Дінмұхамед Қонаев жайлы жыр



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Табысты тұлға
Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Мақтан тұтар ұлы тұлға

Мақсаты: Білім алушыларға Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев туралы мәлімет беру, өмірі, атқарған еңбектері туралы ақпарат беру.

Жоспары:

1.Өмірбаяны

2.Отбасы

3.Мұражайы

4.Көзкөрген замандастарының естеліктері

1-бөлім Өмірбаяны

1-білім алушы Нұрбақыт:

Д.А.Қонаев 1912 жылы қаңтардың 12-де Алматы қаласында туды. Еңбек жолын 1936 жылы Мәскеудегі алтын және түсті металдар институтын бітіргеннен кейін Қоңырат кенішінде бастады. Ол дипломын Қоңырат карьерінің қуаттылығын 90 мың тонна қара мыс беруге жеткізу жөнінде жазып, оны үздік бағамен қорғап шығады.

2-білім алушы Ақниет:

Өзі жұмыс істеген үш жылда бұрғылау станогінің жұмыскерлігінен бастап цех бастығы, рудниктің техника бөлімінің меңгерушісі, бас инженері, директоры болып қызмет атқарды.

3-білім алушы Аружан:

Сол жылдары Қоңырат құрылысы қарыштап дамыған еді. Д.Қонаевтың өзі тұрған үй, балабақша, аурухана, мәдениет үйі салынды. Осындай қажырлы еңбегі үшін 1938 жылдың шілде айында Ерекше еңбегі үшін медалімен марапатталды.

4-білім алушы Гүлсезім:

Димаш Ахметұлы Қонаевтың ел бас­қар­ған кезеңі 1955-1986 жылдары. Осы жылдарда Қазақ­стан­ның экономикасы 7 есе өсіпті. Мың­да­ған елді мекендер пайда болған, 68 жұ­мысшы посел­ке­сі, 43 қала салыныпты. Халықтың саны өсті, ол республика қуа­ты­ның өркендеуіне қол жеткізді.

5-білім алушы Назерке:

25 қабатты Қазақстан қонақ үйі, М.Әуезов атындағы академиялық драма театры, М.Лермонтов атындағы орыс драма театры, Қазақ циркі, жастардың Неке сарайы, Ұлттық кітап­хана, Арасан моншасы, жабық Көк­базар кешені, тоғыз қабатты Баспасөз үйі, Алматы темір жол вокзалдары, әуе­жай ғима­ра­ты, респуб­ли­ка­лық Пионерлер сарайы мен Медеу спорт кешені Дінмұхамедтің бастама­шы­лығы арқасында д­ү­ние­ге келген.

6-білім алушы Айдана:

Заманымыздың заңғар тұлғасы Димаш Ахметұлы Қонаевтың халық үшің, еліміз үшін жасаған еңбегі кезін­де жо­ға­ры бағаланды. Оған КСРО-дай алып державаның ең жоғары - Со­циа­листік Еңбек Ері атағы үш рет берілді, ең жоға­ры ордені - Ленин орденімен 8 рет марапатталды.

2-бөлім Отбасы

Дінмұхамед Қонаев зайыбы -Зухрамен

7-білім алушы Жансая:

Сара ҚОНАЕВА, қарындасы:

Біз - Димекең екеуіміз бір әке, бір шешеден тудық. Ол -- үйдегі үшінші бала. Үлкеніміз - Әмина деген апамыз. Ол кісі -- көтерілісші Айтжан Түркебаевтың жұбайы. Одан кейінгі апамыздың аты - Мәймуна. Камал Қадыржановтың жары. Үшіншісі - Димекең. Димекеңнен кейін Наиза, Набила, Фазила деген апаларымыз болған. Назила мен Фазила оқу оқып жүр­ген жерінен өздері сұранып, соғысқа аттанған. Одан кейінгі -- Гаухар, атақты сәулетші Бәсеновтың әйелі. Гаухардан кейін Едіге деген ұл болған екен. Оны әкеміз кішкентай ке­зінде далаға алып шыққанында көлденең жұрттың көзі тиген деседі, сол күні-ақ мұрттай ұшыпты. Шетінеп кеткен. Одан кейін - мен. Димекең екеуіміздің арамыз -- он бес жас. Менен кейін Асқар деген ұл, Роза атты сіңлім бар.

8-білім алушы Ғалия:

Кейінде әкем екі рет қатты қуандым дейтін көрінеді. Оның біріншісі -- Димашымның оқуын бітіріп, дипломын алып келгені, -- дейді екен, -- Ал екінші қуанышым - оның қызметке тұрғаннан кейін үйленемін дегені.

Димаш ағам үйленемін деген хабарды жеткізгенде - жиырма жеті жаста. Зухра жеңгеміз бізге шешедей болып кетті. Мінезі көркем, ақылға да, парасатқа да бай, әзиз жан еді

9-білім алушы Айнұр:

1990 жылы Димекеңе жарты ғасыр жар болған Зухра жеңгеміз дүние салды. Сол жылы мен отбасыммен Димекеңнің шаңырағына көшіп бардым. Сөйтіп үш жыл бойы ол кісімен бірге тұрдым. Бұл үш жыл - Димекеңнің Зухрасынсыз өткен үш жылы еді. Бұл үш жыл - ол кісінің өмірін қорытындылаған, соңғы үш жылы еді.

3-бөлім Мұражайы

Алматыдағы мұражай үйіндегі суреттері.

10-білім алушы М.Жансая:

Алматы қаласындағы қазақ жұртының зиялы қауым өкілдері тұратын Мұқан Төлебаев көшесінің бойына орналасқан Д.А.Қонаев атындағы мұражай-үйі 2002 жылдың 12 қаңтарында ашылған. Өйткені 12 қаңтар - қазақ халқының біртуар дарынды ұлы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтың туған күні. Осы мұражайдың іргетасын қалаушылардың бірі әрі тұңғыш директоры Болысбек Батталхановтың айтуына қарағанда, ең алғаш жеке отау тіккен кезде бұл мұражайда 21-ақ жәдігер болған көрінеді.

Қазір олардың саны 2,8 мыңнан асып жығылады. Олардың қатарында Дінмұхаммед Ахметұлының Үкімет тарапынан алған 40-тан астам орден-медальдары - 3 Социалистік Еңбек Ері атағының Алтын жұлдызы, 8 Ленин ордені, Моңғолияның Сухэбатор алтын жұлдызы және Чехословакия, Куба, Қытай елдерінің мемлекеттік ордендері, Министрлер Кеңесінің төрағасы болған кезде пайдаланған жазу үстелі, қазақтың тұңғыш мүсіншісі Кәкімжан Наурызбаевтың 1952 жылы, яғни ұлы қайраткердің 40 жасында соққан мүсіні, тағы басқа өзі тұтынған заттары бар. Осы жәдігерлердің бәрі құнды әрі бағалы.

12-білім алушы Самал:

Мұражайдың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қайын атасы
Бар ғұмырын халқына арнаған адал тұлға
Д.А. Қонаевтың өмірі мен қызметі
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев туралы
Қазақ ұлтының кемеңгері, ұлт мақтанышы Д. А. Қонаев
Саяси билікке келуі
Дінмұхаммед Қонаев Ахметұлы
Д. А. Қонаевтың өмірі мен қызметі туралы ақпарат
Дінмұхамед Қонаев қоғам қайраткері
Қонаев және оның кезеңі
Пәндер