Қазақстан аумағындағы көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы, түрлері мен типтері


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университет

Жоба

“Қазақстан тарихы. Қазақстан аумағындағы көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы, түрлері мен типтері”

Орындаған: Нұржан Даяна

Тексерген: Айнұр Жақыпқызы

2024 жыл

Мазмұны:

  1. Кіріспе бөлім;
  2. Негізгі бөлім:
  • Көшпеліліктің пайда болу алғышарты;
  • Көшпелі мал шаруашлығы негізінде көшіп қону алғышарттары;
  • Қоныстану негізіндегі географиялық факторлары;
  • Көшпенділердің өмірі мен тұрмысы;
  1. Қортынды бөлім:
  • Көшпенділер мен отырықшылардың айырмашылығы;
  1. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе

Мал шаруашылығы ежелден адам баласына тән шаруашылық болып табылады. Алғаш жануарларды қолға үйрету неолит дәуірінен бастау алады. Адамдар жануарларды көлік және азық пен сауда саттықта пайдаланды. Мал шаруашылығының алдымен көшпелі түрі кейіннен жартылай көшпелі түрі дамыды.

Негізгі бөлім:

1. Көшпеліліктің пайда болу алғышарты:

Көшпелі мал шаруашылығы қазақ далаларында алғаш б. з. б 2 мыңжылдық бұрын пайда болды. Пайда болу себебінің бірі б. з. б 2 мыңжылдықтың орта бөлігінде егіншілікпен айналысу тиімсіз екендігі анықталды. Табиғатта құрғақшылық орын алып, жауын шашым болуы азайды сондықтан адамдар мал шаруашылығын қалыптастырды. Алғаш қолға үйретілген қой мен ешкі болды. Қойдың арғы тегі - арқар, ешкінікі- таутеке болды. Оған дәлел ретінде Жерорта теңізі маңайындағы тұрақтарда қой мен ешкі сүйегі табылды.

Бұл суретте б. з. б 2-1 ғғ жартастарға салынған қолға үйретілген және жабайы түйелер.

Мал және оның өнімдері Ресей, Қытай т. б көрші елдерге өнеркәсіп бұйымдарына алмастырылып отырды.

Малды баптау барысында қоныстарын жиі ауыстырып отырды. Жайлы және ық жерлерді таңдады.

2. Көшпелі мал шаруашлығы негізінде көшіп қону алғышарттары:

Қазақстан жеріндегі көшпелі мал шаруашылығына байланысты күздеу мен қыстау маңдары ретінде қар аз түсетін құрғақтау шөлейтті жерлерді таңдады мысалға: Маңғыстау түбегі мен Батыс, Орталық Қазақстан жерлері алынды. Бұл жерлер құрғақшылығы мол құмды болғандықтан бұл жерлерде қой мен түйені өсіру қолайлы болды. Түйе ыстық пен құрғаққа төзімді мол азық беретін әрі күшті көлік ретінде қолданылды.

Суы мол шөбі шүйгін жерлер көтеу мен жайлау ретінде таңдалды мысалға: Солтүстік, Орталық және Шығыс Қазақстан жерлеріне қоныстанды. Бұл жерлер су мол орманшыл жерлер болғандықтан төрт түлік малдың барлығына қолайлы болды.

Орта жүз қазақтары Сарысу, Шу және Сырдария орта ағысын қыстап, жайлауға Ертіс, Есіл, Тобыл бойына жайғасты.

Кіші жүз қазақтарының қыстауы ретінде Каспий теңізінің жағалауы мен Сырдария, Амударияның төменгі ағысын қоныстанды. Жайлау ретінде солтүстік далалық аймақтарға шыққан.

3. Қоныстану негізіндегі географиялық факторлары:

Қыстау мен Жаздау орындарын географиялық тұрғыда бағалайтын болсақ. Қазақстанның оңтүстігі жазды күндері көптеген сусыз жайылымдар пайдаланылмай, қысты күні қар түскеннен кейін қысқы жайылым есебінде пайдаланылды.

Солтүстік өңірлер толып жатқан жайылым қар астында қалатындықтан, жазды күні қай жері болмасын жанға жайлы жайлауға айналды.

Қола дәуірінің ортаңғы, соңғы кездерінде Қазақстан жерін мекендеген тайпалар шаруашылығында қой түлігі сан жағынан басым болды. Сақ дәуірінде жерімізде осы күнгі құйрықты қазақы қой сияқты қой тұқымы тараған екен.

4. Көшпенділердің өмірі мен тұрмысы:

Ерте темір дәуірі заманында кәдімгі қойлармен қатар биязы жүнді қой, ешкі де өсірілген екен. Алтайдан, Жетісудан табылған ерте темір дәуіріне жататын киіздер осындай биязы жүннен басылған.

Ерте заманнан-ақ көшпелілерде қойдан кейінгі саны жағынан екінші түлік - жылқы. Жылқы мөлшермен б. з. д. 2-мыңжылдықтан бастап мінуге, жүк артуға, жегуге үйретілген. Арпаөзен, Қойбағар, Берікбай, Хантаудағы тасқа салынған суреттерде жеңіл күймелерге, ауыр арбаларға жегілген аттар бейнеленген.

Сақ дәуірінде Қазақстан жерінде басы үлкен, аяғы қысқалау, тұрқы ұзын, түгі қалың жылқы тұқымы кең таралған. Бұл жылқылар тебіндеп жайылуға үйренген қазақтың қазіргі жабы жылқысы тұқымына жақын. Сонымен қатар сол заманның ақсүйектері, қолбасшы батырлары жерленген үлкен қорымдардан (Пазырық, Берел) тұрқы биік аттардың да сүйегі табылған. Сақ дәуірінде жабы сияқты төзімді, жекпе-жекке, үлкен ұрыстарға мінетін қазанаттармен қатар осы екі тұқымның араласуынан шыққан тұрқы орташа жылқы тұқымдары да болған. Олардың сүйектері Шығыс Қазақстан жеріндегі Кіші Красноярка қонысынан, Орталық Қазақстандағы Тасмола зиратынан табылған. Бұл деректер сақтардың жылқының әр түрлі тұқымдарын өздері сүрыптап шығара алғандығының белгісі. Сақ дәуірінде қалыптаса бастаған осы жылқылардың тұқымы ғұн, сармат, үйсін дәуірінде, одан соң көне түркілер заманында кең таралып, өз жалғасын тапты. Ұзақ жорықтарға төзімді, аса күй талғамайтын осындай жылқыларды қыпшақтар да өсірген. Қыпшақ жерін аралаған ибн Баттута деген араб саяхатшысының пікірінше, Үнді жерінде жорыққа мінуге арналған қыпшақ жылқыларына сұраныс өте күшті болған.

Қазақстан жерінде қола дәуірінен бері ірі қара мал өсірілген. Қола, ерте темір дәуірі ескерткіштерінен табылған сиыр сүйектері де ірі, орташа, ұсақ сиыр тұқымдарының болғандығын көрсетеді. Көшпелілер малының құрамында ірі қара аз болды. Қола дәуіріне қарағанда көшпелілік пайда болған ерте темір дәуірінде сиыр малы азайды. Тек қана үлкен өзен-көлдердің (Сыр, Ертіс, Жетісу аймақтары) маңын мекендеген жартылай көшпелі тайпалар сиыр өсірген.

Ортағасырлық монғол көшпелілерінде қысы-жазы өз аяғымен жайылуға бейімделген, жүні қалыңдау сиыр тұқымы өсірілген. Далалы, шөлейтті аймақтарды мекендеген көшпелілерде сиырдың осындай тұқымы кеңірек таралған болуы керек.

Қазақтың ежелден қолға үйреткен төрт түлігінің бірі - түйе. Қазақстан, Орталық Азия жері қосөркешті түйенің қолға үйретілген аймағы болып есептеледі. Түйені қолға үйрету Арал, Маңғыстау өңірінде мөлшермен бұдан үш жарым мың жыл бұрын, яғни б. з. д. 2-мыңжылдықтың ортасында іске асқан. Үй түйесі Қазақстанның көптеген аймақтарында жабайы түйе - қаптағайды қолға үйретуден пайда болған.

Қорытынды:

Көшпенділер мен отырықшылардың айырмашылығы:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сақ дәуірі тайпаларының шаруашылығы, тұрмысы және қоғамдық құрылысы
Әдістемелік нұсқау
Көшпенділік қоғамның генезисі мен эвалюциясы
Көшпелі және отырықшы мәдениеттері
Көшпелі мал шаруашылығы
Көшпенділер институтының зерттеліну тарихы
Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы пәні бойынша дәрістер
Қазақ этногенезінің сақ кезеңі
Қазақстанның сауда экономикалық байланыстары
Ұлытау өңірінің тарихи географиясы (XV ғ. – XIX ғ. соңы)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz