Педагогикалық мамандықтың пайда болуы және қалыптасуы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

I. КІРІСПЕ . . . 3

ІІ. ПЕДАГОГ МАМАНДЫҒЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОҒАМДАҒЫ РӨЛІ . . . 6

2. 1. Педагогикалық мамандықтың пайда болуы және қалыптасуы . . . 6

2. 2. Педагогтың кәсіби іс - әрекеті және оның тұлғасы . . . 14

2. 3. Педагогикалық іс-әрекеттің мәні . . . 17

2. 4. Педагогикалық мамандық пен оның қоғамдағы маңызы . . . 26

III. ҚОРЫТЫНДЫ . . . 30

ІV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 32

I. КІРІСПЕ

Педагогика бұл-адамзат ғылымының ең ежелгі және қоғам дамуының ажырамас саласы болып табылады. Себебі: педагогикалық білім ұғымы ұрпақты білімге дайындау немесе тәрбиелеу мен байланысты адам әрекетінің ерекше аймағына кіреді. Педагогика барлық ғылымдар сияқты философия ғылымы аясында қарастырылды. Ежелгі грек философтарды Гераклит, Демокрит, Фальс, Сократ, Аристотель, Платон, т. б. ғылымдарының педагогикаға қосқан үлесі зор. «Педагогика» деген ұғым көне грек елдерінде б. э. б. 2, 5 жылда пайда болған дейді. Педагогика деген сөз, яғни тәрмин, көне грек тілінен шыққан, ол балаларды ертіп жүру, баланы жетектеп мектепке апаруы деген сөз. Анығырақ айтатын болсақ, "Педагогика" тер¬мині гректің екі сөзінен: "пайс" - балалар және "эгейн" - ба¬ланы басқару, тәрбиелеу, жетектеу, бағу ұғымдарынан шыққан. Адам өмір бойы тәрбиеленеді және қайта тәрбиеленеді. Пе¬дагогика - бала жайындағы ғылым, олай болса ол ұрпақ тәрбиесі жайындағы ілім. Адам баласының ұрпағы үнемі жаңарып, өзгеріп отырғандықтан, педагогика ілімі де үнемі өзгеріп отырады. Қазіргі кезде тәрбиенің ықпал жасау аясы кеңейе тусуде. Сондықтан "педагогика - бала тәрбиесі жайындағы ғылым", -деп шек қоюға болмайды. Педагогиканың ғылыми таным саласы - тәрбие. Педагогика қоғамдық өмірдегі тәрбиенің мәні мен рөлін анықтайды. Педагогика - жалпы адам тәрбиесі жайындағы ғылым . Ал тәрбие - жастарды әлеуметтік өмірге және еңбекке даярлап, оларға қоғамдық тарихи тәжірибені үйрету процесі.

Жас ұрпақ тәрбиесі қай заманда болмасын уақыт сөресінен түскен емес. «Бір баланы адам етіп өсіргенше бір шаһар апат болады» дейді Шығыс даналығы. Ал, жеке тұлғаның адамгершілігін қалыптастыру үшін қыруар уақыт пен тер төгетін үлкен жауапкершілік қажет. Халық мұғалімі - жас ұрпақтың рухани дүниесінің мүсіншісі, ол- өзінің ең қымбаттысы, ең құндысы саналатын балаларға өзінің үмітін артып, болашағын сеніп тапсыратын қоғамның сенімді өкілі. Осы аса ізгі және өте қиын кәсіп ұстаздан өз өмірін оқу- тәрбие ісіне арнаған тұрақты шығармашылықты талап етеді.

Мұғалімнің сыртқы келбет мәдениеті, өзін- өзі басқару шеберлігі, мұғалімнің моральдық қасиеттеріне қойылатын талаптар оқу- тәрбие жұмысының табиғатына қарай күн сайын жаңарып, жаңа сипатқа ие болуда. Мұның өзі қоғамның үздіксіз дамуынан, ғылым мен техниканың өркендеуінен туындап отыр.

Ахмет Байтұрсынов: «Ең әуелі мектепке керегі- білімді, педагогика әдістемесінен хабары мол, оқыта білетін мұғалім», - деген болатын.

Мұғалімнің кәсіптік мәдениеті туралы Н. К. Крупская, С. Т. Шацкий, А. С. Макаренко, К. Жарыкбаев, Ш. Т. Таубаева еңбектерінде кеңінен сөз болып, мұғалімнің әдеби, сөйлеу шеберлігі, шешендік қасиеті, дауыс дикциясы, сыртқы бейнесі жөнінде келелі әңгіме қозғалады. Мұғалімге қарапайымдылық, ұқыптылық, жинақтылық тән болуы тиіс. Мұғалімнің киімі, қозғалысы, шаш үлгісі сәнді болып келгені абзал. Мұғалімнің әлеуметтік беделін көтеруде оның сабырлылығы, сергектілігі, мейірімділігі мен кішіпейілділігі де зор рөл атқарады.

Білімдар мұғалімнің сөйлеу техникасы мен адамды түсіну білуі, басқа адамды елітіп әкетуі басым болады.

Педагогикалық әдеп- мұғалімнің кәсіптік сапасы және кәсіптік ерекшелік белгісі. Кейбір мұғалім, кәсібін айтпай- ақ, өзінің әділдігімен, ілтипаттылығымен өзінің мамандығын сырт көзге айқындап тұрады. Мұғалімнің ашу үстінде ешқандай шешім қабылдамауы пайдалы. Болашақ ұстаздар өз ісінң әрбір қыр- сырын жетік игеру жолында кәсіптік сапаларды толық меңгерсе, бүгінгі қоғамымызды байытатын, дамытатын, жаңартатын адам тәрбиелеуге мол мүмкіндік ашылатыны күмәнсіз. Мектепте білім алу-бала өмірінің маңызды кезеңдерінің бірі. Қандай білім беру жүйесінен және қандай мұғалімнен білім алғаны баланың үлгеріміне және жеке тұлғалық қалыптасуына байланысты болады. Кәсіби шеберліктің құрылу процесі білімінің жүзеге асуы мен қалыптасуын ғана емес сонымен қатар оның тұлғалық қалыптасуын да қарастырады. Мұғалімнің кәсіби шеберлігіне байланысты мәселелер көптеген жауапкершілікті талап етеді. Қазақстандағы жалпы білім беретін және кәсіби білім беретін мектептердегі жүргізіліп жатқан реформалар өзінің педагогикалық жүйесінде принципті өзерістерді қажет етеді. Қазіргі кезеңде білім беру мақсаттары өзгеруде, оқу ақпаратының мазмұны жаңаруда, педагогикалық коммуникация құралдары, және педагогикалық әсер етудің объектісі- оқушылар да айтарлықтай өзгеруде. Осы факторлардың барлығы педагогикалық кәсіби шеберлігінің деңгейін жоғарлатуды талап етеді. Оқу процесінің жаңаруына қажетті шарт кез-келген педагогикалық жүйенің басты тұлғасы болып табылатын оқытушылардың педагогикалық шеберлігін арттыру болып саналады.

Жаңа әлеуметтік тұрғыда мұғалімнің кәсіби шеберлігінің қалыптасуы - оның кәсіби шеберлігі мен білімінің жоғарғы сапасын қамтамасыз етеді. Педагогтардың жалпы және кәсіби шеберлігін дамыту мәселелеріне Н. Кузьмина, А. Щербаков көңіл аударған.

Қазіргі заманғы білім беру жүйесі оқытушылардың кәсіби шеберлігі мәселесін күрделендіріп отыр. Өйткені дәл қазіргі таңда оқушылардың жалпы және рухани мәдениетін мұғалім анықтайды. Педагогикалық энциклопедияда педагогикалық шеберлікке мынадай анықтама береді. Өзінің аты бойынша балаларды сүйетін және өзнің тәрбиелеу және білім беруін барлық уақытта жоғары деңгейде жаңалап отырады. Педагог- өз ісінің шебері. Бұл дегеніміз жоғары мәдениетті, өз пәнін терең білетін, өзіне тиісті ылым және мәдениет салаларымен жақсы таныс, психологиялық мәселелерін практикалық түрде талдай білетін, тәрбиелеу мен білім беру әдістемесін терең меңгерген маман. Осылайша, педагогикалық шеберліктің маңыздылығын кәсіби әрекеттерді ұйымдастырудың жоғарғы деңгейін қамтамасыз етуші жекелік қасиеттердің жиынтығы деп көрсетеді. Бұл қасиеттерге оқытушы әрекетінің гуманистік бағытталуы, кәсіби білімі, педагогикалық ерекшеліктері жіне педагогикалық техникасы жатады.

Ғылымда сонымен бірге педагогтың меңгеруі қажетті нәрсе- педагогикалық технология деген түсінік бар. Педагогикалық түсінік дегеніміз- тәрбиеленушілерге әсер етуші әдістер мен тәсілдерді меңгеру. Сонымен қатар әртістіктің кейбір әдістерін игеру, сөйлеудің, демалудың, дауыс көтерудің, мимиканың әдістерін білу. Егер бала нашақормен, қылмыскермен немесе маскүнеммен бірге қиын жағдайға ұшырап қалса мұғалім олармен әңгімеде тіл таба білуікерек және жай ғана сөйлесіп қана қоймай оларды сендіріп, әсер ете білуі керек.

ІІ. ПЕДАГОГ МАМАНДЫҒЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОҒАМДАҒЫ РӨЛІ

2. 1. Педагогикалық мамандықтың пайда болуы және қалыптасуы

Мұғалім мамандығы ертеден келе жатқан көне мамандықтардың бірі. Адамзат баласы өзінің жинақтаған тәжірибесін келер ұрпаққа жеткізіп отырмаса, даму процесі болмас еді. Сондықтан да қоғам алдында тәрбиеші мамандығына деген қажеттіліктер туындады.

Ерте замандарда алғашқы ашылған мектептерде мұғалім қызметін абыздар атқарды. Олар балаларға жазуды, сызуды музыкаға үйретті. Ежелгі Греция елінде мектептегі сабақ беретін мұғалімді « дидаскалар» деп атаған. / грек «дидаска» - оқытамын/, ол мектепке баратын баланы жетектеген құлды «Педагог» яғни / грек - бала жетектеуші/ деп атаған. Ежелгі Рим мемлекетінде мәдениет, ғылым және өнер қоғамдық өмірде үлкен орын алды. Бұл саладағы білімді таратушы мұғалімдер болады, сол себепті мұғалімдердің жан - жақты білімді адамдар болуы тиіс еді. Рим мемлекетінде мұғалімдерге ерекше көңіл бөлініп, олар қоғамда ерекше статусқа ие болды. Кейін мұғалімдердің көбі мемлекет қызметкерлері болып қызмет атқарды.

Алғашқы мектептер ежелгі Шығыс елдерінде - Вавилон, Ассирия, Египет, Үндістан, Қытай және т. б. елдерде пайда болды. Алғашқы мектептер туралы жазбаша деректер б. з. б. 2500 жылы Египет жазбаларында кездеседі.

Шығыс мәдениеті белгілі дәрежеде ертедегі Греция мен Рим мемлекеттеріне әсерін тигізді. Ертедегі Шығыс елдеріндегі мектептерде негізінен үстем тап өкілдерінің балалары оқыды. Сонымен қатар Кіші Азияда және Египетте мектептер дами бастады. Адамдар табиғат құбылыстарына бақылау жүргізе бастайды, су тасқынын алдын-ала анықтауды үйренеді, астрономия, геометрия, арифметика, медицина сияқты ғылымдардың негіздері қалана бастады. Осы мәліметтердің барлығы үстем тап өкілдерінің қолында жинақталған. Ертедегі Қытайда төменгі және жоғары мектептер жұмыс істейді. Жоғары мектептерде үстем тап өкілдерінің балалары күрделі пероглиф тәсілімен оқуға және жазуға үйренді, илософия және мораль жазушылар мен ақындардың шығармаларын оқып үйренді. Онда астрономиядан кейбір мәліметтер берілді. Ертедегі қолжазбаларда (Қытай, Индия, Мысыр және т. б. ) тәрбие туралы мұғалім мен тәрбиеге қойылатын талаптартуралы құнды ойлар кездеседі. Бұл мектептерде қатаң тәртіп, дене жазалауды кеңінен қолданылады.

Ертедегі Шығыстың, Греция мен Римнің құлиеленуші мемлекеттерінде тәрбиенің алғашқы жүйелері қалыптаса бастайды, алғашқы педагогикалық теориялар дүниеге келеді.

Ертедегі Египетте мектепте оқыту туралы алғашқы мәліметтер б. э. дейінгі 3 мың жылдықтарға жатқызуға болады. Мыңдаған жылдар бойы Нил сағасында белгілі психологиялық жеке тұлға қалыптасты. Ертедегі египеттіктердің идеялы көзге сараң, дағдырдың қиындығы мен соққысына шыдай білетін, табанды адам болып табылады. Осындай адамды оқыту және тәрбиелеу мақсатын қойды.

Орта ғасырларда мектептер шіркеу жанында орналасты. Бұл мектептерде сабақты педагогикалық мамандыққа икемі бар дін басылар берді. Бұл мұғалімдер класта әрбір оқушымен жеке дара жұмыс істеді. Капитализм дәуірінде мұғалімдік мамандықтың қоғамдағы жағдайы біршама ілгері басты. Мұғалімдерге арналған семинарлар, училищелер ашылды. Бұл мемлекет тарапынан талаптардың қойылуына байланысты еді.

Қазақстанда мұғалімдер кадрларын дайындаудың тарихи жайында сөз қозғасақ, алғашқы жоғары білімді маман даярлайтын оқу орындары ашылғанға дейін педагогикалық жоғары оқу орнын ашудың қажеттілігі күннен - күнге арта түсті.

1928ж. РСФСР және Қазақ АҚСР халық комиссарлары кеңесінің шешіміне сәйкес Ташкент қазақ педагогикалық институты Алматыға көшірілді де, Қазақтың мемлекеттік педагогикалық институтына айналды. Оның бірінші ректоры профессор С. Ж. Асфендияров болды. Республикада алғаш ұйымдасқан қазақ педагогикалық институты 1931 жылы бірінші рет өз түлектеріне өмірге жолдама берді.

Ғылым адам баласы ой - санасының, дүние танымының өсуіне байланысты бірте - бірте дамып, қалыптасады. «Педагогикалық білім өсіп келе жатқан әулетті тұрмысқа дайындауға немесе тәрбиеге бағышталған адамзат іс - әрекетінің ерекше бір саласына кіреді» / Педагогика., Ж. Әбиев, С. Бабаев, А. Құдиярова/ Педагогика термині көне грек тілінен шыққан. Басында бала тәрбиесі туралы ғылым «педалогия» деп аталып, кейін жалпы адам тәрбиесі туралы ғылым болып дамыған.

Педагогикалық мамандықтың пайда болуының өзіндік объективтік негізі бар. Ғасырлар бойы ата - баба тәжірибелерінен мұра боп жинақталып, игеріліп, меңгерілген шығармашылық тәжірибелерді келер буын жас ұрпақтың бойында сіңдіріп, дамытпайынша, қоғам дамымайды да және өмір сүру мүмкін емес. Яғни, тәрбие - жастарды әлеуметтік өмірге және еңбекке даярлау, оларға қоғамдық - тарихи тәжірибені үйрету үрдісі. Педагогикалық мамандықтың пайда болу кезеңінен бастап, мұғалімнің басты функциясы - тәрбиелеу. «Тәрбие» термині тар мағынада тәрбиеші мақсат қойып тәрбиелейді, кең мағынада «өмір тәрбиелейді» деп қолданылады. тәрбие күрделі процесс, оған ғалымдар түрлі анықтамалар берген. Шығыстың ғұлама ғалымы әл - Фараби пайымдауынша : «адамға ең бірінші тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген ғылым - апатқа әкелер…» деп тәрбиесіз берілген білімді сыңар қанатты құспен теңеген.

Баланың тұңғыш ұстазы- оны мектеп табалдырығын алғаш аттағанда күтіп алып, әріп танытып, жазуға үйрететін мұғалімі. Әдетте, «ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген мағынада оқушының бойына шынайы білім-білік дағдыларын дарытып, зердесіне ғылыми негіздерін тоқыта алған, бүлдіршінді майталман бағбандай мәпелеп баулып, үйренген нәрселерін өмірде, іс жүзінде қолдана білуге жаттықтыра алған сөзі, істеген ісі, парасат- пайымы, инабаты, білімінің тереңдігі мен жан-жақтылығы арқылы шәкірттеріне ең беделді үлгі бола алған адам ұстазға саналады. Екінші сөзбен айтқанда, ұстаз- адамдардың өмірге көзқарасын, сенімін қалыптастыратын, оларға өмірден өз жолын дұрыс таба білуге көмектесетін, айналасына білім - тәрбие нәрін шашып, адамгершілік нұрын төгетін қоғамдық қайраткер, ойшыл тұлға. Ол жеке адамдардың өмірінің дұрыс бағытта дамып, көркеюіне себепші болып, олардың тағдырына шапағатты із қалдыратын өмір тәжірибесі мол дана адам болып табылады.

Демек, мектепте басты тұлға - мұғалім. Мемлекеттің білім саясаты осы мұғалімдер арқылы жүзеге асырылады. Ал мұғалімдер қауымының алдында тұрған басты мақсат - рухани жан дүниесі бай, жан - жақты дамыған, жеке тұлғаны қалыптастыру, яғни қазіргі таңның басты мақсаты болып есептеледі.

Мұғалім - тәрбиеші, әрі тәлімгер. Бұл оның адамдық, азаматтық борышы. Педагогтық мамандықтың өзіндік ерекшеліктері бар. Ол - өте күрделі және сан қырлы. Педагогтың мамандық иесі адамнан ең алдымен терең және жан- жақты ғылыми білімді болуын, мамандықтың шеберлігі шыныққандықты, саяси - адамгершілік сапаларды, мықты ерік қасиеттерді, адамшылық пен ұстамдылықты талап етеді. Мұндай зор талап өз өмірлерін жас ұрпақты тәрбиелеу ісіне арналған педагогтық оқу орындарының студенттеріне көптеген міндеттер жүктейді. Болашақ мұғалімдік мамандығының бағытын анықтауда, әсіресе олардың осы мамандыққа қызығушылығы мен ынтасын қалыптастыруда педагогика пәннің алатын орны ерекше.

Сондықтан, біздің заманымыздағы педагогикалық теория мен практиканы дамыту үшін өткен кезеңдердег педагогикалық бай мұраларды терең зерттеп, шығармашылықпен қолданудың маңызы өте зор. Осы жағдайда болашақ ұстаздар оқыту мен тәрбие мәселелерін озат педагогтардың мұраларымен байланыстыра шешетін болады.

Мұғалім - ойлау икемділігі дамыған, жан дүниесі терең, өмірге көзқарасы жоғары болуға тиіс, өйткені өзіндік рухани өсуін өзі басқара алатын адамның қолынан ғана шығармашылық жасампаздық келеді. Педагогикалық мамандықтың ерекшеліктері деп әсіресе педагогтың ізденімпаздығын, білуге деген құмарлығын, артық білуге ұмтылуын айтады. Басқа мамандық иелерінен мүғалімнің айырмашылығы - ең алдымен оның жұмысында да,, үйде де білімін ұлғайтып, тереңдетуге айрықша қабілетті болуы талап етіледі. Ғылыми материал мен жұмыс істей отырып, мұғалім әрдайым оны педагогикалық ой елегінен өткізуге тырысып, оқу-шылардың өз пәніне деген ынта-ықыласын қалай туғызып, тереңдету жағын ойлайды.

Мұғалім мектептегі басты тұлға дегенде, оның жеке басындағы баланы оқытып білімдар етерлік түрлі қасиеттерді айтады. Солардың бірі - оның балаға деген сүйіспеншілігі.

Мұғалім жұмысының табысты болуы, белгілі жағдайда балаға деген сүйіспеншілікке байланысты. Ол балаға деген тілектестік, қамқорлық және оны құрметтей білуді педагогикалық жағынан талап етушілікпен ұштастыра білгені жөн. Мұғалім болу үшін балаға деген сүйіспеншілік жеткіліксіз, мұғалімдік мамандықты игеру ісі жеке адамның ынтасына, бейімділігіне және қабілетіне байланысты. Ол әрине жеке адамның ерекшеліктері мен оның дербес іс-әрекетіне де байланысты.

Балаға деген сүйіспеншілікті бір жақты түсінуге болмайды. Ы. Алтынсарин "Мұғалім балалармен істес болады, егер олар бір-нәрсені түсінбесе, онда мұғалім шәкірттерді кінәламай, олардың көкейіне қондыра алмағаны үшін өзін-өзі кінәлауға тиіс" - деп жазды. Біздің пікірмізше, балаға сүйіспеншілік - ең алдымен өз мамандығын жақсы көріп, өз пәнінен көбірек мәлімет беруге ұмтылуы. Ғылым негіздерін баланың зердесіне көбірек сіңіріп, оның ғылым мен білімді игеруге ішкі қажеттігін туғызып, балаға әсер ету қабілеті. Бұл жеке адамның дара ерекшеліктерінің бірі - бейімділікке байланысты. Адамдағы белгілі бір бейімділік оның қабілеттілігіне байланысты. Жеке адамның белгілі іс-әрекетінің нәтижесін танытатын психикалық қасиетті қабілет деп атайды. Қабілеттің дамуы нышанға, іс-әрекетке байланысты. Іс-әрекеттің нәтижелі болуы, өзара байланысты бірнеше қабілетке байланысты.

Бала тәрбиесіне ата -анадан кейінгі жауапты адам - мұғалім. Мұғалім болу - балалардың болашақ өмірінің кілтін қолға алу. Яғни оларды өмірге дайындау, жақсыға жақын етіп, жаманнан алыстату, шындықты ұғындыру - мұғалімнің міндеті.

Мұғалім - шәкірт тәрбиелеуші ғана емес, ұлтының, халқының кемеліне келіп толысуына, рухани өсуіне, әдеби - мәдени дамуына басты ықпал жасаушы негізгі тірек.

Ұстаз - әмбебап білімдар, салауатты, маман кісі. Ол - адам жанын терең түсініп, жақсы білетін қадіргі де қастерлі, қасиетті мамандықтың иесі, өз ісінің шебері, әрі өнерлі, кішіпейіл, мейірімді, қайырымды, ізетті, инабатты адам.

Мұғалімнің қандай сипатта болу керектігі М. Жұмабаевтың мына әдістемесінде түйінделген: « Мұғалім үсті - үстіне төпеп, түрлі білімді, түрлі сөзді айта берсе, баланың да іші пысады. Мұғалімнің шеберлігі өзі білген білімнің бәрін балаға тез білдіруде емес, еппен басқыштап білдіруде. Сабақ оқытуда мұғалімнің сөзі жинақы, жігерлі, қызықты болуға тиісті. Сонда ғана ол баланың абайын өзіне қарата алады. Болмаса, баланың абайы басқа нәрсеге ауып кетеді. Сабақ оқығанда балалардың ойнауы, тыныш отырмауы, бір - бірімен сөйлесулері мұғалімнің жинақы, жігерлі білмегендігінен. »

Ғасырлар тоғысында білім саласында болып жатқан ауқымды өзгерістер қоғамдағы келеңсіз беталыстарға қарсы тұрумен әртүрлі оңтайлы түрлендірулерге қолдау көрсетуді мақат етті. Мұндай өзгерістердің болуына себеп болған, білім берудегі «ғаламдық дағдырыс». Бұл дағдарыстың мәні қоғамдық өмірдің қарқынды дамуы мен қоғамның өмір сүру жағдайларының жедел өзгеруіне бейімделе алмаған білім саласы арасындағы қарама- қайшылықтың тереңдеуінде жатыр. Бұл терминді ЮНЕКС 1991ж әлемдік білім беру саласы бойынща Париждегі отырысында қабылданды. Бұл дағдарыстың пайда болуына бірнеше себептер бар: - Халықтың білім алуға деген құштарлығын, сол кездегі қызмет көрсетіп жатқан мектептер қанағаттандыра алмады;

Қаражаттың жетіспеуінен білім беру жаңа талаптарға келе алмады;

- Жаңа талаптарға білім беру жүйесі іштей өте баяу түрде бейімделді;

- Білім беру мен мәдениет арасындағы алшақтық;

- Білім беру сапасының төмендеуі;

- Жастардың арасында теріс қылықтардың пайда болуы; Қазақстанда бұл дағдарыс білім беру жүйесінде де көрініс алды. Бұдан шығу үшін еліміз білім берудің құқықтық негіздерін құрудан бастады.

Білім беруді ізгілендіру мақсатында 1994 ж. Гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы қабылданды. Бұл тұжырымдаманың басты міндеті бүкіл тәрбие, білім беру, оқу - ағарту және мәдениет кешенін гуманистік бағдардағы Адам тәрбиелеуге жұмсалдыру.

Осы құжаттардың арасындағы ең бастысы 1999 ж қабылданған «Білім беру Заңы» мен соңғы Астана қаласында, Ақорда, 2007 жылғы шілденің 27-сі. № 319-ІІІ ҚРЗ қабылданған «Білім беру Заңы» .

Бұл Заңда білім беру жүйесінің басты міндеттері:

1) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;

2) жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту;

3) азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға жат кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу;

4) белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру;

5) отандық және әлемдік мәдениеттің жетістіктеріне баулу; қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу; мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілдерін меңгерту;

6) педагог қызметкерлердің әлеуметтік мәртебесін арттыруды қамтамасыз ету;

7) білім беру ұйымдарының еріктілігін, дербестігін кеңейту, білім беру ісін басқаруды демократияландыру;

8) қоғам мен экономиканың қажеттеріне жауап беретін білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесінің жұмыс істеуі;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық мамандықтың ерекшелігі
Педагогикалық мамандықтың өзгешілігі
Иерархиясы кәсіби маңызды және маңызды қасиеттері
Педагогикалық колледж студенттерінің кәсіптік бейімін анықтау
Кәсіптік бағдар берудің психологиялық мәселелерін анықтау
Жоғары сынып оқушыларының мамандық таңдауының психологиялық ерекшеліктерін зерттеу
Кәсіби сәйкестіліктің психологиялық аспектілері
Кәсіби жоспарларды таңдауға негізделген ақпараттанудың сатысы
Жаңа қоғам мұғалімінің бейнесі, оның педагогикалық үрдісті ұйымдастырудағы рөлі
Кәсіби бағыттаудың ғылыми негіздері туралы түсінік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz