Романда Тана қыз даралық қырымен танылатын образ


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 72 бет
Таңдаулыға:   

Әзілхан Нұршайықовтың жазушылық шеберлігі

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі қазақ прозасына жетпісінші жылдары келген жазушылардың бірі - Әзілхан Нұршайықов. Қаламгердің жазушылық әлемінің қыр-сырына үңіліп, қаламгерлік ерекшелігін, стилін, көркемдік сипатын тану үшін зерделі зерттеу жұмысын жүргізу қажеттілігі байқалады.

Онын әдеби шығармашылығы - бүгінгі күннің биік эстетикалық талғамы мен талабына жауап беретін, идеялық-көркемдік жағынан аса кұнды еңбектер.

Адамзат қоғамының, әр кездегi әлеуметтiк ауан мен ой-сананың, эстетика мен этикалық нормалардың даму дәрежесiн бiлгiмiз келсе көркем әдебиетке жүгi-
нерiмiз хақ. Өйткенi онда дәуiрдiң тыныс-тiршiлiгi, өмiр өзгерiстерi бейнеленiп, адамның жан дүниесiнiң сыры шертiледi.

Талантты суреткер ешқашанда адам мен заманды бөле-жара қарамайды. Оның мәнiсi қоғам мен адам бiрiне-бiрi тығыз байланысты ұғым. Қоғам адамдардан, оның тыныс-тiршiлiгiнен тұрса, адам да қоғамсыз өмiр сүре алмайтыны аян. Демек көркем шығармада образ - орта - уақыт бiрлiгi бөлiнбестен тұтастықта алынып, шынайы қалпында суреттелуi тиiс. Академик З. Қабдоловтың: «Замандас тұлғасы!. . Өз дәуiрiнiң үнi болып табылатын жазушы атаулының ең абзал, ең асыл мұрасы - осы» (65, 7), - деп айтуы тегiн емес. Әдебиеттiң басты мақсаты да, құнды бағдарламасы да өз заманы мен оған сай замандастарының рухани болмысын, көркем образын суреттеу.

Осындай мұрат жолында iзденiс танытып, замандас бейнесiн жасау арқылы дәуiр сырын аша бiлген қаламгерлер әдебиетiмiзде баршылық. Әсiресе белгiлi кезеңнiң өзектi тақырыбын қамтып, замандастың адамгершiлiк әлемiн көрсетуде романист жазушылардың атқарған ролi зор. Қазақ романының алғашқы қарлығаштары М. Дулатовтың «Бақытсыз Жамал», С. Көбеевтiң «Қалың мал», С. Торайғыровтың «Қамар сұлу» романдарындағы төңкерiс алдындағы ескi салт-дәстүрге қарсы тұрып, бақыт пен шынайы махаббат үшiн күрескен жастардың бейнесiн жасау дәстүрi Кеңес өкiметi жылдарында да қызу жалғасын тапты. Мысалы, Қазан дүрбелеңi тұсындағы кедей өмiрiн, әлеуметтiк арпалыстарды суреттейтiн С. Сейфуллиннiң «Тар жол тайғақ кешу», Ж. Аймауытовтың «Қартқожа», «Ақ бiлек», С. Мұқановтың «Ботакөз» романдары, 30-жылдардағы заман өзгерiсi мен жаңа типтi адамның рухани жаңаруын сөз ететiн М. Дәулетбаевтың «Қызылжар», I. Жансүгiровтiң «Жолдастар», Б. Майлиннiң «Азамат Азаматыч», Ғ. Мұстафиннiң «Өмiр не өлiм», С. Ерубаевтiң «Менiң құрдастарым», Ғ. Слановтың «Дөң асқан» романдары бұған дәлел.

Осы заман тақырыбына бару, замана ерлерiнiң бейнесiн жасау қазақ романының әлеуметтiк ролiн арттырып, әдебиетiмiздiң өрiсi мен тақырыптық аясын кеңейттi. Алдыңғы дәстүрден үлгi ала отырып, кейiнгi жылдары бүгiнгi күн тақырыбын шығармаларына арқау еткен жазушылар қазiргi дәуiр адамының жан дүниесiне, моральдық, этикалық қадiр-қасиетiне тереңiрек үңiлетiн болды. 60-жылдардың басында М. Әуезов «Өскен өркен» романында биiк интеллект адамның бейнесiн Нил Карпов образы арқылы жасап, тамаша үлгi тудырды. Ұлы суреткердiң iзiн ала жарық көрген З. Шашкиннiң «Темiртау», Т. Әлiмқұловтың «Ақ боз ат», З. Қабдоловтың «Жалын», С. Шәймерденовтiң «Болашаққа жол» атты романдарында парасатты замандас бейнесi жасалды.

Әдебиетiмiздегi қазiргi дәуiр адамының образын оның iшiнде қазақ жастарының моральдық, этикалық бет-бейнесiн көрсету дәстүрiн сөз еткенде С. Ерубаев, Б. Бұлқышев, М. Иманжановтардың өздерi-ақ үлкен мектеп болуға тиiс. Себебi С. Ерубаевтiң «Менiң құрдастарым» романы, Б. Бұлқышевтiң «Өмiр сүргiм келедi», «Шығыс ұлына хат» атты публицистикалық әңгiмелерi, М. Иманжановтың «Қыз сыры», «Жастық», «Таныс қыз» әңгiмелерi мен «Алғашқы айлар» повестерi қазақ жастарының өмiрiн, рухани ұмтылысын әсерлi де ұтымды суреттейтiн шығармалар.

Сондай-ақ, бертiн келе жастарды өмiрдiң қайнаған ортасында ала отырып, оның адамгершiлiк қасиеттерiн, қоғамдық ой-сананы көрсету I. Есенберлин, Ә. Кекiлбаев, Ш. Мұртаза, С. Жүнiсов, Қ. Исабаев, З. Шүкiров, М. Мағауин, Ә. Тарази, А. Байтанаев, Қ. Жұмадiлов, Д. Досжанов, Ж. Жұмаханов, Р. Тоқтаров, О. Бөкеев, С. Мұратбеков, М. Сүндетов, К. Сегiзбаев, А. Жақсыбаев, Ш. Құмарова т. б. шығармаларында жалғасын тапты. Бұл жазушылардың шығармаларында басты назар мораль тақырыбына, адамның рухани байлығына аударылған.

Қазақ романдарындағы жас замандас образын жасау дәстүрiн Б. Майтанов «Қазiргi қазақ прозасындағы жас замандас бейнесi» деген еңбегiнде Б. Майлиннiң «Азамат Азаматычынан» бергi жалғасып келе жатқан дәстүр өрнектерiн сөз ете келе, көркем әдебиетке мынандай талаптар қояды: «Жастар тiрлiгiн суреттегенде сыры мен сымбаты үйлескен жаны сұлу, мұраты асқақ жiгiттер мен қыздардың барша ұнамды қасиеттерiн жинақтап, типтiк дәрежеге жеткiзе көрсету керек. Бұл үшiн суреткерлiк, шыншылдық, психологиялық жiтiлiк, ең бастысы - шаттыққа бермес әдемi мұң, әдемi үмiт, кәусар мөлдiрлiк керек, көркем образдың табиғи, таза болмысы керек» (207, 66) . Байыптап қарасақ, әдебиетiмiзде осы талапқа сай сомдалған образдар баршылық. Мысалы, «Менiң құрдастарымдағы» жан әлемi бай Рахмет, «Өскен өркендегi» асыл да асқақ махаббатты көксеген Iлияс пен Айсұлу, «Ғашықтардағы» ақ көңiл де қиялшыл Жантас, «Сенiмдегi» бiлiмдi де өжет Нұрлан, «Қара маржандағы» арманшыл Нариман, «Махаббат, қызық мол жылдардағы» махаббат пен достыққа берiк Ербол мен Меңтайлар - жастар бойындағы асыл қасиеттердi жинақтаған образдар. Шындығында, жалынды жастар, олардың адамгершiлiк парызы мен азаматтық қарызы туралы жазылған шығармалар әдебиетiмiзде ауыз толтырып айтарлықтай екен. Бiз сөзiмiзге тиек еткелi отырған Ә. Нұршайықовтың шығармалары да осы тақырыпты толықтыратын дүниелер.

Мораль тақырыбын өз шығармаларына өзек еткен Әзiлхан Нұршайықов алғашқы шығармаларынан-ақ замандастарының асқақ рухын, қыры мен сыры мол жан дүниесiн айқара ашып көрсетуге деген шеберлiгiн таныта алды. Жазушының қай шығармасын оқысаң да ерекше бiр күй кешесiң, әдемi сезiмге бөленесiң. Өйткенi оның кейiпкерлерi адамгершiлiгi мол, жан дүниесi сұлу жастар болып келедi. Мәселен, «Махаббат, қызық мол жылдар» романындағы Ербол мен Меңтай, «Ескi дәптердегi» Кабира мен Әлкен махаббат пен достыққа адал, сұлулыққа құштар, арманшыл жастар болса, жiгiттiң жан сұлулығынан гөрi көркiне қызығып опық жеген Ботакөз («Ботакөз»), қызықшылықпен жеңiл өмiр сүрiп ұлттық мiнез, ата дәстүрдi ұмытқан Әсем, оған қол ұшын берген Ақан образдары («Әсем») оқырманын салмақты ойға жетелейтiн, даралық мiнез танытатын кейiпкерлер.

«Адамшылық алды - махаббат, ғаделет сезiм», - деп ұлы ақын Абай айтқандай, Ә. Нұршайықов шығарма оқиғасын махаббат төңiрегiнде құра отырып, жас кейiпкерлердiң сүйiспеншiлiк сезiмдерiн сынға салып, ең асыл адамгершiлiк қасиеттердi аршып көрсетедi. Сол арқылы жас қауымды тәрбиелеуге ұмтылады. Бұл мақсатын жазушы «Махаббат, қызық мол жылдар» кiтабы қалай жазылды?» мақаласында: «Махаббатқа соқпай кететiн сезiм аз. Анаға сүйiспеншiлiк, жарға құштарлық, отанға перзенттiк, туған топыраққа борыштық сезiмдерiнiң бәрi махаббатқа байланысты. Адам бойындағы ең асыл сезiмдердiң бiрi адамгершiлiк сезiмi де махаббатпен сабақтас. Өйткенi махаббат қадiрiн бiлмейтiн адамда адамгершiлiк сезiмi болмайды, ал адамгершiлiгi жоқ кiсiнiң жүрегiне махаббат ешқашан да ұя салмайды. Мiнеки, осы себептен де мен жастардың жүрегiне махаббат арқылы жақындауды мақсат еттiм» (93, 80), - деп ашық айтқан. Бұны бiз жазушының бiр ғана шығармада ұстанған идеясы деп түсiнбеуiмiз керек. Өйткенi жазушының лирикалық повестерiн оқығаннан кейiн де бұған қанық бола түсемiз. Алайда жазушыны осы мақсатына толық жеткiзген «Махаббат, қызық мол жылдар» романы болды деп айтсақ қателеспеймiз.

Әзілхан Нұршайықов прозасын жан-жақты, терең зерттеп игеру - қазақ әдебиеттану ғылымының алдында тұрған елеулі міндеттердің бірі. Осы тұрғыдан қарағанда оның шығармашылығы туралы жазған біздің бұл жұмысымыз соған жауап ретінде ұсынылып отыр. Жазушының шығармашылығын зерттеу тақырыбымыздың өзектілігін айқындайды.

Зерттеудің нысаны. Әзілхан Нұршайықовтың Нұршайықов Ә. Таңдамалы. Екi томдық. - Алматы: Жазушы. 1980. Т. 1. Роман мен повесть. - 520 б, Т. 2. Ақиқат пен аңыз. Роман-диалог. - 360 бет; Нұршайықов Ә. Төрт томдық шығармалар жинағы. - Алматы: Жазушы, 1992. Т. 1. Роман, повесть және әңгiмелер. - 432 бет, Т. 2. Роман, майдан жазбалары және эсселер. - 448 б; Нұршайықов Ә. Тоғыз толғау: Повесть-монолог. - Алматы: Мектеп, 1977. - 224 бет; Нұршайықов Ә. Автопортреттер: Әдеби портреттер, естелiктер, әскери жазбалар. - Алматы: Жалын, 1977. - 200 бет; Нұршайықов Ә. Өмiр өрнектерi: Әдеби күнделiк. - Алматы: Жазушы, 1987. - 488 бет; Нұршайықов Ә. Батырдың өмiрi: Шағын повестер, әңгiмелер, естелiктер. - Алматы: Жазушы, 1969. - 175 бет; Нұршайықов Ә. Мен - журналистпiн. Алматы: Қазақстан, 1973. - 167 бет; Нұршайықов Ә. Екi естелiк: Мұхтар Әуезов пен Сәбит Мұқанов туралы хикая. Эсселер. - Алматы: Жалын, 1985. - 176 б. атты еңбектері қаралып, шығармашылығы талданады.

Дипломдық жұмыс жазу барысында осы аталған жинақтарынан өзекті ойымызға, басты мақсатымызға лайықтап, ең қажетті туындыларының үзінділері басшылыққа алынды.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың басты мақсаты - Ә. Нұршайықовтың шығармашылығын жан-жақты зерттеп, оның өзіне тән қаламгерлік ерекшелігін көрсету аркылы жазушылық шеберлігін байыптау, қаламгердің суреткерлік даралығын, идеялық-тақырыптық нысанасын, ұлттық көркемдік дәстүрге қосқан үлесін, қазіргі қазақ әдебиетінде алатын орнын көрсету.

Аталған мақсаттарға жету үшін мынадай міндеттер қойылды.

  • Ә. Нұршайықов шығармаларын талғам таразысынан өткізіп, іріктеп, сұрыптап, жүйелі түрде талдау;
  • Қаламгердің сөз саптау, сөз толғау ерекшелігін көрсету;
  • Шығармашылық өмірбаянына үңілу;
  • Шығармаларын замана, уақыт рухымен тұтастық бірлікте алу;
  • Жазушы шығармашылығының жалпы аясын, негізгі шығармаларының, әсіресе романдарының мазмұны мен пішінін, идеялық-такырыптық жүйесін, образы мен образдылығын талдау;
  • тілдік-стильдік ерекшеліктерін айқындау; шығармаларының көркемдігін зерделеу;
  • публицистикалық шығармаларының қоғамдық мәні мен маңызын, түрі мен мазмұнын, жанрлық сипаттарын белгілеу;

Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Дипломдық жұмыста Ә. Нұршайықовтың шығармашылығы тұңғыш рет арнайы ғылыми зерттеу объектісіне айналуы және жұмыс барысында ақын поэзиясын туып-өскен ортасының өз тағдыр жолдарының ерекшелігіне тығыз байланыстылығын айшықтауда деп білеміз.

Ақын өмірі мен шығармашылығының алғаш рет ғылыми айналымға түсірілуін зерттеудің жаңалығы деп білеміз.

Зерттеудің дерек көздері. Зерттеу жұмысымыздың теориялық-әдіснамалық негіздері ретінде: Қ. Жұмалиев, Е. Ысмайылов, З. Қабдолов, З. Ахметов, С. Қирабаев, Ж. Дәдебаев, т. б. ғалымдардың еңбектері басшылыққа алынды. Сонымен бірге орыс және шетел ғалымдарының да еңбектері жұмысымыздың тақырыбын ашуға септігін тигізді.

Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы. Ә. Нұршайықов шығармаларын талдау барысындағы қол жеткен нәтижелерді, ой-тұжырымдарды ұлттық дебиетіміздің тарихын жасауда, орта арнайы, жоғары мектептер үшін оқулықтар мен оқу құралдарын жазуда, сол сияқты жоғары оқу орындарының филология факультеттерінде «Қазіргі қазақ прозасы» мен «Әдебиет теориясына» қатысты жалпы және арнаулы курстарда пайдалануға болады.

Зерттеу әдістері. Зерттеу жұмысында алға қойған мақсат пен міндеттерді орындау үшін жүйелеу мен жинақтау, сипаттау мен тұжырым жасау, салыстырмалы талдау жасау кеңінен қолданылды.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, тараушалардан, қорытындыдан тұрады. Соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.

КЕЙIПКЕРДIҢ СЕЗIМ ШЫНАЙЫЛЫҒЫ

Адамзат қоғамының, әр кездегi әлеуметтiк ауан мен ой-сананың, эстетика мен этикалық нормалардың даму дәрежесiн бiлгiмiз келсе көркем әдебиетке жүгi-
нерiмiз хақ. Өйткенi онда дәуiрдiң тыныс-тiршiлiгi, өмiр өзгерiстерi бейнеленiп, адамның жан дүниесiнiң сыры шертiледi.

Талантты суреткер ешқашанда адам мен заманды бөле-жара қарамайды. Оның мәнiсi қоғам мен адам бiрiне-бiрi тығыз байланысты ұғым. Қоғам адамдардан, оның тыныс-тiршiлiгiнен тұрса, адам да қоғамсыз өмiр сүре алмайтыны аян. Демек көркем шығармада образ - орта - уақыт бiрлiгi бөлiнбестен тұтастықта алынып, шынайы қалпында суреттелуi ти-
iс. Академик З. Қабдоловтың: «Замандас тұлғасы!. . Өз дәуiрiнiң үнi болып табылатын жазушы атаулының ең абзал, ең асыл мұрасы - осы» (65, 7), - деп айтуы тегiн емес. Әдебиеттiң басты мақсаты да, құнды бағдарламасы да өз заманы мен оған сай замандастарының рухани болмысын, көркем образын суреттеу.

Осындай мұрат жолында iзденiс танытып, замандас бейнесiн жасау арқылы дәуiр сырын аша бiлген қаламгерлер әдебиетiмiзде баршылық. Әсiресе бел-
гiлi кезеңнiң өзектi тақырыбын қамтып, замандастың адамгершiлiк әлемiн көрсетуде романист жазушылардың атқарған ролi зор. Қазақ романының ал-
ғашқы қарлығаштары М. Дулатовтың «Бақытсыз Жамал», С. Көбеевтiң «Қалың мал», С. Торайғыровтың «Қамар сұлу» романдарындағы төңкерiс алдындағы ескi салт-дәстүрге қарсы тұрып, бақыт пен шынайы махаббат үшiн күрескен жастардың бейнесiн жасау дәстүрi Кеңес өкiметi жылдарында да қызу жалғасын тапты. Мысалы, Қазан дүрбелеңi тұсындағы кедей өмiрiн, әлеуметтiк арпалыстарды суреттейтiн С. Сейфуллиннiң «Тар жол тайғақ кешу», Ж. Аймау-
ытовтың «Қартқожа», «Ақ бiлек», С. Мұқановтың «Ботакөз» романдары, 30-жылдардағы заман өзгерiсi мен жаңа типтi адамның рухани жаңаруын сөз ететiн М. Дәулетбаевтың «Қызылжар», I. Жансүгiровтiң «Жолдастар», Б. Майлиннiң «Азамат Азаматыч», Ғ. Мұстафиннiң «Өмiр не өлiм», С. Ерубаевтiң «Менiң құрдастарым», Ғ. Слановтың «Дөң асқан» романдары бұған дәлел.

Осы заман тақырыбына бару, замана ерлерiнiң бейнесiн жасау қазақ романының әлеуметтiк ролiн арттырып, әдебиетiмiздiң өрiсi мен тақырыптық аясын кеңейттi. Алдыңғы дәстүрден үлгi ала отырып, кейiнгi жылдары бүгiнгi күн тақырыбын шығармаларына арқау еткен жазушылар қазiргi дәуiр адамының жан дүниесiне, моральдық, этикалық қадiр-қасиетiне те-
реңiрек үңiлетiн болды. 60-жылдардың басында М. Әуезов «Өскен өркен» романында биiк интеллект адамның бейнесiн Нил Карпов образы арқылы жасап, тамаша үлгi тудырды. Ұлы суреткердiң iзiн ала жарық көрген З. Шашкиннiң «Темiртау», Т. Әлiмқұлов-
тың «Ақ боз ат», З. Қабдоловтың «Жалын», С. Шәй-
мерденовтiң «Болашаққа жол» атты романдарында парасатты замандас бейнесi жасалды.

Әдебиетiмiздегi қазiргi дәуiр адамының образын оның iшiнде қазақ жастарының моральдық, этикалық бет-бейнесiн көрсету дәстүрiн сөз еткенде С. Ерубаев, Б. Бұлқышев, М. Иманжановтардың өздерi-ақ үлкен мектеп болуға тиiс. Себебi С. Ерубаевтiң «Менiң құрдастарым» романы, Б. Бұлқышевтiң «Өмiр сүргiм келедi», «Шығыс ұлына хат» атты публицистикалық әңгiмелерi, М. Иманжановтың «Қыз сыры», «Жастық», «Таныс қыз» әңгiмелерi мен «Алғашқы айлар» повестерi қазақ жастарының өмiрiн, рухани ұмтылысын әсерлi де ұтымды суреттейтiн шығармалар.

Сондай-ақ, бертiн келе жастарды өмiрдiң қайнаған ортасында ала отырып, оның адамгершiлiк қасиеттерiн, қоғамдық ой-сананы көрсету I. Есенберлин, Ә. Кекiлбаев, Ш. Мұртаза, С. Жүнiсов, Қ. Исабаев, З. Шүкiров, М. Мағауин, Ә. Тарази, А. Байтанаев, Қ. Жұмадiлов, Д. Досжанов, Ж. Жұмаханов, Р. Тоқтаров, О. Бөкеев, С. Мұратбеков, М. Сүндетов, К. Се-
гiзбаев, А. Жақсыбаев, Ш. Құмарова т. б. шығармаларында жалғасын тапты. Бұл жазушылардың шығармаларында басты назар мораль тақырыбына, адамның рухани байлығына аударылған.

Қазақ романдарындағы жас замандас образын жасау дәстүрiн Б. Майтанов «Қазiргi қазақ прозасындағы жас замандас бейнесi» деген еңбегiнде Б. Май-
линнiң «Азамат Азаматычынан» бергi жалғасып келе жатқан дәстүр өрнектерiн сөз ете келе, көркем әдебиетке мынандай талаптар қояды: «Жастар тiрлiгiн суреттегенде сыры мен сымбаты үйлескен жаны сұлу, мұраты асқақ жiгiттер мен қыздардың барша ұнамды қасиеттерiн жинақтап, типтiк дәрежеге жеткiзе көрсету керек. Бұл үшiн суреткерлiк, шыншылдық, психологиялық жiтiлiк, ең бастысы - шаттыққа бермес әдемi мұң, әдемi үмiт, кәусар мөлдiрлiк керек, көркем образдың табиғи, таза болмысы керек» (207, 66) . Байыптап қарасақ, әдебиетiмiзде осы талапқа сай сомдалған образдар баршылық. Мысалы, «Менiң құрдастарымдағы» жан әлемi бай Рахмет, «Өскен өркендегi» асыл да асқақ махаббатты көксеген Iлияс пен Айсұлу, «Ғашықтардағы» ақ көңiл де қиялшыл Жантас, «Сенiмдегi» бiлiмдi де өжет Нұрлан, «Қара маржандағы» арманшыл Нариман, «Махаббат, қызық мол жылдардағы» махаббат пен достыққа берiк Ербол мен Меңтайлар - жастар бойындағы асыл қасиеттердi жинақтаған образдар. Шындығында, жалынды жастар, олардың адамгершiлiк парызы мен азаматтық қарызы туралы жазылған шығармалар әдебиетiмiзде ауыз толтырып айтарлықтай екен. Бiз сөзiмiзге тиек еткелi отырған Ә. Нұршайықовтың шығармалары да осы тақырыпты толықтыратын дүниелер.

Мораль тақырыбын өз шығармаларына өзек еткен Әзiлхан Нұршайықов алғашқы шығармаларынан-ақ замандастарының асқақ рухын, қыры мен сыры мол жан дүниесiн айқара ашып көрсетуге деген шеберлiгiн таныта алды. Жазушының қай шығармасын оқысаң да ерекше бiр күй кешесiң, әдемi сезiмге бөленесiң. Өйткенi оның кейiпкерлерi адамгершiлiгi мол, жан дүниесi сұлу жастар болып келедi. Мәселен, «Махаббат, қызық мол жылдар» романындағы Ербол мен Меңтай, «Ескi дәптердегi» Кабира мен Әлкен махаббат пен достыққа адал, сұлулыққа құштар, арманшыл жастар болса, жiгiттiң жан сұлулығынан гөрi көркiне қызығып опық жеген Ботакөз («Ботакөз»), қызықшылықпен жеңiл өмiр сүрiп ұлттық мiнез, ата дәстүрдi ұмытқан Әсем, оған қол ұшын берген Ақан образдары («Әсем») оқырманын салмақты ойға жетелейтiн, даралық мiнез танытатын кейiпкерлер.

«Адамшылық алды - махаббат, ғаделет сезiм», - деп ұлы ақын Абай айтқандай, Ә. Нұршайықов шығарма оқиғасын махаббат төңiрегiнде құра отырып, жас кейiпкерлердiң сүйiспеншiлiк сезiмдерiн сынға салып, ең асыл адамгершiлiк қасиеттердi аршып көрсетедi. Сол арқылы жас қауымды тәрбиелеуге ұмтылады. Бұл мақсатын жазушы «Махаббат, қызық мол жылдар» кiтабы қалай жазылды?» мақаласында: «Махаббатқа соқпай кететiн сезiм аз. Анаға сүйiспен-
шiлiк, жарға құштарлық, отанға перзенттiк, туған топыраққа борыштық сезiмдерiнiң бәрi махаббатқа байланысты. Адам бойындағы ең асыл сезiмдердiң бiрi адамгершiлiк сезiмi де махаббатпен сабақтас. Өйткенi махаббат қадiрiн бiлмейтiн адамда адамгершiлiк сезiмi болмайды, ал адамгершiлiгi жоқ кiсiнiң жүрегiне махаббат ешқашан да ұя салмайды. Мiнеки, осы себептен де мен жастардың жүрегiне махаббат арқылы жақындауды мақсат еттiм» (93, 80), - деп ашық айтқан. Бұны бiз жазушының бiр ғана шығармада ұстанған идеясы деп түсiнбеуiмiз керек. Өйткенi жазушының лирикалық повестерiн оқығаннан кейiн де бұған қанық бола түсемiз. Алайда жазушыны осы мақсатына толық жеткiзген «Махаббат, қызық мол жылдар» романы болды деп айтсақ қателеспеймiз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Т.Ахтановтың өмір жолы және шығармаларының көркемдік қасиеті
Ғабит Мүсіреповтің образ сомдау шеберлігі
Ғ.Мүсіреповтың «Жат қолында» романындағы монолог пен портреттің көркемдік қызметі
Ауыз әдебиеті - әдеби тіл бастауы
Ғабит Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» романының көркемдік ерекшелігі
Ғабит Мүсірепов шығармаларындағы ана тақырыбы
Көркем туындыдағы адам тұлғасы
Роман жанрының әдебиеттанымдық сипаты
Әдебиет және өнер түрлерінің шығу тегі және дамуы
Көркем прозадағы деректілік және психологизм
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz