Қаз қораларына қойылатын талаптар



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ
ТАҚЫРЫБЫ:

ОРЫНДАҒАН:
ТЕКСЕРГЕН:

Алматы 2024ж

Жоспар
Анықтамалар
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1. Қаз қораларына қойылатын талаптар
2.2. Қаз қораларындағы микроклимат және оны жетілдіру
2.3. Қаздарды күтіп бағу гигиенасы
2.4. Азық сапасына қойылатын талаптар
2.5. Қаз шаруашылығындағы судың гигиенасы
2.6. Құстарды бағып - күту гигиенасы
2.7. Қаздарды қора еденінде бағып - күту гигиенасы
2.8. Құстарды торда бағып күту гигиенасы
3. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Анықтамалар
Ветеринариялық гигиена (жануарлар гигиненасы) - мал күтімін жақсартып, ауруларын болдырмауға, олардың өнімділігі мен өнімінін сапасын арттыруды қамтамасыз етуге бағытталған шаралар жүйесі. Адаптация - организмнің ортаға бейімделуі. Жерсіну - мал организмінің сыртқы ортаның жаңа жағдайларына бейімделу процесі. Дезинфекция - зардапты және шартты зардапты микроорганизмдер жоюға, малдың арасында індет ауруларының болдырмау шараларына бағытталған іс әрекеттердің бірлестігі. Дезинсекция - ауру тарататын буынаяқты насекомдарды құрту әдісі. Дераизация - жұқпалы ауру таратып, экономикалық зиян келтіруге байланысты кеміргіш жәндіктерді құртудың шаралар жүйесі. Рацион - малдың түрлі қоректік заттарды қажет етуі ескеріле жасалған бір тәуліктік жемшөп мөлшері. Концентрат - құрамында қоректік заттардың мөлшері жоғары болатын жем шөп. Дистрофия - организмде зат алмасудың бұзылу салдарынан мүшелер құрылысының және қызметінің бұзылып өзгеруі. Мастит - түрлі себептерге байланысты желіннің қабынуы және ісінуі. Профилактика - жануарларды аурудан қорғау және аурудың адамға таралуынан сақтау үшін ақарылатын арнайы шаралар жүйесі. Токсин - организмді улап әсер ететін зиянды зат. Санитария - жануарлар гигиенасының талаптарын орындауға арналған практикалық шара.


Кіріспе
Құс шаруашылығы халыққа аса керекті де, құнарлы да азықтармен қамтамасыз етумен ерекшеленеді. Екінші жағынан құстар күтіп - ұстау жағдайына сезімталдығымен сипатталады. Сондықтан олардан мол өнім алу, жақсы деңгейде күтіп - бағуды, азықтандыруды санитариялық - гигиеналық талаптарға сай жүргізуді талап етеді. Өндірістік құс шаруашылығы нарық сұраныстарын жеңіл диетикалық тағамдармен қамтамасыз етуге өзінің сүбелі үлесін қосатын, аграрлық кешеннің әрі үдемелі, әрі жедел өзгеріп, тез дамитын саласы болып табылады.келешекте құс шаруашылығының үдемелі дамуы, өте жоғары мамандандырылған әрі шағылыстырғанда мол өнімді бұдан алынатын құс тұқымдары мен тізбектері болса ғана үдемелі дамытуға болады. Өндірістік құс шаруашылыңында жаңа ғылыми әдістері, жетістіктерді шығарып, оларды шаруашылықта пайдалануы тездету компьютерлік технологияны кеңінен қолдануға байланысты. Қазіргі таңда құс шаруашылығының негізгі даму бағытын жобалап, ұйымдастыру жұмыстарын жетілдіру, басқару, еңбек өнімділігін арттырудың қосымша жолдарын табу, құс шаруашылығы өнімдерінің өзіндік құнын төмендету мәселелері компьютерлік технологияларды кеңінен қолдану жолымен шешілуде. Құс шаруашылығы өнімдерінен, яғни етінен, жұмыртқадан ұлпа алу жолдары да жетілдіру үстінде. Осы айтылған көптеген мәселелерді дер кезінде орындап, оларды жетілдіру жұмыстарының мерзімдерін қысқарту құс шаруашылықтарының тиімділігін бұрыңғыдан да арттыра түседі. бұл жұмыста құстарды бағып - күту жүйелері, жасына және пайдалану бағытына байланысты азықтандыру, қора - жайларда микроклиматты сақтау және т.б ветеринариялық - санитариялық шараларды іске асыру жолдары көрсетілген. Өндірістік құс шаруашылығы нарық сұраныстарын жеңіл диеталық қамтамасыз тағамдармен қамтамасыз етуге өзінің сүбелі үлесін қосатын, аграрлық кешеннің әрі жедел өзгеріп, тез дамитын саласы болып табылады. Келешекте жұмыртқа және құс етін өндіру технологияларын жетілдіру, ірі шаршы метр жерден өнім шығымын көбейтіп, оның өзіндік құнын төмендетуді көздейді. Бұл жағдайдағы негізгі мақсат және міндетғ бүкіл шығынды барынша азайту болып табылады. Құсты да тиімді пайдалануға бағыталған ортаның жан-жақты көрсеткіштерін, құстың тұқымдық ерекшеліктерін түгел қамтитын технологиялық процестің басты мақсаты - құстың күнделікті тіршілігіне қажет жем мөлшерін барынша азайтып, оларды адамға қажет өнімдер алуға пайдаланады. Алға қойылған мақсатқа жету үшін, ең алдымен мынадай мәселелерді шешу қажет:

Бірнеше бағыттагы құс шаруашылықтары мен фермаларын мамандыру, шаруашылықтарды пайдалы технологияға ауыстыруды, құсты инфекциядан қорғауды қамтамасыз ететін қажет құрал-жабдықтары бар құсханалардың жаңа түрін салу, құсты және құс клеткаларын пайдалану мерзімін ұзартатын клеткалық батареяның ыңғайлы конструкциясын жасау, құсы клеткалық батареяда ұстағандағы сұрыптау және өндіру жұмыстарын ұйымдастыру. Сонымен қатар, көліктің және басқару міндеттерін орындайтын машиналардың технологиялық жүйесі жасалынады, автоматтандырылған басқару бағдарламасымен жабдықталған құс фабрикаларын құру мәселесі шешіледі. Бұл салалық автоматтың басқару жүйесін дайындап, оны өндіріске енгізудегі ең басты талап. Келешекте құс шаруашылығының үдемелі даңқы, өте жоғары мамандандырылған әрі шағылысырғанда мол өнімді будан алынатын құс тұқымдары мен тізбектері болса ғана үдемелі дамытуға болады. Айта кететін бір жай, құрама жемнің биологиялық құндылығын жақсарту құс шаруашылығындағы ең басты мәселелердің бірі. Өндірістік құс шаруашылығында жаңа ғылыми әдістерді, жетістіктерді шығарып, оларды шаруашылықта пайдалануды тездету компьютерлік технологияны кеңінен қолдануға байланысты. Қазіргі таңда құс шаруашылығының негізгі даму бағытын жобалап, ұйымдастыру жұмыстарын жетілдіру, басқару, еңбек өнімділігін арттырудың қосымша жолдарын табу, құс шаруашылығы өнімдерінің өзіндік құнын төмендету мәселелері компьютерлік технологияларды кеңінен қолдану жолымен ғана дұрыс шешілуде. Құс шаруашылығы өнімдерінен, яғни етінен, жұмыртқадан ұлпа алу жолдары да жетілдіру үстінде. Ғалымдар мен мамандардың ең басты мақсаты құс өнімдерін тұтынушыларға сапалы да жеткілікті мөлшерде дайындау болып табылады. Осы бағытта құс сою цехтарында, оған дейін ұстау, тиеу, түсіру, тасымалдау жұмыстары да еттің сапасына әсерін тигізетіндігін айтамыз. Осы айтылған көптеген мәселелерді дер кезінде орындап, оларды жетілдіру жұмыстарының мерзімдерін қысқарту құс шаруашылықтарының тиімділігін бұрынғыдан да арттыра түседі.

2. Негізгі бөлім
2.1 Қаз қораларына қойылатын санитариялық - гигиеналық талаптар
Құс шаруашылығында қора - жайдың бұрыс бағытпен салынуының санитариялық - гигиеналық жағынан үлкен маңызы бар. Құсты өсіру және бағып күті үшін инкубаторларды, құс қораларды, клеткада бағыт күтетін цехтар және лагерьлік құрылыстар салу алдын ала ескеріледі. Қаз өсірілетін қораларды арнаулы типтік жоба бойынша салады. Қаздарды бағып - күту тәсіліне байланысты қоралар мынадай типтермен салынуы мүмкін: балапандардың есеюіне қарай елдерде еркін жүріп тұруы үшін секцияларға бөлінген құс қоралар , құстарды клеткаларда бағып - күтетін цех, жаз аййларында бағып - күту үшін жылжымалы тұрақты үйшіктер және балапандарды күннің суық кезінде өсіру үшін ауа - райына шынықтыратын лагерь типінлегі құрылыстар. Қаз қораларының жобаларына құсқа қажетті микроклимат жасау еңбекті көп керек ететін процестерді механикаландыру көзделеді. Жұмыс көлемінің жобалану , оларды жүзеге асыру прогрессті әрі тиімді жүргізілуі керек. Белгілі бір фермаға арналған жобаны таңдауда олардың жергілікті жердің жағдайына сай келу жағынан ескеру керек. Қаздың серуендеуі үшін қораның ұзын бойына күн шуақ немесе қоршаклы алаң жасалады. Кішігірім шаруашылықтарда еденде бағып күтілетін тауықтар үшін күн шуақтың алаңы құс қора еденінің 50 - 100 пайызы , ал үйректер үшін - 150 пайызына дейін болады , ал туғанына 25 күн болған үйрек балапандарына 0,2 м2 есебімен , ересек үйректерге 2 м2 есебімен жасалады. Құстардың серуен алаңына көлеңке болатын жағдай жасайды , бұған ағаш бұта немесе арнаулы қалдықтарды пайдаланады. Үйректерге арналған алаңдар торлы қоршаумен қоршалады , оның биіктігі 0,5 - 0,6 м , ал балапандарға 1,5 - 1,6 м етіп жасалады. Күн шуақтағы қоршаулы алаңдарды секцияларға бөледі, олардың құс қора секцияларына сәйкес қатысты жолдары болады. Құс фермалары салынатын жерлерді дұрыс таңдап алудың зор маңызы бар. Учаскенің мал жайылатын жерге , елді мекенге , жол бойына , тазалық жағынан қолайсыз жерлерге қоқыс төгілетін жерге , мал қораларына , изоляторларға және басқаларға алысырақ орналасуына құстың тазалығы , күтімі , құс шаруашылығының кейбір салаларының өркендеуі тікелей байланысты болады. Қаз өсіретін ферманы табиғи немесе жайылымға жақын орналастыру керек. Инкубатордың ұзына бойы , солтүстіктен оңтүстікке қарай бағытталады , балапандар үшін салынатын құрылыстардың алдыңғы жағы есігі оңтүстікке немесе оңтүстік - шығысқа қаратылады; суда жүзетін құстарға арнап салынған қоралардың алдыңғы жақтағы үлкен қақпасы оңтүстікке , оңтүстік - шығысқа қаратылады , су қоймасына құс осы жақан шығады. Құс өсіретін қора жайлардың лайықты түрін құсты бағып - күтуге қабылданған жерге байланысты , шаруашылықтың көлемімен бағытына қарай , сондай - ақ климат және жергілікті жердің жағдайларына қарай таңдап алынады.
2.2 Қаз қораларындағы микроклимат және оны жетілдіру
Қорадағы микроклиматтың құс организміне әсері температураның , ауаның ылғалдылығы мен оның қозғалу жылдамдығының , сондай - ақ ондағы техникалық қоспалардың ықпалы арқылы байқалады. Жабық қораларда ауа күрт нашарлап кетуі мүмкін , бұл құстың өнімділігі мен өсімталдығын төмендееді , еңбек шығыны көбейіп , мал өнімдерінің өзіндік құны қымбаттап сапасы кемиді. Құс қораларында қолайлы климат болуы үшін , оларды ауа температурасының , оның ылғалдығының , қозғалу шапшаңдығының , ауа құрамының зоогигиеналық нормативке сай келунормативке сай келунің , сондай - ақ қораларды құстың түріне , жасына , бағу технологиясына сәйкес жобалаудың , техникалық нормаларда көзделген басқа да жағдайлардың болуын қамтамасыз ету керек. Микроклимат деп белгілі бір орынның климатын айтады , біздің жағдайымызда бұл мал қорасы. Мал қораның микроклиматы ауаның физикалық жағдайына газбен , микробпен , тозаңмен ластануына тікелей байланысты болады. Микроклиматтың пайда болуына және оның көрсеткіштеріне сыртқы ортаның барлық факторлары әсер етеді: ауаның физикалық жағдайы , газдың құрамы , күн сәулесі , өсімдіктер мен су көздерінің болуы , жер рельефі т.б. Мал қораларында микроклимат жасанды болуы да мүмкін. Оны жасау жергілікті климатқа , ғимарат жақтауларының жылу сақтау қасиеттеріне , желдетуге , жылыту көздеріне , канализацияға , малдың орналасу тығыздығына , ұстау технологиясына және т.б тікелей байланысты. Микроклимат жағдайын малға ыңғайлы оптимальды жасау үшін өзгеріп отырады. Қаз қораларындағы микроклимат жағдайы сыртқы ауа - райына , азықтандыру тәсілдеріне , қоршаулардың түрлеріне , желдеткіш және канализация жүйелерінің жұмысына құс саңғырығының дер кезінде тазаланып тұруына байланысты. Құстардың жылу алмасу процесінің нашар дамуы себебінен ол сыртқы ортаның өзгеруіне тез бейімделе алмайды. Мысалы: төменгі температура жағдайында құстар азықты шамадан тыс мөлшерде қабылдап организмде өтетін жылу алмасу процесін нашарлатып организмнің салқындауына себепші болып түрлі ауруларға шалдықтырады. Құстар жоғары температура жағдайына өте сезімтал болып келеді. Ауадағы жоғары ылғалдылық организмнің зат алмасу құбылысын нашарлатып , тотығу - тотықсыздану процесін тежейді. Мұның өзі құстың тәбетін төмендетіп , азықтың сіңімділігін нашарлатып , түрлі аураларға шалдықтыруы мүмкін , әрі ауа қозғалысының жылдамдығы жылу бөлу қабілетіне әсерін тигізеді , сондықтанда оның мөлшері гигиеналық жағдайға сай болуы керек. Микроклиматтың тағы бір көрсеткіші ретінде құс организміне жарықтың маңызы зор. Құс қораларына табиғи жарықпен бірге жасанды жарықты пайдалану қажет , ал терезелері жоқ қораларда тек күндізгідей жарық беретін немесе қызу беретін лампалар қолданылады.

Бағу әдіс-
тері
Ауа темпе-
ратурасы
Салыс-тырмалы ылғалды-
лық
Ауада зиянды газдардың болуы
Өлім жітім
1 басқа шыққанда жұмыртқа беруі
Жұмыртқа сынығы,%
Қалың төсеніште
16
72
NH
ШАҢ
14
240
8

35
8

Бір ярусты батарея-
ларда
17
70
8
4
6
260
2,2

Жасанды жарықтың көзі қораның ішінде бір қалыпты мол жарық түсіріп тұруы қажет. Құстарды еденде баққанда оның жарықтылығы шамамен 15 - 20 люкс бірлік болуы керек , бұл қызулы шамдардың қуаттылығы бір шаршы метр көлемге кем дегенде 4 - 5 вольт есебімен алынады. Қаз қораларының ауа тазалығының көрсеткішін көмірқышқыл газының көмегімен бағалайды. Құс қорада бұл газдың көп болу себебінен басқа малдардай құстар да тыныс алу жиілігі артпай , керісінше құстарда тыныс алу жиілігі кеміп , кейбір жағдайда тоқтауға әкеліп соғады. Қаз организміне аммиак пен күкіртті сутек әсерінен , құс денесіндегі оттегінің құлдырауына әкеліп соғады. Сондықтан да олардың мөлшері белгіленген қалыптан аспау қажет. Ірі құс шаруашылықтарында құс санының көп болуы себебінен және құрғақ азықтандырылуы салдарынан ауада механикалық , бактериялық қоспалар болуы мүмкін. Мұның өзі құс арасында түрлі өкпе , көз ауруларының себепкері болады. Микроклиматты жетілдіру мақсатында ауаның физика - химиялық көрсеткіштерін реттеумен қатар оның биологиялық белсенділігін жоғарылату керек. Ал құстың төзімділігін арттыру үшін жүйелі түрде ауаны тазалау және зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізу орынды. Қазіргі кезде ауадағы шаңды азайту мақсатында және зарарсыздандыру үшін әрі оның биологиялық белсенділігін арттыратын тиімді тәсілдер бар. Олар , атап айтсақ: ауа сүзгіштерін қолдану , химиялық зарарсыздандыру. Ауаныы зарарсыздандыру үшін қолданатын препараттар: резорцин , триэтиленгликоль , сү және янтарлық қышқылдар. Осы мақсатта құс қораларында бактерицидік шамды да қолданған тиімді.
2.3 Қаздарды күтіп - бағу гигиенасы.
Қаздарды ұстаудың мынадай әдістері қолданылады: еденде қалың төсеніште (аналық топ) , торлы еденде , торлы батареяда және арнайы бордақылау алаңқайлары бар жаздық лагерьлерде. Қаздарды еті үшін өсіргенде тәуліктік немесе 10 - 20 күндік балапандарды қалың төсеніште ұстайды. Алғашқы үш аптада жылыту үшін брудерлер қолданылады. Тәуліктік жастан бастап сойғанға дейін қаз балапандарын орналастыру тығыздығы бір шаршы метрге 5 бастан болады. Қаз балапандарын 20 - 30 күндік жастан бастап жабық қораларда торлы еденде 10 басм2 орналастыру тығыздығымен өсіруге болады. Алғашқы 1 - 4 аптада брудердегі балапандар үшін ауа температурасы 30 - 24 *С , ал қорада 26 - 22 *С болады және оны өсіру соңына қарай 18 - 20 *С дейін төмендетеді. 9 апталық қаз балапандарын торлы еденде әр бөлімі 35 бастан тұратын топтарда ұстау - тиімді әдістердің бірі болып табылады. Бұл кезде торда өсіру жағдайына ұқсас жағдай жасалады. Қаз қораларының оптимальді микроклимат көрсеткіштерінің басқа ауылшаруашылық құстарына арналған мөлшерлерден айырмашылығы жоқ. Бірақ қаздар жылуды көп қажет етпейді. 1 - 7 күндік қаз балапандары үшін жарықтандырылу тәулік бойынша қажет , ал кейінірек оны 14 сағатқа қысқартып , балапандарды сойғанға дейін осы шаманы тұрақтандырады. Жарықтандырылу интенсивтілігі 30 лк , ал ересек қаздар үшін 15 лк болады. Қаздардың аналық тобын ұстаудың негізгі екі үрдісі бар. Бірінші әдісте қаздарды қораларда төсеніште ұстайды. Екінші әдісі - қаздарды торлы еденде ұстауменқатар , қатты жабындысы және суға шомылатын орны бар жайылымды алаңқайларға шығарады. Торлы еденде қаздарды орналастыру тығыздығы 1.5 басм2 болады. Оңтүстік аудандарда бұл көрсеткң 2.5 басм2 шамасына дейін өсуі мүмкін. Қаз қораларын 3 аналыққа 1 ұя сәйкес келетінде есеппен ұялармен жабдықтайды. Ұяларға кешке қарай құрғақ , таза төсеніш салады. Себебі қаздар негізінен таңертеңгі мезгілде жаппай жұмыртқалайды. Қаз балапандарын 1 күндік жасынан бастап толық құнды құрама жеммен азықтандырады. Тәуліктік жасынан өсіру соңына дейін қаз балапандарын еркін азықтандырады. 1 айлық жастан бастап жылы мезгілде қаз балапандарын жайылымға шығарады немесе рационға витаминдермен және минералды заттармен толықтырылған шырынды , балауса шөп қосады және оларды бөлек астауға салады. Бұл кезде қаз балапандары сумен еркін қамтылуы керек. Судың жетіспеуі балапандардың тұмсығының жеммен бітелуіне және олардың өлуіне әкеп соғады. Басқа құстармен салыстырғанда қаздар клечатканы жақсы қорытады , сондықтанда олардың рационына шөп ұнын көптеп қосқан жөн. Каздарды азықтандыру барысында олардың көк шөпті тәулігіне 1 - 2 кг - ға дейін пайдалана алатынын ескеру қажет. Қаз қораларының ауа температурасы қыста 7 - 14 *С , ал салыстырмалы ылғалдылық 70 - 75 пайыз болуы керек. Белгіленген шамадан төмен температурада жұмыртқаның инкубациялық сапасы төмендейді.
2.4 Қаздарды азықтандыру гигиенасы
Құстарға арналған азықтар кДж - мен белгіленген қуат мөлшері , шикі протеин , минералды заттар мен витаминдер мөлшері бойынша бағаланады. Азықтардың белоктық бағасы тек шикі протеині бойынша ғана емес , сонымен бірге оның құрамдас бөліктері , яғни алмастырылмайтын амин қышқылдарының мөлшері бойынша да анықталады. Құс азықпен бірге төмендегі алмасырылмайтын амин қышқылдарын алуы тиіс: лизин , метионин , триптофан , аргинин , гитидин , ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құс қораларының микроклимат көрсеткіштерінің кұс өнімділігі сапасына әсері
Қаздарға арналған қора-жайларға қойылатын ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық талаптар, малдарды күтіп-бағу жағдайлары және оларды жақсарту шаралары
Күркетауықтарға арналған қора-жайларға қойылатын ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық талаптар, малдарды күтіп-бағу жағдайлары және оларды жақсарту шаралары
Тауықтарға арналған қора-жайларға қойылатын ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық талаптар
Балапандарды бағып – күту әдістері
Балапандарды өсіру
Балапандарды бағып - күту әдістері. Балапандарды еденінде бағып - күту гигенасы
Құс шаруашылығы еңбекшілерінің жағдайын жақсартуға арналаған ветеринариялық - санитариялық шаралар және антропоозондардың алдын алу
Күркетауыққораларға қойылатын экологиялық талаптар
«Ауыл шаруашылығы малдарын өсіру және селекциясы»
Пәндер