Қазақ халқының салт - дәстүрлерінің ерекшеліктері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

СҒЖ

Тақырыбы: Мәдени іс шараларды ұйымдастыруда қазақтың ұлттық дәстүрінің маңызы мен рөлі

Шымкент 2024

Мазмұны
Кіріспе
Негізгі бөлім
Ұлттық мәдениеттің негізі - сал - дәстүр
Қазақ халқының салт - дәстүрлерінің ерекшеліктері
Қазақтардың қонақжайлылық қасиеті және өзара көмек жөніндегі әдет-ғұрыптары
Әдептілік пен сыпайылық әдет-ғұрпы
Жасы үлкендерге құрмет көрсету
Тамырлық әдет-ғұрпы
Қоныс таңдау әдет-ғұрпы
Отбасы және неке саласындағы әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер
Бата беру
Бала тәрбиесі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Кіріспе:
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлері
Көптеген ғасырлардың барысында қазақтардың өзіндік бірегей әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері қалыптасты. XVIII ғасыр мен XX ғасырдың бас кезінде оның бірқатарын Ресей әкімшілігінің өкілдері, орыс және шетел ғалымдары, саяхатшылар айқын байқап, жазып қалдырды. Қазақтардың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері үй ішіндегі отбасылық және адамдардың өзге де топтары арасындагы өзара қарым-қатынастарды қалыптастыруда үлкен рөл атқарды.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Негізгі бөлім:
Ұлттық мәдениеттің негізі - салт-дәстүр
Қазақ халқы ежелден салт-дәстүрге ерекше қарап, әрбірін керек жерінде орындап, сақтап отырған. Салт-дәстүр тәрбиенің бастамасы десекте артық болмайды
Әр халық өзінің тілімен, дінімен, атауымен және де салт-дәстүрімен ерекшеленеді. Бүгінгі менің қозғайтын тақырыбым салт-дәстүр болмақ. Қазақ халқы ежелден салт-дәстүрлерін заңда жазылған ережедей сақтаған. Әр қадамында жасалу керек ырым-жоралғыларын өз ретімен орындап отырған.

Салт-дәстүр ұлттық тәрбиенің ұлы тіні десем де болады. Тұңғыш президентіміз Н.Ә.Назарбаев та өзінің жолдауында Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты - сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Жаңғыру атаулы тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс, керісінше дәстүрлерді табысты жаңғыртудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу тиіс! деп жазады. Дәстүрмен өзге ұлт басқаны тани алады. Ол ұлтқа рух беріп, оның ішкі-сыртқы келбетін өрнектеп көрсетіп тұратын сипаттардың бірі. Салт-дәстүріміз ғасырлар бойы қалыптасып қалған құндылығы, әлеуметтік - мәдени мұрасы болып табылады.

Айтқандай, салт-дәстүр арқылы ұрпақ тәлім-тәрбие алып отырған. Оны қазіргі таңда да үйінде әжесі бар немесе әжелерінің тәрбиесін көрген салиқалы отбасылардан көре аламыз. Қарапайым күнде әкеміздің Қой! дегені, анамыздың Қыз бала емессің бе деген сөздері де терең мағынамен айтылады. Оны тыңдай білетін құлақ болса, әрбір сөз тәрбиеге келіп тиеді. Үлкендер бүгін мұны бізге үйретіп жатса, болашақта оны келер ұрпаққа насихаттау - біздің мойнымызда! Дәстүріміз болса, халық оң болады, дәстүр бұзылса, қоғамның тарихи даму сабақтастығы да бұзылады! Сондықтан да салт-дәстүрлерімізді құрметтеп, есте сақтап, дұрыс жеткізе білу әрбір адамның қолында!

Қазақ халқының салт- дәстүрлерінің ерекшеліктері

Қазақ халқы- салт- дәстүрлерге бай ел. Біздің халқымыз өз ұрпақтарына ғасырдан ғасырға ұлт қасиетін салт- дәстүрмен, өнегені әдет-ғұрыппен, үлгіні жөн-жосықпен, әдепті ырым, тыйыммен тәрбиелеп, ұлағатты ұл, инабатты қыз өсірген.
Салт- дәстүр - әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс- тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптардың жиынтығы, қауым мен қоғамда қалыптасқан мінез- құлықтың үлгілері. Салт-дәстүрдің ел арасындағы тәлімдік, тәрбиелік, халықтық мәні зор. Халықтың атадан балаға көшіп, дамып отыратын тарихи-әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық, кәсіптік, салт-сана, мінез-құлық, тәлім-тәрбие және рухани іс-әрекетінің көрінісі дәстүр арқылы танылады. Салт-дәстүр байлығы-мәдениеттің байлығы.
Қазақ халқының салт-дәстүрлері Қазақстанның барлық өңірлерінде бірдей емес. Кейбір аймақтарда олардың өзіндік ерекшеліктері бар. Бұл жағдай түрлі себептерге байланысты қалыптасқан. Енді соларға толығырақ тоқталсақ.
Бас тарту -кәде, жиын-той, аста, қонақ күткенде сойылған малдың басын қадірлі адамға сыбағалы, кәделі, сыйлы мүше ретінде тарту. Бас мүшесін дүниенің, жаратылыстың, әлемнің бастаушы күші деген ежелгі наным-сенімге байланысты оны жасы үлкен, сыйлы қонаққа немесе мәртебесі жоғары адамға Бас тарту байырғы ортада ежелден орныққан. Үйтілген қойдың басын піскен соң маңдайынан айқастыра тіліп, табаққа салып әкеліп тарту ырыымы қазақ арасында біркелкі атқарылады. Шығыс Қазақстандамұны бастың жолын ашу деп атайды. Онысы тігінен түскен біздің жол, көлденең түскен сіздің жол дегенді ырымдағаны. Бұл қонаққа жасаған құрметтің белгісі болып табылады. Қазақ арасында қой басының құйқасын тілуді қасқалдақтау деп те атайды. Айқас тілу немесе қасқалдақтау (қас таңбасы) ұқыптылықты қажет етеді. Яғни қасқалдақтағанда бас сүйегі құйқа арасынан ырсиып көрінбеуі тиіс. Бас тартудың аймақтық ерекшеліктері қалыптасқан. Сырдың төменгі ағысы бойындағы Қазалы өңірінде, Арал бойында қазақтар қонаққа бас тартқанда оң жақ құлағын кесіп алып, оны үйдің кішкене баласына береді де, қонаққа оң құлақсыз тартады. Бұл ырысым, несібем өз үйімде, өз босағамда қалсын дегенді ырфымдағаны. Бұл жоралғы көршілес қарақалпақтарда да дәл солай атқарылады және этномәдени байланыс барысында олардың Қазалы өңіріне ықпалы болғанға ұқсайды. Оң құлақтың орнын жілік толтырады. Солтүстік, Орталық және Оңтүстік, Батыс қазақтарында қандай малдың басы болса да, тісі қағылмаған бас тарту арам деп саналады. Ал Жетісу, Шығыс қазақтары мал басының тісін қақпай, арасын шимен мұқият тазалам жуып асады. Осы өленің қазақтар бас тартылған қонақ тісіне қарап, жас мал сойылды ма, кәрі мал сойылды ма, соны аңғартады деп түсіндіреді және малдың тісін қағу, жалпы сүйек шағу мал басын кемітеді деп санайды.
Батыс Қазақстанның халқы 22-Наурыз, ұлыстың Ұлы күнін басқа қңірлерге қарағанда, өзгеше тойлайды. Еліміздің батыс өңірлерінде бұл мереке ертерек басталады. Осы мерекеге орай 14-наурыздан бастап көрісу дәстүрі басталады. Көрісу - Батыс Қазақстан аймағында ғана сақталған ежелгі дәстүр. Жаңа жылды Байбақты Қазыбек күнтізбесі бойынша қарсы алатын аймақ тұрғындары 14 наурызды Көрісу(яғни қауышу) күші деп те атайды. Қыс ызғары кетіп, көктемнің шуағымен бірге келетін бұл дәстүрдің адамзат үшін маңызы зор екендігіне дау жоқ. Бұл күні ауыл балалары мен жастары үй-үйді аралап, жасы үлкендерге барып қол алысып көріседі, тәтті тағамнан дәм татады, қарттардың батасын алады. Осы күні көшеде, мектепте, қай жерде болсын кездескен ауыл тұрғындары бір-біріне қос қолын ұсынып көріседі. Бір жасқа шығуыңмен!, Бір жасқа есеюіңмен), Жасың құтты болсын!, Жасыңа жас қосылып, ғұмырың ұзақ болғай!, Осы жылға аман-есен жетуіңмен! деп құттықтап жатады. Әр үй 14-наурызда бар дәмдісін шығарып, жеті шелпегін пісіріп, дастарқан жайып отырады. Наурыздық жасап, ата-баба рухына дұға бағыштайды. 14-наурыздан бастап көрісу салты еліміздің батыс аймақтарында. Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында жақсы сақталған. Жасы кішілер үлкендерге барып көріседі, көрші- қолаң, ағайын-туыс бір-біріне құшақ жайып, мерекемен құттықтайды. Бұл күнді Көрісу күні, Амал күні, Жаңа жыл деп те, Наурыз деп те атай береді. Көрісу салты бір күннің аясымен шектеліп қалмай, жыл бойы жалғаса береді. Әлдеқандай себептермен 14-наурыз күні сырт жақта жүріп, көрісе алмаған адам ауылға жолы түскен бойда ақсақалдарға, әжелерге, ағалар мен апаларға, құда-жекжатқа барып кқріседі. Қалай десек те, көрісу имандылыққа, жақсылыққа үндейді.
Сәлем салу. Сәлем - сөздің анасы, сөз- сарасы. Қазақ халқының ұғымы бойынша сәлем беру - тәрбиелік пен адамгершілік белгісі. Ауылдан алты жасар бала келсе, алыстағы шал келіп сәлем береді дегендей сәлем беру қалыптасқандай ұлттық дәстүріміз. Келіннің жанұядағы қызметі мен әдептілігінің белгісі, ата-енесіне, қайын жұртына деген құрметі мен сәлемі. Беташар кезінен бастап сәлем салу басталады. Сәлемді ата-баба салтымен иіліп немесе тізесін бүгіп салады. Ал сәлемге ие болған адам: - Бақытты бол, балам!- деп ықыласын білдіреді немесе қарт аталар мен аналар жас келіннің маңдайынан иіскеп, бақыт пен берекет тілейді. Жас келін бір үйдің берекесін кіргізетін болашақ ана болғандықтан, ата-ене үйлі-жайлы болып, бала-шағалы болуларына үлестерін қосады. Жақсы келін - қызыңдай, жақсы күйеу - ұлыңдай деп қазақ даналары бекер айтпаған. Бұл дәстүрдегі аймақтық айырмашылық, солтүстік және орталық өңірлерде Беташарда ғана сәлем салады, бірақ сәлем салу келін болып түскеннен кейін өз жалғасын таппайды. Ата- енесімен амандасқанда, кәдімгі өз әке - шешеңмен амандасқандай беттерінен сүйіп, құшағына алады. Ал оңтүстік және батыс аймақтарда мүлдем басқаша, бұл аймақта сәлем салу келіннің отбасыдағы басты міндеті десек те болады.Келін тек ата-енесіне сәлем салып қоймайды, ағайын-туысқандарға да сәлем салады.
Қол ұшын беру (дәстүр). Бітер істің басына, мжақсы келер қасына дегендей жұмыс істеп жатқан жерге келген әр адам қанша асығыс болса сәл аялдап, қол ұшын беруге тиіс. Мысалы, үй салып жатқан жерде, ағаш, кесек әперу, егін жинап жатқан жерде екі-үш күрек дән тасып әкелу тағы сол сияқты көпшілік жұмылған іске өз үлесін қосу азаматтық борыш, міндет болып саналады. Егер мұндайда кейбіреу еңкеймей тұрса, онда оған еңкей, ұол ұшын бер, балаңның белі бүкір болады деген әзіл-шыны аралас ескерту жасайды. Осындай көп жұмылған жерде бос тұру тәрбиесіздік болып саналады.
Сандық ашу. Слңғы кездері Қызылорда облысының Арал, Қазалы аудандарында ер адамдар, ақсақалдар қайтыс болғанда сандық ашатын салт пайда болды. Сандық ашу деген қазақ ғұрпында жоқ, себебі сандықтың кілтін әйел баласы ұстайды, еркек адам ұстамайды. Бұл бастапқыда бір адам өзінің байлығын көрсеткісі келіп, атағын шығарғысы келді ме, содан басталған болу керек. Енді бір-бірінен қалмай қолданғандықтан таралып кетті, жасы үлкен ақсақал қайтыс болса, шапан тартылады. Киім алған адам қабыл болсын, тие берсін дегенді айтады. Бұл әбден халықтың қанына сіңіп кеткен салт.
Қалың мал. Бұл - қазақ болғалы бұзылмаған дәстүр. Құда түсу рәсімі келісілген соң дала заңы бойынша күйеу жағы қалың мал тқлеуге тиіс. Аты айтып тұрғандай, қалыңмалдың құны ертеде малмен есептелген. Ал қазір заманға сай ақшалай есептелетін болды. Бұрындары тұрмысы төмен жандар арасындағы қалыңмал мөлшері 5-6 малмен шектелсе, дәулеттілер арасында 200-1000 жылқы болып белгіленген. Ертеден келе жатқан дәстүр бүгінде кей жерлерде сақталған. Ал солтүстік жерлерде бұл дәстүрді ұстанбайды. Бұл болашақ жарыңды сатып алумен тең деген түсінік қалыптастырғандар дабар. Керісінше оңтүстік өңірлерде заманға сай түрленіп келеді. Мұнымен соолтүстіктегілер қазақтың салт-дәстүрін ұмытқан деуге болмас. Олар құда түсу, сырға салу, келіннің бетін ашу, қыздың жасауын әзірлеу сияқты дәстүрлерді жасауды естен шығарған емес. Құда түсіп барған екі жақта да қоржын жүреді. Сондай-ақ ананың ақ сүті деп берілетін сый-сияпат тағы бар. Солтүстіктегілер қалыңмал беруді баласын саудаланғанмен тең деп түсінеді. Ал оңтүстік аймақ халықтың аталған дәстүрге көзқарасы мүлдем бөлек. Ұзатылып жатқан қыздың қалыңмалы қанша теңге болғаны тойшыл қауымды қызықтырмай қоймайды.
Салт-дәстүр мен әдет-ғұрып сан ғасырлар бойы қалыптасқан әрбір тарихи дәуір бойына толықтырылған, заманауи талаптар мен шарттардың қажеттіліктері мен сұраныстарына орай, үстемеленген күрделі түбірлестік құрылым. Бұл жерде дөп басып айту өте қиын, аңыздардың бізге келіп жеткендерінің қайсысы ертеден, қандай діннің ұғымынан пайда болды, қандай сенімнің әсеріне ұшырады деген мәселенің төңірегінде қарама-қайшы, әртүрлі пікірлер бар деген Ш.Уәлихановтың тұжырымы осы салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптың эволюциялық қалыптасу құрылымын анықтауға да қатысты соншалықты күрделі мәселе болып табылады [4,560.6.].

Қазақ халқының өз ұлтының мәдени-этникалық, тарихи жетістіктерімен шектеліп қалмай, басқаны да үйрену қажеттілігн ескеруі ұлттық тәрбиенің өркениеттілік жолдағы қадамдары болып саналады. Салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыпты жалпы халықтық дүниетаным тұрғысынан байыптап, концептуалды түсініктеме бере келіп, қалыптасуы мен дамуын эволюциялық хронологиялық бірізділік бойынша болмағанымен, құрылымдық-
Салт-дәстүрдің күрделі жақтарын қарастыра келе оның көпмәнділігін және күнделікті қажеттілігін атай келе мынадай топтауға болады:

-руханилықтың адам өміріне қажетті фактор екенін ескере отырып әртүрлі психологиялық талаптармен тәжрибелік нәтежеге қол жеткізуді айта аламыз
- өмірдің маңыздылығын ескере отырып халықтың талғамы эстетикалық руханияттық ләззат алу адамның ішкі әлемін кеңейту, қарапайымдылықтан күрделенген әсемдіктің идеалын іздеу

- қоғамдағы тәртіп әлеуметтік қатынастар, адамдар арасындағы қарым-қатынастың реттеушілік құралы болып табылады, бұл халықтың моральдық құндылығын ескере отырып қалыптасатын тәртіп не конституция.

адамның қоршаған ортаға, әлемге, дүниеге деген кеңпейілділік, барына қанағат танытушылық, өзі ғана емес елдің қамын ойлай отырып бірігу не синкретизм ұғымын айта алар едік.

- ұлтжандылық не отансүйгіштік осы сөздің астарында көп мағына жатыр, еліне деген махаббат, сүйіспеншілік дала адамының кеңістіктегі көзқарасы, табиғатты пір тұтуы барлығы да адамға, жеріне, еліне деген аса бір құрметті білдіріп тұрғандай.

- қазақ дүниетанымының ұлттық дәстүрлі онтологиясына келсек тарихи руханиятқа бай тұтас этностың философиялық көзқарасын атамыз. Көшпелі мәдениеттің ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан сабақтастығы бүгінгі жаңарған мәдениетке де өз септігін тигізіп отыр. Қазақ руханиятының тамыры тереңнен орын алғандықтан өміршеңдігіде белгілі бір шексіздікке ұласады.

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Қазақтардың қонақжайлылық қасиеті және өзара көмек жөніндегі әдет-ғұрыптары

Киіз үйдің ішінде
Қазақтарға дәстүрлі қонақжайлылық қасиет ежелден тән. Олардың бұл қасиеті көптеген ғасырлар барысында қалыптасқан. Бұл жөнінде XIX ғасырдың аяқ кезінде Ресей зерттеушісі Виктор фон Герн былай деп жазған болатын: Жалпы алғанда, қазақтар осы уақытқа дейін жылы жүзділігімен, қайырымды ақкөңілділігімен және қонақжайяылық қасиетімен таңғалдырады. Мұның өзі олардың сүйегіне ежелден сіңіп кеткен керемет асыл қасиет.
Үйге келген қонақ оларда әрқашан үй иесінің қамқорлығы мен қорғауында болады. XIX ғасырда Қазақстанда болып, оны зерттеген неміс зерттеушілерінің бірі Ф. фон Хелльвальд та былай деп жазды: Қырғыз-қайсақтар барынша қонақжай мейірімді болып келеді. Олардың киіз үйіне кіріп жайғасқан кез келген жатжерлік адамның өзімді біреулер тонап немесе өлтіріп кетеді-ау деп қауіптенбей, алаңсыз уйықтай беруіне әбден болады.
Қазақтарда үйіне келген кез келген адамға міндетті түрде тегін қонақасы беру, оған жайлы төсек-орын салып, қондырып жіберу әдет-ғұрпы ежелден орын алды. Егер үй иесі қонаққа ондай құрмет көрсетудің дәстүрлі әдет-ғұрпынан бас тартса, әлгі бейтаныс жолаушы үй иесінің үстінен биге барып, шағым айтуға құқықты болған. Ал би қонақжайлылық әдет-ғұрыпты бұзған үй иесіне ат-тон айып салатын. Әдетте мұндай келеңсіз оқиға қазақ арасында өте сирек ұшырасқан.
Қазақтарда ежелден келе жатқан әдет-ғұрыптың бірі - дәм ауыз тию. Үйге бас сұққан кез келген адамды дәмнен ауыз тигізбейінше жібермейтін -- Қуыс үйден құр шығармайтын.
Қазақтардың және бір жақсы әдет-ғұрпы - ерулік беру. Басқа жақтан жаңадан көшіп келгендерді оның туған-туыстары немесе көршілері арнайы дастарқанға шақырып, ерулік тамақ беретін болған. Бұл арқылы көшіп келген туыстарына немесе көршілеріне деген ыстық ықыласы мен ізгі ниетін білдірген. Ал көшіп келгендер жаңа қонысқа тез үйреніп, оңдағы адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатуға ықыласты болатын. Далалық көшпелілердегі кеңінен таралған әдет-ғұрыптардың бірі - қалау. Үйге келген қонақтың сол үйдегі өзіне ұнаған заттың кез келгенін қаладым деп айтуына болады, ал үй иесі ол затты міндетті түрде беруі тиіс. Мұның өзі де адамдар арасындағы достық қарым-қатынастың негізін қалайтын. Анасы аман-есен босанып, дүниеге жас нәресте келген соң тап осы әдет-ғұрып бойынша кіндік шешенің де өз қалауын айтып, ұнаған нәрсесін алуына болатын.
Қымызмұрындық - қымыз ашыту маусымының басталуына байланысты әдет-ғұрып. Ауыл адамдары бірін-бірі шақырысып, қымыз ішер алдында арнайы дастарқаннан тамақ жеседі. Қымызмұрындыққа шақырған үй иелеріне ауыл ақсақалдары ақ батасын береді. Қазақтарда жылу жинау әдет-ғұрпы да бар болатын. Оның мәні кездейсоқ жағдайда үйі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Болашақ мұғалімдерді халық педагогикасының элементтерін мектептің оқу-тәрбие үдерісінде пайдалануға даярлаудың педагогикалық негіздері
Қазақ салт-дәстүрлері арқылы оқушыларды имандылыққа тәрбиелеу
Оқушыларды имандылыққа қазақ салт-дәстүрлері арқылы тәрбиелеудің теориялық негіздері
Қазақ салт-дәстүрлері арқылы оқушыларды имандылыққа тәрбиелеу. Оқушыларға имандылық тәрбиесін беру педагогикалық проблема
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІНІҢ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІНІҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ
Салт - дәстүр ұлттық тәрбие
Қазақ халық педагогикасының дәстүрлері туралы түсінік
Ана тілі сабақтарында кіші мектеп жасындағы оқушылардың қазіргі тәрбиесіндегі қазақ халық педагогикасының озық дәстүрлерін қолдану
Қазақ салт-дәстүрлері
Қазақ мектептерінде халық педагогикасы дәстүрлерін пайдалануды ұйымдастыру шарттары
Пәндер