Мектепте Дизайн өнерін оқыту



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
Мәдениет және өнер факультеті
Көркем еңбек және дизайн білім беру бағдарламасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Мектепте Дизайн өнерін оқыту

Орындаған: ХТиДШ-31 топ студенті Серіков Б. С.
Тексерген: Білім беру бағдарламасының аға оқытушысы Капаков Г. Х.

Орал, 2023
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
4
1
МЕКТЕПТЕГІ ДИЗАЙН ӨНЕРІН ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
5
1.1
Дизайн теориясы
5
1.2
Дизайндық білім, дизайн негіздері
10
2
ДИЗАЙНДЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
17
2.1
Оқыту формалары мен әдістері
17
2.2
Көркем еңбек пен бейнелеу өнеріндегі Дизайн тұжырымдамасын оқыту
20

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
25
27

КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазіргі уақытта біздің халықтық біліміміздің алдында оқытудың тиімділігін арттыру және күшейту міндеттері тұр. Тек осы жағдайда адамның үнемі өзгеріп отыратын өмір сүру жағдайында өсіп келе жатқан рухани және материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндігі пайда болады. Үнемі айтылатын және жазылатын ақпараттық бум жағдайды нашарлатады, өйткені білім беру нәтижесінде алынған білім мен дағдылар апатты түрде тез ескіреді.
Біз таңдаған тақырыптың өзектілігі бүгінгі таңда оқушылардың өзін-өзі дамыту және белгілі бір қызмет түрінде өзін-өзі жүзеге асыру қабілетін қалыптастыру ең перспективалы бағыт болып саналады. Оқушылардың қалыптасқан жағдайды жан-жақты талдау, оны өзгерту және орындалған әрекеттердің салдарын есептеу қабілетін қалыптастыратын оқытудың жобалық әдісі бірінші орынға шығады. Бұл бейнелеу өнері және технология сабақтарында белсенді түрде жүзеге асырылады, ал жобалау әдісі оқытуда және басқа оқу пәндерінде қолданылады, сондықтан бейнелеу өнері мұғалімінің кәсіби дайындығында "дизайн негіздері"курсы пайда болғаны заңды. Біздің міндеттеріміз: осы курспен танысу, жалпы орта білім беретін мектепте дизайнды оқытудың заманауи әдістемелерін зерделеу, оқушыларды технологиялық даярлау шеңберінде дизайнерлік білім беру қажеттілігі туралы мәселені қарастыру, дизайнерлік білім берудің басты құндылығын анықтау.
Дизайн - көркем сурет және сәулет өнерінің өнеркәсіп бұйымдарының ең үздік үлгілерін жасау және заттық ортаны үйлестіру шараларын қамтитын бағытының атауы. Дизайн қызметінің ерекшелігі - әсем әрі көркем жасалған тұтыну заттары мен бұйымдардың қоршаған ортаға лайық үйлесімін жүзеге асырып, ұдайы олардың жаңа үлгілерін ойлап табу.1928 ж. АҚШ-та пайда болды. Терминдік атауы жаңа болғанымен, оның негізі ерте замандарда-ақ қалыптасқан. Мысалы, қазақ халқының қолөнер бұйымдарының (қобыз, домбыра, сандық, ожау, торсық, қару-жарақтар, сәндік әшекейлі бұйымдар, т.б.) қайталанбас түрлері этнодизайндық үлгіде жасалған. Безендіру өнерінде де дизайнның әдіс-тәсілдері мен тәжірибесі кең қолданылады. Дизайн өнері заман талабына орай үнемі өзгеріп, дамып отырады. ТМД елдерінде, соның ішінде Қазақстанда дизайн өнері 1960 жылдан бастап жүйелі түрде қалыптасып, дами бастады. 1987 ж. Қазақстан Дизайнерлер одағы құрылды. Дизайн өнері қазіргі өскелең тұрмыстық жағдайлар мен талап-сұраныстарға байланысты жаңа сипаттарға ие болуда. Жарнама, плакаттар, кітап безендіру, өндіріс бұйымдарын жасау, жиhаз бұйымдарының жаңа үлгілерін өмірге әкелу, т.б. қазіргі заманғы кәсіптердің дамып-жетілуі дизайн өнерімен тығыз байланысты. Ұлттық этнодизайн да өзіндік қолтаңбасы бар өнер ретінде заман талабына сай даму үстінде.
Курстық жұмыстың мақсаты: Мектептегі Дизайн өнерән оқытудың әдістемесігін талдау, оқыту формалары мен әдістерін қарастыру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
Дизайн туралы теориялық әдебиеттерді талдау және жинақтау;
Дизайнды оқыту формалары мен әдістерін талдау;
Жалпы Дизай тұжырымдамасына анықтама беру;
Дизайндық білімнің маңыздылығы мен оның негңздерңн қарастыру.

1 МЕКТЕПТЕГІ ДИЗАЙН ӨНЕРІН ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Дизайн теориясы
Дизайн - көркемсурет және сәулет өнерінің өнеркәсіп бұйымдарының ең үздік үлгілерін жасау және заттық ортаны үйлестіру шараларын қамтитын бағытының атауы. Дизайн қызметінің ерекшелігі - әсем әрі көркем жасалған тұтыну заттары мен бұйымдардың қоршаған ортаға лайық үйлесімін жүзеге асырып, ұдайы олардың жаңа үлгілерін ойлап табу. 1928 ж. АҚШ-та пайда болды.
"Дизайнер" термині 1600 жылдарға жатады. Бұған дейін орындық жасайтын қолөнерші дизайнер де, дайындаушы да өзі болатын. 1800 жылдарға қарай фабрика жұмысшылары арнайы дизайнер әзірлеген дизайн бойынша көптеген орындықтар шығарды. Ақын және дизайнер Вильям Морис 1880 жылдары фабрика бұйымдарына қарсылығын білдірді. Ол қол өндірісіне қайта көшу үшін "Өнер және қолөнер" қозғалысын бастады. Шансорғыш сияқты алғашқы электр құралдары көрер көзге кескінсіз болды. Қәзіргі уақытта біз үй құралдарының тек жақсы жұмыс істейтініне ғана емес, үй ішіне үйлесімділігіне де мән беріп жатамыз, соңдықтан дизайн - қазіргі тауарларды шығарудың маңызды қасиеті.
Терминдік атауы жаңа болғанымен, оның негізі ерте замандарда-ақ қалыптасқан. Мысалы, қазақ халқының қолөнер бұйымдарының (қобыз, домбыра, сандық, ожау, торсық, қару-жарақтар, сәндік әшекейлі бұйымдар, т.б.) қайталанбас түрлері этнодизайндық үлгіде жасалған. Безендіру өнерінде де дизайнның әдіс-тәсілдері мен тәжірибесі кең қолданылады. Дизайн өнері заман талабына орай үнемі өзгеріп, дамып отырады. ТМД елдерінде, соның ішінде Қазақстанда дизайн өнері 1960 жылдан бастап жүйелі түрде қалыптасып, дами бастады. 1987 ж. Қазақстан Дизайнерлер одағы құрылды. Дизайн өнері қазіргі өскелең тұрмыстық жағдайлар мен талап-сұраныстарға байланысты жаңа сипаттарға ие болуда. Жарнама, плакаттар, кітап безендіру, өндіріс бұйымдарын жасау, жиhаз бұйымдарының жаңа үлгілерін өмірге әкелу, т.б. қазіргі заманғы кәсіптердің дамып-жетілуі дизайн өнерімен тығыз байланысты. Ұлттық этнодизайн да өзіндік қолтаңбасы бар өнер ретінде заман талабына сай даму үстінде.
Дизайн түрлері
Анимациялық дизайн
Сәулет дизайны
Веб-дизайны
Графикалық дизайн
Интерьер дизайны
Киім дизайны
Ақпараттық дизайн
Ландшафтық дизайн
Баспа дизайны
Жалпы айтқанда, дизайн жобалау процесі мен оның нәтижесінің синтезі болып табылады. Осының барысында күнделікті тұрмыстық заттар, бөлмелер, машиналар мен жабдықтар, сонымен қатар басқа да көптеген заттар жасалады.
Ережеге сәйкес дизайн үш негізгі критерийді қамтуы керек: тиімділік, ыңғайлылық және сұлулық. Бұл көрсеткіштердің пайызы жұмыс жүргізілетін салаға байланысты ауытқуы мүмкін болса да. Дегенмен, дизайнның не екенін қысқаша және құрғақ айту мүмкін емес. Бұл ұғым бір-бірінен түбегейлі ерекшеленетін көптеген кіші топтарға, сорттарға бөлінеді. Бірақ оларды бір нәрсе біріктіреді - арнайы дайындалған адам әдемі, ыңғайлы және үнемді нәрсені жасаумен айналысуы керек.
Дизайн ойлау алғаш рет АҚШ-та 80 жылдары пайда болып, бастапқыда экономика мен бизнес саласында кең қолданысқа ие болды. Кейіннен бұл әдіс қоғамның барлық салаларына ене бастады, мәселен АҚШ-та Ұлыбританияда, Францияда, Италияда дизайн ойлау әдісі психологияда, экономикада, инженерлік ғылым салаларында, техникада кең қолданылып келеді. 90-жылдары дизайн ойлау батыс елдерінде білім беру мен ғылымды дамытуда қолданыла бастады. Соңғы жылдары АҚШ-та орта мектептерде аталған бағдарлама кең көлемде жүргізіліп жатыр, осы әдіс XXI ғасырдың басында Еуропа мен Ресейде де білім беру жүйесіне кіріктіріліп, жүзеге асырылуда.
Дизайн ойлаудың басты мақсаты қоғамдағы шешілмеген мәселелерді инновациялық және креативті тәсілдерді қолдана отырып анықтау, әрі осы ашылған жаңалықты күнделікті өмірде қолдану. Дизайн ойлау әрекеті бір немесе бірнеше адамның емес, көбінесе үлкен топтың, ұжымның бірлескен әрекеті болып табылады. Дизайн ойлау әдісінің негізін салушылардың бірі американдық Герберт Саймонның айтуынша адам өміріндегі кездесетін қиындықтар мен түрлі мәселелердің шешімін табу, өмір сүруді жеңілдету үшін жасалатын шешімдер мен жаңалықтардың жиынтығы осы әдіс болып табылады.
Дизайн ойлау үрдісін алғаш рет білім беру мен ғылым салаларына енгізу Стэнфорд университетінің Дизайн мектебінде қолданысқа ие болды. Оқушылардың белсенді іс-әрекеті мен позитивті ойлануы, мәселеге сыни тұрғыда баға беруге үйренуі, шығармашылық дағдыны күшейтуге жетелейтін оң нәтижелері алғаш рет осы Стэнфорд университетінің қабырғасында айқындалғаннан кейін, бұл бағдарламаны білім беру саласына белсенді түрде кіріктіру жұмыстары жүргізіле бастады. Оқушыларға сабақ беруде Дизайн оқытуды қолданудың оқушылар белсенділігінің артуына оң әсер беретіндігін Стэнфорд университетінің профессорлары нәтижелі дәлелдер арқылы көрсетті, мектепте Дизайн оқытуды қолданудың артықшылықтары қандай болмақ, және оқушылардың креативті ойлануына қаншалықты көмектесе алады деген сұрақтарға жауап беру үшін түрлі тәжірибелер жасап, қорытындылар жасады. Оқушыларға сабақ беруде аталған бағдарламаның көптеген әдістерін қолдану арқылы шығармашылық дағдыны дамытудың маңызы зор.
Дизайн ойлау бағдарламасын мектептегі білім беру жүйесіне интеграциялаудың АҚШ-та сәтті жүргізілуінен кейін көп ұзамай бұл бағдарлама кең қанат жайып, Батыс Еуропаға тарай бастады. Сабақ беру үрдісінде дизайн ойлау бағдарламасын қолдану XXI ғасырдың басында Ресейдің мектептері мен жоғарғы оқу орындарында, кәсіпкерлік, психологиялық курстарда тәжірибеден өте бастады.
Қиын мәселерді шығармашылық тұрғысында және жаңа инновациялық технологияларды қолдана отырып шешудің тиімді жақтарын қарастыру дизайн оқытудың басты қағидасы. Түрлі шығармашылық креативті идеяларды тудыру, мен жүзеге асырудың жолдары арқылы оқушылар өз білімдерін өмірмен байланыстыруға үлкен мүмкіндіктері бар.
Бағдарламаның тиімділігі мен білім беру саласына кіріктірудің мүмкіндіктері мен маңыздылығы алғаш рет елімізде 2015 жылы қазан айында Шымкент қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зиякерлік мектебінде өткен семинарда жан-жақты қарастырылды. АҚШ-тың Калифорния штатындағы Silicon Valley Innovation Center мен Кремний даласы деп аталатын ғылыми орталықтың мамандары бірлесе отырып еліміздің мұғалімдерінің кәсіптік тұрғыда дамуына серпін беру үшін дизайн-ойлаудың арнайы бағдарламасын жасады. Осы курсты ұйымдастыру мен өткізу барысында арнайы мамандар дизайн ойлау бағдарламасы негізінде білім беру саласында жүргізуге болатын жаңа әдістер мен технологияларды таныстырып, аталған бағдарламаның АҚШ-тың оқу орындарында енгізудің сәтті және табысты тұстарымен ой бөлісті. Мектепте Дизайн ойлау әдісін қолдану арқылы оқушыларды үздік жобалар мен жаңа инновациялық шешімдерге жетелеу, шығармашылық дағдыны арттыру арқылы ғылыми жаңалық ашуға деген құштарлық пен ғылымға деген қызығушылығын арттыру алға қойылады.
Бағдарламаны үйретуге АҚШ-тан арнайы келген маман Рони Хабиб бес күн бойы Дизайн ойлау үдерісінің барлық қыр-сырларымен таныстырып, мәселені қалай анықтау керек екендігін және осы мәселенің түйінін тарқату үшін стандартты емес шешімдерді қолдануды ұсынды. Рони Хабибтің айтуынша бағдарлама негізінен дәл ғылымдарды оқытуда тиімдірек екендігін айта келіп сонымен бірге гуманитарлық пәндерге де қолданудың түрлі жолдарын практикамен көрсетіп берді. Дизайн ойлау үдерісінің негізгі қағидасы анықталған мәселеге терең бойлау арқылы мұқият бақылау жасау. АҚШ-тың Калифорния штатындағы Стэнфорд университетінің мамандары Дизайн ойлау үдерісін бес кезеңге бөліп қарастырады:
1.Түсіну.
2.Мәселені бағалау.
3.Идеялар.
4.Прототип.
5.Тест.
Түсіну деп аталатын бірінші қадамда нақты міндеттер мен мәселелерді анықтау, осы анықталған мәселелерді шешу үшін айқын мақсаттар қою керек. Бұл процесс бір немесе бірнеше адамның әрекетімен емес, үлкен ұжымның әрекетімен жүзеге асады. Өйткені көпшілік адамдардан түрлі идеялар мен жаңалықтардың туындауы заңдылық. Үдеріске белсенді қатысушы әрбір азамат өзінде туындаған идеялар мен мәселелерді ортаға салады.
Дизайн ойлау бағдарламасының екінші кезеңі-бағалау (фокус). Бұл кезеңде қатысушылар жобаның нақты тұжырымдамаларын анықтайды. Кезеңнің ерекшелігі сол дизайнерлер алдыңғы кезеңде естіген, көрген ортаға салған ақпараттарды жинап, жинақтайды. Жинақталған ақпараттар ұжым арасында талданып, ең маңыздысы таңдап алынады. Бұл кезеңде қатысушылар (оқушылар да болуы мүмкін) таңдап алынған ақпараттарға өзара қорытынды шығарып осы жобаны одан әрі зерттеу нысанына айналдырады, бұл кезең идеяларды жүзеге асыру үшін ұжым боп жұмыс жүргізумен ерекшеленеді.
Келесі кезең таңдалынған идеяны жүзеге асыруға бағытталады. Бұл кезеңде жұмыс табысты болу үшін алдыңғы кезеңде жинақталған ақпараттардың ең құндысы ең қажеттісінің жинақталуында. Бұл кезең нағыз шығармашылық жұмыстармен сипатталатын кезең, осы кезеңде идеяны жүзеге асыру жұмыстары жүргізіледі. Осы кезеңде оқушылармен жұмыс істегенде миға шабуыл, ойлан тап, видеомен жұмыс жасау сынды оқушылардың сыни тұрғыда ойлау дағдыларын дамытудың мүмкіндігі зор. Осы тұста айта кетерлік бір жайт оқушылар омы кезеңде шығармашылық, техникалық, көшбасшылық қабілеттерінің оянуы мен одан әрі дамуына себепкер болмақ.
Дизайн ойлау бағдарламасындағы келесі төртінші кезең Прототиптер құру. Бұл кезеңде алға қойылған мәселені шешуге бағытталған соңғы нәтижелі шешімге бағытталған макеттер мен модельдер жасалады. Прототип кезеңінде рөлдік ойынның сценариі толық дайын болып, ендігі мақсат оқушылар осы сценариді орындап шығуы керек. Яғни бұл кезең алдыңғы кезеңдерден өткен инновациялық идеяларды толықтай аяқтап жүзеге асыруға дайындайтын кезең болып табылады.
Прототип кезеңінде жүзеге асырылған макет немесе модель (көріністің сценариі, техникалық, гуманитарлық ғылымдардағы түрлі жаңалықтар болуы мүмкін) соңғы бесінші Тестілеу кезеңінде арнайы зерттеушілер командасының тексеруінен немесе шынайы өмірде тұтынушылардың сынағынан өткізіледі. Тестілеудің қорытындысы шыққан соң зерттеушілер тобы макетті немесе ғылыми жаңалықты өңдеп, шешімдерін шығарады.
Аталған бес кезеңді білім саласында қолдану арқылы оқушылардың алған білімдерін өмірмен байланыстыруға, шынайы тұрғыда шығармашылық қабілетін арттыруға және түрлі ғылыми жаңалықтар ашуға деген құлшынысын арттыру дизайн ойлау бағдарламасының басты қағидасы.
Мектептердегі білім беруде Дизайн ойлау бағдарламасын кіріктіру төмендегідей міндеттерді қарастырады:
Дизайн ойлау бағдарламасындағы стратегиялар мен идеяларды сабақтарда қолдану арқылы оқушылардың бойында шынайы өмірдегі күрделі мәселелерді шешуге деген қарымын арттыру
Оқушылар жобалау жұмыстарымен шұғылдануға мүмкіндік алады, презентациялар жасайды, түрлі жобаларға жоспар құрады, дәл ғылымдардарды меңгеруге, компьютерлік сауаттылығының артуына себепкер болады.
Дизайн ойлау бағдарламасындағы стратегиялар мен әдіс тәсілдерді әртүрлі мәдени іс-шараларда және қосымша сабақтарда қолдануға болады.
Мектепте Дизайн оқытуды қолданудың артықшылықтары қандай болмақ, және оқушылардың креативті ойлануына қаншалықты көмектесе алады деген сұрақтарға жауап беру үшін түрлі тәжірибелер жасау
Қиын мәселерді шығармашылық тұрғысында және жаңа инновациялық технологияларды қолдана отырып шешудің тиімді жақтары қарастырылды. Креативті идеяларды тудыру, мен жүзеге асырудың жолдарын қарастыру.
Дизайн оқытудың тиімділіктерін мектептегі сабақ барысында барынша кең қолдану, және өзіміз жасаған креативті идеяны қорғап, оның пайдалы және тиімді жолдарын нақтылау.

1.2 Дизайн өнерінің түрлері
Бастауыш сынып оқушылары өзінің сезімдік күшімен дизайндық талаптардаң философиялық жіне психологиялық табиғатын терең сезінеді. Бұны оқу курсын құрастырғанда негізге алу керек. Дизайнның субъективтік ережелерін оқушылар осы кезеңде меңгереді.
Екінші сыныптан бастап, оқушыларға көптеген ахуалдар ұсынуға болады. Мұнда олар заттық ортаның ақпараттары туралы ойлайды. Мысалы, сәнді құмыраның аппликациясын орындаудың алдында көптеген құмыралардың бейнелерін көрсетіп, мына сөздермен оқушылардың назарын аударуға болады: "Мына барлық құмыралар гүлдер үшін жасалған, әр құмыраның пішініне қарай сәйкес букет салынып, сәйкес бөлмеге қойылу керек. Солай емес пе? Суреттерге қарап айтыңдар, осы құмыралардың қайсысына раушан гүлді салған жөн болады, ал қайсысына-қызғалдақты? Неге? Тағы қандай гүлдер қалған басқа құмыраларға сәйкес келеді?"
Басқа сабақтарда оқушылар заттық ортаның күрделі проблемаларын шешуге ойланады. Мысалы, "Біздің ұйымдарымыз не туралы айтады" циклінде. Ыдыс-аяқ жасаудың алдында мына сұрақтарға тоқталамыз: "Бұйымдар сөйлесе ала ма? Иә, әсіресе біз туралы. Өйткені олар өзіміз сияқты: байсалды және ұстамды немесе айғайшыл, тиышсыз; көңілді немесе көңілсіз; таза немесе онша емес ... . " Мысалы, кеселер, олар неге әртүрлі? Өйткені, біздің өміріміз дағдылы және мерекелерден, бақытты және бақытсыз күндерден тұрады, біз де әртүрліміз-сондықтан әр түрлі кеселерді таңдаймыз. Әр түрлі пішінді, түсті, суретті! Сенің де жақсы көретін кесең бар ма? Ол қандай? Айтып кетейік, білімділік мағынасында әсіресе сабақта осы ақпарат негізгі болып табылады, ал апликация - "заттық нәтиже" емес. Келесі әрекет былай беріледі, берілген ақпаратқа оқушылардың зейінін аударып, оны белсенді және жете меңгеріп практикалық жұмыста қолдануды жалғастырамыз. Заттық ортаны адам өзі құрайтындықтан және табиғаттың ішінде өмір сүретіндіктен, барлық дизайнерлік жұмыс проблемалары осы жағдайды ескере отырып шешілуі қажет. Гармониялы қолөнер табиғатпен үйлеспеуі мүмкін емес. Сондықтан біз дизайнерлік білім беру жүйесінде табиғаттың орасан зор тәрбиелік әсерін қолдану мүмкіндігіне ие боламыз.
Бүгінгі таңда біз оқушылардың табиғатқа деген ойды, ынталы көзқарастарын қалыптастыратын жаңа жолдар іздестіру қажеттігін түсініп отырамыз. Осы әр бір оқу пәндері қандай үлес қоса алады? Осы орайда еңбек сабағы басқа пәндер атқара алмайтын қандай міндеттерді өзіне алуы мүмкін? Соны байқайық. Мысалы, дизайндық білім беру табиғат саласынан қамтып қарастырады. Ол соңғы онжылдықты табиғат заңдарымен ондағы адамның алатын орны жайлы жаңа ұғымдар қалыптастыруына байланысты; қолдан жасалған өмір сүру ортасын құру кезінде табиғат заңдарын толық ескермеу оған кері әсер ете бастады. Сонымен қатар дидактика мен педагогикалық-психалогияның қазіргі жағдайы еңбекке баулу әдістемесінде қалыптасқан кейбір әдістерді қайта қарауға мәжбүр етті.
Еңбекке баулу сабақтары, дизаиндық білім беруді ең маңызды екі мәселені ашатындай етіп құру керек:
А) табиғи нысандардың коструктивтік идеялары;
Б) олардың образдарының ерекшелігі, әдемілігі және үйлесімділігі.
Бір жағынан, бұл ілімдер ерекшеленді (яғни, көркем құрастыру саласына жатады). Ал екіншіден, олар әмбебап және балаларға адамның тұрып жатқан ортасы және оның жаңалық күйде оның алатын орны жайлы түсінігін қалыптастырады.
Еңбек сабағында осы екі жақтың бір-бірімен байланысты екендігін байқауға болады: жетілдіретін конструкция өзгелерге қарағанда әдемілеу.
Табиғат нысандарында элементтерді ұйымдастырудың басқа да бірнеше қағидаларын қарастыруға болады, бірақ ортақ идея мынада: табиғаттың өзіне тән бұлжымас тәртібі бар; оны математикалық есептер арқылы тексеруге болады, ал сырттай ол ерекше үйлесім мен сұлулық сияқты қабылданады.
Сөйтіп біз табиғаттан жасампаздықты және оны бере білуді үйренеміз:
-- конструкцияның мейлінше ақылға қонымдылығын, сыртқы қоршаған ортаға бейімделуін;
-- ұйымдасқандық, көріктілік және тәртіп;
-- симметриялық жіне ассимметриялық;
-- ритм және конструкциялармен табиғат образдарындағы басқа да идеялар.
Табиғат өзін сұлу және үйлесімді ету үшін белгілі бір әдістерді қолданады. Дизайндық білім беру аясында осы сабақтарда орынды қолданылатын және оларды сендіретін, тәрбиелік әңгімелесуді балалармен жұмыс істеу кезінде қолдануға болады.
Дизайнерлік білім берудің барлық танымдық аспектілерін оқушылар "жалпыдан жалқыға" қағидасы бойынша игерілуі керек. Ол сабақтан сабаққа тиісті фактілерді жинақтау ғана емес, оларды бірден ой елегінен өткізіп отыру деген сөз. Бастапқы сабақтан бастап оқушылардың бір ойлау қабілетін, бағытын қалыптастырып, сол арқылы алдағы уақытта өз бетімен таңдап, қажетті ақпаратты интерпретациялау мүмкіндіктерін дамыту қажет. Мысалы, бірінші сынып оқушылары қағаз гүлдер мен мазақтаудың декоративтік композициясын аппликация техникасында орындау кезінде, табиғат жасаған үйлесімділікті өз жұмыстарында көрсетуге тырысады. Ол үшін сабақта міндетті түрде оқушыларға өздерінің декоративтік образдар табиғаттарымен салыстыруға мүмкіндік беретін көрнекі құралдар қажет: мақсаттың құрылысы, гүлдің талшықтары, балықтың денесіндегі қабығы қалай орналасқан, түрі-түсі қандай, саны қанша? Көбелектің қанаты қандай, қалай орналасқан және т.б. Әрине, өз жұмыстарында оқушылар табиғатты дәл көшірмейді, тек олардың негізінде көркем образдар жасап, белгілі бір әдістерді қолданады.
Ғылыми деректер бойынша дизайнерлік ойлау қабілеті мынадай көрсеткіштерден тұрады:
-конструктивтік;
-ақылға қонымдылық;
-өзгермелі икемділік;
-стиль мен стильдік үйлесімді сезе білу.
Дизайн - көркемсурет және сәулет өнерінің өнеркәсіп бұйымдарының ең үздік үлгілерін жасау және заттық ортаны үйлестіру шараларын қамтитын бағытының атауы. Дизайн қызметінің ерекшелігі - әсем әрі көркем жасалған тұтыну заттары мен бұйымдардың қоршаған ортаға лайық үйлесімін жүзеге асырып, ұдайы олардың жаңа үлгілерін ойлап табу.1928 ж. АҚШ-та пайда болды.
Дизайнер термині 1600 жылдарға жатады. Бұған дейін орындық жасайтын қолөнерші дизайнер де, дайындаушы да өзі болатын. 1800 жылдарға қарай фабрика жұмысшылары арнайы дизайнер әзірлеген дизайн бойынша көптеген орындықтар шығарды. Ақын және дизайнер Вильям Морис 1880 жылдары фабрика бұйымдарына қарсылығын білдірді. Ол қол өндірісіне қайта көшу үшін Өнер және қолөнер қозғалысын бастады. Шансорғыш сияқты алғашқы электр құралдары көрер көзге кескінсіз болды. Қәзіргі уақытта біз үй құралдарының тек жақсы жұмыс істейтініне ғана емес, үй ішіне үйлесімділігіне де мән беріп жатамыз, соңдықтан дизайн - қазіргі тауарларды шығарудың маңызды қасиеті.
Терминдік атауы жаңа болғанымен, оның негізі ерте замандарда-ақ қалыптасқан. Мысалы, қазақ халқының қолөнер бұйымдарының (қобыз, домбыра, сандық, ожау, торсық, қару-жарақтар, сәндік әшекейлі бұйымдар, т.б.) қайталанбас түрлері этнодизайндық үлгіде жасалған. Безендіру өнерінде де дизайнның әдіс-тәсілдері мен тәжірибесі кең қолданылады. Дизайн өнері заман талабына орай үнемі өзгеріп, дамып отырады. ТМД елдерінде, соның ішінде Қазақстанда дизайн өнері 1960 жылдан бастап жүйелі түрде қалыптасып, дами бастады. 1987 ж. Қазақстан Дизайнерлер одағы құрылды. Дизайн өнері қазіргі өскелең тұрмыстық жағдайлар мен талап-сұраныстарға байланысты жаңа сипаттарға ие болуда. Жарнама, плакаттар, кітап безендіру, өндіріс бұйымдарын жасау, жиhаз бұйымдарының жаңа үлгілерін өмірге әкелу, т.б. қазіргі заманғы кәсіптердің дамып-жетілуі дизайн өнерімен тығыз байланысты. Ұлттық этнодизайн да өзіндік қолтаңбасы бар өнер ретінде заман талабына сай даму үстінде.
Дизайнер мамандығы қазіргі уақытта алдыңғы орындардың біріне ие, нарықтық экономикадағы саласы дизайн қамтиды көптеген бағыттары -- өнеркәсіптік дизайн, графика және буып-түю, тоқыма, киім модельдеу, ұйымдастыру, қалалық және ауылдық ортаны жобалау, интерьер және жарнама, веб-дизайн. Термині дизайнер өрт латын designare -- көрсету, намечать, істеу керек. Ресей өте ұзақ уақыт қарым-қатынасы мемлекеттік тіл-татулықтың ұйытқысы болды театрдың қатысты еркін суретшілерге: болып саналды, және сол, және басқа да болып табылады творцами. Алайда, дизайнер жасайды өз үшін емес, өнер үшін нақты тапсырыс берушінің және міндетті болуы туралы түсінік қажеттіліктері туралы өзінің клиенттің, сондай-ақ соңғы тұтынушы. Міндеттері дизайнер анықталады, сайып келгенде, мүдделері мен қоғам сұраныстарына, ал қоймады, өзінің екпіні, шығармашыл жандар. Әдетте, кәсіби маман жақсы талдай мүсін, кескіндеме, сурет техникасы, композиция негіздері, эргономика және тіпті психология. Сонымен қатар, қажет білім нарығындағы ахуал туралы, қозғалу тауар, үстінен ресімдеумен ол жұмыс істейді. Кәсіби маңызды қасиеттер үшін дизайнер болып табылады көркем қиял, кеңістіктік-бейнелік ойлау, бейімділік. Орташа жалақы дизайнер - 500-600 $, бірақ ставкасын айтарлықтай артады өсуімен, олардың біліктілігі мен кәсіпқойлығын арттыруды.
2.Дизайн түрлері:
Анимациялық дизайн
Сәулет дизайны
Веб-дизайны
Графикалық дизайн
Интерьер дизайны
Киім дизайны
Ақпараттық дизайн
Ландшафтық дизайн
Баспа дизайн
Анимация, фр. Animation - тірілу; жандану).сонымен қатар мультипликация-кино өнерінің бір түрі және оның шығармасы (мультфильм), сонымен қатар сәйкес технология.Компьютерлік анимация - алдын-ала дайындалған графикалық файлдардың тізбектелген көрсетілімі (слайд-шоу), сонымен қатар объекттілер формаларын немесе тізбектелген суреттердің көрсетілімін өзгерту арқылы жүретін қозғалыстың компьютерлік имитациясы.Анимация - қонақ үйлерде, корпоративті іс-шараларда, балалар лагерлерінде, балалар кештерінде бос уақытты ұйымдастыру; демалушылардың мәдени іс-шараларға жеке қатысуымен байланысты бағыт.Анимация - ресейлік рок тобы.
Сәулет - құрылыс өнері; жобалау және құрылыс салу өнері.Архитектура, сәулет өнері - құрылысты жобалау, салу, оған көркемдік бейне беру өнері. Архитектура латынша archіtectura, ал грекше аrchіtekton, яғни құрылысшы деген мағынаны білдіреді. Архитектура туындылары адамның күнбе-күнгі тіршілік ортасын қалыптастырады. Олар: әр түрлі қажеттіліктерді атқаруға арналған және адамның эстетикалық талғамына жауап бере алатындай болып салынған тұрғын үйлер, қоғамдық ғимараттар, өнеркәсіптік кешендер. Сәулет өнері - техниканың, ғылымның және өнердің тоғысқан жері. Адамзат баласы көне заманнан бастап құрылыспен айналысқан. Адамдар неолит кезінде үйді ағаштан, қамыстан, талдан және балшықтан салды. Су айдынында, қағылған қазықтың үстіне тұрғызылған үйлер де болған. Біздің заманымыздан бұрынғы 2-мыңжылдықтың ортасында ірі тастардан қаланған монументті құрылыстар: кромлехтер, менгирлер мен дольмендер пайда болды. Менгирлер тігінен қойылған биік тастар тізбегінен тұрады.
Веб дизайн деген не? Веб дизайн бұл интернеттегі сайттардың сыртқы бет әлпетің жасауды үйрететін сала. Сайттағы элементтердің қандай болуы керек, қандай түстерді пайдалану керек дегенді үйрететін пән. Мысалы осы сайттың әріптерін, стилін әсемдеу үшін дизайнерлер жұмыс істеген. Оқушыларға ыңғайлы болуы үшін. Сайтты пайдаланған адамдар қиналмай қалуы үшін.
Сонымен веб дизайн бұл сайт жасауда пайдаланатын құрал. Дизайны нашар сайттарды ешкім оқымайды, пайдаланбайды. Бұндай сайттардан ел аулақ жүреді. Сондықтан сайт дизайны деген не десеңіз бұл сайттағы адамдардың үмітің ақтау үшін керек құрал.
Негізінде графикалық дизайн:
Мәтін мен суреттерді жарнамаларда, журналдарда немесе кітаптарда біріктірудің өнері немесе шеберлігі Көрнекі байланыс, коммуникациялық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бейнелеу өнері және сызу
Бейнелеу өнері пәнін оқыту эстетикалық сезімдерді, бейнелеу өнеріне қызығушылығын тәрбиелеу
Қазақ өнерінің тарихы
Балалардың эстетикалық тәрбиесінің маңызы және дамуы
Экодизайн технологиялары арқылы болашақ бейнелеу өнері мамандарының кәсіби шеберлігін қалыптастырудың ерекшеліктері
Дизайн технологиялары арқылы болашақ мамандарының кәсіби шеберлігін қалыптастырудың мәні
ЭКОДИЗАЙН ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ АРҚЫЛЫ БОЛАШАҚ ДИЗАЙН МАМАНДАРЫНЫҢ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қиялды дамыту жолдары
Визуалды өнер
Абстракция туралы ұғым
Пәндер