Бюджеттік саясат



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
РЕФЕРАТ
ӘЛЕУМЕТТІК-САЯСИ БІЛІМ МОДУЛІ

Қазақстан Республикасының ұлттық экономикасын мемлекеттік реттеу.

Жоспар:
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік экономикалық саясаттың басты бағыттары.
2. Бюджеттік саясат. Мемлекеттік қарыздарды басқару,
3. Салық саясаты
4. Ақша-несие саясаты және қаржы секторын дамыту.
5. Валюталық ұстаным.
6. Қорытынды

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығы жылында Үкіметтің әлеуметтік-экономикалық саясатының негізгі мақсаты - инфляцияның төменгі деңгейі кезінде тұрақты экономикалық өсуге өту, инвестициялық ахуалды жақсарту, халықты жұмыспен қамтудың деңгейін және нақты кірістерін арттыруды қамтамасыз ету болып табылады.
Қойылған мақсатты ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі:
- мемлекеттік бюджеттің кірістерін тұрақтандыруға және болашақ ұрпақтар үшін қаражат жинақтауға мақсатты бағытталған Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының тиімді және ашық жұмыс істеуін қамтамасыз етуге;
- халықтың әлеуметтiк осал жiктерiне мемлекеттiк қолдау көрсетудi күшейтуге, Кедейлiкпен және жұмыссыздықпен күрес жөнiндегi бағдарламаны iске асыруды жалғастыруға, 2002 жылы мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне көшуге қажеттi дайындық шараларын жүзеге асыруға;
- инвестициялық ахуалды жақсартуға, экономиканың шикiзаттық емес секторына отандық және шетелдiк тiкелей инвестицияларды тарту жөнiндегi қызметтi жандандыруға, елдiң несиелiк рейтингiн (қазақстандық кәсiпорындар мен банктер үшiн қарыз алудың шарттарын жақсарту мақсатында) көтеруге қол жеткiзуге;
- Қазақстан Даму банкiнiң экономиканың салалық құрылымын және елдiң өндiрiстiк инфрақұрылымын жетiлдiрудi қамтамасыз ететiн инвестициялық жобаларды несиелендiру жөнiндегi жұмысын ұйымдастыруға;
- отандық тауарлардың iшкi және сыртқы рыноктардағы бәсекелестiк қабiлетiн арттыру, сондай-ақ экономиканы әртараптандыру үшiн жағдай жасауға;
- сонымен бiр мезгiлде шикiзаттық емес экспортты дамытуды көтермелей отырып, импорт алмастыру саясатын iске асыруды жалғастыруға;
- ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң тиiмдiлiгiн арттырумен байланысты, жекелеген позицияларды субсидиялаумен бiрге бәсекелестiк секторды дамытуға бағдарланған ауыл шаруашылығын қолдау саясатын жүргiзуге;
- Қазақстанның бас қаласы - Астананың құрылысын салу мен оны дамыту бағдарламасын iске асыру жөнiндегi жұмысты жалғастыруға;
- Еуразиялық экономикалық қоғамдастықты қалыптастыру жөнiндегi күш-жiгердi жалғастыруға және Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына енуi жөнiндегi жұмысты жалғастыруға;
- ұлттық компаниялардың, мемлекеттік кәсiпорындардың қызметiн басқару мен бақылаудың тиiмдiлiгiн арттыруға және мемлекет қатысатын акционерлiк қоғамдар қызметiнiң ашық болуын қамтамасыз етуге;
- табиғи монополияларды реттеудiң жүйесiн жақсартуға, орта мерзiмдiк тарифтiк тетiктерге көшудi қамтамасыз етуге тауарлардың, жұмыстар мен қызмет көрсетулердiң жекелеген түрлерi бойынша республикалық және аймақтық рыноктардың монополиялануына жол берiлмеуiн бақылауды жүзеге асыруға;
- елдiң транзиттiк әлеуетiн дамытуға жәрдемдесетiн, қазақстандық кәсiпорындар мен тұтынушылардың көлiктiк шығындарын азайтуды қамтамасыз ететін біртұтас көлік инфрақұрылымын қалыптастыруға кiрiсуге;
- ұлттық ақпараттық инфрақұрылым құру, елдiң телекоммуникациялық саласын ырықтандыру, сондай-ақ экономиканың жаңа (ақпараттық) секторын құру жөнiнде күш-жiгер жұмсауға ниеттенiп отыр.
Қазақстан Республикасының Үкiметi өзiнiң iс-қимылында Қазақстанның Ұлттық Банкi жүргiзiп отырған ақша-несие саясатын қолдайтын, банк секторы мен сақтандыру секторын одан әрi нығайтуда, сондай-ақ халықтың ұзақ мерзiмдi ақша жинақтарын ынталандыруда елдiң орталық банкiне барынша көмек көрсететiн болады.
Үкiмет Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссияның бағалы қағаздар рыногының инфрақұрылымын одан әрi дамыту, бағалы қағаздар рыногында кiшi (миноритарлық) акционерлер мен инвесторлар мүдделерiн қорғауды жақсарту жөнiндегi қызметiне көмектесетiн болады.
Салық саласындағы жұмыс салықтық және кедендiк әкiмшiлiк жүргiзудi едәуiр жақсартуға әрi салық салу базасын кеңейтуге бағытталады. Салық түсiмдерiнiң толықтығын қамтамасыз ету үшiн акцизделетiн өнiмдер айналымын бақылауды күшейту жөнiнде шаралар қабылданатын болады.
Биылғы жылғы 1 шiлдеден бастап қосылған құнға салынатын салық ставкасы 16 пайызға дейiн, әлеуметтiк салық - 21 пайызға дейiн төмендетiледi, Ресеймен сауда жасау кезiнде ҚҚС-ты есептеу әдiсiмен алуға көшiру жүзеге асырылды. Шаруашылық жүргiзушi субъектiлердi 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық кодексi шеңберiнде жұмыс істеуге уақытылы дайындау мақсатында тиiстi дайындық жұмысы жүргiзiлетiн болады.
Yкiмет бюджет жүйесiн жетiлдiру жөнiндегi жұмысты жалғастырады. Үш жылдық бюджеттiк жоспарлауға көшу бекiтiлiп, бюджеттiк бағдарламалауды жақсарту, мемлекеттiк бюджеттiң iшкi және сыртқы аудит жүйесiн дамыту, несиегерлiк те, дебиторлық та қарыздарды қысқарту жөнiнде шаралар қабылданатын болады.
Үкiмет мемлекеттiк функцияларды жүзеге асыру және тиiстi бюджеттiк бағдарламаларды орындау үшiн орталық пен аймақтар жауапкершiлiгiн жiтi бөлу мақсатында мемлекеттiк басқаруды орталықсыздандыру тұжырымдамасы мен бағдарламасын жасау ниетiнде.
Мемлекеттiң орта мерзiмдi фискалдық бағдарламасы қабылданады, ол мемлекеттiң жиынтық алтын-валюта активтерiнiң мемлекеттiң сыртқы қарыздарынан (кепiлдiк берiлгендерiн қоса алғанда) асырылуын көздейдi.
Үкiмет импортты алмастыру саясатын жалғастырмақ ниетте. Бұл жұмыста барлық iрi импорттаушылар мен қазақстандық шикiзаттар, материалдар, жабдықтар және жинақтаушы бұйымдар өндiрушiлер iске тартылатын болады. Тек мұнай-газ кешенi кәсiпорындарын тапсырыстарды ел iшiнде орналастыруға қайта бағдарлау есебiнен ғана өнiмдердi, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi 45 млрд. теңге шамасында жүргiзу болжанып отыр.
Ауыл шаруашылығы саласында астық қолхаттарын енгiзу бағдарламасы iске асырылады және аймақтарда ауылдық несиегерлiк серiктестiктер құру жөнiндегi үлгiлiк жоба басталады.
Өсiмдiктер мен жануарлар ауруларымен күрес саласында мемлекеттiк органдарға бақылау-қадағалау функцияларын одан әрi бөлу және бекіту, тиiстi қызметтердi көрсетушi бәсекелестiк секторды дамыту бойынша жүйелiк қайта құру жоспарланып отыр.
Ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң экспорттық рыноктарын кеңейту жөнiнде шаралар қабылданатын болады.
Үкiмет асыл тұқымды астық шаруашылығын және мал шаруашылығын, сондай-ақ химиялық тыңайтқыштарды қолдануды субсидиялаудың тиiмді де ашық жүйесiн түзу ниетiнде.
Ауыл шаруашылығына лизингтiк техниканы беру ауқымы лизингтiк төлемдердi қайтарудың тиiмдiлiгiн бiр мезгiлде қамтамасыз ете отырып, ұлғайтылатын болады.
Yкiмет ауыл шаруашылығы тауар өндiрушілерiнiң көктемгi дала және егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшiн жанар-жағармай материалдарын сатып алуды жеңiлдету мақсатында облыстарға пайызсыз ақшалай несие бөледi.
Энергетика саласында Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторындағы көмiрсутектi ресурстарды игеру стратегиясын әзiрлеу жүзеге асырылатын, жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнаманы одан әрi жетiлдiру қамтамасыз етiлетiн болады.
Үкiмет Қазақстан Республикасында газ өндiру, қайта өңдеу мен тасымалдау бағдарламасын қабылдайды. Амангелдi газ кен орындарын игеру жөнiнде iс-әрекет жасалып, Нарын-Сырдария бассейнiнiң суын пайдалану жөнiндегi үкiметаралық келiсiмге уақытылы қол қою мақсатымен шаралар қабылданатын болады.
Yкiмет жылу энергетикасы кешенiнде ықпалдастық процестерiн тереңдету жөнiндегi жұмыстарды Қазақстанның стратегиялық мүдделерiн дәйектiлiкпен қорғай отырып, жалғастырады.
Көлiк саласында елде автомобиль жолдарын салудың және қайта жаңартудың бесжылдық мемлекеттiк бағдарламасы әзiрленетiн, азаматтық авиацияның еуропалық стандарттарға көшу жоспары қабылданатын және мемлекеттiк авиациялық қадағалау нығайтылатын болады.
Темiр жолдардың негiзгi капиталына инвестицияларды арттыру, оларды қайта құрылымдаудың бағдарламасын iске асыру жөнiнде iс-әрекет жасалатын болады. Үкiмет отандық өндiрушiлер мен тұтынушылар үшiн барынша қолайлы темiр жол тарифтерiне қатысты көршi елдермен уағдаластықтарға қол жеткiзу үшiн, сондай-ақ транзиттiк тасымалдауларды одан әрi дамыту үшiн қажетті күш-жiгер жұмсайтын болады.
Монополияға қарсы саясат саласында орын алып отырған кедергiлердi құқықтық негiзде жою, бәсекелестiк ережелерiн бұзушылық, монополиялық жағдайын терiс пайдаланғаны үшiн жазалаудың пәрмендi шараларын енгiзу, сондай-ақ табиғи монополиялар субъектiлерi экономикалық қызметiнiң ашықтығын қамтамасыз ету жолымен бәсекелестiктi дамыту үшiн қолайлы жағдайлар мен көтермелеу шаралары жасалатын болады.
Кәсiпкерлiктi қолдау шағын бизнестi дамыту үшiн заңнамалық және ұйымдастыру жағдайлары жақсартылып, қамтамасыз етілетiн болады.
Yкiмет халықтың тұрмыс деңгейiн одан әрi жақсарту, келеңсiз демографиялық үрдiстердi бiртiндеп еңсеру мақсатымен әлеуметтiк саланы дамытуға ықпал жасауды күшейтедi.
Халықты атаулы әлеуметтiк қорғау жүйесiн жетілдiруге, еңбек ету қабiлетiнен, асыраушысынан және жұмысынан айырылған жағдайлардағы мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру, сондай-ақ қызметкерге келтiрiлген зиян үшiн жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн сақтандырудың тетiгiн жасауға күш-жiгердi шоғырландыру жоспарлануда. Халықты экономикалық және әлеуметтiк есепке алу жүйелерiне арналған бiрыңғай жеке бiрдейлендiру кодын енгiзу жөнiндегi iс-шараларды әзiрлеу аяқталатын болады.
Үкiмет жұмыспен қамту, жұмыссыздық деңгейiн төмендету және кедейлiкпен күресу проблемаларын шешу жөнiндегi жұмысты жалғастырады, жастарды жұмыспен қамтуға мемлекеттiк қолдау көрсетуді күшейтедi.
120 мыңнан аса жаңа жұмыс орнын құру, жұмыссыздық деңгейiн 11,5%-ға дейiн төмендету, 80 мың адамды қоғамдық жұмыстармен қамтуды ұйымдастыру 15 мыңға, жуық жұмыссыз азаматты қайта оқыту жоспарланып отыр.
Yкiмет халықтың жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметтер көрсету саласын одан әрi тартылуы жөнiнде шаралар қабылдайтын болады.
Yкiмет тарапынан еңбекке, жұмыспен қамтуға және әлеуметтiк қорғауға қатысты проблемаларды шешу мақсатында әлеуметтiк әрiптестiктi кеңейту және нығайту жөнiнде одан әрi күш-жiгер жұмсалатын болады.
Қазақстан Республикасы тәуелсiздiгiнiң 10 жылдығын өткiзудiң тұжырымдамасын іске асыруға елеулi түрде көңiл бөлiнедi.
Денсаулық сақтау дене тәрбиесi және спорт саласында салауатты өмiр салты қағидаттарын одан әрi енгiзу жоспарланып отыр. Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың және кемсiтудiң кез келген нысандарының алдын алуға жоғары деңгейде назар аударылатын болады.
Үкiмет мемлекеттік тiлдiң мәртебесiн нығайту, орыс және басқа да тiлдердi одан әрi дамыту жөнiндегi жұмысты жандандыра түседi.
Мәдениет объектiлерiнiң материалдық-техникалық базасын нығайту, ұлттық мәдениеттiң бұқаралылығын кеңейту, оның одан әрi дамуына ықпал ететiн жағдайларды жетiлдiру жөнiнде шаралар қабылданатын болады.
Үкiмет ақпараттық рынокты дамытуға бағытталған күш-жiгер жұмсауды

жалғастыратын болады. Елдегi демократияландыруды тереңдету, сондай-ақ
отандық БАҚ-ты қолдау мақсатында тиiстi салықтық жеңiлдiктер енгiзу
жоспарланып отыр.
Жаңа экономикалық бағыт, елдің орнықты дамуына төнетін қатерлер мен сын-тегеуріндер мемлекеттік экономикалық саясаттың аса маңызды құрамдас бөлігі, әрі әлеуметтік-экономикалық дамудың алға қойылған міндеттерін іске асыру құралы болып табылатын бюджет саясатын қалыптастыру мен іске асыру тәсілдерін өзгертуді талап етеді.
Жаңа бюджет саясатының тұжырымдамасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы "Қазақстан-2050" стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес әзірленді және бюджет ресурстарын мүмкіндіктер шегінде пайдалануға және бюджет тапшылығын қысқартуға, үнемді және ойластырылған бюджеттік-қаржылық процесті қамтамасыз етуге, бюджет қаражатын және Ұлттық қор қаражатын, іріктеудің қатаң жүйесін қолдана отырып, ұзақ мерзімді перспектива тұрғысынан өнімді стратегиялық жалпыұлттық жобаларға инвестициялауға бағытталған.
Осы Тұжырымдама 2020 жылға дейінгі бюджет саясатының пайымын, оны қалыптастырудың негізгі тәсілдері мен бағыттарын айқындайды және ол мемлекеттік қаржы саласында реформалар жүргізудің кешенділігін қамтамасыз етуге бағытталған.
1. Қазақстан Республикасындағы жаңа бюджет саясатының пайымы
Ағымдағы ахуалды талдау
Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстанда мемлекеттік қаржыны басқарудың қазіргі заманғы жүйесінің негізі қалыптасты.
Нарықтық экономиканың шарттары мен талаптарына жауап беретін мемлекеттік қаржы жүйесі, орталық және жергілікті деңгейлердегі мемлекеттік билік органдарының қызметін қаржылық қамтамасыз етудің заңнамалық негіздері жасалды. Бағдарламалық бюджеттеу мен шығыстардың бағдарламалық сыныптамасы енгізілді. Табыс көздері республикалық және жергілікті бюджеттер арасында бөлініп, тұрақты негізде бекітілді.
Макроэкономикалық тұрақтандыру мақсатында мемлекеттік бюджет тапшылығын қаржыландыру 1998 жылдан бері бейинфляциялық көздерге ауысты.Келешек ұрпақ үшін мұнайдан түскен кірістерді жинақтау арқылы қаржы ресурстарын жинақтау, сондай-ақ республикалық бюджеттің әлемдік шикізат нарықтарындағы ахуалға тәуелділігін төмендету мақсатында 2000 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының (бұдан әрі - Ұлттық қор) құрылуы Қазақстан бюджет жүйесінің маңызды реформасы болды. Ұлттық қор елдегі макроэкономикалық тұрақтылықты ұстаудың маңызды құралына айналды. 2004 жылы Қазақстан Республикасының алғашқы Бюджет кодексі қабылданды, онда бюджет жүйесіндегі заңнаманың қолданыстағы нормалары реттеліп, жүйеленді.Экономикалық, стратегиялық және бюджеттік жоспарлаудың өзара байланысын қамтамасыз ету мақсатында орталық мемлекеттік органдар мен мемлекеттік басқару деңгейлерінің арасында, оның ішінде бюджет жүйесінде, өкілеттіктердің аражігін ажырату жүргізілді.
Республикалық және жергілікті бюджеттер арасындағы бюджетаралық қатынастардың тұрақтылығы үшжылдық кезеңге арналған жалпы сипаттағы трансферттер көлемін заңнамалық түрде айқындау жолымен қамтамасыз етілді. 2007 жылы корпоративтік басқару, нәтижелілік, ашықтық және қоғамға есеп берушілік қағидаттарына негізделген мемлекеттік басқарудың сапалы жаңа моделін қалыптастыру жұмысы басталды. Стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым міндеттерін іске асыруға бағдарланған мемлекеттік жоспарлаудың тұтас әрі тиімді жүйесін қалыптастыру мақсатында 2007 жылғы желтоқсанда Нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау жүйесін енгізу жөніндегі тұжырымдама бекітілді.
2008 жылы Тұжырымдама негізінде нәтижеге бағдарланған бюджеттеуге көшудің заңнамалық негізін қалаған Қазақстан Республикасының жаңа Бюджет кодексі қабылданды.
Бір жылға арналған бюджеттік жоспарлауды үш жылдық бюджетке ауыстыру жүзеге асырылды, ол мемлекеттік жоспарлаудың жаңа моделінің негізіне айналды. Осылайша, тәуелсіздік алған кезден бастап Қазақстанда бюджет қаражатын басқарудың қазіргі заманғы жүйесінің негізі қалыптасты. Бюджеттік құқықтық қатынастарды реттеудің тұтас жүйесі құрылды, бюджет жүйесінің бірыңғай қағидаттары белгіленді, мұнайдан түскен кірісті жинақтау тетігі енгізілді, бюджетаралық қатынастардың жүйесі құрылды.

Сонымен қатар, бюджет саясатын қалыптастыруда орта және ұзақ мерзімді кезеңде оның тиімділігіне келеңсіз әсерін тигізуі мүмкін проблемалар мен теріс үрдістер орын алуда.
Бірнеше жылдар бойы мемлекет міндеттемелерінің ұлғаю үрдісі байқалып отыр, "бюджеттік масылдық" күшейіп келеді. Мемлекеттік бюджет шығыстарының жалпы көлеміндегі ағымдағы шығыстар 2005 жылғы 59,6%-дан 2013 жылы 81,1%-ға дейін өсті.Жыл сайын ағымдағы шығыстар мен мемлекеттік бюджеттен тұрғын үй-коммуналдық саланы, көлік саласын, ауыл шаруашылығын қолдауға берілетін субсидиялар көлемдері ұлғаюда.
Мемлекеттік бюджет шығыстарының жыл сайынғы өсуіне қарамастан, оның нәтижелілігі төмендеуде. Бұл ретте кіріс базасының өсуімен сүйемелденбейтін салық салу саясаты перспективада ұлғайып бара жатқан міндеттемелерге барабар болмай қалуы мүмкін. Мұның өзі ұзақ мерзімді кезеңде мемлекеттік қаржының теңгерімсізденуіне әкелуі мүмкін. Іске асырылуы әртүрлі мемлекеттік органдарға бекітілген бағдарламалар санының көп болуы да бюджеттік ресурстарды тиімді басқаруды қиындата түседі. Қаржыландыру бағыттары мен бағдарламаларды іске асыру құралдарының қайталануы орын алып отыр. Ағымдағы ахуал стратегиялық және бюджеттік жоспарлаудың өзара байланысының әлі де әлсіз екенін көрсетеді. Бюджет қаражатын бөлу түпкілікті нәтижеге емес, сметаға сәйкес жүзеге асырылады. Құрылымдық реформалардың аяқталмауына және жалғасуына байланысты экономикасы дамып келе жатқан ел ретінде Қазақстанда орта мерзімді бюджеттік жоспарлаудың тұрақтылығын қамтамасыз ету айтарлықтай күрделі.Бюджеттік инвестицияларды жоспарлаудың кешенділігі жоқ, бұл олардың тиімділігін азайтады.Жекеше инвестициялар мемлекеттік инвестициялармен алмастырылып жатады.Бюджет қаражаты есебінен салынып жатқан жобалардың қымбаттау проблемасы шешілмей отыр.Квазимемлекеттік сектор мен бюджеттік инвестициялардың келісілмеген инвестициялық саясаты мемлекеттік салымдардың тиімділігін төмендетуге алып келеді.

Мемлекеттің қатысуымен құрылатын заңды тұлғалар саны жыл сайын ұлғаюда, оларды капиталдандыруға шығыстар өсуде. Квазимемлекеттік сектордың субъектілеріне бөлінетін қаражат тиімсіз пайдаланылуда, бұл активтерді "жеп қоюмен" сүйемелденеді.Қазіргі бюджет жүйесіне тән орталықтандыру бюджет жүйесіндегі теңгерімсіздікке әкеледі. Сүйемелдейтін (теңестіретін) сипатты ғана орындайтын өңірлерге берілетін нысаналы трансферттер жүйесі "екінші жергілікті бюджетке" айналды. 2012 жылы өңірлерге трансферттер орташа есеппен жергілікті бюджеттер кірістерінің жалпы көлемінің 61,7%-ын құрады. Өңірлік сипаттағы іс-шараларды республикалық бюджеттен қаржыландыру ұлғайды.
Салық саясаты -- мемлекеттің экономикалық саясатының бір бөлігі. Салық негізін, мөлшерлемесін, жеңілдіктерін және шегерімдерін өзгерту жолымен іске асырылады. Салық саясаты экономикаға мемлекеттің араласуы нәтижесінде мемлекеттік бюджетті қалыптастырады және жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) ауқымымен, экономиканың жеке секторларына салық шараларын қолдану ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы бюджеттік жоспарлаудың құқықтық негіздері
Мемлекеттік бюджет - мемлекеттің негізгі қаржылық жоспары
Бюджетті жоспарлау негіздері
Бюджеттік жоспарлау мен болжау
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі
Қаржы саясатының мақсаттары мен міндеттері
Бюджет баланысы. Бюджет тапшылығы
Қазақстан Республикасының бюджет-салық саясатын қалыптастырудың ерекшеліктері
Мемлекеттік бюджеттің теориялық негіздері
Қазақстандағы бюджет - салықтық саясатқа талдау
Пәндер