Қазақ халқының шүлен тарату дәстүрі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

«Қазақ халқының шүлен тарату дәстүрі»

Мазмұны

Кіріспе
6
Кіріспе: 1 Қазақ қоғамындағы шүлен тарату: қалыптасуы және түрлері
6: 10
Кіріспе: 1. 1 Қазақ дәстүріндегі шүлен таратудың шығу төркіні
6: 10
Кіріспе: 1. 2 Шүлен таратудың экономикалық-әлеуметтік негіздері
6: 14
Кіріспе: 1. 3 Шүлен тарату дәстүрінің түрлері
6: 25
Кіріспе: 2 Шүлен тарату трансформациясы және қазіргі кезеңдегі маңыздылығы
6: 33
Кіріспе: 2. 1 Шүлен таратудың заманауи көріністері
6: 33
Кіріспе: 2. 2 Шүлен тарату дәстүрінің аймақтық ерекшеліктері
6: 37
Кіріспе: 2. 3 Ұлттық салт-дәстүр контексіндегі шүлен таратудың мәні мен маңызы
6: 56
Кіріспе: Қорытынды
6: 59
Кіріспе: Қолданылған әдебиеттер тізімі
6: 62

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі : Дипломдық жұмыс тақырыбын таңдауға ата-бабамның тарихы себеп болды. Қазақта аталған заттан бастап, қойылған есімге дейін өзіндік мәнге ие. Шүленбай деген әулие атам ОҚО облысы Шолаққорған ауылының маңындағы Тордан деген ауылда өмір сүрген. Оқиға 18 ғасырдың соңғы кездерінде болған. Бекебай бабам мен әжем екеуі отау құрғандарына біраз жыл өтсе де бір сәбиге зар болыпты. Бабам бес уақыт намаз оқыған сәттерінде Алладан артынан қалар ұрпақ сұрап жалбарынған. Көктемнен өтіп, жазға таяу уақытта, таң намазына тұрып намаз оқып жатқан сәтінде ауылға бір ер азамат кіріп келеді. Намаз оқып болған бабам келе жатқан кісі досы екен. «Не болды Бекебай ұрпақсыз қалам деме?! Қысылса егер жанын, қорада тұрған малыңды сойып, барынды халыққа тарат, сонда бере салар ұрпақ өшпестей» дейді де жүріп кете береді. Досының айтқан сөзіне құлақ асып, ауылға мерекелік дастархан жайып ұлан асыр той жасап құран бағыштайды. Барын беріп қоржын таратып, сыбаға беріп, Алладан дұға тілек тілеп қалады. Ауылдастары қиын қыстау кезде ашаршылық пен жоқтын қайнап тұрған уақытта барын аямаған Бекебайға өз ризашылықтарын білдіреді де ұрпақ сүйінуіне тілектес болады. Көптің тілегін Алла қабыл етіп, өмірге ер бала келеді. Әрбір жеті жыл сайын бабам ұрпақты болып отырған. Ұрпақ болған сайын шүленін таратып отырған екен. Соңында бабамның үш ұлы және бір қызы болды. Ең кенжесінің азан шақырып қойған есімі - Шүленбай болды. Шүлен тарату дәстүрінің киелілігі осыдай деген ой келді.

Шүлен тарату дәстүрі халықты қайырымдылыққа тәрбиелеген. Енді, шүлен сөзінің анықтамасын талдасақ. «Қазақ дәстүрлі мәдениетінің энциклопедиялық сөздігінде»: Шүлен зат - 1. Ақысыз-пұлсыз таратылатын ас, тағам, зат, нәрсе. 2. Қолыңдағы барын елге тегін беретін қолы ашық кісі, - деп жазылған.

Шүлен тарату, шүлен тарту - дәстүрлі қазақ қоғамына жәрдем мен қамқорлық түрі. Бұл діни парыз, уәжіп, садақа, құдайы немесе зекет те емес, ол тегін таратылатын дүние-мүлік [1, 192б] . Шүлен таратуды қазақ байлары тарапынан кедейлерге көрсетілетін жомарттық пен мырзалық деуге болады. Күз түсіп, мал саны көбейгенде ауқатты, дәулетті азаматтар алыс-жақын жерлердегі адамдарға тегін мал, ақша, бұйым, тамақ үлестірген. Шүлен таратушылар бұл рәсімді пайда кепшікке қол ұшын беру мақсатында атқарып отырған. Шүлен тарату халық арасындағы күрделі үшін емес, көптің алғысын, сауабын алу үшін, сондай-ақ кедей қатынастарды реттейтін әлеуметтік институттың маңызды тетіктерінің бірі болып табылады. Қазақ даласында шүлен тарату дәстүрі хан атынан тегін ас тарату мағынасында қалыптасса, хан асын таратуға, оны ел-жұртқа, халыққа емін-еркін үлестіруге қатысқан жігіттер - «шүлен», «шүленші» деп аталған. «Қолы ашық, жомарт» мағынасындағы шүлен жігіт пен хан қазанынан таратылған тегін асты елге үлестіруде өзінше жомарттық көрсетуге байланысты «шүленсудің» сыры осында. Шүлен сөзінің бастапқы мағынасы мал сойылып, елге үлестірілетін астың, тамақтың түрі. Ол сөз түркі-моңғол тілдерінде күні бүгінге дейін кездеседі. Мәселен: моңғолша силун - сорпа, бурятша - шүле, шүлүн - ет сорпасы, жас сорпа, яқұтша сәлиян - ұннан жасалған ботқа, қырғызша сорпо - шилең - сорпа - суан мағыналарын береді. Осы себепті, қазақ тілінде кездесетін «Үленіңе де, шүленіңе де жетеді» деген фраза «үлестіруіңе де, таратуыңа да түгел жететін мол ас-су» деген ұғымды білдіретіні талассыз [2, 238-240бб] .

Шүлен немесе шүлен жігіт, шүленші сөздерінің «мырза, жомарт» мағынасы қазақ тілінде көбірек қолданады. Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясында «Шөлімдегі жалғыз алтын терегім, шөлден шүлен боп туған сергегім», деп Абай заманындағы мәрт, жомарт, қолы ашық адамдарды осындай өлең жолдарымен теңегені бекер емес. Сөз мағынасының кеңеюі, ауысуы дегенде біз тіл табиғатына тән міне осындай заңдылықтарды айтамыз. Шүленбай деген есімнің «атымтай -жомарт, мырза, қолы ашық» деген мағынаны беретінін білсек те, оның обастағы хан атынан таратылатын сорпа-су, астың аты екенін елдің бәрі білмесе керек. Қасым хан, Есім хан дәуіріне көз жүгіртетін болсақ, XV-XVIII ғасырларда қазақ халқының әлеуметтік-саяси өмірінде өзгерістер болды. Мысалы, XV-XVI ғасырлардағы бес бөлімнен тұратын «Қасым ханның қасқа жолы» заңдар жинағында әдеп заңын қосқан. Әдеп заңы қоғам арасындағы адамдардың ара-қатынасын реттеуші, бағыт беруші есебінде саналды.

Қасым хан заңының ішіндегі бесінші заңы - «жұртшылық заңы» болды. Оған Қасым хан шүлен тарту, ас-той, мерекелер мен жиындардағы ережелер, жылу, асар т. б. жатқызды. Яғни, халықты ойлау мақсатымен жағдайын көтерудің бір жолы есебінде әдеп заңдарын өз кодексіне қосты.

Ал, Есім ханның «Ескі жолы» - дәстүрлі қазақ қоғамындағы заңдар жиынтығында көп өзгеріске ұшырай қоймаған Қасымның заңдары іс жүзінде қолданылды. Сол заңдардың ішінде дәстүрлі шаралар мен кедейлерге көмектесу туралы мәселелерді қаралды. Қасым ханның жұртшылық заңын дамыта түсті. Билердің кеңесінде көппен ақылдасып, «Жарғы ережелеріне» ақсақалдар ережесі, ата-баба жолы, жөн-жосықтар мәнді өзгерістер енгізді [3, 110-112б] . Сол секілді Тәуке хан мен Абылай ханның тұсындада заңдардың ішінде әдеп заңы күшін жоймаған. Демек, мемлекеттік тұрғыдан шүлен тарату дәстүріне қолдау көрсетілген.

Қазіргі таңда шүлен тарату дәстүрін халық өз мағынасында түсіне бермейді. Бұл дәстүрдің қоғамда алатын орны ерекше. Халықты қайырымдылыққа тәрбиелейді. Сондықтан, аталған тақырып өте өзекті болып табылады.

Тақырыптың зерттелу деңгейі . Қазақтың дәстүрлі қоғамын зерттеуді шартты түрде екі кезеңге бөлуге болады. Ол - революцияға дейінгі және революциядан кейінгі кезең. Алғашқы кезеңде зерттеушілердің көбісі оны үлкен бір мәселенің құрамдас бөлігі ретінде қарастырған. Орыс ғалым, саяхатшыларының этнографиялық зерттеулерінде бір бөлім не тарау әйел мәселесіне арналған. Күнделікті тіршілікте келген айналысатынын көрсетуге тырысты. Сондықтанда тарихи фактілердің көптеп жиналып қалуын көре аламыз. Әсіресе, XVIII ғ. зеттеулерін айрықша атап өтуге болады.

Сол кезде Ресей құрамындағы барлық ұлттарды зерттеумен тек жалғыз Ресей Ғылым академиясының этнография бөлімі айналысқан болатын. Олардың экспедицияларының нәтижесінде құнды деректер жиналып, үлкен жұмыс атқарылды. Соның ішінде қазақ халқы да сырт қалмай, барынша жан - жақты зерттелінді. Географиялық карталармен қоса қазақтар суретке түсірілді.

Ал мағлұматтар саяхатшының жазулары күнделіктер түрінде болды. Оларды XVIII ғасырдың 60 - 70 жылдары басып шығара бастады. Сипатталған аймақтағы әдет - ғұрыптар толығымен Қазақстанның басқа өңірінде қайталанбайтындығы тағы бар. Революцияға дейінгі авторлар өз еңбектерінде бірнеше қоғамдық өмірдің аспектілерін қамтып кететін. Әлеуметтік, экономикалық, шаруашылық, демографиялық, отбасылық - тұрмыстық мәселелер қамтылған. Революцияға дейінгі авторлар қоғамдық, шаруашылық, отбасылық, діни, әдет - ғұрып, салт - дәстүрлерді қоса жазған.

Біз қарастырып отырған шүлен тарату дәстүрінің зерттелу тарихына көз жүгіртетін болсақ. Ең алғашқы дераректемелер А. Старчевскийдің «Орыс адамының Орта Азиядағы саяхаты» еңбегінде Шыңғыс хан дәуіріндегі шүлен таратудың мән-мағынасына тоқталған, Абиль Е. А «История государство и право Казахстана» еңбегінде Қасым хан дәуіріндегі әдеп заң нормаларындағы жұртшылық заңы мәселелері, С. Кенжеахметұлының «Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдеп-ғұрыптары», «Жеті қазына», «Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті» [4, 144-145б], З. К. Сураганова «Обмен дарами и традициями в казахских традициях» [5, 24-25б], Мұса Шорманұлы «Казахские народные обычаи» [6, 23-24б] аталып өткен еңбектерді қолданамыз. Ал XVI-XVIII ғасырдағы деректер негізінде ас беру туралы зертеу жұмыстарын жүргізген этнографтардың еңбектерін пайдаланамыз. Мысалы: А. Плотников пен Б. Беспаев еңбектеріне сүйеніп жазамызх [12, 45-46б] .

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері : Диплом жұмысының басты мақсаты мeн мiндeтi нeгiзiнeн ертеден бастауын алған шүлен тарату дәстүрі туралы, оның пайда болу тарихы, даму тарихы, ертедегі қоғамда орын алуы туралы деректер жинау. Территориалдық ерекшелігін анықтау. Шүлен таратудың әлеуметтік институт ретінде қоғам арасындағы орнын суреттеу. Шүлен таратудың ас берумен байланысын анықтау. Қазіргі замандағы шүлен таратудың көрінісі қандай? сұрағына жауап іздеу. Ортағасырдағы шүлен таратқан байлар туралы мәліметтер жинау. Заманауи шүлен таратудың түрлерін анықтау. Рухани жаңғыру аясында шүлен тарату дәстүрінің қоғам арасында дәріптелуі мен орын алуын зерттеу.

Тақырыптың жаңашылдығы : Қазақтың байырғы, қайырымдылық дәстүрлерінің бірі - шүлен тарату. Бұрыңғы кезде ауқатты адамдар оның ішінде байлар кедей-кепшіктерге әдейі күз мезгілінде мал сойып, той жасап, ет асып халықты тойдыратын дәстүр. Сонымен қатар, алыс-жақын жердегі адамдарға мал, ақша, бұйым, киі-кешек, тағам үлестірген. Шүлен таратушылар оны өз пайдасы үшін емес, көптің алғысын алу үшін адамгершілік парызын өтеу үшін жасайтын болған. Кеңестік тоталитарлық жүйе жағдайында қазақ халқы ұлттық құндылықтарынан айырылып қалды, ал сақталып қалған ұлттық салт - дәстүрлердің бет - пішіні, мазмұны өзгерістерге ұшырады. Этностың этникалық қасиеттерінің ең бастыларына оның әдет - ғұрыптары жатады. Сонымен, этностың негізгі қасиеттерінің бірі болып табылатын әдет - ғұрыптарды зерттеу этнография ғылымының қай заманда болса да өте маңызды мәселесі болып есептеледі. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы шүлен тарату дәстүрі өзекті тақырыптардың бірі екендігі шындық. Шүлен тарату дәстүрі қоғамдық ғылымдардың ішінде, негізінен, қазақ әдебиеттануында, этнология ғылымында дәстүрлі қазақ қоғамына қатысты зерттеулерде кездеседі.

Диплом жұмысын жазу барысында алғашқы ғылыми ізденісіміздің мынадай жаңа жақтары бар деп есептейміз. Біріншіден, шүлен тарату дәстүрінің ертеректе Шыңғыс хан дәуірінде уәзірлеріне аптаның әрбір жұмасында тегін таратылатын ас екендігі анықталды. Яғни, алғашқы дерек ретінде шүлен таратудың XII-XIII ғасырда бастау алғандығын айтып кете аламыз. Екіншіден, XV-XVII ғасырлар аралығында Қасым хан, Есім хан заманында шүлен тарату мемлекеттік нормалар құрамына еніп, заңның бір бөлігіне айналған. «Жұртшылық заңына» енген шүлен тарату халық арасындағы әлеуметтік институт ретінде қалыптасқандығын айта кеткен жөн. Үшіншіден, XIX-XX ғасырлардағы халық арасында ағарту ісіне, мектеп пен медреселер, мешіттер салынуына, медицина дамуы үшін қаржы бөлген байлардың жақсылық пен қайырымдылыққа толы істері шүлен таратудың бір түрі.

Зерттеудің деректік негізі : Диплом жазу барысында нeгiзiнeн дepeк көзi peтiндe шүлен тарату туралы жазылған «Қазақтың әдеп-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері» еңбектері және ел ауызынан қалған аңыз әңгімелер болды.

Зepттeу жұмысының әдiстeмeлiк нeгiзi зepттeу oбъeктiсiнe сай жан- жақты жәнe күpдeлi. Е. Оспанұлы, С. Кенжеахметұлы, А. Плотниковтың және т. б ғалым-этнографтардың зерттеулеріне әдiстeмe қoлданылды. Сoнымeн қатаp ең алғашқы пайда болу тарихын анықтау үшін түрлі аңыздарға сүйендік.

Диплом жұмысының методологиясы мен әдістері . Диплом жұмысының методологиялық негізін этнология ғылымы саласында қолданылатын салыстырмалы эмпирикалық әдіс, фольклортану мен мәдениеттану саласындағы жетістіктер мен жаңашылдықты ескі әдістермен жаңғырту әдістері құрайды. Бұдан басқа «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында қоғамдық сананың өзгерту бағытындағы гуманитарлық ғылымдағы инновациялық әдістерге сүйену әдістері мен принциптері де қолданылады. Сонымен қатар ұлттық дәстүрімізді заман талабына сайнасихаттау сияқты практикалық қолданбалы әдістер негіз бола алады.

Жұмыстың құрылымы : Диплом жұмысы кipiспeдeн, екі таpаудан, қopытынды жәнe қoлданылған әдeбиeт тiзiмi мeн қoсымшадан тұpады. Бipiншi таpауда нeгiзiнeн «қазақ қоғамындағы шүлен тарату: қалыптасуы және түрлері» қарастырылады. Екiншi таpауда шүлен тарату трансформациясы және қазіргі кезеңдегі маңыздылығы зepттeу жұмыстаpы қаpастыpылады.

1 қазақ қоғамындағы шүлен тарату; қалыптасуы, түрлері

1. 1 Қазақ дәстүріндегі шүлен таратудың шығу төркіні

Түркі тілдес халықтардың арасында шүлен тарту: жігіт, су, шүленші, ас тәрізді сөздер бар. Осындағы «шүлен» сөзінің түп-төркіні мен мағынасы қандай? Үніліп, зер салып карасақ, шүлен сөзі екі түрлі ұғымды білдіреді және екі түрлі қолданылады: біріншісі «халыққа, көпшілікке таратылып, үлестірілетін зат», екіншісі «жомарттылық, мәрттік, қашықтық, кең-молшылық». Көз жүгірте қарайтын болсақ, мағына жағынан осы сөздер арасында ұқсастық байқалмайтын тәрізді. Шындығына сүйенсек бұның мәні мен мағынасы бірнеше сөз ғана емес, бір-бірін түйістіре кең-мағыналы дара ғана сөз. Тарихтағы дерек көздеріне сүйеніп дәлелдер болсақ, Орта Азия мен Қазақстан жерін бірнеше ғасыр билеп, төстеген Шыңғысхан әулеттерінің дәстүріндегі қарапайым халыққа жылына бір рет, хан төңірегінде жүрген уәзірлерге аптасына бір рет тарататын тегін ас-суын өз кезінде «шүлен» деп атаған. Мысалы, бұдан шамамен жүз жыл бұрын шыққан А. Старчевскийдің «Спутник русского человека в Средней Азии» . . . (Санкт-Петербург. 1878, II бөлім) деп аталатын еңбегінде: шүлен - «Әр жұма сайын уәзірлерге берілетін хандық ас» деп көрсетілген. Кең байтақ қазақ жерінде осы дәстүр шүлен тарқату, яғни әміршінің бұйрығымен ақысыз тағамды үлестіріп беру мағынасына сай. Ханның асын таратуға, оны халыққа үлестіріп беруші, халыққа қызмет атқарған жігіттер - «шүлен», «шүленші жігіт» деген лақап атқа ие және өзінің отандастарына, халқына, ел-жұртына емін-еркін түрде үлестірген. «Қолы ашық, мейрімді, жомартшыл жандар» мағынасындағы шүлен жігіт пен хан қазанынан таратылған тегін асты елге үлестіруде өзінше жомарттық көрсетуге байланысты «шүленсудің» сыры міне осыда екен. Содан болар шүлен сөзінің алғашқы мағынасы мал сойылған кезде жұртқа үлестіріліп берілетін астың, тамақтың түрі. Осы сөз күні бүгінге дейін түркі-моңғол тілдерінде кездеседі. Мәселен: моңғолша силун - сорпа, бурятша - шүле, шүлүн - ет сорпасы, жас сорпа, яқұтша сәлиян - ұннан жасалған ботқа, қырғызша сорпо - шилең - сорпа - суан мағыналарын береді. Осы себепті болар қазақ тілінде кездесетін «Үленіңе де, шүленіңе де жетеді» деген ел ауызында қалған сөз «үлестіруіңе де, таратуыңа да түгел жететін мол ас-су» деген ұғымды білдіретіні талассыз. [2, 238-240б] . «ІІІүлен» немесе «шүлен жігіт», «шүленші» сөздерінің «мырза, жомарт» мағынасы қазақ тілінде көбірек қолданады. Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясында «Шөлімдегі жалғыз алтын терегім, шөлден шүлен боп туған сергегім», - деп Абай заманындағы мәрт, жомарт, қолы ашық адамдарды осындай өлең жолдарымен теңегені бекер емес. Сөз мағынасының ауысуы дегенде біз тіл табиғатына тән міне осындай заңдылықтарды айта аламыз. Шүленбай деген есімнің «атымтай -жомарт, мырза, қолы ашық» деген мағынаны беретінін білсек те, бұл ұғымның әуелбастағы әмірші атынан таратылатын сорпа-су, астың аты екенін жұрттың бәрі білмесе керек.

Әр елдің, халықтың өзіне лайық заңы бар. Мұндай заң біздің туған халқымызда да ертеден қалыптасқан. Ол кезінде қағазға түспесе де, білікті, зерделі, беделді адамдардың, ақсақалдардың ауызынан көпке тарап, ғасырлар көшіне ілесіп жалғасып отырған. Бұл ережелер, қағидалар, далалық ұлттардың әдет-салтына тұрмысына лайық жасалып, қылмыс, дау-шар, әділет істері осы заң негізінде шешімін тапқан. Қазақ заңының тағы бір ерекшелігі тек әділдік пен дін жолын ұстанумен бірге сөз өнерін: шешендік, тапқырлық, айтқыштық өнері де жоғары бағаланып, оған жүгінген. Соған лайық әділ билердің өзін де сөзін де қадір тұтып, олардың есімін ауызынан тастамаған. Қара қылды қақ жарған, туғаны жоқ тура билер:Төле, Қазыбек, Айтеке, Жанқұтты, Байдалы, Аққощқар, Саққұлақ, Кебекбай, Досбол сынды ардагерлерді халық төбесіне көтеріп, ханмен қатар қадірлеп, құрмет тұтқан. Осы кісілердің дуалы ауызынан әділ заңға арналған. «ұсынған басты қылыш кеспейді», «аталы сөзге арсыз да тоқтайды», «жаңылғанға жаза жоқ», «барымтаға - қарымта», «тезек қасында қисық ағаш жатпайды» деген көркем де көсем сөздер туған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының зерттеу-ізденушілік жұмыстарын ұйымдастыру (әдістемелік нұсқау)
Бұрындық хан мен Қасым хан тұсындағы Қазақ Хандығы
Қазақ әдет - ғұрып құқығы жүйесіндегі өзара көмек, ағайынгершілік институтының құрылымы және жүйесі
Қасым ханның қасқа жолы
Концепт туралы түсінік
Ертегі бала жанын қоректендіретін - рухани қор
Қазақстандық тарихшылардың екі халық арасындағы өзара байланыстар
Қазақ халқының дәстүрлі мемлекеттік және құқықтық мәдениетінің алтын қорынан сақталған қымбат қазыналар
Салт дәстүр атауларының уәжділік сипаты
Қазақ хандығының құрылуы. Қазақ халқының жоңғар шабуылына қарсы күресі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz