Бастапқы әскери даярлық


Ф. 7. 03-03
Елубаев С. И., Демеуов А. К.
«Мамандыққа кіріспе» пәнінен
практикалық сабақ өткізуге арналған
Әдістемелік нұсқау
Шымкент 2022ж.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУ МИНИСТРЛІГІ

Коммерциялық емес акционерлік қоғам
«М. ӘУЕЗОВ атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті»
«МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ» ФАКУЛЬТЕТІ
«ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ» КАФЕДРАСЫ
Елубаев С. И., Демеуов А. К.
«Мамандыққа кіріспе» пәнінен
5В010400(6В01410) -«Бастапқы әскери дайындық» мамандығының
студенттері үшін практикалық сабақтарға арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Оқу түрі: күндізгі, кешкі, сырттай
Шымкент - 2022ж
Құрастырушылар: Елубаев С. И., Демеуов А. К.
«Мамандыққа кіріспе» пәнінен практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау. Шымкент М. Әуезов атындағы ОҚУ; 2022ж. - 64 бет.
Әдістемелік нұсқаулар оқу жоспарының «Мамандыққа кіріспе» бағдарламасына сай практикалық сабақтарды орындау үшін қажетті барлық мәліметтерді қамтиды.
Әдістемелік нұсқаулар 5В010400(6В01410) - «Бастапқы әскери дайындық» мамандығының студенттеріне арналған.
Пікір берушілер:
Балабеков А. Т. - п. ғ. к., доцент М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті.
«Дене тәрбиесі және бастапқы әскери дайындықтың теориясы мен әдістемесі» кафедрасы мәжілісінде ұсынған
(Хаттама № «» 20___ж. )
«Дене тәрбиесі және спорт» факультетінің әдістемелік комиссиясында қаралды және баспаға ұсынылды
(Хаттама № «» 20___ж. )
М. О. Әуезов атындағы ОҚМУ Оқу әдістемелік кеңесінде қаралды және баспаға ұсынылды. Хаттама № «» 20ж.
© М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, 2022ж
Шығарылымға жауаптылар: Елубаев С. И.
Мазмұны
Кіріспе . . . 5
Тақырып 1 . 5В010400-Бастапқы әскери дайындық мамандығы бойынша білім бакалаврының біліктілік сипаттамасы . . . 7
Тақырып 2 . Азаматтарды әскери қызметке даярлау, бастапқы әскери даярлықты ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ оның оқу-материалдық базасын қалыптастыру . . . 12
Тақырып 3 . Бастапқы әскери даярлық бойынша сабақтарды ұйымдастыру және өткізу . . . 17
Тақырып 4. Білім беру ұйымдарында қосымша білім беру бағдарламалары бойынша әскери даярлық . . . 20
Тақырып 5 . Азаматтарды әскери-техникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша даярлау . . . 24
Тақырып 6. Жоғары кәсіптік білім беру ұйымдарында запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлық жұмысы . . . 30
Тақырып 7. Болашақ бастапқы әскери дайындық оқытушы-ұйымдастырушысының қалыптасуында әскери психологияның маңызы . . . 36
Тақырып 8 . Әскери психологияның методологиялық, әскери-теориялық, табиғи-ғылыми негіздерін оқыту . . . 41
Тақырып 9 . Жарғылық тәртіптің жауынгерлерге тәрбиелік әсерін арттырудың және тәртіпті орнықтырудың психологиялық шарттары . . . 45
Тақырып 10. Әскери педагогиканың негізгі міндеттерін оқыту . . . 50
Тақырып 11 . Бөлімдегі жауынгерлерді оқыту процесінің принциптері, құрылымы мен болмысы. Оқыту прцесінің ерекшеліктері . . . 54
Тақырып 12 . Жоғары оқу орындарында бастапқы әскери дайындық мамандығы студенттерін оқытудағы ҚР Қарулы күштерінің жалпыәскерлік жарғыларының талаптары мен маңызы . . . 56
Тақырып 13 . Ұлттық жауынгерлік дәстүр арқылы болашақ бастапқы әскери дайындық мұғалімдерінің елжандылыққа баулып кәсіби біліктігін қалыптастыру . . . 59
Тақырып 14 . Қазіргі кезде бастапқы әскери дайындық оқытушы ұйымдастырушысына қойылатын талаптар . . . 61
Тақырып 15. Бастапқы әскери дайындық оқытушы-ұйымдастырушысының педагогикалық бағыттылығы және педагогикалық мәдениеті. Бастапқы әскери дайындық оқытушы-ұйымдастырушысының өзін - өзі тәрбиелеуі мен оқытуы . . . 63
Практикалық және семинар сабақтарының тақырыптарының тізімі . . . 65
Кіріспе
Отанымызды қорғау ісі Қазақстан Республикасының бүкіл халқының ісі, «Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы күштері туралы Заңды Отанды қорғау және Республика Қарулы Күштерінде қызмет ету ҚР азаматтарының халық пен мемлекет алдындағы Конституциялық міндеті мен парызы болып табылады», - деп көрсетілген.
Оқушыларды әскери-патриоттық тәрбиелеу, алғашқы әскери дайындық және денешынықтыру дайындығы бойынша сабақтарды ұйымдастыра білу және сапалы өткізу, сонымен бірге пән аралық байланысты іс жүзіне асыра білу; оқу процесіне заманалық, белсенді құралдар мен оқыту әдістерін енгізу әскери комиссариаттарымен және әскери бөлімдерімен тығыз байланыста болу; АӘД және денешынықтыру дайындығы бойынша оқу материалдық базаны құру және жетілдіру, оқушылармен жеке жұмыстар жүргізу; олардың іскерлік, моральдық және денсаулық жарамдылық зерттеу; жас өспірімдерді Қазақстан Қарулы Күштері қатарына дайындау; сабақ өткізу барысында қауіпсіздіктің алдын алу шараларын қабылдау.
Аталған пән бойынша оқу сұрақтарын қарау барысында студенттерге оқыту жекелеген әдістерді білу қажет.
Алғашқы әскери дайындық Қазақстан Республикасының азаматтарының ҚР ҚК, басқа да әскерлері мен әскери құрамаларында әскери қызмет етуге даярлау жүйесінің құрамдас бөлігі, иелігі мен меншік нысандарына қарамастан жалпы білім беретін міндетті мемлекеттік пән болып табылады.
ҚР ҚК мерзімді әскери қызметті өткерудің жағдайларына қысқа мерзімді бейімделіп, өздеріне сеніп тапсырылған қару-жарақ пен жауынгерлік әскери техниканы меңгеруі үшін жас сарбазды дайындау көлемінде қажетті білім, практикалық машықтанушылық, мінез-құлық орнықтылығын қалыптастыруға тиіс.
Оқыту мақсаты:студенттерді өз мамандығының маңыздылығын, олардың Қазақстан Республикасынының егемендігінің қорғаудағы міндеттері мен құқықтарын, алғашқы әскери дайындықты оқытуды жете түсінуін айқындайды.
Практикалық сабақтарда студенттердің білімі мен іскерлігін бағалау критериі
- Студент практикалық сабақтарды жақсы меңгерген және тақырыптар бойынша түсінік айта алады;
- Барлық тақырып бойынша сұрақтарға еркін әрі нақты өте жақсы жауап береді;
- Сабақ барысында оқытушының түсіндіргенін нақты түсініп, қайта айтып бере алады;
- Сұрақтарға жауап беру барысында шығармашылық іскерлігін көрсетіп түсіндіре алады;
- Тақырыптар бойынша пікірталастарда белсене қатысады,
- Қойылған сұрақтарға өз деңгейінде және жан жақты ізденгені белгілі болып жауап береді;
- Студент тақырыптарды жақсы меңгерген;
- Тақырыптар бойынша сұрақтарға жақсы жауап бере алады;
- Оқытушы сұрақтарына жауап беру кезінде кемінде 75 пайызына дұрыс жауап бере алады;
- Жақсы түсіндіре алуымен қатар кемінде жартылай көрсете отырып тақырыпты түсіндіре алады;
- Сабақты жақсы меңгеріп тақырыптарды еркін түсінеді;
- Шығармашылық тапсырмаларды жақсы орындай алады;
- Студент тақырыпты түсінеді бірақ түсіндіруде қиналады;
- Тақырып бойынша қойылған сұрақтардың кемінде жартысына жауап бере алады;
- Сұрақтарға жауап беру кезінде шамалап жартылай нақты емес жауаптармен түсіндіреді;
- Түсіндіру кезінде өзінің айтқан сөзін іс қимылмен көрсете алмайды;
- Сабаққа қатысқанымен сабақты өз деңгейінде түсіне алмайды;
- Шығармашылық тапсырмаларды орындау кезінде қателіктер көп орын алады;
«Қанағаттанарлық
сыз»
- Студент сабақты түсінбейді;
- Сабаққа немқұрайлы қарайды;
- Тақырып бойынша қойылған сұрақтардың жартысынан азына жауап береді;
- Тақырыпты түсіндіріп бере алмайды;
- Берілген тапсырмаларды орындамайды;
- Берілген сұрақтарға қатысы жоқ жауаптар айтады;
- Жауап бергісі келмейді.
Тақырып 1. 5В010400-Бастапқы әскери дайындық мамандығы бойынша білім бакалаврының біліктілік сипаттамасы
5В010400-Бастапқы әскери дайындық мамандығы бойынша білім бакалаврының біліктілік сипаттамасы
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «Білім берудің мақсаты - жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алған терең білімнің, кәсіби дағдыларының негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті, дені сау жеке тұлғаны қалыптастыру» делінген. Жоғарыда аталған қағидаларды ұстана отырып, Қазақстанда ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды, тарихи тәжірибелерді, сан ғасырлық мәдени ұлттық дәстүрлерді ескере отырып, қазіргі білім мазмұнын жаңғыртуда, жаңа талаптар қоя отырып ұлттық рухта болашақ ұрпақты тәрбиелеу керек деп санаймыз.
Елімізде болып жатқан әр түрлі бағыттағы өзгерістер егеменді еліміз жаңа XXІ-ғасырдың табалдырығын аттап, білім беру жүйесін дамытуда біршама табыстарға қол жеткізуде.
Қазақстандағы жалпы әлеуметтік, саяси экономикалық, тәрбиелік және білімдік, мәдениеттік деңгейлеріміздің жаңа сатыға көтеріліп, жаңаша реңге ие болуы, жеке тұлғаны оқыту, білім беру, дамыту жүйесін жақсартуды талап етеді. Сол себепті еліміздің болашағын дамытатын, жетілдіретін болашақ мамандардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру ерекшеліктеріне назар аударуымыз қажет. Болашақ маман тұлғасының қандай да ғылымды меңгеруі оның дүниетанымдық, қызығушылық, шығармашылық ерекшеліктеріне байланысты болмақ.
Қазіргі жағдайда қоғамда болып жатқан өзгерістерді терең тану, оның рухани дамуының дәрежесін айқындау, халықымыздың дәстүрлі мұраларынан сусындай отырып, оның даму қасиеттерін бойына сіңіре отырып өзі өмір сүріп жатқан қоғамның даму үрдісіне елеулі үлес қоса алады. Болашақ маман жеке тұлға болып қалыптасуы үшін - ол қоғамдық сананың, адамның тұрмыс тіршілігінің барлық түрлерінен хабарлар болуы керек.
Болашақ маман тұлғасының кәсіби қалыптасуында кәсіптік іріктеудің мақсаты - мамандыққа жарамдылығын немесе жарамсыздығын анықтау. Ол үшін жеке адамның еркешеліктерін, мамандыққа қоятын талаптарды да жете білген жөн.
Егеменді мемлекет - Қазақстан Республикасы демократиялық құрылыс міндеттерін жүзеге асыра отырып, шиеленісті бәсеңдетуге және ТМД өңірлерінде соғыс болғызбауға бағытталған бейбітшілік саясатты дәйекті түрде жүргізіп келеді. Сонымен қатар елдің қорғанысы мен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік қуатын одан әрі нығайту, ТМД халықтарының достығы мен Қарулы Күштерінің жауынгерлік ынтымақтастығын дамыту үшін қажетті шаралар қолданып отырады. Президент бастаған ел басшылығы мен Қазақстан Республикасының қорғаныс министрлігі алдымен тәуелсіз егемен Қазақстан Республикасының құрылуымен байланысты жаңа тарихи жағдайларды ескеретін әскери құрылыс көзқарасын дамыта отырып және барлық мемлекеттермен бейбіт қатар өмір сүру саясатын жүргізе отырып мемлекеттің қорғаныс қабілетін қарулы агрессиялардан қорғау үшін, қажеттілік деңгейінде ұстау үшін мүмкіндік болғанын бәрін жасап отыр.
Агрессияшыл күштер соғыс бастағандай болса қазіргі заманғы соғыс Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлеріне ерекше биік талаптар қояды. Қазіргі заманғы шайқаста өз Отаны мен демократиялық идеяларға, өз халқына шексіз берілген, жоғары моральдік-саяси және жауынгерлік қасиеттерге ие, өз ісінің дұрыс екеніне кәміл сенімді, қару мен техниканы шебер меңгерген тәртіпті және дене күші шыныққан жауынгер ғана жеңіп шыға алады.
Қазіргі уақытта армия мен флоттың жаңа қарумен және техникамен жарақтануына байланысты жас жауынгерлерді оқыту мен тәрбиелеу едәуір күрделіленді. Қысқа мерзім ішінде қазіргі қаруды меңгеру, өзіңнің тәуелсіз демократиялық Отаныңды лайықты қорғаушы болу-күрделі іс, сондықтан өзін әскери қызметке дайындауда өз Отаны - Қазақстан Республикасы мен оның халқы алдындағы азаматтық жауапкершілігін кәміл ұғынуға тиіс.
Азаматтар Қазақстан Республикасын қорғау жөніндегі қонституциялық құқықтарын ұғыну. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің сипаты мен мақсатын, әскери іс пен азаматтық қорғаныстың негіздерін анықтап түсінуге тиіс, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі мерзімді әскери қызметке шақырылған кезде мерзімді әскери қызметті өткерудің жағдайларына қысқа мерзімде бейімделіп өздеріне сеніп тапсырылған қару-жарақпен жауынгерлік техниканы меңгеру үшін жас сарбазды дайындау көлемінде қажетті білім, практикалық машықтанушылық, мінез-құлық орнықтылығын қалыптастыруға тиіс.
Жастарды әскери-патриоттық тәрбие үдерісінде осы принциптерді жүзеге асыру олардың бойында әскери және мемлекеттік қызметке жаңа, шын мәніндегі мүдделі қатынастарды дамытуды, Отанды қорғау жөніндегі қызметті адал орындауға даярлықты қамтамасыз етеді және келесі негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылады.
Рухани-адамгершілік - әлеуметтік маңызды үдерістер мен шынайы өмір құбылыстарын, бағыттар мен мұраттарды, жоғары құндылықтарды жеке тұлғаның түсінуі, оларды тәжірибелік қызмет пентәртіпті анықтау принциптері, ұстанымдары ретінде басқару қабілеттілігі. Оған мыналар енеді: жоғары мәдениет пен білімділікті таныту, Отанға адал қызмет етуге даярлық ретіндегі мұраттарды түсіну, ұжымшылдық пен жауапкершіліктің, әскери намыс сапаларын, мінез-құлықтың жоғары адамгершілік, кәсіби этикалық нормаларын қалыптастыру
Тарихи - шығу тегімізді тану, Отанның, оның тағдырының қайталанбайтынын, одан ажырамайтынын, ата-бабалары мен замандастарының істеріне қатыстылығына мақтанышты, мемлекет пен қоғамның саяси жүйесінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскердің, әскери құрамалар мен органдардың рөлі мен орнын, әскери доктрина мен елдің қауіпсіздік тұжырымдамасының негізгі қағидаларын, әскери саясатты, мемлекет пен қоғамдағы саяси және құқықтық оқиғалары мен үдерістерін, конститутциялық және әскери борышын орындауға тарихи жауапкершілікті түсіну.
5В010400- Бастапқы әскери дайындық мамандығы бойынша жоғары білімнің кәсіби оқу бағдарламасымен меңгеруде қорытынды аттестаттаудан табысты өткен тұлғаларға 5В010400-Бастапқы әскери дайындық мамандығы бойынша «білім бакалавры» академиялық дәрежесі және (немесе) біліктілік беріледі.
Біліктілік пен лауазымдар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығымен бекітілген «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына» сәйкес анықталады.
Мамандық бойынша білім бакалврының құзіреттеріне қойылатын талаптары
Түйінді құзыреттерге:
- қалыптастырушы:педагогикалық мақсат қою саласындағы білімдерді, біртұтас педагогикалық процесті жобалау және жүзеге асыру біліктері мен дағдыларын меңгеруі, позитивті ойлауға қабілетті болу, ұлттық құндылықтар жүйесіне бейімделу, этикалық құндылықтар жолын ұстану, ізгілікке және оптимизмге бейім болу;
- жүйелеуші:синергетикалық, әлеуметтік, педагогикалық жүйелер (жүйелік тұрғы, педагогикадығы жүйелік принципі) саласындағы білімдерді меңгеру, психологиялық-педагогикалық білімдерді іздеу, формализациялау, құрылымдау және жүйелеуде біліктері мен дағдыларын меңгеру, педагогикалық болмысты тұтас қабылдауға және жүйелі ойлауға қабілетті болу;
- зерттеушілік:гносеология, әдіснама, педагогика және психология саласындағы білімдерді меңгеру, ақпараттарды басқару дағдылары мен біліктері, психологиялық-педагогикалық диагностика, талдау және синтез негізінде кешенді маниторингті жүзеге асыру педагогикалық рефлекцияға қабілетті болу, зерттеу мәдениетін жетілдіруге үнемі ұмтылу:
пәндік құзіреттерге:
- коммуникативті:қазақ, орыс, шетел тілдерін, қарым-қатынас технологиясы, педагогикалық риторика және конфликтология, коммуникативті стратегия саласындағы білімдерді меңгеру, конструкциялық диалог ауқымындағы біліктері мен дағдылары, көпмәдениетті, көпэтникалы, көпконфессионалды қоғамдағы қарым-қатынас, педагогикалық ынтымақтастыққа қабілетті және толерантты болу;
- технологиялық:педагогикалық инноватика, педагогикалық технология саласындағы білімдерді меңгеру, педагогикалық технологияларды іздеу, бағалау, саралау және қолдану біліктері мен дағдыларын меңгеру, жаңашылдыққа қабілетті болу, педагогикалық шеберлікті жетілдіруге ұмтылу, ынталылығы мен еңбекқорлығын көрсете білу;
- бақылаушы:педагогикалық менеджмент саласындағы білімдерді меңгеру, педагогикалық мониторингті іске асыру педагогикалық өлшемдер мен индикаторлар жүйесін жасау, бақылау-бағалау материалдарын әзірлеу, алынған нәтижелерді түсіндіріп беру біліктері мен дағдыларын меңгеру, өзін-өзі бағалау мен өзін-өзі бақылауға, әділдікке, ақиқатқа ұмтылу;
арнайы құзыреттерге:
- бағдарламалық:пәндік, психологиялық-педагогикалық және әдістемелік жүйелі білімдерді, нақты әлеуметтік-педагогикалық жағдайда кәсіби қызметте теориялық білімдерді қолдану біліктері мен дағдыларын меңгеру, педагогтың кәсіби парызын ұғыну, педагогикалық қызмет нәтижесіне жауапкершілікпен қарау;
- пәнаралық:педагогикалық интеграция теориясы саласындағы білімдерді меңгеру, педагогикалық міндеттерді шешуде түрлі пәндер салаларындағы білімдерді біріктіру біліктері мен дағдыларын меңгеру, әлеуметтік серіктестікке және педагогикалық ынтымақтастыққа қабілетті болу;
- әлеуметтік:адам құқықтары (халықаралық нормативті-құқықтық актілер, білім беру мен баланы қорғау аясындағы Қазақстан Республикасының заңнамалары) саласындағы білімдерді меңгеру, бала құқығы мен мүддесін қорғау біліктері мен дағдыларын меңгеру, кәсіби абырой мен педагог қадыр-қасиетін, сондай-ақ педагогикалық этика нормаларын сақтау, педагог мамандығының әлеуметтік маңыздылығын ұғыну, балалардың азаматтық құқықтарын құрметтеу;
- дамытушы:заманауи педагогикалық антропология саласындағы білімдерді меңгеру, жоғары кәсіби педагогтардың іс-тәжірибелерін оқып-білу, жинақтау, тарату және қолдану біліктері мен дағдыларын меңгеру; педагогикалық қызметте жоғары мотивацияға ие болу, өз бетімен білім алуға және өзін-өзі тануға ұмтылу;
- креативтік:шығармашылық қызметтің теориялық негіздері, шығармашылық психологиясы саласындағы білімдерді меңгеру, кәсіби қызметті қайта қарау, білім берудегі авторлық жаңашылдық идеяларды іске асыру, стандартты емес және альтернативті шешім таба білу біліктері мен дағдыларын меңгеру, сын тұрғысынан ойлауға, жаңа педагогикалық идеялар генерациялауға қабілетті болу;
- ұйымдастырушы-әдістемелік: оқу-инструктивті құжаттамалар, білім беру саласындағы нормативті-құқықтық құжаттар туралы білімдерді меңгеру, ағымдық оқу-ұйымдастыру құжаттамаларын (дидактикалық, бақылау-өлшеу материалдары және т. б. ) жетілдіру біліктері мен дағдыларын меңгеру, ұйымдастырушылық қабілеті болуы, жоғары орындаушылық тәртібінің болуы жатады.
Бақылау сұрақтары:
1. Бітіруші түлектердің білім деңгейіне қойылатын талаптар қандай?
2. Мамандық бойынша білім бакалврының құзіреттеріне қойылатын талаптары қандай?
Ұсынылатын әдебиеттер
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты 6. 08. 060-2010ж. 5В010400 - Бастапқы әскери дайындық мамандығы.
2. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі» туралы Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпан №561-ІV Заңы.
3. "Запастағы офицерлерді әскери есепке алу және одан шығару" мемлекеттік қызмет стандарты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 шілдедегі № 848 Қаулысы.
4. «Қазақстан Республикасының Әскери Доктринасы» Қазақстан Республикасы
Президентінің 2011 жылғы 11 қазандағы № 161 Жарлығымен бекітілген.
5. Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 10 қазандағы №200 Жарлығы.
6. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғылары. ҚР Президентінің 19. 05. 2009 жылғы № 805 Жарлығымен бекітілген.
Тақырып 2. Азаматтарды әскери қызметке даярлау, бастапқы әскери даярлықты ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ оның оқу-материалдық базасын қалыптастыру
Азаматтарды әскери қызметке даярлау, бастапқы әскери даярлықты ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ оның оқу-материалдық базасын қалыптастыру қағидалары
Азаматтарды әскери қызметке даярлау, бастапқы әскеридаярлықты ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ оныңоқу-материалдық базасын қалыптастыру қағидалары «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі «Азаматтарды әскери қызметке даярлау, бастапқы әскери даярлықты ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ оның оқу-материалдық базасын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 11 ақпандағы №118 қаулысы негізінде жүзеге асырылады.
Азаматтарды әскери қызметке даярлау
Азаматтарды әскери қызметке даярлау:
1) бастапқы әскери даярлықты;
2) қосымша білім беру бағдарламалары бойынша әскери даярлықты;
3) әскери-техникалық және басқа да мамандықтар бойынша даярлықты;
4) запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлықты қамтиды.
Азаматтарды әскери қызметке даярлауды ұйымдастыруға және оны жүргізуге бақылауды Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі жүзеге асырады.
Бастапқы әскери даярлық
Бастапқы әскери даярлықты қорғаныс, денсаулық сақтау, төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органмен, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, білім беру саласындағы уәкілетті орган ұйымдастырады және тиесілігіне және меншік нысанына қарамастан, білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады.
Бастапқы әскери даярлық:
1) Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелерін, мемлекеттің қорғаныс негіздерін зерделеу;
2) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің тағайындалуын, олардың сипаты мен ерекшеліктерін, Қазақстан Республикасы азаматтарының қастерлі міндеті ретінде әскери қызметтің мәнін, әскери анттың, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері жарғыларының негізгі талаптарын түсіндіру;
3) әскери бөлімдердің қару-жарағымен және әскери техникасымен, жеке құрамның орналасуымен және тұрмысымен таныстыру;
4) қажетті әскери білім мен практикалық дағдыларды алу, төтенше жағдайларда адамның тіршілік әрекеті қауіпсіздігінің негіздерін меңгеру мақсатында жүргізіледі.
Әскерге шақыру жасына дейінгі және әскерге шақыру жасындағы адамдарды бастапқы әскери даярлауды бағыныстылығына және меншік нысанына қарамастан, жалпы орта білімнің жалпы білім беру оқу бағдарламаларын және техникалық және кәсіптік (арнаулыдан басқа), орта білімнен кейінгі білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының (бұдан әрі - білім беру ұйымдары) 10-11 сыныптарында, бірінші-екінші оқу курстарында бастапқы әскери даярлықтың штаттық ұйымдастырушы оқытушылары жүргізеді. Бастапқы әскери даярлық курсы аяқталғаннан кейін оқитындармен оқу-жаттығу-далалық (лагерьлік) жиындар өткізіледі.
Білім беру ұйымдарында бастапқы әскери даярлықтан өтпеген жасөспірімдер оны әскерге шақыру алдында оқу-жаттығу пункттерінде өтеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz