Микотоксин түрлері


Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылық министрлігі
«С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу
Университеті» ҚеАҚ
Ветеринариялық санитария кафедрасы
Реферат
Тақырыбы: Астық және астық өнімдеріндегі микотоксикоздар және олардың сапаға әсер етуі
Орындаған:Әбдіғали Үміт
Тексерген:Айткожина Ботагоз Жанбыршевна
АСТАНА 2024
Кіріспе
1. 1. Микотоксиндер
1. 2. Микотоксин түрлері
2. 1. Тағамдық микотоксиндер
2. 2. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Микотоксиндер - микроскопиялық саңырауқұлақтардың тіршілік әрекетінің улы өнімдері болып табылады. Негізінен дәннің өздігінен қызуына, көгеруіне және зақымдануына ұшыраған астықтарда кездеседі. Микотоксиннің адам ағзасына әсер етуі қайтымсыз процесс. Ол өткір және созылмалы ауруларда көрініс табады, жалпы айтқанда, микотоксикоз тудырады. Қазіргі таңда микотоксиндердің 300-ден астам түрі белгілі. Соның ішінде ең қауіптісі - афлатоксин. Оның ішінде В1 афлатоксині биологиялық тұрғыдағы барлық танымал канцерогендердің ішіндегі күштісі және астық, тағамдық өнімдер мен жемдердің басты ластаушысы болып табылады. В1 афлатоксині жануар ағзасында М1 афлатоксиніне ауысып, диеталық және балалар тағамдарының негізі болып табылатын сүт құрамын ластайды. Микотоксиндер көптеген елдер мен құрлықтарда таралған. Олар тағамдық өнімдерді өндіру, сақтау және қайта өңдеу кезеңдерінде, сондай-ақ, тұрмыстық жағдайда зақымдауы мүмкін. Адам ағзасы үшін үлкен қауіп төндіреді, экономикаға айтарлықтай нұқсан келтіре отырып, әлеуметтік мәселелерге дейін өрби түседі. Көптеген елдерде, соның ішінде ТМД мен Қазақстанда астық, тағам өнімдері мен жемдерде кездесетін микотоксиндердің шектік ұйғарымы көлемі белгіленген. Зерттеу жұмыстары көрсеткендей, Қазақстанның оңтүстік аумағы микотоксиндік қатынас бойынша қауіпті аймақ. Ал дақылдар ішінде жүгері қауіп-қатерге көп көлемде ұшырайды. Мұндағы күрделiлiк сол, бұл бағыттағы талдаудың біршама ұзақ созылатынына байланысты микотоксиндердің кездесу көлемін тиімді түрде бақылау іс жүзінде мүмкін емес. Мәселені шешу үшін қараңғы бөлмеде ультракүлгін сәуле астында тұрақты жұмыс істейтін астықтың сары-жасыл сәулелену жанама көрсеткіші бойынша афлатоксиндерді анықтайтын жеделдету әдісі жасалынған. Бұл өте қарапайым, қымбат құрылғыны қажет етпейді. Сол себептен де, ол өндірістік жағдайларда жедел тексерілген және афлатоксинмен ластанған астық топтамасын анықтау үшін ұсынылған. Сонымен бірге, аталмыш әдіс субъективті де болып табылады, яғни ол қараңғы бөлмені қажет етеді, ал ультракүлгін сәуле астында ұзақ жұмыс жасау көздің нашарлауына алып келеді. Ұзақ іздестіру жұмыстары негізінде, бірқатар ғылыми болжамдарды қарастырғаннан кейін Ұлттық ғылым академиясының Ядролық физика институтындағы ғалым О. Стаховпен бірлесе отырып микотоксиндердің индикатор аспабы жасалынды және жетілдірілді. Аспап ведомствоішілік, ведомствоаралық және өндірістік сынамалар кезінде оң баға алды. Осы арқылы жүгері дәнінің афлатоксинмен ластануының жеткілікті түрде индикациясын қамтамасыз ететіндігі расталынды. Соңғы кезеңдерде бұл аппараттың құрылымын жақсарту, сенімділігін арттырып, сезімталдылығын жоғарылату мақсатында түзету, жетілдіру мен жаңғырту жұмыстары жүзеге асырылды.
Ең жақсы параметрлерге ие түрлерін іріктеп алу мақсатында әртүрлі нұсқаларда түрлі электронды оптикалық және механикалық түйіндер мен сызбалар жобаланған, жасалынған және зерттелінген. Аспаптың тәжірбиелік үлгісі үш нұсқада сыналған. Қорыта келгенде, жиналған материал, өңделген сызбалық және конструктивтiк шешiмдер тәжiрибе үшiн талап етiлетiн индикатор аспаптың әмбебап параметрлері бар үлгiсін жасау үшін компьютерлік түрлендiруді қажет ететіндігін растайды. Мұндағы жедел анықтау, жүйелі түрде бақылау және астықтағы микотоксиндерді алдын алу шаралары бойынша кепілдемелер өңделіп шығарылған.
Микотоксиндер - бұл дәнді дақыл және басқа да көкөніс дақылдарында кездесетін табиғи тектес токсиндер. Микотоксиндердің бірнеше түрі бар, олардың организмге тигізетін әсері жануардың тұтынатын түрі мен мөлшеріне байланысты. Сол себепті Purina жеткізушілермен тығыз ынтымақтаса отырып, азықтарымыздың толық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шикізат пен дайын өнімді мұқият тексереді.
Микотоксиндер - әртүрлі тағамдарда, соның ішінде көкөністер мен жармаларда болатын көгерудің кейбір түрлері өндіретін токсиндер. Олар дәнді дақылдарды егістіктерде өсіру кезінде немесе астық қоймаларында сақтаған кезде дамиды. Бұл процесс ішінара температура мен ылғалдылық сияқты климаттық жағдайларға да байланысты. Іс жүзінде кейбір өсімдіктер мен ауылшаруашылық өнімдерінде табиғи микотоксиндердің алдын алу мүмкін емес.
Микотоксиндердің бірнеше түрі бар. Олардың организмге тигізетін әсері қолданылатын түріне және мөлшеріне, сондай-ақ оларды адамның немесе жануардың қолданатынына байланысты. Кейбір түрлері ауру тудыруы мүмкін. Басқалары, мысалы, пенициллин, ем ретінде медицинада қолданылады. Микотоксиндердің тұтынылған мөлшері белгілі бір шектен төмен болса адамдар мен жануарлар үшін қауіпті емес.
Барлық жағдайларда шикізат пен дайын өнім азықтарымыздың толық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жеткізілім тізбегінің барлық кезеңдерінде мұқият тексеріледі.
Шикізат пен дайын өнімнің әрбір легі мұқият тексеруден өтеді. Бастапқыда қабылданатын шикізатта көгерудің бар-жоқтығы көзбен бақылау арқылы тексеріледі. Анықталған жағдайда басқа шикізатқа жұғу қаупін азайту үшін өнім бірден бракқа шығарылады.
Көзбен бақылаудан сәтті өткен шикізат кейіннен барлық қажетті сынақтардан өтеді. Егер микотоксиндердің деңгейі рұқсат етілген шектен асып кетсе, шикізат жеткізушіге қайтарылады. Біздің сұранысымыз бойынша жеткізуші проблеманың қайта туындау қаупін азайту бойынша іс-қимыл жоспарын әзірлейді.
Біз үй жануарларының денсаулығы үшін барынша қауіпсіз өнімдерді өндіруді қамтамасыз ететін осы шараларды қолданамыз.
Микотоксикоздар - микотоксиндермен адамның және жануарлардың улaнуы.
Микотоксиндер топырақта көп кездесетің фитопатогенді және сапрофитті саңырауқұлақтардың көбісімен продуцирленеді. Олармен продуцирленетің микотоксиндер жинаудың, сақтаудың және өндеудің қолайсыз жағдайларында ауылшаруашылық дақылдарында жинақталады.
Әсіресе жануар текті азықтарда микотоксиндердің анықталуына көп көніл бөлу керек(етсүтті тағамдар, жұмыртқа) . Микотоксиндер қоректін құрамында көгеру болмаса да болуы мүмкін. Жануарлардың улануы күзде және ерте көктемде болуы мүмкін. Микотоксиндер сыртқы орта факторларына төзімді болып келеді, оның ішінде суыққа, жоғары температураға, құрғатуға, ультрофиолет және ионды сәуле әсері.
Ең тараған адам мен жануардағы алиментарлы микотоксикоздардың біріей фузариотоксикоздар: , , фузарионивале-токсикоз. Қоздырғышы болып трихоцетен тобының токсиндерін продуцирлейтің Fusarium тұқымдастығына жататың саңырауқұлақтар болып саналады
1. Фузариоз. Егін далаларында Fuzarium тұқымдастығына жататын өсімдіктің тамырын, сабағын және сағағын зақымдайтың саңырауқұлақтар тудыратын ауру тараған.
Сағақтын және дәннің фузариозы ауаның ылғалдылығы және температурасы жоғары болғанда дамиды. Фузариозды дәнмен улану бұрын некротикалық ангинаға ұқсағандықтан септикалық ангина деп атаған. Негізінде зақымдалған дәннен пісірілген нанды қолданғаннан кейін 1-2 жетіден кейін қанда гранулоциттердін санының өзгеруі байқалады, ал содан соң миелоидты және лимфоидты тіндердін зақымдалуы, сүйік кемігінің некрозы байқалады, нәтижесінде қанайналым бұзылады.
Егіннің қатты сорттары, сонымен бірге вегетециялық периоды ұзарған және органогенез фазаларының ақырындауымен сипатталатың сорттар фузариозбен зақымдалуға сезімтал болып келеді. Сағақтың қабыршағы дәнге тығыз жанасқан және қатты, тығыз кутикуласы бар егін сорттары фузариозға тұрақты болып келеді.
Дәндердің токсигендігін анықтау әдісі фузариозбен зақымдалуы өнімнін төмендеуіне және адам және жануар денсаулығына қауыпты заттардын ең алдымен вомитоксиндердің жиналуына әкеледі. .
Фузариоздар деп фузариум тұқымдастығының саңырауқұлақтармен зақымдалған нан өнімдері қолдану нәтижесінде туатын алиментарлық ауру. Бұл аурудың этиологиясы толық зерттелмеген. Уланудын кең тараған түрі «пьяный хлеб» және алиментарлы-токсикалық алейкия.
«Пьяный хлеб» улануы. Fusarium тұқымдастығының саңырауқұлақтармен зақымдалған дәндердің сырт пішіні кедір бүдір және кейде аққызыл налет болады. Зақымдалған дәнде органикалық заттардын терең ыдырауы байқалады, кейбір авторлардың айтуынша оның ішінде токсикалық заттар түзіледі. Зақымдалған дәннен піскен нан «пьяный хлеб» деп аталады, себебі ол кейбір гастроэнтерикалық көріністерден басқа алкогольмен мас болғандағы көріністер байқалады. Бас ауруы, бас айналу, құлақта шу, бұлшықеттік әлсіздік, аяқ қол дірілі байқалады. Сонымен бірге қарашықтын кенеюі, бет түсінің ционотикалығы, жүрістін бұзылуы және гастроэтерикалық көріністер байқалады. Айтылған барлық көріністер 2 тәуліктен кейін жоғалады. «Пьяный хлеб» улануының клиникалық көрінісі этиологиясы сияқты толық зерттелмеген.
Тауықтың некроз кезіндегі фузариотоксикозы
2. Споротриеллотоксикоз (алиментарно-токсическая алейкия) - ауыр ауру, Fusarium sporotrichiella саңырауқұлағының микотоксиндер әсерімен байланысты.
Бұл ауру ерте көктем кезінде дамиды, бадамша безінің, жұмсақ таңдайдың және жұтқыншақтың артқы қабырғасын зақымдалумен сипатталады. Ауру аса маңызды емес продрамальды кезеннен басталады. Теріде полиморфты геморрагиялық бөртпелер пада болады, ал кейбір аймақтарда буллезді бөрпелер болады, оның құрамында серозды сұйықтық болады. Сол уақытта ауыз бен мұрынның шырышты қабығында ұсақ бөртпелер пайда болады. Жұмсақ таңдай бадамшасының гиперимиясынан кейін олардың үстінде некротикалық процесстер дамиды.
Бірақ та аурудың сыртқы клиникалық симптомдардың пайда болуына дейін ең алғашқы белгісі қан құрамындағы өзгерістер болып табылады, ол гемопоэздің депрессиясын көрсетеді. Лейкоциттердін санының күрт төмендеуі, аурудың ауыр жағдайларында - 1 мм3 та 100-ге дейін және одан да төмен. Аурудын негізінде қанайналымнын бұзылуы нәтижесінде алейкия жатады. Бірақта уақытысында қолданған шаралар дың нәтижесінде сүйек кемігінің функциясын қалпына келтіру оның өмір сүргіштігін сақтауға мүмкіндік береді.
Патогенез сипатына байланысты ауруды алементарлы - токсикалық алейкия деп атайды. Саңырауқұлақ токсиндеріне үй жануарларының көбісі сезімтал келеді.
Алиментарлы - токсикалық алейкия ауруын алдын алу шараларына далада қыстап шыққан дәндерді қолданбау жатады. Профилактиканың қажетті шарты болып ақуыздарға және көмірсуларға бай тамақтану саналады.
Жануарлар септикалық ангинамен ауыратының ескеретің болсақ, онда қыста далада қалған дәндерді жануарларға жем ретінде қолданылуға болмайды. Көп жағдайда оларды спиртоводочный заводтарға спиртті өндіру үшін жібереді.
3. ( «пьянный хлеб» синдромы) - Fusarium graminearum-мен зақымдалған дәндерден пісірілген өнімдерді қолданғанда туындайтын ауру.
Бұл саңырауқұлақ ОЖЖ - ға әсер ететің, алколойдтарға және холиндерге, азотқұрамды глюкозидтерге жататын токсиндерді продуцирлейді. Бұл жағдайда әлсіздік, бастың ауруы, бастың айналуы, құсу, диарея, іш ауруы байқалады.
Психикалық бұзылыс пен анемия болуы мүмкін. Басқа Fusarium graminearum микотоксиндері - зеараленон - жемдерді қолданғанда, ірі қара мал мен шошқаларда вульвовагиниттерді, абортты, бесплодияны тудыруы мүмкін.
Фузарионивалетоксикоз «қызыл көгерумен» зақымдалған дәндерді қолданғанда туатын ауру. Бұл саңырауқұлақтар трихотецендер тобына Б типіне жататын ниваленон, фузаренон Х микотоксиндерін продуцирлейді.
Бери - бери ауруының жүректік формасы - Жапонияда 1700 жылдан белгілі ауру, Penicillium citreoviridae-мен зақымдалған сарғыш түсті күрішті тамаққа қолданғаннан туындайды.
Цитровиридин микотоксині орталық жүйке жүйесін және жүрек - қан тамыр жүйесін зақымдайды. Өлімге әкелуі мүмкін. P. Islandicum бауырды зақымдайтың исландитоксинді продуцирлейді.
Эрготизм - бұрыннан белгілі бүкіл әлемге белгілі ауру. Өткір формалары летальдықпен сипатталады. Ауру адамда өткір гастроэнтерит және ОЖЖ зақымдалу симптомдары байқалады. Созылмалы түрі құсумен, асқазан - ішек бұзылыстарымен сипатталады. Жыныс мүшелерінін зақымдалуы кезінде бесплодия болуы мүмкін.
Эрготизмнің 3 формасын ажыратады: конвульсивті, гангренозды, аралас. Эрготизмнің конвульсивті формасында бірінші орынға жүйке жүйесінін зақымдалуы тұрады: аяқ және қол саусақтарының парестезиясы, жансыздану, ұйқышандық; опистотонус, жақтың ұйуы болуы мүмкін, ал содан соң қол және аяқтың жазғыш бұлшық еттерінің контрактурасы, ОЖЖ зақымдалуы, естің бұзылыстары туады.
Гангренозды формасында бірінші орында жүрек - қан айналым жүйесінің бұзылуы тұрады: цианоз, қол мен аяқтың ауруы және басқа да симптомдар, қан тамырлардың облитерациясы нәтижесіндегі гангренаның көріністеріне ұқсас. Аурeдың патогенезінің мінезіне байланысты ауруды алиментарлы-токсикалық алейкия деп атайды. Саңырауқұлақтын токсиніне ұй жануарлардың көбісі сезімтал болып келеді. Тағамда F. Sporotrichiella токсины бар екенің тағам экстрактісін құстарға, мысықтарға, тышқандарға еңгізу арқылы анықтауға болады.
Ауыр жағдайда некроздың пайда болуымен гангрена дамиды. Споралардың алкалоидтары жұмсақ бұлшықеттерді, әсіресе жатырдың бұлшықетін қысқартатын қасиетке ие.
4. Афлатоксикоздар- құрамында токсин метаболиттер, афлатоксиндер (As-pergillus flavus және Aspergillus parasiticus) бар, тамақ жегенде пайда болатын ауру.
Бауырдың токсикалық дистрофия кезіндегі микотоксикозы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz