Сын тұрғысынан ойлауды бағалау
МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ
Тақырыбы: Бастауыш сыныптарда гуманитарлық пәндерді оқыту арқылы оқушылардың сыни ойлауын дамыту.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҮДЕРІСТІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ СЫНИ ОЙЛАУЫН ДАМЫТУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
1.1.Қазіргі жаңашыл технологияларды пайдалану арқылы бастауыш сыныптағы оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың психологиялық педагогикалық ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.2.Бастауыш сыныптың педагогикалық үдерісінде оқушыларының сыни ойлауын дамыту технологиясын пайдаланудың мүмкіндіктері мен қажеттіліктері ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
1.3.Бастауыш сыныптарда оқытылатын гуманитарлық пәндерде сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолданудың өзіндік ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
2. ГУМАНИТАРЛЫҚ ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ СЫНИ ОЙЛАУЫН ДАМЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .35
2.1.Бастауыш сыныптарда гуманитарлық пәндерді оқытудың әдіс-тәсілдер ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .35
2.2.Бастауыштағы гуманитарлық пәндерді оқытуда сын тұрғысынан ойлау технологиясын пайдалану арқылы оқушыларды дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ...58
2.3.Зерттеу тақырыбы бойынша жүргізілген тәжірибелік жұмыстардың нәтижелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .63
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..72
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .75
Қосымша
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі: Бастауыш білім беру кезеңі - - -өскелең ұрпаққа білім берудің бастамасы.Баланың тұлғасы мен санасының дамуы ерекше құнды, қайталанбас кезеңі болып табылады.Сондықтан бастауыш сыныпта алынған білім-үздіксіз білім берудің басқышы, білім негізінің іргетасы.Бастауыш сыныпта алынған білім, балаға тек білім ғана беріп қоймай, оны жалпы дамыту, яғни оны сөйлеу, оқу, қоршаған орта туралы көзқарас қалыптастыру, бақылау жасауға, нәтижесін шығаруға үйрету, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді.
Бастауыш сыныпта гуманитарлық бағыттағы пәндер құрамына әліппе, қазақ тілі, әдебиеттік оқу пәндері т.б жатады. Гуманитарлық бағыттағы пәндерде оқу үдерісіндегі тиімді технологияларды қолданғанда нәтижесін көре аламыз.
Гуманитарлық пәндерді оқыту мемлекеттік және әлеуметтік ортада қоғамдық сананы қалыптастыру және дамыту және идеологиялық тұрғыдан қоғамды, адамдар арасындағы рухани құндылықтарды, адамгершілік пен ізгілікті, мінез-құлық пен ықпалды нығайту бағытындағы жұмыстарға негізделген. адамдар өмір сүретін қоғамның дамуы-ертеңгі күнге деген сенімділікті нығайту және арттыру. Отандық педагогикалық ойды еуропалық білім беру үдерісімен, гуманитарлық технология идеясымен, оқыту, оқыту және тәрбиелеу технологиялары және тек білім беруді ұйымдастыру арқылы технологияландыруға бағытталған ізгілендірудің баламасымен немесе рухани-адамгершілік тәрбие тұжырымдамасымен байланыстыра отырып, іске асырылды.
Осыған байланысты болашақ бастауыш сынып мұғалімдері мектепте білім беру саласында дайындықтан өтуі керек. Оқу процесін ұйымдастыру және инновациялық технологияларды пайдаланумүмкін болуы керек. Бұл мәселедегі педагогикалық нұсқаулықтехнологиялық әдістерді таңдау арқылы гуманитарлық білім беруді қамтамасыз етеді.
Егеменді еліміз осы орайда білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, терең білімді, ізденімпаз, барлық ісіне шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлға тәрбиелеуге ерекше мән берілуде. Осы орайда оқушының танымдық қызығушылығын арттырып, шығармашылық әрекетке бағытталып келеді.
Оқушы қоршаған ортаны, әлеументтік дүниені, табиғи әлемді танып білу барысында, олардың ішкі қасиетін анықтап, даму заңдылықтарымен танысып, басқа адамдармен қарым-қатыныс жасай білуге дағдыланады.Осы бағытта негізделе отырып, белсенділік танытып, іс-әркетке араласып, өзінің сұранымын, қажеттілігін қанағаттандырады.Олардың өзара маңыздылығын ажырата отырып, танып білуші субъектісінен тәуелсіз өмір сүруге үйренеді.
Қоғамның қарқынды дамуы-қазіргі білім берудің басты үрдісі.Білімі жалпы және кәсіптік мәдениеттің әлемдік деңгейіне сәйкес келуі керек. Бұл процестің негізі төрт қағида бар:
- үйренуге үйрету;
- жұмысқа оқыту, біліктілік алу;
- бірге өмір сүруге үйрету;
- жеке білім.
Білім берудің негізгі бағыты - гуманитарлық білім. Гуманитарлық технологиялар (ГТ)-адамдардың өзін-өзі көрсетуі, өзінің интеллектуалды қасиеттерін өзін-өзі жүзеге асыру технология. Гуманитарлық бағыт ұзақ мерзімді жоспарларды шешуге бағытталған, яғни белгілі бір мәселені шешу жолына бағытталады. Гуманитарлық технологиялар белгілі бір мақсатпен жасалады, сол себепті гуманитарлық технологиялар авторлар жүйесімен шектелмеген. Олар әр түрлі ғылымдардың еңбектерінің жиынтығымен құралған техникалар мен әдіс-тәсәлдер жинақтары. Бұл еңбектер жариялану арқылы таңыла бастайды[1].
Зерттеу нысаны: Жалпы білім беретін орта мектептің бастауыш сыныптарда сапалы білім беруде гуманитарлық цикл пәндерінен ұйымдастырылатын оқу үрдісі .
Зерттеудің мақсаты:Бастауыш сынып оқушыларының сыни ойлауын қалыптастыру мен дамытуда гуманитарлық пәндер арқылы жүзеге асырудың теориялық-әдістемелік тұрғыдан негіздеу және тәжірибелік сынақтан өткізу.
Зерттеудің міндеттері:
oo Бастауыш білім беру кезеңіндегі оқушылардың сыни ойлауын қалыптастыру мен дамыту жайындағы еңбектерге теориялық талдау жасау;
oo Оқушылардың сыни ойлауын дамыту жайындағы түсініктің мазмұндық құрылымын гуманитарлық пәндердің оқу материалдары жүйесінде анықтау;
oo Бастауыш сынып оқушыларының сыни ойлауын дамытудың мүмкіндіктерін гуманитарлық пәндер негізінде анықтау;.
Зерттеу пәні: Бастауыш сыныптарда гуманитарлық цикл пәндері әліппе, қазақ тілі, әдебиеттік пәндер.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Бастауыш сыныптарда гуманитарлық пәндер арқылы оқушылардың сыни ойлауын дамытудың әдістемелік жүйесін сипаттап, тәжірибелік сынақтан өткізіп, ұсыныстар жасау.
Зерттеудің әдістері:
1. Теориялық талдау, жинақтау, сұрыптау, бақылау, байқау, экспериментік сауалнама, өңдеу, сипаттау т.б.
Ғылыми жаңалығы:
1. Бастауыш сынып оқушыларының сыни ойлауын дамытуды жүзеге асыруға психологиялық-педагогикалық ғылыми негіздерді ашып беру.
2. Сыни ойлауды бастауыш сыныпта оқытылатын гуманитарлық пәндер жүйесімен жаңа мазмұндық құрылымын жүйелеп, сипаттамалар беру.
3. Бастауыш сыныптарды гуманитарлық пәндерді оқыту жүйесімен оқушылардың сыни ойлауын дамытуды тәжірибелік зерттеуден өткізіп, педагогикалық үдерістегі тәжірибеге еңгізу.
Зерттеу базасы: Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің №2 орта мектеп КММ ,3 сынып оқушылары.
Магистрлік диссертацияның сыннан өтуі. Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып оқушыларының оқу үрдісі.
1.Қазақстан Республикасы,Ғылым және жоғары білім министрлігі, Әлихан оқулары-2023 Алаш мұрасы: Тағылым - тәжірибелік конференция материалдары, Alihan Bokeikhan University білім беру мекемесі.Абай облысы, Семей қаласы.Семей Zhardem республикалық баспа компаниясы,14 сәіп 2023 жыл,-584 бет.
2.Мәдениет және ақпарат министрлігінде Нұр-Сұлтан қаласында тіркеліп, №15059 ж куәлігі берілген мерзімді баспасөз баспасы Қазақстан ұстазы.2022 жылдың 18.11күні.
Магистрлік диссертация құрылымы.Жұмыстың құрылымы зерттелетін мәселелер шеңберімен, зерттеудің мақсаттары мен міндеттерімен алдын ала анықталған, кіріспеден, екі бөлімде, алты тармақтан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады. Бірінші бөлімде бастауыш сыныптарда педагогикалық үдерісті ұйымдастырудың ерекшеліктері және оқушылардың сыни ойлауын дамытудың ғылыми-теориялық жайлы жазылған.
Екінші бөлімде гуманитарлық пәндерді оқыту арқылы бастауыш сынып оқушыларының сыни ойлауын дамытудың әдістемелік жолдары берілген.
Магистрлік диссертация бaрысында отaндық және шет елдік тaнымaл ғaлымдaрдың еңбектері, оқулықтары, сондaй-aқ еліміздегі мерзімді бaспасөз беттерінде жариялaнған ғылыми мақaлалардың мәліметтері қолдaнылды.
1. БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҮДЕРІСТІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ СЫНИ ОЙЛАУЫН ДАМЫТУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ.
0.1. Қазіргі жаңашыл технологияларды пайдалану арқылы бастауыш сыныптағы оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың психологиялық- педагогикалық ерекшеліктері.
Бастауыш білім беру жүйесінде оқушының тұлғасын дамыту, оқушының оқу білігін қалыптастырып, олардың білім, білік, дағдысын жоғарғы деңгейге жеткізу әр мұғалімнің мақсаты болып табылады. Озық ойлы, тапқыр да, нәзік сезімтал, пайымды шәкірттердің іскерлілігін, мүмкіндіктерін ескере отырып, бағыт-бағдар беру, ой-өрісін дамыту, логикалық ойлау қабілетін ашу әр мұғалімнің міндеті. Жалпы әр ұстаздың мақсаты-дүниежүзіндегі жаңалықтар мен дамуына хабардар бола отырып, одан да жоғарғы деңгейге жеткізіп, оқытудың тиімді тәсілдерін ұсыну болып табылады. Өйткені заман талабына сай барлық салада даму өте жедел жүзеге асуда. Әрине, дамудың негізі-білімде. Әр баланы жас кезінен еркін ойлауға, алдына қойған істі жоспарлап, оны соңына дейін жеткізуге кедергілерге қарсы тұра біліуге бейімдеу керек. Сондықтан әр сабақта оқушылар кез-келген мәселеге сыни көзқарасын қалыптастырып, ойын ашық, еркін жеткізе білуге үйрету-әр ұстаздың міндеті. Оның мақсаты-оқушылардың ақыл-ой дағдыларын дамыту, тек оқуда ғана емес, сонымен бірге кейінгі өмірде де қажет: теңдестірілген шешім қабылдау, ақпаратпен жұмыс істеу, құбылыстардың әртүрлі жақтарын талдау. Басқаша айтқанда, бұл технология оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде құзыреттілік тәсілді жүзеге асыруға ықпал етеді. Кез-келген жаңалық өз жолында қолдауға, мақұлдауға немесе қарсылыққа тап болатыны белгілі. Мен үшін бұл да ауыр сұрақ: сабақтарыңызды қалай қызықты және мазмұнды етуге болады. Мен әдеби оқу сабақтарында сыни ойлау технологиясы өзекті деген қорытындыға келдім, оны қолдану сабақты жандандыруға, оны қызықты әрі эмоционалды етуге мүмкіндік береді. Тұлғаның танымдық қабілеттері мен танымдық процестері дамиды: есте сақтаудың әртүрлі түрлері (есту, көру, мотор), ойлау, зейін, қабылдау. Сондай-ақ, сыни ойлауды дамыту жеке тұлғаның сыйластық, өзін-өзі растау, қарым-қатынас, ойын және шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған[6].
Кесте-1 Білім беру жүйесінің талаптары.
Рн
Бағыты
1.
Оқушылық
2.
Алгоритімділік
3.
Эвристикалық
4.
Шығармашылық
Оқытудың жаңашыл технологияларын классификациясы мынадай топтарға жатады:
1.Қатысушы саны бойынша.
2.Ұйымдастыру жері бойынша.
3.Оқу-танымдық қызметі бойынша.
4.Қатысушылардың іс-əрекеттерінің үлгісі бойынша.
5. Компьютерді қолдану принципі бойынша.
Әр бағытқа тоқталып, кесте бойынша қарастыратын болсақ[8].
Кесте-2 Оқытудың жаңашыл технологиялар классификациясы.
Бағыты
Әдіс-тәсілдер
Қатысушы саны бойынша
жеке, топтық, ұжымдық, триада, диада.
Ұйымдастыру жері бойынша
Аудиториялық, аудиториялық емес(жолсапарлы, экскурсиялық)
Оқу-танымдық қызметі бойынша
Имитациялық-ойын(оқу, іскерлік, ойынның жағдайы, белсенділік, ойын ережесі).
Имитациялық емес-дәріс, прес-конференция, іскерлік ойын, ойыншының жағдайы, белсенділікке бағытталған ойын, ойын ережелері.
Қатысушылардың іс-әрекеттерінің үлгілері бойынша
Сараптама жасау; басқару, зерттеу, нәтижесін шығару;келіспеушілік;демонстрацияла у; конструкциялау; нәтижеге бағыттау.
Компьютерді қолдану принципі бойынша
Дербес компьютерсіз,компьютерлік ойындар, комрьютерлік бағдарламалар негізінде
Бұл әдістерді төмендегідей топтарға бөліп көрсетуге болады. Бұл педагогикалық технологияның ерекшелігі-оқу процесінде оқушының өзі бұл процесті нақты және нақты мақсаттарға сүйене отырып құрастырады, оның даму бағыттарын өзі бақылайды, түпкілікті нәтижені өзі анықтайды. Екінші жағынан, бұл стратегияны қолдану ақпаратпен ойластырылған жұмыс істеу дағдыларын дамытуға бағытталған.
Кесте-3 Оқытудың әдіс-тәсілдері.
Оқу танымдық қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыру
Оқу-танымдық қызметтің тиімділігін бақылау әдістері
Оқу-танымдық қызметті ынталандыру әдістері
* ауызша, көрнекі, тәжірибелік (оқу материалдарынан)
* түсіндірмелі, ізденістік, зерттеушілік (оқу-танымдық өызметі бағытында)
* индукциялық, дедукциялық (оқу материалдарын баяндау, түсіну)
* білім, қабілет, дағдыны меңгеру нәтижесін ауызша, жазбаша тексеру.
* Жауапкершілік сезімін, міндеттерін, мүддесін қалыптастыру.
Бастауыш сынып мұғалімдерінің жаңашыл педагогикалық технологияларды қолдану дайындығын қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі жасалды. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін жаңашыл педагогикалық технологияларды қолдануға дайындығын қалыптастыру мына өлшемдер арқылы байқауға болады: Мотивациялық өлшемдеріне танымдық қызығуды қалыптастыру жүйесіне жатады. Оған болашақ мамандарды қалыптастыру, құндылық қарым-қатынас, болашақ маманның өзінің кəсіби шеберлігін дамытуға талпынуы, болашақ мамандығын ерекше жақсы қабылдауы, ұрпақ тəрбиесінде ұстаздың міндетін сезінуі, кəсіби жеке біліктілік деңгейін көтеруге бағытталуы, жаңашыл іс-əрекетке ұмтылу əрекеттері жатады. Мазмұндық өлшемдеріне мұғалімнің жалпы мəдениеттілік дайындығы мен мəндік əдіснамалық дайындық деңгейі жоғарылап, мамандығы бойынша білімі, педагогикалық біртұтас білім жүйесі артып, бірегей педагогикалық заңдылықтар мен қозғаушы күштерінің жалпы теориялық білім негіздерімен қамтылады. Оған бірегей педагогикалық теориялық негіздерін жəне жеке тұлға теориясының ғылыми негіздерін қабылдауы, педагогикалық іс-əрекет теориясының негіздерін білуі, оқушылардың барлық мүмкіндіктерін пайдаланғанда инновациялық іс-əрекеттің көбіне нəтижелі болатындығын атап айтуға болады. Бейімділік өлшемдерін болашақ маманның барлық жағдайға бейімделе алу қабілеті жатады: бейімділік жағдаятына бағдарлана алуы, жаңашыл педагогикалық технологияларды таңдай алуына бағыттайды. Бейімділік өлшемдері ұстаздың оқушының деңгейін сапалы ету, ұстаз мəртебесіне ауысуының ерекшелігін сезіне білуімен бейімділік іс-əрекетті жүзеге асырудың жаңа əдіс-тəсілдерін пайдалана алуларымен айқындайды. Танымдық өлшемдері ұстаздың əлеуметтік кəсіби деңгейін қоршаған ортаны жедел тани алуымен, өзін еңбегін жүзеге асырудың нəтижелі əдіс-тəсілдерін пайдалануымен, жаңашыл педагогикалық технологияларға қызығуымен ерекшеленеді. Оған ұстаздың əлеуметтік кəсіби қоршаған ортаны біліп тануы, кəсіптік білімін өз тəжірибесінде қолдана білуі, жаңашыл педагогикалық технологияларды іс-тәжірибеден өткізіп, нәтижесін шығарумен шектеледі. Іс-əрекеттік өлшемдері ұстаздың өзінің кəсіби іс-əрекетінің мақсаты мен міндеттерін анықтап, педагогикалық қарым-қатынастық үдерісті пайдалы жүзеге асыра алуымен нақтыланады. Оған ұстаздың оқу тəрбие үдерісінде сабақты тиімді ұйымдастыра білуі, оқушылармен ынтымақтастық қарым-қатынаста бола алумен, педагогикалық үдерісті диагностикалай алуы мен сабақтың нəтижесі жоғары сапаға бағыттап, ең тиімді педагогикалық технологияны таңдауға икемдеу. Шығармашылық өлшемдеріне ептілікті, шығармашылық белсенділікті сапалы етіп, шығармашылықізденушілігін бағытқа бағыттау жатады. Білім жалпы, кəсіби, техникалық, арнайыбілімболып бөлініп кəсіппен ұштасады. Барлық үдеріс байланыса орындалғаннан соң нəтиже көрсеткіші ұлғайа түседі[10].
Атақты гуманитарлық технологтарға тоқталатын болсақ, Г.П.Щедровицкий, В.Ю.Сурков, С.П.Переслегин, Е.В.Островский т.б. айтуынша гуманитарлық технологиялар терминіне мынандай анықтама берген: Адамның мінез-құлқынының негіздері мен ережелерін құру, өзгерту және өндеу технологиялары.
Гуманитарлық білім-замануи технология, күн санап дамып келеді. Гуманитарлық сөзінің мағынасы екі түрде қолданылады.Біріншісі-гуманитарлық ғылымға, білімге. Екіншісі-адамға бағытталуы мағынасында қолданылады. Бұл қос мағынаның да қолдануға ыңғайлы.
Білім берудегі гуманитарлық технологиялар мұғалімнің жұмысының тиімділігін арттырудың құралы.
Әлемнің көптеген елдерінде гуманитарлық бағыт бойынша түрлі нәтижелеге жетуде.Мысалға, АҚШ-тың Гарвард университетінде гуманитарлық бағытта түрлі зерттеулер жүргізілуде.Зерттеулер базасы дүние жүзі бойынша алдыңғы қатарда. Іс-тәжірибе асмасу мақсатында біздің елде интеллектуалды даму және зерттеулер жүргізілуде. Нәтижесінде гуманитарлық құндылықтарға замануи қағидалар орнатылып, жаңа заманға өрлеуге бет бұрып, қазақ елінің мақсаты айқындала түсті.
ХХ ғасырдың оқу жүйесіне тоқталсақ, білім беру жүйесінде оқушыға білім, білік, дағдыны қалыптастыру бүгінгі күннің мақсаты- оқушыны іскерлік қарым-қатынасқа, өз бетімен білім алуға бағыттайды.Қазіргі замандағы педагогика ғылымының негізгі мақсаты-оқушы тұлғасының дамуына бағытталған замануи технологиялар қалыптастыру. Қазақстан ғалымдары Ш.Қаланова, М.Жәнпейісова, Ж.Қараев, Ш.Таубаеваның зерттеулері бойынша жаңа технологиялары жан-жақты қарастырылған.
Бүгінгі күнде елімізде болып жатқан өзгерістер, ең алдымен гуманитарлық білім беру жүйесін жаңарту өзекті мәселесі.Елді жаңарту білім сапасының жоғарылуымен анықталады [2].
Педагогика ғылымының ерекшелегі-оқушының дамуына бағытталған жаңаша түрдегі оқыту технологиясына бетбұрыс. Сабақ жүргізу барысында мұғалім сабақ жоспарына барлық элементтерді қоса отырып, әр түрлі педагогикалық технологияларды қолдана алады. Атап айтсақ, ойын технологияларын, оқу-зерттеу технологияларын, проблемалық оқыту, ақпараттық-коммуникативтік, жобалар әдісін, модульдік оқыту технологиялары. Оқушының ойлау қабілеттілігін дамыту барысында ойын элементтерін тиімді пайдалану арқылы, баланың көңіл-күйін көтеріп, ойын сергітіп, жаңа ақпаратты қабылдауы арта түседі.
Білім берудің гуманитарлық профилі-адам және оның өмірмен байланысты пәндерді терең зерттелуі болып табылады. Түбегейлі өзгерістер-өзекті мәселе
Қазіргі уақытта Қазақстанның қоғамдық өмірінде, ең алдымен гуманитарлық білім беру жүйесін жаңарту,дұрыс бағытқа бағыттау, білім беру сапасын дұрыстау.
Қазақстан Республикасының филологтар отырысында М. Бахтикиреева: технологиялық жетілдірілген алтыншы технологиялық құрылымға көшу,
Технократтық проблемалардан басқа, елдер проблемаларды жүйелі түрде қайта қаралып, гуманитарлық, сенімді нано-био-ақпарат шынайылыққа бағытталған болып табылады. революция Елді, мәдени, құндылық және бастама.
Гуманитарлық және этикалық өлшемдер жойылмайынша,сапалы технологиялық секіріс адам табиғатын өзгерте алады.Ол өзінің онтологиясын және адам туралы түр ретінде жойылуы мүмкін.
Гуманитарлық сипаттағы педагогикалық технологиялар бар. Гуманитарлық технологияның маңызды ерекшелігі-оның диалогы. Мұғаліммен гуманитарлық технология бойынша диалог шарттары оқушылардың жеке өзгерістерінің сипатын анықтайтын пән қарым-қатынас тақырыбы қасақана жасалумен қамтамасыз етіледі. Мұндай өзара қарым-қатынас өзара әрекеттесудің нәтижесі-педагогикалық процеске қатысушылар естиді,бір-бірінің мағынасын және қол жетімді қарым-қатынас тілін түсіну дамуға болатын "жағдайлар" бар.
Гуманитарлық технология-бұл кәсіби қызметтің ерекше түрі.Оларды игеру-бұл ерекше жеке және іскерлік қасиеттері бар өмірлік тәжірибесі айқын,арнайы дайындығы бар адамдар үшін қол жетімді. Гуманитарлық технология арқылы адамдармен байланысу қажеттілігі сезімдер, түйсігі, қарым-қатынас дағдылары және эмпатия дамиды адамдар үшін заңды[3].
Көркем мәтіндер мен шығармаларды теориялық тұрғыдан қабылдау оқу, оқырманның әдеби талғамы, адам дамуындағы әдебиеттің рөлі бұл жер де кеңінен зерттелген.
Қазіргі заман жаңа, қоғамның рухани құндылықтарына бағытталған гуманитарлық технологиялар саласы жарыққа шықты.
Гуманитарлық технология (ГТ) адамға немесе адамдарға арналған
топқа әсер ету технологияларының жиынтығы. Олар "жұмсақ күшті" білдіреді технология". Гуманитарлық технологиялар ұзақ мерзімді перспективада міндеттерді шешуге бағытталған стратегиялық сипатқа ие және әдетте ерекше, яғни олар ерекше проблемалық блок немесе жоба үшін жасалған.
Білім беру процесіне заманауи педагогикалық технологияларды енгізу
мұғалімге келесі мүмкіндіктерді береді:
- білімнің тереңдігі мен беріктігін дамыту, қызметтің әртүрлі
салалардағы бизнес пен дағдыларды растау;
- технологиялық ойлауды дамыту, өзін-өзі оқыту, өзін-өзі тәрбиелеу
қызметті өз бетінше жоспарлай алады;
- оқу сабақтарын ұйымдастырудағы технологиялық тәртіп талаптарды дәл сақтау әдетін тәрбиелеу.
Қазіргі уақытта білім берудің гуманитарлық пирадигмасына көп көңіл бөлінеді.
Бұл арада баланың жеке басына назар аударылады. Мұнда педагогикалық процестің мақсаты " адамды қалыптастырмай, тіпті білімсіз оны қолдау және дамыту қажет, және оның өзіндік сипаты бар адамдармен, табиғатпен жеке тұлғаның бейнесін қалыптастыруға, мәдениет пен өркениетпен диалогтық және қауіпсіз өзара әрекеттесуөзін-өзі жүзеге асыру, өзін-өзі реттеу, өзін-өзі қорғау, өзін-өзі тәрбиелеу тетіктерінің негізін қалау қажет".
Орта буын сыныптарында мінез-құлық тәрбиесі оқушылар үшін гуманитарлық сипатта болады. Қазақстандағы білім әлемдік, әлеуметтік және гуманитарлық білім алуды қамтамасыз етуге тиіс [4].
Қазіргі ұрпақты оқытумен және тәрбиелеумен айналысты ғылымның басымдығы -оқушының жеке басы болып табылады, жеке даму бағытындағы инновациялық педагогикатехниканың жаңа түрлерін жетілдіру, әзірлеу және ойлап табу - ең бастысымәселелердің бірі қалай байқалады. Педагогикалық
технология-оқыту мен оқытудың жаңа тәсілдерінің жаңа буыны ол іздеу мақсаттарын басымдық ретінде ұсынғаны түсінікті. Мұндатәрбие, оқу және білім беру процесінде білім беру орнына ерекше назар аудару, білім беру құралы ретінде оқытуға негізделген гуманитарлық пәндер оқыту әдістемесінде оқу процесін өзара ұйымдастыру ұғымға байланысты міндеттер, мазмұн, формалар арнайы бағытталған педагогикалық ұстаным шеңберіндегі оқушының жеке басының дамуы үшін қолайлы жағдай жасайтын ортаны құруға бағытталған.
Қазіргі қоғамның маңызды мәселелерінің бірі-тұрақсыздықәлеуметтік-экономик алық жағдайда өмір сүру ғана емес, сонымен бірге болып жатқан құбылысқа белсенді әсер ететін және оны жақсартуға тырысатын адамқалыптастыру. Тұлға шығармашылық, белсенді, әлеуметтік жауапты, мейірімді, дамыған интеллектке, жоғары білімге, кәсіби құзыреттілікке қойылатын талаптарға ие қабылдайды. Дәл осы жерде бала өз сезімдерін дамытады және ойнайды, табиғат адамнан үйренген шығармашылық ашық білдіруді үйренеді. Өз қабілеттерін жүзеге асыра алатын азамат болу маңызды
1.2. Бастауыш сыныптың педагогикалық үдерісінде оқушыларының сыни ойлауын дамыту технологиясын пайдаланудың мүмкіндіктері мен қажеттіліктері.
Қазір заман талабына сай адамның ақыл-ой, шығармашылық мүмкіндіктеріне қойылатын талаптар жақсаруда. Бұл өзгерістерді ықпал ететін бастауыш сынып оқушыларының орны ерекше. Жалпы білім беретін мектептерде сын тұрғысынан ойлау технологиялары кеңінен қолдануда.
Әлемдік деңгейінде Д.Клустер АҚШ ғалымы "Сыни тұрғыдан ойлау деген не?" деп аталатын жазбасында сыни тұрғыда ойлауға 5 негізгі сипаттама беріп өткен: біріншіден - өзбеттілік: "білім алушыларға өз басымен ойлауға және ең қиын сұрақтарға шешім табуда еркіндік беру керек". Яғни, әрқайсысының өзінің көзқарасының болу құқығын мойындау. Клустер бойынша сыни тұрғыдан ойлаудың екіншіден - ақпаратты сыни ойлаудың соңғы нүктесі деп қарастырмай, әрі қарай өрбітуді қажет ететін "бастапқы" ой деп қарастыру. Білім сыни ойлау арқылы қалыптастырылады. Білім алушы өткен ұрпақ тәжірибесінің мағынасын түсінгенде ғана ол тәжірибеге айна бастайды.Үшіншіден"... әртүрлі деңгейдегі нағыз таным процесі танушының өзінің қызығушылығымен қажеттілігінен шығатын мәселелерді шешу жәнесұрақтарға жауап іздеудегі ұмтылысымен сипатталады". Оқушы іштей әрдайым өзіне төмендегідей сауалдарды қою керек:
oo Бұл мен үшін қаншалықты маңызды?
oo Маған қандай өмірлік мәселелерді шешуге тура келеді және бұл не үшін қажет?
Сыни тұрғыда ойлаудың төртіншісі тәжірибені игерудің өзбеттілік процесі ғылыми ақпараттарға, өзгенің тәжірибесіне салмақты, саналы қарап, білімге, өз көзқарасына, позициясына аргумент табуды талап етеді. Д.Клустердің айтуынша: "Сыни тұрғыдан ойлай білетін адам мәселені шешуде өз шешімін тауып, оны дәлелдеуге негіздейді. Ол сонымен қатар, мәселені шешудің басқа жолдары бар екендігін дәлелдеуге тырысады". Сыни тұрғыдан ойлаудың бесіншісі негізінде адамның қоғамдағы еркіндігін түсіну жатыр. Д.Клустер сыни ойлаудың әлеуметтік құбылыс екендігін айтады. Тұлғаның қандай да болмасын идеясы, ойы қоғамның сынынан өтіп қабылданады. Осы тектес жағдаятта оқушылар аудиториясында байқауға болады.Осыдан шығатын қорытынды, талқы-таласта адам өзінің, өзгенің көзқарасын бағалап, сол арқылы сыни тұрғыда ойлай білуге үйретеді [11].
Бүгінгі күндегімектеп оқушылары ертең өз жолында кездескен қиыншылықтарды қарсы тұра алатын, өз меселелерін өздері шешуге тырысатын, саналы шешім қабылдай алуға дайын болуы керек.
Сын тұрғыда ойлау кез-келген мазмұнды сынау емес, оны жан-жақты терең бақылап, зерттеу жүргізіп,талдау жасау процесі болып табылады. Сол шешімді іздеуде жай ойлау емес, шыңдалған ойлауды қолға алу қажет.
Қазақстан қорының ұйымдастыруымен өткізіліп отырған Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлаудыдамыту (СТО) бағдарламасының қазіргі таңдағы талаптарға сай жоғары білімді, әсіресе, білгенін өмірде пайдалана білетін оқушыларды тәрбиелеу мақсатында алатын орны ерекше.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы дегеніміз - мұғалімнің бағыттауымен оқушылардың өз бетінше білімді игеруі, кейбір практикалық іскерліктерін қалыптастыруға бағытталады.
Сыни тұрғысынан ойлау технологиясын оқушылардың ойлау икемділігі мен шығармашылық іс-әрекетін дамытуға ықпал етеді.
Оқу сауаттылығы - адамның психикалық дамуының формасы, элементі. Кез келген оқыту белгілі бір мөлшерде адамды дамытады. Біз бұдан ары қарай дамудың алдында жүретін, дамуда шешуші рөл атқаратын оқыту процесі жайлы ой қозғайтын болсақ.
Баланың даму процесі, оның қоғамның белсенді де пайдалы мүшесі болып, азамат ретінде қалыптасуы үшін осы үш фактордың қатысуымен қамтамасыз етіледі. Ең бастысы, осы факторлардың бірде-бірі, қандай да бір кемеліне келген болса да басқа екеуінен ерекшеленіп жекеге әсер етпейді. Барлық іс осы үш басты күштің өзара әрекет етуінде ғана жүзеге аса алады.
Оқыту мен дамыту арасында тығыз байланыс бар екенін психология ғылымы жеткілікті дәрежеде дәлелденген.
Сыни тұрғысынан ойлау әдісін сабақ үстінде топпен жұмыс істеуде қолдана отырып, оқушының ойын, еркін сөйлеуін, тілін дамытып, бір-бірін тыңдай білуге, өзінің де басқаның да жауабын сын тұрғысынан баға бере отырып, айналасымен санаса білуге бағытталады. Сыни тұрғысынан ойлау стратегиясын меңгере отырып, тәжірибе барысында көптеген нәтижеге жетуге болады.
Алға қойған мақсатым: Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамытуға бағыттала отырып, баланың танымдық белсенділігін арттыру, өздігінен білім алуға, шығармашылықпен айналысуға мүмкіндік беру. Өзгені тыңдай отырып, өздігінен шешім қабылдауға бағыттау.
Ж.Аймауытовтың айтуы бойынша: Адам ізденсе, талаптанса қолдан жасалмайтын шарт жоқ. Құнттамаған ізденбеген, соңына түспеген адамның жұмысы еш уақыттта берекелі болмайды.
Сын тұрғысынан ойлау-ашық қоғам негізі. Ол- өз алдынасұрақтар қойып және оларға жауап іздеу, әр мәселеге байланысты өз пікірін айтып, оны дәлелдей алу, сонымен қатар басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды және сол дәлелдемелердің қисынын зерттеу дегенді білдіреді. Бұл оқыту қарапайымнан күрделіге деп аталады.
Сыни тұрғыдан ойлау-бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бақылауға, талдауға және синтездеуге бағытталған әдіс болып табылады.Ол болашақта әрекет жасауға негіз бола болады.Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді негіздеуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді.
Жалпы айтқанда, оқытудың бастапқы идеясы оқушыларды дайын, жаттанды білімнен аулақ ұстау, жоғарғы деңгейдегі сұраұтар қоя отырып, сыни ойлауына түрткі болу. Не болар еді?, қалай өзгертуге болады? деген сияқты сұрақтарды өзіне қоя отырып, өзі ізденіп, өзі қызыға отырып, ойын еркін жеткізе алатындай дәрежеге жету.
Дәстүрлі сабақтар мұғалімнің сабақ жүргізуімен ғана тоқталып қалмауы керек, оқушылармен диалог құра отырып, өз ойын еркін жеткізумен жалғасын тапса, үлгерімі орта, өзіне, біліміне сенімсіз,ұялшақ бала басқалармен диалогқа түсе отырып, өзіне деген сенімділік пайда бола бастайды.
Базалық деңгейде сыни тұрғыдан ойлау үдерісі:
-Ақпараттар жинауды;
-Дәлелдерді сыни тұрғысынан талдау мен бағалауды;
-Кепілдендірілген шешемдер мен жинақталған қорытындылар;
-Ауқымды тәжірибе негізінде болжамдар мен ұсыныстарды қайта қарауды қамтиды.
Оқыту мен білім беруді сыни тұрғыдан ойлау сияқты міндеттермен қатар, қарастырылмаған болжамдар мен құндылықтарды, мәселелерді мойындау және оларды шешудің тиімді құралдарын табуды, басымдылықтарды бекітудің маңыздылығы мен міндеттерді шешудегі артықшылығын түсінуді қарастырады.
Сыни тұрғысынан ойлау стратегиялардың оқушыларды еркін сөйлеуге, сөз ұшқырлығын ұштауға, өз ойын еркін қысылмай жеткізе білуге мол әсері бар.
Сабақ құрылымы үш кезең бойынша жүзеге асырылады:
Сабақтың құрылымы:
1. Қызығушылықты ояту:
Қызығушылығын ояту стратегиялары ой қозғау, топқа бөлу, топтастыру, инсерт стратегиясы, төрт жолды өлең, блог ағашы арқылы жүзеге асыруға болады.Мағынаны ашу стратегиялары:Венн диаграммасы, бес жолдық өлең, балық сүйегі, кластерлер жасау арқылы жүзеге асыруға болады.Толғаныс стратегиясы: өлең шығару, шығарма жазу, эссе жазу арқылы жүзеге асырылады.
Осы тәсілдерді ескере отырып, оқушылардың бойында сыни тұрғыдан ойландыратын тапсырмаларды беріп, сөздік қорын молайтуды мақсат етіледі.
Бұл кезеңде оқушының тақырып туралы не білетіндігі анықталып, белсенділігін арттырып, оқушыны сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындай отырып, қызығушылықтарын ояту стратегияларынығ бірін қолданып, қызықты сұрақтар қоя отырып, оқушыларды жаңа сабаққа тарту. Сабақтың басында дәстүрлі әдістермен алмастыра отырып, сабаққа жағымды ахуал қалыптастыру.
Бұл қызығушылықты ояту кезеңі-жаңа білімге көпір салу. Бұл өткенді пысықтай отырып, жаңа білімге көпір салу болыр табылады.
2. Мағынаны ашу:
Оқушы жаңа ақпаратты бұрыңғы білімімен ұштастыра түседі.
Бұл кезеңді пысықтаудың бірнеше жолдары бар. Олар: БББ кестесі,ойлан, жұптас, ортаға сал, сұрақ қоя білуді, өзара оқыту, т.б. Осы әдістерді қолдану арқылы оқушы өздігінен білім алу, өзін-өзі өзектендіру, танымдық қабілеттерін дамыту, шығармашылықпен айналысу, өзіндік еңбек ету кезеңіне айналады.
3.Ой толғаныс:
Оқытуды қорытындылау.
Оқушылар өз ойларымен жаңа ақпараттарды өз сөздерімен айтып, ой бөліседі.Алған білімін пайдалана отырып, шешім қабылдайды. Топпен жұмыс барысында берілген тапсырмаларды өздері дәлелдейді, көрсетеді, бағалайды. Нәтижесін, әр түрлі әдістерді қолдана отырып, қортынды жасайды.
Ең бастысы-оқушының сабаққа деген қызығушылы артып, бір-бірімен пікір таластырып, ашық сөйлеуге, өз ойын жеткізуге дағдыланады. Өздеріне сенімділік пайда болып, ойын жүйелеп, еркін сөйлеуге дағдыланады.
Сыни тұрғысынан ойлау техналогиясын пайдалана отырып, тұлға қалыптастырудың тиімді жақтары өте көп екендігіне көз жеткізуге болады.Жаңа технологияның жетістіктері төмендегідей:оқушылар күні бұрын берілген тапсырмамен де, сабақ үстінде берілген тапсырмалармен де, қосымша ізденеді, өз бетімен дайындалады, оқушы қиялының дамуына, пікірін айтуына еркіндік беріледі, қоршаған ортаға сын көзбен қарауға үйренеді, өзгенің пікірін тыңдауға, оған өз көзқарасын қосуға үйренеді, шыншылдыққа, әділдікке үйренеді, шығармашылық жұмыстарға дағдыланады, жұппен, топпен жасауға үйренеді жан дүниесін тәрбиелейді.
Оқушыларды сыни тұрғыда ойлануға үйрету ойлау туралы ойлану деп сипатталған. Ол маңызды мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды. Сыныбыма бұл модульді пайдалану себебім, оқушыларымды жаңа заманауи біліммен дайындап олардың бойынан сабаққа деген қызығушылықтарын арттырып, ойлау қабілеттерін дамытып, ой-өрісін, таным-түйсіктерін кеңейтіп, сыни тұрғыдан ойлауға, сөздік қорын молайту, алған білімдерін жаттанды түрде емес, болашақта пайдалануға мүмкіндік алатын жұмыстар жүргізіледі. Сондықтан да бұл модуль маған ерекше әсер етіп, барлық мүмкіндіктерді пайдалану мақсат емес.
Сыныбымда бұл модульді пайдаланудың маңызы айтарлықтай ерекше деп айтуға болады.Себебі кез-келген тапсырманы оқушылар орындағанда, олардың ішкі жан дүниесіндегі өзгерістерді анықтауға болатынына көзім жетті. Менің бұл техналогия туралы кез-келген әріптестеріме, жас ұстаздарға, әсіресе тәлім алушыма маңыздылығын айтып отырдым. Оларда менің айтқанымды алғашқыда түсініксіздікпен қарағанымен кейін дәлелдемелер мен жұмыстарымды көрген кезде ойланып қалып, қызығушылықтарын білдіріп отырды. Менің мектебім үшін олардың кез-келген жұмыстарының сол орында қалып қоймай, болашағы үшін де пайдасы бар болатынына сенімділікпен қараймын.
Сабақтарымда көзімнің жеткені: шәкірттеріме еркін ойлауға мүмкіндік берілді, ақыл-ойы дамыды, шығармашылық белсенділігі артты, топтық іс-әрекетке тәрбиелейді, тіл байлығы жетілді, сөздік қоры молайды, бір-бірімен қарым-қатынас жақсарды, ойлау қабілеттері дамыды, ойын еркін жеткізе білуге үйренді, жауаптарын ашық айтып үйренді.
Оқушы болсын, ересек адам болсын сын тұрғысынан дамытуға осы элементтерді пайдалана отырып, қоғамда қабылдауға бағытталған заманауи білім беру бағдарламасына сүйенгені абзал. Сонымен қатар Глейзер Сын тұрғысынан ойлау оған белгілі бір қорытындыларды қалыптастыруға мүмкіндік беретін дәлелдер тұрғысынан кез-келген ұстанымды немесе болжанатын білім нысанын зерделеу үшін табанды күш жұмсауға қамтиды деп пайымдайды. Менің ойымша бұл идеяға қосарым төзімділік пен ынта-жігерлілік болса, кез-келген мәселені сын тұрғысынан ойлану арқылы оң нәтиже береді.
Тәжірибе барысында түйгенім:
oo Жаңа оқыту әдістерімен таныстым;
oo Сыни тұрғыдан ойлаудың стратегияларын қолдана алдым;
oo Дарынды, талантты оқушыларды бақылай алдым;
Оқушыларым не үйренді:
oo Сыни тұрғыдан талдауды үйренді;
oo Жүйелі, еркін сөйлеуге үйренді;
oo Дарынды және талантты болуға ұмтылды;
oo Топбасшы болуға ыңғайланды;
oo Өзін және басқаларды бағалауды үйренді.
Нәтижесінде:
oo Ұжымдық ынтымақтастық қарым-қатынас орнады;
oo Оқулықпен ғана шектелмей, ізденіс пайда болды;
oo Жауапкершілік арта түсті;
oo Оқу материалдарын меңгеріп, ойын жеткізу жолдарын үйренді;
oo Жоғарғы деңгейдегі сұрақтар қоя алады;
oo Өз ойын еркін жеткізіп, пікін ортаға салып, қорғай алады;
oo Өзгенін біліміен бағалай алатын оқушылар көбейді.
Сыни тұрғысынан ойлау техналогиясын пайдалана отырып, оқушылардың белсенділігі артып, даму қарқыны байқалып, пәнге деген қызығушылық арта түсуде. Сыни ойлау-белгілі бір мәселе туралы бар идеяларды топтастырып, оларды пысықтап, шешім қабылдаумен аяқталатын күрделі психолгиялық кезең деп атай аламыз. Сыни ойлау-адам өмірінің бір кезеңі.Себебі, бұл философия адамдарға мәселелердің шешімін тауып қана қоймай, пайдалы қажетті ақпараттармен қамтамасыз етіп, жаңа білімді бұрыңғыдан салыстырмалы түрде көрсете алады. Сыни ойлауды дамыту техналогиясының дәстүрлі оқытудан ерекшелігі-білімнің дайын күйінде берілмеуі. Сын тұрғысынан ойлау-оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы болып табылады.Оқушыны мұғаліммен, сыныптас достарымен еркін, шынайы, сөйлесуге, ой бөлісуге, пікір алмастыруға, бір-бірін тыңдай білуге, құрметтеуге, өзекті мәселелерді бірге шешуге, қиындықты жеңуге бағыттайтын бағдарлама[12].
Техналогияның басты мақсаты-дамыта оқыту негізінде Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазуды дамыту бағдарламасын жүзеге асыру, оқушыларға терең білім беру болып табылады. Бұл бағдарлама Қазақстан қоры жанынан 1998ж. қазан айынан бастап жүзеге асуда.Жаңа техналогия ретінде ең тиімді әдістерді уақытында игеру, іздену арқылы оқушының бойына дарыту, одан өнімді нәтиже шығара білу-әр ұстаздың басты қағидасы.
Жүсіпбек Аймауытов мына сөзіне үңілсек, сабақ беру-үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер деген екен. Бұл-cөз әлі де маңыздылығын жоғалтқан жоқ. Қазіргі кезде мектеп оқушыларының мұғалімнен күтері көп.Оқушыларды сабаққа белсенді қатыстыру үшін әр-бір сабаққа жеке формада , жаңа әдістермен өткізу шарт. Сабақтың тиімді өтуіне екі жағдай әсер ете алады.Бұл-мұқият дайындықпен мұғалімнің шеберлігі керек. Сабақтың дұрыс жоспарланбауынан сапасы мен нәтижесі төмендейді.Осы кезде оқыту техналогияларын қолданғаны жөн. Солардың бірі-сын тұрғысынан ойлауға үйрету болып табылады.
Сын тұрғысынан ойлау-Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды рол атқарады.Бұл модуль оқушының да, мұғалімнің де сыни ойлауын саналы оймен қабылдауға көздейді.
Мұғалімнің міндеті-баланың өзіне деген сенімін арттырып, өзін тұлға ретінде сезіне алуына көмектесу.Өзін тұлға ретінде сезінген оқушы өмірде өз жолын таба алады. Сабақ барысында білім сапасын жақсарту, оқушының өзі ізденіп, ойын жеткізе алуын дамыту мақсатында сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулін өз сабақтарымда күнделіті қолданамын.Оқушы бұрын тек тыңдаушы болса, қазіргі кезде ізденуші, өз ойын айта отырып, дәлелдей алатын болса, мұғалім осы әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы болып табылады.Мұғалім оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастырушы ғана емес, оқушыға дос, сырлас, кеңесші қызметін де атқара алады.Нәтижесінде жеке тұлғаның өзіндік пікірі бар, қоршаған ортаны құрметтей алатын, өз көз-қарасы қалыптасқан, таным қабілеті дамыған ортаға айналады.
Сын тұрғысынан ойлау-шығармашылық ойлау болып табылады. Шығармашылық сөзінің төркіні-шығару, іздену, ойлап табу деген мағынаны білдіреді.Сын тұрғысынан ойлау сынау емес, шыңдалған ойға тоқталу болып табылады.Сыни тұрғысынан ойлау бағдарламасы оқушының еркін сөйлеуіне, пікір айтуына, өзгелерді ойын тыңдауға, кез-келген мәселені шешуге бағытталған бағдарлама.Бұл бағдарламаны басшылыққа ала отырып, оқушының пәнге деген қызығушылығы артып, өз бетінше шығармашылықпен ізденуге бағытталып келеді. Сыни тұрғысынан ойлау технологиясын сабақ барысында пайдаланудың әсері мол. Сабақта жаңа технология элементтерін тиімді пайдалану оқушының танымдық әрекеттерін, белсенділігін дамытады. Оқушының логикалық ойлау қабілеті дамып, сыныптың білім сапасы жоғарылайды.Ізденушілігін арттырып, өз ісіне сенімін нығайтады. Сабаққа қызығушылығын арттырып, белсенділігі арта түседі. Жаңа технология элементтерін сабақта өз дәрежесінде пайдалана алсақ, өз нәтижесін береді.Ең бастысы оқу үдерісін жаңаша ұйымдастыру, ойлау дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алу, әрекет ету, мақсатқа жету оқушының өз арқылы іске асады.
Жалпы білім беретін мектеп оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы олардың білімі мен дағдыларының дәрежесімен ғана шектелмейді, сонымен қатар, баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл-ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Оқушының шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен практикалық әрекеттері арқылы ғана жүзеге асады. Ойлауды үйрететін сабақтарды дамытса сын тұрғысынан ойлау жүзеге асатын дамыта оқыту сабақтары деп қабылдаймыз.
Сын тұрғысынан ойлауды қалыптастыруда балаға ақыл-ой әрекетін меңгеруге жағдай жасау болып табылады. Дамыта оқыту сабақтарында мұғалім мен оқушы арасында қарым-қаты ит инас орнайды. Мұғалім - бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бағалаушы емес, бақылаушы, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Осындай бағытта оқыту ғана баланың интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын шыңдады.
Сын тұрғысынан ойлауды жүзеге асыратын дамыта оқыту идеясының ұзақ тарихына тоқтала кетсек. Бұрын ойшылдар білім мен ақыл-ой тәрбиесінің ара-қатынасын, олардың бала дамуына әсерін зерттеген. Бізге белгілі алғашқы дидактардың бірі Квинтилиан мектеп алдына баланың қабілеттеріне, мінез-құлық ерекшеліктеріне сүйене отырып, оның ойының және тілінің дамуын қамтамасыз етуді қойған.
XVII ғасырдағы Я.А.Коменскийдің дидактикалық жүйесінің негізгі қағидаларының бірінде баланың ақыл-ой күшін, қабілеттерін дамыту олардың білімге деген құштарлығын оятыды деген екен.
И.Т.Песталоцци баланың ақыл-ойын, барлық қабілет-қасиеттерін дамыту идеясымен қаруланған бастауышта оқыту әдістемесін жасауға әрекет етеді. Дамыта оқыту деп-ол баланың білім алуға әрекет етуін ұйымдастыратын оқытуды атаған. "Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді" деп сын тұрғысынан ойлау ерекше мән берген.
Осылай бола тұрғанмен, "дамыта оқыту" деген терминге көзқарастар мен пікірлер әртүрлі. Себебі "дамыта оқыту" ұғымына берілген түсініктер әртүрлі және "дамытпайтын оқыту бола ма?" деген сұрақтар жиі қойылады.
Сын тұрғысынан оқыту жүйесіндегі қойылатын сұрақтар проблемалы ойлауды, пайымдауды қажет етеді. Оқушы да ондай сұраққа өз ойын, өз пікірін білдіре жауап беруге дағдыланады. Жауаптардың бірнеше нұсқада болуы мүмкін. Мысалы, "Әңгіменің кейіпкері жайлы не айта аласың?" немесе "4" және "5" сандарымен қандай тапсырмалар ойлап табуға болады? түріндегі сұрақтар.
Сын тұрғысынан ойлау жүзеге асатын сабақтарда жаңа материалды талдауға зор көңіл бөлінеді. Өйткені, талданбаған шығарма бала жүрегінежетпейді деп есептелінеді. Талдау - бірлескен ізденіс. Ізденіс барысында мұғалім әр баланың көңіл-күйін бақылауға, ой-пікірін байқауға мүмкіндік алады. Интеллект деңгейін анықтайды. Оқу сабақтарындағы материалды талдау арқылы шығарма авторының айтар ойы мен идеясы бала жүрегіне жетіп, талдау арқылы ар, ұят, қайырымдылық, әдептілік т.б. сияқты тамаша адамгершілік қасиеттер балалар бойына жұғысты болады.
Бұл жүйедегі баланы ойлауға үйрететін тәсілдердің бірі - салыстыру әдісі. Салыстыру деген не ? Философиялык сөздікте "салыстыру - объектілер арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты анықтау, қорытудың алғы шарты" делінеді. Салыстыру неғұрлым қарапайым, бірақ аса мәнді ойлау операциясы, оқушының талдау, жинақтау қызметінің маңызды жағы заттар мен құбылыстарды салыстырмайынша олардың елеулі белгілерін анықтау мүмкін емес.Айналаны тануда салыстырудың мәні зор. Бұл туралы К.Д. Ушинский: "Салыстыру - ойлаудың және қабылдаудың негізі" деген[14].
Дидактикада салыстыру негізгі тәсіл болып табылады. Заттарды салыстыра отырып түсіну тек адамға ғана тән. Балалар салыстыру тәсілдерімен мектепке келгенге дейін де біршама танысады. Ал мектепке келген соң, оқудың алғашқы күнінен бастап бұл тәсілді тұрақты пайдалана бастайды. Мұғалім салыстыру әдісімен сабақ жүргізе отырып, оқу материалын оңай, көрнекі етіп ұсынуға мүмкіндік алады. Баланың қиялын дамытады. Салыстыру белгілі мен белгісіз арасындағы көпір сияқты оқушыларға өмірінен тысқары білімді меңгеруге көмектеседі. Салыстыра отырып, оқушы заттар мен объектілердің байқалмай, көрінбей қалатын белгілерін анықтауға үйренеді. Баланың байқампаздығы артады. Ал байқампаздык - баланың жалпы дамуындағы негізгі психологиялық компонент болып табылады. Оқушы салыстыра отырып, бұрынғы өтіп кеткен материалдар мен жаңа білім арасындағы логикалық байланыстарды анықтауға үйренеді. Неғұрлым салыстыру жұмысы тиімді ұйымдастырылса, соғұрлым білім алудағы көзбояушылық жойылып, ең негізгісі оқуға деген қызығушылық арта түседі.
Заттарды салыстыра отырып, тек ұқсастығы мен айырмашылығын тапқызып қоймай, олардың себептерін айқындаудың бала дамуы үшін маңызы зор. Біріншіден, заттардың әртүрлі белгілерін таба білуге үйренсе, екіншіден қабілеттері дамиды. Бастауыш сынып оқушылары салыстыра білмейді, сондықтан бұл жұмысты дұрыс ұйымдастыру мұғалімнен үлкен шеберлікті талап етеді. Ол үшін оның кезеңдерін, неден басталып, немен аяқталатынын, белгілерін білу керек. Белгі дегеніміз - заттарды басқа заттардан ажырататын көрініс. Бұл жұмыстың нәтижесінде ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz