Дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидалары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 127 бет
Таңдаулыға:   

А. М. ӘБДІРОВ

М. Д. ЕСЕКЕШОВА

Ж. К. САГАЛИЕВА

Н. Д. ТАСТАНБЕКОВА

ДУАЛЬДЫ ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ

С. СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

А. М. ӘБДІРОВ, М. Д. ЕСЕКЕШОВА, Ж. К. САГАЛИЕВА, Н. Д. ТАСТАНБЕКОВА

ДУАЛЬДЫ ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ

Оқу құралы ретінде университеттің Ғылыми кеңесімен бекітілген

АСТАНА 2018

ББК 88 я 7 Т 50

Авторлар: А. М. Әбдіров, М. Д. Есекешова, Ж. К. Сагалиева, Н. Д. Тастанбекова

Дуальды оқытудың теориясы мен практикасы: оқу құралы. -Астана: С. Сейфуллин атындағы ҚАТУ баспасы, 2018. - 119 б.

Оқу құралында Дуальды оқытудың теориясы мен практикасы, Дуальды оқытудың теориялық негіздері, жоғары оқу орнының білім беру бағдарламаларын (бакалавриат) кәсіби дайындаудағы дуальды оқытуды ұйымдастырудың бағыттары, Дуальды оқытудың дамуы мен қалыптасуы, Дуальды оқытуды іске асырудағы әлеуметтік серіктестік Дуальды оқытудағы тәлімгерлер мектебі және т. б. жинақталған.

Оқу құралы кәсіптік және техникалық, жоғары кәсіптік білім беру мекемелерінің оқытушылары, білім алушыларына және әдіскерлеріне арналған.

Рецензенттер:

Т. Т. Галиев - педагогика ғылымдарының докторы, C. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің профессор

Н. П. Албытова - педагогика ғылымдарының кандидаты, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, "Педагогика" кафедрасының аға оқытушысы

С. А. Нуржанова - педагогика ғылымдарының кандидаты, Абай атындағы Қазақ Ұлттық университетінің аға оқытушысы

ISBN 978-601-237-006-5

© А. М. Әбдіров, М. Д. Есекешова,

Ж. К. Сагалиева, Н. Д. Тастанбекова, 2018

©КАТУ им. С. Сейфуллина, 2018

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .
4
1 Тарау. Дуальды оқытудың теориялық негіздері . . .
5
1. 1 тақырып Дуальды оқыту-тәжірибеге бағытталған ғылыми пән ретінде . . .
5
1. 2 Жоғары оқу орнының білім беру бағдарламаларын (бакалавриат) кәсіби дайындаудағы дуальды оқытуды ұйымдастырудың бағыттары. .
13
1. 3 Дуальды оқытудың дамуы мен қалыптасуы . . .
15
1. 4 Педагогика ғылымында Дуальды оқытудың теориясы мен практикасының зерттелу деңгейі . . .
19
1. 5 Дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидалары . . .
22
1. 6 Шетелдерде Дуальды оқытуды ұйымдастырудың ерекшеліктері (Германия, Ресей, Белоруссия және т. б. ) . . .
29
1. 7 Қазақстанда Дуальды оқыту жүйесінің дамуына әсер ететін факторлар және оның даму тенденциялары . . .
34
2 Тарау. Дуальды оқытудың мәні және ерекшелігі . . .
37
2. 1 Дуальды оқытуға қатысушылардың кәсіби міндеттері мен қызметі (өндіріс, ЖОО және т. б. ) . . .
37
2. 2 Дуальды оқытуды іске асырудағы әлеуметтік серіктестік . . .
41
2. 3 Дуальды оқытудағы мұғалімнің педагогикалық қызметтің ерекшеліктері . . .
44
2. 4 Педагогикалық мамандықтар және білім беру бағдарламаларының сипаттамалары . . .
45
2. 5 Дуальды оқыту жүйесіндегі білім алушылардың кәсіби біліктіліктері мен құзыреттіліктерін қалыптастыру . . .
51
2. 6"Педагог" кәсіби стандары . . .
58
2. 7 Дуальды оқытудағы тәлімгерлер мектебі . . .
84
2. 8 Дуальды оқытудағы мамандар қауымдастығы . . .
86
2. 9 Дуальды оқытуға қатысушылардың кәсіби этика стандарттары . . .
92
3 Дуальды оқыту жүйесіндегі кәсіби дайындау мазмұны . . .
103
3. 1 Дуальды оқытуды жоспарлау (оқу жұмыс жоспары, академиялық күнтізбе, сабақ кестесі) . . .
103
3. 2 Модульдік білім беру бағдарламасын (МББ, Элективті пәндер каталогы) жұмыс берушінің қатысуымен қалыптастыру ерекшелігі . . .
106
3. 3 Модульдік білім беру бағдарламасын дайындау ерекшелігі . . .
109
3. 4 Дуальды оқыту жүйесінде оқыту үдерісін ұйымдастыру формалары . . .
113
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . .
117

КІРІСПЕ

Еліміздің қазіргі заман талабына сай ҚР «Білім туралы» заңының 45-бабының 1 тармағында: «Кәсіптік білім беру саласындағы әлеуметтік әріптестік білім беру жүйесінің қызметі нәтижелерін арттыруға, экономика салалары мен жұмыс берушілердің қажеттіліктерін ескере отырып кадрлар даярлығының деңгейіне қол жеткізуге, оқытудың өндіріспен байланысын, оның ішінде дуальды оқытуды енгізу арқылы нығайтуға, мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде жұмыс берушілердің қаражатын қоса алғанда, қосымша қаржыландыру көздерін тартуға бағдарланған» деп көрсетілген.

Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық дамуының заманауи міндеттері дуальды оқытуды іске асыруға отандық білім беру жүйесінің жеделдетілген жағдайының сәйкестігі болып табылады.

Аталған мәселенің өзектілігі бірнеше себептерге байланысты туындап отыр, оның ішінде экономиканың, қоғамның және тұтас мемлекеттің стратегиялық және инновациялық жаңаруын іске асыра алатын мамандарды қалыптастыру қажеттілігін айтуға болады. Сонымен қатар, жеделдете оқытуды алға итермелейтін жүйелі және негізгі фактор үнемі жаңарып отыратын (жеделдетілген мағынада) стратегиялық мақсаттар. Қазіргі жеделдете оқыту осы стратегиялық мақсаттар мен болашаққа қойылған міндеттерді іске асыратын мамандарды даярлауы тиіс.

Бұл мәселені шешу Дуальды оқыту жағдайында жүзеге асырылатыны зерттеулер нәтижесінде көз жеткізілді. Оқу құралында Дуальды оқыту -тәжірибеге бағытталған ғылыми пән ретінде қарастырылып, Дуальды оқыту дың объектісі мен пәні, мақсат міндеттері және негізгі категориялары анықталған. Сонымен қатар, жоғары оқу орнының білім беру бағдарламаларын (бакалавриат) кәсіби дайындаудағы дуальды оқытуды ұйымдастырудың бағыттары, Дуальды оқыту дың дамуы мен қалыптасуы, педагогика ғылымында Дуальды оқыту дың теориясы мен практикасының зерттелу деңгейі қарастырылған.

Ғылыми еңбекте Дуальды оқыту дың әдіснамасы: тұжырымдамалар, әдістер-тәсілдер, заңдар, заңдылықтар мен қағидалар жан-жақты зерделеніп, Шетелдерде Дуальды оқыту ды ұйымдастырудың ерекшеліктері зерттелген.

Аталған екбекте Дуальды оқыту дың мәні және ерекшелігі жан-жақты зерлеленіп қарастырылған. Сондай-ақ Дуальды оқыту ді іске асырудағы әлеуметтік серіктестіктің ұғымына анықтама беріліп, оның мақсат міндеттері айқындалып, Дуальды оқыту дағы мұғалімнің педагогикалық қызметтің ерекшеліктері, педагогтың кәсіби стандарты зерделеген.

Оқу құралы кәсіптік және техникалық, жоғары кәсіптік білім беру мекемелерінің барлық қызметкерлеріне және білім алушыларына арналған.

1 ТАРАУ. ДУАЛЬДЫ ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 тақырып Дуальды оқыту -тәжірибеге бағытталған ғылыми пән ретінде

Жоғары кәсіптік білім беру жүйесі өзінің парадигмалық негіздерін заманауи технологиялардың қарқынды дамуына орай өзгертті, осыған орай білім, іскерлік және дағдыны игеру ғана емес, алдына жаңа мақсаттар мен мүдделерді қойып отыр. Осы мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыруда кәсіби біліктіліктері мен бәсекеге қабілеттіліктерін дамыту негізіне, кәсіби салада өздігінен білімін арттыруға, өзін жан-жақты жетілдіру негізіне сүйене отырып, үздіксіз білім алуға қабілетті тұлға, білім алушылардың кәсіби біліктілігін жетілдіру моделін құру маңызды болып табылады. Осылайша, кәсіби біліктілігін жетілдіруге ұмтылатын, өзін тұлғалық жан-жақты жетілдіруге ынталы, болашақ маманды даярлау жоғары кәсіптік білім беру жүйесінде Дуальды оқыту жағдайында жүзеге асырлады.

Әлемдегі орын алып отырған экономикалық тұрақсыздық жағдайында жұмыссыздықтың өсуі, жалақының төмендігі, қысқартулар мен кәсіпорындардың бәсекеге қабілетсіздігі салдарынан жабылып қалуы т. с. с. болашақ мамандардың өздеріне сенімсіздіктері мен кәсіптік шыңдалуына кедергі келтіреді, еңбек нарығындағы тұрақсыздық, кәсіби білікті мамандықтарға сұраныстың өзгеріп отыруы болашақ мамандарды даярлайтын жоғары кәсіптік білім беру мекемелерін қиындықтарға алып келді. Осы сыннан нәтижелі шығудың жолдарының бірі болашақ мамандардың жұмыспен қамтылуы мен кәсіптік шеберліктерін жүзеге асуына ықпал ететін Дуальды оқыту арқылы кәсіпорындармен тығыз байланысты жүзеге асыратын әлеуметтік серіктестік болып отыр.

Ғылыми-әдіснамалық әдебиеттерде «Дуальды» ұғымы «екі бірлік, екі жақты, толықтыру» және «тұтас ұйымдасқан бірлігі» деп анықталған. Педагогикалық зерттеулерде «дуальды білім беру ортасы» ұғымына алғаш рет Германияда 1960 жылдың ортасында кәсіптік білім беруді ұйымдастырудың жаңа формасы ретінде белгілеу мақсатында қолданыла бастаған.

Ресейлік ғалым Г. А. Федотованың ғылыми зерттеуінде дуальды білім беру жүйесі іс-тәжірибелік оқытуды өндірісте және дәстүрлі білім беру ұйымдарында өткізуді үйлестірген білім беру үдерісі деп анықтаған [1] .

Жүргізілген зерттеу нәтижесінде ғылыми-әдіснамалық негізі мен теориялық және эмпирикалық зерттеулердің жан-жақты қарастырылуына қарамастан, қазіргі жоғары кәсіптік білім беру жүйесінде Дуальды оқыту жағдайында білім алушылардың кәсіби біліктілігін жетілдірудің моделін құрудың педагогикалық, дидактикалық шарттарын анықтау, ерекшеліктерін айқындау, оны жүзеге асырудың қағидалары мен тетіктерін анықтау мәселесі бойынша жеткілікті зерттелмеген деген тұжырым жасалды.

Өйткені, қазіргі нарық экономикасының, өндірістегі заманауи технологиялар мен қондырғыларда жұмыс істеуі үшін болашақ мамандардың кәсіптік және тұлғалық тұрғыдан дайын еместігі, еңбек ұжымына кіріге алмауы, еңбек етуге деген дұрыс көзқарастарының қалыптаспауы және өз мамандығына сүйіспеншілігінің төмендігі, кәсіптік құзіреттіліктерінің өнідірістегі жұмыс берушілердің сұраныстарына сай келмеуі қазіргі жоғары кәсіптік білім беру мекемелерінің ғана емес, сонымен қатар жұмыс берушілердің ортақ мәселесіне айналып отыр.

Дуальды оқыту жағдайында білім алушылардың кәсіби біліктілігін жетілдіру өзектілігі қазіргі заманауи технологиялар мен қондырғыларда жұмыс істеп тұрған өндірістегі жұмыс берушілердің кәсіби білікті жұмысшы мамандарын кәсіптік даярлауға сұранысының жоғары болуы, қоғамның әлеуметтік тапсырысына сай келетін білім алушылардың еңбек ортасына кірігуіне кедергі келтіретін кәсіби біліктіліктің төмен деңгейде жетілдірілуі.

Жоғары кәсіптік білім алушыларының кәсіби біліктілігін жетілдіру - бұл бәсекеге қабілетті, ұтқыр, кәсібін жылдам басқа біліктілікке ауыстыра алуға қабілетті, болашағына сеніммен қарайтын, жұмыс әрекетінің нәтижесіне қанағаттанатын, өмірлік маңызды мақсаттарға ұмтылыуы мен оған жету жолдары, осы әрекеттерді анықтайтын мінез-құлықтары, ұстанымдары мен мұраттарында көрініс табады [2] .

Дуальды оқыту жағдайында білім алушылардың кәсіби біліктігін жетілдіру - бұл жүйелі және көпқұрылымды үдеріс. Бұл үдерістің мазмұнын Дуальды оқыту жағдайында білім алушылардың кәсіби біліктілігін жетілдіру мазмұны олардың ұтқырлығы, бәсекеге қабілеттілігі, еңбек ортасына кірігуі, таңдаған мамандығы бойынша кәсіби тұрғыдан өзін жетілдіруге ұмтылысы, кәсіптік біліктіліктің қалыптасуы, тұлғалық сапаларының дамуы мәселелерін қамтиды. Аталған үдерістің нәтижелі жұмыс атқаруына Дуальды оқыту ды жүзеге асыруға қатысушылар - жоғары кәсіптік білім беру мекемелері, жұмыс берушілер, мемлекеттік атқарушы билік ұйымдары мен бизнес-қауымдастықтар, кәсіпкерлер Палатасының өз жауапкершілікпен осы үдеріске қатысуына байланысты.

Президент Н. Ә. Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңартылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында: «Дуальды кәсіптік білім беруді дамытудың маңызы зор. Бұқаралық маман кадрларының жетіспеушілігін еңсеруге мүмкіндік беретін заманауи қолданбалы біліктілік орталықтары қажет» - деп айтып, бұл жаңа оқыту жүйесінің техникалық салада алар орнынын айқындап берген болатын. Сондай-ақ, колледждерде дуальды оқыту әдісін енгізу туралы нақты тапсырма да жүктеген. Осыған байланысты елімізде кәсіптік-техникалық білім беру саласында жаңа жүйе жасалына бастады.

Дуальдық жүйе маман даярлауда өндіріс, оқу мекемесі және білім алушының мүдделерін қамтамасыз ете алатын ең оңтайлы оқыту жүйесі. Бұл өндіріс орны үшін экономикалық жағынан тиімді болып табылады. Себебі, оқуды аяқтаған түлектің білік, дағдылары жұмыс берушінің талаптарымен сай келмеуі мүмкін. Осы жағдайда маманды қайта даярлауға, жұмыс орнына бейімдеуге уақыт кетеді. Ал дуальдық оқыту жүйесімен білім алған түлектер жұмыс беруші талаптарына толық сай келіп, оқудан соң бірден жұмыспен қамтыла алады. Білім алушы жастар үшін өмірдегі өз орнын ерте табуға мүмкіндік туады, жұмысқа ерте араласып, бейімделеді.

«Дуальды» деген термин негізінде «бірлескен» деген мағына береді. Дуальды жүйе - жас мамандардың өз мамандығына деген қызығушылығын арттыру, жұмыс берушілермен серіктестігін берік нығайту және жұмыспен қамтылуы үшін таптырмас жүйе болып табылады. Дуальды оқыту жүйесінің дәстүрлі оқыту жүйесінен айырмашылығы - практикалық және кәсіптік білімнің біріктірілуінде. Дуальдық оқыту жүйесінде теориялық оқу процесі -40%, өндірістегі практикалық оқу үдерісі 60% құрайды.

Дуалды оқыту жүйесі дегеніміз - теорияны тәжірибемен ұштастыра оқыту технологиясы. Бұл жүйенің негізі алғаш Германияда қаланды. Дуалды оқыту жүйесінің кәсіби мамандар даярлауда тиімділігі мен нәтижелілігі зор екендігі тәжірибеде дәлелденген.

Дуалды оқыту жүйесі дегеніміз - теорияны өндіріспен ұштастыра оқыту технологиясы, яғни білімгер -түлектер білім алумен қатар, кәсіпорындарда жұмыс істеуді бастайды. Оқуды бітіргенде бұл білімгерлер сол кәсіпорынның жұмыс ерекшеліктерімен және қондырғы -құрылғыларымен толық танысып, сол кәсіпорынға орналасуға мүмкіндік алады.

Дуалды оқыту - оқу процесінің субъектілерінің тәжірибелік дағдылары мен қабілеттерін дамытуға бағытталған оқыту.

Кәсіптік білім беру жүйесі мен бизнес арасындағы өзара әрекеттесу мәселесі қазіргі Қазақстан үшін ең маңызды мәселе. Кәсіптік білім беру түлектерінің сапасы, елдің жұмысшы кадрларының біліктілігі осы өзара әрекеттесудің тиімділігіне тікелей байланысты. Кәсіби білім беру ұйымдары мен жұмыс берушілердің қазіргі жағдайдағы өзара іс-қимыл тетіктерін құрудағы шетелдік тәжірибені талдау мәселені шешудің ең тиімді әдістерін таңдауға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта неміс дуалды оқыту жүйесі Еуропа мен әлемдегі ең тиімді болып саналады. Осы жүйенің ерекшеліктері, артықшылықтары мен тиімділік шарттары осы дипломдық жұмыста қарастырылады. Қосарлы жүйенің тарихи дәстүрлері мен философиялық негізі оны бірегей етеді. Бірақ, барлық деңгейлердегі «жоғарыдан төменге» білім беру процесін ұйымдастыру принциптерінің жақсы ойластырылған бірлігі, қатысуымен алқалы шешім қабылдау басқару және кәсіби қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің қатысуымен олардың арасындағы өкілеттіктер мен жауапкершілікті бөлу қазіргі Қазақстанда кәсіби білімнің икемді, мобильді моделін құру үшін бастапқы нүкте болуы мүмкін.

Қосарлы жүйе - педагогика мен экономикадағы үздік идеяларды дамытудың нәтижесі. Негізгі қағида - орындылық (мақсатқа сәйкестік) .

«Өнеркәсіптік мектептің» идеясы ересектердің бірлестігі ретінде, балалар білуі мүмкін, ақыл-ой және физикалық өнімді біріктіру қағидасы негізінде, ағылшын ғалымы және экономисі Д. Беллерстің туындыларында бар.

Француз педагогі Русс Русо бір рет балаларға қолөнермен сапалы танысу үшін аптасына бірнеше рет толық тәжірибе қажет екендігі туралы идеяны ұсынды. Енді бұл неміс дуальды жүйесінің негізгі элементтерінің бірі - білім алушылардың екі күндік теориялық дайындықтарының мектепте және төрт күндік тәжірибесінің кәсіпорындағы жұмыс орнында өткізуінде .

Мысалдар жалғастырылуы мүмкін. Ең бастысы, дуальдық жүйе белгілі бір елдің бәсекеге қабілеттілігінің негізі ретінде білікті кадрларды даярлау міндетін шешуге бағытталған педагогика мен экономикадағы үздік идеялардың дәйекті дамуынан туындады. Өз еңбегімен сапалы және өзін-өзі қамтамасыз ететін еңбек мемлекет өркендеуінің кепілі болып табылады. Бұл мақсат бізді оқытудың жаңа әдістерін іздеуге мәжбүр етті, кәсіпорындар, мектептер мен үкімет күштерін біріктірді. Неміс дуальдыжүйесінің ең маңызды заманауи қағидалары «іс-әрекет арқылы оқыту», «процесс арқылы оқыту».

Дуальдық жүйенің оқу үдерісінде коммерциялық және өнеркәсіптік және қолөнер камералары ерекше рөл атқарады. Олар дуалды жүйе бойынша кеңес беру, бағалау және бақылау функцияларын орындайтын өзін-өзі басқаратын салалық ұйымдар болып табылады, олар құзыретті органдар деп аталады. Сауда-өнеркәсіптік палаталардың кеңесшілеріне оқыту мәселелері бойынша кәсіптік даярлықты ұйымдастыруға компаниялардың және мұғалімдердің дайындығы дәрежесін тексереді және олар компаниялар үшін де, білім алушылар үшін де, соның ішінде оқу нәтижелерінің сапасын тәуелсіз бағалауды ұйымдастыру және өткізу бойынша консультациялар жүргізеді.

Неміс компаниялары палатада міндетті түрде тіркеледі және оқу процесін қолдауға арналған жарналар жасайды. Тәуелсіздікті бағалау, біліктілікті растау - дуальдық жүйенің нәтижелерінің сапасының кепілі. Дуалды жүйеде білім беру үрдісін ұйымдастыру мен өткізудің үш маңызды компоненті- кәсіптік бағдарлау және кәсіптік өзін-өзі басқару жүйесі, кәсіптер мен тәлімгерлік институты үшін нормативтік құжаттар (оқу құралдары) жүйесі. Жұмыс күшінің сапасы кәсіпорында да, кәсіптік мектепте де педагогикалық кадрлардың сапасына тікелей байланысты. Неміс дуальдық жүйесінің іргетасы кәсіби білім беру жүйесінің корпусымен жұмыс жасайды, ол негізінен жұмыс берушілер ұйымдарының қызметкерлерінен қалыптасады. Кәсіпорында инструктор-инструкторлар мен магистрлер дайындайды. Тренерлер мен магистранттарға арналған оқу бағдарламалары тиісті оқыту ережелеріне, неміс кәсіптік білім туралы заңға, оқытушыларға арналған фитнес нұсқауларына негізделеді. Сараптама және сараптама жұмыстары палаталар жүргізеді. (коммерциялық және өндірістік және қолөнер) .

Еліміздің индустриялық - инновациялық даму міндеттері ауқымының жедел қарқынымен өсуіне байланысты техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кадрларын даярлауда сапалы ұмтылыстың қажеттілігі туындап отыр. Осыған байланысты елімізде заман талабына сай білімді, озық технологияларды жетік меңгерген кәсіби білікті жұмысшы мамандар даярлауда техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында үлкен міндеттер мен талаптар жүктеліп отырғаны белгілі. Осы мәселе бойынша бүгінгі таңда еліміз дуалды оқыту жүйесін қолға алып отыр. Ал, оқытудың бұ жүйесі кәсіби маман даярлауда тиімділігі мен нәтижелілігі зор екендігі тәжірибеде дәлелденген. Мысалы: Германиядағы кәсіптік техникалық білім берудегі даярлаудың дуалдық жүйесі. Мұнда білім алушылар уақытының үштен екі бөлігініде еңбек ете жүріп өндірістен қол үзбей оқиды, тек уақытының үшінші бөлігін теориялық оқуға, білімді ұйымдастыруға арнайды екен.

Дуальдык оқыту жүйесі - мамандық бойынша қос білім беру ұйымында жастарға білім беру:

  • кәсіптік мектепте;
  • оқытатын кәсіпорында.

Қос мекеме де бір-біріне туәелсіз серіктес болып табылады. Бұл жұмыс беруші тарапынан қолдаушылар да, оқу орны тарапынан тегін жұмыс күшін берушілер де емес, керісінше қос жаққа табысты іскер ынтымақтастық.

Шынымен де, бұл екі жаққа да табысты іскер ынтымақтастық. Себебі білім беру үдерісі осы оқу жүйесі бойынша ұйымдастырылған оқу мекемесінің түлектерінің білім сапасы жоғары, кәсіби білігі дамыған жас маман болып шығады. Ал өндіріс орыны өзінің талаптарына сай қажетті мамандарды алады. Яғни, оқуды жаңа аяқтаған жас маманды жұмыс беруші талаптарына сәйкес келетін етіп қайта даярлаудың қажеті болмайды. Өйткені бұл түлек оқу мекемесінде білім алу барысында уақытының үштен екі бөлігін өндірісте жаңа технологиялар мен кәсіби құзыреттіліктерді меңгеріп, өндірістегі жетекшісінің талаптарын орындау арқылы өзін кәсіби шындайды. Нәтижесінде білім алушы өндірістегі өзге мамандармен тең дәрежеде жұмыс жасау шарттары, атқаруы керек кәсіби қызметінің ерекшеліктері мен қиыншылықтары, өз кәсібі саласына тиесілі заманауи озық техникаларды меңгеру, ұжыммен жұмыс жасау, жұмыс беруші қойған талаптарды орындау шарттарын игеріп, білікті маман иесі бола алады.

Дуальдық оқыту мемлекет, оқу мекемесі, өндіріс пен білім алушы мүдделерін қамтамасыз ететін жүйе болғандықтан, оның негізгі формасы - оқушының оқу жылының 40% оқу мекесінде және 60% өндірісте оқытылып, теориялық білім мен практикалық кәсіби білікті ұштастыра білім алауы жатады.

Дуальдық жүйе, өз мәнінде, білім беру мекемесі мен өндірісте қатар білім алуды білдіреді. Білім беру теория мен тәжірибенің байланысты принципіне негізделеді. Дуальдық жүйеде тараптардың қарым - қатынасы тепе-теңдік және әділдік принциптері негізінде құрылады. Әлеуметтік серіктестікке қатысушылар оқыту нәтижесіне ғана емес, сонымен қатар оқытудың мазмұнына, оның ұйымдастырылуына мүдделі. Білім алушылардың әлеуметтік кепілдікке ие болуға және бәсекеге қабілетті мамандық алуға, мемлекеттің кәсіби мамандарды даярлауға тапсырыстың қалыптасуына және орындалуына, өндірістің өмірге және жұмыысқа жақсы дайындалған білімджі мамандардың келуіне, оқу орнының білім беру қызметіне сұраныстың артуына деген мақсаттары орындалады.

Дуальды оқыту - бұл оқытудың теориялық бөлімі оқу орнының базасында, ал практикалық - жұмыс орнында, кәсіпорында жүргізілетін оқыту түрі.

Дуальды оқыту нысаны - кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру процесіндегі білім алушының тұлғасы.

Дуальды оқыту пәні - тәжірибеге бағдарланған оқыту негізінде кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру үдерісі.

Дуалды оқытудың мақсаты жұмыс берушілердің еңбек нарығында қажетті біліктілік пен құзыреттілік сапасына жауап беретін білікті, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау жүйесін құру болып табылады.

Тәжірибеге бағдарланған қосарлас дауыс берудің міндеттері мыналар:

- жұмыс берушілердің күтулеріне сәйкес келетін түлектердің біліктілік деңгейін қалыптастыру;

- жоғары кәсіби деңгейін және ұтқырлығын қамтамасыз ететін оқыту жүйесіне арналған білім беру бағдарламаларының мазмұнын өзгерту және сапалы жаңарту;

- кәсіби мамандықтар мен кәсіптердің барлық түрлерінің тыңдаушылары тарапынан кешенді оқыту, жалпы және кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру, білім беру пәндерінің және кәсіби модульдердің стандарттық және жұмыс бағдарламаларына сәйкес қажетті дағдыларды және практикалық тәжірибені алу;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дуальды оқыту үдерісін жоспарлау
Колледжде дуальді оқыту жүйесін қалыптастырудың педагогикалық мәселелері
Кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидалары және практика базалары ретінде ұйымдарды айқындау қағидалары
Дуальды оқыту туралы шарт
Дуалды оқыту жүйесі
Қарағанды қаласының колледждерінде кәсіби білім беру дуальды оқыту жүйесінің дамуы
Қазақ халқы қолөнерінде шәкірт тәрбиелеу жүйесі – дуальді оқыту бастауларының негізі
Қазалы аграрлы – техникалық колледжі ақпаратында ҚР индустриялды-инновациялық дамуы үшін жұмысшы кадрларды дайындаудың тиімді механизмі
Заманауи оқыту технологияларының түрлері
Педагогикалық кадрларының жұмысы мен аттестациясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz