РНР функциялары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Алматы Технологиялық Университеті

СӨЖ

Тақырыбы:
РНР функциялары.Қолданушы функциясын жазу жолдары

Орындаған : _____________________
Тобы: _____________________
Қабылдаған: _____________________

Жоспары:
Кіріспе
PHP-дің пайда болуы және даму тарихы
Негізгі бөлім
PHP дегеніміз не?
PHP функциялары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

РНР дің тарихы 1995 жылы Расмус Лердорф (Rasmys Lerdorf) Perl тіліндегі қарапайым қосымшаны ойлап табуымен басталады. Ол қосымша вебсайтта пайдаланушылардың оның резюмесін сараптайды. Содан бұл қосымшамен бірнеше адам пайдаланғаннан кейін оны алғысы келетіндердің саны өсе түсті. Ледорф өзінің жаңалығын Personal Home Page Tools 1-нұсқа деп атайды және оны еркін таратуға жібереді. Осы кезеңнен бастап РНР-дің танымалдылығы арта түсті.Ылғи кездесетін жәйт сияқты оны өңдеу мен толықтыру қажет болды. Оны жүзеге асыру үшін Расмус С-ға жазылған пакеттің жаңа нұсқасын жасап шығаруға осылайша құрал жұмыстың атауға ие болады РНР Fl Personal Home Рage Forms Interpreter ары қарай ол РНР 2 деген атаумен де белгілі болады. Бұл версия қазіргі уақытта осы күнгі РНР-ге ұқсас. Оның синтаксисі және Perl тілі стилінде ауыспалы атау алуы, болатын формаларды автоматты интерпетациялауға берілгендермен интеграциясына, және РНР операторларын html код беттерге орналастыруға мүмкіндігі болатын. Сонымен қоса бұның барлығы қате жылдам жұмыс жасайтын болды. Өйткені РНР Apаche серверіне компилирленген еді. 1997 жылы РНР 50,000 - дай доменде қолданылады. Дәл осы жылы - 1997 жылда РНР жобасына Зив Сураски мен Энди Гутманс (Andi Gytmans) қосылды. Олар Израил университеттерінің бірінде студент болып жүріп, РНР-ді коммерциялық университеттік жобаға пайдалануға тырысты. Осы жерде олар көптеген қиындықтармен, бұл технологияның шектеулі екеніне кездесуге тура келді. Яғни Энди мен Зив РНР 2-нің алғашқы кодын үйрене отырып оған өңдеудің, әсіресе тілдің синтаксисіне қайта өңдеу қажет деген тұжырымға келді. Бірнеше ай көлемінде олар бұл тапсырманы кереметтей орындай білді. Оның үстіне бұл жұмыс оларға университеттің оқу жүктемесі ретінде сыналды. Жұмысты бітірген Зив пен Энди Расмуспен байланысты. Ол РНР-дегі барлық өзгерістерді қуана қабылдады. Осы кезеңнен бастап РНР технологиясын дамытумен айналысатын РНР Group топтары пайда болды. Бірлескен әрекет нәтижесінде алынған өнім 1998 жылы РНР-3 деген атаумен жарық көрді. Бұл жердегі РНР 3-тің басты ерекшелігі ядролық кеңеюіне мүмкіндік туды. Бұл арнайыландырылған модульді тудыратын РНР-дің жан-жақты өңдеуіне әкелді. Олардың үлесі - РНР үлкен көлемдегі деректер қоры және хаттамалармен жұмыс жасауға мүмкіндік тудырды. 1998 жылы РНР-ді қолданушылардың саны 10000-ға жетті. Ал РНР интернет серверінің 10 пайыздай шамасына орнатылды. РНР жайында баспаларда 20 - дан астам мақала мен 2 кітап жарияланды. РНР-3 жарық көргеннен соң Энди Тутамано және Зив Сурaски РНР-дің ядросын өңдеуге кірісті. Ең бірінші кезектегі мәселе өндірісті жоғарылатуды шешу керек еді. Zend Engine деп аталатын жақ қозғалыс бұл тапсырманы нәтижелі орындады және 1999 жылы пайда болды. РНР-4 бұл қозғалыста жұмыс жасаушы ретінде 2000 жылы жарыққа шықты. Өндірісті жоғарылатуда қосымша ретінде РНР 4-тің мүмкіндіктері зор еді. РНР 4-тің шығуымен ол интернет доменінің 20 пайыздан көбінде қолданыла бастады. 2000-2004 жылдар арасында 4-ші нұсқаны жұмсарту үшін белсенді жұмыстар жалғасты. Шамамен сол кезден бастап-ақ РНР Group жаңа версияның мүмкіндігін ойластыруға кірісті. Бірінші кезекте тілдің объектілік мүмкіндіктерін күшейту шешілді. Бұл оның жүзеге асыру үшін ірі жобаларды пайдалануға мүмкіндік берді. 5-ші нұсқаны жарыққа шығару үшін қосымша уақыт бөлінді. Оған көптеген мамандар қатысты, олардың ішінен Стерлинг Хьюза және Маркус Бергерді атап өткен жөн болар. Ақыры 2004 жылдың шілдесінде РНР-5 ресми түрде жарыққа шықты. Бірінші кезекте жоспарланғандай өңдеуде объектілермен жұмыста барлық механизм жұмылдырылды. Егер алдыңғы нұсқаларда РНР - дегі объектіге бағытталған бағдарламалау минимальды деңгейде мүмкін болатын болса, ал РНР-5 объектілік бағдарламалауды жүзеге асыруда көптеген потенциалдарға ие. Онымен қоса РНР ХМL мен жұмыс жасауда бағалы кеңейтулермен, берілгендердің әртүрлі қайнар көзіне байыды. РНР 4-дегі ХМL мен жұмыс жасауға арналған барлық негізгі кітапханалар күрделі өңдеуге ұшырады. Мынадай танымал кеңйтулер SAX, DOM, және XSLT қазір libxml2-нің құрал-сайманын пайдаланады. Сонымен қатар тағы да жаңа екі кеңейтулер қосылды - SimpleXML және SOAP.
SimpleXML XML - берілгендермен жұмысты айтарлықтай оңайлатады. Бұдан алдын РНР-да ХМL мен жұмыс мұншалықты қарапайым болмаған еді.SOAP -тың кеңеюі РНР-да ХМL - хабарламаның көмегімен басқа қосымшалармен ақпарат ауысатын сценарий құрға мүмкіндік береді. Мысалы: НТТР. РНР қосымшалы қазіргі таңдағы танымал уеб-сервистермен интеграциялауға мүмкіндік туындайды. РНР-5 MySQL (MySQL Improved) жаңа кеңeйтулер МуSQL - сервер версиясымен 4.1.2 және жоғарылармен жұмыс жасауға арналған. МуSQL - ға тек қана процедуралық емес, сонымен қатар объекті жобалаушылық интерфейс жүзеге асады. Бұл модульдің қосымша мүмкіндіктері SSL-ді, транзакцияны бақылауды қосады. SQLite - тің кеңеюі мәліметтерді кәдімгі файлдарда сақтайтын қоcымшаны құрастыруға мүмкіндік береді. Ол SQL интерфейсін пайдалануға мүмкіншілік тудырады. SQLite - тың маңызды ыңғайлылығы - пайдаланылу қарапайымдылығы. SQLite процедуралықпен қатар мәлiметтермен жұмыс жаcау үшін мықты объектілік - жобалаушылық мүмкіндіктері бар. SQLite-тың басқа ерекшеліктері - жоғары жылдамдық, басқарудағы күрделі механизмдердің жоқ болуы және оңай тізгіштік. Көптеген эксперттер РНР-дің бұл кеңейуінің үлкен танымалдылыққа ие болатындығын жоспарлап отыр.РНР 5-тің басқа кеңейтілуі өзінде төмендегілерді қамтиды:
Tidy - HTML-құжаттарды сараптау және түзету үшін.
Perl - Perl сценарийлерді пайдалану.
SPL - класстармен интерфейстердің стандарты жиынтығын анықтайтын ZE2 - нің кеңеюі.
РDО - PHP-дің мәліметтеріне әмбебап интерфейс ұсынады.
PІMP - GD модульінің орнына келген, графикамен жұмыс жасауға арналған жаңа кітапхана.
Бұдан басқа РНР 5-те есте сақтаудың әлдеқайда жылдам диспетчері пайдаланылады.
РНР 5 REAR құрылымын нақты жүзеге асыруға керекті қасиеттермен толықтырылған.
PHP (ағылш. PHP: Hypertext Preprocessor -- PHP: еренмәтінді алдын-ала үдірістегіш) -- Веб-серверде HTML беттерін құру және дерекқормен жұмыс істеуге арналған скрипті программалау тілі. Қазіргі күндерде хостинг қызметін ұсынатындардың көпшілігімен қолданады. LAMP веб-торап жасауға арналған стандартты жинақталымына енеді. Тілдің оңайлығы, орындалу жылдамдығы, функциялық байлығы және PHP негізіндеге әуелгі кодтардың кеңге таралуының арқасында PHP тілі Торда программалау саласында ең белгілі тілдердің бірі боп есептелінеді (JSP мен ASP-де қолданылатын тілдермен қатар). Бұл тілдің айрықшылығы ядро мен соған қосылатын модульдарында. Соңғылары дерекқор, сокет, динамикалық графика, криптографиялық кітапханалар, PDF форматты құжаттармен және т.б. жұмыс істеуге арналған. Бұндай модульды қалаған адам дамытып қоса алады. Модульдардың саны бір неше жүз болғанымен, стандарттық жабдықтауға тек жақсы нәтиже көрсеткен бір неше оны ғана кіреді. PHP интерпретаторы веб-серверге не арнайы сол сервер үшін жасалған модуль арқылы (мысалы, Apache әлде IIS), не CGI-қосымшасы ретінде қосылады.Бұған қоса, UNIX, Linux, Windows және Max OS X амалдық жүйелерінде әкімшілік тапсырыстарын атқаруға пайдаланылуы мүмкін. Бірақ PHP тілі бұл салада кең өріс алмаған, бұған қарағанда Perl, Python және VBScript тілдері айтарлықтай нәтиже көрсетіп отыр.Тілдің синтаксисі Си тәріздес. Ассоциаттивтік массивтар мен foreach циклі секілді кейбір элементтері Perl тілінен алынған.Қазіргі заманда PHP жүздеген мың дамытушылармен пайдалануда. Интернет желісі сайттарының 5-тен бірі осы тілде жазылған.PHP дамытушылар тобы тідің ядросы, қосымшаларымен жұмыс істейтін, соған қатар PEAR не тілдің құжаттамасы сияқты байланысты жобалармен айналысатын көптеген адамдардан тұрады.
Уеб-сайтты нөлден бастап өз қолыңмен жазып шығу қиын жұмыс. Әдетте кітаптарда оп-оңай сияқты етіп көрсетеді, мысалы кітаптың атының өзі 30 күнде php немесе 21 күнде хтмл деген сияқты. Бұлар әрмне бастамаға жақсы. Ал шын мәнінде бұл біраз басты қинайтын жұмыс.Php-да формадағы мәліметтермен жұмыс істеудің өзін елестетіп көрелік. Формамен жіберліген мәндерді өңдеу үшін мынадай әрекеттер жасауымыз керек:
- жіберілген мәліметтің типін тексеруіміз керек.
- жіберілген мәліметтердің форматын тексеру керек.
- жіберілген мәліметтерді зиянды тегтерден тазалау (XSS-тен қорғану).
- SQL Injection-нен қорғану.
тағы басқа...Бұл кодтарды жазумен қатар әрине тесттен өткізіп, жұмыс істеу қабілетіне көз жеткізуіміз де керек. Бұл тек бір формадағы мәліметті өңдеу ғана. Ал енді қолданушыларды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
PHP тілі. PHP-мен бірге жұмыс істейтін құралдар
PHP тілі туралы
Сайттың негізгі беттері
PHP- мен бірге жұмыс істейтін сервердің классикалық құралы- APACHE +PHP+MySQL
Автоматттандырылған жүйенің программалық өнімдері
Мәліметтер базасы серверінің моделі
Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер құру технологиялары
Медициналық мекеменің автоматтандырылған ақпараттық жүйесін құру
Мәліметтер базасын құру жолдары
Интернет дүкен құру
Пәндер