Мал шаруашылығында судың гигиенасы, көздері, ластануы және тазарту-зарарсыздандыру әдістері


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ

https://avatars.mds.yandex.net/i?id=b2de26aa139c4009f38fddd10db96fe1d27b6915-8186614-images-thumbs&n=13

СӨЖ

ТАҚЫРЫБЫ:

ОРЫНДАҒАН:

ТЕКСЕРГЕН:

Алматы 2023ж

Жоспар:

  1. Су гигиенасы
  2. Су ауруы
  3. Су көздері
  4. Судың ластануы
  5. Ауылшаруашылығын сумен қамтамасыз ету жүйесі
  6. Суды тазарту
  7. Суды заларсыздандыру

Суды тазарту, сапасын арттыру және залалсыздандыру

Малдың денсаулығына судың физикалық жағдайы, оның химиялық құрамы, микробпен ластануы және т. б. көрсеткіштер әсер етеді.

Сапасы төмен (мөлдір емес, бөгде иісі мен дәмі бар) жылымшы сумен малды суарғанда асқазан - ішек жолдары бездерінің сөл бөлу қасиеті төмендейді.

Мал организміне нитраттар мен нитриттер кері әсер тигізеді, олар аминдермен қосылыс түзе отырып организмге өте қауіпті нитрозаминдер ( белсенді канцерогендер) түзеді.

Салқын сумен суарғанда организм салқындайды, ас қорыту қызметі нашарлайды, буаз малдарда іш тастау болуы мүмкін.

20ºС температурадағы жылы сумен суарғанда суыққа төзімділігі төмендейді, мал аурушаң келеді. Ересек малдар үшін судың температурасы 10 - 12 ºС, буаз малдар үшін 12 - 15 ºС, ал төлдер үшін 15 - 30ºС болу керек.

Судың құрамына оның пайда болу жағдайлары, техногендік және антропогендік факторлар әсер етеді.

Су қалдығының негізгі бөлігін сульфаттар және хлоридтер алады (хлоридтер - 350 мг/л, сульфаттар - 500 мг/л) .

Құрамында минералды заттар тым көп болса, организмде су-тұз тепе-теңдігі бұзылады, ұлпалардың гидрофильдік қасиеті артады, диурез төмендейді, іш өтеді, зәр жолдарында тас пайда болады.

Суда минералды зат алмасуға қатыса отырып, организмде зат алмасудың катализаторы болып табылатын 65-ке жуық микроэлементтер табылған. Олар аз немесе көп болғанда патология дамиды (флюроз, зоб және т. б. ) .

Суға малды уландыратын улы заттар (дезинфектанттар, пестицидтер) түсуі мүмкін.

Су арқылы кейбір вирустық, инфекциялық және инвазиялық аурулар жұғуы мүмкін ( сібір жарасы, эмкар, бруцеллез, туляремия, пастереллез, сальмонеллез, маңқа, аусыл, оба, лептоспироз, көптеген паразитарлы аурулар) .

Судағы микроорганизмдердің тіршілік ету ұзақтығы оның температурасына, құрамындағы органикалық заттардың және еріген компоненттердің химиялық құрамына байланысты (ішек таяқшасы 21-183 тәулік, паратиф А қоздырушысы 3-88 тәулік өмір сүреді) .

Судағы патогенді микроорганизмдерді анықтау үшін судың ластануының жанама бактериологиялық көрсеткіштерін қолданады - коли-титр, коли-индекс, микроб саны.

Су сонымен қатар инвазиялық бастаудың тасымалдаушысы немесе инвазиялық ауруларды тудыратын қоздырушыларының аралық иесінің тіршілік ету ортасы болуы мүмкін(фасциолез, кокцидиа, малярия, диктиокаулез және т. б. ) .

Малды суаратын су құрамы және сапасы бойынша Сан ПиН қарастырылған барлық санитариялық ережелер мен нормалар талаптарына сай болуы керек.

Қазақстанда стандарт жоқ, алайда, ауыз суға қойылатын Сан ПиН бар “Санитарно - эпидемиологические требования к качеству воды централизованного водопровода”.

Эпидемиологиялық тұрғыдан судың қауіпсіздігі дегеніміз - оның микробиологиялық және паразитологиялық нормативтерге сай болуы.

Химиялық құрамына байланысты судың қауіпсіздігін мына нормативтерге байланысты анықтайды:

1) жалпы көрсеткіштер, табиғи суларда жиі кездесетін химиялық заттардың болуы, сонымен қатар әлемге тараған антропогенді заттардың болуы.

2) суды өңдегенде пайда болатын немесе оған түсетін зиянды химиялық заттар.

3) адамның тіршілік ету салдарынан су көздеріне түсетін зиянды химиялық заттар.

Табиғи су көздері, оларды салыстырмалы сипаттау және гигиеналық бағалау.

Шығу тегіне қарай су:

атмосфералық,

жер беті және жер асты суы деп бөлінеді.

Атмосфералық су жер бетіне жауын, бұршақ, қар, шық және тұман күйінде түседі. Олар құрамындағы газдардың (азот, оттегі, көміртегінің қос тотығы) жоғарылығымен ерекшеленеді.

Жер бетіндегі сулар жер бедерінің ( шалшық, тоған, өзен, көл, теңіз) ойпаңдау тұсына барып орын тепкен амосфералық су мен жер беті суының кейбір бөлігі.

Жер асты суы ең алдымен атмосфералық судан тұрады. Өйткені, атмосфералық су топырақтың төменгі қабатына өтеді де, онда жер асты су ағыны немесе су қоймасы ретінде жиналады.

Құрамындағы минералды қосылыстардың басымдылығына қарай минералды су бірнеше түрге бөлінеді:

Хлоридті (құрамында сутек және хлорлы натрийдің көп мөлшері бар) ;

Сульфидті ( құрамында күкіртті сутегі бар) ; көмірқышқылды натрийдің көп мөлшері бар) ;

Сульфидті ( құрамында күкіртті сутегі бар) ; көмірқышқылды (құрамында карбонаттар және көмірқышқыл газы бар) ;

Ащы сулар (құрамында күкірт қышқылы, магний бар) және басты компоненттердің бірінің атымен аталатын ( йодты, радонды немесе радиоактивті) минералды сулар.

Артезиан суы оның гигиеналық қасиетіне байланысты өте жоғары бағаланады. Ол микроорганизмдерден толық дерлік таза. Сондықтан да ешқандай тазартылып, зарасыздандырмай-ақ іше беруге болады.

Табиғи су көздерінің ластануы.

Бүкіл ластаушы заттар, оның ішінде антропогенді және техногенді заттар да табиғи сумен араласып оның сапасын өзгертеді.

Ластанған табиғи суды ішуге, шомылуға, су спортына, тіпті техникалық қажеттілікке пайдалануға болмайды. Мұндай су балыққа, суда жүзетін құстарға, малға тағы басқа организмге зиянын қатты тигізеді.

Олар ауруға шалдығып, біразы қаралап қалады. Жер беті және жер асты суына мұнай мен оның өнімдері зиянды әсерін тигізеді. Судың 1 литрінде 0, 1 г мұнай шоғырланса, балық етіне ешқандай технологиялық өңдеу ала алмайтын дәм мен ерекше өткір иіс пайда болады.

Судың ластану көздері және оны қорғау (паспорттау, санитариялық күзет аймағы - СКА және т. б. )

Табиғи су көздері нің басты ластаушыларына тау-кен, өнеркәсіп, өңдеу кәсіпорындары мен мал шаруашылық орындары да жатады. Ал, ең көп тараған ластаушы заттарға түсті металдар, күрделі химиялық қосындылар, мұнай, минералды тұздар, радиоактивті қоспалар, пестицидтер және т. б. өндіріс қалдықтары кіреді. Суда онымен ағаш, жаңқа, үгінді тәрізді түрлі ағаш қалдықтары мен қабығының түсуі де айтарлықтай зиян келтіреді.

Қазіргі қағидаларға сай суды зерттеу нәтижелеріне қарамастан, су көздері санитариялық күзет аймағымен қамтамасыз етілуі тиіс және тек күзеті бар су көзі ғана пайдаланады.

СҚА дегеніміз - су көздерінің және су құбыры құрылысының айналасындағы белгіленген тәртіп сақтауға тиіс территория.

Мақсаты - су көздерін, су қбырын, құрылысын, олардың территорияларын ластандырмас үшін күзетпен қаматмасыз ету.

Су көздеріндегі судың сапасы мен мөлшеріне сипаттама беру үшін санитариялық паспорт пайдаланылады. Бұл құжатта су көзінің санитариялық жағдайы, тексеру нәтижелері, судың химиялық құрамы мен бактериологиялық көрсеткіштері, мал арасында, әсіресе суға байланысты шығатын аурулардың барлық шығу жағдайлары көрсетіледі. Санитариялық паспорт су көзінің басында жүргізілген санитариялық зерттеулердің негізінде толықтырылып, эпизоотологиялық, топографиялық және техникалық жағдайлары анықталады.

Ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз ету жүйелері

Су ресурстарын пайдалану сипаты бойынша шаруашылықтарды сумен қаматамасыз ететін мынадай жүйелер бар: суды жер бетіндегі жер көзінен (өзен, көл) алатын, жер асты су көзінен алатын (артезиан, бұлақ, т. б. ) және атмосфера суынан алатын (жауын-шашын, қар суы) жүйелер.

Сумен қамтамасыз ететін бір ғана жүйе бірнеше объектіге қызмет көрсеткен кезде топтық немесе аудандық жүйелер салынады. Ол бір жерге шоғырланған жүйе деп аталады.

Егер шаруашылықта әрбір су тұтынатын пункттің сумен қамтамасыз ететін жеке схемасы болса, ондай жүйе жергілікті жүйе деп атайды.

Сумен қамтамасыз ететін жүйелер бағыттары боййынша : елді мекендерге арналған (қала, қастақ, ауыл), өндіріске және ауыл шаруашылығына арналған деп бөлінеді.

Малды суарғыштармен, шелекпен, астаудан немесе тікелей су көзінің өзінен суарады. Ең дұрысы автоматты суарғыштар. ірі қара малы кешендерінде суару үшін жеке автосуаттар (ПА-1А және АП-1) мен топтық суаттар қолданылады.

Құс суару үшін науалы (АП-2 типті), табақшалы (П-4А), вакуумды (ПВ) және ниппельді суаттар қолданылады.

Терісі бағалы аңдар мен үй қояндарын суаруға ниппельді, диафра. гмалы, табақшалы, рычагті-клапанды, тағы басқадай суаттар қолданылады.

Мал суару орындарының жабдықтары. Мал жайылымда немесе лагерьде бағылғанда белгілі бір орында - мал суару пункттерінде суарылады. ауру малды ашық су көздерінен суаруға болмайды. Өйткені, су ластанады, тіпті суға ауру қоздырғыштарының түсуі мүмкін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ішкі микроклимат, ауа биологиялық ластануы және желдету; судың гигиенасы, сапасы және тазарту әдістері
Мал шаруашылығында судың рөлі: су көздері, сапасы және санитариялық-биологиялық көрсеткіштер (Қазақстан жағдайы)
Гидросфера: судың рөлі, өздігінен тазару, ластану және тазарту әдістері
Ішкі су қоймалардың ластануы және ағынды суларды тазарту әдістері
Табиғи сулардың негізгі ластану көздері мен тазарту әдістері
Мал шаруашылығында дезинфекция: тұжырымдамасы, түрлері, әдістері және нысандары
Атмосфералық ауаның ластануы: көздері, зардаптары және қорғау жолдары мен автомобиль газдарын химиялық тазарту әдістері
Су ресурстары мен гидросфера: қасиеттері, ластануы және тазарту әдістері
Судың физико-химиялық қасиеттері, табиғаттағы рөлі және тазарту әдістері
Су экожүйесінің ластануы және оны қорғау: ауыр металдар, эвтрофикация және тазарту әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz