Интернет құрылысы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Реферат

Тақырыбы: Интернеттің дамуы

Орындаған: Жақсылық Нурила
Группа: ПМНОк23-9
Қабылдаған: Салыбек Ляззат

Шымкент 2024

Кіріспе
1 Internet желісі
1.1 Internet пен қатынас кұру
2 Негізгі желілік топологиялар
3 Интернет ортасында Мәліметтер базасын қолдану
4. Internet-ті пайдалану тиімділігі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Ақпараттық технологиялардың және компьютерлердің өміріміздің барлық дерлік деңгейлеріне кірігіп кеткені жат нәрсе емес, білім беру саласында да осы жаңалық өз орнын тапты. Телекоммуникациялар жүйесі мен есептеу техникасы мұнда қолданудың әртүрлілігін табуда. Көп жағдайларда, бұлар білім беру жүйесінің тек тиімділігін жақсартумен ғана шектелмейді, сонымен қоса жастарға бұл жүйенің ұғынылықты және түсінікті етуіне жәрдемдеседі. Айтуға тұрарлық жағдайлардың бірі, қазаіргі заман талаптарына сәйкес ақпараттарды өңдеу және берілудің техникалық заттарын және технологияларын үйрену қандай да бір білім беру жүйесінде өте маңызды сипатқа ие, тіпті әліппені үйренудің маңыздылығымен салыстыруға болады.
Ақпараттық технологиялар білім беру жүйесінде нақты қалай қолданылады? Басқа да жүйелерде сияқты, олардың кең көлемде қолданылуы көбіне мәтіндік құжаттарды - шығармаларды, рефераттарды, курстық және дипломдық жұмыстарды - дайындау барысында қолданылады. Мұндай жай қолданудың өзі, көптеген технологиялық тізбекті қодануды және оны меңгеруді талап етеді, атап айтқанда, сканерді, мәтінді тану программасын, мәтін редакторын, суреттерді өңдеу программасын, принтерді, т.б. қолдану сияқтылар. Мұның бәрін үйренуде қиыншылық туғызғанымен, кейін мәтін құжатымен жұмыс жасау, қайшы мен желім көмегімен жұмыс жасауға қарағанда, әлдеқайда тез және қызықты болады.
Компьютерлік сауаттылықтың маңызын ескергендіктен, мектеп және гимназия басшылары өз оқу орындарында компьютерлік сыныптарды ашуда. Мұнда мектеп программасында міндетті пән болып табылатын информатика сабақтары өткізіледі. Бұдан басқа, компьютерлерді басқа да мақсатта қолдануға тырысады, мәселен, жоғарыда айтылғандай рефераттарды дайындау, CD-ROMда және Интернет желісінде оқыту материалдарына қол жеткізу. Компьютерлік сыныптардың тағы бір маңызы - мектеп оқушыларының көбінде жанұяларында компьютерлер жоқтығынан мектептегі информатика сабақтары ақпараттық технологиялармен танысудың бірден бір құралы.
Білім беру жүйесінде компьютерлерді қолдану соңғы жылдары мултимедиа мүмкіндікиерінің пайда болуымен тығыз байланысты. Яғни мәтіндік, аудио және видео материалдардың бірыңғай электронды оқу құралында жиналуы деген сөз. Қазіргі кезде мультимедиа мүмкіндіктерін ескеретін арнайы мектеп бағдарламалары пайда бола бастады.
Мультимедиа оқу-құралдарынан басқа, CD-ROM әдебиеттер тізімін құрауда да қолданылады.
Интернет желісінде білім беру сайттарының саны әрдайым өсу үстінде. Олардың көбінің негізгі мазмұны білім беру жүйесіне тікелей қатысты, мәселен, әдебиеттер тізімі, оқу крстарының бағдарламалары, әдістемелік құралдар, оқу орындары жайлы мәліметтер, газет пен журналдардың электронды түрлері және т.б.
Электронды коммуникациялар дамуының қазіргі таңдағы көрінісінде қашықтықтан оқытудың (ҚО) үлкен болашағы бар деп айтуға болады. Сырттай оқытудың дамушысы болып табылатын, ҚО бұрындары қол жетпеген мүмкіндіктерді ашады: Интернет желісінен институт деңгейіндегі оқыту материалдарын алу, орындалған тапсырмаларды электронды пошта арқылы жіберу, Интернет жүйесі арқылы оқытушылармен қарым-қатынас орныту (пошта арқылы хаттар жазысу, онлайн конференцияларына қатысу), оқыту программаларын студенттердің қабылдау деңгейін уақытымен бақылау және әрбір студентке оқыту курсының жылдамдығын жекелей таңдау және т.б. Бүгінгі таңда бірнеше оқу орындарында ҚО түрінің түлі формалары пайдаланылады.
Жақын арада, ҚОдың одан әрі дамыған формаларын қолдану көзделіп отыр, мысалы, оқыту жүйесін қамтамасыз етуде оқыту құралдарының және басқа да материалдардың институт сайтында орналасуы

Сіздер дербес компьютерлердің желілері (торабы) туралы естіген де шығарсыздар. Олардың ауқымды жалпы және жергілікті желілерге белінетінінен де хабардар боларсыздар. Бұқаралық ақпараттық жүйеде "Internet... 100-мегабитті технология... Желілік технологиялар... Интернеттегі жанжал... Интражелілер..." деген сөздер жиі естіліп жатады. Бірақ біз бұл материалдарды түсіндіруі кезінде оқушылар желілермен таныс емес, тек компьютер құрамын біледі деп есептейміз.
Егер сіздің бір-ақ компьютеріңіз болса және модеміңіз болмаса, онда
сіз компьютерлік желінің артықшылықтарын сезіне де алмайсыз.
Атыңыз егер болмаса, жорғасын қайдан білесіз деп өлеңде
айтылатын сияқты ... Бірақ сіздің бірнеше компьютеріңіз болса немесе
мәлімеіті қашықтағы компьютерге жөнелту керек болса онда желілік
технология мүмкіндіктері сіз үшін өте қажет болып табылады. Желілік
технологиялар орасан зор қаржы үнемдеуге мүмкіншілік береді. Ол үшін
компьютер желілерінің қолданылатын аймақтарын қысқаша
қарастырып өтейік.

Компьютерлік желі дегеніміз -- бір-бірімен мәлімет алмаса алатын кем дегенде екі компьютердің байланыс құралдары көмегімен қарым-қатынас жасауына арналған акпарат өңдеудің тармақталған жүйесі.
Басқаша айтқанда желі деп дербес компьютерлердің және принтер, модем, факсимильдік аппарат тәрізді есептеу құрылғыларының бір-бірімен байланысқан жиынын айтады. Желілер әрбір қызметкерге басқалармен мәлімет алмасып құрылғыларды ортақ пайдалануға, қашықта орналасқан қуатты компьютерлердегі мәліметтер базасымен қатынас құруға және тұтынушылармен тұрақты байланыс жасауға мүмкіндік береді.
Желі құрамына кіретін компьютерлер мынадай жұмыстар атқарады:
желімен қатынас құруды ұйымдастыру;
олардың арасында мәлімет алмасуды басқару;
желі тұтынушыларына есептеу құрылғыларын пайдалануға беріп,
оларға әртүрлі қызмет көрсету.

Жергілікті және аймақтық-таратылған желілер.
Жергілікті желі (LAN) бір ғимарат ішіндегі немесе қатар орналасқан ғимараттардағы дербес компьютерлер мен принтерлерді бір-бірімен байланыстырады. Аймақтық-таратылған желілер (WAN) географиялық тұрғыдан алғанда бір-бірінен қашықта орналасқан, бірақ бір компанияға немесе фирмаға, мекемеге қатысты бірнеше жергілікті желілерді байланыстырады.
Жергілікті желілер -- дербес компьютерлерді бір-бірімен немесе оларды желі сервері рөлін атқаратын куатты компьютермен байланыстырып тұратын желінің ең қарапайым түрі.
Жергілікті желінің барлық компьютерлері серверде жазылған колданбалы программаларды жөне принтер, факс тәрізді шеткері кұрылғыларды ортақ пайдалана алады. Желідегі әрбір дербес компьютер жұмыс станциясы немесе желі түйіні деп аталады.
Жергілікті жері әрбір тұтынушыға бір-бірімен өте жылдам қатынасуға мүмкіндік жасайды. Оның мынадай ерекшеліктерін атап етуге болады:
қүжаттарды бірге пайдалану;
қүжат айналымын жеңілдету: тұтынушы жұмыс орнынан
тұрмай-ақ, жиналыс жасамай-ақ әртүрлі құжаттарды оқуға,
тузетуге, түсініктеме беруге мүмкіндік алады;
-компьютер дискісіндегі орынды тиімді пайдаланып, өз жұмыс нәтижелерін серверде сақтау және архивтеу;
сервердегі қолданбалы программалармен оңай байланысу;
кымбат тұратын қорларды - принтерлерді, СD-RОМ мәлімет
жинақтауыштарын, қатты дискілерді және ортақ пайдалануға
болатын көлемді қолданбалы программаларды (мысалы, мәтіндік
просцессорларды немесе мәліметтер базасын) бірігіп пайдалануды
женілдету, т.б.
Аймактық-таратылған желілер жергілікті желілер жасай алатын барлық жұмыстарды өте қашықта орналасқан бір компания компьютерлері арасында атқара алады. Әдетте ол үшін модем немесе жоғары жылдамдықты цифрлы желі арналарын ортақ пайдалануға арналған кешендік қызмет (ISDN, Integrated) алатын байланыстық телефон арналары қолданылады. Мұнда ISDN арналары графикалық бейнелер жазылған үлкен көлемді файлдары тасымалдау үшін жиі қолданылады.
Модем немесе алыста орналасқан сервер көмегімен жүзеге асатын
Аймақтық тармақталған желілер функциясын жергілікті желілер құрамына енгізе отырып, сыртқы коммуникация технологяларының төмендегідей мүмкіндіктерін пайдалануға болады:
электрондық пошта арқылы мәліметтерді қабылдау және жөнелту;

Интернетпен байланысу.
Интернет дегеніміз - дүниенің әр түкпіріндегі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дүкен менеджерінін міндеттері
Құрылыс нарығын қаржыландырудың теориялық-әдістемелік негізі
Интернет - бүкіләлемдік желі
Қазақстан Республикасы саласының осы заманғы жай-күйiн талдау, проблемалар
Хромосома типтері
Спутник байланыс желісіндегі ақпаратты қорғаудың маңыздылығы
Интернет торабынан ақпаратты іздестіру
Интернет желісі және IP хаттамасы
Біріккен желілер
Ұялы байланыстың қалыптасу мен дамуы
Пәндер