Тауықтар гигенасы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

2. 1 Тауықтар гигенасы

2. 2 Тауықты күтіп-бағу технологиясын, күтуді, пайдалануды санитариялық - гигиеналық бағалау (микроклимат, параметрлерін, желдетуді, жылу балансын, жарықтандыруды, төсеніш материалдарын есептеу)

2. 3 Ветеринариялық-санитариялық нысандарға қойылатын зоогигиеналық талаптар және олардың беріктілігін сақтайтын шараларды белгілеу

2. 4 Тауықты азықтандыру және тауық азығына қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптар және азықтың санитариялық сапасын сақтайтын шараларды белгілеу

IV. Қорытынды

V. Пайдаланылған әдебиеттер

I. Кіріспе

2. 1 Тауықтар - тауықтәрізділер отрядына жататын құс, ауыл шаруашылық құстарының неғұрлым кең тараған түрі. Еті мен жұмыртқасын, қауырсыны мен мамығын алу үшін өсіріледі. Саңғырығы тыңайтқыш ретінде қолданылады. Олардың барлық тұқымдарының арғы тегі - бұдан 5 мың жыл бұрын Үндістанда қолға үйретілген жабайы банкив тауығы. Төбесінде теріден тұратын айдары, құлақ сырғалықтары, қоразының аяғында сырғалығы мен сүйір тепкісі болады. Қауырсындарының түсі әр түрлі. Көпшілік тұқымдарының артқы жіліншігі мен тұмсығы сары кейде қызғылт, қара болады. Тауықтардың денелері тығыз, табандары үнемі жер бетінде жүретіндіктен мықты, төрт саусақты, тырнақтары қатты жерлерді де қазуға бейімделген. Қаңқасы дала құстарымен салыстырғанда ауырлау. Қанаттары қысқа, ұша алмайтындықтан оларды өте сирек пайдаланады. Жұмыртқа салатын, балапандарын басып шығаратын қолайлы жерді өздері таңдап алады.

Өнімділік бағытына қарай ет, ет-жұмыртқа, жұмыртқа бағытындағы тауықтар деп бөлінеді, сонымен қатар өндірістік мәні жоқ көркемдік және жауынгер тауықтар да өсіріледі. Жұмыртқалағыш тұқымы онша ірі емес, мекиені 1, 7 - 2, 2, қоразы 2, 5 - 3 кг; етті-жұмыртқалағыш тұқымы сәйкесінше 2, 3 - 2, 8 және 3, 4 - 3, 8; етті тұқымы 3 - 3, 5 және 3, 8 - 4, 5 кг салмақ тартады. Етті тұқымының балапандары (бройлер) тез өседі, олардың жұмыртқаны жарып шыққандағы салмағы 38 - 41 г. болса, 7 - 8 аптада 1, 5 - 1, 8 кг салмақ қосады. Тауықтар жыныстық жағынан ерте жетіледі (5 - 6 айда) . Жұмыртқалағыш тұқымы басқа тұқымдарына қарағанда тез өседі. Жұмыртқалағыш тауықтар жылына орта есеппен 220 - 250 дана, ал етті тұқымдылары 110 - 220 дана жұмыртқа береді. Жыл сайын жұмыртқалау мерзімінің соңына қарай тауықтар түлей бастайды, ол өнімділік бағытына және күтіп-баптау жағдайына байланысты 2 - 3 аптадан 2 айға дейін созылуы мүмкін. Түлеу кезінде жұмыртқа салмайды. Жұмыртқалау мерзімінің басында жұмыртқаның салмағы 40 - 50 г, ал соңына қарай 57 - 65 г-ға дейін көтеріледі. 10 жылға дейін жұмыртқалай алады, екінші жылы ең көп жұмыртқа береді, содан кейін жылдан жылға жұмыртқа саны кемиді. Тауықтар өсіретін шаруашылықтарда өнімі мол тұқымдық тауықтарды 2 - 3 жыл ұстайды. Тұқымдық тауық үйірінің 55 - 60%-ы жас, 30 - 35%-ы - 2 жастағы, 10%-ы 3 жастағы тауықтар болады. 8 - 12 тауыққа 1 қораз ұсталады. Тағамдық жұмыртқа алуда қораз ұстамаса да болады. Тауықтарды қолда өсіргенде қораны кең, жарық, су өтпейтін, жылы жерге салады. Ішінде тауықтарды азықтандыратын науалар, суаратын астаулар, жұмыртқалайтын ұялар болады, оларды жуып, дезинфекциялап отырады. Қыста қалың төсеніш үстінде ұстайды. Тауықтар қорасының алдына үлкендеу ашық алаң қоршалады. Сонымен қатар тауықтарды құс фабрикаларында, арнайы шаруашылықтарда өсіреді (қ. Құс өсіру) . Тауықтарды азықтандыру ерекшеліктері тұқымына, өнімділік бағытына байланысты. Жемі - арнайы дайындалған құрама жем.

Құс шаруашылығы - мал шаруашылығы құрамындағы ең тез жетілгіш, әрі қысқа мерзім ішінде көптеген жұмыртқа мен құс етін аз шығын жұмсау арқылы өндіруге болатын сала. Тауықтың жұмыртқасы мен еті құнды тағам ретінде есептеледі. Олар ақуызға өте бай, құрамында жеңіл сіңірілетін май, көмірсу, витаминдермен бірге минералды заттар болады. Мысалы: бройлер балапанының етінің құрамында 22, 5% ақуыз болады, күркетауық етінде 21%, үйректің етінде 17%, қаздың етінде 15%, ал қой етін ақуыздың мөлшерін 14, 5%, шошқа етінде 13, 8%болады.

2. 2. Тауықтардың денсаулығы және олардан алынатын жұмыртқаның сапасы көп жағдайда қора-жайдың микроклиматына, азықтандырылу жағдайына, орналастыру тығыздығына және басқа да факторларына байланысты болады.

Тауықтарды ұстаудың негізгі екі әдісі қолданылады:

1. Еденде

2. Торда

Климаттық және экономикалық жағдайға, шаруашылық жүйесіне және өндірістің мамандырылуына байланысты жоғарыда айтылған екі әдістің бірі таңдалады.

Қазіргі кезде жұмыртқаның негізгі массасын тауықтарды торды ұстау арқылы алады. Дегенмен тауықтарды торда ұстағанда жұмыртқаның жарылуы және шытынуы жоғарылайды, ал еденде ұстау барысында жұмыртқа қабығының ластануы 40-50 пайызға дейін жетеді.

Тауық қораларында қолайлы микроклимат жасау керек. Жылдық суық мезгілінде құс қорасының ауа температурасы 16-18 градус, салыстырмалы ылғалдылығы 60-70 пайыз, бұл кезеңде құс қорасының ауа температурасы 4 градустан төмен болмауы, ал жазда ысып кетпеуі керек.

Тауық қораларының жарықтандыруылуы да тауықтардың өнімділігіне айтарлықтай әсер етеді. Тауық өнімділігі үшін қызыл сәулелі жарықты қолдану тиімді, сонымен қатар ол тауықтардың бірін-бірі шұқып тастауын болдырмайды. Ал көк жарық қойғанда тауықтар қараңғыда жүргендей болады, сондықтан да оны тауықтар үшін қолданады.

Тауық қораларындағы төсеніштің жағдайын үнемі қадағылап отыру керек Ол үшін құрғақ ағаш үгінділері қолданылады. Зеңденген, мұздаған, ылғал, шіріген төсенішті қолдануға болмайды.

Тауықтарды торда ұстаудың артықшылықтары:

-қалың төсеніште ұстаумен салыстырғанда (5-6 бас/м2), орналастыру тығыздығы жоғары болады-30 бас/м2;

-тауықтарды аздан орналастыру және саңғырығының бөлек түсуі санитариялық - гигиеналық жағдайды жақсартады;

-еденде ұстаумен салыстырғанда азық 10 пайызға үнемделеді;

-еңбек өнімділігінің жоғарылауы.

Бұл әдістің кемшіліктері:

-санитариялық-техникалық және технологиялық қондырғылардың қымбатшылығы және мамандандырылған техникалық қызметтің қажеттігі;

-тығыз орналасудың салдарынан созылмалы стрестің дамуы және қозғалыстың әнектелушен әртүрлі технологиялық аурулардың пайда болуы.

Тауықтарды торда ұстау тиімділігін көп жағдайда торлы батареялардың түріне байланысты болады, олар көптеген функцияларды орындайды.

Зоогигиеналық тұрғыдан барлық торлы батареялар үш топқа бөлінеді:

-вертикальді түрі, ярустары бірінің үстіне бірі, тігінен орналастырады;

-сатылы немесе жартылай сатылы түрі, ярустары баспалдақ тәрізді орналасады;

-көлденең түрі, бір жеке екі ярусты болады.

Асыл тұқымды және өнеркәсіптік тауықтардың толық құнды азықтануы, белгілі кезеңдерде жас мөлшерінің зоотехникалық көрсеткіштерге сәйкес келуімен бақыланады.

2. 3. Құс қораларындағы микроклимат және оны жетілдіру .
Құс қоралардағы микроклимат құс организміне айтарлықтай әсер етеді. Жабық қораларда ауа күрт нашарлап кетуі мүмкін, бұл құстың өнімділігі мен өсімталдығын төмендетеді, еңбек шығыны көбейіп, мал өнімдерінің өзіндік құны қымбаттап, сапасы кемиді. Құс қораларындағы микроклимат жағдайы сыртқы ауа райына, азықтандыру тәсілдеріне, қоршаулардың түрлеріне, желдеткіш және канализация жүйелерінің жұмысына құс саңғырығының дер кезінде тазаланып тұруына байланысты Жоғары және төменгі температураға да құс организмі өте сезімтал болып келеді.
Ауадағы жоғары ылғалдылық организмнің зат алмасу құбылысын нашарлатып, тотығу - тотықсыздану процесін тежейді. Мұның өзі құстың тәбетін төмендетіп, азықтың сенімділігін нашарлатып, түрлі ауруларға шалдықтыруы мүмкін, әрі ауа қозғалысының жылдамдығы жылу бөлу қабілетіне әсерін тигізеді, сондықтан да оның мөлшері гигиеналық жағдайға сай болуы керек. Микроклиматтың тағы бір көрсеткіші ретінде құс организміне жарықтың маңызы зор. Құс қораларына табиғи жарықпен бірге жасанды жарықты пайдалану қажет, ал терезелері жоқ қораларда тек күндізгідей жарық беретін люминесцентті немесе қызу беретін лампалар қолданылады.

2. 4. Тауықтарды азықтандыру және азық сапасына қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптар . Үй құстарының ішінде ең кеңінен тарағаны-тауық. Тауықты тәулігіне 3 - 4 рет азықтандырады. Ертеңгісін тәулігіне беретін дәннің күндік мөлшерінің 1/3 - ін, одан 2 сағат өткен соң қоректігі 30 - 40 мину жететіндей етіп ылғалды қойыртпақ жем береді. Құрғақ ұн қоспасын, жеу мөлшеріне қарай, оттыққа салып тұрады. Кешкісін, жатарға тек қана астық дәнін шашады. Егер күн суық болса, дән мөлшерін көбейтеді. Құстарды араластырылған күрделі азықпен жемдегенде, қойыртпақ жемнің тез ашып, бұзылып кететінін ескеріп, оны құсқа берер алдында дайындап, ыдыстарын таза ұстаған жөн
Тауықтар белгілі бір уақытпен азықтандырылып, оларға берілген азық сапасы гигиеналық талапқа сай болуы керек. Бұл ережені сақтамау салдарынан, құс арасында түрлі аурулар болуы мүмкін. Құстарда болатын аурулардың көп түрі, мысалы: авитаминоз, пуллороз, пастереллез, кокцидоз, нас морк, микоплазмос және т. б. аурулар олардың азықтануымен, соның ішінде азық құрамындағы заттарға байланысты туындайды. Сондықтан да ең алдымен азық рационына яғни оның сапасына мән беру керек. Барлық құнарлы азықтар, соның ішінде протеин, биологиялық белсенді және минералдық заттардың болуы, азық рационында дұрыс бағалануы керек.

Тауықтарды құнарлы азықпен азықтандыру-олардың жақсы өсіп жетілуінің, өнімділігінің арта беруінің басты шарты.

Оларға берілетін азықтың 60-70 пайызы астық тұқымдастар, дәнді дақылдар болуы тиіс. Тауықтар белгілі бір уақытпен азықтандырылып, оларға берілген азық сапасы гигиеналық талаптарға сай болуы керек. Құстарға арналған су жарамды, мөлдір, иіссіз болуы және оның құрамында түрлі механикалық бактериялық қоспалар болмауы тиіс.

Тауықтарды сумен қамтамасыз ету жүйелері және суға қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптар . Жұмыртқадан шыққан беттегі балапан организміндегі су мөлшері 70%, ал ересек құстарда оның үлесі бүкіл дене салмағының 52 -58% тең болады. Суға әрқашан жол ашық болуы тиіс, ал күн ыстық болғанда ол салқын, ал температура төмен болғанда жылы болуы қажет. Құс экстенсивті күтілген жағдайда суарғыштардың орнын күнде ауыстырып отыру керек, әйтпесе олардың маңайы суланып кетеді. Қолданылатын суарғыштардың жиектеріне немесе үстеріне құс отыра алмайтындай болуы тиіс, әйтпесе ондағы су олардың саңғырықтарымен лезде ластанады.
Суды тұтыну талабы көптеген факторларға: жұмыртқалау қарқынына, құстың жасына, салмағына, қоршаған ортаның температурасына, сондай - ақ азықтың консистенциясына, сумен қамтамасыз ету жүйесіне және т. б. байланысты. Құстың организмі тұтынатын судың мөлшері мен сапасын қатты талғайды. Суаруды шектеу мекиендердің жұмыртқалауын тоқтатады, ал екі тәулік бойы су ішпесе құс өледі. Жұмыртқалап жүрген және овуляция кезінде тауықтардың су ішуінде айырмашылықтар бар екені байқалады. Овуляция кезінде құстың ішуі арта түседі. Құстың тәуліктік азықпен қоректенуі температура жағдайларына байланысты орташа шамадан 60%, ал суды тұтынуы 300%-ға дейін ауытқуы мүмкін. Суды тұтыну оның сапасына да байланысты. Ішетін су таза, мөлдір, түссіз, иіссіз, дәмсіз болуы тиіс. Жұмыртқалайтын тұқымды балапандар мен тауықтарды құрғақ азықтармен қоректендірген кезде, олар шамамен мынадай мөлшерде су қабылдайды: 1 -30 күнге дейінгі балапандар -0, 1 ; 31 - 60 күндік -0, 15 ; 61 -90 күндік -0, 20 ; жылына 200 жұмыртқа тапқан кезде, тауықтар 35 -0, 40 ; 280 жұмыртқа тапқан кезде -0, 5 л. Ауа температурасы 25˚C дан жоғарылаған кезде құстың суды тұтынуы артып, шырынды азықтармен қоректендірген кезде, азая түседі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауыл шаруашылығы құстарының гигенасы жайлы
Ауыл шаруашылығы құстарының гигенасы
Балапандарды бағып - күту әдістері. Балапандарды еденінде бағып - күту гигенасы
Құстардың қора микроклиматы
Зертханалық жануарларды күтіп - бағу, өсіру, көбейту
Ірімшік өндіру
Құс өнімдерінің сапасын бақылау
Ірімшіктің жалпы сипаттамасы
Ірі қара малының гигиенасы жайлы мәлімет
Дене бітімі дамуының көрсеткіштері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz