Онегиннің мінездемесі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Ханарық жалпы білім беретін мектеп
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

"Абай мен Пушкин - екі жүректің үндестігі"
Әдеби кеш

"Абай мен Пушкин поэзиясындағы үндестік" -

Жоспары:
І.Кіріспе бөлім
ІІ.Негізгі бөлім:
1. Мәңгі сөнбес қос жұлдыз- Абай мен Пушкин
2. Абай мен Пушкин поэзиясындағы үндестік:
А) А. С. Пушкиннің Евгений Онегин романы.
Ә) Абай мен Пушкин шығармаларындағы махаббат лирикасы.
Б) Ақын мен ақындық шабыты
В) Абай мен Пушкиннің Табиғат тақырыбына арналған өлеңдері
Г) Екі ақынның сыртқы елдер жайында сөз қозғауы.
Ғ) Өлсем, орным қара жер және Памятник өлеңдері
3. Абай мен Пушкин есімі әрқашан ел есінде.
А) Петропавл қаласындағы Абай мен Пушкинге орнатылған ескерткіш.
Ә) Чистопрудный бульварындағы Абай ескерткіші
ІІІ. Эксперимент нәтижесі
ІV. Қорытынды бөлім
V. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Негізгі бөлім
Абай мен Пушкин поэзиясындағы үндестік
Арттағыда сөзің мен ісің қалса,
Өлсең де, өлмегенмен боласың тең.
( Абай)

І . Мәңгі сөнбес қос жұлдыз- Абай мен Пушкин
Заман өзгереді, дүние шыр көбелек айналып, қоғам құбылады. Ғасырдан ғасырға жалғасып мың жыл өтсе де ескірмей, керісінше әр кез алмастай жарқырап, жұмыр басты пенде жерге шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, жан дүниесін баурап алып, сезімін иітіп алып кететін, өмірі өлмейтін, адамның қалыптасу факторының алтын діңгегі іспеттес бір жұмбақ әлем бар. Ол - поэзия патшалығы. Сол поэзия патшалығы иелерінің артына қалдырған алтын мұрасы, асыл қазынасы, ұлы сезіммен жазылған дүниелері халықтың жүрегінде сақталып, көңілінде қатталып мәңгі жасайды.
Адам баласы дүниеге келісімен, өмірдің ғажап құбылыстарының, дүниенің тылсым сырларының тереңіне бойлауға ұмтылады. Әрбір адам өзінің рухани дамуында жасыл табиғаттан, шексіз дүниеден әсер алады.
Абай атамыз туралы, оның ақындығы, ойшылдығы, дарындылығы жөнінде талай ғалымдар мен әдебиетшілер жазған, жазып келеді, жаза да бермек. Ұлы ақынымыз өзінің ізденімпаздығының арқасында орыс тілін жақсы меңгеріп, орыс халқының рухани мәдениетінің ең бағалыларын тауып, таныды. Абай орыс жазушыларының шығармаларынан өз поэзиясына арқау болар тамаша ойлар тапты. Орыс әдебиетін оқып үйренген кезде Абайдың алдыңғы кезекте оқыған ақындарының бірі -- А. С. Пушкин болды.
Абай атамыздың ақындық мәдениетті жетілдіруде, ақынның өмірдегі орны мен көркем сөздің рөлі туралы ойлануында басқа да орыс жазушыларымен бірге Пушкиннің де ықпалы зор. Осының бәрі қазақ ақынының көзқарасымен, бүкіл сана-сезімімен қайнап бітісіп, екі ұлы ақынның қос жүрегі қатар соғып тұрғандай. Өмірді шынайы суреттеп, халқын шексіз сүйген, ұлттың ауыз әдебиетінен нәр алған, халық поэзиясын жақсы білген және мол пайдаланған ұлы орыс ақыны қазақ ақынына осы жағынан күшті әсер етті.
Орыстың ұлы ақыны А. С. Пушкиннің өмірі мен шығармашылығы әлемдік әдебиет тарихында, әсіресе, орыс әдебиеті тарихында ең көп әрі мол және толассыз зерттелумен келеді. Зерттеулерге зер сала оқып отырсам, А. С. Пушкин орыс әдебиетіне заман талабына сай тың ақындық ой-сезім әкелген, орыстың ұлттық көркем ой жүйесін керемет өнерпаздығымен, мүлдем басқаша қалыптастырған екен. А. С. Пушкин поэзиясының бұрынғы әдебиеттен ерекшелігін айқын танытатын қасиет -- ондағы азаматтық, революциялық идеялардың қуаттылығы.
А.С. Пушкин орыс халқымен тарихи жақын, тағдыры бір, туыстас барлық халықтардың өміріне үңіле қарады. Ресей халықтарының бәрінің тілек-мүддесін, арманын терең түсінді. Қазақ жерінде, Орынбор, Орал қалаларында болған кезінде қазақ халқына сүйіспеншілік сезіммен қарап, оның өміріне, әдет-ғұрпына, мәдениетіне зер салды. Ол Қозы Көрпеш-Баян сұлу лиро-эпостық дастанының мазмұнын жаздыртып алады.
Қазақтар туралы ақын өзінің Капитан қызы, Пугачев бүлігінің тарихы атты кітаптарында айтып өтеді. Міне, мұның өзі ұлы ақынның бір ғана өз ұлтының шеңберінде қалып қоймай, жалпыадамзаттық құндылықтар қорына қосылатын мәдениеттерді тани алатын ғаламдық парасат иесі екенін көрсетеді. Қазақстанның әлемдік мәдениет кеңістігіне кірігу үрдісінде ел келешегі жастар дәл осындай парасат иесі бола алса игі еді
Абай және Пушкин
Қос данышпан.
Даналығын ақындардың
Бүкіл әлем таныған.
Ізгілікке үйретіп,
Жанымызды оятып,
Сұлулықты сезімін,
Ақындыққа баулыған.
Ғасыр өтсін, жыл өтсін,
Ұмытылмас жырларың.
Асыл сөзін қос дананың
Мәңгі сақтар ұрпағын.

Издревле сладостный союз
Поэтов меж собой связует:
Они жрецы единых муз;
Единый пламень их волнует;
Друг другу чужды по судьбе,
Они родня по вдохновенью.

Екі елдің данышпан Абай мен Пушкин өмірі мен шығармашылығы қазіргі кезге дейін адамдарды қызықтырады. Дүниеде табиғатқа тарта туған аса дарынды адамдар бірін- бірі ешқашан естіп білмесе де, екеуі жұмыр жердің екі шетінде жүріп- ақ өзді - өзі орайлас ой кешіп, бірінің кемел ақылын бірі толықтырып жататыны ғажайып. Бірін - бірі көрмей, естімей жатып-ақ екеуі егіздің сыңарындай ғылыми жаңалық ашқан білімпаздарды білеміз.Рухы бай адамдардағы рухани үндестік баяғыдан болған.Қазақ сахарасында туып-өскен Әл- Фараби 12 ғасыр бұрын өмір сүрген грек ойшылы Аристотель еңбектерін арғы- бергі ғалымдардан әлдеқайда терең, жүйелі ашып, түсіндіріп бергені белгілі. Қазір де көзге көрінбей, сыртқа сездірмей әлдебір ғайыптың тірлігіндей ұлы кісілердің сыры мен сымбаты үзілмей жалғасып жатқаны кәміл.
Абай шығармашылығы - адамзат даналығының таусылмас қазынасы. Бұл қазынаны ақтарған сайын тың жаңалықтар көзін тауып, сөз өнері баяғы заманнан іркіліссіз жалғасқан қазақ елін әлемдік мәдениетке жеткізу жолындағы рухани бастаушыны танитынымыз анық. Оның даналығы мен парасаттылығы, озық идеялары - халқымызды дамыған елдер кеңістігіне апарар лайықты жолға жөн сілтейді.
Абай мен А.С.Пушкин шығармашылығының бүгінгі күнде қандай маңызы бар?Осыдан жүздеген жыл бұрын мүлде басқаша сипаттағы ортада өмір сүрегн ақындар мен дамыған өркениет ғасырындағы жастар үшін ортақ не болуы мүмкін? Неге екі ақынның қалдырған мұрасы бүгінгі күнге дейін өз маңызын жойған жоқ? Абай мен Пушкин шығармаларындағы үндестік қайдан туды? Меніңше, Абай да, Пушкин де өз шығармаларында жалпы адамзат үшін мәңгілік маңызын жоймайтын, соған асық болар құндылықтарын жазған.Олар: адамгершілік, сұлулық, парасаттылық, әділеттік. Адам баласы дүниеге келісімен, өмірдің ғажап құбылыстарының, дүниенің тылсым сырларының тереңіне бойлауға ұмтылады. Әрбір адам өзінің рухани дамуында жасыл табиғаттан, шексіз дүниеден әсер алады.Кеудесінде жаны бар, рухы жоғары адамдар дүниенің, елінің, жерінің өркендеуіне өзіндік үлесін қосады.Өз Отанына, жеріне жақсылық көрсете алған адамдар қандай бақытты десеңізші. Менің ойымша, қазақ пен орыс әдебиетінің төрінен орын алған мәңгі сөнбес қос жұлдыз- Абай мен Пушкин осындай бақытты жандар. Қай заманда болмасын ұлы ойшылдар, ғұламалар өздерінің туған жұртын ғана емес, ғаламдық ой- парасатты да құрметтеген. Сондай ғаламдық тұлғалардың қатарында қазақтың данышпан ақыны Абайды, орыстың ұлы жыршысы А.С.Пушкинді атауға болады деп ойлаймын.Ұлы ақындардың есімі екі ұлттың құдіреттілігін танытатындай..Сондықтан болар Ахмет Байтұрсынұлы Абайды Қазақтың бас ақыны десе, Аполлон Григорьев Пушкин- наше все деп, жоғары баға берген. Орыстың ұлы тұлғаларының бірі Н. В. Гоголь Пушкин -- мәңгі сөнбес, мүмкін, орыс жанының жалғыз ғана көрінісі. Ол -- орыс адамы. Оның ішкі дүниесінде орыс табиғаты, орыс жаны, орыс тілі, орыс сезімі, орыс мінезі бар, -- деп жоғары баға берген.Расында да, Абай мен А.С. Пушкин екі халықтың өнер әлемінде кейінгі ұрпақтың ұмтылып жетуді арман етіп келе жатқан биік шың тәрізді.Қос елдің бас жұлдыздарының аспан болып ашылған, бұлақ болып мөлдіреген, көл болып жалтыраған, теңіз болып толқыған, гүл болып өрілген, нұр болып төгілген өлеңдері жас жүректі терең ойға шомылдырады, өмірдің мәнін, оның қиындығы мен қуанышын түсіне білуге көмектеседі, сондықтан осы ұлы ақындардың өлеңдерінен нәр алу біз үшін үлкен өмір сабағы деп ойлаймын.Абайдың Пушкинмен үндестігі, оның жақын тартуы тегін емес еді. Ол қазақ әдебиетінде өз дәуірінде бір кезде Пушкин орыс әдебиетінде атқарған қызметті атқаруды, сондай жүкті көтеруді мақсат етті.
Пушкиннің поэзиясы Абайдың шығармашылығына қатты әсер етті, екі ақынның шығармашылығында қандай ортақтық бар деген мәселеге кері айналсақ, Пушкин поэзиясы қазақ әдебиетінің гүлденіп, өршуіне қуат жеткізетін демеу болды деуге болады. Абай еліктеген емес, бірақ оның поэзиясы Пушкин поэзиясымен табиғи туысқан болды.
Өмір, адам деген тақырып- Пушкиннің де, Абайдың да сүйетін, қызық тақырыбы. Екеуі де шын көңілмен жарқын өмір, бақытты, ерікті адам үшін күреседі.Пушкиннің шығармасында халықтың, еңбекші адамның тілегі көрініп тұрады. Олардың поэзиясында ерлік, туысқандық, намыс, еңбекке, білімге, Отанға деген сүйіспеншілік оттай жалындап тұрды.
Абай Пушкин сияқты неше түрлі қиындықтың ортасында өзінің мойымас ақындық дәрежесін таза сақтайды, таптық қоғамның адамның бұзылып бара жатқан кескінін мазақ қылып, көркем сөзімен олардың адамдық қасиетін жоғалтпауына шақырып, жарқын болашақ туралы ой салады, көңілде үміт туғызады.
Абай орыс мәдениетінің шыңына құлаш ұра, жалпы мәдениеттік, жалпы тарихтық маңызы бар бүкіл ұлттық қазына жасайды.Оның Пушкинді аударушы және ағартушылық қызметі, адамгершілік қасиеті жоғары адамның маңызы мен ұлылығы жайлы еңбектері- айрықша қазына.
Ұлы Абайдың мұрасы өте бай. Ол халық туралы ойлаған, болашаққа сенген.
Абай- данышпан ақын.Абай орыс классиктерінің өлеңдерін қазақ тіліне аударып, халқының игілігіне айналдырды.Абай - ұлттық әдебиетте, оның ішінде қазақ поэзиясында көркем аударманы тұңғыш енгізген екеудің бірі. Ақынның әдеби мұрасы ішінде аударма үлгілерінің де өзіндік орны мен салмағы бар.Сан тілмен келтірсек: аудармаға арналған өмірінің 15 жылында Абай үлкен- кішілі 50-ден астам шығарманы орыс тілінен қазақшаға аударыпты. Ол А.С.Пушкиннің Евгений Онегин атты әйгілі шығармасынан 7 үзінді, М.Ю.Лермонтовтан 30-ға таяу өлең, И.А.Крыловтан 12 мысал және басқа да авторлардан 7 өлең шамасында аударған.Орыстың атақты жазушы, ақындарын аударуда Абай тек қана қазақ емес, бүкіл шығыс елінде елеулі орын алады. Шығыс елінде, 1889 жылға дейін Пушкиннің Онегині тек Азербайжанда ғана аударылған.Содан кейін аударған қазақ - Абай. Абай туралы Л.Соболев былай деді: Абай поэзиясы қазақ халқын Пушкинмен таныстырады. Пушкин арқылы бүкіл орыс әдебиетімен таныстырады.Г.Бельгер айтқан: Есть имена,которые олицетворяют целую страну, целый народ.При слове Италия в нашем сознании мгновенно вспыхивает Данте. При слове Англия- Шекспир. Со словом Германия неразрывно связано имя Гете, как с Россией- Пушкин. Все истинно казахское вмещается в звучное-Абай.Это как символ.Знамя народа на разноплеменной планете.
Өзінің ақын болып қалыптасуын Абай ұлылығы әлемдік деңгейде бағаланған А.С. Пушкинмен байланыстырады. Орыс ақыны А. С. Пушкинге жақындауы, екі алыптың іштей ұғынысуы, бірін-бірі тамыршыдай тап басып танып алуында үлкен сыр жатыр.
ІІ. Абай мен Пушкин поэзиясындағы үндестік:
1.А. С. Пушкиннің Евгений Онегин романы.
Абай мен Пушкин үндестігі туралы айтсақ, ең алдымен,біздің ойымызға атақты Евгений Онегин романы оралады. Евгений Онегин романында Пушкин орыс халқының сол замандағы халық тағдыры мен екі жастың арасындағы шынайы махаббатты асқан сезімталдықпен суреттеген.Кейіннен Пушкиннің Евгений Онегині Абай көңіліне ерекше орын қалдырды. Орыс халқының мәдениетін қасиеттеген, ұлы Пушкинді құрмет тұтқан Абай оның әдебиеттегі асыл мұраларының бірі - Евгений Онегинді қасиеттеп, артықша сүйіспеншілікпен аударды. А.С. Пушкин шығармаларынан Евгений Онегинді таңдап алып, романнан аудармалар жасауы Абайдың ұлылығы мен кемеңгерлігін танытады. Абай Онегиннің сипаты, Татьянаның Онегинге жазған хаты,
Татьянаның сөзі, Онегиннің сипаты, Онегиннің ойы, Онегиннің хаты, Ленскийдің сөзі үзінділерін аударған. Сөздің сиқырын, сырын, ырғағын, құрылысы мен кестесін сезіп тұщына білген Абай мен Пушкин "Евгений Онегин" романында шүйіркелесіп табысқаны белгілі. Екі алып ақынның ішкі сезім үндестігі мен шығармашылық байланысы кісі таңғаларлық.. Мұны Мұхтар Әуезов өзінің өмірінің соңына таман жазған "Қазақ халқының ұлы ақыны'' атты мақаласында "Абайдың Пушкинге көзқарасында бүтіндей бір өзгешелік бар", - деп аса байқағыштық танытады.
Онегин мен Татьяна бейнесінен қазақ ақыны екі жанның арасындағы сыйластықты, махаббатты, бірақ тіршілік толқынының себептерімен қосыла алмай, опық жеген жастар бейнесін таныды.
А. С. Пушкиннің Письмо Татьяны к Онегину өлеңіндегі:
Я к Вам пишу -- чего же боле?
Что я могу еще сказать?
Теперь, я знаю, в вашей воле
Меня презреньем наказать.
Но вы, к моей несчастной доле
хоть каплю жалости храня,
Вы не оставите меня.
Сначала я молчать хотела
поверьте: моего стыда
Вы не узнали б никогда,
Когда б надежду я имела
Хоть редко, хоть в неделю раз,
В деревне нашей видеть вас, -- деген жолдарды аудару арқылы қазақ жағдайындағы соған ұқсас тағдырлар мұңын жоқтады. Татьяна сөзі қазақ даласына ән боп тарады.
Амал жоқ-қайттім білдірмей,
Япырмау, қайтіп айтамын?
Қоймады дертің күйдірмей,
Не салсаң да тартамын.
Талайсыз, бақсыз мен сорлы,
Еріксіз аттап ұяттан,
Қорлыққа көндім бұл құрлы,
Байқалар халім бұл хаттан.,- депАбай А.С. Пушкин өлеңдерін сөзбе- сөз жеткізбесе де, оның ішкі мағынасын, қыз жүрегінің нәзік сезімін қазақ танымына жақын етіп жеткізді.
Бұл өлең жолдарында Татьянаның еріксіз ғашық болып, сүйгеніне ғашықтық сөзін айта алмай, жанының күйзелгені бейнеленген.
А.С.Пушкин шығармаларын қазақшаға аударып, шешен сайратып жіберген Абай ақынның құдіреті-ай!
Абай заманында қазақ арасында аударма өнері мүлде дерлік дамымаған болатын. Абайдың өлеңдері А. С. Пушкиннің өлеңдерімен үндесіп, қара сөздері тұңғиықтан шыққан терең оймен, тапқырлықпен айтылып, жан әсерлі сезімнен тұрады.
Пушкин Абай арқылы қазақтың жүрегіне жол тапты. Міне, содан бері бір ғасырдан астам уақыт өтті, қаншама ұрпақ ауысты. Алайда құдіретті талант иелерінің нұрдан жаралғандай мөлдір жырлары әлі де жанымызды әлдилеп келеді.
Пушкин мен Абай өз жырларының қасиеттілігі мен адамзаттың шын асылға деген ерекше мейірімінің арқасында биіктеп кетті. Пушкин мен Абай- ХХІ ғасырда да оқырмандарын адамгершілік биікке жетелеп, дара тұрады.
Пушкин орыстың әдеби тілін жасаушы ұлы ақын болса, оған, оның шығармаларына Абайдың қараңғы түнде саяхат шегуі аса зор тарихи маңызы бар игілікті іс болды.Пушкиннің оянған орыс рухын, орыс өмірін толық көрсеткен ең басты шығармасы өлеңмен жазылған Евгений Онегин романы болса, өз халқының кім екенін, қандай халде, қандай дәрежеде екенін түсінген Абай Пушкиннің осы тамаша шығармасының үлгілерін қазақ тіліне тегін аударған жоқ деп жазушы Жайық Бектұров үлкен баға берген.
М.Әуезов Евгений Онегинді Абайдың зор шеберлікпен аударуын, яғни қазақ ақынының Пушкинге келу жолын рухани өмірдегі тамаша құбылыс ретінде таниды да: Онегин, Татьяна хаттары Абайдың Пушкин желісімен өзі шығарған сөздері болды,-деп жазады.
А.С.Пушкин. Онегиннің мінездемесі
Как рано мог лицемерить,
Таить надежду, ревновать,
Разуверять, заставить, верить,
Казаться мрачным, изнывать.
Являться гордым и послушным!
Как томно был он молчалив
Как пламенно красноречив!
В сердечных письмах как небрежен!
Осы өлең Абай аудармасында.
Жасынан түсін билеп, сыр бермеген,
Дәмеленсе, күндесе білдірмеген.
Нанасың не айтса да, амалың жоқ,
Түсінде бір кәдік жол алады деген.
Кейде паң, кейде көнгіш орныменен,
Кейде елеусіз, кейде ынтық формыменен.
Кейде үндемей жүрсе де, сөзге баяу,
От жалындай жауапкер құрбыменен.
Абай аудармалары екі түрлі болып келеді: дәл және ерікті аударма.Абайдың жасаған аудармаларының дәл не еркін болуы әр түрлі тарихи жағдайлардың жемісі. Мәтінді дәл аударудан дұрыс мағына шықпаған, не мәтіннің жай мағынасын бергенімен, ойындағыдай көркемдікке қол жеткізілмеген жерлерде Абай түпнұсқа мәтінінен алыстап барып, оның идеялық- көркемдік мағынасын дәл беруге тырысады. Өз заманындағы көпшілік оқырманға аударманы түсінікті ету үшін мұндай азды- көпті қосып алуларға Абай саналы түрде барған сияқты. Бірақ ол еш уақытта да Пушкиннің негізгі сарынын, рухын мүлде өзгертіп көрген емес.Егер ара- тұра ақын Пушкиннің түпнұсқасынан алшақтау кетсе де, оны Абайдың қазақ оқырмандарының қамын жеуінен туған заңды көрініс деп білу керек.Пушкинді дәл аударушылар бола берер, бірақ оның романының ішіндегі үлкен ой, сирек сезімдерді Абайша жеткізіп, көріктеп беру көп табыла бермес. "Евгений Онегин" - Абай мен Пушкинді табыстырған толағай шығарма.Ғабит Мүсірепов бұл шығарманы хатпен жазылған поэма деген.Абай аударған Евгений Онегиннің үзінділері қазақ халқына тамаша ұнап, кейін қазақ даласының ең сүйікті өлеңі болып кетті.Татьяна мен Онегиннің сүйіспеншілік хаттарына мелодиялар шығарып, оларды ақындардың репертуарына енгізген, сөйтіп бұл есімдердің ел арасында кеңінен белгілі болғаны соншалық- дала жастарының сүйіспеншілік хаттары соладың сөздерінен басталып отырған.Абайдың аудармасы арқылы орыс халқының ұлы ақынымен жақындығын сезе бастады, өйткені Пушкин жалғыз орыс халқы ғана емес, басқа халықтардың да өмірін, тұрмысын жеке зерттеп, олардың ұлттық ерекшеліктерін өзінің мәңгілік образдарымен көрсеткен.Ұлы ақынның туындысындағы үлкен идеяны, көздің сұғын алатын сұлулықты қазақ оқырмандарының ой сезіміне жеткізе аудара білген ғой Абай. Онегин мен Татьянаның хаттары Пушкиннің әсерімен жазылған, бүкіл халықтық әдебиетті жаңа арнаға бұрған туынды болуы тектен тек емес. Сондықтан да Пушкиннің шығармалары қазақ әдебиетінде ерекше орынға ие болатын құнды да ғұлама туынды болып табылады.
2.Абай мен Пушкин шығармаларындағы махаббат лирикасы.
Әр түрлі тарихи - географиялық ортада өмір сүрсе де, Абай мен А.С.Пушкин ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шериаздан елеукеновтің «абай жолы» романына қосқан ой - пікірі
Абайдың романы
Абайдың көркем аудармалары
Абай және аударма өнеріндегі рухани үрдіс
Орыс әдеби тілінің негізін салу Пушкиннің үлесіне тиді
Орыс және батыс классиктерінің шығармалары Ілияс аудармасында
Абай аудармаларының мәні, аударма өлеңдерінің біріне талдау жұмыстарын жасау
Абайтану — қазақ әдебиеттану ғылымының саласы
Ұлылардың ұлысы - Абай ақын
Абай шығармашылығы
Пәндер