Ағылшын тілі сабағында ойналынатын ойын түрлері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ:

І. КІРІСПЕ . . .
3
І. КІРІСПЕ . . .:
3:
І. КІРІСПЕ . . .: ТАРАУ I
3: ШЕТЕЛ ТІЛІН ҮЙРЕТУДЕ ОЙЫН ЭЛЕМЕНТТЕРІ
5
І. КІРІСПЕ . . .: 1. 1
3: Ағылшын тілі сабағында ойын элементтерін қолдануының негізгі алты мақсаттары мен міндеті
5
І. КІРІСПЕ . . .: 1. 2
3: Ағылшын тілі сабағында ойналынатын ойын түрлері
9
І. КІРІСПЕ . . .: 1. 3
3: Ағылышын тілі сабағында ойын элементтерін қолдану жолдары
І. КІРІСПЕ . . .: 1. 4
3: Ағылшын тілі сабағында ойын элементтерін пайдалану тиімділігі
20
І. КІРІСПЕ . . .: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
3: 27
І. КІРІСПЕ . . .:
3:
І. КІРІСПЕ . . .: ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
3: 29

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев 29 қаңтар 2011 жыл Қазақстан халқына жолдауында «Мен қазіргі заманғы қазақстандықтар үшін үш тілді білу әркімнің дербес табыстылығының міндетті шарты еккендігін айтып келемін. Сондықтан 2020 жылға қарай ағылшын тілін білетін тұрғындар саны кемінде 20 пайызды құрауы тиіс деп есептеймін»- деді. Олай болса, оқушыны ағылшын пәніне қызығушылығын тудырып дамытуды және жемістің нәтижесін көруді мақсат тұтқан әрбір мұғалім жолдауға жедел үн қосу керек деп білемін. Шетел тілін үйрету қиын да, қызықты жұмыс. Қазіргі кезде ұстаздарға қойылып отырған талап жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып сапалы терең білім беру, оқушылардың ойлау, есте сақтау көру қабілеттерін жетілдіру. Мектептерде жаңа технологиялар арқылы оқыту шет тілін үйренудің сапасы мен маңызын арттырады. Шет тілін оқыту процесінде тілді дұрыс үйрету ауызша сөйлеу, сауатты жазу, мәнерлеп оқыту өте маңызды. Шетел тілін оқытудағы білімділік мақсаты - шетел тілінде сөйлеуді үйрету, байланыста бола алу мен ортақ тіл табысып, қарым - қатынасты нығайтуға ұмтылу болса, тәрбиелік мақсаты - өзге адамдарды тыңдау мәдениетін қалыптастыру негізінде өз пікірін айта алу және қорғауға үйрету.

«Оқушылардың дүние тануын кеңейтетін, ойлау қабілетін дамытатын тартымдыда, қызықты сабақты қалай ұйымдастыруға болады? -деген сұрақ шет тілі пәнінің мұғалімдерініңде алдында тұр. Оның бірден-бір жауабы -сабақты жүйелі түрде түрлендіріп әр-түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану. Оқушылардың шет тілінде сөйлеуін, шет тілінде оқуға дегенынтасын арттырып, -ойын. Ойын балар үшінәр уақытта ойын болғандықтан, ойын элементтері бар сабақ оларды қызықтырады. Ал мұғалім үшін ойын- дидактикалық әдіс, оқыту, білім беру. Шет тілі сабағында ойын сол тілде қарым-қатынастытудыратын үдеріс қана болып қоймай, оны барынша табиғи түрде жақындатады. Ойын оқушылардың белсенділігін арттырады, мұғалім мен оқушының арасындағы психологиялық кедергіні бұзып, теңдік сезіледі. Ұялшақ, жасқаншақ оқушылар ойын барысында белсенді серік болуға мүмкіндік алады.

Ойын дегеніміз:

  • балалардың қарым-қатынас саласындағы маңызды іс -әрекеті;
  • қызықтыра отырып үйрету;
  • әр түрлі жастағы оқушылардың даму іс-әрекеттерінің өз бетінше жұмыс жасау түрі;
  • баланың психикасын, ой-өрісін дамыту.

Шет тілі сабағында оқушылардың жас ерекшелік психологиясын, ойынның дидактикалық ерекшеліктерін ескере отырып тіл дамыту, жаттықтыру ойындарын немесе ойын элементтерін жиі жүргізген жөн. Кейбір қызықсыз материалды балалардың санасына ойын арқылы әсерлі етіп жеткізуге болатыны ұстаздардың іс-тәжірибесінде дәлелденген.

Ойынды ерте заманнан үлкендердің іс-тәжірибесін жеткіншек ұрпаққа жеткізу үшін пайдаланған. Ойын халық педагогикасында, мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемелерде кеңінен пайдаланылады. Қазіргі мектепте ойын әрекеті ойын пәнінің тарауын және тақырыбын түсіну үшін озық технология ретінде, сабақ немесе оның бір бөлігі ретінде, сыныптан тыс жұмыстың технологиясы ретінде қолданылады.

Ойын-оқушылардың шығармашылдығы мен ой-өрісін дамытушы факторы. ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технология бағытымен дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлынғыр болмайды дегендей, жас ұрпаққа саналы, мән- мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру бүгінгі күннің талабы.
Шетел тілі біздің мемлекетіміздің халықаралық байланыстарын дамытуға мүмкіндік беретін тұлғааралық және мәдениаралық қарым-қатынастардың аса маңызды құралы болып табылады. Мемлекеттің халықаралық байланыстарының сапалық өзгерістері адамның практикалық және зияткерлік іс-әрекетінде шетел тілдерінің сұранысқа ие болу қажеттілігін туғызып отыр.

І. ШЕТЕЛ ТІЛІН ҮЙРЕТУДЕ ОЙЫН ЭЛЕМЕНТТЕРІ

1. 1. Ағылшын тілі сабағында ойын элементтерін қолдануының негізгі алты мақсаттары мен міндеті

Ағылшын тілі сабағында ойын технологиясын пайдалану арқылы оқушы құзыреттілігі дамиды. Құзыреттілік - оқу нәтижесінде өзгермелі жағдайда меңгерген білім, дағдыны тәжірибеде қолдана білу, проблеманы шешу, дайындық сапасының құрылымдық сипатын анықтайтын жаңа сапа.

Ағылшын тілі сабағында ойын элементтерін қолдануының негізгі алты мақсаты бар:

  • Белгілі бір дағдыларды қалыптастыру.
  • Белгілі бір тілдік білімдерін дамыту.
  • Қарым-қатынас жасай алуға үйрету.
  • Қажетті психикалық қызметтер мен қабілеттілікті дамыту.
  • Танымдылық.
  • Тілдік материалды есте сақтау.
  • Ойынның міндеті- баланың қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру.

Баланың ойынға белсенді түрде қатысуы оның ұжымдағы басқада әрекеттерін айқындайды. Ойын бір қарағанда қарапа йым құбылыс не әрекет сияқты болғанымен, ол ұжымдық әрекет. Ойын арқыыл оқушы неге үйренеді?

  • Қисынды ой қабілетін дамытады
  • Өздегінен жұмыс істеуге үйренеді
  • Сөздік қоры байиды, тілі дамиды
  • Зейіні қалыптасады
  • Байқампаздығы артады
  • Өзара сыйластыққа үйретеді
  • Ойынның ережесін бұзбау, яғни, тәртіптілікке баулиды.
  • Бір -біріне деген оқушы сенімі артады достыққа, ынтымақтастыққа баулиды
  • Сабаққа қызығушылығы артады.

Ағылшын тілі сабағында ойналынатын ойын түрлері

Сабақтағы ойынның орны, оған бөлінетін уақыт мөлшері оқушылардың білімінің деңгейімен, оқу материалының жеңіл не қиындығымен, сабақтың мақсаты мен мүмкіндігімен т. т байланысты. Мысалы, егер ойын жаңа материалды алғашқы бекіту кезінде жүргізілсе, онда ойынға уақыт көбірек бөлінеді, ал кейінірек сол ойын өткен материалды қайталату ретінде ұйымдастырылса 3-5 минут жеткілікті.

Ойын-оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі үрдісі ретінде дербес дидактикалық категория. Сонымен бірге ойынды мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға болады, ағылшын тілі сабағында ойын формаларын енгізу барысында интерактивті тақтаныда қолданудың маңызы өте зор. Бастауыш сынып оқушыларының мектепке келгенге дейінгі негізгі әрекеті-ойын болса, оқу-тәрбие үрдісінде олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу әрекетінің орындауға бейімделуі тиіс. Ол сабақ барысында пайдаланылатын дидактикалық ойындар арқылы жүзеге асады.

Дидактикалық ойындар-балалардың білімдерін арттырудың құралы. Сабақта ойындарды қолданудың түрлі жолдары бар. Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндетті шешеді. Ойын сабақтың барысында -өткен сабақты еске түсіреді. Сабақтың ортасында көңіл-күйін сергітеді, ерік-жігерін дамытады, сабаққа ынтасын арттырады. Сабақтың соңында-тақырып бекіту, сабақта алған білімді жинақтау мақсатын көздейді. Ойын - оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал.

Сабақ үстінде жүргізілетін жұмыс түрлері, тақырыпқа сай алынған тәрбиелік мәні бар ойын элементтері оқушылардың ойлау белсенділігін керек етеді. Сондықтан мұғалім әр сабағында ойын түрлерін орнымен қолданып, оны қызықты ету арқылы олардың білімге ынта-ықыласын, пәнге деген сүйіспеншілігін қалыптастыруды мақсат етеді. Мұғалім сабағының баланың қабілет қарымына, психологиялық ерекшелігіне сай байланысты жоспарлау керек. Сонда ғана сабақ тартымды, жеңіл болады, оқушыларды жалықтырмайды.

Оқушылардың ойын кезіндегі белсенділігі көбінесе жарыс нәтижесін дұрыс есепке алуға байланысты. Оқушылар ойындағы өз жетістіктері мен кемшіліктерін біліп отыруы тиіс. Ойын нәтижелерін есепке алу түрліше: әрбір дұрыс орындалған грамматикалық ойын үшін ұпай есептеу, әрбір ұтылыс үшін кем ұпай беріледі, оқушылар тақтаға жазылған тиісті команда бағанындағы сөз немесе сөз тіркесін жазып отыру; ол сөздерді есепке ала отыру;

Қәзіргі Қазақстан мектебіндегі жаңа өзгерістер әлемдік білім беру тәжірибелерін пайдалана отырып, баланың жеке дара күшінің дамуын қамтамасыз ететін жаңа технологияларды іздестіру және оларды қолдануға бағытталған. Инновациялық оқу-оқудын түсіндірмелі -иллюстрациялық түрінен әрекетшілдікке ауысу арқылы жүзеге ауыса отырып, оқушының оқу әрекетінің белсенді субъектісі болуына мүмкіндік береді. Оның өзі сабақты әр түрлі технологиялар бойынша жобалауды қажет етеді.

Қазіргі таңда ағылшын тілі бүкіл дүниежүзілік тілге айналып отыр.

Қазақты бүкіл ғаламға танытып, әлемдік деңгегйге шығарамын деген әрбір азамат ағылшын тілін еркін меңгергені жөн. Ал тіл үйрену мәселесіне келгенде ұстаздар қауымының біліктілігімен біліміне сүйенетініміз айғақ.

Қазіргі кезеңде бұрынғы дәртүрлі болған қалыпты сабақ беру әдісін жаңа мазмұнда ұйымдастыру және жаңа технологияны пайдалана отырып түрлендіру-уақыт талабы. Өйткені бүгінгі қоғамдағы өзгерістермен бірге білім беру жүйесінде де, сабақтың жүргізілу барысындада, жаңа талап, жаңа міндет әкелді. Бұл талап оқушының ағылшын тілінде сөйлеу қабілетін жетілдіру болып отыр. Еліміздің шет елдермен қарым-қатынасымыз күшейіп отырған қазіргі кезде оқушылардың шет тіліне қызығуын, білімге құштарлығынояту, танымдық белсенділігін арттыру әрбір шетел тілі мұғалімінің міндеті. Демек. Балаларымыздыңағылшын тілін білуі-уақыт талабы. Шет тілі-қазіргі кезде заман талабына сай барлық мектептерде 1 сыныптан бастап жүргізілуде. Бұл оқушы бойында ерте кезеңнен бастап ұлтаралық, мәдениетаралық бірлестікке дайындықтың қалыптасуына тікелей ықпал етеді. Шетел тілін бастауыш мектептен бастап оқытудың артықшылығы әрбір балаға психологиялық ойлауына, шет тілі сөзіне көңіл аударуына, түсінуіне оң әсер ететіндігі, содан соң негізгі мектепте білімін берік нығайтуын, білім сапасын арттыруға мүмкіндік беретіндігінде. Тіл үйрету үдерісіндегі ең белсенді заманауи әдістемелік тәсілдердің бірі ойын технологиясы. Осы технологияны тиімді қолдана білген ұстаз өз шәкірттеріне білім, тәрбие беруде табысқа жетеді, сол арқылы олардың бойында өзгеге өз бетінше жеткізу қабілетімен дағдысын, екеуара қарым-қатынас негізіндегі сөйлеу дағдысын қалыптастыруға ықпал ете алады.

Күнделікті бір сарында, дәстүрлі сабақпен оқушыларды қызықтыра алмаймыз, керісінше жалықтырып аламыз. Сондықтанда ағылшын тілі сабағында білім сапасын арттыру үшін ойын технологиясын қолдану керек. Ойын ойнау арқылы оқушылар өздерін көрсете алады, өзара қарым-қатынасқа түседі, жеңіске деген ұмтылыс пайда болады.

Ойын- оқушылардың негізгі әрекеті. Мұғалім үнемі ізденіс үстінде болу керек. Кроссвордтар, ребус, жұмбақтар, жаңылтпаштарды тез әрі дұрыс айттыру арқылы оқушылардың тілдері жаттығады, логикалық ойлау қабілеттері дамиды, шапшаң ойланатын болады. Сергіту сәтін ұйымдастырған кезде интернеттен онлайн жүйесінде «Happy song», «bingo» т. с. с әндерді бейнеге қарап тұрып орындатса, оқушылар сергіп, қызығушылықтары оянады. Бір жағынан, тілдері жаттығады, екінші жағынан, ағылшынша әндер жаттайды.

Сабақ үстінде жүргізілетін жұмыс түрлері, тақырыпқа сай алынған тәрбиелік мәні бар ойын элементтері оқушылардың ойлау белсенділігін керек етеді. Сондықтан мұғалім әр сабағында ойын түрлерін орнымен қолданып, оны қызықты ету арқылы олардың білімге ынта-ықыласын, пәнге деген сүйіспеншілігін қалыптастыруды мақсат етеді. Мұғалім сабағының баланың қабілет қарымына, психологиялық ерекшелігіне сай байланысты жоспарлау керек. Сонда ғана сабақ тартымды, жеңіл болады, оқушыларды жалықтырмайды.

  1. Ағылшын тілі сабағында ойналынатын ойын түрлері

Ағылшын тілі сабағында ойнатылатын ойындардың сан алуан түрлері бар. Олар :

  • Фонетикалық ойындар
  • Әріптерге байланысты ойындар
  • Оқу ережесіне, жаттығуларға байланысты ойындар
  • Грамматикалық ойындар
  • Сан есімге байланысты ойындар
  • Дидактикалық ойындар
  • Сын есімге байланысты ойындар.
  • стол үсті ойындары
  • қозғалыс ойындары
  • іскерлік ойындар
  • интеллектуалдық ойындар

І. Стол үсті ойындары.

Оқушылардың зейінділігін дамытатын, ой-өрісін кеңейтетін құрал. Сыныпта стол үсті ойындарын топтық және дара жұмыста қолдануымызға болады. Бұған ребус, кроссвордтар жатады, оларды тақтада, ватман қағазында, қима қағаздарда немесе компьютерде орындауға болады. Бұл ойындарды қорытынды, білімді тиянақтайтын сабақтарда қолданған тиімді.

ІІ. Дидактикалық ойындар.

Оқушылардың таным белсендігін жандандыратын, өздігінен ойлауын дамытатын тәсілдердің бірі. Олар кез-келген оқу материалын қызықты да тартымды қылып, оқушылардың көңілді күйін көтеруге, өздерінің жұмыстарына қанағаттануға және білім үрдісін жеңіл меңгеруге көмектеседі.

Мысалы: «Алфавит ойыны». Бірінші оқушы: «Apple . . . » деп, «А» әрпінен басталатын сөзді айтады, келесі оқушы бірінші оқушының сөзін қайталап, «В» әрпінен басталатын сөз айтады (ex : box) т. с. с

ІІІ. Қозғалыс ойындары .

Бұл ойындар оқушылардың іс-әрекеттерін бір түрінен басқа түріне тез ауысуға көмектеседі және ешқандай арнайы дайындықты талап етпейді. Бұларды жабық бөлмеде немесе ашық аланда да өткізе аламыз.

IV. Іскерлік ойындар .

Оқушылардың оқу мазмұнын терең меңгеруге және пысықтауға ықпал етеді. Олар саяхат сабақтарда белсене қатысуымен, ауызша мәлімдеуімен, күйзелуімен білімдерін жандырады. Іскерлік ойындар оқушылардың қиялын дамытады, салыстыруға және дәлелдеуге үйретеді.

V. Интеллектуалдық ойындар.

Бұл ойындар оқушылардың зор белсендігін оятады. Бұл категорияға «ұғымталдыққа, жүйріктікке, зеректікке» бейімделген тапсырмалар - шарадалар, жұмбақтар, бас қатырғыштар жатады.

Кез келген ойынды қолданғанда келесі мәселелерді естен шығармау керек:

- әр-түрлі ойындарды ойнаған шығармашылдыққа дайын;

-ойын, оның түрі, мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай болуы;

-жарқын көрнекілік ойынды талапқа сай өткізуге ықпал етеді;

-ойынның қызықты материалы тақырыппен тығыз байланыста болуы.

Жаңа ақпараттық технологиялармен қатар, өз сабағымда интербелсенді оқытуды пайдалана отырып, ойын әдіс-тәсілін қолданамын. Ойын арқылы ұстаз қойған мақсаттарына жетеді деп ойлаймын. Ойынға қатысушы оқушылар мұғалімдермен өзара қарым-қатынастарын көтереді, әрі өздерінің қабілеттерін тексеруге мүмкіндік тудырады, сонымен қатар ұйымдастыру қабілеттерін арта отырып сабақ кезінде қуаныш сезімін оятады.

Оқушылардың фонетиканы және грамматиканы толық түсініп, ары қарай жалғастырып, оқып қызығуы үшін оларға өтілген әрбір жаңа сабақ ойын сабағы болып өткен жөн. Оқушылар ағылшын пәнін ойын сабағы ретінде тез қабылдайды, мұның өзі мұғаліммен оқушыларды пәнге қызықтырудың қосымша шараларын іздестіруі қажет. Мұндай қызықты шаралардың қатарына: логикалық сұрақтар, тақырыпқа, жаттығуларға байланысты жаңылтпаштар, ребустар, мақал-мәтелдер, табиғат, туған ауыл туралы әңгімелеу қажет. мектеп оқушылары бірыңғай көп жазудан, оқудан, сабақ айтудан жалығады. Сондықтан сабақ барысында ойын элементтерін жиі қолдану өте тиімді. Осы орайда баланың сөзді көбірек үйренуіне ықпал ететін мына ойынды қолдану өте тиімді. Бірінші оқушы ағылшын тілінде бір сөзді атауы керек, ал екінші оқушы сол сөздің соңғы әріпінен басталатын сөзді айту керек. Осылайша ойын жалғаса береді. Бұл ойын баланың тез ойлау қабілетін дамытуға, сөз жаттауға ұмтылысын арттырады. Баланың ойын еркін айтуға, топпен жұмыс істеуге үйретуге, ойлау қабілетін дамытуға, белсенділігін арттыруға топтық ойындардың ықпалы мол. Бірақ жасөспірімдердің сезімталдығы өте жоғары болады. Ойын барысында «үшінді дүниежүзілік соғыс» болып кетуі мүмкін.

Сабақ барысында оқушылардың қызығушылығы, зейіні, тілін дамысту үшін грамматикалық ойындардың орны ерекше. Сабақта тиімді қолданылған ойын оқушылардың грамматиканы толық меңгеріп, сауатты жазу дағдысына мол мүмкіндік береді. Оқушыларды өз беттерімен жұмыс істеуге дағдыландырады, ізденімпаздыққа баулиды. Грамматикалық ойындардың ерекшеліктері де бар. Бұл ойын әртүрлі жағдаяттар арқылы жүзеге асады. Ойын сабақтың әр бөлігінде, әр мақсатта жекеленіп, дараланып қолданылады. Жаңа тақырыпты түсіндіруде, өткенді қайталауда, пысықтау барысында грамматикалық ойындарды қолдану тиімді.

Дидактикалық ойындарды жаңа тақырыпты түсіндіру барысында, қайталау, пысықтау, жаттығу сабақтарында да пайдалану керек. Дидактикалық ойын барысында есте сақтау, көру, сезіну, қабылдау, ойлау, сөйлеу процесстері дамып, заттарды пішініне, түсіне, көлеміне қарай іріктеуге, әртүрлі қимылдарды орындауға үйретеді.

Ойынды ерте заманнан үлкендердің іс-тәжірибесін жеткіншек ұрпаққа жеткізу үшін пайдаланған. Ойын халық педагогикасында, мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемелерде кеңінен пайдаланылады. Қазіргі мектепте ойын әрекеті ойын пәнінің тарауын және тақырыбын түсіну үшін озық технология ретінде, сабақ немесе оның бір бөлігі ретінде, сыныптан тыс жұмыстың технологиясы ретінде қолданылады.

Ойын-оқушылардың шығармашылдығы мен ой-өрісін дамытушы факторы. ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технология бағытымен дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлынғыр болмайды дегендей, жас ұрпаққа саналы, мән- мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру бүгінгі күннің талабы.
Шетел тілі біздің мемлекетіміздің халықаралық байланыстарын дамытуға мүмкіндік беретін тұлғааралық және мәдениаралық қарым-қатынастардың аса маңызды құралы болып табылады. Мемлекеттің халықаралық байланыстарының сапалық өзгерістері адамның практикалық және зияткерлік іс-әрекетінде шетел тілдерінің сұранысқа ие болу қажеттілігін туғызып отыр.

Еліміздің басқа мемлекеттермен қарым-қатынасы артып отырған шақта ағылшын тілін еркін меңгерген, келешекте білімін түрлі саладағы қарым-қатынас жағдайында пайдалана алатын адамды мектеп қабырғасынан оқытып шығару-біздің казіргі кездегі міндетіміз. Ағылшын тілін тереңдетіп, жан-жақты оқытуды қоғам, уақыт қажет етіп отыр. Қазақстан Республикасының тәуелсіз елге айналып, әлемдік өркениеттің даму жолына түсуі, ағылшын тілін жетік меңгертуді талап етеді. Осы талапқа жету мақсатымен мектебімізде «Жалпыға міндетті мемлекеттік білім стандартының» вариативтік бөлімінен 1-сыныптан бастап ағылшын тілі оқытылады. Ағылшын тілін оқытудың мақсаты-оқушылардың ағылшын тілінде қарым-қатынас жасай алу негіздерін меңгеруі болып табылады. Ерте жастан шетел тілін оқыту оқушылардың коммуникативті даму біліктілігін, оқушылардың қызығушылығын ұйымдастыруға мүмкіндік береді, бірден көп тілдерде сөйлеуге мүмкіндік алады. Бүгінгі қоғам мұғалімнің біліктілік деңгейіне де, ішкі жан дүниесіне де жаңаша талап қойып отыр, өйткені қазіргі күні ХХІ ғасыр ұрпағынан үлкен үміт күтілуде. Мектептегі басты тұлға-мұғалім, осы мұғалімнің алдында тұрған басты мақсат рухани жан дүниесі бай, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. Бастапқы және кейінгі этаптарда ағылшын тілін оқытудағы бір негізгі аспект ол ойын

элементтерін тиімді пайдалану қажет болып табылады. -ойын шынайы қарым-қатынас жағдайын туғызады, қарым-қатынас жасаушы адамдардың негізгі назары әңгіменің мазмұнында ғана болады, бұл ұғымды фактор;

-ойын тілді жан-жақты әлеуметтік қолдануда маңызды рөл атқарады, ол болашақ заңгер үшін пайдалы;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныптың оқу - тәрбие үрдісінде дидактикалық ойындарды пайдалану
Ағылшын тілі сабақтарында ойын әдісі арқылы оқушылардың коммуникативті біліктілігін дамыту
Ағылшын тілін оқытуда ойын түрлерін қолдану мақсаты
Қазіргі шет тілі сабағының ерекшеліктері
Ағылшын тілі сабағында ойын технологиясы негізінде оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіру
Ойындық әдістер оқытудың ерте кезеңіндегі ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың танымдық белсендіктерін ынталандырудың құралы ретінде
Оқытудың дамытушылық және тәрбиелік сипаты туралы
Ағылшын тілі сабағында сурет көрнекілігін қолдану арқылы оқушының сөйлеу іскерлігін дамыту
Ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыратын жаттығулар
Мектеп оқушыларындағы адами құндылықтарды қалыптастырудағы шет тілінің мүмкіндіктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz