Зәр шығару жүйесінің клиникалық белгілері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
ШЖҚ КМК «АТЫРАУ ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ»
Бекітемін
Ғылыми-әдістемелік
бөлімнің меңгерушісі,
ӘК төрайымыКуанова И. А.
«__»20 __ж
ДӘРІС КЕШЕНІ
Мамандық: 0302000-«Мейіргер ісі»
Біліктілігі: 0302043-«Жалпы практика мейіргері»
Курс: 2
Семестр: ІV
Барлық сағат / кредит көлемі KZ -40/20
Атырау, 2024 ж.
Пәннің /дәріс кешенін құрастырған: Э-02 «Денсаулық сақтау жүйесіндегі мейіргердің атқаратын рөлі» пәнінің оқытушысы
0302000-«Мейіргер ісі» мамандығы бойынша оқу жұмыс жоспары
негізінде құрастырылды.
Тақырыбы:Зәр шығару жүйе бұзылысындағы мейіргерлік үрдісті ұйымдастыру
Мақсаты: Зәр шығару жүйесінің бұзылуының көріністерін білу, меңгеру: зәрдің болмауы, зәрді ұстай алмауы, ісіктер, дизурия, полиурия, анурия, олигурия, гематурия, поллакиурия. Зәр шығару жүйесінің бұзылуы кезінде пациентке күтім көрсету ерекшеліктерін, мейіргерлік тексеру әдістері және тәуелсіз араласуды; аралас көмек бойынша жоспарды құрастырып науқастарға сапалы күтім жүргізуді үйрету.
Жоспары:
- Зәр шығару жүйесінің клиникалық белгілері.
- Зәр шығару жүйесінің қызметі бұзылған кездегі шағымдар
- Зәр шығару жүйесінің қызметі бұзылуы
- Зәр шығару жүйесінің қызметі бұзылған кездегі мейіргерлік кірісулер.
- Зәр шығару жүйесінің қызметі бұзылған кездегі мейіргерлік үрдіс
Зәр шығару жүйес і- зәр бөлінетін мүше- бүйректер, несеп ағар, қуық, зәр шығару өзегі- зәр шығару жолдарынан тұрады. Бүйректің патанатомиялық микроскопиялық негізгі құрылымы нефрон болып табылады. Бүйрек ағзаның іс-әрекетінің дәрісінде пайда болатын улы керексіз қалдықтарды ағзадан шығаруға қатынасады. Бүйрек қанды сүзіп, зәрді бөліп шығарады. Несеп ағар түтігі арқылы зәр қуыққа түсіп, зәр шығаратын арна арқылы сыртқа ағып шығады. Зәрдің түзіліу дәрісі екі кезеңмен жүреді: бүйрек денешіктерде, шумақтарда қанның сары суы сүзіледі (құрамында аздаған ақуызы бар алғашқы зәр) және арналарда алғашқы зәрдің құрамындағы кейбір бөлшектер қайтадан кері сорылады (су, натрий хлориді), осы дәрістің нәтижесінде ағзада яғни, бүйректе толығымен өнделген (екіншілк) зәр пайда болып, сыртқа ағып шығады. Зәр түзілуінің толық тоқтауын - анурия деп атайды. Зәрдің бөлінуінің азаюын - олигурия, зәрдің көп бөлінуі - полиурия деп атайды, никтурия - түнгі несептің шектен тыс көп болып түзілуі.
Үнемі салыстырмалы тығыздығы төмен зәрдің бөлінуін гипоизостенурия деп атайды. Несеп түзілуі, оның сыртқа шығару үрдісі - диурез деп аталады
Шағымдары. 1. Бел аймағының ауруы- науқастарының жиі шағымдарының бірі. Ауырғандықтың орынын анықтаған жөн. Бел аймағындағы ауырғандық себебі- бүйрек ауруларына, несеп ағар бойы және қасаға үсті аймағы аурулары -қуық ауруларына тән. Бүйрек тас ауруында ауру төмен қарай, шап аймағына, жыныс аралық аймаққа таралады. Аурудың сипатына көңіл бөлу керек. Бел аймағының сыздап, түйық ауруы жүрек декомпенсациясы, глумерулонефрит, созылмалы пиелонефрит пайда болатын «іркілген бүйрекке» тән. Бел аймағы бір жағының кенеттен өткір басталып ауру бүйрек инфекциясына тән. Бұл ауырғандық бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке дейін ұзақ уақытқа созылып кейіннен біртіндеп басылады кейде бүл ауырсыну біркелкі тұрақтыға айналуы мүмкін. Кейбір науқастарда бел аймағы немесе төмен қарай несеп ағар бойымен ұстамалы қатты ауру
пайда кеде үдей түсіп кейде басылуы байқалады бұл бүйрек шаншуы. Ауру кенеттен басталып науқас өзіне ыңғайлы, ауырғандықтың басылып немесе жойылуын туғызатын қалыпты таба алмай мазасызданады. Ауырғандық төмен қарай қуыққа, жыныс мұшелеріне, сан ішкі бетіне таралады
Зәрдің шығуының бұзылуы дизурия деп аталады. Зәрдің тәулік мөлшері 2 литрден артық болса полиурия деп аталады. Полиурия бүйректегі немесе бүйректегі емес болып бөлінеді. полиурия зәр айдайтын препараттарды қолданғанда бүйрек немесе жүрек ісіктерінің жойылу кезінде сұйықтықты көп ішумен байланысты. Зәр салыстырмалы тығыздығы жоғары ұзаққа созылған полиурия қант диабетіне тән. Ал зәр салыстырмалы тығыздығы төмен болуы полиурия изогипопостенурия деп аталады ол созылмалы бүйрек жетіспеушілігіне тән. Тәулік бойы бөлініп шыққан зәрдің мөлшері 500 мл аз болуы олигурия деп аталады. Олигурия бүйректен тыс себепті болуы да мүмкін ішкен сұйықтық аз болуы құғақ, ыстық жерде ұзақ уақыт болуы шамадан тыс тершеңдік, тоқтаусыз іш кету, құсу
Көп жағдайда олигурия бүйрек және зәр шығару жолдары ауруларының себебі болып табылады: жедел гломерулонефрит, ауыл металдармен улану
Зәрдің бөлінуінің толық тоқтап қалуы анурия деп аталады. Бірнеше күнге созылған анурия уремияға ауысып адамның өліміне әкеліп соқтырады. Анурия дамуы гломерулонефрит ауруының ауыр түрінде сулемамен басқа да нефротоксикалық заттармен улануда көп мөлшерде қан кету, шок, байланысты болады. Кейде зәр шығару жолдарының кедергі болуы: тас немесе қабыну ісігі, қатерлі ісіктер анурия дамуына соқтырады. Анурияда зәрдің тоқтап қалуы жүрмей қалуы (ишурия) ажырата білу керек. Ишурия кезінде науқас өз бетімен қуықты босата алмайды мысалы: жұлын зақымданғанда немесе басылып қалғанда комотозды жағдайда. Кейде зәрдің жиі бөлінуі байқалады- бүл поллакиурия деп аталады. Дені сау адам тәулігіне зәрге 4-7 рет отырады ал әр шыққан сайын зәрдің мөлшері 200-300 мл (1000-2000 мл тәулік бойы) Зәр мөлшерінің ауытқуы адамның қоршаған ортасына температурасына, ішкен сұйықтығына байланысты,
Қалыпты жағдайда күндізгі диурез мөлшері түнгі диурезден артық болады. Кейбір патологиялық жағдайда түнде де күндіз де шыққан зәр мөлшері бірдей және зәрге отыру уақыт аралығы да бірдей болуы- изурия деп аталады. Кейде зәр шығару түнде жиі көп мөлшерде болады -бұл жағдай никтурия деп аталады. Кейде қуықтың немесе үрпінің қабыну ауруларында қиындықпен және ауырғандық пен зәрге отыру орын алуы мүмкін бұны дизуриялық бұзылыстар деп аталады.
Ісіктер . Ісіктер көбіне жедел және созылмалы гломерулонефрит, нефротикалық синдром. Науқастан сұрастырып анықтау қажет: ісіктер қай жерден басталады, таралу реті мен жылдамдығы. Бүйрек ісігінің жүрек ісігінен айырмашылығы- ол көбіне таңертең беттегі ісік, кейін ісіктер синдромы дауына байланысты аяқта, кейбір жағдайда көлемді ісіктер анасарка айналады. Бүйрек ісіктерінде науқас терісі бозарған сипап қарағанда-мұздай. Бүйрек ауруларында науқас мәжбүрлі қалыпта болуы (ортопное) қажет етпейді және ентікпе болмайды.
Зәрдің түсінің өзгеруі Науқас көбіне зәр түсінің өзгеруіне шағымданады. Жедел диффузды гломерулонефрит макрогематурия байланысты зәрдің түсі «жас ет жуған су» тәрізді түске өзгереді. Бүйрек тас ауруы бүйрек қатерлі ісігінде зәр қан түстес (макрогематурия) болуы мүмкін. Зәрдің түсі кейбір дәрілердің әсерінен де өзгеруі мүмкін. Сыра түстес- бауыр сарғаюында, қара қоңыр түсті-бауыр үсті сарғаю, қоңыр-қызыл- сүт қышқыл тұздары көбеюінде. Зәр лейкоциттер кілегей қан болса лайлы болады. Зәр құрамының өзгерісін лабораториялық жолмен анықтайды.
Сыртқа шығару жолдарының ауруларындағы шағымдары.
Ісіктер. Бүйрек ауруларында ісіктер көлемі бойынша әр түрлі, тұрақтылығы, көрінісі, орналасуы. Көбінесе ол, бетте, көз астында таңертенгілік көрінеді. Көрініс беретін ісіктер синдромында ісіктер сирақта болуы мүмкін. Кейде ісіктер көп мөлшерге жетеді, барлық тері асты клечаткасын қамтиды (анасарка) . Кейде сұйықтық кеуде торына да жиналады (гидроторакс) және іш астарында (асцит) . Ісіктер күнделікті зәр мөлшерінің азаюымен түсіндіріледі - легурия (тәулігіне 500 мл аз) немесе анируя (тәулігіне 200 мл аз) . Зәрдің кенеттен азаюы немесе болмауынан өткір зәр тұрып қалуы болуы мүмкін, зәр түтігінде болғанда, анықталған қиындықтар бойынша зәр түтігінен шығарылмайды. Тәуліктік зәр мөлшерінің қалыптан тыс көбеюі - полиурия (тәулігіне 2000 мл көп) . Ісіктердің жылдам қайтуына немесе ХПН - нің дамуынан) .
Бүйрек ауруларындағы ісіктердегі мейірбикенің кірісулері:
Мақсаты: Ісіктерді қайтару, салмағын төмендету.
1. Пациентке және оның туыстарына №7 - емдәм туралы түсіндіру.
2. Тағамдарын тексеріп отыру.
3. Теріні, шырышты қабаттарын күту.
4. Су балансын қадағалап отыру.
5. Дәретін қадағалап отыру.
6. Жылы судно мен қамтамас ету.
7. Төсекті жылыту үшін, жылытқыш беру.
8. Салмағын 3 күнде 1 рет тексеріп отыру.
9. Дәрігер тағайындаған дәрілерді уақытымен ішкізіп, қадағалап отыру.
... жалғасы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz