Әулиетас тауы туралы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Реферат

Тақырыбы: Табиғи ландшафт - Әулиетас тауы

Орындаған: __________________
Қабылдаған: __________________
Группа: __________________

Шымкент 2024

Мазмұны:
Кіріспе
Ландшафт туралы жалпы түсінік
Географиялық ландшафт
Ландшафттық карталардың түрлері, картографиялаудың негізгі бірліктері мен далалық түсірілімнің ерекшеліктері
Әулиетас тауы туралы
Әулиетас тауы орналасуы, тарихы
Қолданылған әдебиеттер.
Ландшафт туралы жалпы түсінік
Ландшафт (нем. land -- жер, schaft -- өзара байланысты білдіретін жұрнақ) терминін орыс ғалымы Л.С. Берг енгізген. Географиялық ландшафтқа тән негізгі көрсеткіштер қатарына аумақтың біркелкі сипаты, құраушыларының біртекті ұштасуы, құрылымының кешенді сипаты мен біртұтастығы, тұрақтылығы, зат және энергия алмасуының біртектестігі жатады. Географиялық ландшафт терминінің "тарихи қалыптасып, біртұтастығын сақтай отырып, ұдайы дамитын табиғат кешені" немесе "табиғи геожүйе" деген де анықтамасы бар. Ландшафтар типке, тип тармағына және түрге жіктеледі. Ландшафтарды жіктеуде жылу және ылғалмен қамтамасыз етілу жағдайлары, геоботан. белгілері ескеріледі. Жер шарындағы барлық ландшафтардың жиынтығын ландшафтық сфера деп атайды. Ландшафтық түсірімдер нәтижесінде әр түрлі масштабтағы ландшафтық карталар жасалынады. Қазіргі кезде Географиялық ландшафттардың математикалық моделі жасалынып, олар жайлы мәліметтер компьютерлік өңдеуден өткізіледі. Адам әрекетінен өзгерген ландшафт антропогендік (жасанды) ландшафт деп аталады.
Географиялық ландшафт - геожүйе түрлерінің бірі. Барлық негізгі құрамбөліктері: бедер, климат, су, топырақ, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі өзара күрделі әрекетте және өзара шарттылықта болып, біртұтас үздіксіз жүйе құрайтын табиғи географиялық кешен. Ландшафттануда географиялық ландшафтының бірнеше топтық анықтамалары қалыптасты. Қоғамдық іс-әрекетте географиялық ландшафтының жүйенің ресурс өндіруші, орта құрушы және генетикалық қорды сақтаушы жүйе ретінде және табиғи ресурстарды жайғасты пайдалану мен қоршаған ортаны қорғаудың ең басты нысандарының бірі ретінде көрінеді.

Географиялық ландшафт - құрамындағы табиғат құраушы (жер бедері, климат, су, топырақтың, өсімдік бірлестігі мен жануарлары) мен морфологиялық бөліктері (фация, қоныс, жергілікті жер) өзара үйлескен, өзіндік құрылымы бар, географиялық қабықтардың салыстырмалы түрдегі біртектес бөлігі. Ландшафт (нем. Land - жер; schaft - өзара байланысты білдіретін жұрнақ) терминін орыс ғалымы Л. С. Берг енгізген.
Географиялық ландшафқа тән негізгі көрсеткіштер қатарына аумақтардың біртекті сипаты, құрастырушылардың кешенді сипаты мен біртұтастығы, тұрақтылығы, зат және энергия алмасуының біртектілігі жатады.
Географиялық ландшафт терминінің тарихи қалыптасуы, біртұтастығын сақтай отырып, ұдайы дамитын табиғат кешені немесе табиғи геожүйе деген анықтамасы бар. Ландшафттар типке, тип тармағына және түрге жіктелінеді. Ландшафттарды жіктеуде шығу және ылғалмен қамтамасыз етілу жағдайлары, геоботоникалық белгілері ескеріледі. Жер шарындағы барлық ландшафттардың жиынтығы сфера деп аталады. Ландшафтық түйірімдер нәтижесінде әртүрлі масштабта ландшафтық карталар, қазіргі кезде географиялық ландшафтардың математикалық моделі жасалынып, олар жайлы мәліметтер компьютерлік өңдеуден өткізіледі. Адам әрекетінен өзгерген ландшафт антропогендік ландшафт деп аталады (7) .
Ландшафттық картографиялаудың көбісінің негізінде генетикалық тұтастық қағидасы немесе біртектілік қағидалары орын алғандығын айта кеткен жөн. Дегенмен типологиялық және генетикалық тәсілдер берілген территория үшін табиғаттың қандай да бір құбылыстарының дифференциациясы есепке алынған кезде ғана нақты мәліметтерді алуға көмегі тиеді.
Ландшафттарды территория типі ретінде қарастырған кезде екі жол бар. Біріншіден, берілген аймақты өзінің аумағы ішінде біркелкі аудандарға бөлу; екіншіден, ұқсас үлескілерді бір-біріне кезектесіп қосу, ал ұқсас еместерін бөліп, ерекшелеу. Бірінші жағдайда (жоғарыдан аудандастыру) табиғи компоненттерді іріктеу іске асады және олардың қасиеттерінің градациясы анықталады. Екінші жағдайда бұл тізбек келесідей оорналасады: нысандарды анықтау - олардың қасиеттерін, сипаттарын анықтау - жіктеу (класиффикациялау) - жеке кластар мен олардың жиынтығын таралу облыстарын анықтау, табу. Нысандар ретінде жеке нүктелер, нақты бір пішінге ие емес үлескілер мен тұтастай табиғи жүйе де саналады және олар зерттелетін территорияда кездейсоқ та орналасуы мүмкін немесе бір тізбек бойынша да. Осыдан кейін нысанның ең маңызды және тез өлшенетін нысандары анықталып, таңдалған бір тәсіл арқылы сандық әдістемелерді пайдалану арқылы оларды ұқсастықтарына байланысты топтастырады. Әрбір алынған класс үшін картада арнайы белгі немесе түс беріледі.
Кеңістіктік мәліметтерді талдауда компьютерлік техногологиялардың дамуына байланысты қазіргі кезде класиффикациялау нысандары ретінде территорияны толықтай қамтитын торлар (матрицалар) ұяшықтарын пайдаланылады. Бұл тордың әрбір ұяшығы нақты бір сызықтық өлшемдер мен географиялық координаттарға ие. К.В.Зворыкиннің терминологиясына сәйкес ұяшықтар ақпаратты территориялық жинақтаушылар деп атауға болады (территрияльные носители информации - ТНИН). Дегенмен де, бұл бірліктің бөлшектенбейтінін көрсету үшін біз элементарлы территориялық бірлік деген терминді пайдаланыламыз (ЭТБ).
Аудандарды генетикалық сипаттары арқылы анықтау (моно- парагенездер) қажетті нысандарды және оларға әсер ететін факторларды анықтаудан басталады. Табиғатта әр түрлі факторлар арасында нақты бір тұтастық пен бір-біріне бағыныштылық болмағандықтан топтастыру басқа да негіздерге сүйеніп те жасалынады. Кешендік физикалық-географиялық зерттеулер жұмыстың 3 кезеңінен тұрады: дайындық кезеңі, далалық және камералдық. Экспедициялардың техникалық қажеттіліктермен толықтай қамтамасыз етілуіне және аналитикалық және далалық жұмыстардың әдістерінің жаңарып, оңтайландырылуына байланысты бұл үшін кезеңдердің бір-бірімен қатынасы кейінгі кездері далалық зерттеулерге дейінгі және камералдық жұмыстарға уақыттың көп бөлінумен ерекшеленді. Салыстырмалы түрде қарастыратын болсақ олардың қатынасы 2:1:3 тең болған, ал бұрынғы кездері бұл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Баянауыл өлкесінің тарихи-мәдени ескерткіштері
Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтың туристік-рекреациялық даму мүмкіншіліктері
ҰЛТТЫҚ САЯБАҚТЫҢ ТАБИҒАТ ЖАҒДАЙЛАРЫНЫҢ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУДАҒЫ МҮМКІНШІЛІКТЕРІ
Ерекше қорғалатын табиғи аймақтардағы экотуризмнің даму мүмкіндіктері
Солтүстік Қазақстан
Қазақстанның ұлттық табиғи бақтары
ҚР - дағы су туризм маңыздылығы және дамуы
Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи рекреациялық ресурстарының географиясы және оларды халықтың демалыс орындары ретінде пайдалану ерекшеліктері
М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясының ономастикалық кеңістігінің лингвомәдени сипаты
Ландшафттық карталардың түрлері
Пәндер