыда жылудың пайда болуы мен бөлінуі аралығындағы өзара қатынас, сондай-ақ әр түрлі зат алмасу, диурез (несеп бөлу) т.б. бұзылады.
Бірінші әдетте қысқа уақытқа созылатын сатыда дене теммпературасы тез немесе бірте-берте көтеріледі. Дене температурасының көтерілетінсебебі: тері тамырларының тарылуы салдарынан жылу бөліну артып, ал жылу шығару кемиді. Осыдан барып жылу бөліну мен жылу шығарудың арасында қарама-қайшылық туып, бұлшық ет діріліне ұласады - дене суықты сезініп қалтырайды, терісі бозарады. Қалтырау температураның төмендеп, беткі тамырлардың тарылу нәтижесінде терінің нерв ұштарының тітіркенуінен пайда болады. Сөйтіп, ішкі орта температурасы мен тері температурасында үлкен айырмашылық пайда болып, діріл тудырады. Екінші сатыда, жылу бөліну мен жылу шығару қатынасы белгілі бір деңгейде сақталады. Мұндайда дені сау малдарға қарағанда жылу бөліну мен жылу шығару аралығындағы баланс едәуір жоғары деңгейде болады. Үшінші сатыда - температура төмендегенде жылу шығару күшейіп, ол жылу бөлінуден асып түседі де, қалыпты жағдайдан едәуір жоғары болады. Жылу шығарудың күшеюі тердің көп бөлінуінен және шеткі тамырлардың едәуір ұлғаюынан да пайцда болады. Содан кейін жылу бөлу мен жылу шығару, сондай-ақ дене температурасы калыпты күйіне келеді. Температураның түсуі не өте тез (кризис), не баяу, бірте-бірте (лизис) өтеді. Температураның кризистік төмендеуі, әсіресе жүрек-тамыр жүйелері жетімсіз болған жағдайда, өте қауіпті, кейде талықсу реакциясы (коллапс) басталып, мал өліп кетуі мүмкін.

2.2 Қызбаны жіктеу.

Температураның көтерілу дәрежесіне қарай қызбаның мынадай түрлері болады:
Субфебрильді - дене температурасының 1°С көтерілуі; баяу өтетін созылмалы бактериалдық инфекцияларда байқалады;
Біркелкі - дене температурасы 1,5-2°С көтеріледі; жіті өтетін инфекцияларда байқалады;
Жоғары - дене температурасы 2-2,5°С көтеріледі; жіті өтетін инфекцияларда байқалады;
Шектен тыс, немесе гиперпирексиялы - дене температурасы 2,5°С астам көтеріледі. Сепсисте (жұқпалы микробтың денеге жайылуы), дереу басталатын аллергиялық реакцияларда, асқынған созылмалы инфекциялық ауруларда байқалуы мүмкін.
Температура қисығының (қисық сызығының) сипатына қарай қызбаның мынадай негізгі типтері болады.
Тұрақты типтегі қызбада (febris continua) тәуліктік температураның ауытқуы бір градустан аспайды. Крупозды пневмонияда, қылауда және басқа да инфекциялық ауруларда кездеседі.
Босаңсу (аурудың қайту) типіндегі қызбада (febris remitens) ертеңгі және кешкі температураның айырмашылығы 1-2°С шамасында болады. Бұған іш сүзегінің екінші жартысында (адамда), сепсисте және катаральды пневмонияда байқалатын температура қисығы (қисық сызығы) жатады.
Ұстамалы типтегі қызбада (febris intermittens) қысқа уақыттық қызба талмасы (пароксизмдер) қызбасыз кезеңдермен (апирексия) біркелкі алмасып отырады. Жоғары температура бірнеше сағаттай сақталып, содан кейін нормаға дейін төмендеп, қайтадан көтеріледі. Температуралық қисық сызықтағы мұндай тип безгекте, туберкулезде, бауыр ауруларында, сепсис ауруларында байқалады. Ауыл шаруашылық малдарында қан паразиті ауруларында кездеседі.
Жүдету (қажыту) типіндегі қызбада (febris hectica) тәулік бойы дене температурасы 3-5°С аралығында өзгеріп тұруы мүмкін. Туберкулездің жіті формасында, сепсисте кездеседі.
Қайталама типтегі қызба (febris reccurens) ұстамалы типке қарағанда, қалыпты температура аралығында дене температурасының ұзаұ уақыт көтерілуімен сипатталады. Бұл әсіресе қайталама сүзекке тән.
Бұрмалама қызбада (febris inversus) - таңертен температура көтеріліп, кешке жақын бәсеңдейді. Сепсистік процессте, туберкулезде байқалады.
Нормадан ауытқу типіндегі қызба ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қызба патогенезі және қызба сатылары
Қызба және оның сатылары
Қызба ауруы
Қызба немесе лихорадка жайлы ақпарат
Жылу реттеу жүйесі
Физикалық жылу реттелу патологиясы
Қызба
Ішкі секрециялық бездер жайлы мәлімет
Жылу алмасу.қызба
Жұқпалы аурулардың ерекшеліктері
Пәндер