Қоғамдық пікірдің табиғаты



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
ӘЛЕУМЕТТІК-САЯСИ БІЛІМ МОДУЛІ пәні

Қоғамдық пікірдің табиғаты

Жоспар:
1. Кіріспе

2. Негізгі бөлім:
2.1. Қоғамдық пікір - бұқаралық сананың жай-күйі.
2.2. Заң шығарушы билік үшін қоғамдық пікірдің маңызы мен қоғамдық пікірді қалыптастыру.
2.3. Қоғамдық пікір мен жалпы ерік арасындағы айырмашылық.
3. Қорытынды.
4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Қоғам - объективтік әлеуметтік заңдар негізінде дамитын ашық материалдық жүйе, адамдардың тіршілік ету формасы, әлеуметтік ұйымдасу тәсілі. Барлық әлеуметтік процестердің күрделі жүйесі болып табылатын қоғамдық өмірді көптеген қоғамдық ғылымдар зерттеу объектісіне айналдырып отыр. Адамзаттың және қоғамның үстемелі дамуының материалдық негізі - ол өндіріс. Қоғамдық өнімнің төрт сатыдағы қозғалысы қоғамдық өндірісті құрайды:
* Өндіріс - материалдық игіліктерді пайдалы өнімді өндіру процесі.
* Бөлу - әрбір адамның өндірілген өнімділігі үлесін анықтау.
* Айырбас - белгілі бір өнімді басқа өнімге айырбастау процесі.
* Тұтыну - өндірілген өнімді қажеттілікті қанағаттандыру үшін пайдалану.
Тарихи дамудың қандай сатысында болмасын, адамзат қоғамында, адамдар өмір сүру үшін қажет тамақ, киім, тұрған үй және басқа материалдық игіліктер болуы керек. Адамдардың өмір сүруіне қажет заттар өндірілуге тиісті. Бұлар өндіріс процесінде жасалады. Өндіріс - бұл қоғам дамуына қажет материалдық игіліктер мен қызметтер жасау мақсатымен табиғат заттарына адамның ықпал ету процесі. Бұл процестің дамуы ұзақ мерзімді қамтиды жабайы өнімдер өндіруден өте күрделі техникалық жүйелер, өзгерістерге икемді кешендер, есептеу машиналар өндірісіне дайын қандай жүйеде болмасын өндіріс қоғамының табиғатпен қатынасы, байланысы болып табылады. Осы қатынастар өндірістік ресурстар арқылы білінеді. Экономикалық теорияда ресурс деген түсінік өндірістің әр түрлі элементтерінің жиынтығы болып табылады, бұлар материалдық және рухани игіліктер мен қызметтер жасауға қолдануы мүмкін. Табиғи ресурстар - дегеніміз бұлар адамның өмір сүруінің табиғаттық шарттарының жиынтығының бөлшегі, өндіріс процесінде қолдануға болатын қоршаған ортаның өте маңызды компоненттері. Мысалы, күн қуаты, су ресурстары, пайдалы қазбалар.
Қоғам мен табиғат өзара табиғи байланыста. Осының нәтижесінде ноосфера (гр. ақыл және сфера) деп аталатын табиғатты адамдандыру яғни адамның табиғатты игеру процесі пайда болды. Ноосфера адамзаттың пайда болуына байланысты туды. Қуатты, дамыған техника мен технологияны пайдалана отырып, адам жер табиғаты мен жердің айналасындағы кеңістікке зор әсерін тигізеді. Биосфера - жаңа эволюциялық күйге - ноосфераға айналды және айналуда, ғылыми ой әлеуметтік адамзатты өңдеуге деп жазды В.И.Вернадский. Қоғам өмірінің екінші қажетті табиғи жағдайы - тұрғын халық. Адамсыз өндіріс мүмкін емес, табиғатты игеріп, қоғам мүддесіне қызмет ететін қуатты күш адамның еңбегі. Адамзат қоғамының табиғатпен қарым - қатынасы қазіргі заманның ең маңызды проблемаларының біріне айналды. Геожүйелердің экологиялық тұрақтылығының бұзылуы адамның өмірлік қажеттіліктері мен өндірістік технологиялардың мүмкіндіктері арасындағы динамикалық тепе-теңдіктің өзгеріске ұшырауының нәтижесі болып табылады. Қоғам мен табиғат арасындағы қарым-қатынас негізіндегі біртұтас жүйеге келтірілген табиғатты регионалды пайдалану ережелері мен қағидалары жатуы тиіс. Олар қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында табиғи ресурстардың әртүрлерін мақсатқа сай пайдалануға бағытталған ғылыми-тәжірибелік ережелердің жиынтығын білдіреді. Табиғи ресурстар - бұл адамдарға адамзат қоғамының өмір сүруі мен тіршілігі үшін қажетті табиғи денелер мен табиғат құбылыстары. Басқаша айтсақ, табиғи ресурстар дегеніміз өндіргіш күштердің даму деңгейіне сәйкес өндіру және тұтыну құралдары ретінде пайдаланатын табиғи компоненттер, табиғи ресурстардың классификациясы оларды олардың таусылуы және қалпына келтірілуін сипаттайтын көрсеткіштер мен белгілер тобы бойынша бөлінуін, экономика салаларында пайдаланудың шегін білдіреді.
Адам жерде пайда болған кезден бастап оның биосфераға тигізетін әсері үнемі үдеп отырды. Бірақ тек индустриалдық қоғам және демографиялық жарылыс жағдайында ғана Адам әрекетінің жағымсыз зардаптары ғаламдық сипатқа ие болды. Қоршаған орта бұған дейін ешқашан байқалмаған қарқынмен ластанып жатыр. Энергетикалық және минералдық ресурстардың сарқылу үрдісі байқала бастады. Антропогендік әрекеттің сан алуан түрлері жануарлар мен өсімдіктердің көптеген түрлерінің тікелей немесе жанама түрде жойылуына әкеліп соқты. Табиғи ортаның химиялық ластануы, радиациялық жағдай, азық-түлік пен ауыз судың сапасының нашарлауы және т.б. халықтың денсаулығының нашарлауына әкеліп соқты. Бірқатар ғаламдық экологиялық проблемалар пайда болды: жылыжай эффекті, озон қабатының жұқаруы, әлемдік мұхиттың ластануы, шөлдену және т.б. Экономиканың экстенсивті дамуына байланысты экологиялық жағдай Қазақстанда да күрт нашарлады: Арал экожүйесінің бұзылуы, Каспий маңында және Шығыс Қазақстандағы қолайсыз экологиялық жағдай; Семей сынақ алаңына іргелес жатқан территориялар, топырақтың құнарсыздануы және т.т. Қоғамда болып жатқан ғылыми-техникалық және әлеуметтік саяси өзгерістер барысында экологиялық мәселелер ең негізгі көкейтесті проблемаға айналып отыр. Оған себеп табиғаттың, қоршаған ортаның заңдылықтарымен санаспау салдарынан туған қарама-қайшылықтар. Президентіміз Н.А. Назарбаевтың Қазақстан -- 2030 атты өз халқына жолдауында адамдардың денсаулығын жақсарту, ауруларды болдырмау және салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін экологиялық проблемаларды шешу қажеттілігі жайлы айтылған. Ол өзінің жолдауында: Экологиялық нашар ахуал бүгінде адам өмірінің 20% -не себеп болып отырғанын, ал кейбір аймақтарда жағдай бұдан да қиын, отандастарымыздың 13-і сапасыз ауыз суды пайдаланады. Жеткілікті және дұрыс тамақтанбау да теріс демографиялық салдарға әкеп соғады -- деді. Ал, 1991 жылғы ҚР Жалпы білім беретін мектептерінің тұжырымдамасында, 1992 жылғы ҚР Білім беру туралы Заңында және 1996 жылғы ҚР Экологиялық қауіпсіздігінің тұжырымдамасында бүгінгі күні жас ұрпаққа экологиялық тәрбие беру бірден-бір қажетті кезек күттірмес мәселе екендігі атап көрсетілген. Сондықтан жас ұрпақтың экологиялық білімі мен көзкарасын қалыптастыру, оларды табиғатты таза ұстап, қорларды тиімді пайдалану және өмір сүрген ортасы мен қызмет еткен жерінде жоғары саналы, экологиялық білімді, азамат ретінде тәрбиелеу бүгінгі таңның кезек күттірмейтін мәселесінің бірі. Егеменді Республикамыздың 1991 жылы қабылданған Қазақстанның табиғатын қорғау туралы заңында халыққа білім беру жүйесінде экологиялық білім мен тәрбиені қалыптастыруға баса көңіл аударылды. Осыған орай 63 -бапта: Республиканың халыққа білім беру органдары мен табиғат қорғау жөнінен халықтың барлық топтарын қамтитын білім мен тәрбие беру жүйесін жүзеге асыратындығы, жалпыға бірдей, кешенді түрде және үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие берудің, жоғары және арнаулы орта оқу орындарында мамандарды кәсіптік жағынан даярлаудың, олардың білімін арттырудың бүкіл үрдісін қамтитындығы көрсетілген.

Қоғамдық пікір - бұқаралық сананың жай-күйі.
БАҚ-тың қоғамдық пікірге әсер ету және оны қалыптастыру мүмкіндігі соңғы он жылда айтарлықтай ұлғайды. Көптеген зерттеушілер БАҚ-ты төртінші билік деп атап, оның әлеуметтік салаға үлкен әсерін негіздейді. Бұқаралық санаға БАҚ-тың ақпараттық-психологиялық әсерін қарастырғанда тұрғындардың сыни ойлау қабілетін бәсеңдетіп, олардың санасына белгілі стереотиптерді таңу мүмкіндігі жоғары екендігін ескерген жөн. БАҚ-тың көмегімен стереотиптік ақпараттарды тарату арқылы индивидтің шынайылықты сыни тұрғыдан талдау қабілетін төмендетіп, бұқараның санасына әсер етуге ұмтылыс орын алады [1].
Стереотиптерді қарастырарда алдымен бұқаралық сана ұғымын анықтап алу аса маңызды.
Бұқаралық сана ұғымы ғылыми әдебиетте ХІХ ғ. ортасынан бастап қолданыла бастады. Алайда ғылыми термин ретінде тек ХХ ғасырдың 20-30 жылдары ғана қолданыла бастаған [2].
Бұқаралық сананың мазмұны әлеуметтану, психология, мәдениеттану, саясаттану ғылымдарында қарастырылады. Алғаш рет бұқаралық сана феноменіне интерпретация әлеуметтану ғылымында берілген болатын. Бұқаралық сана - ерекше әлеуметтік қауымдастық болып табылатын бұқараның қызметімен байланысты қоғамдық сананың бір түрі. Мазмұндық тұрғысынан бұқаралық сана - қоғамның әлеуметтік өмірін сипаттайтын бұқараға қол жетімді идеялар, көзқарастар, түсініктер, пайымдаулар. Ол қоғамдық санаға тән ғылым, кәсіби этика сияқты рухани құрамдас бөліктерді қамтымайды [3].
Бұқаралық сана біздің санамыздан тәуелсіз әлеуметтік шынайылық. Яғни, оның өмір сүру заңдылықтары қоғамдағы әрбір жеке адамның психологиясы мен өмірі басқарылатын заңдылықтардан бөлек. Бұқаралық сананың қалыптасуы мен қызмет етуін екі тұрғыдан қарастыруға болады: біріншіден, өз заңдылықтары бойынша қалыптасып, дамитын шынайылық ретінде; екіншіден, сыртқы ортадан идеологиялық құралдар арқылы басқарылатын құбылыс ретінде.
БАҚ арқылы таратылатын ақпарат көмегімен белгілі бір оқиғаға қатысты қажетті көзқарас, пікір қалыптастыруға болады. Бұқара санасына ақпараттық-психологиялық әсер етуде бір ақпаратты жиі қайталау оны бейсаналы түрде жаттауға алып келеді және адамдардың қабылдайтын шешімдеріне, іс- әрекеттеріне әсер етеді. Кейде ақпаратты тарату үшін бұқараны тұтас қамтудың қажеттігі туындамайды, тек оның шағын бөлігіне әсер ету арқылы ақпаратты тұтас бұқараға таратуға болады. Ақпараттық коммуникациялық құралдар кең қолданысқа ие заманауи қоғамда ақпарат аз уақытта жедел қарқынмен тарайды. Сонымен қатар белгілі бір оқиға бойынша ақпараттандыруда бірінші болудың маңызы аса жоғары, себебі алғашқы ақпарат қабылдауға әсерлі болады.
Бұқаралық сананың өмір сүру заңдылықтарына әсер етуші факторлардың бірі стереотиптердің (грек. stereos-қатты және typos-дақ) қалыптасу үрдісі болып табылады. Адамдардың санасында стереотиптерді қалыптастыруда бұқаралық ақпарат құралдары белсенді рөл атқарады. БАҚ көмегімен іс-әрекеттер стандарттарын, әлеуметтік мифтерді және саяси иллюзияларды қалыптастыру жүзеге асырылады.
Әлеуметік ғылымдарда стереотип ұғымына ең алғаш рет анықтама берген Уолтер Липпман. Кейін келе оны Г.Олппорт жетілдірді. Оның берген анықтамасы әлеуметтік әлем жайлы ақпаратты қабылдау және талдауға, сонымен қатар бұл үрдістердің әлеуметтік әсеріне (ойда сақталу, әлеуметтік беку) негізделеді. У. Липпманның Қоғамдық пікір еңбегіне (1922ж.) сәйкес социумның орташа мүшесі ақпаратты сынмен қабылдап объективті баға бере алмайды, олар көбінесе стереотиптермен пайымдайды [4]. Яғни қоғамдық пікірдің қалыптасуына эмоционалдық және иррационалдық факторлардың рөлі басым болады. Сондықтан бұқаралық ақпарат құралдары стереотиптердің қалыптасуына белсенді әсер ете алады. Алайда стереотиптік сипаттау әрдайым шындыққа сай келе бермейді.
Стеореотиптер әлеуметтік орнатылымдармен қатар бұқаралық санаға әсер етуде белсенді қолданылады. Бүгінгі таңда қоғамда этникалық, діни, саяси, экономикалық стереотиптер кеңінен тараған. Бұқаралық санаға әсер ету құралы ретінде стереотиптер заманауи адамның өмірлік құндылықтарын қалыптастыруда жағымды да, жағымсыз да рөл атқаруы мүмкін.
Стереотиптер екі түрлі фактордың әсерімен қалыптасады: біріншіден, индивидуалды-әлеуметтік орта және ұжымдық бейсаналы түрде, екіншіден, БАҚ арқылы идеологиялық әсер ету жолымен. Бірінші жағдайда білім деңгейі, интеллект, жеке тәжірибе, нормалар, әдеттер, әлеуметтік рөлдер және өмір сүру орта ерекшеленеді.
Қоғамда түрлі ұлттардың, мамандықтардың, кәсіби топтардың, конфессиялардың өкілдері өзара қарым-қатынасқа түсу барысында басқалар жайлы белгілі түсініктерге ие болады. Әдетте адамдар қарым-қатынас барысында қалыптасқан түсініктерді тұтас ұлтқа, нәсілге немесе топқа қатыстырып телуі жиі көрініс табады. Осылайша стереотиптердің қалыптасу үрдісі жүзеге асады. Мәселен, көптеген адамдар немістер ұқыпты, итальяндықтар сезімге берілгіш келеді деген ұстанымда. Адамдар стереотиптерге негізделе отырып басқа мәдениет өкілімен қарым-қатынасқа түсу барысында олардан не күтуге болатындығын алдын-ала пайымдайды [5]. Яғни стереотиптер арқылы адамдар өздерін қоршаған ортаны түсінуді жеңілдетеді. Стереотиптер әрдайым шындықпен жанаспауы, жалған болуы да мүмкін. Мәселен, белгілі бір ұлттарға қатысты жағымсыз стереотиптерге ие адамдар ол ұлт өкілдерімен болған қақтығыстарға мүлдем қатыспаған болуы да мүмкін. Алайда оларға қатысты теледидардан, таныстарынан сәйкесінше ақпараттар алады. Тіпті белгілі уақиғаның куәгері бола тұра адамдар әрдайым оқиғаны объективті сипаттай алмайды. Көп жағдайда адамдар әсерлеуге жол береді. Сондықтан объективті деп сипатталатын оқиғалар оның өзгертілген түрі болуы да мүмкін. Көп жағдайда адамдар стереотиптерді дайын күйінде БАҚ-тан қабылдайды. Радио, баспа, теледидар арқылы адамдардың санасында қаһармандық, жауыздық, өзіміздікі және бөтен сияқты т.б ұғымдардың түсінігі, мазмұны қалыптасады. Нәтижесінде адамдарда белгілі бір тұлғаларға сенім білдіреді, еліктейді, қолдау көрсетеді немесе қарсы шығу әрекеті орын алады.
Қоғамдық пікірдің стереотиптері адамдардың өзара қарым-қатынасы барысында және қарым- қатынас құралдары арқасында еселеніп отырады. Стереотиптер көмегімен адам санасына әсер ету оңай. Себебі стереотиптер қоғам және ондағы әлеуметтік топтардың өмір сүру салтымен тығыз байланысқан. Бұқаралық сана стереотиптері мазмұнының қарапайымдығы және қарабайырлығы оның баршаға түсінікті және өміршең болуына әсер етеді.
Стереотиптер адамдардың қоршаған күрделі әлемді түсінуін жеңілдетумен қатар олардың іс- әрекеттеріне, қабылдайтын шешімдеріне де әсер ете алады. Түрлі жағдайларда пайымдау, ой-тұжырым жасап шешім қабылдау стереотиптерге неізделеді. Стереотиптер әлеуметтік мақұлданған немесе әлеуметтік ұйғарынды іс-әркеттің үлгісін анықтайды. Әр индивид әлеуметтену барысында дайын стереотиптер жиынтығын қабылдайды. Осылайша стереотиптер адамның шынайы іс-ерекетіне нұсқаулық бола алады: адамдар өздеріне және басқаларға түсінікті болу үшін стереотиптерге негізделген әрекеттер жасайды.
Профессор Ю. Леваданың пікірінше, адамдардың түрлі жағдайлардағы іс-әрекеттері әлеуметтену барысында қалыптасатын стереотиптер формуласымен анықталады. Стереотиптер формуласының жиынтығы қоғамдық пікір кешенін қалыптастырады. Қоғамдық пікір кешендерінің өзіндік мағынасы, атқаратын қызметі және қолданылатын орны бар. Қоғамдық пікір кешендерін түсіну үшін олардың бірнеше түрлерін бөліп көрсетуге болады:
Бірігу кешені - индивидтің әлеуметтену үрдісінің бір деңгейін сипаттайды, яғни тілді, ойын ережелерін игеруі және бұқаралық қоғам құрылымымен, ондағы әлеуметтік топтармен өзін теңдестіруі;
Тәуелділік кешені (басқару және бағыну) - қоғамдағы қарым-қатынастардың вертикалды құрылымын көрсетеді;
Күту кешені (сыйақы беруді кейінге шегеру) - әлеуметтік уақытқа қатысты ұстаным;
Салыстыру кешені басқа адамдармен, топтармен, мемлекеттермен және т.б. салыстыра қарау. Қоғамдық пікір кешендері бұқаралық сананы құраушылардың бірі, яғни адамдардың қабылдайтын шешімдері мен іс-әрекетіне әсер ететін күрделі құрылым болып табылады [6].
Бұқаралық санаға әсер ету мақсатында стереотиптерді саяси технологтар кеңінен қолданады және саяси стереотиптер өзгеріске тұрақты болып келеді. Саяси стереотиптердің өзгеріске тұрақты болуы оның қалыптасу ерекшелігімен тығыз байланысты. Біріншіден, олар адамның жеке тәжірибесінен алыс. Заманауи қоғамда саяси стереотиптердің негізгі ошағы БАҚ арқылы таратылатын хабарлар болып табылады. Екіншіден, стереотиптердің тұрақтылығы оның әлеуметтік орнатылыммен тығыз байланыста болуы қамтамасыз етеді. Әлеуметтік орнатылымдар стереотиптерді өзгеруден және жойылудан қорғайды. Әдетте адамдар саяси үрдістерді тек сырттай бақылап, сыртқы көріністерін ғана көре алады. Саясат жайлы адамдар білетін ақпараттар тек саяси технологтардың арнайы қызметінің нәтижесі де болу да ықтимал.
Экономикалық стереотиптерге келер болсақ, мысал ретінде оған жеке меншіктің ауысуы жағымды өзгеріс, ал банкроттық экономикалық үрдістердің стимуляторы деген сияқты көзқарастарды жатқызуға болады. Экономикалық саладан стереотиптер таратуда БАҚ әсерімен туындайтын қауіп және алаңдау сезімі адамдардың экономикалық және саяси шешімдерге тәуелділігін күшейте түседі [7].
Бұқаралық сана стереотиптері қоғамдық өмірдің ажырамас бөлігі болғандықтан БАҚ арқылы қоғамда орын алып жатқан түрлі оқиғаларға, үрдістерге қатысты тұрғындардың пікірін қалыптастыру мүмкіндігі жоғары. Сондықтан да бүгінгі таңда еліміздің ақпараттық кеңістігінде отандық БАҚ-тың бәсекелестікке қабілетін арттыру және тұрғындардың ақпараттық мәдениетін көтеру өзекті болып табылады.

Заң шығарушы билік үшін қоғамдық пікірдің маңызы мен қоғамдық пікірді қалыптастыру.
Заң шығару қызметі - бұл заң шығарушы субъектілердің заң актілерін жасауға бағытталған саналы, мақсатты қызметі. Заң шығармашылық қызмет санаға негізделген қызмет болғанымен оны қандай да бір жағдайлар себеп етеді. Ол жағдайлар адамдардың еркіне, санасына бағынышты да, одан тыс, тәуелсіз жағдайда да болуы мүмкін. Қоғамдағы кез-келген қызмет, процесс секілді заң шығару қызметі де өмірде болып жатқан түрлі әлеуметтік, саяси, экономикалық т.с.с. процесстерден туындайды,олармен өзара тығыз байланыста болады.Қоғамда болып жатқан жағдайлар құқықтық ережелердің қалыптасуына, оның мазмұнына сөзсіз әсерін тигізеді. Олай болса, заң шығару қызметі қоғамдағы түрлі процесстердің нормативтік байқалуының жолы болып табылады. Заң актілерін шығара отырып, заң шығарушы орган қоғамның экономикалық, әлеуметтік, мәдени, рухани т.б. дамуының деңгейіне сүйенеді.Бұл заң шығарушылардың заң шығармашылығына байланысты жүріс-тұрысы, іс-әрекеті негізделген болып табылатындығын көрсетеді. Заң шығарушы қандай да болмасын әрекетті толығымен өз қалауы бойынша негізсіз таңдай алмайды. Ол әрқашанда белгілі бір қажеттілікпен байланысты болады.
Заң шығармашылығына ықпал ететін объективтік және субъективтік жағдайларды тану мемлекет, қоғам қажет ететін мүдделерді мүмкіндігінше дер кезінде реттестіруге, қоғамның біздің еркімізден тыс, бірақ өмір сүруімізбен, дамуымызбен байланысты объективтік заңдылықтарын дұрыс, өз уақытында анықтауға мүмкіндік береді. Ал, заң шығаруға деген объективтік қажеттіліктерді дер кезінде анықтап, тану, оны заңды реттестіру заң шығармашылығының нәтижесі - заң актісінің тиімді, сапалы болуына жағдай жасайды.

Заң шығару қызметі заң шығарушылардың толығымен өз ойларындағысын жүзеге асыруы емес. Заң шығару қызметін қоса жалпы құқық шығармашылық қызметі белгілі бір күштің, жағдайлардың әсеріне байланысты. Заң шығармашылық белгілі бір дәрежеде халық қалаулыларының санасы мен еркіне байланысты болғанымен біраз шамада оған адамдардың санасынан тыс, оларға тәуелсіз болатын, өз бетінше өмір сүретін құбылыстар да әсер етеді. Осы тәуелсіз күш, құбылыстар (объективтік жағдайлар, факторлар)әркезде де негізгі, алғашқы, мағынасы бойынша анықтаушы болып табылады. Қай кезеңде болмасын объективтік жағдайлар біршама маңызды. Себебі, ол тарихи қозғалыстардың адамдардың санасына тәуелді емес объективтік заңдармен анықталатындығын көрсетуге және тарихтың объективті жүрісі қаншалықты шамада адамдарға, олардың санасы мен ақыл - ойына, іс - әрекетіне т.б. байланысты екенін анықтауға мүмкіндік береді.Әдетте, субъективтік факторлардың дамуы ақыр соңында объективтік жағдайлармен анықталады. Объективтік жағдайлар тұлғаларға қоғамның объективтік заңдылықтарын ұсынады. Алайда, мұндай көзқарас субъективтік факторлар негізгі емес, туынды, қосымша күш болып табылады деген тоқтам жасамайды. Бұлай дейтін себебіміз, объективтік жағдайлармен анықталатын субъективтік факторлар өз кезегінде тиісінше объективтік негіздерді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саясат тарихы туралы ақпарат
Педагогикалық зерттеудегі логикалық ойлау формалары
Пихология гылымының қалыптасуы мен дамуы
Ресей Федерациясы мен Америка Құрама Штаттарының саяси процестеріне бұқаралық ақпарат құралдарының әсері
Әдебиет теориясы ұғымдарының жалпы сипаттамасы
Таным теориясы немесе гносеология
Әдебиеттанудағы дәстүрлі және жаңа ізденістер мәселелері
Дүниеге философиялық көзқарас. Дүниеге көзқарас
Жүсіпбек Аймауытов шығармаларындағы психологизм
Экономика және оның негізгі мәселелері
Пәндер