Түс көру мотивінің түзілуі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   

ФИЛОЛОГИЯ ЖӘНЕ ӘЛЕМ ТІЛДЕРІ ФАКУЛЬТЕТІ

ҚАЗАҚ ФОЛЬКЛОРЫНДАҒЫ ТҮС КӨРУ МОТИВІ

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Орындаушы

Ғылыми жетекші:

PhD доктор

Қорғауға жіберілді

Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы

кафедрасының меңгерушісі

«»20 ж.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

І ТАРАУ. ҚАЗАҚ ФОЛЬКЛОРЫНДАҒЫ ТҮС КӨРУ МЕН ЖОРУ

  1. Түс көрудің ерекшеліктері мен зерттелуі . . .
  2. Қазақ ұғымындағы түс жору және наным-сенімдер . . .

ІІ ТАРАУ. ҰЛТТЫҚ ФОЛЬКЛОР ЖАНРЛАРЫНДАҒЫ ТҮС КӨРУ

МОТИВІ

2. 1. Аңыз-ертегілердегі түс көру көрінісі . . .

2. 2. Эпос жанрындағы түс көру мотиві . . .

ҚОРЫТЫНДЫ . . .

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .

ГЛОССАРИЙ

Аналогия (гр. analogіa - сәйкестік, ұқсастық) - әр түрлі объектілердегі кейбір қасиеттердің ұқсастығы. Логикада дедукция, индукциямен қатар қолданылатын ой тұжырымы.

Этнопсихология (этнос және психология) - әртүрлі этностардың өзіне тән ұлттық мінезін, этностардың өзіне тән психологиялық ерекшеліктерін зерттейтін пәнаралық ғылым.

Анимизм (лат. anima - рух, жан) - заттық дүние құбылыстарының жандылығын бiлдiретiн термин.

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы:

Дипломдық жұмыста қазақ фольклорындағы түс көру, адамның көрген түсті жору дәстүрі қазақтың тұрмысымен кірігігіп жататыны сипатталады. Түс көру және оның жорылуы, адам баласының түсіне енген зат не құбылыстың ұлттық болмыс- тіршілікте мағынасы терең зерделеніп, ертеден келе жатқан ауыз әдебиеті үлгілеріндегі түс көру мен түсті жору, қазіргі кездегі түс көру құбылыстарын салыстырыла суреттедік. Атап айтқанда, ұлттық құндылықтарымызға байланысты халық қазынасында ескірмейтін құбылыстар мен жоралғылар фольклорлық шығармалар арқылы сипатталады. Адам баласының түсіне енген құбылыстар мен заттарды болмысымыздағы жору, жорылып мағынасы ашылған түстің өмірдегі орындалуы мен жорушының тапқырлығы туралы ауыз әдебиеті үлгілері арқылы түсіндіріледі. Дипломдық жұмыс «Бабалар сөзі» жүз томдық мәдени мұрасының «Түс жору және ырымдар» кітабының негізіне сүйеніп, ғалымдар мен зерттеушілер, А. Сабалұлының, Ж. Шайхысламұлының, М. Тыныштықұлының, М. Ж. Көпейұлының, Н. Нысанбайұлының, Ш. Сұлтанбайұлының, Х. Досмұхамедұлының, Қ. Шоқаевтың, Ә. Шоқаманұлының, Ж. Бітімбайұлының қолжазба мұраларының негізінде және Ш. Уәлиханов, Ә. Диваев, М. Тілеужанов, Т. Сыдықов, Б. Ысқақов, Т. Бекқожина сияқты ғалымдар жинаған мәтіндер негізінде пікірлер мен жазбалар арқылы тақырып ашылады.

Адам баласы көзін іліп, тынығып, ұйықтап жатқанда түс көру - пендеге тән құбылыс және тылсымдардың бірі. Түс көрішулердің көпшілігі: «түс - тәңірдің аяны» деп түсініп, түсіне енген құбылыстың, мейлі тірі жан болсын, мейлі зат болсын «құпиясын» ашуға тырысады. Кейбіреулер «түс - түлкінің тезегі» - деп, көрген түсіне мән бермей, мағынасыз қарайды. Түс көру тек қазақ халқында ғана емес, сонымен қатар өзге түркі халықтарында да жақсы жорылған. Және ағылшын халқының түс жору салтын ауыз әдебиеті тұрғысынан да көп ұқсастықтарды көруге болады. Көз ілген әрбір пенде қандай түс көрсе де, өмірден көргені, ойында тоқығаны бар жорушыға барып, нені болжайтынын, болашақта қандай сәттілік пен сәтсіздіктер болатынын білуге ұмытылады. Ал қандай да болсын түсті жорушы сәуегей не жақын адамың оны жарқын болашақпен, алдағы келер күннің тек жақсылықтарымен сабақтастыруға тырысып, күмән келтірмей, жоралғылап түсіндіреді.

Мәселен, қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицист, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі Ж. Аймауытовтың пікіріне сүйенсек: «Адамның есі бүтін болмайтын күйлері болады. Сондай күйдің бірі-түс көру. Ұйқы дегеніміз-мерзімді демалыс, тыныс алыс. Ұйықтаған адамда сана не мүлдем болмайды, не кем болады . . . Шырт ұйқыда жатқанда адам түк сезбейді. Бірер ұйықтап алған соң, ұйқы сергек бола бастайды, ұйқылы-ояу деген күйге келеді. Сондай кезде санамыз кіресілі-шығасылы болып, түс көрсек керек. Түс дегеніміз ояуда көретін нәрселердің пернесі болады. Түсі мізде сол пернелерді өңіміздегі екен деп ойлаймыз» [1, 192] . Жазушы пікірін адам баласының шаршағанда күндізгі ойын алған нәрселері енеді дегенге сайып келеді. Шынымен де, бұл тұрғыда түстің адамға енуінің өзін бөлек қарастыруға болады деп ойлаймыз. Себебі, бір түс өткен тұрмыстағы елесті көрсетсе, ал бір түс алдағы болжам ретінде көрінетінін пенде ретінде бәріміз де білеміз. Соның ішінде қазақ халқының ауа рауын болжау, түс арқылы болжау, астрономиялық болжамдары өте орынды және сенімді болған. Түс көру және оны жорудағы көріпкелдік дана халқымыздың тапқырлығын ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүріміз, ұстанымымыз, халықтың сенімі мен мифтік нанымы, ой-арманы және тұрмыстық ерекшеліктерін адамның қасиеті ретінде көруге болады. Бұндай болжам түрлерін ата-бабамыздан мұра етіп келе жатқан ауыз әдебиеті түрлері мен мәдени мұралары, әдеби үлгілерінен кездестіруімізге болады. Мысалы, «Қыз Жібек» жырындағы Жібектің болашақтағы қаралы оқиғаны алдын ала көруі, сезуімен шиеленіседі. Жібек ұйықтап кетіп, түс көріп, түсінен шошып оянып, кіші жеңгесін шақырып алып:

. . . Шақырып алды Қыз Жібек

Өзінің жақын жеңгесін,

Омырауда алтын теңгесін.

Сырласатұғын жерінде,

Келтірмейді екен өңгесін.

-Ау, жеңеше-ау, жеңеше-ау,

Мінезің еді өңгеше-ау.

Төлегенге барып кел,

Тілімді алса, жүрмесін.

Ата-анасы бар ма екен,

Жал-құйрығы сай ма екен.

Иә, болмаса, Құдай-ай,

Бір қаңғырып өскен қу ма екен?

Атасының аты кім болар,

Анасының аты кім болар.

Сұрап келгін, жеңеше-ау,

Қандай заман, күн болар.

Мен бір бүгін түс көрдім,

Түсімде жаман іс көрдім.

Төлеген мінген көк жорға ат

Ер-тоқымсыз бос көрдім.

Ел жайлаған Ақжайық,

Жағалай біткен бидайық.

Алдымда жанған шырағым,

Біреу үрлеп өшіріп

Көзімнен болды сол ғайып.

Қолымдағы тұйғынның

Заулап келіп аспаннан,

Желкесін қиды бидайық.

Пендем десең, Құдай-а,

Бұ түс емес еді ғой

Көруге маған лайық.

Айналайын, жеңеше-ау,

Төлегеннің мен білдім

Бір кеткен соң келмесін.

Жарық дүние опасын

Білдім көзге ілмесін.

Мұнан кетсе Төлеген,

Білгізді Құдай мен қуға

Бұ жерді қайтып көрмесін.

Мұндай қорлық, жеңеше-ау,

Тірлігінде Құдайым,

Еш пендеге бермесін. деп, [2, 72] . өзінің көрген түсін кіші жеңгесіне айтып, Төлегеннің жолға шықпауын ескертеді. Бұл жерде Жібектің «Бұ түс емес еді ғой, көруге маған лайық» -деген сөздері түсті жақсы жору, өз түсінен шошынуын көрсетеді. Түсті мотив жағынан қарар болсақ, көріпкелдік деп айтуға болады.

Мұхтар Әуезовтың сөзімен айтар болсақ, жырдағы естірту, арнайы жырлау, қоштасу, араздасу, түс көру, әмеңгерлік, көңіл айту, өтініш, айтыс, бата, тілек салт жоралғылар мен көркемдегіш құралдар жиынтығы болып табылады. Тек ауыз әдебиеті ғана емес, жазба әдебиетіндегі Махамбеттің түс көру де алдын ала болжау түсінің дәлелі бола алады. ұйқыға кірісті. Басы жастыққа тиер-тиместен қор ете түсті. Үнемі дөңбекшіп бірден ұйқыға кете қоймайтын оның бүгін еш қиындықсыз кірпігі айқасты. Сөйтіп жатып түс көрді. Түс дейін десе түсі емес, өңі дейін десе өңіне ұқсамайды. Махамбет дел-сал болып алыстан өзінің дауысын естіді: Иә, иә өз үні - Қайран бабам, Махамбет батырым-ай, сенің де басың қайда қалмаған?

Жүрегі су ете түсті. Мен не сандырақтап кеттім? Тоқтаусыз толғауларды жатқа соғып жатыр. Дем алмастан сөйлеп жатқандай жүрегі құрғыр атқақтап, кеудесін жарып шығардай атойлайды. Жорық жырлары толастаған сәтте сұмдық көріністің куәсі болды. Қараса, денесіз бас сөйлеп келеді. Адымын аштырмай қыр ізінен қалар емес. Жан не деген тәтті десеңші! Өмір бірер секундқа тоқтап қалғандай болып, дүние шыр көбелек айналды да кетті суреттеледі жазба әдебиетінде. Бұл түс көру драматург жазушы Ж. Аймауытовтың пікіріне дәлелдеп тұрғандай етіп суретелгенімен, астарында үлкен болжам жатыр.

Шығыстың атақты ойшылы әл-Фараби: «Адам баласының түс көру себебін күндізгі саналы түрдегі ойлау процесі тоқтаған кезде жүзеге асатын табиғи құбылыс» деп түсіндіреді [3, 210] . Деген пікірі бұл ретте адам баласының күндізгі ойы, уайым қайғысына байланысты түске күндізгі тіршіліктің енетінін түсіндіреді.

Ықылым заманнан бері адам баласын қызықтырып келе жатқан сыры мол, бірақ әлі де толық ашылмаған құбылыстың бірі- түс көру. Ұйықтып жатқан адамның шытырман оқиғаларға толы өңі мен түсіндегі аралас құбылыс пен тіршілік, адам жүрегі түршігетін жағдайларға ұшырап, түс көрушінің айғайлап сөйлеуі, қорыққанынан қара терге малынуы, ұйықтап жатып түрлі әрекеттер мен қимылдар жасайтынымызды да бәріміз білеміз. Ал қазір ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек, деректерде келтірілген болжамдар, зерттеулер, дәйектемелер ғалымдардың айтуынша, адам миында жаратылыстан бері барлық ақпараттық хабарламалар, тіршіліктегі деректер бар екенін түсінуімізге әбден болады. Денсаулығы жақсы, ақыл-ойы дұрыс, дамуы қалыпты деген адам миының қызметінің өзі 3 немесе 4 пайызын, ал тіптен ақылды, дана, ғұлама тұлғалардың өзі 6 немесе 7 пайызын ғана пайдалана алатынын аңғардық. Негіздеп айтар болсақ, адам миы - адам баласының басқаруындағы ақыл-ойы және адамның басқару қызметінен тыс ақыл-ой орталығы деп екіге бөлінеді. Адамның өзін басқаруындағы ақыл-ой орталығы дамы мен өсу барысында, тіршілікті көріп, сезіп, тәжірибе арттырып, білім алу негізінде жетіліп толықтырылатындықтан, басқару қызметінен тыс ақыл-ой орталығы адам еріктен тыс жалғанған әрекеттерден шексіз толықтырылады дейді ғылыми болжамдар. Осыған орай біз өзіміздің жұмысымызда түс көрудің алты түрлі себебін ауыз әдебиеті арқылы көрсеткіміз келеді.

1. Күндіз көрген жайлардың, оиғалардың әсерінен болған құбылыс.

2. Күндізгі әрекет пен тіршілікке байланысты.

3. Науқастынып жатқандағы көрінген түс.

4. Аян беру.

5. Жанның мазасыздануы мен уайым -қайғыға байланысты түс көру.

6. Қиялдау әрекетке байланысты түс көру.

Соның ішінде, ауыз әдебиеті үлгілеріндегі түс көру, оны жору тарихта болған, белгілі адамдардың тағдырлары арқылы өмірде шынайы көрініс табары анық. Әсіресе, дастандардағы мазмұндық ажарлау тәсілі түс көру мен тікелей байланыста болатынын мысалдар арқылы түсіндіре алдық. Соның ішінде, дастандардағы оқиғалардың өзара байланысып, шиеленісіп, үйлесім табуы түс көру мен түс жору мотивінің негізінде жатыр. Түс көру мотивінің халық ауыз әдебиетіндегі орны ерекше, көркемдік эстетикалық тұрғыдан алғанда шығарма мазмұнын ажарлап, оқырманға қызығушылығын артырады. Фольклордағы түс көру мен түс жору мотиві арқылы қай халықтың болмасын этнопсихологиялық жағдайын, халықтың біртұтас сенім-нанымын, мінезін көреуге болады.

Түс көру мен түс жору мотивінен адамзаттың өмір сүріп отырған заманасын көрумен қатар, фольклорлық шығармалар арқылы сол кездегі мотивтік сарынның мифологиямен байланысын, бірнеше шығармалардағы мазмұндық ұқсастығын, композиялық құрылымна арқау болатынын көре алдық. Адамзаттың түсінігіндегі еріксіз түрде жүзеге асып отыратын психологиялық үдеріс- түстің ауыз әдебиетіндегі көріністері, оны жорудың белгілері этнографиялық маңыздылығы. Фольклорлық туындыларда алдымен түс көру мотивіне тура байланысатын шығармалардағы кейіпкер өмірі, тағдыры тұрады. Түс көрудегі адамзаттың тылсым күштерге сенуі, жамандықты шектеп, жақсылықты қалайтыны, жалпы адам тағдырының түс арқылы ашылып отыруын, түсті жору салты мен мотивінің өзара бір бүтіндей дүниедей көрінуін байқауға болады.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі:

Түс көрудің адам өміріндегі маңызы, қазақ халқының фольклорлық мұраларында кездесетін, түс көру, аян беру, жоруға қатысты наным-сенімдердің бірнеше үлгілерін зерделей отырып, психологиялық талдау жасау, түс көру мен жору мотивтерін зерделеу. Түстің көркем әдебиеттегі қолданылу көркемдігі, оның қалыптасыуының тереңін түсіну, қисса-дастан дүниеге келгеннен- ақ қолданылғанын түсіндіру. Түс көру мен оны жорудың классикалық батырлық және ғашықтық жырларда кездесу себебін айқындау. Дастандардағы түс көру мен оны жору мотивтерінің өзара ұқсастықтары, ондағы кейіпкерлер тағдырының түс арқылы дамып отыратыны, түстің этнопсихологиялық тұрғыдан қаралуы.

Зерттеудің мақсат-міндеттері:

Түс жору мен жорытудың мағынасы мен маңыздылығын анықтау.

Түске енген құбылыстар мен заттардың мида берілу себептерін зерттеу.

Түс арқылы аян беру құбылысын көру, сезу. Ұйықтаған адамның түс көруі мен оны жорудағы сенімділік обьектілерін танып білу арқылы халық ауыз әдебиеті үлгілерінен іздестіріп, зерттеушілер пайымдауынша өзіндік тұжырымдау. Қазіргі кездегі түс көру мен түсті жору құбылыстарын салыстыру. Түстің адам санасында бейнеленуі мен оны түс көрушінің рухани дүниесі туралы ауыз әдебиеті үлгілері арқылы дәлелдеу. Фольклорлық шығармалар арқылы халық ауыз әдебиеті жанрындағы түстің шындыққа жанасып, түске енген заттың психологиялық әсерін тани білетін табиғи бір қабілеттің бар екендігін түсіндіру.

Түс көру мотивінің түзілуі;

Дастандардағы түс көру мотивінің берілуі;

Түс көру мотивінің көркемдігін көрсету.

Зерттеудің әдіс-тәсілдері: Диплдомық жұмыс материалдарды жинақтау, белгілі бір ерекшеліктеріне қарай жүйелеу, топтастыру, ауыз әдебиеті үлгілері бойынша талдау, түстің әрбір жорылу мотивін саралау, эпикалық жырлардағы, ертегілердегі және аңыз-әңгімелердегі түс көру мен жоруды сипаттау, мотивтік жағынан өзіндік талдау әдістері арқылы орындалды.

Жұмыста салыстыру, талдау, саралау әдістері түсті бейнелеу, сипаттау, алдын ала көру, болжау салыстырма-тарихи әдіс, болжамдық аналогия жасау, өзіндік әдістері мен тәсілдері қолданылады. Түс көру мен жоруға психологиялық тұрғыдан талдау жасалынады.

Сондай-ақ сөз мәдениетінің бағалауыштық сипаты болатыны, осы бағалауыштық сипат оппозициялық жүйе құрайтынымен байланысты қарама-қарсы қою тәсілі қолданылды.

Мәселенің зерттелу деңгейі :

Фольклорлық жинақтарға байланысты «Бабалар сөзі»: Жүз томдық кітаптары І том, Көрұғлы, Қазақ халық әдебиеті. Батырлар жыры, Жарықбаев Қ. «Жантану негіздері ғалымдардың зерттеулерінде», Ш. Ыбыраев. «Эпос әлемі», К. А. Төлеубаева «Тұрсын Жұртбай» монографиялық еңбегі, «Батырлар жыры» 4-том, «Көп томдық ертегілер» жинағындағы халық ауыз әдебиеті үлгілері негізінде түс көрудің мотивтік қырынан зерттеу нысанына алынды.

Қазақ фольклорлық үлгілеріндегі түс көру себептері, түс жору салты, түс көру мен жорудағы ұлттық болжам, ұлттық болмыс, этнопсихологиялық түсінік. Тарихи тұлғалардың ой пікірлері. Қазақ халқының этнописхологиясы.

Қазақ фольклорындағы түс көру мотивінің ұлттық наным-сенімдегі маңыздылығы, жору әрекетіндегі қазақ халқының көріпкелдігі мен, болжамы. Түс жору мотивіндегі кеше мен бүгіннің халық ұғымындағы көрінісі, адамдардың жазбалары мен пікірлерінің өмір шындығымен ауыз әдебиеті үлгілеріндегі байланысы мен бейнесі. Фольклордағы түс көру мотивінің түс жору салтымен тікелей байланысы. Түс көру мотиві адам тағдырының болжамы, келешектегі іс-әрекетінің штрихы, элементі іспеттес.

Зерттеу жұмыстың ғылыми жаңалығы:

Түс жорудың парасатталығы мен болжамы халықтық, тақырыптық-сюжет тік, эстетикалық байланыстар мен көркемдік ерекшеліктер негізінде түс жорудағы ортақ образдық жүйе, біркелкі көркемдік бейнелеу, алдын ала көру ұлттық этнопсихологиялық құбылысының ауыз әдебиетіндегі мотивтік тұрғыдан алатын орны туралы көрсету. Фольклорлық мұралардағы үзінділерден түс жоруға қатысты наным-сенімдердің бірнеше үлгілері ғана таңдалып, жүйеленіп жинақталады.

Дипломдық жұмыстың құрылымы: кіріспе, екі тарау, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

І ТАРАУ. ҚАЗАҚ Ф ОЛЬКЛОРЫНДАҒЫ ТҮС КӨРУ МЕН ЖОРУ

1. 1 Түс жорудың ерекшеліктері мен зерттелуі

Қазақ дәстүрлі қоғамында түс көруге бей-жай қарамаған, түс көрген соң, оны да мағыналы жорытуға аса мән берген. Адамзаттың жаратылысынан бері тіршілік пен өмір, табиғат құбылыстарын танып білудің, ондағы тылсым күш пен құпия сырларының тереңіне, халықтың қарапайым қағидаларына сүйенген ізденістерістерін түс көру мен жору мотивінде адам баласы жүргізіп келеді. Түс көру пенденің бүкіл жан жүйесін танып білуге көмектеседі, ғалымдар бұл тылсым көріністерді психологиялық құбылыс ретінде қарастырып, өзіндік пікірлерді ұсынады. Түсте адам баласының санасы шеңберден шығып, шетсіз-шексіз әлемді игеріп, кеңістік пен уақытқа тәуелді болмайтынын көрсете алады. «Түс» дегеніміз не? Түс деген - тынығып жатқанда көрінген тылсым дүниелер мен құбылыстар, елес, адам психологиясының терең тұңғиыққа түсуі. Түс көру- психология ғылымында қиял үдерісінің ұйқы кезіндегі енжар бейнесі деп түсіндіріледі. Өзіміздің өмір тәжірибемізде түсті кімдер көреді? Психологиялық тұрғыдан ойлағанда шарудан шаршап-шалдыққан адам, жүйкесінде әлсіздік білінген адам, қайғы жеген дамдар көреді, жаны мазасызданған күй кешкен адам көреді.

Қазақтың дәстүрлі қоғамында түс көруге бей-жай қарамай, оның мазмұны мен мағынасына мән бегендігін, түске қатысты ырымдар мен жоралғылардан, әдеби шығармалардан көруге болады. Түс көрудің өзі феноменнің өзін басқару қызметінен тыс болғандықтан, түс көрудің мағынасынан гөрі түсті жору маңыздырақ болғаны анық. Өйткені, ойлау кеңістігінен тыс көрінген құбылыс кімді болса да ойландырары сөзсіз. Түсті әрдайым жақсы нәрсеге жорып, данагөй халқымыз тектен -тек “Түс - балқыған қорғасын” деп атамаған. Яғни, қорғасынды қандай қалыпқа құйсаң, сондай пішінде қататынын бәріміз тәжірибеде білеміз. Сол себепті де қорғасынға теңеп, қандай түс болса да жақсылыққа жорып отырған. Адамзаттың түсінігінде жақсы сөз- жарым ырыс дегендей, жақсы ой мен жақсы сөз жақсылыққа айналады. Ал керісінше, жамандыққа жорысаң- жамандыққа айналуы мүмкін деген ұғым мен түсінік, жорамал бар. Түсті адамның рухани әлемінің хабаршысы ретінде қабылдау ескі діни танымға, наным-сенімдерге жат емес екенін білеміз. Түс енетін құбылыс пен заттың адамға рухани тұрғыдан аян берілетіні, оның болашақтан хабар не бір нәрсенің алдын алу ескертпесі берілетіні жайлы аңыз әңгімелерде ауыз әдебиеті үлгілерінде кездеседі. Ал шынында, халық ауыз әдебиеті, фольклор дегеніміз халықтың қиялы, халықтың күмәні, халықтың арманы екенін білеміз.

Қасиетті Құранда аты аталатын Жүсіп пайғамбарымыздың (ғ. с. ) өзінің түсінде аян алуы және түсінде көрген жору ғылымын иеленуі Алланың құдіреті деп сенген. Адамның ұйықтағанда не тыныққандағы түс көру құбылысы мен оны жору діни және рухани танымдарға тән нәрсе, адам баласының рухани өміріндегі, психологикалық түрлі халдегі маңызды құбылыс деп түсіндіреді. Түске енген құбылысты міндетті түрде талдау, оны жору, оған сену- қай халықта болсын жақсы сақталған салт-дәстүріміздің бірі. Әдебиетші ғалым Х. Досмұхамедұлы: «Түс жорудың қазақтар арасында да үлкен мәні бар екені ежелден белгілі, сол себепті де ел ішінде арнайы мамандар- түс жорушылар да ұшырасады» деп тұжырымдайды. Ел аузындағы әдеби үлгілерге сенер болсақ, түс жору дәстүрі Перғауынның (Фараон) түсін болжауы, яғни, Жүсіп пайғамбардан басталады екен. Әрбір түс көруші адам өз түсін біреуге жорытуға тырысады, сонымен қатар, мағыналы жору сөзіне мүлтіксіз сенеді. Мысалы, «Қозы Көрпеш- Баян Сұлу», «Қыз Жібек» лиро-эпостық жырларынан түс көру мен оны жорудың поэтикалық суреттемелерін көруге болады.

Ал түс көруді И. П. Павлов ұйқы кезінде ми клеткаларының қызметі толық тежелмейді, кейбір бөлімдері ояу қалпындағыдай жұмыс істей береді. Ми қыртысының осындай бөліктерін “күзетші пункт” деп атайды. Күзетші пункттерде адамның бұрынғы көрген, естіген, дәмін татқан нәрселердің бейнелері (бейнелі ойдың ісін басқаратын оң жақ ми сыңарында) қайта “тіріледі”. Түсте ақылға сыймайтын бейнелердің туындауын мидағы сигнал жүйелерінің арасындағы байланыстың әлсіреп, бірінші сигнал жүйесінің іске қосылып, екінші сөздік сигналдардың толық тежелуімен түсіндіріледі-деп физиологиялық тұрғыда тұжырым жасайды. [4, 411] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түc көру мотивінің түзілуін анықтау
Оралхан Бөкей шығармаларындағы түс көру құбылысы
Бұрынғы өткен батырлар
Оғыз қаған тарихи жұрт
Асан Қайғы туралы аңыздардағы тұрақты мотивтер
Әбіш Кекілбаев шығармаларындағы түс көру мотиві
Қазақ поэзиясындағы ақ қайыңмен сырласу мотиві
Дәстүрлі ғашықтық эпос
Абылайдың Қытаймен соғысы
Жетімдер бейнесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz