Психикалық дамудың конституцуялық тежелуі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

РЕФЕРАТ

Тақырыбы:
Психикалық дамудың тежелуі

Дайындаған: Менжанова Аида
Тобы: Кп-201
Қабылдаған: Утеуова А.А.

Мазмұны:

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Психикалық дамуы тежелген балалар психологиясы және педагогикасы.
2.2 Психикалық дамуы тежелген балалар тобы
2.3. Т.А.Власова психикалық дамудың тежелуінің түрлері
2.4. К.С.Лебединская психикалық дамудың тежелуінің түрлері
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Психикалық дамудың тежелуі.
Балалардың психикалық дамуының тежелу мәселесі дүниежүзілік психологтар мен педагогтардың бірден-бір көкейтесті мәселенің бірі брлып табылады. Олар ақылдылар қатарына жатпайтын, сонымен бірге білім қорының көлеміне қарай олар қорытуға жеткілікті икемділіктері барын кең дамудың жақын аймағын көре білді, белгілі категориялы балаларды іріктеп алады. Бұл балалар ерекше топқа кіреді - психикалық дамуының тежелуі бар балалар. Берілген бұзылулар олигофрения мен интеллектінің қалыпты дамудың арасындағы аралық орын алады.
Психикалық дамуы тежелген балалардың тек қана психикасы бұзылған деп қарамау керек, сонымен қатар олардың дене мүшелері мен тілдерінде де дамымаушылық кездеседі. Әдетте психикалық дамуы тежелген балалардың тілінде кемістік болады. Бірақ бұл жағдай да түрлі сөйлеу патологоиясымен байланысты. Яғни, ол ақыл-есі дұрыс балаларда да көрініс беретін кез-келген сөйлеу мәнерінің бұзылуы болып табылады. Алайда психикалық дамуы тежелген оқушылар тобында да сөйлеу мәнерінің фонетикалық-фонематикалық тұрғыда дамымай қалу жағдайы кездесіп жатады.
Психикалық дамуы тежелген балалар психологиясы және педагогикасы арнайы психологияның бағыттарының бірі, мұнда мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларды қамтиды. Психикалық дамуы тежелген балалардың танымдық іс әрекеті мен жеке тұлғасының динамикасы зерттеледі.
Психикалық дамуы тежелген деп мидың органикалық зақымы салдарынан танымдық іс әрекетінің бұзылуы байқалатын балаларды атайды. XVIII ғасырдан бастап Ж. Эскироль, Э.Сеген, Ф.Гальтон, А. Бине, Э.Крепелин, Дж. Кэттэл сияқты психиатрлар ақыл ой дамуындағы ауытқушылықтардың негізгі көріністерін талдау және зерттеумен айналысты. Олардың алдағы негізгі міндет интеллектуалдық жетіспеушіліктің психикалық аурулармен өзара байланысын анықтау және бұл бұзушылықтардың тереңдігін анықтау болды.
ХІХ ғ ортасынан бастап көптеген европалық елдерде жалпыға ортақ бастапқы білім беру жаппай енгізіле бастаған кезде мектеп білімдерін игерудегі тежеу болған интеллектуалдық жетіспеушілігі анықтау мәселесі шиеленісе түсті. Осы кезде психикалық жағынан сау демек мектеп бағдарламасын игере алмайтын балалар жіберілетін қосымша мектептер ашылады.
Ресейлік ғылымда интеллектуалдық жетіспеушіліктің түрлі көріністерін зерттеу кейінгі кезде ХХ ғ бас кезінде басталып ХХ ғ жиырмасыншы жж Л.С. Выготскийдің күшімен негізделген дефектологияның зерттеу пәніне арналды. Жалпыға ортақ мектептерде білімді игеруде артта қалатын балалар бар екендігіне түңғыш рет ғұламалардың назарын аударған К.Д. Ушинский болды. Педагогтар мен психологтар осы артта қалушылықтың талдауына көп көңіл бөлген. Жиі жағдайда білімді игерудегі артта қалушылықты ақыл ой жетіспеушілігімен түсіндіретін және осы жағдайға байланысты Ресейде көмекші мектептер ашыла басталды. ХІХ ғ ортасында дәрігерлер ақыл ойы тежеу балаларды психиатриялық емхананың басқа пациенттерінен бөле бастады. Оларды тәрбиелеу және оқыту барысында олардың психикалық іс әрекетінің ерекшеліктері жөнінде білімдер мен мағлұматтар жинақталды. 1915-1916 жж Ресейде Г.Я. Трошиннің Тәрбиелеудің антропологиялық негіздері. Дамуы қалыпты және психикалық дамуы тежеу балалардың салыстырмалы психологиясы атты тұңғыш фундаменталды еңбегі шықты. Автор бұл еңбекте шетелдердің және ресейлік зерттеушілерден алынған материалдарды қорытындылады. Олардың негізінде ақыл ойының дамуы тежеу балалардың танымдық процесстері мен жеке тұлғалық ерекшелігі жөнінде бірқатар қызық тұжырымдамалар білдіртті. Соның ішінде психикалық дамуы тежелген балалардың дамуы, дамуы дұрыс және дамуы бұрыс балаларды дамытудың заңдылықтарының ортақтығы жөнінде сияқты тұжырымдамалар.
1929 ж Мәскеуде балалар үйлердің және арнайы мектептердің ғылыми тәжірибелік институты ашылды, мұнда көптеген жас ғалымдар күштері жұмылдырылды. Олардың арасында Л.С. Выготский Ресейде жалпы және арнайы психологиясының дамуына зор үлесін қосты. Ол маңызды теориялық ережелерді құрастырды, сол сияқты:
Адамзат психикасының құрылысы жүйе түрде, оның бір буынының бұзылуы барлық жүйенің қызмет етуін өзгертеді;
Баланың дамуының актуалды және жақын арадағы зоналары жөнінде;
Дамуы дұрыс және аномалиялық балалардың дамуын шарттайтын факторлардың ұқсастығы жөнінде;
Аномалиялық баланың дамуындағы алғашқы және екінші қатарлы ауытқуы жөнінде,
Психикалық дамуы кешеуілдеген балалармен коррекциялық педагогикалық жұмысының негізгі бағыттары жөнінде;
Баланың жоғары психикалық қызметтерінің дамуының факторы ретінде ұжым жөнінде;
Ақыл ой жетіспеушілігі кезінде интеллект және аффекттің ара қатынасының өзгеруі жөнінде;
Психикалық дамуы кешеуілдеген балаға ертеден коррекциялық педагогикалық ықпал етудің маңызы жөнінде.
Қазіргі уақытта психикалық дамуы тежелген балалар кеңінен зерттелген. Белгілі дефектологтардың зерттеулері педагогика ғылымдарының бұл саласына үлкен үлес қосып, мектеп жасына дейінгі мен бастауыш мектептігі психикалық дамуы тежелген балалардың спецификалық жалпы ерекшеліктерін бөлуге мүмкіндік берді.
Орта мектептің бағдарламасын игере алмағандардың көп бөлігін психикалық дамуы тежелген балалар құрайды. Сондықтан мектеп жасына дейінгі сәбилер арасында бұл санаттағы балаларды анықтап, олардың спецификалық психофизикалық ерекшеліктерін зерттеу аса маңызды.
Жалпы психикалық дамуы тежелген балаларға тоқтала кетсек.
Психикалық дамудың тежелуі деген түсінік баланың қалыпты психикалық даму сарыны бұзылған кезде айқындалатын аномалияның ерекше типі деп анықталады. Оның себептері әртүрлі: конституция ақауы (гармоникалық инфантилизм), соматикалық аурулар, ОЖЖ органикалық зақымдануы (мидың минималды дисфункциясы). Бұл түсінік психологиялық-педагогикалық болып табылады. Психикалық дамуы тежелген балаларды педагогикалық тәрбиелеу ақаулары бар балалардан ажырата білген жөн. өйткені осы екі түрде де білім алу деңгейі төмен болуының себептері әртүрлі. Психикалық дамудың тежелуі мидың органикалық зақымдануымен (туа біткен, ана құрсағында, туған кезде немесе кішкентай кезінде пайда болған) байланысты. Алайда сонымен қатар, бұл жағдайдың олигофрениядан айырмашылығы патогенді факторлар баланың даму сарының бұзылуына ғана алып келеді. Ал симптомдардың бетін қайтаруға әбден болады. Бірақ ол үшін коррекциялық және емдеу жұмыстарын жүргізу қажет.
Т.А.Власова психикалық дамудың тежелуінің келесідей түрлерін бөліп көрсеткен:
Психикалық және психофизикалық инфантилизм негізінде пайда болатын психикалық дамудың тежелуі.
Организмнің астеникалық және церебрастеникалық жағдайына байланысты пайда болатын психикалық дамудың тежелуі.
Тежелудің бірінші түрінің пайда болу себебі жүктілік кезеңінде орталық жүйке жүйесіне зиянды әсерлердің болуында жатыр. Ал психикалық даму тежелуінің екінші түрі бала өмірінің бастапқы сатыларында әсер ететін түрлі патогенді факторларға байланысты.
К.С.Лебединская келесідей классификацияны ұсынды. Бұл классификацияның негізінде этиопатогенді принцип жатыр. Осыған орай мына типтерді бөліп көрсетуге болады:

- Психикалық дамудың самотогендік тежелуі;

- Психикалық дамудың конституцуялық тежелуі;

- Психикалық дамудың церебралды-органикалық тежелуі;

- Психикалық дамудың психогенді тежелуі;

Психикалық дамудың соматогенді тежелуінің себебі ұзақ мерзімді соматикалық тапшылық, сондай-ақ жалпы психикалық тонусы төмендететін тұрақты астения болып табылады.
Психикалық дамудың конституциялық тежелуі кезінде баланың эмоционалды-мінез саласы жасына сай келмейді. Мұндай балаларға ойын қызығушылығы тән.
Психикалық дамуыдың психогенді тежелуі баланың патологиялық дамуына алып әкелетін тәрбиелеудің жағымсыз жағдайларына байланысты.
Психикалық дамудың церебралды-органикалық типі эмоционалды салада және танымдық іс-әрекеттегі бұзушылықтармен сипатталады. Психикалық даму тежелуінің осы түрі жиі кездеседі. ОЖЖ жастайынан зақымданған балалардың жалпы эмоционалдық азғандығы ересек адамның қарым-қатынасына эмоционалды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Арнайы педагогика
Психикалық дамуы тежелген балалар мінездемесі
Психикалық дамуында тежелуі бар балалармен педагогпсихологтың түзету іс әрекеті
Жалпы сөйлеу қабілетінің дамымауы бар мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын дамыту ерекшеліктері
Психикалық дамудың тежелуі
Дамуында психикалық тежелуі бар балаларға психологиялық кеңес
Психикалық дамуы тежелген балалардың жалпы тіл кемістіктерінің ерекшеліктері
Психикалық дамуы тежелген баланың ерекше білім беру қажеттіліктері
Ерекше білімді қажет ететін баланың жеке оқу бағдарламасын жобалау
Психикалық дамуы тежелген баланың ерекшеліктері
Пәндер