Аутизм ұғымы


Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
РЕФЕРАТ
Тақырыбы:
"АУТИЗМІ БАР БАЛАЛАРДЫҢ ІС - ӘРЕКЕТ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ"
Дайындаған: Менжанова Аида
Тобы: Кп-201
Қабылдаған: Утеуова А. А.
Мазмұны:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1. Аутизм ұғымы
2. 2 Аутизм симптомдары
2. 3. Аутистік дамудың ерекшеліктері
2. 4. Ерте балалық жастағы аутизмі бар балалардың негізгі топтары
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
АУТИЗМІ БАР БАЛАЛАРДЫҢ ІС - ӘРЕКЕТ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Кемістік мәселесі қазіргі балалар патопсихологиясы, психопатология, арнайы педагогика салаларында өзекті тақырып болып табылады. Кемістіктің қай түрі болса да, мейлі ол соқыр, не саңырау, не туғаннан кем ақыл болса да оның өмірге деген көзқарасы өзгеріп қана қоймай, айналасындағы адамдармен де қарым-қатынас жасауын қиындатады. Кемістік ауру адамның әлеуметтік өміріндегі мінез-құлқының ауытқуына әкеп соқтырады. Әулеттегі кеміс балаға көбірек қамқорлық көрсетіп, оған басқа балаларға қарағанда ерекше көңіл бөлінеді. Бала басындағы бақытсыздық бәрінен бұрын оның маңындағы жақын адамдардың жаңашырлық сезімін оятып, оған деген көзқарасты өзгертеді. Кез келген отбасында кеміс балаға деген көзқарас оны басқа түскен масыл, не тағдыр жазасы деп санамай, қамқорлық пен мейірімділік құшағында болады. Балаға деген мұңдай қамқорлық оған жақсы әсер етіп, ол өзін басқа балалардан бөлексіткендей сезінеді. В. Г. Короленко өзінің «Соқыр музыкант» деген шығармасында соқыр баланың отбасында ерекше саналып, оның айтқандарын екі етпей бұлжытпай орындалып отыратындықтары туралы жазады. Дене кемістігі бар адам, сау адамға қарағанда, өзіне деген ерекше әлеуметтік көзқарасты қажет етеді. Табиғи кемістік адам тіршілігінде ақау туғызады, ол кәдімгі адам денесінің буынынан сүйегі тайғандай ауыр сезінеді, немесе тамақ ішуі мен зәрге отыруы қиындаған ауыр жағдайдың жанына батып, қиналуды басынан кешіреді. Табиғи кемістігн күнделікті бақылау мен рухани өмірін жүйелі түрде зерттеу нәтижелері арқылы анықталып отырады.
Аутизм- (грек тілінен autos- өзім) - адамның сыртқы дүниеден оқшауланып өзімен-өзі болып іштей сары уайымға салынған кездегі күйі. Бұл терминді 1911 жылы Э. Блейер ересек адамның ішкі эмоциялық қажеттіліктерімен реттелетін және шынацы әрекеттерге тәуелділігі шамалы аффективтік саланың айрықша түрін белгілеу үшін енгізген. Ерте балалық аутизмді 1943 жылы бірінші ашып зерттеген америка психиатрі- Лео Каннер, 1949 жылы Ганс Аспергер ұқсас синдромды сипаттады. Кейде аутизмді Каннер синдромы деп те атайды. Сонымен, аутизм дегеніміз- баланың «экстремальдық» жалғыздығы, эмоционалдық байланыс пен қарым-қатынас орнату қиындығы мен әлеуметтік даму қабілетінің төмендеуі [1] .
Аутизм ұғымдарының бірі "Адамның сыртқы әлеммен бытыраңқылығы" деп аталынды. Бұл ауру тек сөйлеу және ойлау сияқты психикалық қызметтерді ғана зақымдап қана қоймай, баланың әлемнің біртұтас көрінісінде қамтылады. Аутизмнің басты мәселесі адамның айналадағы болып жатқан оқиғаларды пайымдаушылығы мен түсінбеушілігінде деп айтуға болады.
Аутизм- бала дамуындағы ауытқушылықтың ауыр түрі, ол әлеумиеттік ортамен қарым- қатынастың жоқтығын білідреді. Симптом ретінде аутизм көптеген психикалық ауруларда кездеседі, бірақ кейбір жағдайларда ерте жастан байқалып, бала дамуына кері әсерін тигізеді. Ерте балалық аутизм психикалық джамудың зақымдалуының бір түрі ретінде қарастырылады. Сонымен қатар, бала бойында аутизмнің кейбір клиникалық көріністері байқалса, оны аутистикалық тұлғалық қасиеттер деп атайды. Нақты симптом ретінде 2-3 жасқа қарай қалыптасуы мүмкін. Ерте балалық аутизм- бұл ерекше психикалық дамудың бұзылысы. Аутизмге шалдыққан балалардың тек қана когнитивтік деңгейі төмендеп қана қоймайды, әлеуметтік өзара әрекеттесідің дамуы бұзылады. басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсуі қиындайды. Балалар аутизмі - психологиялық дамудың бұзылуы, мұндай балалар адамдармен қатынасуда және әлеуметтік әрекеттестікте қиындыққа ұшырайды. Аутистік дамудың бір ерекшелігі - сөйлеу және интеллектуалдық мүмкіндіктері қалыпты болғанына қарамастан, бала бұл мүмкіндіктерін шынайы өмірде, айналасындағылармен араласқанда қолдануға асықпайды.
Аутизм әлемдегі әрбір 1 баланың 4-5-де кездеседі. Оның ішінде ерте балалық аутизм науқасы қыз балаларға қарағанда ұл балаларда 3-4 есе жиі кездеседі. Бұл көрсеткіштің жылдан-жылға өсу тенденциясы байқалады, әрі бұл жайдың ұлттық, нәсілдік, географиялық факторларға еш қатысы жоқ.
Аутизм симптомдары
1. Әлеуметтік әрекеттестіктің сапалық тұрғыдан бұзылуы:
- басқа адамдардың әрекеттеріне эмоциялық реакцияның немесе жағдайға қарай тиісті мінез-құлықтың болмауы;
- әлеуметтік әрекеттестік және байланыс мақсатында көзқарас, беттің мимикалық құбылуы, ым-ишара әдістерін дұрыс қолдана алмауы;
- қатарластарымен қарым-қатынас орнатып, бірге ойнай алмауы;
- басқа адамдармен араласқанда эмоционалдық, әлеуметтік тұрғыдан лайықты жауап қатпауы, ортақ мүдденің болмауы.
2. Қатынастағы сапалық ауытқулар:
- сөйлеу әдісін коммуникативтік тұрғыда қолданбауы, сөйлеуді қолданбаған жағдайда оның орнына дауыс ырғағын, ым-ишараны, мимиканы пайдаланбауға тырыспауы;
- басқалармен салыстырғанда әңгімені бастап, оны әрі қарай жалғастыруда (сөйлеу дамуының кез келген кезеңінде) қиындық көруі, сөйлеу арқылы ойын білдірудің дамып-жетілмеуі, қайталанатын, стереотипті сөйлеу әдісі;
- рөлдік және әлеуметтік тұрғыдан имитация жасайтын ойындар кезінде өзін дұрыс ұстамауы, синхрондылықтың болмауы, қатынас кезінде айналасындармен лайықты түрде әрекетке түспеуі.
3. Mінез-құлық формаларының, қызығушылықтарының және белсенділігінің шектеулі, қайталанбалы және стереотиптік болып келуі:
- Күнделікті өмірдің түрлі салаларында қатып қалған темірдей тәртіп орнатуға ұмтылуы; белгілі бір заттарға, әрекеттерге (рәсімдерге), қызығушылықтарға ерекше ден қоюы;
- стереотиптік және шектеулі әрекеттер мен қызығушылықтарға толықтай берілуі;
- моторлық стереотиптер;
- заттардың кейбір бөліктеріне, ойыншықтардың маңызды емес элементтеріне (олардың иісіне, сыртқы материалына, шығаратын дыбысына, вибрациясына) ерекше мән беруі.
Балалар аутизміне диагноз қоюдың қосымша белгілеріне үрей, ұйқының бұзылуы, дұрыс тамақ ішпей, ызақорлық және агрессивтілік, және өзіне қарсы агрессия сияқты белгілер жатады.
Балалар аутизмі кезінде сандырақтау және галлюцинация (елес) болмайды. Аутистикалық регрессия (қалыптасқан психикалық функциялар мен дағдылардың жойылуы) болды ма, әлде қазір болып жатыр ма, осыны анықтап алу қажет. Балалар аутизмі кезінде көру, есту қабілеттері де нашарлауы мүмкін [2] .
Аутистік дамудың бір ерекшелігі - сөйлеу және интеллектуалдық мүмкіндіктері қалыпты болғанына қарамастан, бала бұл мүмкіндіктерін шынайы өмірде, айналасындағылармен араласқанда қолдануға асықпайды. Бала аутизмі бар балалардың барлық мүмкіндіктерін қоршаған ортада, шынайы өмірде пайдалануға ұмтылмайтындығынан көруге болады. Олардың көзінің көре тұра, көз тоқтатып қарамауы, сөйлеу тілі жетіле тұра адаммен сөйлеспеуі, ұсақ қол моторикаларының әлсіздігінен заттарды дұрыс ұстай алмауы, құлағы ести тұра, елеңдеп назар аудармауы, мимика мен ишараның болмауы сияқты дамуында бұзылыстары болады. Олар достарымен де, өзгемен де қарым-қатынас жасап, ортақ тіл табуға, достасуға тырыспайды, ойнамайды. Олар әрбір жаңа заттардан, таныс емес адамдардан қорқады [3] .
Ерте балалық жастағы аутизмі бар балалардың негізгі 4 тобын ажыратады:
1. Баланың ерте жастан әлеуметтік белсенділігінің жоқтығы байқалады. Бала өзінің жақындарының ойнатқан, күлдірген, назарын аудармақ болған әрекеттеріне реакция жасамайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz