Ара шаруашылығы өнімдері
Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті
Коммерциалық емес акционерлік қоғамы
Вет-сан экспертиза және гигиена кафедрасы
СРС
Тақырыбы: Ара шаруашылықтарының келтіретін пайдасы, ара өнімдерінің түрлері,сипаттамалары, пайдалану салалары
Орындаған: Нұрмұханбетова.А
Топ: ВС-416
Тексерген: Узынтлеуова.А
Алматы, 2022
Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім:
Ара шаруашылығы өнімдері
Аралар түрлері және тіршілігі
Омарта шаруашылығының даму тарихы
Ара шаруашылығынан алынатын өнімдердің тигізетін пайдасы
ІІІ. Қорытынды
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер
І.Кіріспе
Ара шаруашылығы немесе Омарта шаруашылығы - ауыл шаруашылығының ара өсіріп, бал жинаумен айналысатын бір саласы. Ара шаруашылығы. ерте заманнан бері бал ғана емес, басқа да құнды өнімдердің (ара уы, прополис, балауыз, ара желімі, т.б.) көзі болды. Қазақстанда Ара шаруашылығы кәсіпшілік ретінде алғаш Шығыс Қазақстан өңірінде дамыған. 1777 ж. Ресей ғалымы П.С. Паллас Үлбі өз-нің бойы бал арасын өсіруге қолайлы екендігін жазған. 1812 ж. Үлбінің ара өсірушілері бірнеше рет Ірбіт жәрмеңкесіне қатынасып, балдарының дәмі мен тамақтық сапасы жоғары екенін іс жүзінде дәлелдеді. 19 ғ-дың ортасынан бастап омарталар Жетісу мен Іле Алатауларының көптеген жерлерінде, Ыстықкөл маңайына, Орта Азия елдеріне тарады. Тянь-Шань тау жүйесінің табиғаты бал арасы үшін ең қолайлы жер болды. Қазақстанда Ара шаруашылығының дамуы алмалы-салмалы омартаны кең қолданудан басталады, оған дейін бал аралары ағаш ұяларда өсіріліп келген болатын. Ара шаруашылығын дамытуға ғалымдар - Б.Герасимов, П.А. Ермаков, Е.П. Михаэлис, А.Н. Федоров, т.б. зор үлес қосты. Федоров ара өсіру мектебін ашып, өзі онда ақысыз дәріс берді. Ол Шығыс Қазақстанға бал беретін өсімдіктердің тұқымын алдырып, оны жергілікті ара өсірушілерге таратты және омартаға қажетті жаңа құрал-жабдықтар әкелдірді. 1915 - 16 ж. оның басшылығымен Оңт.-батыс Алтай ара өсірушілерінің 2-съезі өткізілді. Бал араларын өсірумен атағы шыққан алғашқы қазақ Алматы облысы Қабанбай ауылының тұрғыны Ә.Құрманбаев болды. 1934 жылға дейін Ара шаруашылығы республиканың тау және тау етектеріндегі аудандарда ғана дамыды. Кейін омарталар Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының таулы аудандарында және Солтүстік Қазақстан облысының орманды, егінді алқаптарында қанат жайды. Араның балы тағам ретінде, ал балауызы өнеркәсіптің металлургия, радиотехника, автомобиль, химия, т.б. салаларында шикізат ретінде пайдаланылады. Ал прополис, ара уы, т.б. осы сияқты ара өнімдері медицинада, ветеринарияда және косметикада кеңінен қолданылады.
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Ара шаруашылығы өнімдері
Ара шаруашылығы ауылшаруашылығының дамыған бір саласы болып табылады. Арадан алынатын өнімдер халық шаруашылығында кеңінен қолданылып келеді. Балды тағам ретінде, ара балауызын кәсіпорын салаларында шикізат ретінде қолданылуда. Кейінгі жылдары медицина мен ветеринария тәжірибесінде, сонымен қоса косметика саласында ара шаруашылығы өнімдерін пайдалануда. Олар: аналық ара сүті, прополис, бал ара уы; Бал бүгінгі таңда жоғарғы тағамдық өнім ғана емес, сонымен қатар көптеген ауруларда емдік зат болып табылады. Қазіргі кезде ғылыми зерттеулер ежелгі дәрігерлер мен философтар ұзақ жасау диетасы ретінде жоғарғы баға берген. *Лабораториялық зерттеулермен клиникалық бақылаулардың нәтижесінде балдың құрамы өте күрделі екендігі анықталған. Бүгінгі таңда бал тек қана жоғарғы тағамдық өнім ғана емес сонымен қатар көптеген ауруларда емдік зат болып табылады. Ара балы табиғаттың керемет сыйы. Қазіргі кезде ғылыми зерттеулер ежелгі дәрігерлер мен философтар ұзақ жасау диетасы ретінде жоғарғы баға берген.Лабораториялық зерттеулер мен клиникалық бақылаулардың нәтижесінде балдың құрамы өте күрделі екендігін анықтаған. Оның құрамында организмге бағалы жүздеген компоненттер бар: глюкоза, лебулеза, витаминдер, ферменттер, органикалық қышқылдар, микроэлементтер, минералдар, горманалды, антибактериалды тағы басқа заттар. Осы бір пайдалы да дәмді өнімді белгілі жәндіктер бал аралары өндіреді.
Балауыз- аралардың арнайы сөлінен түзілетін қатты, ұсақ түйіршікті, түссіз, қошқыл-қоңыр түсті зат. Өндірістің 40-тан астам салаларда, соның ішінде авиациялық, текстильді, фармацевтикалық, сонымен қатар медицинада, парфюмерияда және косметикада кең қолдану тапқан.
Гүл тозаңы- аралар гүлден жинайды, моносахаридтерге, минералды және белоктық заттарға, ферменттерге, витаминдерге, өсу гормондарына өте бай. Ол ара тұқымын азықтандыру үшін, аналық сүтін ферментті және балауызды өндіретің бездерді қамту үшін қызмет етеді. Тозаң концентрленген өнім болып саналады және медицинада, косметикада қолданылады.
Перга- аралармен жинап алынған және өңделеген әр түрлі өсімдіктердің тозаңдары. Ол маңызды белокты азық, оның жеткіліксіздігі ар жанұясының өмір сүруінің нашарлауына әкеледі. Ферменттердің әсерінен тозаңда сүт қышқылды ашу жүреді, осыдан түзілген сүт қышқылы тозаң мен бал қосылысын консервілеп оны пергаға айналдырады. Құамында белок, қант, май, минералды заттар, сүт қышқылы, витаминдер, гормондар бар.
Прополис- араның желімі, бал алып жүруші аралар дайындайтын шайырлы зат. Аралар прополиспен ұяның қабырғаларына жағып, тесіктерін бітеп, кәрезі ұяшықтарын сылайды. Олар стерильді және берік болу үшін. Прополистің негізгі бөлігі ретінде өсімдік шайыры, балауыз, эфирлі майлар, гүл тозаңы саналады. Құрамында әртүрлі элементтер, витаминдер, бактероицидтік, антитоксидтік, қабынуға қарсы анестезирлеуші және стимульдеу қасиеттеріне ие.
Ара уы- аралардың секторлы сөлінің өнімі, түссіз өткір иісті, күйдіргіш дәмі бар өте қою сұйықтық. Медицинада кеңінен қолданылады.
2.2. Аралардың түрлері және тіршілігі
Ара сөзін естігенде адамдардың көпшілігінде шамамен бірдей ассоциация туындайды. Кейбіреулерде балалық шағында ұқыпты май жағылған ақ нанның үзігі, тәтті әрі дәмді балмен байланысты позитивті ойлар болады. Басқалар балдың миллиондаған пайдалы қасиеттерін және оны суық тию, баспа және ауырған азғаның жағымсыз жағдайларында қолданудың мыңдаған тәсілдерін есіне түсіреді. Үшіншілер үшін ара шағып алады деген қорқыныш тудырады.
Сонымен қоса, бүгінде біздің экожүйемізді бұл жәндіктерсіз елестету қиын. Олар гүлдейтін өсімдіктерді тозаңдандыруда маңызды роль атқарады.Апологиямен айналысатын адамдардың пікіріне қарағанда, аралар туралы ғылым дәл осылай аталады, бүгінде аралардың 20 мың түрі бар екен. Олар біздің ғаламшарымыздың барлық бұрыштарында мекендейді, әрине, Антарктидадан басқа. Аралар шірне және тозаңмен қоректенеді. Аралардың жалпы құрылымы, олардың сыртқы түрі туралы біз биология бойынша мектеп сабақтарынан, сонымен қатар жазғы бақтағы қарапайым бақылаудан білеміз. Сонымен қатар бұл керемет жәндіктер түрлерінің абсолюттік көпшілігі өте аз зерттелген.
Аралар жоғары ұйымдастырылған жәндіктер болып табылады. Мысалы, қоғамдық аралар бір-бірімен хабарласа отырып тамақ, су іздейді, бірге жаудан қорғанады. Олар бірге ұя жасайды, ұрпағын өсіреді. Әрине, жеке өмір сүретін аралар да бар. Олардың ішінде патшайымдары, жұмыс аралары және арамтамақтары да бар. Барлығы адамдарда сияқты ғой, рас па? Аралар адамдармен өте ерте уақыттан бері бірге өмір сүріп келе жатыр. Әрине, оларға қатыстылардың бәрі аңыздар мен мифтер тудырды. Мысалы, ежелгі Египетте қайтқан адамның жаны ара түрінде бұл дүниеден көшетініне сенімді болған. Грекияда бір уақыттарда Олимп құдайлары ең тәтті шәрбартпен қоректенеді деп сенген, ал жоғарғы құдай Зевсті балмен тамақтандырған. Аралар туралы қасиетті жазуларда да айтылады: Библияда және Құранда. Мысалы, Библия патшасы Соломон: Араға бар да, оның қандай еңбекқор екенін, оның қандай құрметті жұмысты атқаратынын біл, оның еңбегін денсаулық үшін патша да, қарпайым адамдар да тұтынады; оның күші аз болса да, даналығымен құрметтеледі, оны бәрі жақсы көреді және ардақтайды, -деген екен. Құранда тұтас бір сүре араларға арналған: Сенің Тәңірің араны: Тауда, ағаштарда және құрылыстарда үй тұрғыз. Ал содан кейін барлық жемістермен қоректен де, өз Тәңіріңнің қолың жететін жолдарымен жүр,-деп иландырған. Аралардың іш құрылысынан адамдарға сауықтыру әкелетін әр түрлі гүлдердің сусыны шығады. Бұның ойлы адамдарға белгі екені ақиқат.Араларға мұншалықты баса назар аудару оларды әрбір адам үшін тым таныс етуі тиіс. Бірақ біз бұл керемет жәндіктер туралы білеміз деп сендіре аламыз ба?
Ара- жарғақ қанаттылар отрядының өкілдері. Қазақстанның барлық облыстарында кездеседі. Араның 20 мың түрі кездеседі. Араның басында үш жай көздері, екі күрделі көзі болады. Үш жұп аяғының тозаң жинайтын себеті болады. Екі жұп жарғақ қанаты бар. Аралар - ара патшасы, еркек ара, жұмысшы ара болып үш топқа бөлінеді. Ара патшасының денесі ұзын, қанаты қысқа болады. Ол аралардың ішіндегі ең ірісі, жыл маусымына қарай денесінің ұзындығы 20-25 мм, ал салмағы 150-300 мг-ға дейін жетеді. Ара патшасының бірден бір міндеті - жұмысшы араларға бал, гүл тозаңын жинату, ұя салдыру, балапан құрттарды, ара патшасын, еркек араны бағу сондай - ақ, қорғау міндетін атқарады. Ара патшасы ұяның анасы болып есептеледі, ол 3-5 жыл, кейде 10 жыл өмір сүреді. Жұмысшы араның дене тұрқы кішілеу, түрі қара, басы үшбұрыштылау келеді. Аузы үлкен бал жинауға қолайлы. Омарталардың негізін қалайтын жұмысшы аралардың денесінің ұзындығы 15-17 мм, салмағы 90 мг болады. Жұмысшы аралар 7-8 ай тіршілік етеді. Ұяда тұратын әрбір ара өз қызметі мен міндеттерін жақсы біледі және оны мүлтіксіз лрындайды. Аралардың ішінде дербес тіршілік ететін түрлері де бар. Аралар үшін негізгі тамақтану көзі гүл шырыны болып табылады. Аралар өздері жемін тауып, қысқы қорларын әзірлейді. Олар жемді өңдейді, өсімдік шырынын балға, ал гүл тозаңдарын балтозаңға айналдырады. Араларды қант шәрбатымен (суға араласқан құрғақ қант жүзім тұнбасы қышқылы қосылған) жемдейді.
Бал арасы отбасы деп аталатын көптеген бастан құралған ұйыммен тағылары ағаш өзектерінде, ал қолда өсірілетіндері арнайы жасалған бал шелегінде өмір сүреді. Ұяда бал арасының көбейіп, ұрпақ өсіруіне қолайлы ауа температурасы мен ылғалдылығы ұсталады. Ұяның толуы ара басының санына қарай өсетін отбасының күшіне байланысты болады. Бал арасы отбасының негізгі тұлғасы болып әр отбасындағы жалғыз аналақ ара табылады. Ол отбасындағы басқа аралардан едәуір үлкен болып келеді: жұмыс арасының дене ұзындығы 12-14 мм, еркек аранікі - 15-17 мм болса, аналық аранікі - 20-25 мм болады. Оның үлкейген қарын бөлігін қанаттары жаппайды. Дене ауқымы кең келетін еркек аралардың қанттары қарын бөлігін жауып тұрады және олардың көздері біріне бірі жоғары жақта жақын, тиісе орыналасқан. Бал арасының ұясының негізін қырлары бірдей болып келетін дұрыс формалы алты қырлы жұмыс аралары өсірілетін аралық ұялар (соты) құрайды. Алты қырлы болып келетін еркек аралар өсірілетін ұялардың көлемі олардан артады. Онда еркек ара дернәсілдері өсіріліп, бал мен оның перга деп аталатын гүл тозаңымен қосындысы жиналады. Бұл ұялардың бір-бірімен бірігетін жерлері және де ұялардың бал шелекке жалғасатын жерлері формасы өзгертілген ұялар арқылы жалғасады. Сотылардың жоғары жағында, әдетте, формасы аралық ұялар формасына ұқсас, бірақ олардан тереңірек және де қабырғалары жоғары қарай құрылған бал салынатын ұялар орыналасады. Аналақ араларды шығаруға көлемі олардан анағұрлым аумақты, басы кесілген конус немесе емен жидегі тәріздес, іші бесіктікіндей ұялар салынады. Сотылардың шеттерінде ара отбасынан бөлінуге дайындалған аралардың аналаық арасын шығаратын іші дөңгелектелінген ұялар салынады. Ал отбасының аналақ арасын тез арада ауыстыру не орнын бастыру қажет болған жағдайда 1-, 2-күндік дернәсілі бар аралық ұялар ұлғайтылып, ашық жара ауызы тәріздес ұялар дайындалады.
Жаңадан жасалған сотылардың түсі ақ, ақ-сары болып келеді. Өсірілген дернәсілдер қалдықтарынан олардың түсі бірте-бірте қоңырланып, қарая түседі де салмағы 140-150 грамнан 300-500 грамға дейін ауырлайды. Бұл қалдықтар ұялардың аумағын 10-12%-ға тарылтып, қабырғаларын қатайтуыңының салдарынан жылу өткізгіштігін бал арасының 1-2 ұрпағы шығарылғанда - 60-62%-ға дейін, 4-6 ұрпағы шығарылғанда - 38-40%-ға дейін, 12-14 ұрпағы шығарылғанда - 20-25%-ға дейін төмендетеді. Ұрық шашу (засев) кезінде аналық ара кішкене ақ сәл иілген сопақ жұмыртқаларды ұя қабырғасының бағытымен (тігінен) оның табанына жабыстырыды. Дернәсіл шығар кезде жұмыртқаның алдыңғы жағы ұя табанына қарай жантаяды. Жұмыртқалармен қоса ұя табанында дөңгелектеніп бүктелген дернәсілдер болады. Дами бастаған жұмысшы ара дернәсілдерінің ұзындығы жұмыртқанікінен асып 1,6-2 мм-ге жетсе, 2-күндіктерінікі 2,5-3 мм-ге жетіп ұя табанының жартысына жуығын, ал таға тәрізденген 3-күндіктерінікі 6 мм-ге жетіп ұя табанының жартысынан астамын иеленеді. 4-күндік дернәсіл денесі бүкіл ұя табанын жайлайды да 6-күндігінің соңына қарай аралар ұялардың бетін балауызбен жаба бастайды. Беті ашық ұядағы дернәсілдерді жабылмаған төл деп атаса, беті жабылған ұядағы дернәсілдер мен қуыршақтарды жабылған төл деп атайды. Ұяны жапқан жұқа балауыз қақпақтан көрінетін қуыршақ басының қараюына қарай оның даму кезеңін болжауға болады. Және де еркек ара төлі жұмысшы аранікінен бір жағы ірірек болса, екінші жағынан олардың қабырғалары біршама биіктетілген ұяларының қақпағы дөңес болып келетіндіктен оларды тіпті бүкір төл деп те атайды.
Ара - аналық ара, еркек ара, жұмысшы ара деп үшке бөлінеді. Жұмысшы араның дене тұрқы кішілеу, өңі қара, басы, кеудесі және жонында сұрғылт сары нүктелері болады. Басы үш бұрыштылау келеді. Басында үш жай, екі күрделі көзі болады. Аузы үлкен, бал жинауға қолайлы, кеуде жағы үш буынды, орта буыны үлкен келеді. Екі жұп жарғақ қанаты бар. Үш жұп аяғының тозаң жинайтын себеті болады. Қарын жағы дөңгеленген конус тәрізді, сауыр жағында қара сары түсті 1-4-ке дейін келген қара белдеулер бар. Құйрығында үшкілдеу безі және шанышқы инесі болады. Бауыр жағында төрт түп балауыз пластинкасының ішіндегі балауыз безі балауыз бөліп шығарады. Аналық араның денесі ұзын, қанаты қысқа, көбею органы ерекше жетілген. Еркек ара жұмысшы сәл үлкен, құйрық жағы жұмыр болады. У безі және шанышқы инесі болмайды. Ара патшасы мен еркек араның ауыз қуысы кішкене келеді. Аяғында гүл тозаңдарын жинайтын тозаң себеті, сондай - ақ балауыз шығаратын балауыз безі болады. Ара топтасып тіршілік етеді. Ара үйірі бір ғана ара патшасы мен бірнеше жүздеген еркек арадан және он мыңдаған жұмысшы аралардан құралады. Ара патшасының бірден бір міндеті - жұмысшы араларға гүл тозаңын және бал жинату, балауыз шығарту, ұя салдыру, балапан құрттарды, ара патшасын, еркек араны бағу, ұяны тазалау сондай - ақ, қорғау міндетін атқарады. Еркек араның бірден - бір міндеті - ара патшасымен шағылысу. Араның бөліп шығаратын балауызы, улы сұйықтығы, балы дәрілікке жасалады. Жинау мен өңдеу - жаз және күз айларында омарта ішіне жиналған балды алу әдістері бойынша сауып алады. Дәрілікке жасалатын балды отқа жылытып, сұйылған сүзгіден өткізіп әзірлейді. Бал ақ және сарғылт түсті болады. Жаз, күз мезгілдері тұнық өсімдік майы тектес сұйықтау болып, қыс мезгілінде қоюланып, шекер өңдес іріткі кристаллға айналады. Балы - тәтті, дәмді, усыз болады. Негізінен, ара балы бір шырынды және көп шырынды болып бөлінеді. Бір шырынды бал - тек өсімдіктердің бір түрінен ғана жиналған шырын. Оны өсімдіктердің түріне қарай - қара-құмық балы, жөке ағашының балы деп, неше түрлі атайды. Көп шырынды бал - өсімдіктердің бірнеше түрінен жиналған шырын. Оны табиғи бал беретін өңірлерге байланысты дала балы, тау балы, бақ балы деп ерекшелейді.
2.3. Омарта шаруашылығының даму тарихы
Балды, бал араларын халқымыз ежелден білген екен. Ресми түрде елімізде бал араларын ұстау 1786 жылдан басталады. Омарташылық Жетісу өлкесінде тарапты. 90-жылдарға дейін Қазақстанда 400 мыңға жуық ара омартасы болыпты. Еліміз жыл сайын Жапонияға, Онтүстік Кореяға, тағы басқа елдерге сапалы бал жіберіп отырған екен. Қазіргі кезде балдың 80% Шығыс Қазақстанда өндіріледі. Археологтар Алтай мен Сібір өңірлерінде және Енесей жағалауында табылған тарихи ескерткіштерді зерттеу барысында тастар бетінде бал арасы бейнеленгендігін айқындаған. Осыған тәріздес тарихи ескерткіштер Алтайдағы Телец өзенінің маңайында табылды. Алтай тұрғындарының тілдерінде бүгінгі күнге дейін бал арасы өмірімен байланысты кейбір сөздер қолданылады. Осы және басқа да фактілер көне заманнан бері Қазақстандық Алтай аумағында бал арасы мекендеуінің белгісі деп санайды зерттеушілер. Бірақ, Алтай аумағында омарта кәсібінің ауыл шаруашылық саласының бір бөлігі ретіндегі даму кезеңі Қазақстан аумағына бал араларды басқа жерлерден алып келгеннен кейін басталды. Тарихи деректерден байқасақ Өскемен қамалының коменданты Николай Федорович Аршеневский бал арасын Киевтен алып келуге тапсырыс берген. Бұл оқиға шамамен 1786 жылы орын алған.
Осыдан кейін біраз уақыт өткеннен кейін Өскемен балы халық арасында атаққа ие бола бастады. Омарта кәсібімен айналысатын адамдар саны көбейе бастады. Оңтүстік-Батыс Алтайда бастау алған қазақстандық омарташылық кейіннен Сібірге, Жетісуға және Орта Азия аумақтарына тарады. XIX ғасырдың басында Алтай аумағында 86 мың ара ұяшығы болса, 1870 жылы оның саны 400 мыңға дейін өсті. Аз уақыт ішінде омарта кәсібі халыққа танылып, ауыл шаруышылығының айнымас бір бөлігіне айналды. 1812 жылы алғаш рет жәрмеңкеге шығарылған Қазақстан Алтай балы, дәмі мен сапасы жағынан тұтынушылардың көңілінен шықты. Алтай омарталарының танымалдығы өсіп, мыңдаған тонна бал мен балауызды Бұқтырма, Ульба, Оба және Ертіс арқылы Сібірге ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz