Батыс Қазақтан сарматтарының дүниетанымы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   

Батыс Қазақстан сарматтарының жерлеу ғұрыптары мен дүниетанымы

Кіріспе

1-тарау: Батыс Қазақстан сарматтарының зерттелу тарихнамасы мен кезеңделу мәселесі

1. 1. Батыс Қазақстан сарматтарының зерттелу тарихы

1. 2. Сарматтар мәдениетінің кезеңделу проблемасы

2-тарау: Батыс Қазақстан сарматтарының жерлеу ғұрпының ерекшеліктері

2. 1. Прохоров кезеңі

2. 2. Суслов кезеңі

3-тарау: Батыс Қазақтан сарматтарының дүниетанымы

3. 1. Сарматтардың аң стилі мен өнері

3. 2. Сармат қоғамындағы әйелдердің орны мен дүниетанымы

Қорытынды

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Сарматтар деген халық атауы б. з. б ІІІ ғасырдан, яғни олардың скифтерді жаулап алуынан басталады. Б. з. б ІҮ ғасырдың бас кезінде сарматтар Доннан Омбыға дейінгі жерлерді алып жатты. Төл деректеріміздің бірегейі болып табылатын савромат-сармат тайпаларының археологиялық ескерткіштерін зерттеп, зерделеу бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Осынау уақытта бұл жерде мәдениеттің еккі басты бағыты құрылып қалыптасты. Олар: Батыс Болгар, Дон мәдениеті және Шығыс Орал мәдениеті.

Кейінгі сарматтар Орал өңірі мен Еділ бойын, Дон өңірі аймақтарын қамтып, Орал сыртындағы даладан Буг өзеніне дейінгі аралыққа түгел тарайды. Уақыты жағынан бұл б. з. ІІ-ІҮ ғ. кезеңі.

Сармат тайпаларының пайда болуы туралы нақты пікір қалыптаса қойған жоқ. Археологиялық зерттеулерге қарағанда, савромат, сармат тайпаларының шыққан тегі андрон және қима мәдениетінің (Россияның Оңтүстік аудандардағы қола дәуірінің бір мәдениеті) кезіндегі рулардың жалғасы деген пікір бар.

Қазіргі таңда сақталған ескерткіштердің көпшілігі обалар. Көрсетілген дәуірлердегі обаларға тән қасиет олардың сыртқы көріністерінің бір-біріне ұқсас келуі. Сондықтан да аталмыш тақырып өзекті де, зерттеуге тұрарлық тақырыпқа жатады деп толығымен айтуға болады.

Мәселенің зерттелу деңгейі. Бұл курстық жұмыстың жаңалығы Қазақстандағы бұрынғы және қазіргі шыққан материалдар бойынша сармат шыққан материалдар бойынша сармат археологияның ескерткіштерін бір жүйеге келтіріп, топтап және зерттеушілердің осы мәселе төңірегіндегі көзқарастарымен, ойларымен, тұжырымдарымен таныстыру.

Кеңес өкіметі орнағаннан кейінгі 1930 жылдары Ор өзенінің бойында Б. Н. Гракова бірнеше обаға зерттеу жұмыстар жүргізсе, ал одан кейін тек жиырма жылдан кейін ғана В. С. Сорокин тың жерлерді игеруге байланысты Ақтөбе облысының жерінде археологиялық ескерткіштерінің есебін алып оларды картаға түсірумен және қазба жұмыстарымен айналысты. 1960 жылдары К. Ф. Смирнов пен В. Г. Петрекалар зерттеу жүргізген.

Зерттеу жүмысының деректік көзі.

Археолог-ғалымдардың далаық зерттеулерінің материалдары негізгі дерекөзі болып табылады.

Зерттеу жұмысының мақсаты.

Алдымызға қойып отырған негізгі мақсатымыз - Қазақстанда және көршілес елдерде мекен еткен сармат-савромат тайпаларының орналасқан ескерткіштері туралы материалдар, деректер жинақтау арқылы бұл тайпалардың рухани және заттай мәдениетіне айрықша көңіл бөле отырып зерттеу.

Дипломдық жұмыстың алдына қойған міндеттері:

  1. Савромат - сармат тайпалары туралы антикалық деректерді қамту.
  2. Осы мәселе төңірегінде зерттеу жұмыстарын жүргізіп жүрген қазақстандық ғалымдардың ой-пікірлерімен танысу.
  3. Зерттеуші ғалымдардың теориялық ойларын қарастыру.
  4. Савромат - сармат археологиясының картасын жасау.
  5. Савромат - сармат тайпаларының қалалары мен қоныстарына байланысты материалдары қарастыру.

Алынатын нәтижелер:

  • Савромат - сармат тайпалары туралы антикалық деректер қамтылды.
  • Аталмыш мәселеге байланысты зерттеу жұмыстарын жүргізіп жүрген қазақстандық ғалымдардың ой-пікірлері сараланды.
  • Зерттеуші ғалымдардың теориялық ойлары қарастырылды.
  • Савромат - сармат тайпаларының қалалары мен қоныстарына байланысты материалдары қарастыру.

Зерттеудің мерзімдік шегі. Батыс Қазақстандағы өмір кешкен сармат тайпаларының ескерткіштері басқа тайпаларға қарағанда өте аз зерттеген. Алғаш рет сармат обаларына зерттеу жұмысын Орынбор архив комиссиясының ғылыми секретары А. Кастанье жүргізген. Ол Ақтөбе уезінің жерінде 1904, 1906, 1909 жж. Археологиялық барлау жұмыстар жүргізген.

1970 жылдан бастап қазақтың көрнекті археолог, ғалымдарының бірі М. К. Қадырбаевтың басшылығымен Күміссай, Бесоба, Сынтас обаларында зерттеу жұмыстары жүргізілді.

Зерттеу жұмысының нысаны. Сармат тайпаларының ескерткіштері толық зерттеле қоймаса да материалдармен жұмыс жасау. Зерттеу жұмыстарында жалғастырып, сармат тайпаларының өзіндік әдет-ғұрып, салт‑санасын, қай тілде сөйлегендері туралы тоық мәліметтер жинақтау.

Ғылыми жаңалығы.

  • Савромат - сармат тайпалары туралы антикалық деректер ғылыми айналымға енгізілді.
  • Осы мәселе төңірегінде зерттеу жұмыстарын жүргізіп жүрген қазақстандық ғалымдардың ой-пікірлері жүйеленді.
  • Зерттеуші ғалымдардың теориялық ойлары қарастырылды.
  • Савромат - сармат тайпаларының қалалары мен қоныстарына байланысты материалдар зерделенді.
  • Қазақстандағы бұрынғы және қазіргі шыққан материалдар бойынша

сармат археологиясының ескерткіштері бір жүйеге келтірілді;

  • Зерттеушілердің осы мәселе төңірегіндегі көзқарастарымен, ойларымен таныса отырып өзіндік ғылыми тұжырым жасалды.

Жұмыстың құрылымы . Дипломдық жұмыс 2 тараудан, кіріспеден, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1-тарау: Батыс Қазақстан сарматтарының зерттелу тарихнамасы мен кезеңделу мәселесі

1. 1. Батыс Қазақстан сарматтарының зерттелу тарихы

Скиф тайпаларымен шығысында көршілес отырған савромат тайпалары Донның арғы жағындағы Заволжье мен Оңтүстік Орал бойы жерлерінде мекендеген. Савромат тайпаларының мәдениетінде екі үлкен кезеңді бөліп қарастыруға болады. Солардың ішінде ерте - савроматтық (б. з. д ҮІІ-ІҮ ғғ. ) және кейінгі сарматтық (б. з. д ІІІ ғ. -ІІ-ІҮ ғғ. ) . Савромат тайпаларының негізгі ескерткіштері болып жерлеу орындары болып табылады.

Савроматтар туралы алғашқы жазба деректері ежелгі грек және латын жазушыларының еңбектерінде кездеседі. Антикалық жазушылар атап айтсақ Диодор Сицилиский савроматтар мен сарматтар арасында генетикалық байланыс бар екендігін алға тартып б. з. І ғ. сарматтарды савроматтар деп те атап жүрген.

Ұзақ уақыт бойы антикалық жазба деректері сарматтар тарихы туралы бірден-бір дерек көзі болып табылған еді. Савроматтардың тарихын зерттеуде ежелгі Ирандықтардың «Авеста» еңбегінің маңызы зор. Бірқатар орыс және поляк ғалымдары сарматтарды славяндардың арғы атасы деп есептеген, ал біраз зерттеушілер бұл айтылған оймен келіспейді.

ХІХ ғ. бірінші жартысындағы Ресей тарихшылары сармат тайпаларының тарихына назарын аударған еді. Сарматтардың тарихына аса көңіл бөлген зерттеушілер Н. М. Карамзин, П. Коппен, О. И. Сенковский, Г. Эйхвальд, Н. И. Надеждин. Олар ең алғашқы савромат тайпаларының географиялық орналасу орнын көрсетуге ықпал жасаған. Ежелгі скифтер мен олардың көршілері соның ішінде савромат тайпаларына да этнографиялық орналастыру мәселесі мен айналысқан ғалымдардың арасында Ф. К. Брун, Ф. Г. Нищенко және тағы басқалары болды.

Савромат тайпаларының археологиялық ескерткіштерінің зерттелуі ХІХ ғ. соңғы ширегінде басталды. Ең ежелгі савромат ескерткіштерін Дон өзенінің шығыс жағынан іздеу керек. Осы идеяны қолдап Д. Я. Самоквасов 1908 жылы Скиф-Сарматтардың көне дүниесін бір бүтінге айналдырды.

Қазіргі күнде савроматтар жөнінде мәлімет беретін материал қорғандық жерлеу орындары мен қоныстары белгілі. Ең алғашқы ғылыми құнды үлкен материал берген 1884-1888 жылдары Ф. Д. Нефедовтың алғашқы қазбалары еді. Ол императоорлық жаратылыстану сүйгіш, антропология және этнография қоғамының тапсырмасымен Оңтүстік Орал бойында зерттеу жұмыстарын жүргізді.

Москва археологиялық қоғасмының тапсырмасын Самара, Орынбор, Торғай губернияларында Ф. Д. Нефедов 1887-1888 жылдары зерттеу жұмыстарын жалғастырған еді. Оның зерттеген қорғандарында савроматтық үлгідегі қабірлер ашылды. Солардың арасында Орал өзенінің, Черниловский поселкасының бойындағы Тамар-Өткел бойынан табылған ескерткіштерді айтуға болады. 1890 жылы Орынбор архив комиссиясының мүшесі Н. С. Назаров Орынбор губерниясының Орск уездінің Бес-Оба шатқалынан бір бай савромат қорғанынан қазып зерттеген.

1895 жылы А. А. Спицын алғаш рет Жайық өзенінің оң жағалауынан савроматтық жерлеу орнын анықталған. . [15; 34-б]

1900-1901 жылдары Дон өзенінің бассейінінде Воронеж архивтік комиссиясының мүшесі В. Н. Тевяшов Владимировская елді мекенінен савромат кезеңіне жататын қорғандар қазған. 1906-1910 жылдары Челябілік археолог Н. К. Минко Челябинск төңірегінен 110-нан аса қорған қазып зерттеген. Ескерткіштер Синеглазово, Исаковский, Смолин, Черняки, Бершино поселкілерінің поселкілерінің жанында орналасқан.

ХІХ ғ. аяғы және ХХ ғ. басында Орынбор архив комиссиясының мүшелері А. В. Попов, И. А. Кастанье, А. Л. Аниховский, Н. Макаренко, А. П. Гра Орынбор және Торғай губернияларынан савроматтық және прохоровтық мәдениеттерінің жерлеу орындарын тапқан. Ең бірінші Орынбор мен Қырғыз далаларындағы қазба жұмыстары туралы мәлімет берген.

Оңтүстік Орал бойының савромат мәдениеттерін зерттеуде И. А. Кастаньенің 1911 жылы Покровка селосының маңындағы қазған қорғанының үлкен маңызы болды. Покровка селосы үлкен Хобда өзенінің Солтүстік жағалауындағы биіктікте орналасқан.

Ең алғаш рет ғылыми түрде савроматтар туралы материалдарды қорытқан және Ресей ғалымдарының скифтер мен сарматтардың мәдениеті мен тарихын зерттеу жұмыстарын жасаған М. И. Ростовцев оның еңбегі ұтымды жазылған бірінші еңбек болып саналады. Өзінің тарих пен археология жағынан білгірлігімен ол сол кездегі Поволжье мен Оңтүстік Орал бойының скиф-сармат кезеңі ескерткіштерін дәл бөліп нақты мерзімдерін көрсеткен. М. И. Ростовцев Покров қорғандарын б. з. д. Ү ғ. жатқызды. Зерттеуші алғаш рет Орынбор қорғандарының Солтүстік Қара теңіз жағалауының скиф мәдениетінен жерлеу дәстүрінде, қаурларында және аң стилінде айырмашылықтар бар екендігін көрсетті. Орынбор қорғандарын М. И. Ростовцев сарматтардікі деп анықтаған. Ол сарматтарды Иран тілдес халықтар деп таныған. Оның пікірінше сарматтар орталық Азияның түкпірінен келгендігі туралы ой түйеді.

1920-шы жылдары Саратов мұражайының архологиялық экспедициясы, мемлекеттік тарихи мұражай экспедициясы, мемлекеттік тарихи мұражай экспедициясы, Саратов университетінің экспедициялары құрылып оған П. С. Рыков, П. Д. Рау, Б. Н. Граков, И. В. Синицын басшылық еткен. 1921 жылы археологиялық жоспары жасалды. Соның нәтижесінде Жайықтың жағалауы Камышын қаласының маңайы, Энгельс қалассының маңайы, Саратовка, Еруслан, Үлкен Қараман, Ахтуба, Деркул, Чаған және Жайық өзендерінің бойы зерттелді. Жыл сайын б. з. д. ІІІ ғ. мен ІҮ ғ. жататын сармат тайпаларының жерлеу орныдары мен қатар савромат ескерткіштері де табылып отырған.

1924 жылы П. С. Рыков Үлкен Қараман өзенінің бойынан Суслов қорымынан 60-тай қорған қазып бірнешеуі савроматтық жерлеу орныдары болған. 1924-27 жылдары П. С. Рыков Еруслан өзенінің орта ағысы мен Деркул және Чаған өзендерінің бойынан савроматтық жерлеу орындарын зерттеген.

1925-29 жылдары П. Д. Рау Саратов және Волгаград облыстарының ааудандарында Савромат қорғандарын зерттеген. Әсіресе 1928-29 жылдары төменгі Поволжьенің және Қалмық жерінде алғаш рет зерттеу және қазба жұмыстарын П. С. Рыков пен И. В. Синыцин жүргізіп савроматтық қабірлер мен қоныс орындарының іздерін ашты. Савромат тайпаларының мәдениеттерінің ескерткіштері оңтүстік Орал бойынан да табылды.

1926 жылы М. П. Грязнов Андронов мәдениетінің қорғандарын зерттей жүріп Орск қаласының батысқа қарай жерде үңгімелі савроматтық қабірлер ашты. 1927 жылы орал губерниясында шаруалар савромат қорғанын оның заттары Самара мұражайына өткізілген. 1928 жылы А. Захаров Орынбор мен Орск қаласындағы Сара селосының өртеп жерленген савромат қорғанын қазған.

1927-28 жылдары Б. Н. Граков Орынбор қаласының маңындағы Нежинский және Благославенский поселкелерінен савромат-сарматтардың үлкен жерлеу тобын ашып қазба жұмыстарын жүргізген. 1928 жылы Б. Н. Граковтың төменгі Поволжьедегі савромат мәдениетіне жататын Блюменфельд селосынан қазылған А12-ші қорғанға арналған еңбегі шықты. Осы ескерткіш арқылы ол бұл топ мәдениетін б. з. д. ҮІ-ІҮ ғғ. жатқызды. Жаңадан қазылған Орынбор жеріндегі савромат ескерткіштері зерттеушіге ежелгі Поволжье мен Орынбор далаларының мәдениеттері бірлікте болғандығы идеясын оятты.

М. И. Ростовцевтің артынша Б. Н. Граков та скифтік аң стилінің отаны Орталық Азия деп есептеп, оны скифтер Волга - Орал даласы мен Солтүстік Қара теңіз жағалауына алып келген дейді. Поволжьедегі Прохоров мәдениетін археологиялық зерттеу жұмыстарының нәтижесінде П. Д. Рау атты зерттеуші ғалым ашқан еді. Төменгі Поволжьенің сармат мәдениетінің даму сатысын алғаш жасаған П. Д. Рау.

1927 жылы П. Д. Рау Поволжье жеріндегі жерлеу орындарындағы бас жағы батысқа қаратылған адамдардың және олармен бірге жерленген қойлар мен скифтік үлгідегі заттармен жерленген қабірлерге аса назар аударды.

1932 жылы П. С. Рыков төменгі және орта Поволжье скифтері Жайықтың екі жағында көшіп жүрген деген пікір айтады.

Б. з. д. ІІІ-ІІ ғғ. Поволжьенің көшпенділерінің жерлеу орындары сарматтарға жатады деп есептеген П. С. Рыков.

Белгілі антрополог Г. Ф. Дебец Саратовтық Жайық бойы сармат халықтарының бір бөлігі Қазақстан жеріне келген халықтар дейді.

1931-37 жылдары П. С. Рыковпен И. В. Синицын Илиста қаласының маңындағы қорғандарды зерттеген. 1934 жылы Маныч өзенінің бойынан В. В. Гольмстен он алты қоныс орнын есепке алды. 1933 жылдары Б. Н. Граков Ақтөбе облысының Ор өзенінің бассейнінде барлау және қорғандарды қазу жұмыстарымен айналысты.

1935 жылы И. А. Залецкий Ақбұлақ селосымен Веселый бір хуторының жанынан б. з. д. ІҮ ғ. жататын бай савроматтық коллективтік жерлеу орнын зерттеген. 1936 жылы К. В. Сальников Орал өзенінің бойындағы Орск қаласының маңынан сармат жерлеу орындарын ашқан.

1946-49 жылдары И. Б. Синицын Волгаград облысындағы Горная Пролейка селосының маңынан Царские могильницы және тағы басқа савроматтық қорған орындарын ашып зерттеді.

1948-50 жылдары К. В. Сальников Магнитогорск қаласының жанынан бірнеше савроматтық және сарматтық жерлеу орындарында қазба жұмыстарын жүргізді. . [9; 235-б]

Б. Н. Граков Каспий бойы сарматтарының мәдениеттерінің хронологиялық даму схемасынан ерекшеленді. Б. Н. Граковтың бірінші сатысы савромат немесе Блюменфельд мәдениеті деп аталып б. з. д. ҮІ-ІҮ ғғ. сәйкес келеді. Екінші сатысы савромат сармат немесе Суслов мәдениеті деп атап ол б. з. д. ІІ, б. з. ІІ ғ. аралығын алып жатты. Төртінші сатысы Аландық немесе Шиповтық деп аталып, б. з. ІІ-ІҮ ғғ. алып жатқан.

1951 жылы Волго-Дон экспедициясын ұйымдастырған материалдық мәдениеттердің тарихы институтының қызметкері А. А. Иессен, Попов және Соленый хуторларының жанында савроматтық жерлеу орнын ашты.

1952 жылы Куйбышев экспедициясы Орта Поволжьедегі Солтүстік қабірлер тобын зерттеген.

В. П. Шилов 1956 жылы Кеңестер Одағының ғылым академифсының археология институты ұйымдастырған Астрахань экспедициясын басқарып Старица селосы мен Ахтуба өзенінің бойында орналасқан қороғандардағы савроматтық жерлеу орындарын зерттеген.

1955-60 жылдары В. С. Сорокин Ақтөбе қаласы маңындағы Ақжар селосы мен Қарғалы өзені бойында орналасқан савроматтық бірнеше жерлеу орныдарын қазып зерттеген. Бұл ескерткіштер тобы б. з. д. ҮІ-ІҮ ғғ. жатады.

1956 жылы Орынбор экспедициясы құрылып Ілек өзенінің сол жағалауында савроматтық-сарматтық қабір орындарын зерттеген. 1958 жылы Сүйіндік өзенінің жоғарғы ағысында Аландық селосының маңайында М. Г. Мошкова б. з. д. Ү-ІҮ ғғ. жататын савроматтық қорған тобын ашты.

1958-62 жылдары М. Г. Мошкова Новый Кумак селосының жанынан үлкен қорған тобын қазды.

1958 жылы Е. Е. Кузьмина басқарған барлау отряды Ембі өзенінің бойына бірнеше савромат, сармат қорған ескеркіштерін ашты.

1970 жылдары М. К. Қадырбаев пен Ж. К. Құрманқұлов басшылығымен Хлебодаровка селосының маңындағы савромат мәдениетіне жататын қорғандар тобы қазылды. Ескерткіштер б. з. д. ҮІ-ІҮ ғғ. жатқызылды.

1. 2. Сарматтар мәдениетінің кезеңделу проблемасы

Қазақстан тарихының көне дәуірін зерттеу Еуразия кеңістігі тұрғындарына, әсіресе аумағы жағынан маңызды орын алатын далалық белдеуге ортақ үдерістермен байланысты. Ерте темір дәуірінде ең жарқын өкілдері б. д. д. I мыңж. өмір сүрген скифтер болып табылған көшпелі өркениеттің түзілуі аса маңызды фактор болды. Ерте темір дәуірінің жарқын және өзіндік ерекшеліктері кеңінен тараған өлкелердің бірі Батыс Қазақстан. Бұл-ендік бағытта 1200 км созылған, орманды-дала, дала, шөл және шөлейт сияқты бірнеше географиялык зоналары бар ұлаңғайыр аумақ. Осындай түрлі зоналардың, жайлау су жүйесінің, температуралық ахуалың, бай флора мен фаунаның болуы, мұның бәрі экологиялық бұрыштық адамдар топтары үшін жайлылығын туғызады және осының нәтижесінде әртүрлі дәуірлердің археологялық ескертіштерінің саны жағынан басқа кезең нысандарынан көп. Оның үстіне, бұл үлкен кезең ескерткіштері арқылы табиғы, демографиялық, әскери-саяси сипаттағы аспектілерді қарастыруға болады. Батыс Қазақстандағы археологиялық зерттеулер жиырма жылдық тәуелсіздік кезеңінде 1990-шы ж. ортасындағы объективті қиындықтармен, ал қазір мемлекеттің қолдауы арқасында байқалып отырған өркендеу жағдайымен сипатталатын сатылардан өтті. Сапалы өзгерістердің уақыты келді, бұл кезеңде зерттеулер ескерткіштерді сараптаудың жаңа деңгейіне өтуі қажет.

Қазақстанның ежелгі кезенің зерделеу бүкіл еуразиялық кеңістіктің, әсіресе дала белдеуіндегі жазықтық үшін жалпы сипатқа ие процестермен байланысты. Ерте темір дәуіріндегі ең маңызды әрі шешуші фактордың бірі, көшпелі өркениеттің ең көрнекті өкілдері 1 мыңжылдықтың ортасындағы өмір сүрген скифтер болды. Қара теңіз аумағындағы археологиялық обьектілерді зерттеу 200 жылдық тарихты қамтиды. Кейіннен Сирия, Алтай, Қазақстан, Оңтүстік Орал аумақтарында жұмыс қорытындылары сәйкес мәдени-хронологиялық ұқсастықтағы, сондай-ақ әртектес ескерткіштерді бары аныкталды.

Ерте темір дәуірінің жарқын және ерекше ескерткіштері бар өңірлер арасында - Батыс Қазақстан, шамамен 1200 км-ге дейінгі аумақ, бірнеше табиғи- географиялық аймақтар - орманды дала, жазық дала және шөл далаларды қамтиды. Ерте темір дәуіріндегі көшпелілердің ескерткіштері көлемі жағынан басқа дәуірлерге қарағанда басым. Сонымен қоса, осы дәуір ескерткіштерінде табиғи, демографиялық, әскери, саяси жақтарын аңғаруға болды.

Мысалы, 1 мыңжылдықтың бірінші ғасырларына жататын, қола дәуірінен темір дәуіріне дейінгі үзілісті көрсететін, өте күрделі климаттық өзгерістерге ұшыраған объектілердің шағын және шашыраңқы түрлері пайда болды.

Мыңжылдықтың ортасында сан қырлы және әскерилендірілген ескерткіштер б. з. д. IV-III ғасырларға дейін созылып жатқан табиғаттың ерекшеліктерін біріктірген Оңтүстік Арал жағалауында Македонский кезінімен тұспа-тұс келді. Орта Азияда қалыптасқан ескерткіштерде көрініс тапқан, әрі әдет-ғұрыппен жаңа мыңжылдыктың сонында қалыптаскан ескерткіштер көші- қон процестермен тығыз байланысты болса да, көші - қон орталығы қазіргі Монғолия мен солтүстік Қытайдан алыста орналасқан болатын.

Батыс Қазақстанның алдыңғы қатарындағы скиф-саксон дәуірінің ескерткіштерін зерттеу белгілі бір нәтижелерге жетіп, бізге кейбір нәтижелерді қорытындылауға және болашақ зерттеулер үшін келешегі бар бағыттарды өзгертуге мүмкіндік береді.

Облыста алғаш рет жұмыс істеген уақыттан бері археологиялық мұраны зерттеу үдерісі төрт кезеңге бөлініп, олардың әрқайсысы өзінің жетістіктері, кемшіліктері, гипотезалары барын көрсетті.

Революцияға дейінгі уақытта зерттеудің бірінші кезеңінде жеке қоғамдастықтарда және бірігіп жұмыс істейтін жеке энтузиастардың қызметі, мысалы, Орынбор академиялық архивтік комиссиясы немесе археологияны сүйетін Түркістандық үйірмелер жатады.

Олардың көбісінің -М. С. Бабаджанов, А. Н. Харузин, А. Л. Аниховский, И. А. Кастанье, А. В. Папов, М. Л. Юдин далалық зерттеулер жүргізу ғана емес, сонымен қатар теориялық қорытындылар мен тұжырымдар жасады. Бұл кезеңде зерттеулер таныстыру сипатта болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сармат қоғамындағы әйелдердің орны мен дүниетанымы
Батыс Қазақстан сарматтарының зерттелу тарихы
Сарматтардың мәдениетінің зерттелуі
Батыс Қазақстан жеріндегі ескерткіштер
Халел Досмұхамедов және түркітану мәселелері
Шәкәрім шығармаларының тарихи сипаты мен адамгершілік үлгісі
Мемлекет және қоғам қайраткері Нәзір Төреқұлов
Махамбеттің әдеби дүниетанымы
Түркітануға байланысты алғашқы зерттеулер.Орыс ғалымдарының түркітануға байланысты зерттеулері.20ғ басындағы түркітану тарихы
Халел Досмұхамбетов
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz