Іріктеу жиынтығы элементтерінің құрылымы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 96 бет
Таңдаулыға:   

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ САЯСАТТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ

ӘЛЕУМЕТТАНУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС КАФЕДРАСЫ

«ӘЛЕУМЕТТАНУ»

ПӘНІ БОЙЫНША ҚЫСҚАША ДӘРІСТЕРДІҢ МӘТІНІ

Кредит саны - 2

Алматы, 2023

Әлеуметтану пәні бойынша дәрістер Лекция 1 Әлеуметтанудың объектісі мен пәні. 2 сағат

Социологиялық танымның негізгі объектісі қоғам болып табылады. Социологиялық таным объектісі - әлеуметтік деген атуға ие болған бүкіл байланыстар мен қарым-қатынастардың жиынтығы. Бұл байланыстар мен қарым-қатынастар әрбір әлеуметтік объектіде ерекше түрде жүзеге асатын болғандықтан, әлеуметтанудың таным объектісі - әлеуметтік жүйе деп те айтуымызға болады. Әлеуметтану ғылымының міндеті әлеуметтік жүйелерді топтастыру, әрбір топтастырылған объектідегі байланыстар мен қатынастарды заңдылықтар деңгейінде зерттеу.

Әлеуметтану - белгілі бір әлеуметтік жүйелердің тарихи түрде дамуы мен қалыптасуының жалпы және арнайы заңдары мен заңдылықтары туралы және бұл заңдылықтардың жеке адамдардың, әлеуметтік топтардың, таптардың, халықтардың іс-әрекеттерінде жүзеге асуының түрлері мен әдістері туралы ғылым.

Социология ғылымы үшін әлеуметтік ұғымының маңызы зор. Қоғамға және қоғамдағы процестер мен қатынастарға талдау жасау барысында К. Маркс пен Ф. Энгельс ғылыми еңбектерінде екі терминді қолданды: қоғамдық және әлеуметтік . «Қоғамдық», «қоғамдық қатынастар» деген ұғымды К. Маркс пен Ф. Энгельс бүкіл қоғам туралы және оның барлық жақтарының (экономикалық, саяси, идеологиялық) өзара әрекеттері туралы айтқан кезде қолданды. Ал адамдардың бір-біріне деген қарым-қатынастын, олардың өмір сүру жағдайларын, қоғамда атқаратын рольдерін зерттеу барысында «әлеуметтік» ұғымын қолданды. Әлеуметтік қатынас жеке адамның әлеуметтік топтар және басқа әлеуметтік ұйымдар мен институттар арқылы қоғаммен байланысын сипаттайды.

Қоғамдық қатынастар (экономикалық, саяси, идеологиялық т. б. ) адамдардық бір-біріне деген қарым-қатынасымен тығыз байланысты. Мыс. Капталистік өндіріс - еңбек пен капитал арасындағы (экономикалық қарым-қатынас) ғана емес сонымен қатар жұмысшы мен капиталист арасындағы қарым-қатынастардың жүзеге асып отыруы. К. Маркстің айтуы бойынша, «Бұл әлеуметтік қарым-қатынастар (жұмысшы мен капиталист арасындағы ) материалдық жетістіктермен салыстырғанда әлдеқайда маңыздырақ. Яғни, қоғамдық қатынастардың қай түрін алсақ та әлеуметтік қарым-қатынастарды кездестіреміз. Алайда әлеуметтік қарым-қатынастарды қоғамдық қатынастардың жиынтығы деп түсінбеу керек. Әлеуметтік ұғымының негізгі маңызды элементтері теңдік, әділеттілік, бостандық ұғымдары.

Теориялық және қолданбалы социологияны зерттеу объектісі мен әдістеріне емесалдарына қойған мақсаттарына байланысты (ғылыми міндет немесе практикалық) айыруға болады. Қолданбалы социология қоғамның алдына қойған практикалық мақсаттарын жүзеге асыруда теориялық социология арқылы танылған заңдар мен заңдылықтарды қолдаудың жолдары мен тәсілдерін басшылыққа алады. Социологиялық теориялар қазіргі заманымыздың маңызды мәселелеріне ғылыми жауаптар беріп, қоғамның әлеуметтік жақтарының жақсаруының жолдары мен әдістерін көрсетеді. Эмпирикалық социология қоғам өмірінің әрбір жеке салаларында болып жатқан өзгерістерді бақылай отырыЯ, жаңа деректерді жинақтай отырып қоршаған орта туралы тәжірибеге негіжделген жаңа білімдердің көбеюіне Жағдай жасайды.

Өте ҧлкен көлемдегі өзгерістермен және" құбылыстармен байланысы жоқ тар профильге негізделген эмпирикалық зерттеулер де, объективті әлеуметтік ақпараттарды жинақтай отырып, жаңа білімдердің көбеюіне жағдай жасайды. Әдетте бұл ақпараттар объективті және субъективті көрсеткіштер арқылы көрінеді. Объективті көрсеткіштер ресми статистикада берілген көрсеткіштерді толықтырып, дәлелдеп тұрады. Ал, субъективті көрсеткіштер түрлі әлеуметтік топтардың іс-әрекеттерінің мақсаттарынан, жай-күйінен хабар береді. Мұндай зерттеулердің танымдық маңызына келер болсақ, олар қоғам өмірінде адамдық фактордың атқаратын роліне үлкен баға бере отырып, әлеуметтік жағдайлардың субъективті жақтарына басты назар аударады.

Социологияның атқаратын қызметі: 1) танымдық; 2) практикалық; 3) идеологиялық; 4) болжау; 5) үлгілеу т. б.

Танымдық қызмет әлеуметтік дамудың заңдылықтарын, түрлі әлеуметтік құбылыстар мен процестердің өзгеру бағытын зерттеп оқытумен тығыз байланысты.

Практикалық - басқару ісін жақсарту, түрлі әлеуметтік мәселелерді шешуде практикалық, нақты шаралар мен ұсыныстар енгізу арқылы социологияның үлес қосуы.

Идеологиялық - саяси іс-әрекеттерге қосатын социологияның үлесі.

Болжау - әлеуметтік құбылыстардың даму бағытын, перспективасын алдын-ала зерттеу арқылы көре білу.

Үлгілеу - әлеуметтік объектінің үлгісін жасау, ұсыну, практикаға ендіру.

Кез келген ғылымды зерделеу алдымен оның объектісін, пәнін, басқа ғылымдар жүйесіндегі және қоғам өміріндегі орны мен рөлін айқындаудан басталады. Әлеуметтану ғылымының осынау белгілерін ол жайындағы түсініктің қазіргі кездегі пікірталасына және әлеуметтанушы мектепке тәуелділігіне назар аудара отырып қарастырамыз.

“Әлеуметтану” термині екі сөзден құралған: латынның socіetas - қоғам және гректің logos - сөз, түсінік, ілім деген сөздерінен. Демек, этимологиялық тұрғыдан алғанда әлеуметтану “қоғам туралы ғылым” немесе “қоғам туралы ілім” дегенді білдіреді. Бірақ бұл біршама абстрактілі ой, өйткені адамзат қоғамы өзінің заңды көріністерімен көптеген қоғамдық ғылымдардың пәні болып табылады. Сондықтан да әлеуметтану пәнін қандай да бір басқа қоғамдық ғылым пәнінен бөлек қарауға болмайды. Ол үшін ең алдымен әлеуметтанудың объектісі мен пәнінің ара жігін ажыратып алған жөн.

Ғылыми таным объектісіне зерттеу қызметі бағытталатынның бәрі, оған объективті шынайылық ретіндегі қарсы тұратын нәрсенің бәрі жатады. Нақты ғылымның зерттеу объектісі туралы әңгіме болғанда объективті шынайылықтың қандай да бір бөлігі тұтас зерттелмейді, сол ғылымның ерекшелігімен анықталатын жағынан бастап қана зерттеледі. Объективті шынайылықтың нақты бөлігінің басқа жақтары бұл жағдайда қосалқы нәрсе ретінде немесе берілген объектінің міндетті шарты ретінде қарастырылады.

Объект дегеніміз белгілі бір немесе ерекше қасиеті бар объективті шынайылықтың жеке бір бөлігі немесе элементтерінің жиынтығы. Және де объективті шынайылықтың бір саласының өзі көптеген ғылымның зерттеу объектісі бола алады. Мысалы, физикалық шынайылық - көптеген жаратылыстану және техникалық ғылымдардың, ал әлеуметтік шынайылық - қоғамдық және гуманитарлық ғылымдардың зерттеу объектісі. Қоғам адамдардың өзара әрекетінің өнімі ретінде саналы, күрделі құбылыс және барлық қоғамдық ғылымдар үшін ортақ зерттеу объектісі болып табылады. Алайда осы ғылымдардың әрқайсысының өзіндік ерекшеленген зерделеу объектісі бар. Сондықтан көптеген қоғамдық ғылымдардың объектісі тұтас қоғам емес, оның қандай да бір жағы немесе көрінісі. Экономика ғылымдарының ерекшеленген объектісі - қоғамдық өмірдің материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, алмасу және тұтыну сияқты өзіне тән жақтары. Қоғам өмірінің экономикалық саласынан едәуір өзгеше жағы - саяси биліктің ұйымдастырылуына, қызмет етуіне және дамуына байланысты саясат саласы болып табылады. Және де ол саяси ғылымдардың ерекшеленген объектісі болып табылады. Бірқатар ғылымдар - мәдениеттану, әлеуметтік психология, педагогика және басқалар - қоғамның рухани өмірін, рухани құндылықтарды өндіру және бөлу, адамдардың рухани сұраныстарын қанағаттандыру жолдарын, нысандары мен әдістерін зерделеуге арналған .

Ғылыми білімнің объектісі мен пәні бір-біріне дәл келе ме? Жоқ, дәл келмейді, өйткені кез келген ғылымның объектісі таным процесінің бағытталған нәрсесі болып табылады, ал пән қызметін тікелей зерделенуге жататын объектіні құрайтын тараптарға, байланыстарға, қарым-қатынастарға қызмет етеді. Егер де ғылым объектісі - объективті дүниенің қандай да бір бөлігін танытатын шынайылық дейтін болсақ, ал ғылымның пәні - осы шынайылықтың ғылыми және тәжірибелік көзқарас тұрғысынан неғұрлым маңызды заңды байланыстары мен қарым-қатынастарын анықтау жолымен, сол шынайылықты абстрактілі деңгейде қайта тудыру. Кез келген ғылымның пәні объективті дүниенің жай ғана бір құбылысы немесе процесі емес, оның зерделенетін объектісінің дамуы мен қызмет етуінің басқа ғылым емес, тек қана осы ғылым үшін ерекшеленген белгілі бір заңдылықтарын бөліп қарауға мүмкіндік беретін теориялық абстрактілеу нәтижесі болып табылады. Мұндай абстрактілеу (зерделенетін объектінің үлгісін жасау) әлеуметтік шынайылылықтың әллеуметтанушы қызметі бағытталған “бөлігін”, “саласын”, “қырларын” анықтайды.

Сонымен, ғылымның пәні ол зерделейтін объектіге тепе-тең емес. Ғылымның пәні тұрақты бола алмайды және таным процесінің өзі сияқты үнемі қозғалыс, даму, қалыптасу үстінде болады. Ғылымның пәндік саласының қозғалысы екі шешуші факторға: бір жағынан ғылыми білімнің прогресіне, екінші жағынан қоғамның өзгермелі сұранысына, әлеуметтік сұранымға тәуелді. Әлеуметтанудың пәндік саласы аталған факторлардың ықпалымен қалыптасқандықтан және қалыптасып жатқандықтан, әлеуметтану өз пәнін анықтауда өзгеріске ұшырамай тұра алмайды. Енді біз әлеуметтану тарихының ішінен оның пәні туралы ұғымның қалай өзгергенін қарастырамыз.

Әлеуметтанудың негізін қалаушы О. Конт әлеуметтану пәнін жалпыға ортақ келісім негізін құрайтын тұтас алынған қоғам деп түсінді. Бұл келісім өз кезегінде адамзат тарихының және адамның өз табиғатының бірлігіне сүйенеді. О. Конт оң әлеуметтанушылық білімді табиғи-физикалық процестерге ұқсатып құрды. Әлеуметтануды әлеуметтік физика деп түсіну, оның пәндік саласын әлеуметтік статикаға және әлеуметтік динамика бөлу осыдан келіп шыққан.

Ағылшын философы әрі ғалымы Г. Спенсер әлеуметтануды әлеуметтік институттардың табиғи эволюциясы нәтижесінде ондағы жіктелу тұтасумен ұштасатын әлеуметтік организм ретіндегі қоғам туралы ғылым деп білді.

Неміс кәсіби әлеуметтануының атасы Ф. Теннис әлеуметтанудың өзі жасаған тұжырымдамасы шеңберінде теориялық және қолданбалы әлеуметтанумен қатар салыстырмалы оқу пәні ретінде эмпирикалық әлеуметтануды бөліп қарайды. Ол индуктивтік әдіске сүйенеді және жалпы ұстанымдар ретінде теориялық әлеуметтану ұғымдарын пайдаланады. Ф. Теннистің ойынша, әлеуметтану пәнін әлеуметтіліктің, қоғамдастықтың барлық түрлері және олардың негізін адамдардың өзара әрекеті құрайды .

Француз әлеуметтану мектебінің негізін қалаушы Э. Дюркгейм үшін дербес және ерекшеленген ғылым ретіндегі әлеуметтанудың пәні әлеуметтік фактілерді зерделеу болды, оларды “заттар ретінде”, қоғамдық тұтастықты нығайтатын наным, ұжымдық сана жүйесіне қатысты функционалдылық көзқарасы тұрғысынан түсіндірілуге тиіс нәрсе ретінде қарастыру қажет. Осы тұжырымдамаға сәйкес, әлеуметтану “олардың мүшелері оқшауланған кездегі әрекетінен гөрі мүлде өзгеше ойлайтын, әрекет ететін және сезінетін” [4] әлеуметтік топтарды зерделеуге тиіс. Басқаша айтқанда, оның түсінігінде әлеуметтану дегеніміз әлеуметтік институттар, олардың генезисі және жұмыс істеуі туралы ғылым.

Неміс әлеуметтанушысы М. Вебердің көзқарасы бойынша, әлеуметтану пәнін анықтау әлеуметтік мінез-құлықты түсінумен тығыз байланысты. М. Вебер үшін әлеуметтану пәні дегеніміз әлеуметтік іс-әрекеттердің мән-мағынасының, әлеуметтік қарым-қатынастар мәнінің және олардың әрекет субъектісіне арналған құрылымдарының тұтас жиынтығы. Бұл позитивтік-баяндаушы емес, түсінікті әлеуметтану болуға тиіс.

Әлеуметтану пәні туралы американ әлеуметтанушысы П. Сорокиннің түсініктері қызықты. Ол барлық ғылымдарды үш топқа - объективті нақты өмірдің органикалық бөлігін зерделеумен шұғылданатын ғылымдарға, органикалық емес бөлігі және “органика үстілік” немесе әлеуметтік мәдени бөлігін зерделейтін ғылымдарға бөледі. Объективті шынайылықтағы органикалықтан тыс феномендер саласын адамның ментальдік, ойлау қызметінде көрініс табатын әлеуметтік феномендер құрайды. Бұл салаға тіл, ғылым мен техника, дін, философия, өнер, құқық, этика, адамдардың әдет-ғұрыптары мен мінез-құлықтары жатады. Әлеуметтану ғылымдардың үшінші тобына кіреді және органикалықтан тыс феномендер үшін ортақ нәрселерді зерделейді. Сонымен әлеуметтану барлық категориядағы әлеуметтік феномендер, сондай-ақ оларды біріктіретін қарым-қатынастар мен өзара байланыстар туралы жалпы ғылым болып табылады.

Американ әлеуметтануының классигі Т. Парсонс әлеуметтануды мінез-құлықтардың өзара іс-әрекеттері мен атқаратын рөлдерінен - құндылықтардың жалпы иерархиясына бағытталған өзара іс-қимылдардан тұратын, мәдени үлгілер, ережелер мен мәртебелердің институциялануына негізделетін құрылымдарға сүйенетін, әлеуметтік жүйелерді зерделейтін ғылым деп біледі.

Символикалық интеракционизмнің негізін қалаушы Дж. Г. Мид әлеуметтану жануарлардың мінез-құлқынан принципті түрде өзгеше болатын адам мінез-құлқының механизмін түсінуге тырысуы тиіс деп есептейді. Әлеуметтік өзара әрекет механизмін оның барлық деңгейлері мен мән-мағынасы бойынша барабар түсіну міндетін жеке тұлғаның ішкі дүниесі мен оған себепші болатын факторларды түсінген жағдайда ғана шешуге болады. А. Шюцтің пайымдауы бойынша, әлеуметтану пәні “”, яғни жеке адамдар бірін-бірі қалай түсінетіндігінің, дүние туралы жалпы қабылдау мен жалпы түсінік қалай қалыптасатындығының проблемасы болып табылады . Шюцтің интерсубъективтілікті талдаулары кәдуілгі білімнің әлеуметтанушылық іргетасын - феноменалдық әлеуметтанудың бүгінгі таңдағы неғұрлым толық жасалған тұжырымдамаларының бірінің іргетасын қалады.

Әлеуметтік заң. Әлеуметтік құбылыстар мен процестердің ең алдымен адамдар қызметі мен олардың іс-әрекеттерінің қажетті маңызды байланыстары. Әлеуметтік заңдар түрлі жеке адамдар мен көпшіліктің іс-әрекеттерінде көріне отырып, олардың арасындағы қатынастарды анықтайды. Бұл қатынастар халықтар, ұлттар, таптар, әлеуметтік-демографиялық, әлеуметтік-кәсіби топтар, қала мен ауыл, қоғам мен әлеуметтік ұйымдар, қоғам мен еңбек ұжымдары, қоғам мен отбасы, қоғам мен тұлға арасындағы қатынастар.

Заң деп әдетте жалпылық, қажеттілік және қайталанып отырушылық сипатына ие маңызды байланыстар мен қатынастарды айтады.

Әлеуметтік заңдар мен заңдылықтарды зерттеу дегеніміз әлеуметтік сферадағы түрлі элементтер арасындағы қажетті, маңызды байланыстарды табу. Заңдар өздерінің әсер ету уақыты бойынша ажыратылады.

Жалпы заңдар барлық қоғамдық жүйелерде қолданылады. Мысалы: тауар ақша қатынастары.

Арнайы заңдар бір немесе бірнеше қоғамдық жүйелерді жүзеге асырылады. Мысалы: капиталдың алғашқы жинақталуы.

Әлеуметтік заңдар өздерінің жалпыға ортақтық дәрежесіне қарай ажыратылады. Әлеуметтік сфераның дамуын тұтасымен сипаттайтын заңдар. Әлеуметтік сфераның жеке элементтерінің дамуын анықтайтын да заңдар бар (топтар, таптар, ұлттар және т. б. дамуын сипаттайтын заңдар) .

Көріну түрі жағынан динамикалық және статикалық заңдар болып бөлінеді.

Динамикалық заңдар әлеуметтік өзгерістердің бағытын, себебін және түрлерін анықтап, белгілі бір жағдайда оқиғалардың арасындағы дәл, жүйелі байланыстарды белгілейді.

Статикалық заңдар әлеуметтік ортадағы құбылыстар мен процестер арасындағы байланыстардың дәл, тұжырымды түрде емес белгілі бір дәрежеде ғана мүмкін болатындығын көрсетеді.

Динамикалық заңдар екіге бөлінеді: 1) себепті

2) функционалдық

Себепті динамикалық заңдар әлеуметтік құбылыстардың дамуындағы қатал себепті байланыстарды белгілейді. Мысалы: Әлеуметтік жүйелердің бір түрінен екіншісіне өтердегі өндіріс тәсілінің ролі. Функционалдық динамикалық заңдар әлеуметтік құбылыстар арасындағы тәжірибе жүзінде бақылауға алынған және қатал түрде қайталанып отыратын екі жақты бағыныңқылықты анықтайды.

Статикалық заңдардың бір түрі даму заңдары. Мысалы: халықтың материалдық және мәдени қажеттіліктерін өте жоғары дәрежеде қанағаттандыру мәселесі.

Статикалық заңдардың ендігі бір түрі қалыптасу заңдары (законы функционирования) . Мысалы: отбасында рольдердің бөлініп қойылуы.

Әлеуметтанудың қоғамдық ғылымдар жүйесінде алатын орны.

Әлеуметтану, философия, психология, саясаттану, әлеуметтік жұмыс.

Әлеуметтану ғылымының негізгі категориялары: әлеуметтік роль, әлеуметтік мәртебе, әлеуметтік институт т. б.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Тощенко Ж. Т. О понятийном аппарате социологии // СОЦИС. - 2002. - № 8. - С. 3-16.

2. Социология. Основы общей теории: Учебное пособие / Под ред. Г. В. Осипова, Л. Н. Москвичева. - М. : “Аспект-Пресс”, 1998. - С. 102-105.

3. Социология: Учебное пособие. - М. : Изд-во “Знание”, 1995. - С. . 145.

4. Давидюк Г. П. Социологические законы // СОЦИС. - 2001. - 6. - С. 96-98.

5. Социология. - М. : Мысль, 1990. С. 37-39.

6. Социология: Учебное пособие. - М. : Изд-во “Знание”, 1995. - С. 149.

7. Социология. Основы общей теории: Учебное пособие / Под ред. Г. В. Осипова, Л. Н. Москвичева. - М. : “Аспект-Пресс”, 1998. - С. 124.

8. Кравченко А. И. Социология: Учебное пособие для студентов высших заведений. - Екатеринбург: Деловая книга, 1998. - С. 45.

9. Социология. Основы общей теории: Учебное пособие / Под ред. Г. В. Осипова, Л. Н. Москвичева. - М. : “Аспект-Пресс”, 1998. - С. 174.

10. Современная западная социология: Словарь / Под ред. Ю. Н. Давыдова. - М. : Политиздат, 1990. - С. 140.

11. Современная западная социология: Словарь / Под ред. Ю. Н. Давыдова. - М. : Политиздат, 1990. - С. 140.

12. Кравченко А. И. Социология: Учебное пособие для студентов высших заведений. - Екатеринбург: Деловая книга, 1998. - С. 97.

13. Фролов С. С. Социология: Учебник для высших учебных заведений. - М. : Издательская корпорация “Логос”, 1998. - С. 103-105.

14. Социология. Основы общей теории: Учеб. пособие / Под ред. Г. В. Осипова, Л. Н. Москвичева. - М. : Аспект Пресс, 1996. - С. 201.

2 дәріс.

Әлеуметтану ғылымының негізгі тарихи даму этаптары. 2 сағат

1. Әлеуметтану ғылымының тарихи даму этаптары (классикалық, классикалық емес және постклассикалық кезең) . 2. Қазақстанда әлеуметтік көзқарастарының қалыптасу негіздері

Классикалық кезең.

О. Конт (1798-1857) . Француз социологы. «Адамзаттың позитивті діні» негізінде теократиялық утопияны ұсынушы, позитивті мектептің негізін салушы. Социология деген терминді ғылымға ең алғаш енгізген де Конт. «Әлеуметтік физика» идеясы XVII пайда болған еді. О. Контқа дейін ешкімде бұл идеяны жүйелі, дәлелді түрде дамыта алмаған еді. Конттың түсіндіруі бойынша «әлеуметтік физика» немесе «социология» қоғамдық құбылыстарды физикалық құбылыстарға теңестіруді білдірмейді. Конт ғылыми білімдердің ерекше энциклопедиясы - «позитивті синтезін» жасайды. Бұл ғылыми білімдер жүйесін иерархия бойынша қарапайымнан күрделі түрге қарай, төменнен жоғары қарай, жалпыдан арнайы түрге қарай орналастырады. Білімнің дамуындағы әрбір келесі саты өзінің алдындағы сатыны алғы шарт ретінде пайдаланып, онымен салыстырғанда жоғары дәрежеде болады. Алайда бұл алдыңғы саты жоғары дәрежелі сатының ерекше мағынасын ашуға, түсіндіруге жеткіліксіз. «Негізгі ғылымдар иерархиясы» - математика, астрономия, физика, химия, биология, социология.

Әлеуметтік байланыстардың табиғаты туралы сұрақ әлеуметтік статиканың ең негізгі сұрағы. Өйткені әлеуметтік статика әлеуметтік организмнің барлық тарихи жағдайларда сақталынатын элементтерінің қарым-қатынасын оқытады. Осы жерде Конт «жүйе» деген ұғымға назар аударады. Конт бұл ұғымды эволюция идеясымен байланыстырады. Конт бір уақытта әлеуметтік және интеллектуалдық «қос эволюцияның теориялық заңын» аштым деп есептеді. Бұл жерде Конт тарихи дамудың «үш сатысының заңы» туралы айтады. 1. теологиялық жағдай. 2. метафизикалық жағдай (абстракциялардың басымдығы) . 3. позитивті жағдай ( қоршаған шындықтың дәл дұрыс бағасын беруге негізделген.

Осы үш жағдайдың әрқайсысы бүкіл әлеуметтік құрылымның негізін қалап, қоғамдық өмірдің барлық жақтарына әсерін тигізеді.

Конт социологияны практикалық ғылымға айналдыру мақсатын қойды.

Конттың айтуы бойынша өз алдына алынған жеке адам -зоологиялық тұр. Оның шын мәні Адамзат арқылы ғана ашылады.

Э. Дюркгейм (1858-1917) . Француз социологы. Конттың позитивті дәстүрін жалғастырушы. Э. Дюркгеймнің көзқарасы бойынша социологияның зерттеу заты әлеуметтік деректер. Ол әлеуметтік деректерді екі түрге бөледі: морфологиялық және рухани.

Морфологиялық - халықтың тығыздығы, адамдар арасындағы қарым-қатынастардың түрлері. Рухани- коллективтік түсінік.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Квоталық және кездейсоқ зерттеу әдістері
Жаһанданудың негізгі теориялары
Әлеуметтік зерттеудің тәсілдемесі мен тәсілдері
ХАС-530 Аудиторлық іріктеу
Екі өлшемді массив және осы массивтің бағдарламада қойылуы
Ақпарат мөлшерінің өлшемі
Ақпараттық қамтама
Мәліметтер базасының құрылымы
Турбо Паскальдағы бір өлшемді масивтер
Персоналдың мансабын басқару
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz