Түркілердің ежелгі сенімдері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті


БӨЖ

Тақырыбы: Түркі тайпаларының наным-сенімі және діні

Орындаған: Абдуманнапова Севара
Қабылдаған: Жолсеитова М.
Тобы: ФАТ-311А

Түркістан 2024
Жоспар
I. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
II. Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1. Көне түркілердің жазбаларындағы дүниетанымдық көзқарастары және құндылықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
2. Түркілердің ежелгі сенімдері; Тәңіршілдік, От, су, жерге табынуы, Ұмай анаға табыну ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
3. Ежелгі түркілерлерде христиан және будда діндерінің таралуы ... ..10
4. Түркі тайпаларына ислам дінінің келуі және жылдам таралуы ... ...13
III. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .18

Кіріспе
Тақырыпың өзектілігі. Көне түркілердің рухани әлемі- аса күрделі мәселелердің бірі. Бұл жөнінде зерттеушілер арасында бір-біріне қарама - қарсы пікірлер, түрлі көзқарастар, болжамдар аз емес. Батыс пен шығыстың арасын жалғастырушы дәнекер рөлін атқара жүріп көне түріктер тамыры терең, айшықты дәстүр-салты бар өзгеше дала мәдениетінің негізін салып, қоғамдық-әлеуметтік институттардың күрделі түрлерін, еншілік жүйесін, шешендік иерархиясын, соғыс өнерін, елшілік үрдісін игере білді, сол сияқты өз наным-сенімі, дәстүрі және діні қалыптасты. Одақтық тоталитарлық жүйе бұзылғаннан кейін біртұтас түркі мемлекеттері жеке-жеке өз тәуелсіздігін жариялап, егемендікке қол жеткізді. Рухани байлығымыз - салт-дәстүр, әдет-ғұрып, тіліміз бен діліміз қайта жаңғырып жатқандығы баршаға мәлім. Соның нәтижесінде түркітану саласына деген көзқарас қайта өзгеріп, ғылымға біршама өзінің жаңа табыстарымен қайта оралды. Осы мақсатта ғылым саласы да өз зерттеу объектілеріне жең түре кірісіп, халық тарихы мен мәдениетінің қайнар бастауын көне заманнан іздеп, қазіргі уақытта көптеген табыстарға да қол жеткізіп үлгерді. Қазіргі кезде ежелгі түркі тайпалық одақтары өмір сүрген аймақтардан руникалық жазумен ойылып жазылған үй-тұрмысына қажетті заттар, қой тастар табылып жатыр.
Әлемдік өркениеттің дамуына айрықша ықпал еткен түркілердің тарихи мұрагері болып қалған қазақ жерінде ғылым мен білімнің, мәдениет пен өнердің дамуы, діни наным-сенімдер мен әлемдік діндердің таралуы зор қарқынмен өріс алған. Әлемдегі ешқандай өркениет дербес дамымайды. Ол өзіне әртүрлі мәдениеттердің жетістіктерін жинақтап отырады. Сол сияқты діни наныммен діндердің таралуы осының нәтижесі. Іс жүзінде адамзат қызметінің барлық салаларын қамтитын Түркілердің діни наным-сенімдер эволюциясының санқырлылығы оның қайталанбас ерекшелігі болып табылады. Ғасырлар бойы мәдениеттер мен өркениеттердің тоғысы болған Орталық Азиядағы түркі өркениеті - бүгінгі таңда жіті зерттеуді қажет ететін сипаттар мен ерекшеліктерге ие. Қазақстан бұрынғы Түркілердің діни наным-сенімдер эволюциясының бүгінгі заңды мұрагері. Орталық Азияда көшбасшы болып отырған Қазақстанның бүгінгі түркі әлемімен ықпалдастық байланыстарды тереңдетуде және түркі дүниесіндегі мемлекеттер арасында өзара сындарлы іс-қимылға қол жеткізуде оң рөлі бар. Сондықтан түркілердің діни наным-сенімдер эволюциясы мәселелерін зерттеу өзекті тақырып болып табылады және де көне түркілердің дүниетанымын, рухани қазынасын тұтас, әрі жан-жақты зерделеу заман талабынан туындап отырған мәселе.
Тақырыптың зерттелуі. Түркілердің діни наным-сенімдер эволюциясы мәселелерін зерттеу түркітану немесе туркология ғылымыммен тығыз байланысты. Түркілердің діни наным-сенімдер эволюциясы мәселелері ең алдымен жалпы түркі тайпаларының тарихы мен мемлекеттерін зерттеуге бағытталған еңбектерде де көрініс тапты. Түркілердің тарихы мен мәдениетіне қатысты алғашқы кең көлемді зерттеулер В.В. Бартольдың еңбектерінде қарастырылды [1]. Зерттеушілердің ішінен Л.Н. Гумилевтың көне түркілердің тарихына арналған еңбектерін ерекше атап өту қажет [2] Гумилев түрік қағанатының туу, даму және кұлау жолын зерттеп, тарихи проблемалардың кең көлемді мәселелеріне; түріктердің саяси өміріне, тұрмысы мен дініне, мәдениетіне және Орталық Азия көшпелілерінің екі дәуір - ежелгі заман, орта ғасыр заманы тоғысар кездегі географиялық қоныс-өзгерістеріне көп көңіл бөлген.. Б.Е.Көмековтың қимақтар [3], С.Г. Агаждановтың оғыздар [4], О. Қараевтың қарахандар [5] тарихына арналаған монографиялық іргелі зерттеулерінде олардың діні, мәдениеті, шаруашылығы жайлы мол мағлұмат бар. 1900 жылы М.П. Мелиоранский Күлтегін ескерткіші туралы еңбегін жариялайды [6]. Қазақстандық зерттеушілер арасынан белгілі ғалым У.Х.Шалекеновтың еңбектерін аса маңызды болып табылады [7]. 1998 жылы жарық көрген Қазақстан тарихының академиялық басылымының 1-ші томында түркі-қазақ өркениетіне қатысты тарихнамалық зертеулердің қорытынды тұжырымдары берілген. Мұнда түркілердің рухани және материалдық мәдениетінің ескерткіштерімен қатар, олардың ортағасырлар дәуіріндегі мәдени байланыстарының мәселелері, жалпы түркілердің әлемдік өркениет қазынасында алатын орны ерекше көрсетілген [8]. Түркілердің діни наным-сенімдер эволюциясының, әсіресе олардың тарихи сабақтастығы жайлы мәселелер тәуелсіз Қазақстан тұсында жарық көрген зерттеулерде басым айтылып жүр. Қазақстандық тарихнамада М. Қозыбаев қазақ мәдениетін дала өркениетінің құрамдас бөлігі ретінде қарастырды [9]. Сондай-ақ, қазақстандық зерттеушілер арасынан белгілі ғалым У.Х.Шалекеновтың еңбектерін аса маңызды болып табылады [10]. Зерттеуші Түріктердің отырықшы мәдениеті атты зерттеу еңбегінде түріктердің, соның ішінде қазақтардың отырықшы тарихына арнап әр жылдары жарық көрген еңбектері топтастырылған. Соңғы жылдары жарық көрген еңбектерден Ю.А. Зуевтың көне түркілердің тарихы мен идеологиясының очерктеріне арналған зерттеуі [11] мен А. Оразбаеваның [12] еуразия көшпелілерінің өркениетіне арналған зерттеулерін де ерекше атап өту керек. Көне түріктердің рухани мәдениеті әсіресе А.Ш. Махаеваның [13] еңбегінде жаңа тұрғыдан жан-жақты зерттелген. Бұл еңбектер мәселенің зертелуіне қатысты тарихнамалық ой-тұжырымдардың негізгі даму бағыттарын көрсетеді деп ойлаймыз. Дегенмен, отандық тарих ғылымында қазақтардың отырықшы өркениетінің мәселелерін, сондай-ақ қазақ халқының көне түркілердің тікелей мұрагерлері ретіндегі мәдени құндылықтарын, өркениетін, олардың діни наным-сенімдерін зерттеу енді ғана басталды деуге болады.
Тақырыптың мақсаты мен міндеттері. Көне түркілердің діни наным-сенімдері эволюциясының тарихи сабақтастығы мен байланыстарының тарихи негіздерін қарастыру жұмыстың басты мақсаты болып табылады. Көне түркілердің жазбаларындағы дүниетанымдық көзқарастары мен құндылықтар жайлы түсініктерін талдау жасау: Түркілердің сенім негіздері: Тәңіршілдік, Жер-Суға және Ұмайға табынудағы дала дәстүрінің жалғастығын ашып көрсету. Ежелгі түркілер арасында христиан және будда діндердің таралуы негіздерін толық талдау. VIІІ-XII ғғ. Қазақстанға ислам дінінің келуі мәселесін ашып көрсету.

Негізгі бөлім
1. Көне түркілердің жазбаларындағы дүниетанымдық көзқарастары және құндылықтары.
Қазақтың ата-тегі болып табылатын сақтар, ғұндар, үйсіндердің түп төркіндеріндегі қарама-қайшылықтарға қарамастан көшпенділк әмбебапшылығы басымдылыққа ие болды. Солай бола тұра, жер өңдеушілердің де дүниетанымдық көзқарастары үнемі елеулі ықпалын жүргізіп отырды. Ұлттық сананың өсуі, мәдениеттің қайта өрлеуі жиырма бес ғасырлық тарихы бар халықтың рухани бастауларға көңіл аударуын туындатуы заңды еді. Қазақтың ата-тегінің арғы философиясынан бастап дінге сенімінде, тәңірге табынушылығында және сақтар, ғұндар, үйсіндер мифологиясында алдыңғы орынға философиялық дүниетанымдық мәселе отырықшы тайпалардың тіршілік бағыттарының, жолдарының ара қатысы шығады. Бұл көне түрік жазу мәдениетінің дүниеге келуімен белгілі. Ашина (көк бөрі) ұрпақтары VІ ғасыр хандықтың басқару жүйесін құқықтық негізде құрды. Өкілетті билік пен заң шығару ісі ақсақалдар алқасының (кейінгі қазақ хандығында - билер алқасы мен хан кеңесі) құзырында болды. Ал хан жарлығы атқарушылық міндеті үлкенді-кішілі лауазымдар иесіне жүктелді. Бұл мансаптар мұрагерлік жолмен хандық билік, әскери демократия арқылы жүзеге асырылған. Халықтық құқықтық санасының әрі мемлекеттік басқару жүйесінің арқауы кең ауқымды жеті баптан тұратын, Тәуке ханның Жеті жарғысы деген атқа ие болған ел заңы.
VIII ғасыр басында жазылған атылмыш жәдігерліктер типі XIX-XV ғасыларға дейін жеткен. Мұндай жәдігерліктер қатарына Қорқыт Ата кітабы мен Оғызнаманы да жатқызуға болады. Олардың өзара желілері, баяндау үлгілері, дүниетанымдық арқаулары өте ұқсас.
Бұл аталмыш жәдігерліктердің барлығының да мазмұнын тәңіршілдік көктей өтеді, ол олардың дүниетанымдық өзегі ретінде көрінеді. Мысалы: көне түрлердің космогониялық түсінігін мына сөздерден бағамдауға болады: Жоғарыда Көк тәңірі, төменде Қара жер жаралған екі арасында кісі оғлы жаралған екен. Олардың үстінен қарайтын Тәңіріден болған, яғни қоғамдық үстемдікке ие болғандар Бумын, Істемі, Білге қағандар еді. Аспанның, жердің, тау-ойпатының кереғар ұғымдар, диалектикалық қарама-қарсылықтардың бірлігі екндігін көне түріктер үстірт болса да пайымдай алды ма? Әрине, оның үстіне тәңіршілдік, анимизм мен тотемдік көзқарастар үстем болды. Сонысына қарамай Аспан (Көк тәңірі) мен Қара жер (Жер-ана) аралығындағы ғұмыр кешкен адамзаттың екі топқа бөлінуі де адамдардың қарама-қарсы екі жаратушының қайсысына жақын екендігі туралы әпсаналармен тығыз байланысты болғандығын көруге болады. Тәңіршілдік көзқарастың танымдық тірегі - тәңірінің жасампаздық құдіретіне деген халықтық сенім. Түркілердің танымдық қабілеті, жеңіске жетуі табғачқа (қарақытай) бағынғаны үшін жазалануы да тәңірінің мейіріміне немесе қаһарына ұшырағандықтың жемісі. Көрнекілік үшін мысал келтіретін болса, дана қарт Тоныкөк өзінің біліктілігін тәңірдің сыйы ретінде қабылдайды, ол білімді табғач елінде алған. Әрине, өзінің табиғи қабілетінің арқасында. Өзінің даналығын дәріптеу мақсатында қайталанып отыратын қағаны алып екен, ақылшысы дана екен деген сөз тіркесін жауларының аузына салып отыратындығы Тоныкөктің мақтаныш сезімінің айғағы болса керек.
Орхон-Енесей жазбалары Қорқыт Ата кітабы, Оғызнама жәдігерліктерінде тотемдік, аналистік көзқарастар сілемдері сақталғанымен, мифтік ойлаудың ықпалы азая бастағаны байқалады. Оны оқиғалар желісінің реалистік, тарихи шындыққа біршама жанасымды тұрғыда баяндалатынынан-ақ пайымдауға болады.
Біздің дәуіріміздің I мыңжылдығында Еуразия далаларындағы этникалық орта бірте-бірте өзгере бастады. Бұл кезде қазіргі түркі тілдес ұлттардың тікелей ізашарлары әрі бабалары болған ірі этносаяси бірлестіктер пайда болды. Бұл дәуірде далалықтардың рухани мәдениеті жаңа сатыға көтерілді: ежелгі түркі жазбасы кеңінен таралып, жазба түркі әдебиеті пайда болды; түркі тайпалары сол дәуірдегі ұлы діндер - буддизм, манихей, христиан, ислам діндерін танып, басқа өркениеттердің жетістіктерін игерді. Көшпелі тұрмыс жағдайларында өзгеше төл мәдениет қалыптасты.Түркі мәдениеті жоқ жерден пайда болған жоқ, ол өзінің құндылықтар жүйесіне үйлесе кеткен барлық мәдени жетістіктерді сіңіріп алды. Қола дәуірінің бас кезінде пайда болған және скиф-сақ дәуірінде гүлдену шыңына жеткен еуразиялық тайпалық құрылымдардың тарихы мен мәдениетіндегі ортақтық пен сабақтастық, ежелгі түркі тарихының басталуымен жоғалып кетпей, жаңа этникалық реңдерге боялды. Өкінішке орай, тарихта біздің алыс бабаларымыз жайлы ақпарат өте аз, ал ғасырлар тереңінен жеткен шағын мәліметтер өткен тарихты толығымен сипаттай алмайды.Тарихи таным әдістерінің бірі - ғылыми реконструкция, затты бастапқы қалпына келтіру. Бұл дерек көздерін күрделі және мұқият зерттеуден кейін басталатын көпқырлы жұмыс. Атақты ресей ғалымы М. В. Горелик ежелгі түркі дәуірінің артефакттерін қалпына келтірумен бұрыннан айналысатын. Оның кейбір жұмыстарының тізімдемесінен сол дәуірдің технологиясы мен өзіндік ерекшеліктерімен толық сәйкестікте орындалған киім-кешек кешендерінің, әскери қару-жарақтың және тулардың реконструкциясын атауға болады.
Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұражайының тапсырысы бойынша М. В. Горелик түрік байрағын қалпына келтірген болатын. Зерттеуші жұмысын Батыс Түркістан қабырға жазбаларының және Дуньхуан иконаларының негізінде, сондай-ақ Эрмитажда сақталған VII ғасырдағы Соғдыда күмістен жасалған жыртқыш аң басының негізінде орындаған болатын. Жалауларды өрнектеу барысында шебер VII - VIII ғасырлардағы соғды және қытай маталарының ою-өрнектерін қолданды. Байрақ сабының жоғарғы жағы қасқырдың басы түрінде орындалған. Өзге де көптеген халықтар секілді, ежелгі түркілердің мифологиялық санасында жануарлар мифологиялық код - жеке элементтері тұрақты бекітілген мағынаға ие болатын зооморфтық код нұсқаларының бірі ретінде қолданылған.
Ата тегін білу және оны арнайы зерттеу ежелден бері Орталық Азия халықтарына тән сипат болатын. Бұл халықтардың көбі өзінің ата-бабасы ретінде белгілі бір жануарды атайтын. Түркілерге тоқталатын болсақ, қай дәуірде болмасын, бөрі бейнесі олар үшін ерекше мағынаға ие болған. 1968 жылы Монғолияның Бугут өлкесінде Түркі қағанаты билігінің бас кезеңіне жататын эпиграфиялық ескерткіш - соғды тілінде жазылған стелла табылған болатын. Ескерткіштің бас жағында қасқырдың суреті бейнеленген, одан төменіректе қол-аяғы шабылған адамның бейнесі орналасқан. VI ғасырда жазылған қытай деректерінде түркі аңызы бойынша, үлкен батпақтың жағасында тұрған түркілердің ата-бабаларын көршілес тайпаның жауынгерлері қырып-жойып, тек қол-аяғы жоқ тоғыз жасар бала ғана аман қалған. Оны қасқыр-ана құтқарып, емізіп өсіріп, кейіннен осы баланың жұбайы болған. Жаудан жасырынған қасқыр Турфанның солтүстігіндегі тауларға қарай (Шығыс Тянь-Шаньға) қашып, сол таулардағы үңгір ішінде босанып, он ұл табады. Қасқырдың балалары Турфаннан әйел алады, ал Ашина атты немерелерінің бірі жаңа тайпаның көсемі болып, оған өзінің атын береді. Кейіннен ашына тайпасының көсемдері өз руластарын Алтайға көшіріп, ол жердегі жергілікті тайпаларға билік етіп, түркі есімін қабылдаған. Л. Н. Гумилевтың пікірінше, ашына сөзі, монғол тілінен аударғанда - қасқыр дегенді білдіреді. Түркі тілінде қасқыр - бөрі немесе қасқыр, ал монғолша шоночино. Монғолдар Бөрте-Чино (Көк Бөрі) мен Алан-Гоаны (Шұбар Кермарал) өзінің ата-бабасы деп санаған. А - қытай тіліндегі құрметтеу префиксі, демек, ашына деген сөз игі қасқыр дегенді білдіреді. Қытай жылнамашылары түркі ханы және қасқыр анықтамаларын түркілердің өздерінің дүниетанымына негізделе келе, синонимдер деп санаған.
Тұран тайпалары мен қытайлықтарға ортақ тағы бір ерекшелік - ол аруақтарға табыну. Бұл дәстүр барлық халықтарда кең тарағанымен, осы уақытқа дейін ерекше деп келген қытайдың діндері мен солтүстік Азия дәстүрінің төркіндері бір екені анықталды. Мысалы, Сібірден Орта Азияға көшкен ғұндардың Тора тайпасы өз бабаларының моласы басына құрбандық шалуға елшілерін жіберіп тұрған. Олар молалар мен қорғандарды тірі жан баспасын деп және аруақтар шығып кетпесін деп қоршаған. Ал, Қытайда осындай қорғандар белгілі уақыт өткеннен кейін табынатын тұрақты орындарға, ал кейбіреулері аруақтарға табынатын ұлы храмдарға айналды. Қытайдағы аруаққа табыну мен финдер, лапландтықтардың отбасындағы табыну сияқты діни сенімдер алғашында бірдей, бір-біріне өте ұқсас болғанын көреміз. Алдында аспанға табынудан басталған діни сенім, соңынан мәңгілік өлмейтін күшке айналған аруақтардың рухына сеніп - сыйынуға айналды. Аруақтардың рухына сыйыну дегеніміз, өлмейтін, мәңгілікке сенудің өмірлік негізгі элементі болып табылады.
Түркі халықтарында тау, өзен, көлдердің рухына сыйыну емес, олардың өзіне сыйыну, яғни табиғатты кейіптеу емес, оны тірілту процессі жүреді. Көне түркілердің дүниетанымының негізі аруақтарға табыну болып табылады. Өлгендердің рухына, мифтік ең алғашқы бабаларға сыйыну осыдан шыққан.
Ертедегі түркілердің дүниетанымында әртүрлі нанымдар орын алған. Олардың ішіндегі ең әйгілісі-отқа табыну, жануарларға табыну және өсімдіктерге табыну. Қала тұрғындары мен отырықшы халықтың отқа табынғандығын археологиялық материалдар растайды. Баба-Ата қаласы жұртының қамалын қазып аршыған кезде сарай кешенінің ең басты залында, жердің қалың қабатына қарағанда, отқа байланысты діни ғұрыптар өткізілген.
Отқа табынушылық нанымды ғылымда Зороастризм деп те атайды. Зороастр сөзінің мағынасы зоро - адам, астра - жұлдыз. Зороастризм діні ең алғаш протоүнді ирандықтарынан шыққан. Олардың мекендеген жері Азияның кең байтақ далалары, Жайық өзенінің шығыс жағалауы. Протоинди ирандықтары Иранды жаулап алған және сонда мекендеген. Олар б.э. 3000 жыл бұрын өмір сүрген. Бұл дінді ең алғаш рет таратқан ирандық жігіт - Зороастр.
Сонымен қатар ІХ-ХІІІ ғасырдың басында тотемизм жұрнақтары мен жануарлар дүниесін қадір тұтуға байланысты күрделі түсініктердің және зороастризм элементтерінің қосылу үрдісі орнығады.

2. Түркілердің ежелгі сенімдері; Тәңіршілдік, От, су, жерге табынуы, Ұмай анаға табыну.
Ертедегі түріктер діннің негізі Көкке (Тәңірге) және Жер-Суға сиыну болды. Құдірет деп есептелген бұл екі күштің негізгісі Көк болды. Қағандар нақ осы Көктің еркімен билік құрып, олар Көк тектестер және Көкте туғандар деп аталды. Көк өз биігінен (көк жүзінен) менің әкем Илтериш қағанға және менің анам Илбілге қатынға жөн сілтей отырып, оларды халықтан жоғары қойды, менің өзімді түрік халқының аты мен даңқы жойылып кетпеу үшін қаған етіп отырғызған мемлекетті сыйлаушы Көк деп ойлау керек - деп жазылды көне түркі ескерткіштерінде.
Исламға дейінгі қазақ халқының рухани мәдениетінде тәңірлік сенім мен шаманизм айрықша орын алады. Тәңірді зерттеушілердің тұжырымында еуроазиялық көшпелі шаруашылық - мәдени типтің қажеттіліктеріне икемді сенім жүйесі ретінде бейнеленеді, яғни ол көшпелілердің шындықтағы болмыс тәсілінен, дүние түйсінуінен туындаған. Академик Ғарифолла Есім "Хакім Абай" кітабында: тәңірге сыйыну - сенім емес, дін емес, ол Адам мен табиғаттың арасындағы үйлесімділікті мойындағандық деп тұжырымдаған. "Тәңірді мойындау адам еркін шектемейді. Тәңірге көзқарас өзіне қарама-қарсы түсінікті қажет етпеген. Себебі, тәңір - деген табиғат, ол өмір сүру үшін қажетті жағдай. Тәңір табиғаттың өзінен туған түсінік. Оны табиғаттың синонимі деп те қарауға болады. Адамның табиғатқа табынуы, бір жағынан, натуралистік түсінік болса, екіншіден, өзінен тыс рухты іздеу, оны субъект ретінде қабылдау, дерексіз ойлаудың жемісі" - дейді. Яғни, біздің арғы ата-бабаларымызға догматталған діни жүйелерге қарағанда, ашық дүниетаным тұрпатындағы сенім көбірек тән, жан дүниесі мен рухани ізденістеріне әлдеқайда жақын. Барлық діни жүйелердегі тәрізді тәңірлік сенім де табиғат күштерін құдіреттендіруден, құпия тылсым тіршіліктің терең қатпарларынан тамыр алады. Алайда, Тәңірге табыну діни түсінік эволюциясындағы табиғат діндерінен кейінгі жоғары саты болды. Барлық халықтар рухани дамуында діни көзқарастар эволюциясын бастан өткізді. Әрине, оны бірінен соң бірі келетін діни жүйелер хронологиясы деп қарастыруға болмайды, шындық әрқашан теорияға қарағанда әлдеқайда күрделі, көпжақты болып келеді. "Ол (тәңір) - әр түрлі наным-сенімдердің, көбіне табиғатқа, оның стихиялық күштеріне табынудың және оларды бұрмалап бейнелеудің біртіндеп дамуынан туған құбылыс. Тәңірліктің дүниетанымдық негізі дүниедегі заттар мен құбылыстар жанданған деп қарастыратын натурфилософиялық гилозоизм болып табылады, ол түптеп келгенде табиғатты құдай деп қарастыратын пантеизмнің негізін құрайды" - деп жазады С.Н. Ақатаев. Қалыптасуының бастапқы сатысында Тәңір прото-қазақтардың құдайлар пантеонындағы жоғарғысы деп танылады. Ежелгі қазақтар тәрізді қазақтардың ілкі тектері де табиғат объектілері мен құбылыстарын құдайландырып, оларға табынған. Тәңірлік діннің өзіне тән ерекшелігі - ол өзіне дейінгі діни наным-сенімдерді теріске шығармайды, қайта оларды бір жүйеге келтіріп синтездеуші рөл атқарады. Плано Карпини түркілердің бір құдайға иланатындығын айта келіп, "... оның үстіне олар күнге, айға және отқа, сонымен бірге таңертеңгілік тамақ жеудің немесе су ішердің алдында сол ас-дәмдерінен ауыз тидіретін сыбаға арнап, су мен жерге де құдай деп табынады", - дейді. В.В. Бартольд: "Ежелгі түркілер дінінің негізі Көкке (Тәңір) және Жерге сыйыну болды", - деп жазады. Тәңірді түркілер барлықты жаратушы "объективті идея" ретінде қарастырса, жер-су - тіршіліктің тірегі. Бұлардан басқа көне түркілердің наным-сенімдерінде әйел-құдай - Ұмай ерекше құрметтелген. Әйел тәңірі Ұмай - отбасы мен бала-шағаның жебеушісі болған. Аталған үш құдай түркілердің пантеонында маңызды болып саналады. Тоныкөк құрметіне орнатылған ескерткіште: "Көк, Ұмай құдай, қасиетті жер-су, міне, бізге жеңіс сыйлаған осылар деп ойлау керек!", - делінеді. Жер-су құдайына келетін болсақ, ол да табиғатты пір тұтудан туындайды. Алтайлық аңызда: "Үлген жаратылысқа дейін шексіз-шетсіз, түпсіз-тұңғиық теңіз үстіндегі кеңістікте тіршілік етеді. Сонда Үлгенге судан Ақ ана шығып, оған жер мен аспанды жаратуды үйретеді" делінген. Бұл аңызда да матриархаттық, рулық, қауымдық қатынастар ықпалы байқалады. Матриархаттық-рулық қауымнан патриархалды қауымға біртіндеп өту барысында жер-су соңғы орынға ығыстырылады. Көк аспан ретіндегі Тәңір өзінің жоғарғы құдай ретіндегі маңызын жоғалтпайды, патриархалдық-қауымдық қатынастардың күшейіп, нығаюына байланысты ол зор, қаһарлы тұлға сипатына ие болады. Тәңір сөзінің этимологиясын С.Ақатаев "таң" және "ер" сөздерінің бірігуінен шығуы мүмкін деп қарастырады. Бірінші буын "таң", автордың пікірінше, күннің шығуымен байланысты болса, "ер" - түрік тілдерінде ер адамды білдіреді. Осы тұрғыда Тәңір "Күн адам", "Аспан адам", яғни құдай дегенді білдіреді. Тәңірлік дін адамды өз іс-қимылына, әрекетіне, пиғыл-ниетіне есеп беріп отыруға үйретеді, ісі түсіп, жолы болса түркілер тәңір қолдады, дейді, қателік жасап, адасса, "Тәңірім, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркілердің діни сенімдері
Ежелгі түркілердің наным-сенімдері
Ежелгі түркі өркениеті және оның ерекшеліктері
Арғытүркілердің мәдени мұрасы
Түріктердің наным-сенімдері, діни ұғымдары
Көне түріктердін Ұмай анаға табынуы
Түркілердің сенім негіздері
Түркі тайпаларының діні
Қазақ - түркілердің материалдық мәдениетінің сабақтастығы
Ежелгі түркі өркениетінің ерекшелігі
Пәндер