Өмірбаянның жазылу ережесі
Жоспары:
.Кіріспе
. Негізгі бөлім:
1.Өмірбаян
2 . Өмірбаянның мазмұндық-құрылымдық жүйесі
3.Өмірбаянның жазылу ережесі
4. Әскери өмірбаян
5.Өмірбаян үлгілері
. Қорытынды
V.Пайдаланылған әдебиеттер
Өмірбаян жеке адамның өмір жолы хронологиялық тәртіпте қысқаша жасалған ресми кұжат. Әдетте окуға түсу, жаңа қызметке орналасу кезінде жазылады.Онда азаматтың аты-жөні, туған жылы, күні, айы және туған жері, ұлты, отбасы жағдайы, білімі, бітірген оқу орындары, қызметі мен жұмыс тәжірибесі туралы және т.б. қосымша мәліметтер көрсетіледі.
Оны әркім өз қолымен, таза, жүйелі түрде, бірінші жақта жазады. Көлемі - 1 бет.
Тәжірибеде өмірбаян үш түрлі болып жазылады. Бір адамның өз өмірі мен қызметі туралы баяндауы. Бұл көбінесе қызметке орналасу кезіндегі жеке іс қағазына қоса тігілу үшін жазылады. Онда адам өзінің аты-жөнін, туған күнін, толық көрсетеді. Одан кейін жаңа жолдан нақты деректермен санамалап жазады. Өмірбаянның бұл түрі көбінесе ресми түрде жазылады да, көлемі жағынан шағын болады.
Өмірбаянның екінші түрі -- мемуарлар, яғни ақын, жазушылардың, өнер, қоғам қайраткерлерінің өз өмірін қоғам өмірімен байланыстыра баяндауы. Мұндай өмірбаяндар көркем шығармаға жақын, әдеби тілмен, шебер жазылғандығымен оқырманды тартады және ол оқырманды жеке адам өмірімен ғана емес, қоғам дамуымен таныстырады. Мұндай шығармалар қай тілде болмасын өте көп және қара сөзбен де, өлең сөзбен де жазылған түрі кездеседі. Мысалы, Қ.Байсейітовтың "Құштар көңіл"(1977) Ш. Жиенқұлованың Өмірім менің - өнерім (1983) кітаптары өмірбаянның осы түріне жатады.
Өмірбаянның үшінші түрінде қоғамға белгілі қайраткерлердің өмірі мен шығармашылық, саяси қызметтері өз тарапынан емес, басқа біреулер тарапынан баяндалады. Мәселен, ұлы жазушылар мен ақындар - Абай, Ш. Уәлиханов, А.С. Пушкин өмірлері туралы шығармалар осындай өмірбаян түріне жатады. Мысалы, С.Мұқанов - Аққан жұлдыз,
М. Әуезов Абай жолы. Өмірбаянның мұндай түрі көркем шығарманың әр түрлі жанрлары ыңғайында очерктен бастап роман-эпопеяға дейін жазыла береді.
Өмірбаянның мазмұндық - құрылымдық жүйесі:
1. Құжаттың атауы (өмірбаян).
2. Автордың аты-жөні (толық жазылады), туған жылы, айы, күні, туған жері, ұлты, азаматтығы.
3. Білімі, оқыған оку орындары.
4. Қоғамдық- саяси қызметі, еңбек тәжірибесі, жетістіктері.
5. Отбасы, жұбайы, балалары туралы мәлімет. 6. Қазіргі мекенжайы, байланыс мәліметтері.
7. Жазылған күні, айы, жылы; автордын қолы.
Өмірбаянның жазылуына қатысты нақты бір қатаң шарттар жоқ, дегенмен, құжатты толтырудың жалпы ережелерін білген дұрыс. Себебі, ол іскерлік құжаттама санатына жатқызылады.
Күнделікті өмірде ең жиі қолданылатын құжаттың біріншісі өмірбаян. Өмірбаян әркімнің өз қолымен, таза, жүйелі түрде, сиямен жазылады. Арнайы қағазға жазылуы да мүмкін.
Өмірбаян - жеке өз атыңыздан жазылған, өмір жолыңыздың маңызды кезеңдері мен тұлғалық және іскерлік қасиеттеріңіз жайлы толығырақ сипаттама беретін құжат. Сондықтан да әр жұмысбасты адамға өмірбаянды қалай жазу, онда қандай мәліметтерді атап көрсету керектігін білген жөн. Мұндай қажеттілік жиі туа бермеуі мүмкін, алайда, құжаттың жазылу ережелері мен тәртібін нақты ұғынып алған артық етпейді .
Өмірбаян жазудың жалпы ережелері:
1.Өмірбаянның еркін түрде және қысқаша жазылғаны дұрыс. Көлемі 1-2 беттен аспауы тиіс. Себебі, іс жүзінде ауқымды жазбалардың толық оқылмайтыны белгілі.
2.Құжат іскерлік стильде жазылуы қажет. Сондай-ақ мәтінді қатесіз жазған дұрыс, баяндаманың сауаттылығы сіз жайлы алғашқы көзқарасты қалыптастыратын ескерген жөн.
3.Өмірбаянды жазу кезінде хронологиялық тәртіпті ұстану қажет. Мәтіннің көңілге қонымды әрі дәйекті болғаны абзал.
4. Маңызды мәселелердің бірі - өмірбаяныңызда атап көрсеткен мәліметтердің барлығы шынайы болу керек. Себебі, атап көрсеткен ақпаратыңыздың бірі жалған екені анықталса, бұл іскерлік беделіңізге нұқсан келтіруі әбден мүмкін.
Өмірбаянды сауатты жазуға мән беру қажет. Себебі бұл құжат кейін қызметкердің жеке ісіне жалғанады. Құжат белгілі бір реттілікпен жазылуы тиіс. Қызметкердің өмір жолы мезгіл-мезгілімен сипатталуы қажет. Ол жалпы, қызметкердің психологиялық сипаттамасын толықтыруға септігін тигізеді. Сондай-ақ құжатта қоғамдық жұмысыңыз бен хоббиіңіз жайлы ақпарат беруге болады.
Жұмыс беруші өмірбаянда көрсетілген мәліметтерді негізге ала отырып, тұлғаның мансаптық өсуі, әлеуметтік деңгейі, кәсіби мүмкіндіктері жайлы тұжырым шығара алады. Сол себепті жұмысқа орналасу кезінде өмірбаянның барынша сауатты жазылғаны жөн. Өмірбаянның түйіндемеден ерекшелігі - онда тұлға жайлы кеңірек мәлімет беріледі: жетістіктері, білімі, отбасылық жағдайы және т.б. Өмірбаянды қолдан жазуға, немесе компьютерде теріп, басып шығаруға болады.
Жұмысқа орналасушы өмірбаянға сотталғаны туралы, асырап алған немесе некесіз туған балалары жөнінде мәлімет беруге міндетті емес. Ең бастысы - кәсіби өсіміңізді аңғартатын ақпараттарға ерекше көңіл бөлгеніңіз абзал.
Әскери өмірбаян
Өмірбаянды үміткер өз қолымен, еркін түрде , түзетулерсіз, төмендегі
мәліметтерді міндетті түрде көрсете отырып жазады:
- тегі, аты, әкесінің аты, туған датасы мен жері, ұлты, ана тілі, тағы қандай тілдерді біледі;
- қашан, қайда, қандай оку орындарында оқыды , білімі бойынша мамандығы;
- кім болып, қашан және кайда жұмыс істеді, кәсіпорынның, мекеменің немесе ұйымның толық атауы мен мекен-жайы көрсетілсін;
- әскери міндеттілікке қатысты, мерзімді әскери қызметке қашан және, кандай әскери қызметте болды, кім болып қызмет атқарды, әскери ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz