Қазақ хандығының туы


РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Қазақ мемлекеттілігінің эволюциясы
Орындаған:
Топ: ПК-102
Тексерген: тарих пәнінің оқытушысы Амирканов М. Б.
Қазақ мемлекеттілігінің эволюциясы
Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
- Қазақ халқының этногенезі, кезеңдері.
- Қазақ жүздері: пайда болуы және этникалық аумағы.
- Қазақ хандығының құрылуы.
4. Қазақ мемлекеттілігінің тарихи бастаулары мен сабақтастығы: ежелгі және ортағасырлар, жаңа дәуір.
5. Мемлекеттің саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуының заңдылықтары.
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
- Қазақ халқының этногенезі, кезеңдері. Қазақ халқының құрылуы халықтар қалыптасуының жалпы заңдылықтары негізінде, таптық, феодалдық қатынастардың нығаюымен, аумағының, тілінің, материалдық және рухани мәдениеті ортақтығының қалыптасуымен байланысты жүзеге асты. Қазақ халқының қалыптасу үрдісінің ұзаққа созылуына монғолдар жаулап алғаннан кейін Қазақстан аумағында пайда болған монғол ұлыстарының, Ақ Орданың, Моғолстанның, Әбілхайыр хандығының, Ноғай Ордасының бір орталыққа бағынбауы, көшпелі және жартылай көшпелі қоғамдық қатынастардың баяу дамуы әсерін тигізді. Халықтың құрылуына XIV-XV ғғ. Қазақстан аумағында дәстүрлі шаруашылықтың қайта өрлеуі, көшпелі және отырықшы шаруашылықтардың өзара әсері, монғол үстемдігіне дейінгі және олардан кейінгі көптеген тайпалардың тілдерінің сабақтастығы ықпал етті. Қазақ халқының негізгі этникалық топтары мен этникалық аймағының XV ғ. 2-жартысы мен XVI ғ. мемлекет болып бірігуі халықтың шоғырлану үрдісінің аяқталуын тездетті. Нәтижесінде қыпшақ, өзбек, өзбек-қазақ, қазақ деген жиынтық этносаяси терминдердің ауысуы арқылы «қазақтар» деген этникалық атау орнықты.
«Қазақ» этнонимі туралы. «Қазақ» терминінің шығуы туралы көзқарастар ауқымы кең, ғылыми болжамдардан бастап қиыстырылып шығарылған этимологияларға дейін бар. «Қазақ» терминінің бастапқы таралған жері Шығыс Дешті Қыпшақпен байланысты болған. ІХ-Х ғғ. Шығыс Дешті Қыпшақ қоғамында «қазақ» атауы әлеуметтік, ал ХІ-ХІІ ғғ. этникалық-әлеуметтік топтарды білдірді. Монғолдарға дейінгі уақытта қазақ этносының қалыптасуы туралы тұжырымдарды жасамаған жөн.
«Қазақ» - түркі сөзі. «Қазақ» сөзі алғаш айтылған жазба деректердің бірі - Египетте 1245 жылы құрастырылған түрік-араб сөздігі. Бұл сөздіктің авторы беймәлім, оны 1894 жылы М. Хоутсм Нидерландының Лейден қаласында баспадан шығарды. Бұл деректе «қазақ» сөзі «үйсіз», «кезбе», «қуғындалушы» деген мағынаны білдірді.
Бастапқыда «қазақ» сөзі өз халқынан, тайпасынан, өзінің заңды билеушісінен бөлініп кеткен кез-келген еркін адамды білдірді. Яғни, қазақ термині алғашқы кезде әлеуметтік мәнге ие болды. Мәселен, әр түрлі жерлерді кезіп, өзін-өзі асыраған кезбе - қазақ, алыс және қауіпті жолға серіктерсіз аттанған адам - қазақ, Бабырдың айтуы бойынша «жаудың малын батылдықпен айдап әкетуші» - бұл да қазақ.
Қазақтың тұрмысын белгілеу үшін парсы және түркі тілдеріндегі деректерде «қазақлық» - «еркіндік», «кезбелік» және «қазақламақ» - «еркін жүру», «кезу» деген сөздер қалыптасты.
Сондай-ақ, «қазақ» сөзі әр түрлі себептерге байланысты өз мемлекетінен бөлініп кеткен көшпенділердің тобын білдіру үшін қолданылды. Ұрыс ханның ұрпақтары Керей мен Жәнібектің басшылығымен Әбілқайыр ханның мемлекетінен 1459-1460 жж. бөлініп кеткен көшпенділер дәл осындай топ болды.
Осылайша, егер Қазақ мемлекеті құрылғанға дейін «қазақ» сөзі әлеуметтік мағынаны білдірсе, енді ол саяси терминге - жеке хандықтың атауына, ал кейін, XV ғ. 2-жартысында этнонимға - қазақ халқының өзіндік атауына айналды. Зерттеуші В. П. Юдиннің пікірінше, саяси тұтастық ретінде «қазақ» терминімен біріккен өзбек тайпаларының тобы, біртіндеп шайбанилер мен маңғыттарды өзіне қосып алды. Яғни, «қазақ» термині бүкіл Шығыс Дешті Қыпшақ аумағына таралды.
- Қазақ жүздері: пайда болуы және этникалық аумағы. XІV-XV ғғ. тұрғындардың ұзақ уақыт бойы жекелеген мемлекеттер жүйесіне енуі салдарынан Қазақстан аумағында үш жүз құрылды. Қазақ жүздеріне енетін тайпалар бір-бірімен ортақ көшу бағыттарымен байланысты болды. Ұлы жүз Жетісудан Сырдарияға дейінгі жерлерде орналасты. Құрамы: үйсін, қаңлы, дулат, албан, суан, сіргелі, ысты, шапырашты, жалайыр, т. б. тайпалар. Орта жүз Орталық, Солтүстік-Шығыс Қазақстан аудандарын мекендеді. Құрамы: қыпшақ, арғын, найман, керей, қоңырат, уақ тайпалары. Кіші жүз Батыс Қазақстанды, Сырдария сағаларынан Арал теңізі, Каспий теңізі жағалауының солтүстігіндегі жерлерді мекендеді. Құрамы: алшын, адай, байбақты, жаппас, қарасақал, қаракесек, т. б. тайпалар. Жүздердің тарихын зерттеушілер -С. А. Аманжолов, Н. А. Аристов, Ш. Уәлиханов, В. Бартольд, М. Вяткин, Т. Сұлтанов, Г. Волконский, т. б.
- Қазақ хандығының құрылуы. Қазақ хандығының құрылуы Шығыс Дешті Қыпшақтың, Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның аумағындағы әлеуметтік-экономикалық және этникалық-саяси процестердің қорытындысы болды. Алтын Орда әлсірегеннен кейін Шығыс Дешті Қыпшақ пен Жетісуда құрылған ұлыстар керуен жолдары мен жайылым жерлері үшін өзара соғыстар жүргізді. Қазақстанның оңтүстігінде қала мәдениеті мен отырықшы шаруашылықтың қайта жандануы, Орталық Қазақстанның көшпелі, жартылай көшпелі халықтарының отырықшы аудандармен шаруашылық байланыстарының дамуы шығу тегі, мәдениеті, тілі бір этникалық топтардың бірігуіне, қазақ халқының құрылуына ықпал етті. XV ғ. ортасында этникалық жағынан жақын топтардың саяси бытыраңқылығын жою, сол кезде іс жүзінде халық болып қалыптасқан қазақ ру-тайпаларын мемлекет етіп біріктіру қажеттілігі туындады.
Мұхаммед Хайдар Дулатидың (1499-1551) ортаазиялық парсы тілінде жазған «Тарих-и Рашиди» еңбегінде бұл оқиға былай сипатталған: «Сол кезде Дешті Қыпшақта Әбілқайыр хан билік құрды. Ол Жошы әулетінен шыққан сұлтандарға мазасыздық тудырды. Жәнібек пен Керей хан одан қашып, Моғолстанға келді. Есен-Бұға хан оларды қабылдап, оларға Моғолстанның батыс шетіндегі Шу мен Қозыбасы өңірін берді.
Әбілқайыр хан дүние салғаннан кейін Өзбек ұлысы ыдырай бастады. Әбілқайыр ханның қол астындағылардың басым бөлігі Керей хан мен Жәнібек ханға көшіп кетті, олардың маңындағы адамдардың саны екі жүз мыңға жетті. Оларға өзбек-қазақтар деген атау берілді. Қазақ сұлтандарының мемлекеті 870 жылы (1465-1466 жж. ) басталды».
Моғолстан ханы Есенбұға Ұрұс ханның ұрпақтарына жер бөліп беру арқылы Моғолстандағы хандық билікке таласқан бауыры Жүніске қарсы одақтас тауып, өзінің иеліктеріне көз алартқан Әбілхайыр хан мен Темір ұрпақтарына, ойраттарға қарсы қазақтарды әскери күш ретінде пайдалануды көздеді. 1462-жылы Есенбұға хан дүние салғаннан кейін Моғолстандағы билік дағдарысын пайдаланып, қазақ сұлтандары өздері иеленіп отырған Жетісуда жеке саяси бірлестік құрды.
Жошы әулетінен шыққан сұлтандардың Шығыс Дешті Қыпшақты билеу жолындағы күресі 1468-жылы Әбілхайыр хан дүние салғаннан кейін қайтадан өршіді. Бұл күреске жергілікті халық пен ауып келушілерден едәуір әскери күш жинаған және Жетісуда берік тылы бар Керей мен Жәнібек хандар да қосылды. XV ғ. аяғында Керей, Жәнібек, Бұрындық хандар қазақ ру-тайпалары мекендеген Сарысу, Сырдария, Арал маңы, Қаратау етегінің едәуір бөлігінде үстемдігін орнатты. Көшпелілер мен отырықшы аймақтар халықтарын байланыстыратын шаруашылық, мәдени, этникалық орталықтар болған Сырдария бойындағы Сығанақ, Сауран, Отырар, Йассы қалалары үшін Әбілхайыр ханның немересі Мұхаммед Шайбанимен ұрыстар жүргізілді. Алғашқы қазақ хандары Шығыс Дешті Қыпшақтағы өкімет билігіне таласушы хандарды бірте-бірте жеңіп, өз иеліктерін ұлғайтты.
Қазақ хандығының туы
Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуына Қазақ хандығының құрылуынан бастап, тәуелсіздік алғанға дейінгі кезеңдерді қарастыра аламыз. Орта ғасырлардағы қазақтардың мемлекеттілігі қазақ халқының пайда болуына, сақталуына және дамуына қолайлы жағдай жасады. Мемлекетіміздің қазақ хандығының Орталық Азия елдерінің, Еуразия жүйесіндегі тарихи тағдырында алатын орны ерекше. Қазақ хандығының саяси өмірі күрделі екені анық. Қазақ хандығы бір жарым ғасырдан астам уақыт ішінде өзінің кең аймағында көп нәрсені анықтап, тұрақты өмір сүрді және әрекет етті. Еліміздің тұтас мемлекет болып қалыптасуында үлкен тарих жатыр. Яғни, түгел бір эволюциядан тұратыны бәрімізге дерлік белгілі. Мемлекет болып қалыптасуға ғасырлар, жылдар, көптеген уақыттар қажет болғаны жалған емес.
Хандықтың құрылуы ХV ғасырдан бастау алды. XVIII-XIX ғасырлар арасындағы ұлт-азаттық көтерілістер ұлтымыздың келешегі үшін жасалынғаны рас. Әр түрлі революциялық төңкерістер болды, мәселен Ақпан, Қазан төңкерістері. 1917 жылы Алаш партиясы алғашқы қазақ партиясы болып құрылды. Партияның басшылары Әлихан Бөкейханұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы секілді қазақ зиялылары болды. Сонымен қатар алаш қайраткерлері алғаш рет «Қазақ» газетін жарыққа шығарды.
Біртұтас қазақ ұлты - бұл алғашқы қазақ мемлекеті, хандықтың қарқынды өмірі мен дамуының жемісі десек қателеспейміз. Сол заманнан бастап «Қазақстан» деп аталған мемлекеттің шекараларын ең мықты өкілдер ұсынған қазақ билеушілері қорғады. Қазақ елінің дербес мемлекет болып қалыптасуы тікелей халықтың сүйегіне таңба болып салынып, қаны мен теріне мықтап сіңген. Қарапайым халық пен батыр бабаларымыздың арқасында, еліміздің тәуелсіз шекарасы қанмен сызылды. Қазақстанның Ресей империясына қосылу кезеңі және Ресей үкіметінің билікті қолдарына алып, еліміздің зиялыларымен қатар, қазақ деген ұлты жою мақсатында жұмыс жасағандарын білеміз. Осы кезеңде Қазақ хандығының тәуелсіздігі үшін көптеген көтерілістер болды. Десе де, еліміз алдымен патша билігінен, сосын КСРО-ның қол астынан шығу арқылы егемендік алды. Бірақ, сол егемендікке дейін, еліміз біраз нәрселерді бастан кешірді десек еш қателеспес едік. 1986 жылы Желтоқсан көтерілісін еске алсақ, өте аянышты оқиғаға толы. Студенттер, қазақ жастары, өз өмірлерін құрбан етті. Қазақ ұлты өз мемлекеті үшін күресіп, біраз жастар «ұлтшыл» деген атаққа ие болып, өмірлерінен айырып қалды. Бірақ, олардың батылдығы мен батырлығы еш ұмытылмайды, біздің есімізде, санамызда.
Қазақ қоғамы сонау хандықтан бастап, осы тәуелсіздікті жеңіп алам дегенге дейін көптеген қиыншылықтардан өтіп, Қазақстан мемлекеті ретінде қалыптасып отыр. Еліміз тәуелсіздік құрметіне орай, 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өткен болатын. Бұл еліміз үшін тарихи маңызы бар оқиға болып табылады. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігінің конституциялық заңы қабылданғаннан бастап, Қазақстан демократиялық саяси-құқықтық жүйесін осы ХХ ғасыр аяғында қалыптастырып, демократиялық ел атағын алды. Бұған қоса өзінің тұрақты экономикасын құрастырып, елдің және халықтың жағдайын жақсартып, дамушы мемлекеттер қатарына кірді. «Қазақстан-2030» және «Қазақстан-2050» стратегиялары басшылыққа алынып, елдің дамуына өз әсерін тигізді. Халықтың әл-ауқатының жоғары деңгейі бар табысты мемлекетіміз, әлем деңгейінде өзінің ойып тұрып орнын белгілеп, дамыған мемлекеттер қатарына кіру үшін жұмыстар атқаруда. Көптеген қиыншылықтан өтсе де, еліміз Қазақстан мемлекеті ретінде дәл қазіргі уақытта нық өмір сүруде.
Тәуелсіздік үшін күрес босқа кетпеген шаруа екені шындық. Сондықтан да, сол тәуелсіздікті сақтау үшін жалындаған жастар елдің жарқын болашағы үшін қызмет атқаруы тиіс. Сүйегін қазық қып қағып, қанымен шекара сызған ата-бабамыздан мирас боп қалған, ұшқан құстың қанаты мен шапқан тұлпардың тұяғы талатын ұлан байтақ Ұлы тәуелсіз жазық даламыз - біздің мақтанышымыз, әрі саф алтындай таза мұра ретінде келер ұрпаққа табыстар киелі мұрамыз болып табылады.
Қорытынды:
Қазақ халқының қалыптасуы, яғни эволюциясы да өзге халықтар сияқты ұзақ уақыт аралығвн қамтиды. Оның қалыптасуы негізгі Сақтар заманынан бастау алады. Қазақ даласында ең алғаш қалыптасқан мемлекеттер ол Арийлер мен Турлар немесе Сақ тайпалары болып табылады. Келесі кезенді ғұндардың қоныс аударып, əсіресе, халықтардың ұлы қоныс аудару кезенінде пайда болған ежелгі мемлекеттердің түзілуімен байланыстыруға болады. Енді ғұндар қазақ жеріне аяғы тиіп, бірітіндеп түркілену кезеңі басталды. Ғұндар ыдырағаннан кейін Түрік мемлекеттері құрылып, пайда бола бастады. Түрік қағанаты, Батыс түрік жəне Шығыс түрік қағанаты, Түргеш қағанаты, Қарлүқ, Қимақ қағанаты, Оғыз қағанаты. Бұдан біраз уақыт өте келе дамыған ортағасыры басталады. Бұл ортағасырлық кезеңінде Монғол империясы ел аузында айтылады. Монғол империясы 1218 жылы Қарахан мемлекетіне басып кіреді де, барлық қалаларды жаулап алады. Монғол империясы ыдырағаннан кейін бірнеше мемлекет пайла болады. Ол Ақ Орда, Моғолстан, Əбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасы. Осы кезден бастап-ақ бірітіндеп Қазақ мемлекеті қүрыла бастайды. XV ғасырдың II жартысынан бастап, қалыптасқан халық өздерінің көршілері арасында “қазақ” деген атпен белгілі болған. Қазақ этнонимінің туу тарихы ұзақ уақыт бойы зерттеуші, ғалымдардың қызу талас тақырыбына айналады. Кейбір деректерде бұл термин əлеуметтік мəнінде қолданылған “қашақ” деген атаудан шықты деп есептейді. Немесе “қазақ” атауы Жəнібек пен Керей бөлініп көшіп кеткен рулық одақтарды білдіру үшін бастапқы кезде “өзбек-қазақ”, кейін “қазақ” деп аталған дейді. “Қазақ” термині 1245 жылы Мамлүк мемлекетіндегі қыпшақтардың ортасында жазылған ерте қыпшақ жазба ескерткіштерінде (түрік-араб) кездеседі. Мұнда “қазақ” деген сөз “басы бос - кезбе” деген мағына береді. Қалай дегенде де “қазақ” этникалық терминінің ғылыми тұрғыдан дəлелденіп, тұрақты бір шешімі жоқ.
Менің ойымша біздің қазақ деген жеке ұлт жəне мемлекет болуымыздың бірден бір себебі ол өзіміздің сонау заманнан бері ата-бабамыздан бізге мұра болып сақталып келе жатқан ол біріншіден біздің тарихымыз, екіншіден тіліміз, үшіншіден өзімізге тəн салтдəстүрлеріміз. Мемлекеттілігіміз Қазақ хандығынан бастау алады. Біз мемлекеттілік алғанға дейін Қазақ хандығы үстемдік есткен. Тарихпен бүгінді салыстырып қарайтын болсақ көптеген айырмашылықтарды аңғаруға болады. Себебі егер қазақ хандығы кезінде елде хан билесе, тəуелсіздік алып Қазақстан Республикасы болғаннан бастап президент басқара бастады. Жəне де қазақ хандығы жылдарында шешімді билер, шешендер ханмен ақылдасып шешіп отырған. Ал қазіргі таңда біздің елімізде министр, депутаттар бар. 1991 жылдың 16- желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тəуелсіздігі туралы» Конституциялық заңы қабылданды. Президентіміз Н. Ə. Назарбаевтың еліміздің дамуы мен өркендеуіне көп үлес қосқанын ескермеске болмайды. Жас мемлекет тарихындағы жаңа дəуір осы тəуелсіздік алған уақыттан басталады. 1986 жылғы аға-апаларымыздың көтеріліске шығуының себебі тек тəуелсіздік ғана емес, сонымен қатар қазақ деген ұлтты сақтап оның жойылып кетуіне жол бермеу деп ойлаймын. Əрине біздің мемлекетіміздің тəуелсіздікті көптеген елдер оңайлықпен мойындаған жоқ. Тəуелсіздік алғаннан кейінгі жемісіміз ол еліміздің БҰҰ-на кіруі. 1993 жылы 15 қарашада Ұлттық валюта теңге айналымға шықты. Осы күнде теңгеміз тұрақты, сенімді қаржы бірлігі болды. Жаңа Тəуелсіз Қазақстан Республикасы халықтың жаңа тиімді тұрмысын қалыптастыру жолындағы күрделі экономикалық реформаларды өте сəтті жүзеге асыра алды. Мұндай орасан зор өзгеріс оңайшылықпен келген жоқ еді. Тəуелсіздік алғалы бері елімізде көптеген өзгерістер орын алып жатыр. Тіпті қарапайым мысал ретінде Астана қаласын алуға болады. Бұл қаланың негізін елбасымыз Н. Ə. Назарбаев қалады. Сонымен қатар 2017 жылы ЭКСПО-2017 көрмесі Қазақстанның астанасы Астана қаласында өткізілді. Қазіргі таңда елбасымыз Қазақстан Республикасының алдыңғы елдер қатарынан көрініп, біздің мемлекетімзді өзге елдердің тарихында қалдыруы үшін бар күшін салып жатыр.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz