Аталық жыныс безі


7 - Дәріс
Жыныс мүшелері
Аталық және аналық жыныс органдары
Жоспары:
1. Аталық жыныс органдары
2. Аналық жыныс органдары
Дәріс мақсаты мен міндеті: Аталық және аналық жыныс органдары туралы білімін қалыптастыру, құрылысымен таныстыру.
Дәріс мазмұны: Аталық жыныс органдары ішкі және сыртқы органдары болып бөлінеді. Оның ішкі органдарына шәует шығаратын жол, шәует көпіршіктері қуық алды (предстат) безі, ал сыртқы жыныс органдарына сыртқы жыныс мүшесі, несеп каналы және аталық жыныс безі, ума жатады.
Аталық жыныс безі
Аталық жыныс безінің сырт пішіні эллипс тәрізді, салмағы - 25-30 грамдай. Аталық жыныс безі аналық жыныс безі тәрізді екі түрлі (ішкі және сыртқы секрециялық) жұмыс атқарады. Сыртқы секрециялық жұмысы деп жыныс клеткаларын - сперматозоидтарды шығаруын айтса, ішкі секрециялық жұмысы деп қан мен лимфаға бөліп отыратын жыныс гормондарын айтады. Аталық жыныс безінің арт жағына жабыса оның қосалқысы жатады. Оның жоғарғы толықша келген жерін басы, орта жерін денесі, ал төмен қарай жіңішкере келген бөлігін құйрығы деп атайды. Осы соңғы жіңішкеріп келіп бұрылыс жасаған жері шәует шығарар өзекке жалғасады. Аталық жыныс безі сырт жағынан тығыз дәнекер тканінен тұратын ақ қабықшамен қапталған. Осы ақ қабықшасы бездің арт жағынан без ішіне перделер беріп, без затын 300-ге дейін жететін бөлшектерге бөледі. Бұл бөлшектер құрылысы жағынан иректі түтікшелерден тұрады. Осы иректі түтікшелерінің аралығын дәнекер ткань байланыстырып жатады. Иректі түтікшелер екі түрлі клеткалардан құралады, 1-түріне түрлі сатыда дамыған сперматозоид клеткалары жатса, 2-түріне сортолли клеткалары жатады. Соңғылары даму кезіндегі жыныс клеткаларының қоректену қызметін атқарады. Дамып жетілген клеткалары (сперматозоидтар) иректі түтікшелердің эпителий клеткаларының көмегімен тік түтікшелерге, тік түтікшелер бездің бір шетінде торлы түтікшелерге көшеді. Сонымен, без заты иректі, тік және торлы түтікшелерден тұратынын көреміз. Соңғы торлы түтікшелерден аталық безді оның қосалқысымен байланыстырып жатқан 15-16 байланыс тутікшелерге жалғасады. Олар иректі түтікшелеріне ұласады. Бұлар қосалқысының төменгі жағында бірігіп шәует шығарар ағыс жасайды. Оның жалпы ұзындығы 40-50 см-ге дейін барады.
Аталық жыныс безі қосалқысымен және шәует шығарар ағыстың басталар бөлігімен ума ішінде орналасады. Осы аталған органдарға артерия тамырлары қанды әкеліп, вена тамырлары әкетіп отырады, сонымен қатар оларға лимфа тамырларымен нерв талшықтары да келеді.
Осы жыныс безіне келетін қан тамырлары мен нерв талшықтары сонымен бірге шәует шығарар өзек дәнекер тканьді қабықшасымен жабылып шәует бауын түзеді. Ол ума ішінде жоғары көтеріліп шат каналы арқылы құрсақ қуысына енеді. Осы жерде шәует шығарар өзек тамырлары мен нервтерінен ажырап, төмен қарай жүріп отырып, кіші жамбас қуысына өтеді. Бұл несеп каналына ашылмастан бұрын бүйір кеңістігін жасап, шәует көпіршіктерін түзеді де жыныс клеткаларының койма (резервуарлық) маңызын атқарады. Шәует кепіршіктерінің қабырғасы да шәует шығарар өзек тәрізді үш қабықшадан түзілген: ішкі кілегейлі, ортаңғы - жазық ет, сыртқы - дәнекер тканьді болып келеді. Шәует көпіршіктерінің жоғарғы кеңейген жерін денесі десе, төменгі жіңішкеріп келген бөлігін шәует шашар өзегі деп атайды. Шәует көпіршіктері түссіз сұйықтыққа толы келеді. Оның құрамында сперматозоидтар болады, сондықтан оны сперма жинауыш қойма деп атайды. Оның кілегейлі қабатынан бөлінген сұйықтық сперманы әрі сұйылтып, әрі активтендіреді.
Қуықалды, безі (предстат безі) . Бұл қуықтың түп жағында несеп каналының басталар жерін айнала қоршап жатқан күрделі түтікті без. Ол ішкі жамбас қуысында жатады. Бұл бездің 30 шақты майда түтікшелері несеп каналына ашылады. Бездің ет талшықтары әр түрлі бағытта орналасып, жиырылған кезде секреттерін шығарумен бірге сфинктерлік қызметін де атқарады.
Без сілтілі реакциялы секрет бөледі. Ол сперма құра мына еніп оны сұйылтумен қатар сперманың тіршілік әретіне қолайлы жағдай туғызады. Бұл без жас өспірім балада өте кішкене болады, 14 жастан жедел дами келе 20 жаста толық қалыптасады.
Бадана (куперов) бездері - кішкене бұршақ тәрізді, несеп шығару каналының бойында орналасқан. Оның түтігі несеп каналына ашылып сперма құрамына енетін сұйықтық бөледі.
Ума аталық жыныс безінің қапшығы, оның ортасы ет пердесімен екі бөлікке бөлінген. Қабырғасы құрсақ қабырғасы тәрізді 6 қабаттан тұрады: тері, тері асты майдан, беткей фасция, ет қабаты, терең фасция және және ішектен түзілген сір қабықша.
Аталық жыныс мүшесі сыртқы жыныс органына жатады. Ұзынша пішінде келген үш кеуекті денеден тұрады. Оның жоғарғы қатар жатқан екеуі жыныс мүшесіне тән болса, астыңғы жағында жатқан үшінші кеуекті денеден несеп каналының түтігі өтеді. Ол арқылы несеп шығарылумен қатар жыныс клеткалары да шығарылып отырылады. Жыныс мүшесі түбір, мойын, бас бөлімдерінен тұрады. Астыңғы кеуекті дене түбінен айырылып, шат сүйектеріне бекіп жыныс мүшесінің екі аяқшасын құрайды. Оның үш жағы сүйірленіп, несеп шығару каналының конус тәрізді бөлігіне көшіп, жыныс мүшесінің басын түзіеді. Басында несепағар каналының ашылар жері жатады. Барлық кеуекті денелер сыртынан тығыз дәнекер қабықшамен қапталған. Олардын, ішінде саңылау қуыс болады. Жыныстық қозу кезінде бұл саңылауларды артерия қаны кернеп толады да, жамбас асты еттерінің жиырылуының нәтижесінде вена қанының шығып кетуі қиындайды.
Жыныс мүшелерінің терісі жұқа және қозғалғыш, бас бөлімінде екі қабатталып келеді. Ішкі қабатында май бездері көп болады. Жыныс мүшесі құрсақ шандырының жалғасы болып табылатын байламдар арқылы шонданай шат сүйектеріне бекіп қалпын сақтайды.
Аналық жыныс мүшелері
Аналық жыныс органдары ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді. Оның ішкі органына аналық жыныс безі, жатыр, жатыр түтіктері, қынап, ал сыртқысына үлкен және кіші жыныс еріндері, қынаптың кіреберісі және несеп каналы жатады.
Аналық жыныс безі кіші жамбас ішінде, жатырдың екі жағын ала орналасқан. Олар жатырдың жалпақ шандыр байламының артқы жағына ілініп тұрады. Сырт пішіні эллипс тәрізді. Бір жағынан ұзын жұмыр сіңір байламымен жатыр денесіне бекіп жатады. Аналық бездің сыртқы беті кіші жамбастың бүйір қабырғасында, ал ішкі жағы жатыр түтігімен шектескен. Бұл бездің ұзындығы 2, 5 см, ені 1, 5 см, қалыңдығы 1 см.
Аналық безінің функциясы өте күрделі яғни жұмыртқа клеткаларының өсіп дамуымен бірге, қанға жыныстық гормондарды бөліп отырады. Бұл жағдай бүкіл организмге әсер етумен бірге жатырдың да функциясын реттейді. Мұны ішкі секрециялы (эндокриндік) жұмысы десе, ал жұмыртқа клеткаларының бөлінуін сыртқы секрециялық жұмысы дейді. Аналық без сыртқы (қыртысты), ішкі (милы) қабаттан түзілген. Сыртқы қыртыс заты талшықты дәнекер тканінің ұршық тәрізді фибробласты стромоларынан тұрады, бұл қабатта алғашқы фолликулалар пайда болып отырады. Олардың саңы жаңа туған қыз балада 30-40 мыңға жетеді. Бірақ жыныстық даму жолында біртіндеп саны кеми бастайды. Сондықтан әйел адамның өмірінде 400-500 жұмыртқа клеткалары ғана жетіледі.
Аналық бездің ішкі милы заты дәнекер тканьдерден түзілген және қан тамырлары мен нервтері де өте жақсы жетілген.
Аналық бездегі жұмыртқа клеткасының дамып жетілуі және оның жатырға еніп орналасуы мынадай жағдайда: жалпы жұмыртқа клеткасының жетілу процесі фолликулаларда өтеді. Алғашқы дамуымен байланысты фолликуланың эпителий клеткалары көбейеді. Одан кейін регенерация процесіне ұшырап, азаяды да бұлардың орнына сұйықтық пайда бола бастайды. Осылайша кемеліне жетіп ұлғайып келген фолликуланы граафов көпіршігі деп атайды. Оның сұйықтығы кернеген кезде көпіршік жарылып, аналық клеткасын құрсақ қуысына бөледі. Бұл процесс рефлекторлық түрде жүзеге асырылады.
Сонымен жұмыртқа клеткасы графов көпіршігінен бөлініп құрсақ қуысына түседі. Осы кезде жатыр түтігінің аузы жағындағы жалбыршақтарының серпінді кірпікшелерінің қимылы арқылы жатыр түтігіне енеді. Жұмыртқа клеткасы жатыр түтігімен жүріп отырып, жатыр қуысына түседі. Егер жұмыртқа клеткасы аталық клеткасы - сперматоидпен қосылып ұрықтану процесі жүрсе, графов көпіршігінің орнына сары дене пайда болады. Мұны «екі кабаттық дене» деп атайды. Бұл ішкі секрециялық бездің жұмысын атқарып қанға прогестерон гормонын бөліп отырады.
Егер «сары дене» бала көтерудің бас кезінде бұзылса, әйел адам «бала тастау» (түсік) ауруына ұшырайды. Бұл гормонның бөлінуінен жұмыртқа клеткасының әрі қарай (бала босанғанша) пайда болуы тоқтатылынады, сөйтіп бала көтеру процесінің қалыпты жүруі мен сүт бездерінің дамуы күшейеді. Егер ұрықтану процесі жүрмесе сары дене орнына жалған дене пайда болады. Бұл жағдайда жатырға жиналған қан (менструация) айына бір рет эстрадиол гормонының әсерінен шығарылып отырылады. Эстрадиол гормоны жыныс органдарының дамуына да, соңғы жыныстық белгілердің пайда болуына да әсер етеді.
Қорытып айтқанда, аналық жыныс бездері сыртқы және ішкі секрециялық жұмыс атқарады. Сыртқы секрециялық жұмысына - жұмыртқа клеткасының дамуымен түpзілуі жатса, ішкі секрециялық жұмысына - қанға, лимфаға гормон сұйықтарының бөлінуі жатады.
Жатыр түтігі (фаллопиев) жатырдың екі жағынан басталып көлденен, созылып жатады. Оның бір жағы жіңішкеріп келіп жатырға ашылса, екінші жағы құйғыш тәрізді кеңейіп келіп құрсақ қуысына ашылады. Осы құйғыш тәрізденген аузы жалбыршақтанып фолликуладан бөлініп шыққан жұмыртқа клеткасын өзінің кірпікше эпителийлерінің толқынды қимылы арқылы жатыр ішіне тартады.
Жатыр түтігінің ұзындығы 10-12 см, ені 0, 5 см, сырты іштікпен толығынан оралған. Жатыр түтігінің қабырғасы ішкі органдар тәрізді үш қабаттан түзілген. Олардың сыртқы қабаты жатырдың жалпақ шандыр байламына жалғаса жатады. Ортаңғы ет қабаты және ет талшықтарынан түзілген. Ішкі қабаты кірпікше эпителиймен жабылған кілегенлі қабаттан тұрады. Жатыр түтігіне енген жұмыртқа (аналық) клеткасы ет талшықтарының жиырылуымен және кірпікше эпителийдің толқынды қимылымен жатыр ішіне қарай жылжиды. Ұрықтану (аталық клеткасымен кездесу) процесі тек қана осы жатыр түтігінде өтеді. Жатыр түтігі жалпы жатырға келетін қан тамырлары және нерв талшықтарымен жабдықталған.
Жатыр - алмұрт тәрізді жазық салалы ет талшықтарынан түзілген қуысты орган. Жатыр кіші жамбас қуысында, қуық пен тік ішек аралығында орналасқан. Ұрықтанған жұмыртқа клеткасы жатырға жатыр түтігі арқылы енгеннен бастап босанғанға дейін өсіп дамиды. Жатырдық жоғарғы түп бөлігіне екі жатыр түтігі ашылады. Оның үшбұрышты пішінде келген денесі төмен қарай сүйірленіп мойнына көшеді. Сол себептен, жатыр мойны жіңішкеріп келген жатыр денесінің жалғасы болып саналады. Жатыр мойынының төменгі қынап ішіне түсе жатқан бөлігін қынап бөлігі деп атайды. Жатыр қуысы фронтальды жағдайда жатқан үш бұрышты саңылау тәрізді. Жоғарғы жағынан бұл қуыстыққа екі жатыр түтікшелері ашылса, теменгі жағында жатыр мойнының каналына жалғасады. Жатыр ішін істарлаған кілегейлі қабықша жазық келеді, ал мойын бөлігі керісінше қыртысты келеді.
Жатыр қабырғасы негізінде үш қабаттан түзілген. Сыртқы периметриум жатырдың сыртын айнала жауып жатқан іштік болып саналады. Периметриум қабаты қорғаныспен қатар жатырды жамбас қабырғасымен байланыстырып қимылды бекемдеп отырады.
Ортаңғы қабат - миометриум өте қалың жетілген жатырдың ет қабаты. Әр түрлі бағытта жатқан жазық салалы ет талшықтарынан түзілген, миометриум бөлігі қан тамырлы келеді.
Iшкі қабат - эндометриум жатырдың іш жағын астарлап жатқан кілегейлі қабаты. Бұл жай түтікше бездерге бай келген әрі беті кірпікше эпителиймен жабылған. Жатырдың мойын бөлігінде түтікше бездерден басқа кілегейлі бездер де бар. Олар қою кілегей шығарып мойын бөлігінде кілегей тығынын түзіп, жатыр ішіне микробтар мен вирустар өтуіне қорғап тұрады. Екі қабат болған әйел адамда жатырдың салмағы да, пішіні де өзгереді. Босанар кезде салмағы 2 кг-ға дейін барады, жалпы сыйымдылығы 60 есе ұлғаяды. Босанғаннан кейін жатырдың көлемі жайлап бұрынғы қалпына жақындайды. Жатыр көлемі қартайған сайын тығызданып кішірейе бастайды. Оның кіші жамбас қуысында бекіп, орналасуында себеп болатын екі жұмыр байламы, екі жалпақ шандыр байламы болады. Сонымен бірге айнала жатқан органдармен байламдар арқылы жамбас қабырғасына, шат және сегізкөз сүйектеріне бекіп орнында қалыптасып жатады. Бұл байламдар жатырдың көлемнің екі қабат кезіндегі ұлғаюына байланысты созылып, жағдайын өзгертіп отыруға мүмкіндік береді. Жатырдың жұмыр байламы жатырдың жоғарғы екі жағынан басталып төмен қарай жүріп отырып шат каналынан өтіп, үлкен жыныс еріннің астыңғы жағынан шат сүйегіне бекиді. Осы байлам бойымен жыныстық қан тамырлары мен нерв талшықтары жыныс органдарына келеді. Жатырдың жалпақ байламы деп жатырдың алдыңғы және артқы бетін жауып, екі бүйірінен қабатталып келіп жамбас қабырғасына тіркелген шандырын айтады. Бұл байламның жоғарғы жағында жатыр түтігі, ал сырт жағында ілініп аналық без жатады. Осы жалпақ байламы арқылы жамбас қуысы алдыңғы және артқы бөліктерге бөлінеді. Тік ішек байламы жатырдың мойын белігін орап алып жамбастың арт жақ қабырғасына тіркейді. Ал сегізкөз байламы да осыған ұқсас келеді. Осы айтылған байламдар арқылы жатыр өз орнына қозғалмалы орналасқан. Жамбас ішіндегі органдардың (қуықтың, тік ішектің) толуына байланысты, не болмаса жатыр ішіндегі ұрықтың дамуына байланысты жатырдың жатқан жағдайы, көлемі өзгеріп отырады. Сонымен байланысты алға, артқа, оңға, солға ығысып тұрады. Бұл ұрықтың да еркін дамуына өте қажетті жағдай болып табылады. Жатыр жас ерекшеліктеріне және атқаратын жұмысына байланысты көлемі де, пішіні де өзгеріп отырады. Қыз баланың жатыр мойны денесіне қарағанда ұзындау келеді, 14-15 жаста жалпы жыныстық жетілуіне байланысты өзінің көлеміне жетеді. Мосқал әйелдерде кері даму процесі жүретіндіктен оның жалпы көлемі кішірейіп, жатыр мойны қысқарады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz