Белгілердің ажырау заңы
Реферат
Тақырыбы:
Грегор Иоганн Мендель
Орындаған: Асан Жасмин
Мазмұны:
Өмірбаяны
Моногибридті будандастырудағы тұқым қуалау заңдылықтары
Гибридологиялық әдіс
Моногибридті будандастыру
Белгілердің ажырау заңы
Моногибридті шағылыстырудың цитологиялық негіздері
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе:
Грегор Иоганн Мендель. (22 шілде 1822 жыл, Хейнцендорф, Аустрия империясы - 6 қаңтар 1884 жыл, Брно, Аустрия-Венгрия) -- аустириялық биолог және ботаник, белгілі табиғат зерттеуші, тұқым қуалау заңдылықтарын (Мендель заңдылықтары) алғаш ашқан ғалым, генетиканың негізін салушы, монах.
Ольмюц университеті жанындағы философия класын бітірген (1843). Мендель бұршақ өсімдігіне ұзақ уақыт бойы (1856 - 1865) жүргізген зерттеу тәжірибелерінің нәтижесінде Өсімдік будандарымен жүргізілген тәжірибелер деген еңбегін жариялады. Ол тәжірибелері арқылы тұқым қуалаушылықтың негізгі заңдылықтарын ашты. Кейін бұл Мендель заңдылықтары деп аталды.
Бірақ, оның еңбегі өз замандастарының арасында толық қолдау таппады. Тек 1900 жылы тиісті бағасын алды. Х. де Фриз (Голландия), К. Корренс (Германия) және Э.Чермак (Австрия) секілді ғалымдар әр түрлі өсімдіктерге тәжірибелер жүргізіп, соның нәтижесінде Мендель заңдылықтарының дұрыстығын дәлелдеді. Көп кешікпей бұл заңдылықтардың жануарларға да тән екендігі анықталды. Сондай-ақ Мендель бау-бақша, ара шаруашылығы және метеорология салаларында да зерттеулер жүргізген.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Өмірбаяны
Мендель аустрияның Хайцендорф деп аталатын (қазiргi Чехияда) ауылда немiс-славян шаруа жанұясында дүниеге келдi. Мендельдiң арғы аталары ХVII ғасырдың басынан осы ауылда тұрған. Оның ата-аналары, Антон мен Розинаның үш баласы болды. Иоганн жанұядағы жалғыз ұл болды. Бала кезiнен бастап әкесi оны ауылшаруашылық жұмыстарына араластырды, Иоганн бақ пен ара шаруашылықтарын ұнатты.
Ауыл мектебiнде оқып жүргенiнде-ақ Мендельдiң қабiлетi күштi болғандықтан көзге түстi, сондықтан 11 жасында ол Лейпник (қазiргi Липник) деп аталатын жақын орналасқан қаладағы төрт кластық училищеге жiберiлдi. Бiр жылдан соң, 1834 жылы келесi саты Троппау (қазiргi Опава) қаласындағы гимназияға ауыстырылды. Оқу жалғастырылды, бiрақ ұлын қамтамасыз ету ата-анасына қиындай түстi. Бiрiнен кейiн бiрi жеделдетiп кеткен сәтсiз оқиғаларға ұшыраған ата-анасы 1838 жылы ұлының оқуына жұмсаған шығынды жаба алмайтын жағдайға жеттi. Әкесiнiң кеудесiне құлаған тал зиян келтiрiп, ол ұзақ ауруға ұшырап нәтижесiнде еңбекке жарамсыз болып қалды. Он алты жасар гимназия шәкiртiне өз тамағын өзi тауып жеуге тура келдi. Сондықтан ол негiзгi Басты аймақтық мектептiң Мұғалiмдiкке кандидаттар және жеке мұғалiмдер курсына қатысты. Мендель мұғалiмге жарайтындығы туралы куәлiк алып шығып, өзiнiң күн көрiсiне жарайтын еңбек табуына мүмкiншiлiк алды. Өткен жылдардағы басынан өткен ауыр жағдайлар iз-түзсiз өткен жоқ. 1839 жылы Мендель қатты ауруға ұшырап гимназияға қатыса алмай үйiне қайтты. Сонда да 1840 жылы ол гимназияның алты класын бiтiрдi.
Сабақ беруге құқық алуға үмiттенген Мендель 1841 жылы Ольмюце (қазiргi Оломоуц) қаласындағы университеттiң философия курсына түседi. Осында философиялық және гуманитарлық ғылымдардан басқа өзiн бұрыннан қызықтыратын математика және физика пәндерiн үйрене бастады. Бiрақ курсты бiтiргенiмен Мендельдiң тұрмыс жағдайы жақсара қойған жоқ. Ол философия курсының оқытушыларының арасындағы дiни адамдардан кеңес сұрады. Физика пәнiнiң оқытушысы Брюнна (қазiргi Брно) қаласындығы Августин орденiнiң иегерi монастырға оқушы болуды ұсынды. Ата-анасының келiсiмiмен қажеттi әрекеттердi жасаған соң, Мендель 1843 жылы 9 қазаннан бастап монах болып қабылданды. Оның жаңа есiмi -- Грегор болды.
Брюндегi әулие Фоманың католиктiк монастыры қаланың мәдени өмiрiнiде маңызды орын алды. Бұған екi мәдени орталықтар Австро-Венгрияның Вена мен Праганың жақын орналасуы әсер еттi. Дiни оқушылар мен монастырдың дiни өкiлдерiнiң көпшiлiгi әртүрлi ғылыми қызығушылықтарымен Брюндегi және қала маңындағы оқу орындарында оқытушылар болды. Олар өздерiнiң аймақтарының фаунасы мен флорасын жақсы бiлдi, минералдар мен гербарийлердi жинады және монастырдың жанынан ботаникалық бақ өсiрдi. Мендельге өзiнiң бiлiмiн жалғастыра отырып сүйiктi iсiмен шұғылдануға мүмкiншiлiк туды. Ол бос уақытында монастырдағы өзiне бекiтiлген ботаника-минералогиялық жинақтармен айналысты. Ол жаратылыстануды өз бетiнше үйрендi, сондықтан да мақсатына жету баяу жүрдi.
Мендель 1845-1848 ж. монастырдағы училищесiнде оқыды, онда тек ертедегi шығыс тiлдерiмен әулиелiк кiтаптарды оқытты. 1847 жылы оны дiн қызметшiсi етiп қойды, бiрақ ол бұл жұмысқа жарамсыз болып шықты, себебi аурулармен және өлiм аузындағылармен араласу оған қиынға түстi. Оқытушы болып iстеудi ұсынғанда Мендель қуанышпен қарсы алды. 1849 жылы ол Брюнна қаласының оңтүстiгiнде орналасқан шағын қаладағы гимназияға мұғалiмнiң қызметiн атқарушы болып орналасты. Мендель 3 және 4 сыныпқа математика мен грек тiлдерiн оқытты. Жаратылыс тарихы мен физикадан сабақ беру үшiн оған сырттай жазбаша емтиханды тапсыру керек болды. Венск университетiнiң профессорларының құрастыруымен қойылған екi сұраққа жазбаша жауап қайтару керек болды. Бiр сұрақ физикадан, екiншiсi геологиядан болды. Емтихан алушыға геологиядан қайтарылған жауап ұнамады, ал физикадан жауабы есепке алынды. Мендельдiң биографы Г.Ильтис екiншi профессордың пiкiрi объективтi емес деп санады. Оның пiкiрiнше библиядағы айтылғандарға қарсы келгендiгi үшiн Мендельдiң жауабы қабылданған жоқ.
Геологиядан қанағаттанғысыз баға алғанына қарамастан Мендель Венск университетiне емтихан тапсыруға жiберiлдi. 1850 жылдың аяғында емтихан тапсыру үшiн Венаға келдi. Бұл жолы да ол сәтсiздiкке ұшырады. Ол физикадан қойылған сұрақтарға жартылай жауап бердi, ал жаратылыс тарихынан (зоология) жауабы түгелiмен дұрыс болмады. Оған гимназияда физикадан оқыту құқығы берiлмедi, сондада бiр жылдан соң емтиханды қайта тапсыруға рұқсат берiлдi.
Мендель монастырға ауыр көңiл-күймен оралды. Бiрақ оның жетекшiлерi мен әрiптестерi оған сендi. Монастрь иелерi Мендельдi Вена университетiне оқып бiлiмiн жетiлдiру үшiн жiбердi. 1851 ж. 27 қазанында Мендель Венаға сапар шегiп Венск университетiнде еркiн тыңдаушы болып 4 семестр оқыды. Осы мерзiм iшiнде ол профессор Х.Допплердан физикадан экспериментальды курсты өтiп және химия, зоология, ботаника мен палеонтология курстарын өттi. Ботаникадан атақты ғалым Франц Унгер оқытты. 1853 жылы Мендель Венадағы зоология-ботаника қоғамының мүшесi болды және шалқанның зиянкестерi туралы өзiнiң бiрiншi ғылыми хабарламасын жасады. 1853 жылдың жазында Венадан Брюннге оралды, бiрақ қоғаммен байланысты үзбедi. Оның бұршақтардың зиянкес қоңызы туралы бiрiншi жазбаша ғылыми жұмысы қоғамдық жинақтарында жарық көрдi.
1854 жылдың мамырынан бастап жергiлiктi училищеде физика мен табиғаттанудан мұғалiмнiң көмекшiсiнiң орнын алды. Осы орында ол 14 жыл жұмыс iстедi. Оқушылардың айтуынша Мендель тамаша педагог болды. 1856 жылы Мендель тағы да Венаға мұғалiмдiкке емтихан тапсыруға жол жүрдi. Ол тағыда сәтсiздiкке ұшырады. Замандастарының еске түсiруi бойынша ол ботаникадан емтихан алушымен пiкiр таластырған. Ол үйiне ауырып қайтты.
Оқытушылық жұмысымен қатар Мендельдiң ғылымға деген қызығушылығы зор болды. Ол 1863 жылдан бастап жүйелi түрде метеорологиямен айналысып ауа райы туралы мәлiметтер жазып жүрдi. Мендельдi өсiмдiктер мен жануарларды өсiру мәселелерi бүтiндей тартып әкеттi. Оны ерекше қызықтырған өсiмдiктiң гүлдерiнiң бояуларының әртүрлi болуы. Ол оның пайда болу себептерiн iздестiрдi. Оны сол кездегi түсiнiктер қанағаттандырмады. Мендель осы әртүрлiлiктi анықтайтын басқа нақты заңдылықтар бар деп есептедi. Осы ойға мүмкiн оны аралар мен тышқандарда жүргiзiлген бақылаулар жеткiздi. Мендель бала кезiнен аралармен жұмыс iстедi. Мендель 1856 жылдан бастап 1863 жылға дейiн бұршақтармен атақты тәжiрибелерiн жүргiздi. Ол тәжiрибелердi өте жақсы жоспарлап үлкен жұмыс атқарды. Мендель өзiнiң тәжiрибелерiн 35 х 7 метрге созылған бақта жүргiздi.
Мендель бұршақтың 34 сорттарымен жұмыс iстедi. Ол айқын көрiнетiн ажыратылатын жетi жұпты белгiлердi таңдап алды. Өзiнiң тәжiрибелерiнде 10000-нан астам гибридтер алды. Ол жаңадан алынған нәтижелерi сол кездегi ғылымның жағдайына сәйкес келмейтiнiн түсiндi. Мендель бұршақтардан алынған нәтижелерi туралы Брюндегi ғылыми қоғамның мәжiлiсiнде баяндама жасады. Мәжiлiс хатынан сұрақтар қойылмағанын, талқылау жүрмегендiгiн көруге болады. Математикамен үйлестiрiлiп ботаникадан жасалған баяндаманы түсiну өте қиын болды. Дегенмен, ғылыми қоғамның мүшелерi баяндаманы қоғамның жұмыстарында жариялауға ұсынды. 1866 жылдың аяғында Мендельдiң жұмысы баспадан шықты. Ол 40 көшiрмесiн алды. Көшiрмелердiң көпшiлiгiн Мендель достарына таратты. Бiзге сол кездегi 2 көшiрмесi iрi ғалымдарға жiберiлгенi ғана белгiлi. Олар ботаниктер: немiс Карл Нэгели және австриялық Антон Кернер фон Марилаун. Кернер Мендельдiң жұмысымен танысқан жоқ, хат ашылмаған күйiнде қалды.
Мендель Нэгелиге көп үмiт артты. Себебi, ол сол кездегi iрi ғалымдардың бiрi болды. Нэгелидiң жауабы 2 айдан кейiн келдi. Ол Мендельдiң нәтижелерiне күдiктендi. Нэгели оларды жаңа, таныс өсiмдiкте, ястребинкада, қайтадан тексеруiн ұсынды. Мендель осы тәжiрибелердi бастады. Ястребинкалардың гүлдерi өте ұсақ болғандықтан жыныс мүшелерiн алып тастау қиынға түстi. Сондықтан орындау техникасы өте ауыр болды. Алынған тәжiрибелердiң нәтижесi бұршақтармен салыстырғанда басқаша болды. Бұл Мендельдi есiнен тандырды. Негiзiнде Мендельдiң заңдары осы жағдайдада жұмыс iстедi. Ястребинканың биологиялық ерекшелiгi байқалынды. Ол ерекше көбею жолы - партеногенез арқылы көбейе алады. Бұл тәсiл бойынша жаңа өсiмдiк ұрықтанбаған жыныс клеткадан дамиды. Осы жағдайда гибридтер пайда болмайды. Ал Мендельдiң заңдары гибридтерге ашылған.
Дегенмен оның өмiрiнде елеулi өзгерiстер болды. 1868 жылдың 30-наурызына оны монастырдың прелаты (басқарушысы) болып сайланды. Оның жаңа қызметi сүйiктi iсiмен айналысуына аз уақыт қалдырды. Мендель 1869 жылы 9 маусымда Қоғам мәжiлiсiнде ястребинкаға жасалған тәжiрибелерiнiң нәтижелерi туралы баяндама жасады. Тәжiрибелердiң қиындығының ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz