Когнитивті лингвистика мен қазақ тіл білімінің байланысы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   

«КОГНИТИВТІ ЛИНГВИСТИКА»

ДӘРІСТЕР ЖИНАҒЫ

Шымкент, 2021ж.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«КОГНИТИВТІ ЛИНГВИСТИКА»

ДӘРІСТЕР ЖИНАҒЫ

5В011700-Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы студенттеріне арналған

ШЫМКЕНТ, 2021ж.

Дәрістер жинағы пәннің жоспары мен бағдарламасы талаптарына сәйкес құрастырылған және «Когнитивті лингвистика» пәнінен дәрістер жинағына қажетті материалдарды қамтиды

Дәрістер жинағы 5В011700-Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы студенттеріне арналған

Дәрістер жинағы қазіргі дәуірдегі мемлекеттік стандартқа сәйкес және студенттердің білімін толықтыруға арналған лекция мәтіндерінен тұрады.

Бұл тек студенттерге ғана емес, жалпы қазақ әдебиетін оқытушы мұғалімдерге де, жалпы көпшілік қауым үшін де пайдалы болып табылады.

Пікір білдірушілер:

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы (№ хаттама, « » . 2021ж. ) және Филология факультеті әдістемелік комиссиясы отырысында қаралған және басуға ұсынылған (№ хаттама, « » . 2021ж. ) .

Басуға М. Әуезов атындағы ОҚУ-дың Әдістемелік кеңесі ұсынған, хаттама

№ . « » . 2021ж.

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 6

1 Когнитивті лингвистика - жеке ғылым саласы . . . 7

2. Когнитивті лингвистиканың зерттеу тарихы . . . 14

3. Когнитивтік лингвистиканың қазақ тіл біліміндегі көрінісі . . . 19

4. Когнитивті лингвистиканың басқа ғылымдармен байланысы . . . 24

5. Когнитивті лингвистика және тілдік қатынас . . . 27

6. Когнитивті лингвистика және терминология. Когнитивті лингвистикаға байланысты терминтанудың тіл білімінде алатын орны . . . 31

7. Когнитивті лингвистикаға байланысты терминтанудың тіл білімінде алатын орны . . . 31

8. Когнитизм және когнитология . . . 35

9. Когнитологияның жеке тармақтары . . . 42

10. Тіл мен таным бірлестігі . . . 45

11. Тіл және сөйлеу . . . 48

12. Тіл мен сана . . . 48

13. Тілдік таным және ғаламды зерделеу . . . 53

14. Когнитивті лингвистика және тіл білімінің салалары . . . 56

15. Типологиялық семантика. Концептуализация ұғымы . . . 56

КІРІСПЕ

Қазіргі жаһандану процесі ғылым салаларының тоғысу мен бірігуіне ғана ықпал етпей, сонымен қатар тың ғылыми салалардың қалыптасуы мен дамуына да әсер етті. Когнитивті лингвистика - тіл білімінің коғамдық-әлеуметтік орны мен ролінің күшеюіне орай, адамзаттың ой мен тіл, сана мен сөйлеу, таным мен тілдік қарым-қатынас процестерінің бірлескен әрекеті нәтижесінде тілші-ғалымдар алдына жаңа идея, тың ізденісті қажет еткен сала. Бұл - сала жалпы тіл білімі проблемаларымен де, сондай-ак жеке тіл білімі мәселелерімен де тығыз байланысты сала.

Когнитивті лингвистика тіл арқылы қоршағаи ортаны, адамзат қасиеттерін, қоғамдық құбылыстар мен жаратылысты танып-білудің ғылыми-теориялык негідерін қарастырады. Сондықтан когнитивті лингвистика тіл білімінің танымдык багыттары мен аспектілерін әр түрлі қырынан ғылыми негіздейді және адамның таным процесіне қатысты білімін тереңдетіп, тәжірибесін молайтады.

Когнитивті лингвистика пәнінің мақсаты - тіл біліміндегі танымдық теорияның ғылыми негіздерін меңгеру, оның басты тұжырымдары мен негізгі қағидалары арқылы студенттердін ой-өрісін кеңейту.

Қоғам мен ғылымның қазіргі уақыт сұранысына сәйкес дамуы лингвистика ғылымына өзіндік ықпал етіп, тіл білімінде жаңа ғылыми бағыттар мен көптеген тоғыспалы ғылыми пәндерді дүниеге әкелуде. Тіл білімінің когнитология ғылымымен тоғысуы когнитивтік лингвистика ғылымын дүниеге келуіне себеп болды. Когнитивтік лингвистика саласындағы негізгі бағыт тіл мен адам санасын, тіл мен таным жүйесін біртұтас жүйе тұрғысынан қарастыру болып табылады.

Когнитивтік лингвистика дегеніміз - танымдық құрылымдардың лингвистикалық сәйкестіктері мен мүмкіндіктерін анықтау, белгілі бір тілдік жағдайды қойылатын мақсатқа, әсер етуші себеп-салдарға орай әр түрлі тілдік құралдар арқылы сипаттау, олардың әркелкі деңгейде қабылдану өзгешелігін зерделеу. Когнитивтік лингвистика - тілді жалпы танымдық механизм ретінде қарастыратын бағыт. Мұнда тілді философиялық, логикалық және танымдық қағидалармен өзара біртұтастықта қарастырады. Е. С. Кубрякованың анықтамасы бойынша, когнитивтік (лат. когнито білім, түсінік) тіл білімі дегеніміз: «Лингвистическое направление, в центре внимания которого находится язык как общий когнитивный механизм, как когнитивный инструмент - система знаков, играющих роль в репрезентации (кодировании) трансформировании информации» . Демек, когнитивтік тіл білімі табиғи тілдің игерілу, қолданылу механизмін түсіндіруді және ақпараттық білім алудың негізі болып табылатын тілдік модельді жасауды мақсат етеді.

ДӘРІС МӘТІНДЕРІ

1-тақырып. Когнитивті лингвистика - жеке ғылым саласы, зерттелуі

1 Дәріс. Когнитивті лингвистика - жеке ғылым саласы. Когнитивті лингвистиканың зерттеу нысаны - тілдің танымдық теориясы мен танымдық қызмет екендігі. Оның жеке ғылым саласы ретінде қалыптасуы мен дамуы, өзіндік ерекшеліктері. Ой мен сана әрекеттері, олардың тіл арқылы көрінуі. Когнитивті лингвистикадағы сананың рөлі мен маңызы. Таным теориясының тұжырымдамасы, оған тілдік сипаттама. Тіл және таным процесі, тілдің танымдық қызметі, оның басты белгілері. Тілдің басқа қызметтері, олардың бір-бірімен байланысы. Когнитивті лингвистика пәнінің зерттеу обьектісін айқындауға, нақтылауға қатысты ғылыми пікірлер мен көзқарастар

Cабақты өту түрі: Кіріспе дәріс

Қамтылатын мәселелер:

1. Когнитивтік лингвистиканың зерттеу нысаны.

2. Тілдің танымдық теориясы және танымдық қызметі.

3. Ой мен сананың тіл арқылы көрінісі.

4. Когнитивтік лингвистикадағы сананың қызметі.

5. Когнитивті лингвистика туралы ғылыми пікірлер мен көзқарастар.

Қоғам мен ғылымның қазіргі уақыт сұранысына сәйкес дамуы лингвистика ғылымына өзіндік ықпал етіп, тіл білімінде жаңа ғылыми бағыттар мен көптеген тоғыспалы ғылыми пәндерді дүниеге әкелуде. Тіл білімінің когнитология ғылымымен тоғысуы когнитивтік лингвистика ғылымын дүниеге келуіне себеп болды. Когнитивтік лингвистика саласындағы негізгі бағыт тіл мен адам санасын, тіл мен таным жүйесін біртұтас жүйе тұрғысынан қарастыру болып табылады.

Когнитивтік лингвистика дегеніміз - танымдық құрылымдардың лингвистикалық сәйкестіктері мен мүмкіндіктерін анықтау, белгілі бір тілдік жағдайды қойылатын мақсатқа, әсер етуші себеп-салдарға орай әр түрлі тілдік құралдар арқылы сипаттау, олардың әркелкі деңгейде қабылдану өзгешелігін зерделеу. Когнитивтік лингвистика - тілді жалпы танымдық механизм ретінде қарастыратын бағыт. Мұнда тілді философиялық, логикалық және танымдық қағидалармен өзара біртұтастықта қарастырады. Е. С. Кубрякованың анықтамасы бойынша, когнитивтік (лат. когнито білім, түсінік) тіл білімі дегеніміз: «Лингвистическое направление, в центре внимания которого находится язык как общий когнитивный механизм, как когнитивный инструмент - система знаков, играющих роль в репрезентации (кодировании) трансформировании информации» . Демек, когнитивтік тіл білімі табиғи тілдің игерілу, қолданылу механизмін түсіндіруді және ақпараттық білім алудың негізі болып табылатын тілдік модельді жасауды мақсат етеді.

Ғылым үздіксіз дамып толығып отыратын күрделі үдеріс болғандықтан, қазақ тіл білімінің әлі де түпкілікті зерттеуді қажет ететін салалары мен мәселелері баршылық. Сол салалардың бірі - когнитивтік лингвистика мәселелері. Когнитивті лингвистика ғылымына қатысты айтылатын «когнитология», «когнитив» терминдерін қазақ тілінде «таным» термині арқылы беріліп жүр. Танымды танымдық ғылым немесе тілдің танымдық сипатын зерттеуші антропоцентристік бағыттағы тіл біліімінің үлкен бір саласы деп атауға болады. Когнитивтік лингвистика - тілдің танымдық табиғи болмысын зерттейтін ғылым және бұл - бүгінгі күні ғылыми айналымда жүрген танымдық тіл білімінің термині. Таным дегеніміз адамның ішкі мүмкіндіктерін сыртқы әсер етуші күштермен байланыстыратын, оның қоршаған әлеммен тұтасқан болмысын сипаттауға мүмкіндік беретін және аралық қатынасты табиғи заңдылық ретінде немесе заттар мен құбылыстардың өзара әсер етуінің салдары деп дәйектейтін маңызды ұғымдардың бірі болып табылады. Танымның негізгі мақсаты - ғаламдағы құбылыстардың ішкі және сыртқы табиғатын адам санасы мен таным білігі жеткенше жетік меңгеру, соны суреттеу және оның қорытындысы ретінде адам баласы іс-әрекеттерінде, көрген, білген, түйсінген, таныған дүниесін өмірде өз қажетіне жарату. Ал когнитивтік лингвистиканың теориялық ұстанымдары осы танымдық элементтердің адам санасында жүзеге асу, қызмет ету өзгешеліктерін зерттеуге айтарлықтай үлес қосты.

Когнитивтік терминдер сөздігінде когнитивтік лингвистикаға мынадай анықтама беріледі: «Когнитивная лингвистика - это «лингвистическое направление, в центре внимания которого находится язык как общий когнитивный механизм, каккогнитивный инструмент-система знаков, играющих роль в репрезинтаций (кодировании) и трансформировании информации». Яғни, аталмыш ғылым саласы - әлемді, қоршаған ортаны тіл арқылы танудың басты құралы. Жай ғана таным арқылы объективті дүниені тану танымның төменгі сатысын құраса, оны (қоршаған ортаны) тіл арқылы тану танымның жоғарғы сатысын құрайды. Осыдан әлемнің, белгілі бір ұлттың тілдік бейнесі келіп шығады. Мысалы, бесік жай таным бойынша ағаштан жасалған, баланы тербетуге арналған құрал болса, оны тіл арқылы тану сол бесік негізінде санада сіңірілген қазақ халқының танымы, білімі, тәжірибесі болып табылады («тал бесік», «жер бесік», «ел болам десең бесігіңді түзе» т. с. с. ) .

Соңғы уақытта шыққан қазақ тіл білімі мен жалпы тіл біліміне қатысты терминдердің басын біріктірген үлкен еңбектердің бірі профессор Ғ. Қалиевтің: «Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігінде» адам танымын, танымдық механизмдерін, тіл мен танымның бірлестігін зерттейтін когнитивтік лингвистика ғылымына мынадай анықтама беріледі: «Когнитивтік тіл білімі орыс. - когнитивная лингвистика (лат. cognitіo білім, түсінік) - табиғи тілді сана әрекетінің көрінісі, ойдың тікелей шындығы ретінде зерттейтін тіл білімінің саласы. Когнитивтік тіл білімі табиғи тілдің игерілу, қолданылу механизімін түсіндіруді және соған лайық оның моделін жасауды мақсат етеді. Ол үшін ниет, ес, еске сақтау, түсінік, жоспарлау, басқару сияқты сөйлеуге қатысты тілдік, психологиялық, физиологиялық т. б. ақпараттардың басын біріктіретін когнитивтік категориялар пайдаланылады. Когнитивтік тіл білімі тілдің көмегімен ақпараттың берілу, сақталу тэсілдері мен құрылымы жайында түсінікті кеңейтеді және машиналық аударма, ақпараттық-ізденіс, есептеу жүйесімен т. б. байланысты бірқатар қолданбалы міндеттерді шешуге мүмкіндік береді» - деген анықтама береді.

Алғаш «когнитивтік лингвистика» деген термин 80-ші жылдары М. Бирвиштің еңбегінде сөз болған. Дегенмен, тілдік құбылысты когнитивтік тұрғыдан зерттеу 60-70-жылдары американдық Хомский, Лакофф, Коок т. б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылады. Сонымен қатар когнитивтік тіл білімінің жаңа бағыт ретінде зерттелуінде В. Гумбольдт, Э. Кассирер, Л. Витгенштейн, Дж. Миллер, Ф. де Соссюр, Бодуэн де Куртенэ, Э. Сепир, Б. Уорф т. б. ғалымдардың ықпалы күшті болды. Орыс тіл білімінде когнитивтік лингвистиканың өзекті мәселелері Ю. А. Сорокин, Е. С. Яковлева, Е. С. Кубрякова, В. Н. Телия, А. Вежбицкая, А. П. Бабушкин, С. А. Аскольдов, А. Н. Баранов, Д. О. Добровольский, И. Д. Арутюнова, Н. Н. Болдырев, Э. Д. Попова, И. А. Стернин, Ю. Н. Караулов, В. А. Маслова сияқты зерттеушілердің еңбектерінен көpiнic табады. Аталған ғалымдардың зерттеу еңбектерінде когнитология ғылымының нысаны, бағыт-бағдары, зерттелуі негізгі ұғымдары сөз етіледі.

Ал осы когнитивтік лингвистика ғылымының маңызы туралы В. А. Маслова мынадай ой айтады: «Когнитивная лингвистика доплняет анализ языка анализом речи, различных контекстов употробление соответствующих лексем, зафиксированных в текстах суждений о концепте, его определений в разных словарях и справочниках, анализом фразеологии, пословиц, поговорок, афоризмов, в каторых концепт репрезентирован».

«Когнитивтік лингвистика» қазақ тіл білімінде ХХ ғасырдың 90-жылдары мен ХХІ ғасырдың алғашқы жылдары ғана зерттеле бастаған ғылым саласы. Когнитивті лингвистика - антропоцентристік парадигма шеңберінде қалыптасқан тіл білімінің жаңа саласы. Қазақ лингвистикасында антропоцентристік бағыттың алғашқы нышандары қазақ тіл білімінің негізін қалаушы ғалымдар А. Байтұрсынұлы, Қ. Жұбанов, С. Аманжолов, І. Кеңесбаев Ғ. Мұсабаев, М. Балақаев, Н. Сауранбаев, Ә. Қайдар, Р. Сыздық, Ш. Сарыбаев, Н. Оралбаева, Ғ. Қалиев, Н. Уәли т. б. еңбектерінде қарастырылып, тіл мен ойлау арасындағы сабақтастық мәселесі сөз болды. Бұл кезеңде жалпы тілтану ұғымы алғаш қолданысқа ене бастаған кезең, дегенмен, қазақ тіл біліміндегі танымдық бағыттың қалыптасып, алғаш танымдық тұжырымдар жасалған. Бүгінгі күні бұл лингвистикалық бағыттың өзіндік ұғым-бірліктері, ұстанымдары, ғылыми-теориялық негіздері дамып отыр. Антропоцентризм - грекше «anthropos» - «адам», ал «сentrum» латын сөзі - «орталық» дегенді білдіреді. Яғни, адам болмысын табиғат әлеміндегі өзге де болмыстарға қарсы қоя отырып қарастыру, өмірдегі болып жатқан құбылыстарды адам факторымен байланыстыратын ғылыми бағыт, тілді адам болмысымен өзара бірлікте қарастыруды мақсат етеді. Тілді антропоцентризм тұрғысынан қарастыру адамның ақыл-ойы, санасы, дүниетанымы, көріп білген өмір тәжірибесі, т. б. әрекеттерін тіл арқылы жеткізу болмақ. Антропоцентристік парадигма өз шеңберінде лингвомәдениеттану, когнитивтік лингвистика, лингвопсихология сияқты жаңа бағыттарға жол ашады. Антропоцентристік бағыттағы зерттеулер төмендегідей когнитивтік құрылымдарға ерекше мән береді: қабылдау, ойлау, тіл, есте сақтау, әрекет ету т. б.

Когнитивтік лингвистиканың зерттеу мен оқыту барысында әлем елдері алдыңғы қатарға шығып, озық нәтижелерге қол жеткізуде. Ал қазақ тіл біліміндегі танымдық бағыт бүгінгі күннің сұранысын өтеуден туындаған және алдыңғы қатарлы елдермен теңесуге деген талпыныстан туындаған қажеттілік. Тіл біліміндегі когнитивтік лингвистика - ғылымының өзіндік қалыптасу тарихы, ғылыми мақсаты мен белгілі бір зерттеу нысаны бар ғылым саласы. Бүгінгі күні бұл саланың бағыты біршама қалыптасып өз арнасын айқындап алды. Тілдің жүйелі-құрылымдық сипаты қазақ тіл білімінде де мейлінше жан-жақты зерттелді. Қазақ тіл біліміндегі когнитивтік бағыттың қалыптасуында Э. Д. Сүлейменова, Н. Ж. Шаймерденова, Г. Г. Гиздатов, Ж. Манкеева, Қ. Жаманбаева, Г. Смағұлова, Б. Хасанов, Б. Қасым, А. Ислам, Э. Оразалиева еңбектерінің маңызы зор.

Сонымен қатар, қазақ тіл біліміндегі когнитивтік лингвистиканың қалыптасуын Э. Оразалиеваның бес парадигмаға жіктеп қарастыруы көптеген ғалымдар мойындаған концепциялардың бірінен саналады. Ғалымның қазақ тілтаным ғылымының даму кезеңдерін:

І кезең: «тілтану»парадигмасының қалыптасуы - ХХ ғасырдың 20-45 жж, негізгі өкілдері: А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, С. Аманжолов және т. б.

ІІ кезең: тілдік бірліктердің танымдық парадигмасы - ХХ ғасырдың 45-70 жж, негізгі өкілдері: Н. Сауранбаев, Ғ. Мұсабаев; М. Балақаев, І Кеңесбаев.

ІІІ кезең: тілтанымдық қағидалардың жалпы теориялық парадигмасы - ХХ ғасырдың 65-85 жж, негізгі өкілдері: К. Аханов, Т. Қордабаев, Ә. Хасенов т. б.

ІҮ кезең: тілтанымдық этюдтар парадигмасы - ХХ ғасырдың 70 жылдары мен аяқ шені, негізгі өкілдері: Ә. Қайдар, Р. Сыздық, Ш. Сарыбаев, Ә. Болғанбаев, Е. Жанпейісов, Т. Жанұзақ, С. Исаев, Ө. Айтбаев, М. Серғалиев, Ж. Манкеева т. б.

Ү кезең: қазіргі когнитивтік парадигмалар - ХХ ғасырдың аяғы мен бүгінгі күндер деп бөледі [6] .

Сондай-ақ қазақ тіл білімінде когнитивтік лингвистика ұстанымдарын бүгінгі күні жан-жақты зерттеп жүрген ғалымдардың бірі - Э. Д. Сүлейменова. «Когнитивтік лингвистикада тіл адамзат ақыл-ойының ажырамас бөлшегі ретінде білім қабылдау, түсіну, ойлау секілді ұғымдармен қатар тұратын құрылым тұрғысынан қарастырылады» - деп айқындайды [7] .

Қазақ тілін когнитивтік зерттеуге арнаған алғашқы жұмыстардың бірі ретінде Қ. Ә. Жаманбаеваның «Тіл қолданысының когнитивтік негіздері: эмоция, символ, тілдік сана» атты монографиясын атауға болады. Бұл жұмыста тілдік сана құрылымы, гештальт теориясы, тілдік сана және мәтін құрылымы, тілдік модельдер, мұң концептісі т. б. когнитивтік мәселелер қарстырылған [8] . Профессор Ж. Манкеева да М. Бирвиш, Хомский, Лакофф, Коок, Г. В. Колшанский, Ю. Д. Апресян және тағы басқалардың есімдерімен байланысты когнитивтік лингвистиканың пайда болуы мен дамуына тоқталып, аталмыш ғылымның маңыздылығын айрықша атап өтеді [9] .

Когнитивтік бағытта Г. Гиздатовтың «Сөйлеу қызметіндегі когитивтік модельдер: типологиясы мен динамикасы» атты докторлық диссертациясы қазақ тіліндегі алғашқы зерттеу болып табылады. Докторлық диссертацияда адам санасындағы білімнің көріну деңгейі, берілу тәсілдері, құрылымы мен динамикасы қарастырылған.

Когнитивтік тіл білімі табиғи тілдің игерілу, қолданылу механизімін түсіндіруді және соған лайық оның моделін жасауды мақсат етеді. Ол үшін ниет, ес, еске сақтау, түсінік, жоспарлау, басқару сияқты сөйлеуге қатысты тілдік, психологиялық, физиологиялық, т. б. ақпараттардың басын біріктіретін когнитивтік категориялар пайдаланылады. Когнитивтік тіл білімі тілдің көмегімен ақпараттың берілу, сақталу тәсілдері мен құрылымы жайында түсінікті кеңейтеді және машиналық аударма, ақпараттық-ізденіс, есептеу жүйесімен т. б. байланысты бірқатар қолданбалы міндеттерді шешуге мүмкіндік береді. Когнитивтік лингвистика ғылымы тек лингвистика мен когнитология ғылымының байланысынан ғана емес, логика, философия, психология, физиология секілді күрделі ғылым салаларымен де тығыз байланысты. Ғалымдардың пікірінше, әлемдік тіл білімінде әлем бейнесін когнитивтік тәсілдердің көмегімен зерттеудің мүмкіндігі мол екендігі айтылады.

Қорыта келгенде, когнитивтік лингвистика - жеке ғылым саласы. Тіл динамикалық құбылыс болғанннан кейін, ол заман ағымына сай түрленіп, толығып отыратыны сөзсіз. Когнитивтік лингвистиканың пайда болуы адам санасы негізінде қордаланған білімнің танымдық сипатының тіл арқылы көрініс табуының нәтижесі деп білуге болады. Бұл жаңа ғылыми парадигма тұтас ұлтты тануға, адамзат танымының тамырластығын білуге, осы арқылы белгілі бір ұлттың немес әлемнің бейнесін жасауға жәрдемдесетіні сөзсіз.

Әлемдік және отандық тіл білімінің қазіргі таңдағы дамуы лингвистикалық зерттеулердің антропоцентристік бағытталуымен сипатталады, тілді ішкі жүйелік (системоцентрического) талдаудан антропоцентристік талдауға көшу ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың басындағы тіл білімінің есте қаларлықтай ерекшеліктерінің бірі болып табылады, өйткені тілдік құбылыстарды зерттеуде лингвистика тек қана тілдік, атап айтқанда адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауы, пікір алысып өзара түсінісуі, дыбыстық, сөз құрамы грамматикалық тәсіл жүйесімен шектеліп қала алмайды.

Қазіргі лингвистика тілді адаммен, объективтік шындықты идеалды түрде бейнелеудің адамға ғана тән жоғарғы формасы оның ақыл-ой, санасымен ойлауы, рухани ішкі дүниесімен тығыз байланысты зерттеуге бағытталады. «Адам және тіл» мәселесі соңғы уақытта мол өзектілікке ие болуда, өйткені тілді сәйкестендіре, адекватты зерттеу ісі оның өз шегінен шығып, табиғат пен қоғамдағы белгілі бір ортада өмір сүретіндердің тобына жүгінгенде ғана мүмкін болмақ, себебі, тіл адамды адам ететін айрықша белгі, ерекше нышан қасиетімен танылады.

Әрине, тіл пайда болған күннен бастап адамзаттың өз ойын басқаға жеткізу үшін тәжірибесі жинақталып, алыптасады. Осымен байланысты оған қатысты тілдік бірліктердің табиғатын тануда тілдің когнитивтік (танымдық) қызметі ерекше. Бұл - тілдік ойды жарыққа шығару құралы. Когнитивтік қызметтен тілдің танымдық, зат деректік (деноттаттық), әйгі етіп мәлімдеу (референция) қызметтері бірге танылады. Яғни тіл - тек заттың, ұғымның аты ғана емес, ол халықтың белгілі бір кезеңдегі таным-түсінігі, өмір салтының жемісі, сол себепті тіл әлеуметтік құбылыстардан тыс өмір сүрмейді.

Адам баласының таным-түсінігі толысқан сайын өзіне дейінгі ұрпақтар жасаған мұраларды зерттеп, игеруге деген қажеттілігі арта түспек. Бүгінгі таңдағы ғылыми түсінік ғылымды да, әдебиет пен өнерді де, ел-жұрттың білім өрісі мен сауатын да, ойдың оралымдылығы мен тілдің құнарын да «адам және тіл» аясына сыйғызады. Сондықтан да «адам және тіл» когнитивті лигвистикалық өзекті мәселесіне айналып отыр. Когнитивтік лингвистика лингвистикалық зерттеулердің шеңберін маңызды түрде күшейте түсетін қазіргі антропоцентристік парадигмалар шегіндегі когнитивизм негізінде туындайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Когнитивті лингвистика-жеке ғылым саласы туралы ақпарат
Когнитивті лингвистика ғылымының теориялық мәселелері
Сөздер мен сөйлемдер құрылысы – адамның дүниетану жетістігі
АНТРОПОӨЗЕКТІК ПАРАДИГМА БАҒЫТТАРЫ
Когнитивтік лингвистика тілдің танымдық табиғи болмысын зерттейтін ғылым
Когнитивті лингвистика пәні, оның зерттеу объектісі. Когнитивтік лингвистиканың калыптасу тарихы
Қадыр Мырзалиевтің тілдік тұлғасы
Әлем бейнесі және әлемнің тілдік бейнесі ұғымдары
Тілдің танымдық қасиеті
ТІЛ ҚЫЗМЕТІНІҢ КОГНИТИВТІК 6 НЕГІЗДЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz