КӨПТІК ЖАЛҒАУЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
2023-2024 оқу жылы

Баяндама тақырыбы:
КӨПТІК ЖАЛҒАУЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ
Баяндама авторы:
Шашбеков Аблай
Оқу орны:
SDU University
Мамандығы:
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерін даярлау
Курсы:
2 (екінші)
Электрондық поштасы:
shashbekovablay@gmail.com

Мазмұны:
1.Қазіргі қазақ тіл біліміндегі қосымшалар ... ... ...1
2.Көптік жалғаулардың қызметі
2.1. Көптік жалғаудың мағыналық реңктері ... ... ...5
2.2. Көптік жалғаудың сөз түрлендірушілік қызметі ... ... ...8
2.3. Көптік жалғаудың сөзбен сөзді байланыстырушылық қызметі ... ... ...12
2.4. Көптік жалғаудың стилистикалық қызметі ... ... ...14
Қорытынды ... ... ...17
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ...18

Баяндама мәтіні
КӨПТІК ЖАЛҒАУЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ

1.Қазіргі қазақ тіл біліміндегі қосымшалар

Түркологияда қосымша ұғымы аффикс деген терминмен белгіленеді де, ол көбіне өз ішінде әрі қарай жіктелмей, өте кең мағынада қолданылады, сөйтіп, аффикс деген термин, бір жағынан, қазақ тілінің грамматикасында қолданылып жүрген қосымша мәнінде, екінші жағынан, әрі жалғау, әрі жұрнақ мәнінде бірдей жұмсалады.
Бұнымен бірге аффикс термині мағынасы мен қызметтік ерекшеліктері жағынан кейде сөз түрлендіруі, сөз тудырушы, форма тудырушы болып та бөлініп отырады. Ал мағынасы мен қызметіне қарай жұрнақтарды сөз тудыратын және форма тудыратын жұрнақтар деп екі салаға бөлуге болады. Сонымен қатар кейбір жұрнақтар әрі сөз тудыратын, әрі форма тудыратын синтетикалық морфема есебінде де қызмет ете береді. Жұрнақтар мен жалғаулардың бір-бірінен ажыратарлық шеті олардың мағыналары мен қызметтерінен айқындалатындығы көрсетіліп, атап айтқанда, жалғаулар сөйлем ішіндегі сөздердің аралығындағы әрқилы аса жалпы қатынастарды білдіріп, олардың түр-түрлерінің көрсеткіштері есебінде қызмет етсе, жұрнақтар ол қатынастарды білдірмейді, тек өздері жалғанған сөздерге жаңа лексикалық мағыналар үстеумен ғана тынады, делініп жүрсе де, кейде сөз тудыратын морфемалар сөз түрлендіретін морфемалар және сөз жалғастыратын морфемалар болып бөлініп, соған лайық әрқайсысы сөз тудырушы, сөз түрлендірушілер, сөз жалғастырушылар болып жеке терминдерге, ие болып жүктелу үлгісі бар.
Жұрнақ пен жалғаулардың салыстырмалы ерекшеліктеріне тоқтасақ:
::Жалғаулардың қолданыс жиілігі жұрнақтарға қарағанда жоғары. Жалғаулар белгілі бір табына жататын сөздердің бәріне талғамай жалғана беретін болса, жұрнақтар өздері жалғанатын сөздерді талғайды. Мысалы, етістіктердің бәрі де жіктеледі, яғни жіктік жалғауымен түрленеді, ал зат есімдер септеледі, көптеледі, тәуелденеді, сонымен бірге осы жалғаулар заттанған басқа сөз таптарына да жалғана береді.
::Жұрнақтар кез келген сөзге талғамай жалғана алмайды. Мысалы, -шы, -ші жұрнағы кәсіпті, мамандықты атайтын зат есмідерді, атауларды тудырып, сөз талғайды. Етістіктен туынды зат есімдер тудыратын -ыш, -іш қосымшалары да етістік атаулының бәріне талғаусыз жалғанбайды. Тек адамның ішкі сезімін, эмоциясын білдіретін етістіктерге жалғанады: сүйін-ші, күйін-іш, т.б.
::Сөз тудырушы қосымшалардың негізігі ерекшекшелігі сөздің лексикалық мағынасын өзгерте алатын қасиетінің болуы. Жұрнақтардың жалғануы нәтижесінде пайда болған туынды сөздер бірбүтін лексикалық единицаға айналады, жаңа сөз жасалады.
Қазақ тіл білімінің негізін қалаушы А.Байтұрсынұлы зат есімнің жекелік және көптік түрін көрсетеді: Зат есімде екі айырым бар: 1) жекелік, 2) көптік.
Жекелік айырыс нәрсенің жеке күйіндегі есімнің түрі, мәселен: ата, дене, омырау, белбеу, ой, сырнай, керней, ашу, шыны, қаз, құнан, аяқ, шелек.
Көптік айырыс: нәрсенің көп күйіндегі есімнің түрі, мәселен: аталар, денелер, омыраулар, белбеулер, ойлар, сырнайлар, кернейлер, ашулар, шынылар, қаздар, құнандар, аяқтар, шелектер (жети екжузбур). Ғалымның мұндағы жекелік, көптік айрыс деген терминін қазіргі қолданыстағы жекеше, көпше түр деп түсінеміз және көпше түрдің (-лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер) жұрнақтары арқылы берілетіндігін аңғарамыз.
Зат есімнің жекелік - көптік мағына ғылымда танылған. Бірақ 1954 жылғы оқулықта көптік категориясы ғана сөз болды. Ал кейінгі грамматикаларда (1962, 1967) зат есімнің жекеше түрі мен көпше түрі жеке тақырып етіп берілген, алайда бұл жекелік мағынағы көңіл бөлінбеген, тек қана көптік мағына мен оның берілу жолдары көрсетілген. А.Ысқақовтың оқулығында көптік мағына талданған. Ғалымның пікірінше, Сөйлемдегі жеке сөздерді өзгертіп, түрлендіру арқылы оларға белгілі грамматикалық мағына үстейтін морфологиялық формалар жалғаулар дей келе, қазақ тілінде көптік жалғау, тәуелдік жалғау, септік, жіктік жалғау деп төрт түрін көрсетеді. Тілімізде көптік категориясы да, көптік жалғау категориясыда бар. Ал осы екеуі бір де емес және бірдей де категориялар емес. Көптік категориясы деген ұғым тым жалпы ұғым да, көптік жалғау категориясы - одан гөрі әлдеқайда жалқы ұғым. Мысалы, көптік категориясы тілімізде үш түрлі жолмен беріледі: лексикалық тәсіл арқылы да, морфлогиялық, синтаксистік тәсіл арқылы да айтылады.
Қазақ грамматикасында (2002) Зат есімдерді жекеше, көпше деп аталытын екі топқа айыра көрсетуге негіз болатын ең басты грамматикалық сыртқы белгі - оларға көптік жалғауының жалғануы. Көптік жалғауын жалғау сөзге көптьік мағына берудің негізгі жолы болғанмен, бірден-бір ғана жолы емес. Ана тілімізде зат есімде көптік мағына пайда болудың бұдан басқа амал-тәсілдері бар - деп көрсетіліп, тек ғана көптік мағынаның арнаулы қосымшасы - көптік жалғауының ерекшеліктері сөз болған.
а) Көптік ұғымды сөздің тікелей өз лексикалық мағынасы арқылы білдіру лексикалық тәсіл деп аталады.
Тілімізде лексикалық тәсілмен көптік ұғымды білдіретін сөздер тобы бірнешеу:
- жеке-даралап санауға келмейтін заттардың аттары (су, сүт, ұн, т.б).
- ру, халық, ұлт, ел аттары (қазақ, қырғыз, өзбек т.б).
- өсімдік аттары (арпа, бидай, сұлы, жусан т.б).
-адамның ішкі құбылыстарының, дүниедегі сын-сипаттардың, іс-әрекеттердің, күй-жайлардың аттары (ермек, қуаныш, ізгілік т.б).
ә) Көптік мағынаның сөз тіркесі арқылы берілу жолы синтаксистік тәсіл деп аталады. Мысалы, жиырма үй, сексен трактор, тау-тау астық, бірталай жыл т.б.
Ал мұны С.Исаев сан есімдер, сандық мәні бар сөздер, қайталама қос сөздер зат атауының алдынан келіп, оны анықтап тұрса ол зат біреу емес, бірнешеу (көп) екенін түсінеміз, - дей келіп, көптік мағынаның осылайша берілуін аналитикалық тәсіл деп атаған.
б) көптік мағынаның сөздерге тиісті қосымшалар қосылу арқылы берілу жолы морфологиялық тәсіл деп аталады.
Сөзге жалғанғанда көптік ұғым беретін қосымшалардың ғалымдар көрсетіп жүрген үш-төрт түрі кездеседі. - қазіргі тілімізде көптік мағынаны білдіретін негізгі морфологиялық формалар -лар (-лер, -дар, -дер, -тар, -тер). Сондықтан бұл форма заңды түрде көптік жалғау деп саналады.
Көптік жалғаудың С.Исаев көрсеткен тағы бір ерекшелігі - оның сөз байланыстырушылық сипатының болмауы. Сондықтан ғалым көптік жалғауын осы сипатына қарап қосымшаның жалғау түрінен гөрі форма тудыратын жұрнақтар қатарына өте жақын - дейді. Мысалы, Қолдың саласындай тарамданған арықтардың біреуі бара-бара ұлғайып ... қарауытқан сай болды (Б.М). Зеректік, ойшылдық, сезімталдық - ана сүтімен бірге бітетін қасиеттер (І.Е). Осы сөйлемдердегі арықтардың, қасиеттер сөздеріндегі - тар, -тер көптік жалғауы сөздерді байланыстырып тұрған жоқ, өйткені бұл жалғауларды алып тастағаннан сөйлемдегі сөздердің байланысы бұзылмайды - Қолдың саласындай тарамданған арықтың біреуі бара-бара ұлғайып...қарауытқан сай болды. Зеректік, ойшылдық, сезімталдық - ана сүтімен бірге бітетін қасиет. Бұл сөйлемдердегі көптік жалғауы арықтың, қасиеттің көп екендігін көрсетіп, көптік ұғым қосып тұр.
А.Қалыбаева да қосымшаларды үшке бөліп, туынды жұрнақ, сөз байланыстыратындарды жалғау деп, ал форма тудыратындарды жұрнақша деп бөлуді ұсынады да, жұрнақтар туынды түбір тудырса, жұрнақшалар туынды сөз немесе туынды сөз табын (мысалы, етістік) жасайды деп көрсетеді.
Сөз тудыратын қосымшалар форма тудыратын қосымшалармен сөздің белгілі бір морфологиялық құрамды бөлшегі болып, морфема ретінде бір топ құрғанымен, олардан мағыналық, қызметтік жағынан мүлде өзгеше екенін баса айту керек. Сөз тудыратын қосымшалар өзі жалғанған түбірдің лексикалық мағынасын өзгертіп жіберіп, жаңа мағыналы сөз тудырады, сөйтіп барып, сөз тудыру процесінің бір тәсілі ретінде грамматикалық мәннен гөрі лексика-семантикалық қасиетке ие болып, сөз тудыру қатарындағы белгілі бір үлгі ретінде өнімді - өнімсіздік, құнарлы - құнарсыздық сипатта көрініп отырады.
Форма тудырушы қосымшалар, бір жағынан, белгілі бір сөз табының парадигмалық түрлену жүйесінің тұлғалық көрсеткіші болып саналса, екінші жағынан, сол сөз табын, оны жеке сөз табы ретінде тануға негіз болатын осындай морфологиялық белгілері арқылы басқа сөз таптарынан ерекшелендіретін грамматикалық тұлғалар жүйесі, яғни морфологиялық критерийдің негіз болатын, сөз табының грамматикалық сипатының басты көрінісі екенін ескеру қажет.
Жалғаудың басқа форма тудыратын қосымшалардан синткасистік қызметі жағынан үлкен айырмашылығы бар, яғни жалғаулар өзі жалғанған сөзге белгілі бір грамматикалық мағына үстей отырып, сөйлем ішінде сөз бен сөзді байланыстырып, олардың сөзге үстейтін грамматикалық мағыналары сол байланысқан сөздер арасындағы қатынастар негізінде айқындалып отырады. Мұндай қызметтік қасиеттер жалғаудан басқа форма тудыратын қосымшаларға тән емес.
Зат есімнің көптік категориясының көрсеткіші деп танылып жүрген - лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер қосымшасын жалғау деп қарау әлі де дау туғызып жүрген мәселелердің бірі. Егер жалғаудың сөйлемдегі негізгі қызметі сөз бен сөзді байланыстыру болса, бұл қасиет көптік жалғауларында барлық жағдайда көріне бермейтіні белгілі. Осы ерекшеліктеріне негіздей отырып, көптеген ғалымдар көптік жалғауын грамматикалық жұрнақтар қатарында беруді ұсынады. Бұл топта есімше, көсемше, рай, шақ формалары қарастырылады. Бұлар көбіне сөздің семантикасына қосымша грамматикалық мағына қосумен қатар, лексикалық мағынасына семантикалық реңкте қосады.

2.Қазақ тіліндегі көптік жалғаудың қызметі
2.1.Көптік жалғаудың мағыналық реңктері

Көптік жалғауының негізгі грамматикалық мағынасы - заттың көптігін білдіру: ауыл-дар, үй-лер, кітап-тар, адам-дар, доп-тар т.б.
Осы негізгі мағыналарымен бірге көптік жалғау басқада мағыналық реңктерді, мәндерді білдіре алады.
Көптік жалғауы (-лар) зат еcімдерге жалғанғанда сол сөз арқылы аталатын заттардың көптігін білдіреді. Бірақ бұл көптік мағына дәл санды сандық ұғымды білдірмей, сол сөз аталатын белгілі, бір заттың (құбылыстың, нәрсенің) тобы, жинағы туралы ұғымды жалпылап атайды. Мысалы: Байтастың былтыр жаздағы әншіл, сауықшыл жолдастары да толық елестеді. (М.Ә) Кім болса, киімдері , ер-тұрманы ғана жаңа .(М.Ә) Үлкендер қорыққан Емесбай да, тіпті ұрылар да Абайға сондайлық жат, суық болып көріне алмады .(М.Ә)
Көптік жалғау (-лар) сын есімдерге, есімше формаларына жалғанып, сын есімдерді, есімшелерді әрі субстантивтендіреді, әрі оларға көптік мағына жамайды. Мысалы: Отырғандар бірі көзі жасаурап бетін басып қалысты.(М.Ә) Бұдан бұрынғы екі күндік жолда үлкендер жылдам жүлгімей, баланың шыдамын әбден тауысқан-ды.(М.Ә) Аттылар үйдің сыртына келе бергенде алдарында, сол үлкен үй мен күншығыс жағына тігілген қонақ үйдің екі арасында бұларды күткен бір топ жан тұр екен.(М.Ә)
Мезгіл үстеулерге көптік жалғау жалғанғанда, ол үстеу сөз көптік ұғымда емес, болжалдау мөлшерлеу мағынасын білдіру үшін жұмсалады. Мысалы: Қасындағылар аттан түсугеде іркілгендей болатын.(М.Ә) Олар кешелер Біржан аттаған Барлыбай өзендегі Ұлжан ауылына жиналып жатты.(М.Ә) Парсы, түрік тілдеріндегі кітаптардан былтырлар өзі оқыған.(М.Ә)
Сан есімдерге жалғанған көптік жалғау дәл сол санның көптігін бермейді, мөлшер болжал ұғымын білдіреді. Мысалы: Бұның бірі жиырма бестерге келген келген ақ сұр жігіт екен.(М.Ә) Ең бастысы, жасып, жаншылған миллиондарға мызғымас, мәңгiлiк боп елестеген дүлей зұлымдыққа қарсы шығуға болатындығына көздерiн жеткiздiңдер. (Т.С) Неткен аярлық. Бiр адам, екi адамға сыбырлайтын өсекшiнiң аузы емес, мыңдарға, миллиондарға, бүкiл әлемге бүйтiп өтiрiк айтуға бола ма?!! (Т.С)
Көптік жалғау көп адамға тән ортақ бола алатын заттардың (адамның, нәрсенің) атауларына қосылғанда, сол заттың көп (бірнеше) адамға бірдей (ортақ) екенін білдіреді. Мысалы: Әкелерін қатты сағынып, еркелеп отырған балалардың үшеуі де Абайдың сөздерін қоспады.(М.Ә) Шешелеріне ұғымсыз болған түрік тілінің жәке сөздерін жолшыбай қазақшалап отырды.(М.Ә) Сиырларын екi күнде бiр рет суғарады екен, оның өзiн де жарты-ақ шелектен бередi... (Т.С)
Көптік жалғау орын мекен атауларына қосылғанда, сол сөздің көптігін білдірмейді, оған сол жақ, сол маңай (айнала, төңірек) деген сияқты қосымша рең үстейді. Мысалы: Абай өз пәтерлерінен екі-үш көше ұзап кетіп еді.(М.Ә) Жиын тарамастан бұрын Абай жалғыз бөлініп өз үйлеріне қарай асыға жөнелді.(М.Ә) Оны-мұныны сылтауратып, достарының үйiнде қонып қалатын болып жүр.(Т.С)
Көптік жалғау жалқы есімдерге (кісі аттары мен жер су аттарына) сондай - кейбір туыс - жамағат атауларына қосылғанда, сол заттардың көптігін білдірмейді, сол (кісі) және басқалар деген сияқты топтау ұғымын білдіреді. Мысалы: Бұл Барластар ертең жүреді деген түнде, ас алдында болған сөз еді.(М.Ә) Сүйіндік ауылына Абайлар ел орынға отыра келіп-еді.(М.Ә) Түн бойы ұйықтамаған Байдалылар күн шыға бергенде, Бөжейдің өз үйінің жанына, осы өлкедегі ең үлкен үй Сүйіндіктің сегіз қанат аппақ үйін әкеліп тіккізген.(М.Ә)
Сол сияқты көптік жалғау кейде зат есімнен басқа сөз таптарына (мысалы, сын есім, сан есім, етістіктің есімше түрі, т.б.) жалғанса, оларға заттық мағына үстеп, субстантивтендіріп тұрады. Көптік жалғаудың бұл қасиеті әрқашан дұрыс түсіндіріле бермейді. Көптік жалғаудың бұл жердегі қызметі, яғни басқа сөз таптарына жалғанып,оны заттандыруды жұрнақ қызметімен пара-пар дерлік - деу жалпы жалғаудың табиғатына терең үңілмегендіктен туып отыр. Біріншіден, басқа сөз таптарын заттандыру қасиеті тек көптік жалғауда емес, септік, тәуелдік жалғауда жиі кездесіп отырады: Еріншектің ертеңі таусылмас; Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез (Абай), т.б. Екіншіден, көптік, тәуелдік және септік жалғауларының бұндай қасиеті, басқа сөз таптарына жасалғанда, оларды заттандырып жіберу қасиеті, бұл тұлғалардың зат есімге тән түрлену жүйесі екендігін, зат есімнің таза грамматикалық категориясы екендігін дәлелдейді.
Қазақ тілінде көптік мағына болса да, көптік жалғаудың жалғанбайтын да орындары бар. Көптік жалғау бірыңғай мүшелердің кейде соңғы сөзіне жалғанады. Мысалы: - Ынша Алла .. - деп, көп атқамінер, старшын, ұлықтар алдында алғыс айтып, фатиха беріп еді... .(М.Ә)
Қазақ тіл білімінде көптік категориясын арнайы зерттеген А.А.Данияров жекелік мағынасы мынадай үш түрлі лексика-грамматикалық жолмен жасалатындығын көссетеді: 1) семантикалық тәсіл: а) бір сөзімен мағыналас сөздер: біреу, бір өзі, жеке, оқшау, мен, сен т.б.; б) жалқы есімдер: Айжан, Құлагер, Қазақ педагогикалық қыздар инистуты, Азия т.б.; 2) морфологиялық тәсіл: жекеше түрдің І, ІІ, ІІІ жақ қосымшалары (балам, баласы, балаң, барамын, барасың, барады т.б).; 3) синтаксистік тәсіл: ел, мал, дүние, қой, шыбын т.б. контекске байланысты бірде жергілікті, бірде көптікті білдіреді, мысалы, қой қорада тұр - жекелік, колхозда қой бағады - көптік.
Ғалым көптік категориясының білдіру тәсілдерін төмендегіше көрсетеді:
Семантикалық тәсіл: а) қалалардың, ұлттардың, рулардың аттары: найман, өзбек, қарауыл т.б.; ә) жан-жануар аттары: жылқы, сиыр, арыстан т.б.; жұп анатомиялық атаулар және жұп заттардың атаулары: көз, бүйрек, жең, құлақ, галош, етік т.б.; в) санауға келмейтін заттардың атаулары: құмырысқа, бидай, нан, ет, бұлт т.б.; г) жалпы мағынасы жинақтық болып келетін заттың атаулары: дүние, мал, ағаш, шөп, т.б.; д) сан есімдер: екі, он т.б.; е) жинақтық және жиынтық мығыналы есімідіктер: бүкіл, дүйім, бірнеше, бірталай, т.б.; ж) мөлшер, шамаға байланысты сөздер: сонша, қыруар, көп, бірқыдыру т.б.
Морфологиялық тәсіл: -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер (кітаптар, үйлер т.б.) -з (кітабымыз, үйіміз т.б.), -қ, -к (баралық, келелік т.б.), -с, -ыс, -іс (дағдарысты, көтерісті т.б.), -лас, -лес, -тас, -тес, -дас, -дес (отандас, сыныптас т.б.), -лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті (малды, қойлы т.б.), -қылы, -кіле, -ғыла, -гіле (ұрғыла, тепкіле т.б.), -ылда, -ілде (сыртылда, сартылда, бүлкілде), -ыра, -іре, -а, -е (сана, түне, т.б.), -сыз, -сіз (сансыз, есепсіз т.б.);
Синтаксистік тәсіл: 1) жеке сөздердің тіркесуі арқылы: үш қап бидай, барлық кітап, талай уақыт, соншама алтын, ел болып, жиналған халық; 2) синтагмада қайталама қос сөздер арқылы: ата-ана, мая-мая шөп, ет-мет, сатыр-сұтыр.
Біз - лар қосымшасы зат есімге жалғанғанда төмендегідей мағыналық реңктерді білдіретіндігін анықтадық:
::Зат есімге жалғанып, олардың белгісіз көптігін білдіреді: Бірақ дәл осы кітаптар келген күннің ертеңінде Абайға шақырту кеп, Қарашоқыға жүріп кетті (М.Әуезов)
::Жалпы және жалқы зат есімге жалғанғанда, жинақтық мағынасын білдіреді: Шыңғыстар келгенде Ұлту үйде жоқ еді ... (С. Мұқанов)
::Жер-су, мемлекет, ел аттарына да жалғанып, болжалдық мағына білдіреді: Индияларда у жыландармен алысып жан тапсырған мысықтар аз болмаған (І.Есенберлин)
::Мезгілдік мағына беретін зат есімге жалғанғанда мезгілі жуықтығын немесе оның қандай да бір бөлігіндегі көп рет қайталануын білдіреді: Амантай мен Тұяқ жас кездерінде егіз қозыдай еді.(С.Мұқанов)
::Ұжымға арналған үндеу, ұранды, бұйрықты және т.б. қаратпа әрқашан көптік қосымшамен қолданылады: Ханымдар мен мырзалар!
::пайда болатын басты бір мағыналық реңк - белгілі бір адамдар тобын, жиынтығын білдіру: жастар, сауыншылар, еуропалықтар т.б.

2.2.Көптік жалғаудың сөз түрлендірушілік қызметі

Қазақ тілінің грамматикасында жалғаулар сөз жалғастыратын қосымшалар деп қаралып келеді. Олар сөйлемдегі сөздерді бір-бірімен байланыстырады да, олардың араларындағы жалпы қарым-қатынасты білдіреді. Бұл қарым-қатынастың нәтижесінде туатын мағыналар жалғанатын сөзге қосымша лексикалық мағына үстейтін жұрнақтардың мағыналарындай емес, сөздердің ара қатынастарынан туатын қызметтерімен байланысты тым жалпы грамматикалық мағыналар.
Жалғаулардың сөз бен сөзді байланыстыру қызметінен басқа да ерекшеліктері, атап айтқанда сөйлемде түсіп қалып жасырын қолдану, нөлдік форма қасиеті бар. Бүгінгі күні ғалымдар осы жалғаудың ішінде қарастырылып жүрген көптік жалғаудың барлық жағдайда сөз бен сөзді байланыстыру қызметін атқара алмайтынын айтады.
Бұл жөнінде алғаш сөз қозғаған Ы.Е.Маманов болған болатын. Ол 1975 жылы Қазақстан мектебі журналында Қосымшалардың топтастырылу принциптері деген мақаласын жариялап, онда көптік жалғауын сөйлемде сөз бен сөзді байланыстыру қызметін атқармайды, өзі жалғанған сөзге көптік ұғым үстейді деп, оған мынадай мысал келтірген болатын: бала отыр, балалар отыр, жақсы бала, жақсы балалар, осы мысалдардағы бала сөзіндегі көптік - лар тұлғасының сөз байланыстыруға ешбір қатысы жоқ деген болатын.
Сол сияқты С.Исаевтың Қазақ тілі жайында ойлар деген кітабында да зат есімнің көптік категориясының негізгі көрсеткіші деп танылып жүрген көптік жалғауды жалғау деп тану қиын-ақ - деп, оның сөз бен сөзді байланыстырмайтындығын айтады. Мысалы, Гүл билеп жайқалып, бұлбұлдар сайраған. (Шәкәрім) дегендегі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Негізгі зерттеу нысаны - туынды сөз
Қазақ тілі мен түркі тіліндегі жалғауларды мысалдар арқылы салыстыру
Көптік жалғауын дамыта оқыту технологиясының әдістері
Қазақ тіліндегі сөздердің байланыу тәсілдері
Көптік жалғауларының даму тарихы
Көптік жалғаудың сөзбен сөзді байланыстырушылық қызметі
Сөз құрамы
Көптік жалғау
ЗАТ ЕСІМНІҢ ЖАЛҒАУЛАРЫ
КӨПТІК ЖАЛҒАУЛАРЫН ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Пәндер