Витаминдер алмасуы бұзылуын анықтау



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ

РЕФЕРАТ

ТАҚЫРЫБЫ:

ОРЫНДАҒАН:
ТЕКСЕРГЕН:

Алматы 2023ж
Жоспар:

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

0.1. Витамин алмасуының бұзылуы

0.2. Витаминдер классификациясы.

0.3. Майда еритін витаминдер

oo А витамині, биомедициналық қызметі, авитаминозы
oo Д витамині, биомедициналық қызметі, авитаминозы
oo Е витамині, биомедициналық қызметі, авитаминозы
oo К витамині, биомедициналық қызметі, авитаминозы

0.4. Суда еритін витаминдер

oo В1 витамині, биомедициналық қызметі, авитаминозы
oo В2 витамині, биомедициналық қызметі, авитаминозы
oo В3, витамині, биомедициналық қызметі, авитаминозы
oo В6 витамині, биомедициналық қызметі, авитаминозы
oo В12 витамині, биомедициналық қызметі, авитаминозы

0.5. Витаминдер алмасуы бұзылуын анықтау

I. Қорытынды

II. Пайдаланылған әдебиеттер

I. Кіріспе

Витамин - адам мен жануарлардың тіршілігіне, олардың ағзасындағы зат алмасудың бірқалыпты болуы үшін аз мөлшерде өте қажетті биологиялық активті органикалық қоспалар.
Витамин (латынша vita - тіршілік) туралы ілімнің негізін 1880 жылы орыс дәрігері Николай Лунин салды. Витаминдердің көпшілігі ферменттердің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады.
Ағзада үздіксіз жүріп жататын химиялық реакциялар, мысалы ішкен тағамның, мал азығының ыдырап, қорытылуы, ферменттердің қызметіне байланысты.
Тағамның құрамында витамин жеткіліксіз болса, организм әр түрлі ауруға шалдығады. Ал витаминді (әсіресе, А және Д витаминдерін) шамадан тыс көп қабылдау ағзаның улануына (гипервитаминоз) соқтырады.
Қазір барлық витаминдерді суда еритін витамин, майда еритін витамин деп бөледі.
Витаминнің мал үшін маңызы зор. Мал азығында витамин жеткіліксіз болса, малдың өнімі төмендейді, олар жүдеп, әр түрлі ауруларға шалдығады.
Мал азығында А, Д, Е, К, витаминдері жеткілікті мөлшерде болуы қажет. Мысалы, А витамині жетіспеген жағдайда сиыр не бие көз ауруына шалдығады, сүті кемиді, сондай - ақ олар қысыр қалуы, іш тасуы мүмкін.
Малға қажетті витамин балауса шөпте, жоңышқада, сүрленген шөптерде, тағыда басқа болады. Қыста авитаминозға шалдыққан , тағыда басқа түрлі жағдайлармен жүдеген малға витамин концентраттарын, сәбіз, балық майы, тағыда басқа витамині мол азық беру керек. Мал азығында витамин мөлшерін көбейту үшін арнайы витамин препараттары мен құрғақ ашытқылар шығарылады.
II. Негізгі бөлім

2.1. Витамин алмасуының бұзылуы
Ауыл шаруашылық малдары организміндегі витаминдердің жетіспеуінен немесе мүлде болмауынан туындайтын аурулардың табиғатын: эндогенді және экзогенді деп жіктейді.

Витаминдер:

oo Тағамдық заттармен организмге түсіп, зат алмасуға, организмнің өсіп - өнуіне әсерін тигізеді;

oo Организмнің қорғаныштық қабілетін арттырады;

oo Жоғары дәрежелі өсімдіктер мен микроорганизмдердің қалыпты өсуі мен дамуы үшін қажетті;

oo Белоктардың, майлардың, көмірсулардың және минералдық тұздардың алмасуын жылдамдатады және реттейді.

Витаминдерді 4 топқа бөледі:
1) Алифатикалық витаминдер қатары;

2) Алициклды витаминдер қатары;

3) Ароматикалық витаминдер қатары;

4) Гетероциклды витаминдер қатары;

Авитаминоз дегеніміз - ( лат. avitaminosis) дәруменнің толық жетіспеушілігі. Тағамдағы витаминдердің аздығынан организмдегі зат алмасу процесінің бұзылуынан болатын ауру. Мұндай өзгерістер денсаулыққа өте зиянды, кейде өлімге әкеліп соғуы ықтимал.
Гиповитаминоз дегеніміз - ( лат. hypovitaminōsis) кейбір витаминдердің организмде көп мөлшерде жетіспеуінен болатын зат алмасудағы өзгерістер.
Поливитаминоз дегеніміз - ( лат. polyvitaminosis) организмде көптеген витаминдердің аз мөлшерде болуының нәтижесіндегі метаболизмдік өзгерістер.
Гипервитаминоз деп - ( лат. hypervitaminosis) кейбір витаминдердің организмде шектен тыс көп болуының әсерінен туатын зат алмасудағы, немесе физиологиялық функция процестеріндегі өзгерістерді айтады.

Авитаминоз өте жиі кездеседі.

Авитаминоздың себептері (экзогенді);
1) Әлеуметтік факторлар;
Витаминдер мөлшері жеткіліксіз біртекті немесе бір азықпен (тағаммен) қоректену, тұрмыс жағдайының төмен болуы;

2) Азықтың (тағамның) өңдеу технологиясының қателігі;
Ұзақ уақыт қыздыру немесе азықты бірнеше рет қыздыру витаминдерді жояды;

3) Темекі шегу, этанолды (арақ) ішу (алкоголизм);

4) Биологиялық факторлар;

Авитаминоздың себептері (эндогенді);

1) Организмнің патологиялық жағдайы;

а) асқазан - ішек жолдарында сіңірілуі;

б) ішек инфекциясы; қалыпты жағдайдағы ішек микрофлорасының қызметіне әсер ете отырып, В витаминдер тобының синтезін бұзады;

в) бауыр қызметінің бұзылуы; - провитаминдердің витаминдерге айналуын - әртүрлі биосинтезге витаминдердің қатысуын - бауырда витаминдердің жиналуын тежейді

2) Өте көп мөлшерде дәрі - дәрмек қабылдау - бірінші кезекте антибиотиктерді қабылдау қалыпты жағдайдағы ішек микрофлорасының қызметін бұзады.

2.1. Витаминдер классификациясы . Майда еритін витаминдер.

Барлық витаминдер майда және суда еритіндер деп екі топқа бөлінеді.

Майда еритіндерге А, Д, Е, К витаминдері жатады.

А витамині (ретинол (Retinolum)).
Ретинолды зерттеу 1909 жылы басталып, 1933 жылы синтезделген. А витаминінің бірнеше витамерлері бар - А1, А2, А3; ішінде ең көп тарағаны - А1 (теңіз балықтарының бауырында көп болады). А витаминдері сары түсті, 59 - 64* градусста балқиды, оттексіз 100* градуссқа дейін қыздыруға төзімді, жылдам тотығатын кристалды заттар.
Организмде ферменттердің қатысуымен ретинол (спирт) тотығып, витаминдік қасиеті бар ретинальға (альдегид) айналады.

А витамині тек жануардан алынған азықтарда болады;

oo Балық майында;
oo Бауырда;
oo Етте;
oo Жұмыртқада;
oo Сары майда; , және т.б.

Ал өсімдіктерде А витаминінің провитаминдері - каротиндер түзіледі.

Каротиндер (лат. Carota - морковь) - ең алғаш сәбізден бөлінген, сары түсті пигменттер.

Каротинге сәбіз, асқабақ, қымыздық, қара қарақат, қара жидек, қарлыған, қызыл бұрыш, қызанақ, т.б. өсімдіктер бай.
Осы кезде зерттелгендері - α, - β, - γ, каротиндер.

А витамині авитаминозының клиникалық белгілері;
*көздің тор қабығының зақымдануы;
*көздің тұнық пердесінің құрғауы:
*эпителийдің қабынып, зақымдануы (тері мен мұрын, жұтқыншақ пен көмекей, бронхылар мен өкпе, ас қорыту және несеп бөлу орталық жүйке жүйесі органдарының кілегей қабаты қабыршақтанып, тері құрғақ тартып, оның беті кедір - бұдырланады, өкпеге зиянды микробтар ауа арқылы кіріп, қабынады, организмнің инфекцияға төзімділігі әлсіреп, фолликуляры гиперкератозға, дерматитке ұшырайды);
*ұрғашы малдың қынабы мен жатырының кілегейқабығы қатайып, ұрықтанған соң төлдің бекуі нашарлайды, жыныс циклі бұзылады, шудың шығуы тоқталып, іш тастауы мүмкін немесе төлі кішкентай болады, өлі туады;
*жүні қылданады және тікірейіп түсе бастайды, тұяқтары өсіп жұқарып, жұмсарып, қабынып, жарылады;
*еркек малдың жыныс бездері өзгеріп, сперматогенез немесе ұрықтың пайда болуы бұзылады;
А витаминінің жануарлар организміне қажетті мөлшері: тірідей салмағының 1 киллограмм мөлшеріне 6 мкг (1 микро-грамм = 10 - 6 грамм)

Д витамині (кальциферолдар (calciferoluм)

Д витаминінің бірнеше витамерлері бар. Олардың ішінде ең көп тарағандары - Д2 ( эрокальциферол (erocalciferol) ), Д3 ( холекальциферол (cholecalciferol) ) витаминдері. Химиялық құрылымы жағынан бұл витаминдер, жоғары молекулалы циклді спирттер - стеролдардың туындылады;
Д2 мен Д3 витаминдері ультракүлгін күн сәулесінің әсерінен эргостерол мен холестерол провитаминдерінің В сақинасындағы 9 - шы және 10 - шы көміртек атомдары арасындағы байланыстың үзілуі арқылы активтеліп, синтезделеді.
Д2 витамині ультракүлгін күн сәулесінің әсерімен эргостеролдан бірнеше аралық заттар (люмистерин (lumisterine), тахистерин (tachysterine)) түзілуі арқылы пайда болады.
Қазіргі кезде бұл реакцияның барлық өнімдері таза күйінде бөлініп алынған.
Д2 және Д3 витаминдері дәмсіз, түссіз, иіссіз кристалдар, 115 - 117 градусста балқиды. Органикалық еріткіштерде: хлороформда, бензолда, эфирде, ацетонда, спиртте жақсы ериді де, су мен глицеринде ерімейді.
Бұл витаминдер тотықтырғыштардың әсерінен В сақинасындағы 7 - ші және 8 - ші көміртек атомдары арасындағы қос байланыстары үзіліп, өте тез бұзылады.
Д3 витамині ас арқылы түспесе де, организмде тиісті провитаминнен синтезделе береді. Д - авитаминозы көбінесе солтүстік жақта, қыста кездеседі.
Д витамині организмде фосфор мен кальцийдың ащы ішектің сілемей қабатының клеткаларында сорылуына әсер етеді. Қанда кальцийдің фосфорға қатынасы 2:1 болғандықтан, осы тепе - теңдікті сақтайды, сүйектің беріктігін қамтамасыз ететін фосфор - кальций тұздарының түзілуіне қатысады, қалқанша безінің функциясына әсер етеді. Кальциферол қанның белоктарымен кешен түзе отырып тасымалданады. Бұл кешен Д витаминін биологиялық тотығудан сақтайды. Д витамині тағамда жетіспегенде балалар - мешел (рахит; грек. Rhachis - арқа қыры, омыртқа бағанасы), ересектер - остеомаляция (ostean - сүйек, malatia - жұмсару), немесе остеодистрофия, ал бөгде адамдар остеопороз (грек. Poros - саңылау, тесік) ауруларына шалдығады.
Аурудың себептері: азықта Д витаминінің жетіспеуі, қарбалас қалқанша бездері қызметінің бұзылуы, азық пен суда кальций мен фосфор тұздарының аздығы, күн сәулесінің жетіспеуі.
Д витаминдері;
oo балық майында;
oo сары майда;
oo жұмыртқа сарысында;
oo бауырда;
oo сүтте;
көп болады. Организмге Д витамині көп түскен гипервитаминоз орын алады. Бұл жағдайда ішкі органдарда кальций тұздары көбейеді, сүйек ерте минералданады, балалардың өсуі тежейді.
1936 жылы Брокман Д3 витаминін балық майынан бөліп, оны холестерин туындысы екендігін анықтайды.

Д витамині авитаминозының клиникалық белгілері;

*Рахит (грек. Rhachis - арқа қыры, омыртқа бағанасы - ауруы организмдегі кальций мен фосфор алмасуының өзгеруінен болады. Кальций мен фосфор тұздарының өсіп келе жатқан сүйектерде қабаттануы нашарлап, олардың әктенуі бұзылады.
*Остеомаляция (грек. Ostean - сүйек, malakia - жұмсару, сүйек жұмсаруы, басқаша - остеодистрофия ауруы)
*Остеопороз (грек. Ostean - сүйек, poros - саңылау), тесік сүйек қалыптасқан кезде сіңу процесінің түзілу процесінен анағұрлым басым болуына байланысты сүйек тканьінің селдіреуі болады. Фосфор - кальций алмасуындағы тепе - теңдік жойылып, сүйектің табиғи формасы мен құрылысында күрделі өзгерістер туады.

*Д - авитаминоз кезінде малдың өнімі бірден төмендейді, тауықтың жұмыртқасы кемиді.

Ауыл шаруашылығы малдарының Д витаминінің мөлшері: тірідей массасының әр 100 кг мөлшеріне 25 мкг.

Е витамині (токоферол (грек. Tokos - ұрықтану, phero - әкелемін ))

1920 жылы Маттилл мен Конклин аралас азықтың құрамында жануарлардың қалыпты ұрықтануына өте қажет бір заттың бар екендігін көрсетеді. Олар ашытқы қосылған жасанды азық берілген жануарлардың бедеулікке ұшырағанын байқаған. 1936 жылы Иванс бидай тұқымы ұрығынан кейіннен мақта майынан бензопиранның үш туындысын - α, - β, - γ, токоферолдарды (грек. Tokos - ұрықтану, phero - әкелемін) бөліп алады. 1938 жылы α - токоферол синтездік жолмен алынады. Қазіргі кезде Е витаминінің 7 витамері белгілі. Жеке токоферолдардың бір - бірінен басты айырмашылығы - витаминдік әрекетшілдігі және циклді компонентіндегі метилдік топтың орналасуы мен саны бойынша.

- α, - β, - γ - токоферолдар бір - біріне ауыспайды, олар ақырғы өнімдеріне дейін ыдырайды. Осы токоферолдардың ішіндегі ең әрекетшілі - α - токоферол, оның активтілігі, - β - токоферолмен салыстырғанда 2 есе артық.
Бидай дәнінің ұрығындағы токоферолдың жалпы мөлшерінің 58% астамы - α - токоферолдың үлесіне келеді.

Токоферолдар түссіз, май тәріздес қоймалжың, бензолда, спиртте, хлороформда, ацетонда және басқа да май еріткіштерінде еритін, 170 градуссқа дейін қыздыруға төзімді, оптикалық активті, ультракүлгін күн сәулесі әсерінен тез бұзылатын зат.
Е витамині табиғатта өте кең тараған,
oo әр түрлі астық дәндестерде;
oo өсімдік майларында;
oo күнбағыста, жүгеріде;
oo қытай бұршағында;
oo қырыққабатта;
oo салатта;
oo етте;
oo сары майда;
oo жұмыртқа сарысында;
т.б. көптеп кездеседі.
Е авитаминозы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Витаминдер классификациясы
Витамин алмасуының бұзылуы
Клиникалық биохимия пәні
“Клиникалық биохимия” пәнінен дәрістер
Құс ауруының дамуы
Жануарлардың ішікі ауруларын клиникалық балау
Диспансерлеу туралы ақпарат
Азық құрамы туралы
Құрамында витаминдер бар дәрілік шикі заттар
Ветом - пробиотиктерінің ветеринария саласында қолданылуы
Пәндер