Онтология мәселелері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

"Жаратылыстану ғылымдары" факультеті
"Физика" кафедрасы

БӨЖ
Тақырыбы: Болмыс. Онтология және метафизика

Қабылдаған: Досалиев Тимур
Орындаған: Абдумавлянов Фаррух
Тобы: ЖФИ-213

Түркістан: 2024
Мазмұны

Кіріспе 3
1 Онтология ұғымы 4
0.1. Онтология болмыс туралы ілім ретінде. 4
2 Болмыс философиялық категория ретінде: оның мәні мен ерекшелігі.. 5
2.1. Болмыс түрлері. 5
2.2. Болмыс философиясы 6
3 Субстанция ұғымы 8
3.1. Субстанция мәселесі 8
4 Метафизика ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
4.1 Метафизика горизонттары: Платон және Антикалық академия ... ... ... ... 9
Қорытынды ... 11
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ...12

Кіріспе

Әр заманда өмір сүрген ойшылдар бұл ұғымды көбінесе жүйелі философиялық толғаныстардың бастапқы негізі деп қараған. Осы уақытқа дейін де болмыс туралы бұл көзқарас өз мәнін сақтап келеді. Болмыс туралы философиялық мәселені түсіну үшін ең алдымен оның адамзаттың шынайы өмірінде қандай түбегейлі орын алатынын ұғыну қажет.
Адамның дүниеге қатынасының негізінде қандай құндылық жатса да, оның бастамасы -- болмыс. Мәнділік жөнінде айтқанда не нәрсенің болса да дүниеде болу жолы немесе тәсілі оның негізін құрайды дегенбіз. Болу жолдары және сан алуан құндылықтар -- бәрі де ең алдымен жалпы болуға тиіс. Онда болмыс деген не нәрсе? Бұл сұраққа оның барлық формаларының мазмұнын ашу арқылы ғана жауап беруге болады. Болмыстың нақты, жеке формаларының бәріне ортақ жалпы қасиет, ол -- болу.
Көптеген философиялық жүйелерде басқа да категориялар арасындағы ең маңыздысы болмыс категориясы болып табылады. Болмыс батыстық рефлексияда базалық категория деп саналады, өйткені ол заттардың мәнін бейнелейді. Бұл мәнділік болудың сипаттамасы болып табылады. Батыстық адам маңызды дүниетанымдық мәселелерді шешу барысында ой толғауды ең алдымен барды, болуды түсіндіруден бастайды және бұл ойлаудың негізгі азығы болып табылады.

3
1 Онтология ұғымы
0.1. Онтология болмыс туралы ілім ретінде

Онтология термині грек тілінде екі сөз тіркесінен тұрады: онтос - болмыс, логос - ілім. Демек, онтология грек тілінен аударғанда болмыс туралы ілім дегенді білдіреді. Философияда бұл термин ХVІІ ғасырдан бастап қолданылады, бірақ оның сол кезге дейінгі де тарихы бар. Екі жарым мың жыл бойы философтар әлемдегі адамның орны туралы ой толғап келеді, соның нәтижесінде философияда осындай ерекше сала қалыптасты.
Көптеген философиялық жүйелерде басқа да категориялар арасындағы ең маңыздысы болмыс категориясы болып табылады, өйткені ол заттардың мәнін бейнелейді. Бұл мәнділік болудың сипаттамасы болып табылады. Батыстық адам маңызды дүниетанымдық мәселелерді шешу барысында ой толғауды ең алдымен барды, болуды түсіндіруден бастайды. Дүниеге келгеннен кейін адамды мынадай сұрақтар мазалайды: Қоршаған орта нені білдіреді? Оның шығу тегі қалай? Әлем мен адам болмысының шеткі түпнегізі не?
Философияның қалыптасуы да онтологияның пайда болуы мен дамуына арқау болған негіздермен байланысты. Көптеген философиялық жүйелерде басқа да категориялар арасындағы ең маңыздысы болмыс категориясы болып табылады. Бұл мәнділік болудың сипаттамасы болып табылады. Батыстық адам маңызды дүниетанымдық мәселелерді шешу барысында ой толғауды ең алдымен барды, болуды түсіндіруден бастайды және бұл ойлаудың негізгі азығы болып табылады.
Онтология терминін алғаш енгізген (1613) неміс философтары Р.Гоклениус пен Х.Вольф. Бұл философтардың пікірінше Онтология адамның шынайы дүниемен байланысын түйсікпен емес материалды болмыстан бөлек тұратын ақыл-парасат, абстракциялық рух арқылы таниды. Олар Онтология бүкіл дүниенің (оның ішінде субстанция, кеңістік пен уақыт, т.б.) негізі мен мәнін болмыстағы алуан түрлі құбылыстардың себебін, дамуын түсіндіретін бірден-бір ғылым деп санады.
Кант Онтологияны мағынасыз метафизика деп есептеп, оны өзінің трансцендентальді философиясымен ауыстырды. Гегельдің пікірі бойынша Онтология - "мәннің абстрактылы анықтамалары туралы ілім" ғана. Гегельден кейін философияда Онтологиялық ілімдер сирек кездесті. 20 ғ-да неокантшылдықтан бас тартып, метафизикаға бет бұру барысында Онтология қайта жанданды: Г.Якобиде, әсіресе, Н.Гартманда Онтология - болмыстың нақтылы пәндік философиясы, М.Хайдеггер мен К.Ясперсте іргелі Онтология мағынасында қолданылды. Онтология "болу" деген қасиетке ие, барлық нәрселердің мәнін ашуға негізделетін болмыс мәселесін қарастырады. Ол адамзат баласының рухани рәміздерін өн бойына қорыта отырып, адам болмысын суреттеудің әр түрлі теориялық формаларын береді. Онтология болмыстың мәнділігін игерумен, әлемге деген адами қатынастың мәнділігін және ондағы адам орнының маңызын танумен шұғылданады.

4
2 Болмыс философиялық категория ретінде: оның мәні мен ерекшелігі
2.1. Болмыс формалары.

Болмыс материя философияның түбегейлі категориялары болып табылады, өзінің негізінде жалпы реалдылықты, табиғат пен адамның, материалдық әлем мен адамзат рухының біртұтас негізін бейнелейді. Болмыстың өзі әртүрлі формаларға ие:
1. Заттардың, табиғат күйі процестерінің болмысы;
2. Адам болмысы;
3. Руханилық болмысы;
4. Әлеуметтік болмысы;
Заттар мен табиғи үрдістер болмысы ғарыш пен жердің, табиғилықтың күрделі жүйесі ретінде көрінеді. Бұл болмыс - бастапқы және Адам болмысының тарихи алғашқы негізі. Философиялық тұрғыда алғанда табиғи әлем объективті, заңдылықты, қажетті, Адам санасынан тәуелсіз, бүтіндей алғанда ғарыш - мәңгі, шексіз, ал жекелеген құрамдастар - шектеулі, өткінші. Табиғат пен ғарыш әлемі субстанционалды. Барлығының негізі - материя. Материя атрибутивті: қозғалыс, даму, өзгеріс, мәңгілік, шексіздік, таусылмастық, объективтілік және т.б.
Материя диалектикалық-материалистік тұрғыдан алғанда, объективті нақты және түрі жағынан алғанда сапалық-сандық алуан түрлі, өзінің акциденциалдық-функционалдық көрінісінде таусылмайды. Ол жалпы универсум, онда танымдық-зерттеушілік тұрғыдан үш деңгейді айқындауға болады: мега әлем, макроәлем және микроәлем. Материяның күрделі құрылым екендігі айдан анық. Дамудың диалектикалық концепциясы - универсумды пайымдаудың мүмкін болатын бір ғана позициясын ұстанатын тек философиялық парадигма ғана, ал әр түрлі жаратылыстанымдық-ғылыми концепциялар әлемнің әр түрлі құрамдастары туралы біздің көзқарасымызды тек қана кеңейте алады, мұның бәрі әлемнің бірбеткей иерархиясы тұрғысындағы салыстырмалы түрдегі білім ғана.
Адам болмысы - болмыстың екінші формасы ретінде әлемдегі тікелей біздің материалдық-тәндік-организмдік және психикалық дүниемізге қатысты. Дене ретінде Адам өзінің табиғи саласына оның құрамдас бөлігі ретінде енгізілген. Нақты дене ретінде біз өз болмысымызды үнемі гомеостаз ретінде көрінеміз, туылғаннан бастап біздің болмысымыз Ешнәрсеге - барлық тірі жанның табиғи өліміне бағытталған нәзік, тірі бүтіндік қана. Нақты денедегі өмір уникалды, қайталанбайды, тұлғалық-индивидуалды және өзінің өткінші өмірін бойындағы тұқым қуалаушылықпен сақталып келген биопсихикалық инстинктер, таңылған мақсаттармен басып тасталатындай әлеуметтік-саяси-оқшауланған социумда өткізетін болса, бұл өмір трагедиялығымен, драмалығымен де сипатталады. Өмірдің мәні жоғалту, босқа өткізген өмір, болмыстың жалғандығы - мұның бәрі нақты индивид экологиясындағы апатқа айналады.
Әлеуметтік болмыс, әлеуметтік философияның ұғымында мәдени-өркениеттік әрекеттің объективті-жалпы үрдісі ретінде, индивидтің өмір қамы үрдісі ретінде көрінеді. Бұл сананың қоғамдық формалары болмысының күрделі ұйымдасқан үрдісі және индивид санасының интеллектуалды адамгершілік бағдарындағы нақты формасы ретіндегі рухани болмысының стихиясы мен онтологиясы.

5
2.2. Болмыс философиясы

Адам - Дүние қатынасы болмыс құрамындағы іргелі қатынас ретінде. Онтология болмыс туралы ілім ретінде. Онтология мәселелері. Айқын және бейайқын онтология. Онтологияның негізгі типтері. Болмыс және болмыс-емес мәселесі. Оны шешудің негізгі тесілдері және ол сілтеген адам болмысының негізгі страгегиялары.
Болмыс адам болмысы хақында Адам болмысының заттар дүниесінен прннципті айырмашылығы. Адамның заттар дүниесіндегі болмысы. Адам болмысының заттар дүниесіне жинақталғандығы (М.Хайдеггер). Заттық" тәуелділік.
Адам өмір сүруінің дихотомиялары. Адам өмір сүруінің тарихи дихотомиясы. Адам өмір сүруінің экзистенциалдық дихотомиясы. Адамның шынайы емес, жемісті емес бағдарлануының формалары. Ие болу стратегиясының қалыптасуы адам болмысының бейшынайылығы ретінде. Болу стратегиясы. Адамның шынайы болмысы. Адамның жемістігі бағдарлануы. Адам болмысының бірегейлігі. Адам қазіргі кездің басты құндылығы және капиталы ретінде
Әлем - адамнан тыс өмір сүретін табиғи ортаны бейнелейді. Табиғи процестер мен құбылыстар жеке - жеке емес, бір - бірімен байланыста өмір сүреді. Әлем - біртұтастық, өйткені ондағы жеке элементтер бір - бірімен гравитация күшімен байланысқан.
Болмыс философиядағы ең көне, дәстүрі мол, тарихы бай ұғымдардың бірі болып саналады. Ол бол, болу сияқты түсініктердің баламасы. Бұл ұғым адамды қоршаған ортаны біртұтас бүтіндік деп тану қажеттігінен туындаған. Оның көмегімен дүниетанымдық әлем деген не? сұраққа жауап беруге болады.
Болмыс туралы түсініктер көне философияда қалыптасты. Мысалы, Парменид болмыс дегеніміз - бұл тірлік, одан басқа еш нәрсе емес - деп үйретті. Болмыс жақсы, жаман жақтары бар толтырылған, қозғалмайтын шар іспеттес.
Гераклит болмыс қарама - қарсылықтардың өзара күресі, олардың бір - бірімен өзара қабысуы деп пайымдаған. Онда от пен су, жылулық пен суықтық бар. Дүниедегі барлық нәрсенің негізі күрес, өйткені одан әлемдегі тамаша гармония туындайды. Болмыс үнемі дамуда, ұдайы қозғалыста. Демокрит болмыстың алғашқы негізі атом деп көрсетті.
Атомдардың бір - біріне тартылуынан немесе бір - бірінен ажырауынан әлемнің көптігі пайда болады. Болмыстан басқа, бос кеңістіктегі болымсыздық бар. Платон өз ілімінде өзгермейтін, мәңгі, нағыз болмыс идея, ал өтпелі де өткінші болмыс зат әлемі деген ойды қорытты. Бұл идея әлемнің көлеңкесі, онда мәңгілік, тұрақтылық жоқ, ол бір сағым сияқты, өтеді де кетеді.
Діни дүниетаным үстемдік еткен орта ғасырлар дәуірінде, болмыс - құдай жаратқан әлем деп қарастырылған. Құдай барлық тіршіліктің шыңы, мәні, жетілдірілген реалдылық деп көрсетілген (Әулие Августин, Фома Аквинский). Қайта өркендеу, әсіресе Жаңа дәуірден бастап жаратылыстану - механика, математика, физика үлкен қарқынмен дами бастайды.
Болмыс - жаратылыстану мен адамның практикалық іс - әрекетінің негізгі объектісі болып табылатын табиғат. Ол белгілі заңдылықтарға сүйеніп жұмыс істейтін механизм тәрізді. Адам әр уақытта табиғаттың жоғарғы күрделі жеңісі, күрделі механизм деп түсіндірілді.

6
Пантеизм аясында табиғатта құдай бастамасы тоғытылған. Бұл уақытта Дж. Бруно әлемнің көптігі идеясын ұсынды. Философияда, өнерде адамның керемет күштілігі, ұлылығы туралы идеялар кеңінен тарай бастаған. Болмыс теориясына Н.Коперник, И.Ньютон үлкен үлес қосқан.
Неміс классикалық философиясы болмыс туралы ілімдердің екі бағытын біріктірді. Мәселен, Гегель нағыз болмыс - деп абсолюттік идеяны, ал Л.Фейербах болмысты - табиғат деп қарастырған.
Маркстік философия болмыс ілімінде философиялық материализм мен жаратылыстану дәстүрін жалғастырады. Болмыс мәселесін зерттеуге жаратылыстанудың философиялық мәселелерімен айналысқан - Ф.Энгельс үлкен үлес қосты. Ол өзінің Табиғат диалектикасы, Дюрингке қарсы еңбектерінде материя, оның қасиеттері мен түрлері туралы, еңбек ету нәтижесінде адамның қалыптасуы туралы едәуір жұмыс тындырды.
Орыстың діни философиясы болмыс мәселесін зерттеуде христиан дінінің, Платон, Гегель, Шеллинг философиясының идеяларына сүйенеді. Болмыс - рухани құбылыс. Онда хаоспен қатар гармония да, зұлымдылық пен қатар ізгіліке бар.
Қазақ халқының сұм дүние, опасыз дүние, жалған дүние деген байырғы ұғымдарында да болмыс туралы пікір қорытылған. Келтірілген түсініктерді жинақтап, болмыс дегеніміз дүниеде бар барлық құбылыстарды, заттарды, процестерді білдіретін ұғым деп анықтауымызға болады.
Ол шексіз көп материалдық пен рухани әлемдегі барлық құбылыстарды білдіреді.
Қысқаша айтсақ, барлық бар нәрсе - болмыс, яғни ол заттар мен руханилық әлемі, өтпелі мен мәңгілік. Философиядағы бұл ұғым өте кең мағынада қолданылады, ол пайда болған, әлі де пайда болатын барлық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Болмыс формалары
Онтология. Болмыс және сана ұғымдары
Болмыс және тіршілік
Болмыс және тіршілік. Болмыс және тіршілік
Философияның негізгі бөлімдері - онтология
Философияның қысқаша тарихы
Философия пәні және оның қызметі
RDF моделінің синтаксисі
Философиялық дүниетаным және дүниетанымның тарихи түрлері
Дүниенің болмысы және материя туралы түсінік
Пәндер