Геологиялық құрылысы мен жер бедері



Кіріспе
Қыратты ұсақ шоқылы келген жазық. Орталық Қазақстанның көпшілік жерін алып жатыр. Ол батыста Торғай ойысымен , шығыста Сауыр. Тарбағатай жүйесімен тұтасады, солтүстігінде Батыс Сібір ойпатына барып тіреледі де, оңтүстікте Тұран ойпатымен шектеседі. Ол шығыстан батысқа қарай кеңейіп , 300 км.ден 900 км.ге дейін жетеді. Ені батыс бөлігінде 900км, шығысында солтүстіктен оңтүстікке қарай 400км . ге жетеді. Ауданы 1млн. км2 шамасында. Батыс бөлігінің рельефі негізінен жазық ( орташа абсолюттік биіктігі 300.500м ), қиыр батысы Ұлытау ( 1133 м ), солтүстігі Көкшетау қыраты ( Көкше 947 м) . Шығыс бөлігі өзінің биіктігімен ( орташа абсолюттік биіктігі 500.1000 м ) және жер бетінің қатты тілімделгендігін ерекшеленеді. Көтеріңкі орта бөлігінде қарқаралы тау массиві ( биік жері Ақсораң тауы 1565 м ), шығысында Шыңғыстау ( Қособа 1305 м ) жотасы жатыр. Сондықтан Сарыарқаның гипсометрлік құрылысы орта бөлігінен шетіне қарай, яғни солтүстік пен оңтүстікке қарай бірте. бірте аласарады. Тегістелген жазық, үлкенді. кішілі ойыс, қазаншұңқырлар, бір.бірімен алмасып жатады. Аласа тау массивтерінің салыстырмалы биіктігі 500.600 м, бұлардың араларында белесті қырат немесе көптеген шашыранды, ұсақ шоқы, дөңесті бұйраттар кездеседі. Кейбір жеке оқшауланған , негізгі жынысты, жақпар тасты төбешіктердің салыстырмалы биіктігі 10.50 м, кейде 100 м. ге жетеді.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Қыратты ұсақ шоқылы келген жазық. Орталық Қазақстанның
көпшілік жерін алып жатыр. Ол батыста Торғай ойысымен , шығыста
Сауыр- Тарбағатай жүйесімен тұтасады, солтүстігінде Батыс Сібір
ойпатына барып тіреледі де, оңтүстікте Тұран ойпатымен шектеседі.
Ол шығыстан батысқа қарай кеңейіп , 300 км-ден 900 км-ге дейін
жетеді. Ені батыс бөлігінде 900км, шығысында солтүстіктен
оңтүстікке қарай 400км – ге жетеді. Ауданы 1млн. км2 шамасында.
Батыс бөлігінің рельефі негізінен жазық ( орташа абсолюттік
биіктігі 300-500м ), қиыр батысы Ұлытау ( 1133 м ), солтүстігі
Көкшетау қыраты ( Көкше 947 м) . Шығыс бөлігі өзінің
биіктігімен ( орташа абсолюттік биіктігі 500-1000 м ) және жер
бетінің қатты тілімделгендігін ерекшеленеді. Көтеріңкі орта
бөлігінде қарқаралы тау массиві ( биік жері Ақсораң тауы 1565
м ), шығысында Шыңғыстау ( Қособа 1305 м ) жотасы жатыр. Сондықтан
Сарыарқаның гипсометрлік құрылысы орта бөлігінен шетіне қарай,
яғни солтүстік пен оңтүстікке қарай бірте- бірте аласарады.
Тегістелген жазық, үлкенді- кішілі ойыс, қазаншұңқырлар, бір-бірімен
алмасып жатады. Аласа тау массивтерінің салыстырмалы биіктігі
500-600 м, бұлардың араларында белесті қырат немесе көптеген
шашыранды, ұсақ шоқы, дөңесті бұйраттар кездеседі. Кейбір жеке
оқшауланған , негізгі жынысты, жақпар тасты төбешіктердің
салыстырмалы биіктігі 10-50 м, кейде 100 м- ге жетеді.

І – тарау Геологиялық құрылысы мен жер бедері. Пайдалы
қазбалары

І.1 Геологиялық құрылысы мен жер бедері

Сарыарқаның батыс және солтүстік батыс бөлігі
каледон, шығыс бөлігі герцин тау түзілу кезеңінде қалыптасқан.

Бірақ герцин тау түзілуі тоқталғаннан кейін, сол
кезде пайда болған биік таулар мүжіліп , мезозой эрасы
кезінде белесті, қыратты, ұсақ шоқылы , дөңесті өңірге
айналған. Сарыарқа негізінен палеозой эрасындағы метаморфоздалған
тақтатас, кварцит, құмтас, әктастардан түзілген. Сонымен қатар
гранит, диорит, габро сияқты тау жыныстары да көп
кездеседі.

Сарыарқаның шығыс бөлігінде биіктік белдеулік байқалатын
аласа таулар бар. Олар: Үлкен Қарақуыс ( 1342 м ), Кешубай (1559
м ), Қоңыртемірлі ( 1369 м ), Қарқаралы ( 1403 м ), Кент (1469 м ),
Жақсы Ағыралы ( 1300 м ). Сарыарқаның ең биік нүктесі
Ақсораң тауы ( 1565 м ) Қарақаралы тау жүйесінде орналасқан.

Қазақтың қатпарлы даласы Орал- Тянь- Шань геосинклиналь
зонасына жатады. Ұсақ шоқылы қырат ойыспен қоршалған палеозой
платформасының қалқаны болып саналады. Ойыстардың аумағындағы
палеозой фундаменті әр түрлі тереңдікте жатыр. Қалқаннан батысқа
қарай Торғай ойысы , солтүстікке қарай - Батыс Сібір, солтүстік
шығысқа қарай – Ертіс синеклизасы, оңтүстікке қарай Шу
орналасқан.

Қазақтың қатпарлы алқабының даму тарихында каледон
қатпарлығының маңызы зор. Каледон орогенезі ультранегізді және
қышқылды жыныстар – граниттердің енуімен қабаттаса жүрді. Каледон
орогенезінен кейін территорияның көтерілуі болды да, ол денудацияға
ұшырады. Денудация мен кейінгі көтерілулердің нәтижесінде гранитті
магманың каледондық интрузиялары бетке шығып қалды. Төменгі
девонның соңында қайтадан теңіз тұнбалары шөге бастады.

Жоғарғы палеозой дәуірінде бүкіл Орал- Тянь- Шань
геосинклиналь зонасын қамтыған герцин орогензінің екі фазасында
ұлан байтақ алқаптағы биік таулар пайда болды. Төменгі және
ортаңғы палеозойдың шөккен тұнбалары жаншылып, магманың
интрузияларымен бұзылды да, қатты метаморфтанды. Пайда болған
қатпарлық меридиан бағытына таяу созылып жатыр да, жарылулармен
вертикаль орын алмастырулармен - жоғары және төмен ығысулармен
бұзылған.

Палеозой мен палеогеннен кейінгі дәуірде герцин тау
жоталары бұзылып, територия платформалық сипат алады. Пайда болған
палеозой қабаты тербелмелі қозғалысқа ұшырады, оның жекелеген
ірі бөліктері әр түрлі тереңдікте төмен түсіп, таяз
теңіздердің суы жайылды. Қалқаннан - Қазақтың қатпарлы шоқылығынан
– солтүстікке қарай төмен түскен Батыс Сібір жазығына үштік
дәуірде теңіз жайылып жатты да, бұл кезде Тұран мен Батыс
Сібір жазықтарында орналасқан теңіздерді байланыстырушы бұғаз
болды. Тұран ойпатына бірнеше рет - жоғарғы юра, жоғарғы бор,
палеоген және неоген дәуірлерінде теңіз жайылды.

Қазақтың қатпарлы өлкесі мүжілген және пенепленделген ( орташа
биіктігі 500-600 м ). Ол абсолюттік биіктігі 1000 м- ге дейін
көтерілген жеке - жеке дөңнен тұрады. Қазақстанның қатпарлы
өлкесінің гипсометрлік құрылысы орталығынан шетіне қарай , анығырақ
айтқанда солтүстікке және оңтүстікке қарай бірте- бірте
аласаратынын байқаймыз. Сондықтан бұл өлке Солтүстік Мұзды мұзды
мұхит бассейндері мен кейбір ішкі тұйық бассейндердің арасындағы
суайрық болып есептеледі.

Қазақтың қатпарлы өлкесінің ерекшелігі оның рельефі мен
геологиялық құрылысының өте алуан түрлі және күрделі болуында.
Мұнда тегістелген жазық жерлер мен үлкенді - кішілі ойыстар,
қазаншұңқырлар, қалдық тау массивтері және рельефтің ерекше түрі -
ұсақ шоқылар кездеседі. Ұсақ шоқылардың көр болуы себебінен бұл
өлке кейде Орталық Қазақстанның ұсақ шоқылы өлкесі деп те
аталады.

Орталық Қазақстанның ұсақ шоқылы өлкесі өзінің геологиялық
құрылысы мен рельефінің сипатына қарай екі бөлікке бөлінеді:

а) енсіз және биік шығыс бөлігі

б) кеңірек және аласалау батыс бөлігі

Олардың шекрасы шамамен 72° ш.б бойынша өтеді.

Қазақстанның қатпарлы өлкесінің шығыс бөлігі палеозойдың
шөгінді және магма жыныстарынан ( гранит, порфирит, кварцит )
құралған біршама тұтас аласа таулы аймақ болып табылады. Өлкенің
бұл бөлігінің қазіргі рельефінің қалыптасуына оның жыныстарының
жату бағыты мен денудация процесі басты рөл атқарған.

Сондықтан бұл аласа таулы аймақ жеміріліп, пенепленге
айналған. Кейбір жерлерінде оқшауланғанг тау массивтері бар
ирелеңдеген дөңді жазық осы рельефке тән қасиет. Бұлар өлкенің
батыс бөлігіне қарағанда шығысында анағұрлым жиі кездеседі, әсіресе
орталық су айрық бөліктерінде көбірек топтасқан.

Бұл массивтердің ішіндегі және жалпы Сарыарқаның ең биігі
Қызылрай 1559 м. Оның солтүстігінде биіктігі 1400 м - ге дейін
жететін Қарқаралы тауы жатыр. Бұл тау торабы негізінен
граниттерден тұрады. Осы тау массивтер өзін айнала қоршаған
жазықтардан 250 – 300 м биік, оның солтүстік беткейлері тік болып
келеді. Солтүстік беткейлерде жауын – шашын мол, өзен аңғарлары бойы
қарағай ормандар өседі, анағұрлым құрғақ оңтүстік беткейлері жалаң,
құзды келеді де, тау етектерінде үгінді қорым тастар кездеседі.

Қазақтың қатпарлы өлкесінің шығыс бөлігіндегі бұдан кейінгі
ең ірі тау массиві Шыңғыстау ( 1300 м ). Биіктігі шамалы болғанымен
бұл өзін қоршаған жазықтар ортасында нағыз таулы рельефті
бейнелейді. Ұсақ шоқылы аймақтың шығыс бөлігінің батысынан
айырмасы оның релеф формаларының айқын бейнелеуінде. Бұл ең жаңа
тектоникалық процестердің аз да болса болып тұратынын көрсетеді.

Қазақтың қатпарлы өлкесінің шығыс жартысының қалған
территориясы дөңесті жазық. Онда ретсіз орналасқан аласа шоқылар
мен дөңдер ертедегі ескі аңғарлар мен қазан шұңқырларымен
кезектесіп отырады. Мұндағы көтеріңкі участоктар әдетте граниттен,
порфириттен және кварциттен тұрады. Олардың кей жері уақытша тасқын
судың жасаған құрғақ арналары, сай салаларымен мықтап тілімденген.

Бұл аймақтың шығыс бөлігі жалпы алғанда, Қазақтың бүкіл
қатпарлы өлкесінің негізгі су айрығы болып есептеледі. Бұл арадан
тек солтүстікке қарай ағын, Ертіске барып құятын Ащысу, Шаған,
Түндік т.б өзендері немесе оңтүстікке балқашқа қарай ағатын Бақанас
пен Тоқырау өзендері ғана басталып қоймай, сонымен қатар өлкенің
батыс бөлігіндегі Нұра, Жамшу, Сарысу және басқа да өзендер осы
арадан басталады.

Қазақтың қатпарлы өлкесінің батыс бөлігінің шығыс бөлігінен
айырмашылығы: мұнда тегіс және ойыс жерлер басым болады да
қалдық таулар мен шоқылар сирек кездеседі. Өлкенің бұл бөлігінде
ертедегі палеозой шөгінділері мен магма жыныстары тек биік
көтеріңкі жерлерде ғана жер бетінде көрініп жатады. Ал шет
жақтарындағы жазықтар мен кең ойыстар және қазан шұңқырларда
палеозой жыныстары үштік дәуірдегі теңіз және көл шөгінділері
астында терең жатады.

Құрылысы мен рельефінің алуан түрлі мезозой, палеозой
энейрогендік қозғалыстарына және сол дәуірге қатысты теңіз
трансгрессияларына байланысты. Осы батыс бөліктің рельефінің
қалыптасуына ұзаққа созылған денудациямен бірге бор, әсіресе үштік
дәуірдегі абразиялар және теңіз шөгінділерінің жиналуы едәуір рөл
атқарады.

Жоғарыда айтылғандай жазықтар, ойыстар мен қазаншұңқырлар
Қазақтың қатпарлы өлкесінің батыс бөлігінің көпшілік жерін алып
жатыр. Ол аудандар палеозойдағы таулы өлкенің тау алды және
синклиналды участоктары болып , үштік, ішінара бор дәуірінде (
оңтүстігінде ) теңіз трансгрессиясына ұшыраған. Мұнда ертедегі
пенепленнің үстіңгі бетін теңіз шөгінділері тегістеген. Жалпы
алғанда, мұндай территорияларға жазыңқы немесе өркештенген рельев
тән болады да шоқылар мен дөңдер сирек кездеседі. Мұндағы ірі
ойыстардың бірі Теңіз–Қорғалжын қазаншұңқыры ( 304 м) онда осы
аттас көлдер бар. Бұл қазаншұңқыр төңірегіндегі жазықтармен
бірге Қазақтың қатпарлы өлкесінің батыс бөлігін екіге бөледі:
солтүстік –батысы – Көкшетау, оңтүстік – батысы – Ұлытау.

Көкшетау тауларының биіктігі 900 м шамасында, олар палеозойдың
ізбес тастары, кварциттері және порфириттерінен қалыптасқан ірі
антиклиналдың бір бөлігі болып табылады. Айналасындағы жазықтардан
300-350 м биікке көтеріліп, олар кәдімгі тау көрінісін бейнелейді.
Олар ағын сулар және уақытша болатын тасқын сулармен мықтап
тілімденген. Көкшетау тауларының арасында табиғаты сұлу бірнеше
көлдер бар. Олардың жағалаулары мен іргелес жатқан таулардың
беткейлерінде қарағайлы орман өседі. Көлдерінің ішіндегі ең
тамашасы – Бурабай. Оның жағалауында республикалық маңызы бар
курорт орналасқан.

Ұлытау таулары Қазақтың қатпарлы өлкесінің оңтүстік – батыс
бөлігіндегі ең ірі тау массиві болып табылады. Бұл таулардың
биіктігі 1134 м–ге жетеді, ол негізі граниттен тұратын меридиан
бағыттағы ірі антиклиналдың қалдығы болып табылады. Таулардың
кристалды сланецтен , құмтастан, кангломераттардан тұратын беткейлері
мықтап тілімденген. Өзендердің аңғарлары мен тау беткейлерінде
ойдым–ойдым қайыңды тоғайлар мен бұталар өседі. Айналасындағы
жерлер төменгі кайнозойда әртүрлі саздан құралған нағыз дөңесті
жазық болып табылады.

І.2 Пайдалы қазбаларының орналасуы

Сарыарқа кенді аймағы геологиялық құрылымдық
ерекшеліктеріне қарай белгілі заңдылықпен көптеген маңызды
қазба байлықтар шлғырланған кенді аймақ. Геологиялық тұрғыдан
Сарыарқа қатпарлы аймағына сәйкес келеді. Өндірістік –
экономикалық жағдайларға байланысты құрамына Сарыарқамен бірге
Шыңғыс тауы да кіреді. Сарыарқа кенді аймағы –
пайдалы қазбалардың генетикалық типтері , алуан түрлі кенді
құрылымдар тараған көп металды, мол кенді өлке.

Мұнда протерезойдан кайнозойға дейінгі аралықта түзілген
тас көмір кендерінің , қара, түсті, асыл, сирек, шашыранды
металдырдың , агрономиялық және түрлі бейруда
шикізаттардың , құрылыс материалдарының мыңдаған үлкенді –
кішілі ондаған өндірістік маңызы зор ірі кендері бар.
Бұл пайдалы қазындылар алты металлогендік дәуірде түзілген.
Осы дәуірлердің әрқайсысына рифей, каледон, герцин
тетонегездерінің ірі фазалары кезінде қалыптасқан геологиялық
құрылымдық құрылым, метал пайдалы қазба байлықтардың белгілі
тобы мен өндірістік – генетикалық типтері сәйкес келеді.

Докембрийлік дәуірде темірлі кварцит ( Қарсақбай ) , алтын
және ультранегізді , ультранегізді сілтілі жыныстармен байланысты
кобольт, никель, апатит, шашыранды металдар кендері пайда
болған. Ерте каледондық дәуірде мыс, молибден, мыс,
колчеданды, колчедан – полиметалды ( эвгеосинклинальдық вулкантекті –
шөгінді жыныстармен байланысты келген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан территориясын физикалық-географиялық аудандастыру
Қазақстандағы ірі физикалық – географиялық аудандар
Рельеф және геолоиялық құрылым
Жоңғар алатауына физикалық – географиялық сипаттама
Алакөл ойысының геотектоникалық құрылысы
Тянь - Шань таулы өлкесі
Жоңғар Алатауы
Батыс Сібір жазығы
Шығыс Қазақстанның географиялық орны мен геологиялық уақыт ішіндегі табиғатының даму тарихы
Зайсан ойпаңының неотектоникасы
Пәндер