Жобалау технологиясы оқыту ерекшеліктері


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Л. Н Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
«Жалпы биология және геномика» кафедрасы
Реферат
БӨЖ Тақырыбы: « Жобалау әдісін биологияны оқытуда қолдану. »
Тапсырған: Товкумова. А. С БГ-31
Қабылдаған: Исакова Д. Т.
Астана, 2024ж
ЖОСПАР:
І Кіріспе
Жобалау әдісі.
ІІ Негізгі бөлім
- Жобалау технологиясы оқыту ерекшеліктері.
- Жобалау сы әдісін биологияны оқытуда қолдану
ІІІ Қорытынды бөлім
Пайдалынған әдебиеттер
Кіріспе
Lesson Study - мұғалімдер тәжірибесі саласындағы білім жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық педагогикалық тәсіл. Lesson Study - ге жоспарлау, оқыту, қадағалау, оқыту мен оқуды талдау, өз қорытындыларын тұжырымдап, құжаттарды бірлесіп жүзеге асыратын мұғалімдер тобы қатысады. Lesson Study -дің циклін өткізген соң мұғалімдер педагогикалық тәсілдерді түрлендіріп немесе жетілдіріп, кейіннен ашық Lesson study, таныстырылым өткізу, баспада жариялау арқылы әріптестеріне таратады.
Негізгі бөлім
CLIL (Пәндік-тілдік кіріктірілген оқыту) - пәндер шет тілдерінде оқытылатын оқыту әдістемелерін сипаттайтын термин. Тығыз пәнаралық байланыстарға негізделген шет тілдерін оқытуға кіріктірілген көзқарас тілдік емес жоғары оқу орындарында кәсіби оқыту мен білім беруді дамытудың қазіргі заманғы үрдістері мен жолдары тұрғысынан өзекті болып табылады. Бірінші жоспарға келесі ережелер шығады: оқытудың кәсіби бағыты, шет тілді коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру кезінде белсенді әдістерді қолдану, халықаралық талаптар мен стандарттарға бағдарлану, Ақпараттық технологиялар мен техникалық құралдарды пайдалану, қосымша білім беру қызметтерін ұсыну, дербестікті, өздігінен білім алу және оқыту дағдыларын дамыту. Сонымен бірге, CLIL оқыту тілді үйретудің дәстүрлі сабағымен ұқса стығы аз, онда оны одан әрі мақсатта пайдалану үшін оқытады және тілді жақсы білу мақсаты болып табылады. Пән және тілге ықпалдату оқытқан жағдайда тілді үйрену өз басының қамы болып табылмайды. Тіл оқушыға қызық және қол жетімді тақырыптардың көмегімен үдете оқытылады. Оқытудың қауіпсіз ортасы құрылады, ол ізгіниеттік қарым-қатынас пен бірлесіп оқытуды қолдайды. Шет тілі пән білімін берудің құралы болып қызмет етеді; бағалауға ықпалдандырылған курста шет тлі білімін білумен қатар пән білімін білуі жатады, ол пән мұғалімдері мен шет тіл мұғалімдерінің белсенді өзара қатынасын тұспалдайды.
ҚР президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан Халқына Жолдауында: «Тілдердің үштұғырлығы мәдени жобасын кезеңдеп жүзеге асыруды қолға алуды ұсынды. Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс екендігін атап өтті. Яғни - қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі» деген салиқалы үндеуінде айтқандай, әлемдік кеңістікке енуде ағылшын тілінің маңызы зор екендігін айтты.
Бүгінгі таңда ақпараттық және коммуникативтік құзыреттілікпен қатар, көпмәдениеттілік те жаһандық білім беру қауымдастығының тануынша білім беру саласының негізгі құзыретті әрі жаһандық білім кеңістігін қалыптастырудағы басты бағыттарының бірі болып саналады. 90 жылдары Еуропада көптілді дамыту саясатының аясында CLIL әдісі әзірленген. Ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың рөлі үнемі артып келеді. Негізгі құзыреттілігін қалыптастыруға CLIL әдісімен (ContentLanguage Integrated Learning) өткізілген ағылшын тілінде оқыту ықпал етеді. Бұл әдіспен оқытудың ерекшелігі, мұнда түрлі оқыту жағдайларда сабақ және оқу мақсаттарының берілген кезеңіне тиісті тілді пайдаланып, сабақты өткізу екі тілде (отандық және шетелдік) жүзеге асырылады.
CLIL әдісінің негізгі мақсаты: - оқытушының сөйлесуін азайтып, керісінше студенттердің бір бірімен сөйлесу дағдысын қалыптастыру.
Content (мазмұны) - бұл ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыратын пәндік аймақтағы білім, іскерлік, дағды, яғни, өздігінен іздеу, талдау, таңдау, өңдеу және қажетті ақпаратты жіберу қабілеті мен іскерлігі;
Сommunication (байланыс) - сабақта шетел тіліне үйренуге емес, шетел тілі білімін қосымша қолдануды ұсынатын тілде оқыту, осылайша, студенттер шетел тілін оқу кезінде қолданады, сондай -ақ, оны қалай пайдалану керектігін үйренеді. Бұл аспект коммуникативті құзырлықтарды қалыптастырады, себебі тыңдай білу, сұрақтар қоя білу және оларға нақты жауаптар құрастыру, қарастырылатын мәселелерді мұқият тыңдау және белсенді талқылау, серіктесінің пікірін түсіну және оларға сыни баға беру жеке тілдік қатынас қабілетін дамытады;
Соgnition (таным) - танымдық және ойлау дағдыларын дамытуды жүзеге асырады және бір немесі бірнеше оқу салаларында студенттердің жақсы даярлығын қамтамасыз ететін білім беру құзыретін өалыптастыруға ықпал етеді.
Сulture(мәдениет) - мәдениет тілін меңгеруді қамтамасыз ететін, әлемді тану жолдарымен, өзін мәдениет бөлшегі ретінде ұсынумен, балама мәдениетті ұғыну және қабылдаумен жалпы мәдени құзыреттілігін дамыту аспектісі болып табылады.
Осылайша, CLIL әдісі бойынша ағылшын тілінде жүргізу метапәндік байланыстарды қамтамасыз етеді және жаңа білім беру стандарты принциптерін дамытуда практикалық нәтижелерге жетуге мүмкіндік береді, атап айтсақ, мәдени хабардарлығын, , тілдік құзыретін дамытады, тек оқуға ғана даярлығын емес, сонымен қатар жаңа білімін өмірде қолдана білуге және сәйкесінше өмірлік дәлелдемесін көтеруге, табысқа мақсатталған, сайып келгенде, басты мақсатқа қол жеткізуге - болашақ түлектердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға, олардың ұтқырлығы мен тез өзгеретін өмірлік жағдайларға бейімделу қабілетін арттыруға әкеледі.
Педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту - білім сапасын көтеру құралы. Қазіргі ғылым мен техника дамыған қоғамда білім беру жүйесінде кәсіби құзыреттілігі дамыған, бәсекеге қабілетті мамандарды талап етіп отыр. Білікті де білімді маман болу үшін әр ұстаз өз білімін үздіксіз жетілдіріп, заман талабына сәйкес кәсіби біліктілігін үнемі үздіксіз жетілдіріп отыруы тиіс. Педагог оқытудың жаңа әдістерін барынша жетік меңгеріп, неғұрлым шығармашылығы жоғары болса, мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі соғұрлым кең болмақ. Қазіргі заманауи талапқа сәйкес өзіндік көзқарасы бар жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру оқытушылар үшін маңызды мәселе болып отыр.
Осы мақсатта болашақ мамандарды заман талабына сай даярлауда оқыту үдерісінде пәндік - кіріктіру қажеттілігі туындап тұр. Яғни, CLIL технологиясы - бұл мәселені шешудің негізгі тәсілдерінің бірі.
Lesson study әдісі CLIL технологиясы әдісін биологияны оқытуда қолдану
Биологияны оқытудағы CLIL негізіндегі сабақ әдісінің негізгі мақсаты студенттерге тек биологиялық білімді ғана емес, ағылшын тілінде тілдік дағдыларын дамыту болып табылады. Ол үшін биология пәнінің мұғалімі биологиялық тақырыптарды оқуды ағылшын тілін оқытумен ұштастыруы қажет.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz