Мұрын - тыныс жолдарының басталар алдыңғы бөлігі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Ауыл Шаруашылық Министрлігі
С.Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық Зерттеу
Университеті КеАҚ
Ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы кафедрасы

РЕФЕРАТ

Тақырып:Тыныс алу.Гипоксия және оның түрлері.

Орындаған: Асхатқызы Айза
Тексерген: Әшимов Сағындық Әміржанұлы

Астана 2024жыл
Жоспар:
Кіріспе
Гипоксия ұғымы және оның түрлері.
Атмосфера қысымының жоғарлап төмендеген жағдайдағы тыныс алу ерекшеліктері.
Түрлі жануарлардың тыныс алу жиілігі.
Қорытынды

Кіріспе
Тыныс алу мүшелері мен мүшелер жүйесінің негізгі ерекшелігі жануарлардың даму деңгейімен, тіршілік ететін ортасына тікелей байланысты. Тыныс алу дегеніміз организмнің қоршаған ортадан оттегін сіңіріп,өзінен көмір қышқыл газды бөлуін қамтамасыз ететін процесстер жиынтығы.Демек тыныс алудың мәні организм торшаларына оттегімен қамтамасыз ету арқылы қоректік заттар құрамындағы энергияны биологиялық құнды түрге айналдырып,денеде пайда болған көмір қышқыл газды бөліп шығару.
Жануарлардың сыртқы тыныс аппараты жоғарғы және төмеңгі тыныс жолдары мен газ алмасу мүшесі-оң және сол өкпеден тұрады. Жануарлардың газ алмасу мүшесі - өкпе, - құрылысы жағынан түтікшелі - көпіршікті, паренхималы ағза. Ол тыныс жолдарынан және газ алмасу бөлімінен тұрады. Тыныс жолдарын бронхы (ауа тамыр) тарамы, ал газ алмасу бөлімін - көпіршік (альевеола) бөлімі деп атайды. Бронхы тарамы арқылы ауа тазаланып, жылынып, дымқылданып, ионданып, альвеолаларға жеткізіледі. Альвеола тыныс жолының тұйықталған сонғы бөлігі. Олардың қабырғасы оралымды мембранаға бекіген жұқа бір қабат жалпақ эпителий торшаларынан түзіледі. Әр альвеола сырт жағынан тығыз орналасқан капиллярлар торымен қоршалады. Өкпе капиллярлары кең (диаметрі 40 мкм дейін) және тар (диаметрі 11 мкм) тұзақ торлар құрайды. Кең тұзақ капиллярларынан қан толассыз ағады және ол альвеолалар кеңістігінің көп мөлшерін қамтиды. Бұл капиллярлар тұзағы бір-бірімен жалғаса келіп альвеолалық тор түзіледі. Альвеола мен капиллярдың жанасу беткейінің жалпы қалындығы бар болғаны 0,004 мм, сондықтан бұл жерде газдардың алмасуына айтарлықтай кедергі болмайды.
Мұрын - тыныс жолдарының басталар алдыңғы бөлігі. Мұрын қуысында ауа жылынады, су буымен дымдалады, құрамындағы шаң тозаңнан тазаланып және иіс сезу мүшесінің қатысуымен ауа құрамындағы заттардың иістері анықталады. Кейбір жануарларда мұрын дыбыс шығаруға да қатысады.
Жылқының қаңсары болмайды. Мұрын тесігінің пішіні жарты ай тәрізді болып келеді. Танаудың негізін танаулық шеміршек, шеміршек пластинкасы мен мүйізшесі түзеді. Шеміршек пластинкасы танаудың алдыңғы қабырғасында ғана болады. Танаудың бүйірлік бетінде тереңдігі 6-7 см мұрын буылтығы (дивертикулы) болады. Мұрын кеуілжірлері ішкі пердесі арқылы алдыңғы және артқы бөлімдерге бөлінеді. Алдыңғы бөлімі ортаңғы мұрындық өтіспен жалғасып жатады. Дорсальдік кеуілжірдің артқы бөлімі маңдайлық қойнаумен қатысып, маңдай-кеуілжірлік қойнау, ал вентральдік кеуілжірдің артқы бөлімі жоғарғы жақтық қойнаумен жалғасып, кеуілжір жоғарғы жақтық тесігін түзеді.
Түзу қатпар қосарланып жатады. Күрек тістік ауыз қуысына ашылмайды. Кілегей астылық веноздық өрім жақсы жетілген.
Ірі қара малда қаңсар жоғарғы ерінге дейін үлкейіп кеңейеді. Мұрын тесіктері онша үлкен емес, пішіні сопақша болып келеді. Олардың дорсолатеральдік жиегінде танау сайы болады. Мұрынның танауы қалың болып келеді. Оның дорсальдік қабырғасын танау шеміршегінің пластинкасы, ал вентральдік қабырғасының негізін якорша шеміршек түзеді. Дорсальдік және вентральдік бүйірлік шеміршектер бір-бірімен жалғасып, мұрынның бүйірлік қабырғасының негізін құрайды.
Дорсальдік кеуілжір ұзын, жіңішке, ал вентральдік кеуілжір жалпақ болып келеді. Вентральдік кеуілжір ұзынша ішкі пердемен дорсальдік және вентральдік бөлімдерге бөлінеді. Оның дорсальдік бөлімі ортаңғы мұрындық өтіспен, ал вентральдік бөлімі вентральдік мұрындық өтіспен қатысады. Веноздық өрім мұрындық перденің және мұрын түбі қабықтарында болады. Қойда қаңсар тек мұрын тесігінің айналасында ғана болады. Шошқа мұрынның ұшында жалпақ тұмсық орналасады. Оның пішіні диск сияқты, қозғалмалы келеді, сыртқы бетінде жалпақ тұмсық қаңсары болады. Шошқаның мұрын қуысы ұзын, жіңішке келеді. Оның артқы жағына қарай вентральдік мұрындық өтістер бірігіп кетеді. Дорсальдік кеуілжір жалпақ болады. Өз кезегінде вентральдік кеуілжір дорсальдік және вентральдік оралымдардан тұрады. Олар ортаңғы және вентральдік мұрындық өтістермен қатысады.
Көмекей - арқаны кеңірдекпен жалғастыратын кеңірдектің алдыңғы бөлігі. Көптеген қызметтер атқарады: тыныс алуды қамтамасыз ететін тыныс жолдарының құрамына кіреді, азықты жұту кезінде тыныс жолын азық жолынан бөледі, кеңірдекті тіл асты сүйегіне бекітеді, жұтқыншақ еттірінің негізін түзеді. Бұлармен ол дыбыс шығару мүшесі.
Сақинаша шеміршек (кольцевидный хрящ) -- cartilago cricoidea -- тақ гиалинді шеміршек. Оның жоғарғы жағыңда сақшіаіпа шеміршектің жалпақтақгашасы (lamina cartilaginis cricoidea) мен төмен қарай оның иілген доғасы (arcus cartilaginis cricoidea) болғандықган, пішіні сақинаға үқсайды. Шеміршек тақгашасыньщ сыртында орталыққыры, алдыңғы жиегінде ожауша шеміршекке арналған буын беті болады. Шеміршек доғасының латеральды бетінде қалқанша шеміршектің артқы мүйіздіктерімен байланысатын буын ойыстары орналасқан. Сақинаша шеміршек каудальды бағытта кеңірдекпен жалғасады.
Қалқанша иіеміршек (щитовидный хрящ) -- cartilago thyroidea -- пішіні иілген қалқанға үқсайтын гиалинді шеміршек. Ол өзінің оң және сол тақгашаларымен көмекейдің екі бүйірінің және табанының негізін күрайды. Тақташалардың жоғарғы жиегінен алдыңғы және артқы мүйіздіктер шығып түрады. Алдыңғы мүйіздіктер тіластысүиектщ үлкен мүиіздігімен, ал артқы мүйіздіктер сақинаша шеміршекпен байланысады.
Ожауша шеміршек (черпаловидный хрящ) - cartilago arytaenoi- dea - жүп гиалинді шеміршек. Ол ожауша шеміршек негізінен және одан алға қарай шығып, дорсальды бағытта ілмек тәрізді иілген мүйізше өсіндіден түрады. Шеміршек негізінің сыртқы бетінде кетеріңкі ет өсіндісі байқалады. Ожауша шеміршектің төменгі үшында дыбыс сіңірі мен дыбыс бүлшық еті бекитін дыбыс өсіндісі (processus vocalis) болады. Ожауша шеміршектер бір-бірімен өзара мүйізше өсінділері арқылы жанасады, ал оның артқы беті сақинаша шеміршек тақташасының алдыңғы жиегіне буын арқылы байланысады.
Бөбешік шеміршек (надгортанный хрящ) - cartilago epiglotti- dis - пішіні бүгілген жапырақ тәрізді серпімді (эластинді) шемір- шек. Ол комекей қақпағы бөбешіктің (тілшіктің) негізін түзеді. Өз кезегінде бөбешіктің сабақшасы, екі бүйір жиегі, тіл және жүтқыншақ беттері болады. Бөбешік негізі қалқанша шеміршектің алдыңғы жиегімен байлам арқылы байланысады.
Көмекей шеміршектері бір-бірімен өзара буын арқылы қозғалмалы байланысады. Ал қалқанша шеміршек тіласты сүйектің үлкен мүйіздіктерімен және бөбешікпен қасымша байламдар арқылы жалғасады. Сөйтіп, көмекей шеміршектері көмекей қуысының шеміршектік негізін қүрайды.
Көмекей қуысы (cavum laryngis) ішкі бетін кілегейлі қабық астарлайды. Көмекейге кіреберіс тесікті (aditus laryngis) төменгі жағынан кәмекей қақпағы бөбешік, екі бүйірінен ожауша-бөбешік қатпарлары жиектеп жатады. Бөбешіктің негізін бобешік шеміршек, ал қатпарлардың негізін ожауша шеміршектің мүйізше осінділері түзеді. Бөбешік көмекей қуысын жүтыну кезінде жауып түрады.
Көмекейдің бүйір қабырғасының оң және сол жағындағы кілегейлі қабықта қатарынан орналасқан кіреберіс және дыбыс қатпарлары болады. Осы қатпарлардың аралығында көмекей қарыншасы (ventriculus laryngis) орналасады. Кіреберіс кдтпарының (plica vestibularis) негізін көмекей қарыншасының алдыңғы жағындағы қарынша бүлшық еті (m. ventricularis) түзеді. Дыбыс қатпарының (plica vocalis) негізін қалқанша шеміршек денесіне қарай бағытталған ожауша шеміршектің дыбыс өсіндісі қүрайды. Дыбыс қатпарында дыбыс сіңірі (ligamentum vocale) мен дыбыс бүлшықеті (m. vocalis) жатады. Бүлар көмекей қарыншасынан кейін орналасады.
Жануарлардың тыныс алу процесі өкпе мен қоршаған орта арасында газ алмасуынан,газдарды қан арқылы тасымалдаудан және тін жасушалары мен қан арасындағы газ алмасудан қалыптасады.Тыныс алу кезінде ауа алдын ала ауа өткізгіш жолдарына түсіп,онда жылынып,ылғалданып тазарады.Ішкі қуыс қабырғаларындағы бездер ауа құрамындағы ұсақ,бөгде денелерді сүзіп тұндыратын кілегей заттар бөледі.Тербеліс қабаты бар эпителий жасушалардың қозғалысы арқылы сүзілген бөгде денелер кілегеймен бірге сыртқа қарай организмнен ығыстырылып шығарылады.Мұрын қуысынын артқа бөлімшесінде орналасқан сезім мүшелері сапалы түрде иістерді сезіп,ауаны талдап отырады.

Ауа жолының көптеген рецепторлары арқылы бірнеше тыныс алу рефлекторлы түрле әсерін тигізіп отырады.Тыныс алу кезінде негізгі газ алмасу өкпеде өтеді.Жануарлардвң ішіне сорылған және сыртқа шығарылған ауасының арасында газ құрамы бойынша айтарлықтай айырмашылық байқалады.Өкпеге сорылған ауа құрамында оттегінің мөлшері-20.8%,СО2-0.03%,азот-79.15% болса сыртқа шығарылған ауада бұл көрсеткіштер-О2-16.3,СО2-4.0,азот-7 9.7 құрайды. Ауа құрамындағы мұндай айырмашылық өкпеден өтетін ауа мен кіші қан айналым шенберіндегі қан қылтамырларының арасындағы газ алмасуына байланысты.Осы кезде газдардың бір ортадан келесі ортаға диффузды түрде өтетін алмасуын қамтитын-газдардың парциалдық қысымы. Газдар диффузияның қысымы жоғары аумақтан қысымы төмен аумаққа ығыстврылуы арқылы өтеді.
Жалпы тыныс алудың 3 түрін ажыратады:көкіректі,құрсақты,аралас .Малда тыныс алудың аралас түрі жиі кездеседі.Тыныс алу процессі өзіндік рефлекторлық түрде реттеленеді,аталған процесті реттеуші,негізінде сопақша мида шоғырланған нейрондар орталығы.Осы орталықтан ырғақты импульстер шығып,алдымен жұлын мотонейрондарына,одан әрі тыныс алу процесін қамтитын бұлшық еттеріге әсерін тигізіп,оларды үйлесімді түрде жиырылып жазып отырады.Осы кезде көкірек қуысының көлемі бірде ұлғайып,бірде кішірейіп отырады.
Құстардың тыныс алуында қалыптасқан айырмашылық оның тыныс алу ағзаларының морфологиялық ерекшеліктеріне байланысты.Құстарды екі-жоғарғы және төменгі көмекей бар.Бронхтар жүйесі өте жақсы тармақталып,соныңда жұқа қабатты ауа қапшықтарымен жалғасқан.Сүйектері қуыс,ауаға толы.Өкпелерінің жоғарғы беті қабырғамен тұтасып кеткен.Диафрагма жоқ,ауа көкірек қуысы мен өкпенің қозғалуы бронхтарды бойлап өтіп,аув қапшықтарын толтырып,ішке түседі де,тыныс шығарған кеде ауа қапшығынан кейін екінші рет өкпенің бронхиалды жүйесінен өтіп,сыртқа шығып,интенсивті газ алмасуды қамтиды.

Құстардың өкпесі жақсы дамыған, тығыз ұяшықты өкпенің ішіне ауатамыр (бронхылар) тарамдалған. Ауатамыр тармақтарының өкпемен жанасатын жерлері, бүкіл өкпе қылтамырларымен торланған. Кейбір демтүтіктік ауатамыр тармақтары өкпеден өтіп, әр түрлі ішкі мүшелердің аралықтарына енеді. Сөйтіп кеңейеді, ауа қапшықтарын түзеді. Бұл қапшықтардың тарамдары түтікті сүйектердің ішіне, бұлшықеттер арасына, тері астына дейін тарайды. Ауа қапшықтарының көлемі өкпенің жалпы көлемінен 10 есе артық. Олар құс денесін ұшу кезінде қызып кетуден сақтайды, әрі салмағын жеңілдетеді. Әрине, ең негізгі қызметі тыныс алуға қатысады.

Ұшу кезіндегі құстың тыныс алуы қанат қағысымен байланысты бұлшықеттердің жұмысынан байқалады, мысалы, қанат көтерілгенде құстың көкірек қуысы кеңейіп, ауа қапшықтары созылады. Ауа өкпеден алдыңғы ауа қапшықтарына өтеді. Өкпе және артқы ауа қапшықтары сырттан кірген ауамен толады. Қанат төмен түскенде көкірек қуысы кішірейеді. Артқы ауа қапшықтарындағы оттегіне бай ауа өкпеге сығылып келеді. Өкпедегі көмірқышқыл газы сыртқа шығарылады. Сөйтіп қан оттегімен екі рет қанығады. Алғашында көкірек қуысы кеңігенде сырттан келсе, екінші мәрте көкірек қуысы тарылғанда, артқы ауа қапшықтары нан келеді. Құстардағы бұл құбылыс қосарлы тыныс алу деп аталады.

Сүтқоректілердің өкпесінде ауатамырлар таралып, оның төменгі ұштары өкпе көпіршіктерімен аяқталады (4-сурет). Өкпе қылтамырлары да жиі тор түзеді. Осыдан сүтқоректілердің өкпесі қанды оттегімен жақсы қамтамасыз етеді. Тыныс алуды қабырға арасындағы бұлшықеттер мен көкірек, құрсақ қуыстарын бөліп тұратын көкеттің жиырылып, босаңсуы қамтамасыз етеді.

Сүтқоректілердің көмекейінде дыбыс сіңірлері жақсы дамыған. Жануар әр түрлі дыбыс шығарып, өз туыстастарына, үйіріне қауіп-қатер туралы, өзінің қай жерде екені және т. б. туралы хабар беріп, білдіреді.

Гипоксия
Гипоксия -- жасушалардың оттегі жетіспеушілігінен пайда болатын ұлпалардың декструктивтік өзгерістеріне әкелетін патологиялық процесс.[[1]] Гипоксия тіндерге оттегі жеткізудің бұзылуынан жәненемесе оларды жасушалардың тыныстық жүйелерінің жоюының бұзылуы нәтижесінде дамиды. Гипоксиямен, оттегімен қамтамасыз ету тапшылығымен бала анасының ішінде жатқанда жиі кездеседі. Күнделікті өмірде орташа гипоксия ұйықтағанда болуы мүмкін, күндіз қызметтік жүктеме қарқынды жұмыс істеп жатқан ағзалардың гипоксиясына жиі әкеледі. Организмнің өлуі де әрқашан толық гипоксиямен жүреді. Оттегінің кезеңдік тапшылығы -- бұл адамда жан-жақты бейімділік реакциясы дамыған эволюциялық ежелгі фактор. Ол тасымалдау жүйесі күшінің жоғарылауына және орташа гипоксияға жауап ретінде оттегіні жоюға бағытталған. Сонымен, орташа гипоксия организмнің қалыпты бейімделуші физиологиялық реакциясын тудырып, оның дамуының ең маңызды стимулдарының бірі болып табылады. Керісінше ауыр гипоксия кезінде бейімделу реакциялары онша айқын емес және терең деструкциялық өзгерістер басым болады.
Жалпы, гипоксияның пайда болуына байланысты:
экзогендік
эндогендік болып бөлінеді.
Экзогенді гипоксия жұтатын ауада оттегінің аз болуы салдарынан дамиды. Экзогенді гипоксияның екі түрін ажыратады;нормобариялық және гипобариялық.
Нормобариялық гипоксия қалыпты атмосфералық қысымда жұтатын ауадағы оттегі төмендеген кезде дамиды. Мұндай жағдай көлемі кіші, ұзақ уақыт желдетілмеген кеңістіктерде болғанда, құдықта, шахтада жұмыс істеген кезде болуы мүмкін. Жұтатын ауадағы оттегінің төмендеуі гемоглобиннің оттегімен қанығуының жеткіліксіздігіне әкеледі, артериялық гипоксемия жиі гиперкапниямен жүреді. Гипобариялық гипоксия атмосфералық қысым төмендегенде дамиды. Ол биік тауға шыққан кезде жиі байқалады. Оның дамуының алдыңғы қатарлы патогенездік факторына гипоксемия жатады, бірақ нормобариялық гипоксиядан айырмашылығы қосымша теріс факторына гипокапния жатады. Гипокапния және газды алкалоз өкпелердің хеморефлекторлы, компенсаторлық жоғары желдетілуінің есебінен, көмірқышқыл газының шамадан артық шығарылуынан түзіледі. Өкпе капиллярларындағы қандағы көмір қышқыл газының парциалды кернеуінің төмендеуіне Халдейн әсері кедергі болады: альвеолалық ауадағы оттегінің парциалды қысымының төмендеуі СО2 шығарылуының қарқынын төмендетеді. Бірақ реттеудің мықты контуры СО2-нің сопақша мидың тыныс орталығына әсеріне байланысты.
Эндогенді гипоксияның келесі түрлері ажыратылады:
тыныстық немесе респираторлы;
қанайналымдық немесе циркуляциялық;
қандық немесе гемдік;
тіндік немесе гистотоксиндік;
жүктемелік;
субстраттық;
аралас
Аурудың белгісі 2-ге бөлінеді:
Паренатальді
Жүктілік кезінде
Паренатальді белгісіне былай сипатталады төлдің енесінің организміне көп мөлшерде нитрат пен нитриттер ,пестицидттер саңырауқұлақ токсиндері т.б улы заттардың енуінен болады.
Жүктілік кезіндегі белгісіне жатырдағы шарананың көлемінің үлкейіп кетуі ,көп ұрықтық әсіресе мегежіндерде кездеседі ,босандыру кезіндегі қиындықтар жатады және т.б .
Гипоксия түрлері
тыныстық
гипоксиялық
анемиялық
тканьдік
застойная
ГИПОКСИЯ - тканьде оттегінің жетіспеуі

Гипоксиялық - тыныс алу кезінде оттегінің азаюы
♦ Тыныстық - тыныстық орталықтың бұзылуынан туындайды
♦ Анемиялық - қанда гемоглобиннің жетіспеуінен туындайды
♦ Застойная - веноздық гиперемия кезінде туындайды
♦ Ұлпалық - клеткалардың оттегін қабылдай алмауынан туындайды
Эмоциясына байланысты гипоксия түрлері:
- экзогенді
- респираторлы
- циркуляторлы
- гемикалық
- біріншілік - ұлпалық
- салмақ түсудегі гипоксия
- аралас этиологиялы гипоксиялар.
Гипоксияның көрінісі:оның пайда болу жылдамдығына,ұзақтылығына,сатысына, организмнің реактивтілігіне байланысты болады.
Респираторлы гипоксия - сыртқы тыныс алу бұзылғанда пайда болады. Туғаннан және жүре пайда болған өкпе ақауларында, тыныс алу бұлшықеттерінің қабынуында, миокардиодистрофияда айқындалатын альвеолярлық вентиляцияның жетіспеушілігінде түзіледі. Нейрогенді миопатияларда (полиомиелит, столбнык, ботулизм) қабырға аралық бұлшықеттер мен көкетті жүйкелендіретін перифериялық нейрондар зақымдалады да кеуде қуысының дем алған кезде кеңеюі төмендейді, альвеолаларға баратын ауа көлемі азаяды. Созылмалы бронхит, өкпе эмфиземасында, бронхиальды астмада тыныс алу кезінде, тыныс алу жолдарының кедергісі жоғарылап өкпе вентиляциясы төмендейді. Тыныс алу орталығының нейрондарына улы заттар әсер еткенде тыныс алудың ритмі бұзылады (диабеттік, бауыр комаларында). Инсульт және шокта альвеолярлы гиповентиляция дамиды. Қалыпты жағдайдағы альвеолярлы вентиляцияның минуттық көлемінің өкпе арқылы 1 минут ішінде өтетін қан көлеміне қатынасы 0,8-1,2. Бұл санның төмендеуі альвеолярлы гиповентиляцияны көрсетеді.
Циркуляторлы гипоксия - қан айналу жүйесінің жетіспеушілігіндегі ағзалар және ұлпалардағы қан және оттегі жетіспеушілігінде дамиды. Қан қысымының жүйелі төмендуінде көптеген ағзаларда қан және О2 жетіспеушілігі түзіледі.
Жергілікті циркуляторлы гипоксия қантамырларының атеросклерозы кезінде дамиды. Даму аймағына байланысты клиникалық көріністері әр-түрлі жүректің ишемиялық ауруы, ишемиялық инсульт, перифериялық артериялар ауруы. Артериялық қанда О2 нормада, веналық қанда О2 төмен болады.
Гемикалық гипоксия - қанның оттегілік көлемі азайғанда дамиды (анемия, сүйек миында эритропоэз төмендегенде, эритроциттер гемолизінде, бүйрек ауруларында). Артериялық қанда О2 көлемінің азаюымен сипатталады. Эритропениялар тек қана гемоглобиннің төмендеуімен ғана емес, сапасының өзгеруімен сипатталады, кең таралған түрі - орақ клеткалы анемия, талассемия (ген деңгейінде зақымданулар). Жүре пайда болған карбоксигемоглобин (гемоглобиннің көміртегі оксидімен қосындысы). Метгемоглобинемия анилин, бензол, кейбір дәрілер (амидопирин, сульфиниламид, фенацетин) әсерінен пайда болады. Артериялық қанда О2 көлемінің азаюымен сипатталады.
Біріншілік - ұлпалық гипоксия - оттегінің клеткамен сіңірілуі бұзылғанда дамиды. Мысалы: цианидтермен уланғанда цианидтер тыныс алу тізбегінің соңғы ферментін жояды. Организм жоғарғы физикалық жұмыс істегендегі гипоксия.
Әр-түрлі этиологиялы гипоксия - жиі кездеседі. Мысалы: қатерлі ісік кахексиясында пайда болатын ұлпалық гипоксия респираторлық, циркуляторлық, гемикалық гипоксиялармен қатар жүреді.
Атмосфералық қысым тірі организмдердің, соның ішінде тыныс алу жүйесінің қызметінде маңызды рөл атқарады. Атмосфералық қысымы өзгеретін орталарда, мысалы, биік тауларда немесе терең мұхитта, жануарлар тиімді тыныс алуды сақтау үшін әртүрлі бейімделулерден өтеді.

Тыныс алуға әсері:
Таулар мен биіктіктер:
Атмосфералық қысым төмендейтін биік тауларға көшу жануарлардың қалыпты тыныс алуын қамтамасыз етуге қиындық тудырады. Қысымның төмендеуіне жауап ретінде организмдер тыныс алу жиілігін арттыруы жәненемесе оттегі алмасуының тиімділігін арттыруы мүмкін.
Мұхит тереңдігі:
Сол сияқты, мұхиттың тереңінде тұратын жануарлар жоғары атмосфералық қысымды сезінеді. Мұндай жағдайларда тыныс алуды сақтау үшін көптеген түрлер қанның құрамын өзгерту немесе қолда бар оттегін тиімді пайдалану сияқты арнайы механизмдерді дамытады.
Атмосфералық қысымның өзгеруі:
Жануарлар ауа-райының құбылмалылығына байланысты ауа қысымының өзгеруін де сезінуі мүмкін. Мысалы, жақындап келе жатқан циклон алдындағы төмен атмосфералық қысым жер бетінде өмір сүретін жануарларға әсер етуі мүмкін. Олар тыныс алу жолдарын өзгертуі немесе тыныс алу жүйесіне әсерін азайту үшін көбірек қорғалған аумақтарды іздеуі мүмкін
Тыныс алу түрлері:
Жануарлардың әртүрлі түрлері қоршаған орта жағдайларына байланысты әртүрлі тыныс алу түрлерін қолдана алады. Кейбіреулер оттегі үшін өкпе мен трахеяға сүйенуі мүмкін, ал басқалары газ алмасу үшін теріні немесе басқа мүшелерді пайдалана алады.
Жануарлардың бейімделу:
Физиологиялық өзгерістер:
Жануарлар физиологиялық механизмдер арқылы қысымның өзгеруіне бейімделе алады, соның ішінде тыныс алу саңылауларының өлшемін өзгерту, оттегін жақсы тасымалдау үшін қандағы эритроциттердің санын көбейту және тыныс алу ырғақтарын өзгерту.
Эволюциялық аспектілер:
Эволюция процесінде кейбір түрлерде атмосфералық қысымның өзгеруіне үлкен төзімділік пайда болады. Бұған тыныс алу мүшелерінің құрылымындағы өзгерістер немесе жасушалардағы молекулалық бейімделулер кіруі мүмкін.
Практикалық салдары мен зерттеулері:
Атмосфералық қысымның төмендеуінің жануарлардың тыныс алуына әсерін зерттеу экстремалды жағдайларда бейімделуді түсіну үшін практикалық маңызды болып табылады. Бұл жоғары немесе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ринит, гаймарит, ларингит, фронтит аурулардың емі және профилактикасы
Өңеш жұтқыншақ пен асқазанды жалғастырып тұратын етті түтік
Тыныс алу жүйесі
АДАМ АНАТОМИЯСЫ пәнінен ДӘРІСТЕР ЖИНАҒЫ
Балалар аурулары туралы
Жас физиологиясы және мектеп гигиенасы - практикалық сабақ жинағы
Аяқтың бұлшық еттері
Ауыл шаруашылық малдарының морфологиясы мен анатомиясының зертханалық сабақтар жинағы
Жұтқыншақ,көмей,өңештің құрылысы, тамақтың өту процесі
Асқорыту жүйесінің филогенезі
Пәндер